Осы айтылғандарды ескере отырып, қылмыскердi ұстау барысында оған шектен
асып зиян келтiрудiң екi түрiне мынадай сипаттама беруге болады.
Келтіруге болатын зиян шегiнен асу дегенiмiз, бұл қолайсыз ұстау жағдайында
төнiп тұрған қауiпке сай келмейтiн зиян келтiру болып табылады.
Жеткiлiктi зиян шегiнен асу дегенiмiз – бұл қолайлы ұстау жағдайында
қылмыскерге ол төндiрген қауiптен асатын ауыр зиян келтiру болып табылады.
Алғаш рет қылмыскердi ұстау барысында оған шектен асып зиян келтiрудi
В.Н.Кудрявцев екіге бөліп қарастырған едi. Оның пікірінше «егер де қылмыскердi
өзге жеңiл құралдармен тоқтатуға мүмкiндiк болса немесе ол қылмыстың қауіптілігі
келтірілген зияннан төменiрек дәрежеде болса, онда келтірілген зиян заңға сай
352
болмайды».
Зерттеу әдебиеттерінде осы пiкiрді көптеген ғалымдар қолдайды. Мысалы,
И.С.Тишкевич қылмыскердi ұстауда шектен шығушылықтың мынадай түрлерiн
бөлiп қарастырады:
1.
Қылмыскердің жасаған қылмысының қауiптілігінен асатын ауыр зиян келтiру;
2.
Ұстауды жүзеге асыруда келтірілетiн зиянның шегiнен асып, ауыр дәрежедегi зиян
келтiру.
Негізінде осы айтылған ұйғарымдар дұрыс. Бұл көптеген авторлардың 1969
жылдың 4 желтоқсанындағы КСРО Жоғарғы Соты қаулысының 5-бөлiмiне
сүйенетiндiгiн көрсетедi. Бұл қаулыға сәйкес, «Қылмыскерге шектен асып зиян
келтiру, – келтірілген зиянның төнген қауiптiң сипатына
және жасалған қылмыстың қауiптiлігiне, сонымен қатар ұстаудың мән-жайына
сәйкес келмейтiндiгiн бiлдiредi».
Сонымен, қылмыскердi ұстау барысында шектен асып зиян келтiрудің келесі
белгісі-жасалған қылмыстың зардабынан ұстау кезінде келтірілген зардаптың асып
кетуі болып табылады. Қылмыскерді ұстау шаралары шегінен асу үшін жауаптылық
мына белгілер орын алғанда қолданылады:
1.
Қылмыскердi ұстау заңды негiздерде жүргізілмегенде.
2.
Қылмыскерді ұстау кезінде келтірілген зиян арнайы мақсатқа сай болмағанда, яғни
жасалып жатқан қылмысты тоқтату немесе қылмыскерді тиісті органдарға тапсыруды
көздемегенде.
3.
Қылмыскерге келтiрiлген зиян мәжбүрлi немесе қажетті болмағанда.
4.
Қылмыскерге келтiрiлген зиян жасалған қылмыстың немесе қылмыскердің
қауіптілік дәрежесінен немесе қылмыстың бағытынан асып кеткенде.
Тек қана осы аталған белгілер орын алғанда ғана жауаптылық жайлы сөз
болмақ. Ал қылмыскердiң жеке бостандығын шектегенi үшiн жауаптылық орын
алмайды, өйткенi ұстау заңды негiздерде жүзеге асырылады және материалдық
зардаптар болмайды.
Ұстау шаралары шегінен шығуды немесе төнген қауiпке, ұстау жағдайына сай
емес, әрекеттерді саралау мәселесі маңызды болып табылады, өйткенi оның
әрекетiне дұрыс баға беру-қылмыскердiң және ұстаушы адамның жауаптылығын
ғана анықтап қоймай, сонымен қатар шектен шығушылықтың қасақаналықпен
немесе абайсыздықпен жасалғанын көрсетеді.
Бұрыңғы Кеңестiк Республикалардың Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiмiнде
қылмыскерге шектен асып зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың арнайы баптарда
қарастырылмауы, сол кездегi заңдылықты жүйелiк және логикалық тұрғыдан
қолдануды қажет еттi. Қазiргi Қазақстан Республикасы ҚК Ерекше бөлiмiнің 100
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Мергенбаев Е., Мұратқызы А. Қылмыс жасаған адамдарды ұстау шараларының шегiнен...
