Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет11/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 Байниязова Ж.Т. Лексикография теориясы мен  ұғымы туралы 
 
 
құрылымына,  оларды  сөздіктерде  қамтудың  әдіс-тәсілдеріне  қатысты 
мәселелер екі пәнге ортақ болып табылады. Лексикографиялық туындыларда 
ұлттық  тілге  тән  ассоциациялар  жүйесі  бейнеленеді.  Бұл  мәселенің 
психолингвистикаға  қатысы  болатыны  белгілі.  Себебі  олар  ұлттық 
дүниетаным, ұлттық діл ерекшеліктерін құрайды. Демек, лексикографияның 

 
77 
 
дамуы 
үшін 
психолингвистикалық, 
этнолингвистикалық, 
лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің нәтижелері маңызды болмақ. 
В.Г.Гак  теоретикалық  лексикографияның  қарастыратын  мәселелері 
қатарында  сөздіктердің жалпылама типологиясы мен жаңа типтерін жасауды;  
сөздіктің  макроқұрылымын  зерттеуді  (лексиканы  сұрыптап  алу,  сөздер  мен 
сөздік  мақалаларды  орналастыру  принципі,  омонимдерді  беру,  сөздікте  және 
оның  соңындағы  қосымшада  қосалқы  материалдарды:  грамматикалық 
мақалаларды, дәйектемелерді, т.б. беру); сөздіктің микроқұрылымын, яғни жеке 
сөздік  мақаланың  құрылымын  (сөздің  грамматикалық  және  фонетикалық 
түсіндірмесі,  мағыналарға  бөлу  мен  жіктеу,  сөздік  анықтамалардың  түрлері, 
шартты  белгілер  жүйесі,  тілдік  дәйектеме  материалдардың  түрлері, 
фразеологияның берілуі, қосалқы деректерді орналастыру, т.б.) зерттеуді атайды 
[7.258-259].  
Теоретикалық 
лексикографияның 
құрамы 
туралы 
қазақ 
лексикографиясында  бізден  бұрын  жүргізілген  зерттеу  жұмыстарында  жақсы 
жазылған:  «Қазіргі  кездегі  әлемдік  лексикографияда  қалыптасқан  жіктеме 
бойынша  теоретикалық  лексикография  өзара  байланысты  екі  бөліктен: 
лексикография 
теориясы 
мен 
лексикография 
тарихынан 
құралады. 
Лексикографияның  тарихы  түрлі  тарихи  дәуірлер  мен  кезеңдерде  жасалған 
сөздіктерге жалпыфилологиялық талдау жасап, оларды ғылыми айналымға қосу 
мәселелерімен  айналысады.  Лексикографияның  теориясы  сөздік  түзу 
тәжірибесін  қорытып,  жүйеге  салады,  сөздіктердің  тарихи  тұрғыдан 
қалыптасқан  жанрларын  жетілдірудің  теориялық  мүмкіндіктерін  зерттейді. 
Сөздіктерді  түзудің  ұстанымдары  (принциптері)  мен  әдіс-тәсілдерін  жасайды. 
Лексикографияның теориясы лексикографияның тарихына, лексикографиядағы 
отандық және әлемдік дәстүрлерге, сондай-ақ‚ теориялық зерттеулерге сүйенеді. 
Лексикографияның 
теориясы, 
тарихы, 
практикасы 
өзара 
бірлікте 
қарастырылатын‚ бірінсіз бірі болмайтын‚ бірімен бірі өте тығыз байланысты‚ 
біріне бірі тәуелді салалар болып табылады» [8.25-33]. Біз де осы тұжырымды 
жөн көреміз. 
Лексикографияның теориясында қарастырылатын алғашқы мәселе, бірінші 
аспект – «лексикография» ұғымына анықтама беру болып табылады. Белгілі 
бір ғылым саласының арнаулы ғылыми тілін, ондағы ғылыми аппарат құрамын, 
ұғым мен зат, құбылыс атауларының табиғатын талдау ісімен салалық метатіл 
ілімінің айналысатыны белгілі. Лексикографияның  да өз  метатілі бар [9.64-72; 
10].  Ғалымдардың  лексикография  терминіне  берген  анықтамалары  әртүрлі. 
Испан лексикографы Х.Касарес оны «сөздік жасау өнері»   деп  атайды   [11.28].  
ХХ  ғасырдың  орта  шеніндегі  ғалымдар  осыған  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 Байниязова Ж.Т. Лексикография теориясы мен  ұғымы туралы 
 
