А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Әбілқасымов Б., Қабатаева Қ.Т. «Дала уалаяты газеті» - қазақ халқының әдеби-мәдени тұрғыдан...
11
жазғанын құптайды. Әсіресе: “Анық қазақ тілімен бір кітап жазған
Алтынсарин марқұм солай ойлап еді” [2], – деп қазақ халқының әліппесін бір
ізге түсірудің қажеттігін дер кезінде проблема етіп көтереді. Өйткені сол
кезеңде баспасөз, кітаптарда бөтен сөзбен сөз арасы былғанса, қазақ тілінің
өзіндік
ерекшеліктерінен
айырылып
қалатындығынан
алдын-ала
сақтандырады. Бұл проблема – өзінің көкейкестілігін әлі күнге жоғалтқан
жоқ. Сұлтанғазин ойының құндылығы да сонда. Газеттің 1888 жылғы 48-
нөмірінде “Бұрынғы замандағы билердің билік қылуы” атты мақала
басылған. Орысша мақала авторы – А. Крахалев, қазақ тіліне тәржімалаған –
Д.Сұлтанғазин. Мұнда қазақтың билік үкімінің әділдігі жан-жақты
дәлелденеді. 1734 жылы Анна орыс патшайымы Иван Кириллов дегенді Кіші
жүздің Бөкей ордасына қазақ ішіндегі билік рәсімдерін біліп қайтуға арнайы
жібергендігі баяндалады.
“Қазақтың үлкендерге ас бергенінің бір пайдалы жері, асқа жиылған
халықтар іс тексеріп дау бітіреді екен... Сол уақытта істі біліп, ақылды екенін
көрсеткендерді би қояды екен”, – деп қазақ билерінің ел сеніміне қалай
кіретіндігін көрсетеді. Мақалада қазақ биіне тән қасиеттер ретінде –
ақылдылық, әділдік, шешендік, халық сеніміне ену, көпшіліктің сүйікті
адамы болу керектігі аталады. “Билер жаза салып іс кескен уақытта ұятқа
қарап бұрынғы рәсім бойынша қылады екен. Билер кесім қылған мезгілде
өздері де билік алады екен, мәжілісіне қарай, бұрынғы рәсімі бойынша
билердің билігі кескен малдың он бөлгенінің біреуінен көп болмаса керек.
Сондай билердің бір бітірген дау істің екінші қайтара дау қылып қайтадан
билік қылмайды екен” [3], – деп қазақтың билік өнерін үлгі ретінде ұсынады.
Шын мәнінде сол замандарда жер дауы, жесір дауы, мал дауы сияқты
қылмысты істер билер үкімімен-ақ шешімін тауып жатқан. Ал аса ауыр
қылмыс атаулы, тіпті қазақ даласының табиғатында болмаған сияқты. Ол
кездегі адамдардың жанын таза ұстауы, ауыр қылмысқа бармауы, көсем
билер үкіміне құлақ асуы – қазақ даласының жаймашуақ тіршілігінің үлгі
боларлықтай көрінісі ретінде бүгінгі күнге публицистика тілі арқылы жетіп
отыр.
Газеттің 1894 жылғы 12-нөмірінде Д.Сұлтанғазиннің “Кейінгінің қамын
ойлап жазылған ақыл” атты хаты жарияланған. Бұл хат – асылы ең алдымен
қазақтың көзі ашық оқығандарына, ал түптің түбінде бүкіл қазақ халқына
жолданған хат.
“Қыр даласында үшбу уақытта біздің мұсылманша һәм орысша оқу
білген білімді адамдар көп. Бұл адамдар жаңа жұмыстардың мән-жайын
байқап біліп, бұл жұмыстарды қадірлеп, жай бұқара халықтарға ешбір
тоқтамастан үлгі көрсетсе керек. Бұрынғы уақыттағы адамдар оқу білмеген
соң, бір орнынан ешқайда бармаған еді. Жан-жағында, дүниеде не болып
жатқанын білмеуші еді...” [4], – деп бастап, қазақ халқын оқуға, білімге,
ғылымға үндейді. Ағартушылық бағытта жазылған осы шығармасында
Д.Сұлтанғазин – публицист Сібірде жасалып жатқан темір жолдың ертең
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Әбілқасымов Б., Қабатаева Қ.Т. «Дала уалаяты газеті» - қазақ халқының әдеби-мәдени тұрғыдан...