және 110-баптарында қылмыс жасаған адамға ұстау шаралары шегінен шығып
өлтіргені және денсаулығына зардап келтіргені үшін жауаптылық қарастырылған.
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу кезiнде
жасалған кiсi өлтiру жеке адамға қарсы қылмыстар тарауында қарастырылады. Бұл
баптың қылмыстық кодекске енгiзiлуi елiмiздегi қылмыспен күрес жүргiзу
шараларына бiршама көңiл бөлiнiп келе жатқандығын байқатады. Осыған
байланысты, қылмыспен күрес жүргiзетiн органдардың алдына құқықтық
нормаларға негiзделген жаңа мiндеттер қойылады. Қылмыстылықпен күресудiң бір
тиімді жолы қылмыскердi дер кезiнде ұстау екендігi анық. Алайда, қылмыскердi
ұстау кезiндегi келтiрілетін зиянға құқықтық және саяси бағаны дұрыс беру керек.
Қасақаналықпен немесе абайсыздықта қылмыс жасаған адамдарды ұстау кезiнде
зиян келтiру мәселесін бірдей деңгейде қарастыру қылмыскерлерді ұстаудағы
құқықтық бағаны дұрыс белгілемеуді білдірген болар еді. Біздің ойымызша
абайсыздықпен қылмыс жасаған адамдар ұстау кезінде қарсылық көрсеткенде
353
немесе бой тасалағысы келгенде, ұстау амалдары ретінде адамның өліміне
соқтыратын зардап келтіруге болмайды. Өйткені кінәнің абайсыздық түрімен
қылмыс жасағандарға өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығынан айыру
қолданылмайды. Тіпті ҚҚ 10-бабына сәйкес, абайсыздықпен сипатталатын
қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстардың санатына жатпайды. Себебі
қылмысты абайсыздықпен жасаған адамдардың қауіптілігі субъективтік белгілер
тұрғысынан алғанда төмен деп бағалауға болады. ҚР ҚК 33-бабына сәйкес, қол
сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтiрiлген зиянды жағдай мәжбүр
етпейтiн анық шектен тыс зиян қажетсiз келтiрiлген кезде, олардың ұсталатын адам
жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне және ұстаудың
мән-жайына қасақана сай келмеуi ұстау шараларын асыра сiлтеу деп танылады.
Жоғарыда жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, осы анықтамаға
талдау жасап көрейік. Бұл анықтамада қылмыс жасаған адамды ұстау шаралары
шегінен шығудың белгілері жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиянды
қажетсіз келтіру, қылмыстың қауіптілік дәрежесіне, қасақана сай келмеу ұстаудың
мән-жайына қасақана сай келмеу түрінде белгіленген. Бұл белгілердің кейбіреулерін
сынға алу әділеттілік болатын тәрізді. Ең бірінші «жағдай мәжбүр етпейтін анық
шектен тыс зиянды қажетсіз келтіру» белгісін түсіндіріп көрсек, онда бұл
қылмыскерге зардап келтірмей-ақ ұстау әрекеттерін жасаудың мүмкіндігін білдіреді.
«Жағдай мәжбүр етпейтін зардап келтіру» ретінде қылмыскердің әйел жынысты
немесе мүгедек, жасөспірім, ауру адам тәрізді әлсіз жағдайлары алынады. Сондай-ақ
ұстау кезінде қарсылық көрсетпеген немесе жасырыну әрекеттерін жасамаған адамға
зардап келтіруді де білдіре алады. Мұндай жағдайда қылмыскерге зардап келтіру
ұстау ережелері түгіл, ұстау жағдайына да жатпайды. Онда бұл белгі неліктен
қылмыскерді ұстау шаралары шегінен шығуды білдіру керек деген сұрақ туындайды.
Екінші белгі, «қылмыстың қауіптілік дәрежесіне көрінеу сай келмеу» жоғарыда
айтқанымыздай әкімшілік құқық бұзушылық жасаған немесе қылмыстың түрі мен
оның сипаты қылмыскерді қоғамға аса дөрекі, жауыз етіп көрсетпейтін ұрлық тәрізді
немесе объектісі адам өмірі, денсаулығы, жыныстық бостандығы сияқты болып
табылмайтын қылмыстарды жасауын білдіреді. Әрине ұсталуға жататын
қылмыскердің жасаған қылмысының түрі қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа зардап
келтіру, әйел зорлау, террористік әрекеттер, есірткіге байланысты қылмыстар болса,
онда қажеттілігіне қарай қылмыскердің өміріне немесе денсаулығына зардаптар
келтіре отырып ұстауға болады. Бұл белгінің
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Мергенбаев Е., Мұратқызы А. Қылмыс жасаған адамдарды ұстау шараларының шегiнен...