 
ұқсас  көзқарасты  ұстанған:  «Лексикография  –  сөздіктерді  түзу  өнері,  сөздік  түзу 
техникасы» [12.9]. Кеңес Одағы тіл білімінің өкілдерінің пікірі бойынша лексикография 
–  «сөздік  түзу  бойынша  жасалатын  ғылыми  жұмыс»  [13.137;  14],  «сөздік  түзумен 
айналысатын  ғылым  түрі»  [15.173].  Лексикографияға  үлкен  лингвистикалық  сөздікте:  
«сөздік түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым саласы» [16.258-259]  
түрінде  түсінік  беріледі.  Қазақ  тіл  білімінде  аталмыш  терминге  берілген  негізгі 
анықтамалардың бірінде (Ғ.Қалиев) ол екі мағынада: 1) сөздік жасаудың теориясы мен 
практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы; 2) белгілі бір тілдегі я ғылым саласындағы 

 
78 
 
сөздіктердің жиынтығы – ретінде көрінеді [17.197]. О.С.Ахманованың лингвистикалық 
терминдер сөздігінде: 1) сөздік түзу туралы ғылым; 2) тілдегі лексикаға сипаттама жасау 
ретінде сөздік түзу ісі; 3) тілдегі немесе білім саласындағы сөздіктер жиынтығы [18.215] 
– деген анықтама беріледі. Кірме сөздер сөздігінде: 1) сөздік түзу ісі; 2) тіл біліміндегі 
сөздік  түзудің  теориясы  мен  тәжірибесін  зерттейтін  сала;  3)  сөздік  түрінде  басылған 
еңбектердің  жиынтығы,  сөздік  түріндегі  әдебиет  [19.174,  336].  Кеңестік  дәуірдегі  екі 
тілді (аударма) лексикография теориясының негізін қалаған ғалым В.П. Берковтың пікірі 
бойынша, лексикография: 1) сөздік түзу ұстанымдарын зерттеумен айналысатын ғылым 
саласы, сөздік жасаудың теориясы; 2) сөздік түзу ісі; 3) тілдегі сөздіктердің жиынтығы; 
4) елдегі сөздіктердің жиынтығы [20.4].   
Қорыта  келгенде,  «Лексикография  –  лингвистикалық  қызметтің  барлық 
нәтижелерін жария етіп, жарыққа шығаратын негізгі канал» (В.В.Морковкин) екендігін, 
оның үстіне, тіл  білімі  ғылымындағы  жеке сөздің,  сөздік бірліктің  барлық  қасиеттерін 
жинақты  түрде  қарастыратын  бірден-бір  саланың  да  лексикография  болып 
табылатындығын тілші қауым біледі. Осы тұрғыдан лексикографияны тіл туралы ғылым 
санатындағы  лингвистика  мен  тілді  танып  білуге  ықыласты  қоғам  арасын  жалғайтын 
тілдесім қызметі десе де болғандай.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Соссюр Ф.де. Труды по языкознанию. -М.: 1977.  
2.
 
Смирницкий А.И. К вопросу о слове (Проблема «отдельности слова») // Вопросы теории и истории языка в свете трудов 
И.В.Сталина по языкознанию. -М.: 1952. 
3.
 
Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии // Известия АН. Отд. л-ры и языка‚ 1940. Вып.3.  
4.
 
Денисов П.Н. Основные проблемы теории лексикографии: автореферат дис. ...докт. филол. наук. -М.: 1976. 
5.
 
Морковкин В.В. Об объеме и содержании термина «лексикография» // Вопросы языкознания, 1987. №1. 
6.
 