қазақ даласына да жететінін телеграф пен откемелердің де қыр қазағына
мәлім болатын күнінің алыс еместігін айтып, оқырманды өз ойымен
12
қызықтыра ілгері дамуға сүйрейді. Қазақ халқы да бұрынғы әдетін сақтап
қала отырып, көп атақты халықтардан үлгі алып, ол жақсылықтарды өз
ғұмырына пайдалану керектігіне мән береді. Егіншілік, жеміс егу, мал бағу
сияқты шаруамен бірге, “Ақылы бар данышпан адамдар дүниенің мән-
жайын біліп, өзіне қаратып алады” [4], – деген соқталы ой айтады. Дүниедегі
білімді үйренбеген “надан халықтар қорқақ, именшек, жасқаншақ, не болса
соған иланатұғын болады. Білімі көбейген сайын адамдар тиянақты, батыл
келеді, білім көбейеді...” – деп надандықтың ауылынан шығып, білімді
жарық дүниеге сапарға шығуға барша халықты шақырады. Шақырғанда да
соқырға таяқ ұстатқандай етіп, білім-ғылымның нұрлы жолын көрсетеді.
Дәл осы білім-ғылым жолына түсудің бірден-бір жолы газет екендігін
тайға таңба басқандай анық аңғартады. “Мұндай пайдалы білім шашатұғын
нәрсе Дала уалаяты үшін шығарылмыш қазақ газеті деп білеміз. Көшпелі
халықтың құрметті жақсы, атақты адамдары һәмма газеттің анық пайдалы
екенін де біледі. Оның бер жағында қазақша газеттің әсіресе пайдалы екенін
білсе керек. Бұл газет көз жетпейтұғын қыр даланың ішіндегі жатқан
халықтың бірер нәрсеге мұқтаж турасында керекті. Бірінің айтқан ақылын
біріне білгізеді. Егер де бұл ақыл мал бағып өсірмек, егін екпек, барша қыр
даланың ішіндегі шаруаға һәм адамның ғұмырына тиесілі жауаптарға керекті
болған болса. Жоғарғы айтылмашқа қарағанда біздің газет оқырмандарымыз
хабар шашып тұрған бұл жалғыз газеттің қымбат, қадірлі екенін де білсе
керек деп ойлаймыз...” [4]. Міне осы сөздерден Сұлтанғазин – редактордың
газет шығаруды қандай мақсатқа бағындырғысы келетінін айқын аңғарамыз.
Ол тек патша үкіметінің шешімдерімен елді таныстырып отыратын, тілмаш,
аудармашы, орыс отаршылдарының қолшоқпары емес. Қайта орыс
әкімдерінің сеніміне кіре отырып, қазақша газетті өз қолына алып, сол
арқылы қалың қазақтың санасын оятатын қаламгер екендігі айқын көрінеді.
Мақаланың соңында: “Біздің оқу білген оқымысты адамдар, өлеңші, жыршы,
ертегіші, хикаяшы адамдар да ұмтылып жаһұт етіп жұмыстарын қолына
алып оқушылардың пайдасы үшін мұны ынтық қылмақ үшін өздерінің
білгенін, көргенін жазып тұрар деп көңіл айтамыз”, – деп тұжырымдайды өз
ойын. Шындығында да “Дала уалаяты газеті” қазақ халқының әдеби-мәдени,
жалпы рухани тұрғыдан дамуында зор ағартушылық, тіпті қоғамдық-саяси
рөл атқарған басылым екендігі – бүгін алыстан асқар таудай “мен мұндалап”
көрінеді.
Публицистика қашан да сол кезеңдегі ең өзекті мәселелерге үн қатуы
керек. Мұндайда публицист өз ойын газет бетінде жайып салады. Өз пікірін
батыл білдіріп қана қоймайды, өз ұсыныстарын айтумен бірге, басқа да
азаматтарды маңызды бір мәселе төңірегінде толғануға шақырады. Дәл
осындай ыңғайда жазып-жарияланған Д.Сұлтанғазиннің бір мақаласы
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Әбілқасымов Б., Қабатаева Қ.Т. «Дала уалаяты газеті» - қазақ халқының әдеби-мәдени тұрғыдан...