сапсына біздің алып қосарымыз жоқ.
Ал «ұстаудың мән жайына көрінеу сай келмеу» деп аталатын қылмыс жасаған
адамды ұстау шаралары шегінен шығуды сипаттайтын үшінші белгі, біздің
түсінігімізше ұстау уақытының сәйкес келмеуін білдіреді, яғни жауаптылықтың
талап мерзімінің ескіруі немесе кешірім беру немесе рақымшылық актілері
жасалғаннан кейін ғана емес, сондай-ақ басында қашқанмен бірақ құтылмасын
білгеннен кейін тоқтап бағынған немесе алғашқыда қарсылық көрсеткенмен кейін
қарсылықты тоқтатқан қылмыскерге зардап келтіруді білдіреді. Осы айтылғандарды
ескере отырып, қылмыскерді ұстау жағдайына көрінуіне сай келмейтін әрекет болса,
онда неліктен мұндай әрекеттер қылмыскерді ұстау туралы ережелермен
қарастырылуы, салыстырылуы керек. Ұстау жағдайына жатпайтын әрекет болса,
онда қылмыс жасаған адамдарды ұстау шаралары шегінен шығу ретінде емес, жеке
адамға қарсы қылмыс ретінде ҚК 96 баптың 1 бөлімімен жай кісі өлтіру немесе 103
баппен денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру деп саралануы керек деген
шешімге жетелейді [3].
354
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Құлжабаева Р.Б. Қылмыстық құрамы. Оқу құралы. -Қарағанды: 2000.
2.
Тишкевич И.С. Приготовление и покушени по уголовному праву. -М.: 1958.
3.
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық ерекше бөлімі. -Алматы: «Жеті жарғы» 2003.
355
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Ж.А.ЖАКИПОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
МАЛ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН ЖАЗА
ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
В этой статье указаны вопросы правильного рассмотрения преступлений, связанных с кражей
скота, а также определения наказаний для указанных преступлений.
This article deals with some problems of cattle stealing crime and the ways of its punishment.
Қылмысты дұрыс саралау – мемлекеттің жаза мәселесін қолдану
саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғашқы шарты болып
табылады. Қылмыстық заңның 19-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей,
қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп
танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық
жауапқа тарту үшін немесе кінәлі деп тану үшін, оның жасаған іс-әрекетінде
белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек екендігін және
қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-
әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып
табылатыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабында
көрсетілген. Осыған ұқсас нормалар Қазақстан Республикасының
Қылмыстық істер жүргізу кодексінің көптеген нормаларында да көрсетілген.
Іс-әрекетінде қылмыстың белгілері жоқ адамдар жауапқа және жазаға
тартылмайды. Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс-әрекетінде белгілі,
нақты немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда
ғана жүзеге асырылады [1.151].
Қылмысты дұрыс саралауға және жазалауға қатысты біршама авторлар
өз пікірлерін ұсынғаны белгілі. Соның ішінде әсіресе қылмысты саралау
мәселесін Қазақстан Республикасы бойынша ауқымды қарастырған
профессор А.Н.Ағыбаев және А.Ш.Мәликова. Қылмысты дұрыс саралау –
қылмыстылықтың жағдайын, деңгейін, құрылысын, қозғалысын дұрыс
анықтауға мүмкіндік береді. Ал, қылмысты дұрыс сараламаудың өзі
қылмыстық құқықтың алдына қойған мақсаттарының бірі жасалған іс-
әрекеттерге дұрыс, әділ жаза тағайындау қағидасына қайшы келеді [2].
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қарастырылып
отырған қылмыс үшін жаза түрлерін елеулі түрде кеңейтті. Қылмыстық
кодекстің 38 бабының 1-бөлігі “Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша
тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады [3.15].
Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға ғана қолданылады”
деп көрсеткен. Қылмыстық жаза мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес
жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы
күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық,
рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан
сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да қылмыстық
шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Жакипова Ж.А. Мал ұрлау қылмысы үшін жаза тағайындау мәселелері
356
көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыстық кодекстің 38
бабының 2-бөлігінде “жазаның мақсаты – әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да,
басқа адамдардың да жаңа қылмыстарды жасауынан алдын ала сақтандыру”
екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз, қылмыс істеген
адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі,
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ
жаза тағайындау болып табылады.