Maһn E.A. Pһ. Darstellung der Lexіcograpһіe nacһ allen іһren Seіten // Eіn Beіtrag zur pһіlologіscһen Erklarungskunst, besonders 
des A.T. fur bіblіscһe Exegeten und Spracһforscһer uberһaupt. Bd.І. Rudolstadt, 1817. 
7.
 
Гак В.Г. Лексикография // Лингвистический энциклопедический словарь. -М.: 1990.   
8.
 
Денисов П.Н. Практика, история и теория лексикографии в их единстве и взаимообусловленности // Словарные категории. 
-М.: 1988.   
9.
 
Гвишиани Н.Б. К вопросу о метаязыке языкознания // Вопросы языкознания, 1983. №2.   
10.
 
Никитина С.Е. Семантический анализ языка науки. -М.: 1987.   
11.
 
Касарес Х. Введение в современную лексикографию. -М.: 1958. 
12.
 
Tollenaere F.de. Nieuwe wegen in de lexicologie. Amsterdam, 1963. 
13.
 
Булаховский Л.А. Введение в языкознание. Ч.2. -М.: 1953. 
14.
 
Галкина-Федорук Е.М. Современный русский язык. Лексика. -М.:  1954. 
15.
 
Карпович А.Е. О лексикографической терминологии // Современная русская лексикография / Сб. ст.  -Ленинград: 1977.   
16.
 
Большой энциклопедический словарь. Языкознание. -М.: 1990.  
17.
 
Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. -Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 440 б. 
18.
 
Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. -М.: 1966.  
19.
 
Современный словарь иностранных слов. -М.: 1992. 
20.
 
Берков  В.П. Вопросы двуязычной лексикографии (Словник). -Ленинград: 1973.   
 

 
79 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Л.У.АБЕНОВА  
«Cырдария» университетінің аға оқытушысы 
 
С.МҰҚАНОВ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН  ОҚЫТУДЫҢ
  
ЖОЛДАРЫ 
 
В этой статье рассматриваются нынешние положения произведений С.Муканова, входящие в 
школьную  программу.  А  также  представляются  пути  их  усвоения  в  виде  развития  новых  
технологии.  
 
This article deals with nowadays position of S. Mukanov’s works which are included into the school 
program. The ways of their understanding in the period of development of new technologies are presented 
as well. 
 
С.Мұқанов шығармаларындай  кең  тарап,  кемел  оқылған жазушы  сирек. 
Жазушының еркін жазылған шығармалары  қазақ оқушыларының бәріне де 
еркін жетті. Оқушылар С.Мұқанов кейіпкерлерімен тірі адамдай сырласты.  
С.Мұқановтың  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  орны  жайында  арғы-бергі 
зерттеулерді  айтпай-ақ,  М.О.Әуезовтің  бір  ғана  "Жолы  кең  жазушы"  деп 
аталатын мақаласынан-ақ, көп жағдайды аңғаруға болады. 
Мақала  жазушы  Сәбит  Мұқановтың  творчестволық    еңбегіне  25  жыл 
толу  қарсаңында  жазылып,  1946  жылы  "Социалистік  Қазақстан"  газетінің 
 