«Қазақ сөзін қалайша жазу турасы» деп аталады. Мақалада қазақ тіліне орыс
әрпін пайдалану керек пе, жоқ әлде бұрынғыдай араб әрпінде жазу керек пе –
деген сауалдар төңірегінде ой өрбітіледі. Бұл – бір күндік мәселе емес. Бүкіл
бір халықтың тарих, тағдырына қатысты зор қоғамдық мәні бар мәселе
болғандықтан, Дінмұхамед – публицист тақырыпты жан-жақты ашып жазуға
тырысқан. Әсіресе, қалыптасқан бірнеше пікірлерді құптайды. «Зор білімді
13
адамдардың бағзысы қазақ сөздерін араб әріптеріменен жазу жарамайды деп,
ешбір араб әліпбиін басқа әріптер қосып толтырса керек деп әр түрлі сөз
айтып жүреді бағзы бір білімдіміз деп жүрген есерлеу адамдар қазақтар
өздеріне латын жұртының әріптерін алса керек деп.
Осы жоғарыда айтылған адамдардың сөздерінің ешбір дәмі жоқ екендігі
көрініп тұр. Себебі, қазақ білмейтін бір бөтен әліпби шығарғанша
бұрынғысын түзеткені жақсы. Егер қажет болса және бір түрлі білімді
адамдардың қазақ сөздерін орыс әліпбиіменен, орыс әріптеріменен жазу
жарайды деп айтқандары бір таңсық сөз» [5;6], – деп бір түйеді. Шын
мәнінде автордың өзі араб әліпбиінің қазақ жазуына қолайлы екенін, әсіресе
қазақ тілінің әуезділігін сақтауға келгенде тиімді екенін, әрі қазақтардың
мұсылман жұрты ретінде араб әліпбиімен хат танып, хат жазып жүргендігін
тілге тиек етеді. Бірақ публицист бір жақты пікірге ұрынып, тек сол араб
жазуын ғана қолдану керек дегенмен тоқталып қалмайды. Ильминскийдің
кейбір әріптерін өзгерте отырып, қазақ сөздерін орыс әріптерімен жазса, –
деген ұсынысын және Григорьевтің орыс әріптерін өзгертпестен, қазақ
сөздерін орыс әліпбиімен көшіру керек, – деген ұсынысын салыстырып,
қайсысының ойының дұрыс-бұрыстығын айырып, салиқалы, салмақты
тұжырымдар жасайды. Қазақ әліпбиінің болашағы публицисті терең
толғандырғандығы – оның әрбір жан ұшырған сөйлем-сөзінен аңғарылады.
Ол арабша да, орысша да таза білімді екенін дәлелдей отырып, нақты қазақ
әріптерінің, сөздерінің жазылуынан мысалдар келтіреді. Ильминский
варианты қалай болады, Григорьев ұсынысы қалай жүзеге асады, арабша
жазылғанда қалай болады – осының бәрін қалың оқырманға түсінікті түрде
жаза отырып, бұл мәселеде бір шешімге келуге халықтың өзін шақырады.
«Бұл екі түрлі әріптердің қайсысының өнімді екенін ойлап білуді бағзылар
жақсы тәлім алған құрметті газет оқушылардың өз ықтиярына салып біздің
қарындас-туыстарға айтатын бір сөзіміз қырда балаларды қазақша оқыта
бастаған уақытта балаларға біраз орыс әріптерін көрсетіп үйретсе пайдасы
болар еді.
Солайша орыс әліпбиімен оқытқан уақытта балаларға школдарына
түсуге жеңіл болар еді және қырда ғылым білімнің көбеюіне себеп болар
еді» [5;6]. Автор бұл жерде тек әліпби мәселесін ғана сөз етіп отырған жоқ.