Бұл мақалада біз ұсынып отырған 175-1 бап мал ұрлау қылмыс
құрамының санкцияларында келесі жазалар белгіленген:
1) бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде
немесе сотталған адамның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі
жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға;
2) екі жүзден екі жүз елу сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға
тартуға;
3) үш жылға дейінгі түзеу жұмыстарына;
4) не төрт жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге;
5) алты айға дейінгі мерзімге қамауға;
6) төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады;
7) мүлкі тәркіленуге жазаланады.
Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама беріп көрейік.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын
жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген.
Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі
жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық кодекстің
40-бабы бойынша: “айыппұл осы Кодексте көрсетілген шекте, заңмен
белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік
көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған
адамның жалақысынан немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең
ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу”
(40-баптың, 1-бөлігі). Айыппұл негізгі немесе қосымша жаза ретінде тек қана
заңда көрсетілген ретте және соның шегінде ғана қолданылады және
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық көрсеткіштің
жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның
жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де
табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған
қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере
отырып сот белгілейді.
Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе бос
уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады,
олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Жакипова Ж.А. Мал ұрлау қылмысы үшін жаза тағайындау мәселелері
басқару органдары белгілейді. Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде
санкцияларда тікелей көрсетілген жағдайларда қолданылады. ҚРҚК 45, 46
және 48 баптарында көзделген мерзімдер шегінде, егер сотталған адам
357
қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте бас бостандығын
шектеумен, қамауға алумен немесе бас бостандығынан айырумен
ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды
өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің немесе қамауға
алудың немесе бас бостандығынан айырудың бір күні қоғамдық
жұмыстардың төрт сағатына есептеледі.
ҚР ҚК-ң 43-бабына сәйкес түзеу жұмыстары сотталған адамды
мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде көрсетілген оның ай сайынғы
табысының бір бөлегін мемлекет пайдасына ұстауды білдіретін қылмыстық
жазаның бір түрі болып табылады. Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға
дейінгі мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша
өтеледі [4.36].
Бас бостандығынан шектеу ҚРҚК-нің 45-бабына сәйкес бір жылдан бес
жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Оның тәртібі ҚРҚК-тің 45-бабында
көрсетілген.
ҚРҚК 46-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қамау бұл сотталған адамды қатаң
оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Қамау бір айдан алты айға
дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары
немесе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған жағдайда ол кемінде бір ай
мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Бас бостандығынан айыру дегеніміз, сотталған адамды сот белгілеген
мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу
мекемелеріне орналастыру болып табылады (ҚРҚК-ң 48 бабы). Бас
бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейінгі мерзімге
тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстарын немесе бас
бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда
ол алты айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын
мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз
алу болып табылады (ҚРҚК-ң 51 бабы).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі “Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексін күшіне енгізу туралы” заңына
сәйкес, қамауға алу түріндегі жаза туралы ережелер Қазақстан
Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі күшіне енгізілгеннен кейін
жазалаудың осы түрін орындау үшін қажетті жағдайлар жасалуына қарай,
бірақ 2008 жылдан кешіктірілмей күшіне енгізіледі.
Тәжірибеде туындап жатқан тағы бір маңызды мәселенің бірі –аса ірі
мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау, талан-таражға салғаны үшін жауаптылық
мәселесі.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Жакипова Ж.А. Мал ұрлау қылмысы үшін жаза тағайындау мәселелері
Кейбір зерттеушілер бөтеннің мүлкін талан-тараждаудағы келтірілген
зиянның мөлшеріне қарай жауаптылықты әрі қарай дифференцияциялау
керек деген мәселені алға тартады. Біздің пікірімізше, жалпы алғанда бұл
ұсыныстар орынды. Қазіргі жағдайларға сәйкес қылмыстық-құқықтық
нормаларда бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде талан-таражға салғаны үшін
жауаптылықты қарау қажеттілігі бар. Тәжірибеде талан-таражға салынған
358
бөтен мүліктің мөлшері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
175-бабындағы ескертуде көрсетілген ірі мөлшерден, яғни 500 айлық есептік
көрсеткіштен асып кететін жағдайлар кездесетіні сирек емес. Бөтеннің
мүлкін ұрлау жолымен мұндай әдіспен аса ірі мөлшерде талан-тараж ету, ірі
мөлшердегі талан-тараж етуден қоғамдық қауіптілігі өте жоғары.