қаңтардағы  санында  және  1946  жылғы  "Лениншіл  жас"  газетінің  1 
ақпанындағы санында "Жалынды жазушы" деген атпен жарияланған. Мұнда 
әрі ақын, әрі романшы, әрі драматург және әдебиет тарихының зерттеушісі – 
Сәбит  Мұқанов  есімі  қазақ  оқушысының    мол  қауымына  өте  даңқты,  аса 
қымбат  екенін,  оның  аты  бүкіл  Одақ  елінің  оқушысына  да  мәлімдігін  айта 
келіп: 
"Сәбиттің  өмірі  мен  еңбегі    жазушының  бір  басының  ерекшелігін  ғана 
баян  етпейді.  Ол  қазақ  әдебиетінің  тарихындағы  аса  бір  күрделі  дәуірдің 
өскен  жолын,  іздеген  мүддесін,  жеткен  өрісін  де  баян  етеді.  Сол  себепті 
оның  көрнекті,  көркем  шығармасының    көпшілігі  қазақтың  бастауыш  және 
орта  мектебінің  барлық  оқу  құралдарына  кірген  жұртшылық    жазушыны  
жете біліп, жақсы көреді» [1], - деген оймен түйіндейді. 
М.Әуезовтің осы бағалы  пікіріне сүйене отырып, С.Мұқановтың  мектеп  
оқулықтарына  енген  шығармаларының    қазіргі  жай-күйін  және  оларды 
оқытудың  дамыта оқыту технологиясы бойынша жолдарын ұсынамыз. 
Сәбит Мұқанов шығармашылығының, әсіресе поэзиясы мен прозасының 
бүгінгі  дәуірге  үндес  үлгілерінің  оқытылу  жайын  сөз  етпес  бұрын  орта 
мектептің әдебиет оқулықтары мен бағдарламасын қарап шықтық [2;4]. 
"Өмір мектебі" ғұмырнамалық  романынан үзінді, "Ботагөз" романы, т.б. 
бірді-екілі прозасынан басқа өлеңдерін, поэмаларын  аз кездестірдік. 
Арнаулы,  орта,  жоғары  оқу  орнына  арналған  қазақ  әдебиеті 
бағдарламасында да осы жай қайталанған. 
С.Мұқанов  шығармашылығының  мектеп  бағдарламасында  оқытылу 
жайын  төмендегідей  кестеден көруімізге болады.  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Абенова Л.У. С.Мұқанов  шығармашылығын  
ОҚЫТУДЫҢ  
жолдары 
 
 
№ 1 
 

 
80 
 
Р/с 
Сыныбы 
Өтілетін сабақ тақырыбы 
Сағат саны 

5- сынып 
Лашын  
(«Менің мектептерім» романынан үзінді) 


7- сынып  
Есіл бойында  
(«Өмір мектебі») романынан үзінді 


11- сынып 
С.Мұқанов өмірі 
Поэзиясы, прозасы 
«Ботагөз » романы 



 
Қaзipгi  заман  талабы  мектепке  де,  мұғалімге  де,  оқушыға  да  жанаша 
талап  денгейіне  көшуді  міндет  етіп  жүктейді.  Елімізде  болып  жатқан  оң 
өзгерістер мектеп өміріне де жаңалық лебін әкелуде, осы орайда бүгiнri күн 
ізденімпаз,  таным  белсенділігі    жоғары,  еңбекқор  ұрпақ  тәрбиелеуді  қажет 
етеді. Ал, ізденімпаз оқушы тәрбиелеу үшін мұғалімнің  өзi ізденімпаз болуы 
шарт.  Ұстаздың  бұл  қасиеті  оның  өз  сабағын  мейлінше  қызықты  eтіп 
өткізуінен байқалады. Сабақтың қызықты болуы оның түріне, формасына да 
байланысты.  «Таптаурын  болған  сабақ  түрлері  оқушының  ынтасын,  пәнге 
деген  қызығушылығын  төмендетеді,  ойлау  белсенділігін  тежейді,  танымын 
сұйылтады» [3].  
Қызықты  да  тиімді  сабақ  үлгілерін  орта  буын  оқушыларына  қолдануға 
болады.  С.  Мұқанов  шығармашылығы  бойынша  орта  мектепте  өтілетін 
көркем шығармаларынан сабақ үлгілерін ұсынсақ, мысалы,  
7- сыныпта С.Мұқановтың  «Есіл бойында» («Өмір мектебі» романынан 
үзінді) шығырмасы оқытылады, шығармаға 2 сағат бөлінген [5].  
«Есіл бойында» 
1- сабақ 
Сабақтың  мақсаты:  Оқушылардың  С.Мұқанов  шығармашылығы 
бойынша білімдерін кеңейту.  
Сабақтың міндеттері 
Білімділігі: шығарманың мазмұнын меңгерту; оқиға желісімен танысу.  
Дамытушылығы:  шығарманың  сюжеттік  желісін,    композициялық 
құрылымын ажырату үшін жоспар құра білуге үйрету.  
Тәрбиелік : адамгершілікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.  
Типі. жаңа ұғымды меңгерту. 
Түрі: дамыта оқыту технологиясы. 
Сабақтың барысы. 
І. Ұйымдастыру: 1) оқушыларды тексеру ; 2) сынып бөлмесінің сабаққа 
даярлығы. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 
1. М.Әуезовтің  «Көксерек» әңгімесі сұралады.  
2. М.Әуезовтің  шығармашылығы бойынша жинақталған материалдарын 
саралау. 