Қалың қазақ жастарының көкірек көзінің оянуы үшін орыс қарпін білу
керектігін де ескеріп отыр. Өз ойын мектеп ашуға, білімге шақыруға үндеген
ағартушылық көзқараста аяқтайды: «Осы айтылғандардан білініп тұр
жақсылардың сондай орысша, қазақша оқытатын медреселер ашуға
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Әбілқасымов Б., Қабатаева Қ.Т. «Дала уалаяты газеті» - қазақ халқының әдеби-мәдени тұрғыдан...
жаһат қылатындарының қандай пайдалы екендігі.
Екі жылдай болды қазақ газетіне жазған бір сөзді біз қуанып оқыдық.
Семей облысында бір ояздың қазақтары сондай бір школ ашты һәм балалар
жақсы оқиды деген хабарды. Енді сондай школ ашушы адамдардың көбейіп,
көп заманға атақтарын шығаруын қалап тұрамыз да» [5;6].
Қорыта айтқанда, «Дала уалаяты» газеті шыққан 1888 жыл мен 1902
жылдың аралығы – қазақ публицистикасы қалыптасуының тұтас бір кезеңі
деп тұжырым жасаймыз. Бұл публицистиканың баспасөзбен тоғысып,ірі
қоғамдық мәселелерге араласа бастаған кезеңі. Әрине патшалық Ресейдің
14
отаршылдық саясаты, оның қатал цензурасы қазақ көсемсөзінің қанатын
кеңге жайғызбады. Бірақ, ірі публицистеріміз жол табуға тырысты, тіс
арасынан сыздықтатып болса да көкейкесті қазақ мәселелерін алға тартты,
ел құлағына жеткізді, болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ішкі істер министрлігінен барон Таубеге жолданған хат // ҚРОМА. 64-қор; 1- тізім, 5378-іс. 1 б.
2.
Дала уалаяты газеті, 1890, №6.
3.
Дала уалаяты газеті, 1888, №8.
4.
Дала уалаяты газеті, 1894, №12.
5.
Дала уалаяты газеті, 1899, №22.
6.
Дала уалаяты газеті, 1899, №23.
15
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Н.ҚОШАНОВА
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Қ.ЕСЕНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС
СӨЙЛЕМНІҢ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ
В статье рассматриваются научные взгляды Х.Есенова о типах и особенностях
сложноподчиненных предложений.
The article deals with Kh.Essenov’s scientific views of types and peculiarities of complex sentences.
Сабақтас сөйлем – құрмаластың күрделi түрi. Мұның өзі сабақтас
құрмалас сөйлемнің өзiндiк табиғатынан шығады. Синтаксистік бірлік
сабақтаса құрмаласқан сөйлемнiң бағыныңқы және басыңқы құрылым
негiзiнде құралуымен айқындалады. Сабақтас құрмалас деп құрамындағы бiр
сөйлемнiң екiншiсiне тәуелдi, бағына байланысуын айтамыз. Бағыныңқы
компоненттi жетектеушi, өзiне бағындырушы бөлшек – басыңқы сөйлем деп
аталады. Сабақтас құрмаластың қарамағына түскен жай сөйлемдердiң бiр-
бiрiмен өзара байланысы, ара қатынасы олардың тек жай ұласу, жалғасуы
ғана емес, мағыналық және тұлғалық жақтарынан өзара тығыз, берiк
байланысқа түсiп, бiр-бiрiмен ұласа айтылған күрделi ойдың бiрлiгi.
Қазақ тіл білімінде сабақтас құрмалас сөйлемді зерттеуші ғалым
Қ.Есенов сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекшеліктері мен
заңдылықтарын тексереді. Ермек ашылмаған жастай ұялып қалғанда,
Марияштың мөлдiр көзi күлiмдеп кетедi (Мұстафин). Мұнда алғашқы
бағыныңқы сөйлем басыңқыға қатысты айтылып, сондағы болған әрекет
қимылының қашан орындалғанын (мезгiлiн) бiлдiрiп тұр. Марияштың
мөлдiр көзiнiң күлiмдеуi Ермектiң ұялуына байланысты. Олай болса,
басыңқының өзiн әдеттегiдей тиянақты сөйлем деп атауымыз да бiр жақты
болар. Бұл тиянақтылық тек формалық жағынан ғана, мағыналық жақтан
басыңқы сөйлем сырт қарағанда тиянақты сияқты көрiнгенмен, бұл да өзiне
екiншi бiр сөйлемнiң сабақтаса айтылуын тiлеп тұрады.