Бұдан шығаратынымыз, бөтеннің мүлкін ерекше елеулі ірі мөлшерде
талан-тараж
ету
сияқты
ерекше
сараланушы
белгі
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілуі тиіс.
Көрші мемлекеттердің заңдарын талдағанымызда, ТМД мемлекеттерінің
кейбірінің Қылмыстық кодексінде аса ірі мөлшерде талан-тараж ету ерекше
сараланушы белгі ретінде қарастырылған. Мысалы: Өзбекстанның
Қылмыстық кодексінің 164,167,168,169-баптары; 76,187-194 баптары немесе
Украинаның Қылмыстық кодексінің 185,186,187,199,191-баптары; 77,16-169
баптары [5].
Бұл ұсынысты есепке алу айлық есептік көрсеткішті екі мың есе асатын
мөлшерде бөтен мүлікті аса ірі мөлшердегі талан-тараж ету үшін қылмыстық
жауаптылықты күшейтуге мүмкіндік берер еді, яғни айлық есептік
көрсеткіштен екі мың есе асатын талан-тараж Қазақстан Республикасының
заңдылығында қылмыс жасау кезінде бекітілуі керек.
Бұдан шығаратын қорытындымыз, біздің ойымызша, бөтеннің мүлкін
ұрлау арқылы аса ірі мөлшерде талан-таражға салғаны немесе ұйымдасқан
топтың талан-тараждағаны үшін жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге
бас бостандығынан айыру және міндетті түрде мүлкін тәркілеу түріндегі
қылмыстық жаза тағайындалған жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. -Алматы: Жеті жарғы, 2005.
2.
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Оқулық. -Алматы: Жеті жарғы, 1999. -320 б.
3.
Маликова А.Ш. автореферат . -Алматы: 2003.
4.
Рахметов А. М. Жаза. -Алматы: 2000. 36 б.
5.
Республики Узбекистан от 22 сентября 1994 года № 2012-XII; Введен в действие с 1 апреля 1995
года. Примечание: По состоянию на 13 декабря 2002 года.
6.
Принят Верховной Радой Украины 5 апреля 2001 года №2341-III; Вступает в силу с 1 сентября 2001
года. Дата принятия: 05.04.2001.
359
.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
МАЗМҰНЫ-СОДЕРЖАНИЕ-CONTENTS
ФИЛОЛОГИЯ
БЕРДІБАЙ Р.
Ќараќалпаќ ќазаќтары аќын, жырау, жыршыларыныњ
шыѓармашылыѓындаѓы көркемдік дєстүр
Художественная традиция в творчестве казахских акынов, жырау,
жыршы Каракалпакии
3-7
BERDIBAI R.
Art Traditions in the Works of Kazakh Akyns, Zhyrau, Zhyrshy of
Karakalpakstan
ӘБІЛҚАСЫМОВ Б.
ҚАБАТАЕВА Қ.Т.
«Дала уалаяты газеті» – қазақ халқының әдеби-мәдени, саяси рөл
атқарған басылымы
Газета «Дала уалаяты» – издание, сыгравшая литературно-
культурную, политическую роль в жизни казахского народа
8-13
ABILKASSYMOV B.
KABATAYEVA K.T.
The “Dala ualayaty” Newspaper – а Publication Which Played а
Literary, Cultural and Political Role in the Life of Kazakh People
ҚОШАНОВА Н.
Қ.Есенов еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің
қарастырылуы
Научные взгляды Х.Есенова о сложноподчиненных предложениях
14-18
KOSHANOVA N.
Kh.Essenov’s Scientific Views of Complex Sentences
ЕРГӨБЕК С.
Ш.Жәңгірұлының «Назым сияр шәриф» шығармасы
(жариялануы, зерттелуі, мәтінтанулық мәселелері)
Произведение Ш.Жангирулы «Назым сияр шариф» (публикации,
исследования, проблемы текстологии)
19-25
YERGOBEK S.
Shadi Zhangir’s poem «Nazym Siyar Sharif»
КАМАЛҚЫЗЫ Ж.
Романдағы характердің жағдаймен байланысы
Связь характера с ситуацией в романах
26-33
KAMALKYZY Zh.
The Connection Between a Character and a Situation in Novels
ӘЛМАШҰЛЫ Ж.
Ауыз әдебиетіндегі ащы сатира туралы
О горькой сатире в фольклоре
34-40
ALMASHULY Zh.
About the Bitter Satire in Folk-lore
360
ИСЛАМ Д.