 
81 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Абенова Л.У. С.Мұқанов  шығармашылығын  
ОҚЫТУДЫҢ  
жолдары 
 
 
ІІІ. Жаңа сабақ.  
С.Мұқановтың    өткен  сыныптарда  оқыған  «Лашын»  шығармасы  бойынша 
оқылған үзінділері еске түсіріледі. Жазушының осы сыныпта  оқылатын шығармасы 
«Есіл бойында» екені хабарланады. 
Әдебиетті  оқуға  ынталы  оқушылар  шығарманы  ертерек  оқиды.  Шығарма  
көлемді,  сондықтан  оқушының  есте  сақтауына  ыңғайлы  әрі  оқиға  сюжетін, 
композициялық    құрылысын,  көркемдік  қуатын    байланыстыра  суреттеуде 
жоспардың мәні ерекше.  
Мәтін  бойынша  сыныпта  жоспар  құрылып,  үйде    осы  жоспар  негізінде 
шығармаға дайындалады. 
 
Бөлімдері 
Тақырыбы 
Суреттер, оқиғалар 
І 
 
 
 
 
 
 
 
ІІ 
 
 
 
 
 
ІІІ 
 
 
 
 
ІV 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
Есіл бойының табиғаты 
 
 
 
 
 
 
 
Табиғаттың тамаша «хоры» 
 
 
 
 
Жүргізушілер 
 
 
 
 
«Есіл тасып барады» 
әнінің шығу тарихы 
 
 
 
 
 
«Есіл тасып барады» өлеңінің 
ерекшелігі 
1. Есіл өңірінің табиғаты: 
1) сағымы; 2) тоғайы; 3) шалғыны; 
4) желі. 
2. Ондағы жеке көріністер, суреттер. 
3. Шалғын  арсында өсетін жеміс-жидек 
4. Есілдің суы.  
 
1. Жазушының  табиғатты суреттеуде 
қазақтың музыка өнерімен шебер өріп 
келтіруі.  
2. Хор «мүшелерін» сипаттауы 
3. Жазушының шуақты сезімдері 
 
1. Тарантасқа мініп келе жатқан 
жолаушылар. 
2. Керей- Уақтың ең ірі әншісі 
3. Мырзатайдың әншілігі. 
 
1. Бекберді болыс туралы 
2. Ұлпа мен Мұратбектің ғашықтығы. 
3. Есіл өзенінің тасуы. 
4. Ұлпаның Мұратбекке  арнап «Есіл тасып 
барады» әні мен өлеңін шығаруы. 
 
1. Өлеңнің оқиғаға құрылуы. 
2. Бір пікірді айтуға арналуы. 
3. Қыздың  жігітке арнап өлең шығаруы.  
 
Бекіту: 1Пейзаж, суреттеу, табиғат көркін сипаттаудағы жазушы шеберлігі. 2. 
Табиғатты суреттеу С.Мұқановтың тағы қандай шығармаларында кездеседі? 
2- сабақ 
Сабақтың  тақырыбы:  С.Мұқановтың    «Есіл  бойында»  шығармасының 
көркемдік тілі  және ерекшелігі. 
Сабақтың мақсаты: С.Мұқановтың  көркем шығарма жазудағы  шеберлігі.  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Абенова Л.У. С.Мұқанов  шығармашылығын  
ОҚЫТУДЫҢ  
жолдары 
 