Егер жоғарыдағы сөйлемнiң алғашқы компонентiн айтпай, тек екiншi
бөлшегiн ғана айтатын болсақ, Марияштың мөлдiр көзiнiң күлiмдеуi неге
байланысты, нелiктен, қашан болатындығы белгiсiз болатынын атап
көрсетеді. Бұл бағыныңқы мен басыңқыларды өз алдына қанша жеке
сөйлемдер болып танылғанымен, олардың бiр-бiрiмен тұлғалық, мағыналық
жақтарынан өте тығыз, берiк байланыс екi сөйлемдi тұтасқан бiр бүтiннiң
бөлшектерi екендiгiн айқындайды.
Ғалым Қ.Есенов сабақтас құрмалас сөйлемдер өзара топталып жiкке
бөлгенде, бағыныңқы компонент негiзге алынатынын, бағыныңқының
басыңқымен аралық қарым-қатынасы қай дәрежеде болуына байланысты
сабақтас сөйлемнiң түрлерi ажыратылатынын басты назарда ұстайды.
16
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Қошанова Н. Қ.Есенов еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің қарастырылуы
Түркітанушы ғалымдар арасында бағыныңқы сөйлемдерді ажыратуда
пікір алшақтықтары болды. Ғалымдардың бірінші тобы бағыныңқы
сөйлемді айқындауда бастауыш меже бола алмайды деп, баяндауыш
мүшенің болуын басшылыққа алады. Мұндай ілімді жақтаушылар қатарына
Н.П.Дыренкова,
А.Н.Баскаков,
Т.А.Бертагаев,
А.З.Абдуллаев,
С.А.Аманжолов, М.Б.Балақаевтар жатады да, олар бағыныңқы сөйлемнің
критерийін айқындауда баяндауыш мүшені ең басты меже ретінде ұсынып,
бастауыштың әр компонентте болуын міндетті етпей, ортақтаса айтылуын
көрсетеді. Ғалымдардың екінші бір тобы бастауышты бағыныңқы сөйлем
түрлерінде саралай қолдануды ұсынады. (Сагибатталов, Г.Пешковский,
С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев, т.б.). Олар бағыныңқы сөйлемнің бір
түрлерінде бастауыштың болуын шарт деп қараса, енді бірінде оны міндетті
деп санамайды. Бағыныңқы сөйлемдегі бастауышты саралай қарау - ортақ
бастауыш ілімімен байланысып жатады, яғни бағыныңқының кейбір
түрлерінде ортақ бастауыштың болуын теріске шығармайды. Айталық,
С.Жиенбаев ортақ бастауышты құрмаласқа шартты бағыныңқыны,
Ғ.Бегалиев шартты, қарсылықты бағыныңқыларды, Н.Т.Сауранбаев шартты,
қарсылықты және мақсат бағыныңқыларды сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің
қажет екендігін көрсете отырып, кейде бастауыштың сөйлем компонентінде
ортақ болып келетіндігін де айтады.
Ғалымдардың үшінші тобы бағыныңқыға бастауыштың қажеттігін
көрсетеді. Мұндай көзқарасты проф. А.Абдурахманов, М.З.Закиев,
Т.Қордабаев, Қ.Есеновтер қолдайды. Олар құрмалас сөйлемнің әр
компонентінде бастауыш-баяндауыштық қатынастың болуын жақтайды.
Тіпті жіктік жалғауында қиыса айтылған шартты бағыныңқының өзінің де
басыңқы компоненттен бөлек бастауыш болуын талап етеді. Егер сөйлемде
қимыл иесі ортақ болса, ондай сөйлемді жай сөйлем құрамында қарау керек
екендігін көрсетеді. Қазақ тілінде мұндай сөйлемдерді Қ.Есенов жай
сөйлемнің күрделенген түрі деп атайды [1].