Отаншылдықтан гуманизмге дейін
От патриотизма к гуманизму
41-45
ISLAM D.
From Patriotism to Humanism
БАЛАУБЕКОВ М.
ИСАЕВА Ж.
Әбіш Кекілбай шығармаларының тілі
Язык произведений Абиша Кекилбаева
46-48
BALAUBEKOV M.
ISSAYEVA Zh.
The Language Structure of A.Kekilbayev’s Works
УМИРЗАКОВА Н.
Место поэтического образа в изображении психологизма (В
поэзии узбекского поэта Усмана Насыра)
Поэтикалық образдың кейіпкердің ішкі жан дүниесін бейнелеудегі
орны (Өзбек ақыны У.Насырдың поэзиясында)
49-52
UMIRZAKOVA N.
The Place of a Poetic Character in Psychological Delineation
АНДАБАЕВА К.Т.
К вопросу о некоторых проблемах обучения студентов
экономических специальностей профессиональному английскому
языку
Экономикалық мамандықтар студенттеріне кәсіби ағылшын тілін
үйретудің кейбір мәселелері
53-55
ANDABAEVA K.T.
About Some Problems of Teaching English for Special Purposes at the
Economy Faculty
БАЛАУБЕКОВ М.
Тынысбек Қоңыратбаев еңбектеріндегі ономастикалық атаулардың
берілу сипаты
Характеристика ономастических названий в трудах Тынысбека
Коныратбаева
56-58
BALAUBEKOV M.
Description of Onomastic Titles in the Works of T. Konyratbayev
ӘДІЛБЕКОВА Э.
Қазақ әдебиетінде дастан жанрының зерттелуі және эпикалық
дәстүр
Исследование жанра дастан в казахской литературе и эпические
традиции
59-64
ADILBEKOVA E.
The Research of Dastan Genre and Epic Traditions in the Kazakh
Literature
ОШТАНОВА М.С.
Ағылшын тілі пәні бойынша студенттің өзіндік жұмыстарыныњ
мањызы
Значение самостоятельной работы студентов по английскому
языку
65-67
OSHTANOVA M.S.
The Importance of the Students’ Self- Study Work at the English
Lessons
361
ӘДІЛБЕКОВА Э.
Түркі халықтарының үйлену салт-дәстүрлері
Свадебные обряды тюркских народов
68-72
ADILBEKOVA E.
Wedding Customs of Turkic Peoples
БАЙНИЯЗОВА Ж.Т.
Лексикография теориясы мен ұғымы туралы
О теории и понятии лексикографии
73-77
BAINIYAZOVA Zh.T.
About Theory and Conception of Leхicography
АБЕНОВА Л.У.
С.Мұқанов шығармашылығын оқытудың жолдары
Методы преподавания творчества С.Муканова
78-81
ABENOVA L.U.
The Methods of Teaching S.Mukanov’s Creation
ЖОЛДАСОВА Ұ.
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы көркемдік астар
Художественный контекст романа Ж.Аймауытова «Акбилек»
82-86
ZHOLDASSOVA U.
The Context of Art of Zh.Aimauytov’s Novel “Akbilek”
ЖАМАНТАЕВА Г.
Қытай және қазақ тілі зат есімдерінің салғастырмалы зерттелуі
Сравнительно-сопоставительный анализ имен существительных
китайского и казахского языков
87-89
ZHAMANTAYEVA G.
The Comparative Research of Nouns in Chinese and Kazakh
ӘМЕТ Р.Т.
«Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы қадамдары
Первые издания газеты «Қазақ әдебиеті»
90-92
AMET R.T.
The First Editions of the «Kazakh Adebyeti» Newspaper
БАЗАРБЕКОВА Н.Ш.
Халқын сүйген қаламгердің суреткерлік тұлғасы
Личность писателя, почитающего свой народ
93-96
BAZARBEKOVA N.Sh.
The Writer Respecting His Nation
КӨПБАЕВА М.Р.
«Ай мен Айша» эссесіндегі образ бен характердің жасалу жолдары
Пути создания образа и характера в эссе «Ай мен Айша» («Луна и
Айша»)
97-103
KOPBAYEVA M.R.
The Ways of Creation of Character in “The Moon and Aisha” Essay
МАХАШ Г.
Ә.Жәмішевтің шығыс үлгісіндегі туындылары
Произведения А.Жамишева в восточном стиле
104-109
MAKHASH G.
A.Zhamishev’s Works in the Oriental Style
362
Достарыңызбен бөлісу: |