 
82 
 
 
Сабақтың міндеттері 
Білімділігі:  табиғаттың  жанды      суреттерін  жасаудағы  жазушының  тіл 
шеберлігі. 
Дамытушылығы:    оқушыға  көркем  ойдың    айнасы  –  көркем  сөз  екендігін 
үйрету.  
Тәрбиелік: табиғатты тани білуге, сүюге  тәрбиелеу.  
Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру. 
Түрі: дамыта оқыту технологиясы. 
Сабақтың барысы. 
І.  Ұйымдастыру:  1)  оқушыларды  тексеру;  2)  сынып  бөлмесінің  сабаққа 
даярлығы. 
ІІ. Үй жұмысын тексеру. 
Зерделеу стратегиясы 
1.«Есіл бойында» шығармасының оқиғалық өзегі (жоспар бойынша).  
2.С.Мұқановтың  шығармашылығы  бойынша  жинақталған  материалдарын 
саралау. 
ІІІ. Жаңа сабақ.  
Ізденіс стратегиясы  
1.С.Мұқановтың  Есіл  бойын  суреттеуде  қолданған  ұқсату,  теңеу,  сипаттау 
сөздері мен  сөз тіркестерін табу.  
2.Жазушы шеберлігін танытатын тұс автордың табиғат суретін  кейіпкердің ішкі 
дүниесіне сай суреттеуі (табиғатты музыка өнерімен салыстырып, хор «мүшелерін» 
сипаттауы). 
3.Жүргіншілер бейнесі.  
4.Есіл  өңірінің    пейзажын  мәтіннен  тауып  оқу.  Жазушының  шалғын  арасында 
өсетін жеміс-жидектерді  суреттеуіне көңіл аудару. 
5.Кейіпкердің Есіл өзенінен  алған ішкі сезімінің суреттелуі. 
6.Жүргінші монологтарын мәтіннен тауып оқыту. 
Ой салыстыру стратегиясы 
1. «Есіл тасып барады» әнінің шығу тарихы мен  ерекшелігін таныту.  
2. Осы өлеңге ұқсас оқиға, шығармалармен ауызша салыстыру. 
«Ой түю» стратегиясы 
«С.Мұқанов  тілі  –  оқырманға  эстетикалық  ләззат  беретін  әсем  тіл»  [6]  деген 
пікірмен қорытылады. 
Сөз  соңында  айтарымыз,  С.Мұқанов  таланты  мен  табиғатының  арқасында 
заманымыздың заңғар жазушысы атанған қаламгер.  
Халқына  мол  мұра  қалдырған  С.Мұқановтың  біз  талдау  жүргізген  прозалық 
туындыларымен  бірге  поэзиялық  мұралары  бүгінгі  уақыт  талабына  орай  қазақ 
әдебиеті оқулықтары мен мектеп  бағдарламаларынан өз орнын тапқаны дұрыс деп 
есептейміз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Әуезов М. Таңдамалы шығармалар жинағы. 18-том, зерттеулер мақалалар. -Алматы: 1995. 283 б.   
2.
 
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиетінін бағдарламасы. -Алматы: 1991. 
3.
 
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. -Алматы: 1997. 288 б. 
4.
 
Қазақ әдебиеті бағдарламасы ( V-IX). -Алматы: 1999.  
5.
 
Құтқожина Р., Бітібаева Қ., Шаманбаева Қ. Әдебиет. 7-сынып. -Алматы: 2007. 256 б. 
6.
 
Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет. -Алматы: 1982. 

 
83 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Ұ.ЖОЛДАСОВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы  
   
Ж.АЙМАУЫТОВТЫҢ «АҚБІЛЕК» РОМАНЫНДАҒЫ  
КӨРКЕМДІК АСТАР 
 
В  этой  статье  рассматривается  особенности  художественного  контекста    методов  и  приемов 
поэтики. 
 
This article deals with peculiarities of context of art, methods and ways of poetry. 
 