Бұл жайт қазақ тілі бағыныңқыларын саралауда предикаттық қатынас
болсын деген тұжырымның бір жақты екендігін көрсетеді, сондықтан
бағыныңқы сөйлем субъект-предикаттық қатынасқа негізделуі керек.
Сабақтас құрмалас сөйлемді айқындауда бұл басты меже болып саналады.
Сонымен, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін айқындауда
мынадай белгілер негізге алынады:
1. Компоненттің белгілі шамада сөйлемдік мағына дербестігі болады,
яғни бұл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық
сөйлемдік мағынаға ие болады.
2. Баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен
бірге шылаулардың тіркесуі арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы
баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды.
З. Бағыныңқы компонент дербес бастауышты болады.
4. Бағыныңқы компонентке тән интонация – тиянақталмаған интонация.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Қошанова Н. Қ.Есенов еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің қарастырылуы
17
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі күрделі мәселесінің бірі – оның түрлерін
саралау. Қазақ тіл білімінде бір кездері бағыныңқы сөйлемдерді саралауда
орыс тіл біліміндегідей, алдымен, функционалды принцип үстемдік алды,
яғни бағыныңқының қызметін жай сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерімен атады
(А.Байтұрсынов [2], Қ.Жұбанов [3], С.Жиенбаев [4], Н.Сауранбаев [5]
(анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш бағыныңқылар).
Қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда мағыналық
принцип те негізге алынды (С.Аманжолов, Т.Қордабаев) [6,7]. Бұл принцип
бойынша бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің қарым-қатынасқа
түсудегі екі арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынды.
С.Аманжоловтың "Қысқаша курсында" сабақтас сөйлемдерді 18 түрге
жіктейді: себеп-салдар, мезгіл, шартты, ұқсасты, мақсатты, қарсылықты,
дағдылы, үлестес, аяулы, мекен, сілтеу, үдетпелі, т.б.
Бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда мағыналық-тұлғалық принциптер
де негізге алынды. Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлемдер мен
басыңқыны айқындаудағы мағыналық белгілері мен олардың жасалу
жолдары өзара тығыз байланыста қарастырылады (түсіндірмелі, ыңғайлас
сабақтас) [8]. Қ.Есенов те осы принципті ұстанып, сабақтас құрмалас
сөйлемдерді: шартты бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, мақсат
бағыныңқы, амал бағыныңқы, себеп бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы
деп бағыныңқылардың басыңқы сөйлеммен мағыналық қатынасын алтыға,
бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлем арасындағы тұлғалық-мағыналық
қатысына қарай түсіндірмелі сабақтас, салыстырмалы сабақтас, үлестес
сабақтас сияқты жіктейді.
Қазіргі кезде сабақтас құрмаластың 8 мағыналық түрі көрсетіліп жүр.
Шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, салыстырмалы, мезгіл
бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мақсат
бағыныңқылы, мезгілдес (ыңғайлас) сабақтастар [7.112].
Қ.Есеновтің сабақтас құрмалас сөйлемді қарастыруда тағы бір
ерекшелігі шарт бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқылы сабақтастарды
құрамындағы синтаксистік бірліктердің мағыналық қатынасына қарай
реалды, ирреалды шарт немесе қарсылықты бағыныңқы сөйлемдерге
жіктеуі:
«Шартты бағыныңқы сөйлемдегi синтаксистiк компоненттер арасындағы
болатын оқиға, әрекеттердiң болашақ орындалу, орындалмау нәтижесi әр
сапада болып отырады: бiрiнде шартқа негiзделген оқиғаның орындалуы iс
жұзiнде шындыққа асырылуы көзделсе, ендi бiрiнде мұндай қатынас
керiсiнше көрiнедi; яғни бағыныңқы компоненттегi қойылған шарттық
болмыстың жүзеге асуына басыңқыдағы қимыл-әрекет қарсы тұрады.
Осыдан барып құбылыстар арасындағы шарттастық нәтиженiң орындалуы iс
жұзiнде болмай жатады. Ал ендi бiр шартты бағыныңқы сөйлемдерде
баяндалған қимыл, әрекеттiң орындалуы әлi белгiсiз, екi талай, болжам
ретiнде болып тұрады.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Қошанова Н. Қ.Есенов еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің қарастырылуы
18
Шартты бағыныңқы сөйлемдер мағыналық жақтан бiрде үш түрге
(реалды, ирралды, болжалды) ажыратылса, ендi бiрде екiге бөлiнiп (реалды,
ирреалды) қарастырылады» [8.79-80].
Қарсылық бағыныңқы сөйлемдерде орын алатын осындай әр түрлi
мағыналық көрiнiстi ескере отырып, Қ.Есенов оларды екi топқа жiктейді:
реалды қарсылықты бағыныңқы және ирреалды қарсылықты бағыныңқы.
«1. Реалды қарсылықты бағыныңқы. Қарсылықты бағыныңқының бұл
түрiнде қайшыласа айтылған мазмұндағы оқиға желiсiнiң орындалғаны
немесе орындалып жатқаны баяндалады. Осы орайда бұл сөйлемнiң
баяндауыштары етiстiктiң болымды түрiмен берiлетiн болады: Қанша ашу
шақырдым десе де, Жәуке тыңдап отыр осы әндi (Б.Майлин).
2. Ирреалды қарсылықты бағыныңқы. Осы бағыныңқы сөйлемде түпкi
нәтижелi iстiң орындалмағаны бiлiнiп тұрады. Мұндай мағыналық белгi
басыңқы компонент арқылы айқындалады. Бағыныңқы сөйлемде белгiлi бiр
iс-әрекет жайында қимыл жасағандық (болымдылық) байқалса, басыңқыда
сол әрекеттiң орындалуы терiске шығарылады (болымсыздық). ... Мен
айтсам, қарысып тыңдамайды. (Б.Майлин) [8,87].
Ғалым Қ.Есеновтің сабақтас құрмалас сөйлемдердің синтаксистік
бірліктерін
мағыналық-тұлғалық
қатысына
қарай
салыстырмалы,
түсіндірмелі, үлестес сабақтастар деп бөлуінің өзі құрмалас сөйлемдерді
зерттеуде өзіндік орны бар екендігін көрсетеді.
Бағыныңқы бірлікте белгiлi бiр жайт сөз болады да, соның мән-
мағынасы, түсiнiгi басыңқыда айқындалатын болады. Осы жағын ескерiп,
Қ.Есенов мұны «түсiндiрмелi бағыныңқылы сабақтас» демей, «түсiндiрмелi
сабақтас» деп атап, мұның өзін оның өз бойына тән ерекшелiгiмен тығыз
байланыста қарайды.
Түсiндiрмелi сабақтас сөйлемнiң жасалу құрылысын төмендегiше
саралайды:
«1.Бағыныңқы компонентте сөз болған белгiлi бiр жайт басыңқының
басында ол, бұл сiлтеу есiмдiктерiнiң бiрiмен қайталана берiледi де, содан
кейiн оның мазмұны ашылатын болады, түсiндiрiлетiн болады. Сiлтеу
есiмдiктерi басыңқыда сөйлемнiң бастауыш қызметiн атқарады: Сенiң малың
кетсе, ол – азаматтың құны (М.Әуезов).
2.Сөйлем құрылысы не десе (бағыныңқы), дер ем (басыңқы) түрiнде
қалыптасады: Жастық деген не десе, жарқыраған нұр деушi ем.
3. Басыңқы компоненттiң құрылысы бiр-ақ сөзбен берiледi. Оның өзiнде
де ол баяндауыштың қызметiн атқаратын болады, бастауышы (ол) арнайы
айтылмайды. Бұл жолды түсiндiрмелi сабақтастың алғашқы бiрiншi түрiнiң
қысқарған құрылысы деп қарауымыз керек: Жақындаған шапқыншыға
жұрт көзiн тiксе – Байжан» [8.99].
Сабақтас сөйлемнiң салыстырмалы сабақтас түрiнде де бағыныңқы
компонент басыңқыны әр түрлi мағыналық жақтан айқындап жатпайды,
қайта керiсiнше мағыналық дербестiгiн сақтап, басыңқы компонентте
Достарыңызбен бөлісу: |