Жастайынан  қазақтың  өлеңді  ортасында  өсіп,  қанына  тегінен  дарып, 
ортасымен  бекіген  ақындықтан,  жанталаса  соққан  ақындық  жүректен  туған 
көркем  дүние  Жүсіпбек  Аймауытовтың  шығармашылық  ғұмырбаянын 
өзгеше талдап, жаңаша бажайлауға ықпал етеді. Бала жастан өмірден көргені 
мен  түйгенін  өлеңге  айналдыруға  бейім  боп  өскен  ақынжанды  жазушының 
тұтас  шығармашылық  ғұмырбаянында  ақынға  тән  әсершіл,  байқампаз, 
өмірдің  анығын  нақ  басатын  нағызшыл  желі  бар.  Қоғам  ұсынған  жаңалық 
пен оның нәтижесін қорытуға жүйріктік, әрі прозасына  тән  эмоционалды, 
экспрессивті  сарын  да  өз  бастауын  ақын  жаратылысынан  алса  керек. 
Жүсіпбек  өз  шығармашылығына  қатысты  азаматтық  та,  ақындық  да 
ұстанымын «Мағжанның ақындығы» мақаласында айқындап берген [1.267]. 
Жүсіпбектің сыншылық пікіріне  сүйенсек, әлеуметтің    ілгері  қозғалысы  да, 
қатарынан кейін қалғаны да ақынға артығырақ батады, ақын жүрегін көбірек 
толқытады.  Әлеуметтің  мұң-зары  дегенде  ақын  салқынқандылық  таныта 
талмайды.  Өзгеден  өмірді  анық  танып,  жете  білгендіктен,  басқа  жаннан 
ертерек қам жейді, күйінеді, жаны ауырады. Ақынның бұл мінезден өзгелік 
танытуы  мүмкін  емес.    Жүсіпбек  те  өзі  анықтама  беріп  отырған  ақын 
қауымының  белді  өкілдерінің  бірі.  Қаламгер  шығармашылығы  қоғамның 
дауылды,  тартысты,  ұлтының  тағдыры  сынға  түскен  заманға  тұс  келді. 
Өмірлік    дүниетаным  –    табиғи  болмыстан    туып,  заманнның  талабымен, 
өмірлік  тәжірибемен  қырланып    жетілетін,  әрі  көркем  шығармашылықта 
көрініс  бермей  қоймайтын  құбылыс.  Шығармашыл  тұлға  бойында 
қалыптасқан    көзқарас  көркем  туындыда  поэтикалық  дүниетаным  арқылы 
көрініс  береді.  Жазушының  белгілі  әңгімесіндегі  елес  бейнесінде  көрінген 
жазушы рухының тілімен айтсақ, жазушы мен ақын- заманның айнасы. Жаңа 
заман әдебиеті ескі әдебиеттен нәр алып, шын өмірді, деректі өмірді жазуға 
тиіс.  «Елес»  айтқан  ой  Ж.Аймауытовтың  шығармашылық  жолының  негізгі 
желісіне айналды. Жүсіпбек шығармашылығын тұтас зерттей қарастырғанда 
көрінетін  ерекшелік  –  заман  шындығының  шеберлікпен  көркем  шындыққа 
айналуы. Мақалаға негіз болып отырған «Ақбілек» романының табиғатының 
өзгелігі  де  ақындық  дүниетаным    көрінісі  мен    көркемдік  тәсілдің 
даралығынан туындайды. 1928 жылы жарық көрген «Ақбілек» романы қазақ 
прозасына жаңашыл ізденіспен бірге, проза мүмкіндігінің  кеңдігін дәлелдеп 
берді.  Романнан  жазушының  жаңа  заманның    қазақ    үшін    жетістігі    мен  
кемшілігін  анық  байқап,  дәл   басқан  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Жолдасова Ұ. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы көркемдік астар 
 

 
84 
 
 
аңғарымпаздығы байқалады. Табиғатында ақындық болмыс басым Жүсіпбек 
тез  әсерленіп,  тез  қорытынды  жасайды.  Ұзақ  толғанып  отырмай,  заман 
әсерін  суытып  алмауға  тырысады.    Жүсіпбек    реализмнің  ерекшелігі  де  
осында.    
С.Сәдуақасовтың    Жүсіпбек  прозамен жазатын    ақын,  ақындық  болмыс  
оның    стилінен  де  байқалады,  оның  жазғандары  қарапайым  прозадан  гөрі 
өлеңмен  жазылған  прозаны  көбірек  еске  түсіреді  деген  пікірі  [2.45].  
Жүсіпбек прозасының ерекшелігін тануға кілт болмақ. Жүсіпбек «Ақбілек» 
романын ерекше тебіреністі жырмен  бастайды. Ақын жаны Алтайды, оның 
сұлулығын,  оны  мекен  еткен  қазақтың  ауылын  қалтқысыз  жақсы  көре 
отырып  жырлайды.  Ақынның  Алтайды  сүйе  жырлаған  сезімі    оқырманды  
көркем  әлемге  еріксіз  ендіреді.  Жазушымен  бірге  оқырман  Алтайдың  ұшар 
басынан  оның  етегінде  бейғам  өмір  кешіп  жатқан  қазақтың  мамыражай 
ауылына  түседі.  Мамырбайдың  Мамырбай  атында  жаныңды  жай  тапқызар 
сабыр  бар.  Ауылдың  кешқұрымғы  суретін  баяндағанда    да  Жүсіпбек  тілі 
өлеңдетуге бейім:  «Тау бетінен андағайлап жатағына мал келді. Бала у-шу, 
малай қиқу, мал маңырап, ит  жаң-жұң. Ауыл  түтін, өзен күріл. Қызыл іңір. 
Малын жайлап, шайы қайнап, ел де орынға отырды». Жазушы шығарманың 
өн бойында оқырманмен сырласып, сөйлесіп, ақылдасып отырады. Жазушы 
мен оқырман арасындағы  қашықтық  жақындай береді. Жазушы «оның бірі 
– манағы айтқан, өзің көрген салт атты»  деп оқырманды да оқиға  куәгеріне  
айналдырады.  Жүсіпбек  оқырманмен  ақылдасып  отырып,  кейіпкерлерінің 
өзін  сөйлетуді  жөн  көреді.  Кейіпкер  өзін-өзі  ашады.  Бұл  көркем  тәсіл 
жазушының проза саласындағы ізденісінің көрінісі екендігі анық. Мұнда да 
Жүсіпбектің ақындық машығы бой көрсетеді.  
Әдемі  табиғат  бауырында  қамсыз  тіршілік  кешіп  жатқан  қарапайым 
қазақ  ауылы  бір  сәтте  астан-кестен  болды.  Оқырман  жазушымен  ілесіп 
отырып,  әдемі  үйлесімді  бұзған  оқыс  оқиғаның  куәгері  болады.  Жау 
келгендегі  ауыл  халі  ерекше  экспрессиямен  баяндалады.  Тәптіштеп 
суреттеуден  гөрі,  болып  жатқан  оқиға  қимыл,  әрекет  арқылы  ашылады. 
Ауыл  тыныштығын  бұзған  төрт  аттының  әрекеті көз  алдыңнан  іркес-тіркес 
өте  береді,    әрекеттің  иесінен  гөрі  оның    нәтижесі  баса  суреттеледі:  «Сол 
төрт  атты  шаттан  шығып,  ылдиға  түсе  өкшелерін  қадады.  Қадап  еді,  ат 
пысқырды,  ауыздығын  қарш-қарш  шайнап    есілді.  Есілді  де  екпіндетіп, 
үңгірдегі бір ауылға келді саусылдап.  Келе тарс-тұрс. Үріктірді, бөріктірді, 
елдің  апшысын  қуырды».  Тыныш  жатқан  ел  көзді  ашып-жұмғанша  астан-
кестен болды. Алтайдың  бейбіт өмірін бұзуға тек жат жұрттық қана пейілді 
болса керек. Алтайдың сұлулығын  оның жаны жырламасы анық. Ауылдың  
бейғам көңілін  қорқыныш пен үрей билеп алды. Алтай тауы сыйлаған әдемі 
ырғақ    бұзылды.  Мұнымен  бірге  онда  тіршілік  кешіп  отырған  ел  де 
ырғағынан    жаңылды.  Тап  сол  сәтте  «абайсыз  ауыл  абалаған  ит  даусына 
айналды; ауылдан бажылдаған, балдырлаған жат үн шықты; бір тайпа ауыл – 
үш  мылтықтың  албастысы  басып,  тұншықты».  Жазушы  қазақ  өмірінің  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет