1
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ
1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
A.Yesevi UKTÜ Bülteni
Вестник МКТУ им. А.Ясави
Bulletin of IKTU named A.Yasawi
№1 (66)
Қаңтар-ақпан
2009
Қ о ғ а м д ы қ ғ ы л ы м д а р с е р и я с ы
БАС РЕДАКТОР
техника ғылымдарының докторы, профессор
ЛЕСБЕК ТӘШІМҰЛЫ ТӘШІМОВ
Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А
ЕРГӨБЕК Құлбек Сәрсенұлы
филология ғылымдарының докторы, профессор
-Бас редактордың орынбасары
ӘБІЛДАЕВА Гүлжан Елібайқызы
-аға редактор
ШӘҢКІБАЕВА Әсем Шәңкібайқызы
-көркемдеуші редактор
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
2
Қ Ұ РЫЛТАЙШЫ
Ахмет Ясауи атындағ ы Халық аралық қ азақ -тү рік университеті
А қ ы л д а с т а р а л қ а с ы :
Ағдарбеков Т.А., Айменов Ж.Т., Ақбасова А.Ж.,
Әбілтаин М., Байдәулетов И.О., Байжігітов Қ.Б.,
Балабеков О., Бахтыбаев А.Н., Бердібай Р.,
Беркімбаев К., Ділбарханова Р., Жолдасбаев С.,
Жұмабаев М.Ж., Исабеков Б., Исламқұлов Қ.М.,
Кенжетай Д., Керімов Л.К., Құдайқұлов А.Қ.,
Мырзалиев Б.С., Нұсқабаев О., Раимбердиев Т.П.,
Тәукебаева Р.Б., Тұртабаев С.Қ., Шалқарова Ж.Н.
Журнал Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері
жөніндегі ұлттық агенттігінде 1996 жылғы 8-қазанда тіркеліп, №232 куәлік берілген.
Индекс №75637
Редакцияның мекен-жайы:
161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы,
Н.Назарбаев көшесі, 8а, Ғылым орталығы, 13-бөлме
(8-725-33) 6-38-01, 6-36-36, 6-36-40, 6-36-41 (450)
E-maіl: yasawіun
@
mktu.turkіstan.kz.
Журнал Қожа Ахмет Ясауи атындағыХалықаралық қазақ-түрік университетінің
«Тұран» баспаханасында көбейтілді.
Көлемі 70х100 1/6. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.
Шартты баспа табағы 37.5. Таралымы 300 дана.Тапсырыс 278.
3
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
ФИЛОЛОГИЯ
Р.БЕРДІБАЙ
филология ғылымдарының докторы, профессор
ҚР ҰҒА академигі
ЌАРАЌАЛПАЌ ЌАЗАЌТАРЫ АЌЫН, ЖЫРАУ, ЖЫРШЫЛАРЫНЫЊ
ШЫЃАРМАШЫЛЫЃЫНДАЃЫ КӨРКЕМДІК ДЄСТҮР
В статье рассматривается художественная традиция в творчестве казахских акынов, жырау,
жыршы Каракалпакии.
This article deals with art traditions in the works of Kazakh akyns, zhyrau, zhyrshy of
Karakalpakstan.
Ќазаќ халќыныњ фольклоры мен аќындыќ поэзиясы ±шан-тењіз. Сµз
µнеріне айрыќша ден ќойѓан дарынды халќымыз ѓасырлар бойында мазм±ны
терењ, кµркемдігі кемел, тєрбиелік мєні зор шыѓармалар жаратќан. Олар
талай буын µкілдеріне рухани таным, эстетикалыќ лєззат беріп келеді. Ауыз
єдебиетініњ заманалар сынынан µткен д‰рдана ќазынасы б‰гінгі жєне
келешек ќауым ‰шін де мањызын жоймайтын тењдесі жоќ ќ±ндылыќтар.
Б±л орасан ‰лкен байлыќты жинау, жариялау, зерттеу жолында атќарылѓан
істер де елеулі. Ќазаќ фольклортану ѓылымыныњ негізін салушы
Ш.Уєлихановтан жєне кµрнекті ѓалымдар В.В.Радлов, Г.Н.Потанин,
Є.А.Диваевтан бастап ќазірге дейін ауыз єдебиеті мен аќындар поэзиясы
жµнінде кµптеген зерттеулер жазылды, ондаѓан том текстер жарыќ кµрді.
Халыќ даналыѓынан туѓан ертегілердіњ, ањыз-єпсаналардыњ, эпос-
дастандардыњ, маќал-мєтелдердіњ, ж±мбаќтардыњ, ѓ±рыптыќ жєне
ѓ±рыптыќ емес поэзияныњ, шешендік сµздердіњ, айтыстардыњ, аќындыќ
шыѓармаларыныњ татымды ‰лгілері ‰здіксіз жарияланып келеді.
Ќазаќстан ¦лттыќ Ѓылым академиясы М.Єуезов атындаѓы Єдебиет жєне µнер
институты фольклордыњ ж‰з томнан т±ратын басылымын шыѓара бастауы
ауыз єдебиетін халыќ игілігіне айналдыру жолындаѓы істердіњ бірі…
Б±л кезге дейін жазып алынѓан, том-том болып єр кезењде жарыќ
кµрген, зерттелген фольклорлыќ м±ра ќаншалыќты ќомаќты болып
кµрінгенімен, єлі де болса ќалтарыста ќалып ќойѓан ауыз єдебиетініњ
ескерткіштері аз емес. Демек фольклор мен аќындар поэзиясыныњ
туындыларын іздеу, жинау, ж‰йелеу ќазіргі кезде де актуальдыќ мєнін
жоймаѓан проблема.
Т‰рлі тарихи жаѓдайлардыњ салдарынан ќазаќ халќы соњѓы ѓасырларда
µзініњ ата мекеніне ыѓысып, кµршілес елдердіњ жерінен ќоныс тепті. Б±л
к‰нде єрбір ‰ш ќазаќтыњ біреуі шет мемлекеттерде т±ратыны осы
айтылѓанныњ дєлелі. Атап айтќанда Ќытай, ¤збекстан, Ресейде, Монѓолияда
халќымыздыњ к‰рделі бµлегі шоѓырланѓан. Солардыњ арасында саќталѓан,
дамыѓан ауыз єдебиеті м‰лкі жалпы ќазаќтыќ айналымѓа енді-енді т‰се
бастаѓанын білеміз. Осы аймаќтардаѓы фольклор мен аќындыќ поэзияны
т±тас ќалпында игеріп, зерттеу ж‰ргізу зєру уєзипа.
4
5
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Бердібай Р. Ќараќалпаќ ќазаќтары аќын, жырау, жыршыларыныњ…
Ќазаќ ауыз єдебиетініњ µте бай µлкесі – Ќараќалпаќстан. Б±л елді
фольклор (материгі) десе де артыќ емес. Ќараќалпаќстан аймаѓындаѓы
ќазаќтардыњ фольклоры мен халыќ поэзиясы кµлем жаѓынан ондаѓан том
ќ±рарлыќ екеніне кµз жетеді. Ќазаќстанныњ ±лан-байтаќ µњірінде ерте
замандардан бері тењіздей толќып жатќан ауыз єдебиеті Ќараќалпаќ
ќазаќтары арасында да сары алтындай саќталып, ќауымныњ ќажетіне жарап
келген. Ендеше сол кµркемдік м±раны ж‰йелі т‰рде зерттеу бір емес,
кµптеген ењбектерді ќажет ететіні кєміл.
Филология ѓылымдарыныњ кандидаты, ауыз єдебиеті мен аќындар
поэзиясын
±заќ
жылдар
бойында
зерттеп
ж‰рген
Ќаржаубай
Ж±мажановтыњ «Ќараќалпаќ аймаѓы ќазаќтарыныњ аќын, жырау,
жыршылары шыѓармашылыѓындаѓы кµркемдік дєст‰р жалѓастыѓы» деген
ењбегі, сµз жоќ, фольклоршылар назарын аударарлыќ ќ±былыс. Ењ алдымен
Ќ.Ж±мажановтыњ жинаѓан материал бірнеше монография, диссертацияѓа
ж‰к боларлыќ екенін кµреміз. Зерттеуші ќараќалпаќ еліндегі ќазаќ аќын,
жырау, жыршыларыныњ XIX ѓасырдыњ екінші жартысынан XX ѓасырдыњ
орта т±сына дейінгі шыѓармашылыѓын сµз етеді. Зерттеуші ж‰зге жуыќ
аќын, жырау, жыршыныњ м±расын жинап, солардыњ отыз екісініњ ењбегін
ѓылыми айналымѓа т‰сіруге ±мтылѓан. Олар: Ќарасай жырау (1848-1926),
Лепес жырау (1861-1927), Амант±рлы жырау (1872-1938), Ережеп
Тілеумаѓамбет±лы Аманжолов (1890-1963), Тањжарбай Бєкір±лы (1872-
1926), Дариябай Тµребаев (1877-1933), Аќпан жырау, Ерѓожа Ќ±лпыбай±лы
(1907-1981), ¤тім Балтуѓан±лы (1868-1936), Серікбай жырау (1880-1948),
Єбдім±рат Ќоњырбай±лы (1897-1943), Серімбет жырау (1899-1976),
Тењізбай Есенбаев (1905-1968), Ќуанышбай Досымбаев (1908-1980), Ќошќар
Ахметов (1897-1970), Мєтнияз Тєжібаев (1910-1973), Ермахан Жандай±лы
(1891-1965), Ермекбай Тєшпенов (1895-1978), Ж±маѓали Саѓынбаев (1876-
1945), Аралбай Жалѓасбаев (1893-1987), Жаќсылыќ Мамыт±лы (1899-1961),
Жаќсылыќ Тµлепов (1905-1972), М±ратбай Шоњќаров (1906-1979), Биман
Кенжебаев (1910-1986)6 т.б. Осы аталѓан жєне басќа сµз шеберлерініњ
аќындыќ, жыршылыќ, жыраулыќ µлењдері мен толѓаулары, айтыстары мен
дастандары ондаѓан мыњ жыр жолдарын ќ±райды. Ќ.Ж±мажанов м±ншама
мол назым-µлењді т‰рлі мєнберлерден (дереккµздерден) топтаѓан.
Б±лардыњ бір парасы жер-жердегі ќ±йма-ќ±лаќ, сµз µнеріне бейім
жандардыњ жинаѓандарынан алынса, таѓы бір шоѓыры ¤збекстан Ѓылым
академиясыныњ
Ќараќалпаќ
филиалыныњ
ќолжазба
ќорындаѓы
материалдардан ќ±ралѓан. Зерттеушініњ тікелей µзі жазып алѓандары да
елеулі болып кµрінеді. Б±лардыњ ішінде жалпы ќазаќ еліне мєлім дєст‰рлі
µлењ, толѓау, дастандармен ќатар олардыњ ќысќарѓан немесе кењейген
вариант н±сќалары да, Ќараќалпаќ топыраѓында туѓан тµл туындылар да
кездеседі. Кейде бір шыѓарманыњ ауќымына б±рыннан белгілі ‰лгілердіњ
ќосылып ж‰ргендері де ±шырайды. Б±л материалдар м±раныњ саќталу
зањдылыќтарын тануѓа µте ќызѓылыќты маѓл±маттар береді. Б±л
к‰нде
6
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Бердібай Р. Ќараќалпаќ ќазаќтары аќын, жырау, жыршыларыныњ…
бірте-бірте ±мытылып, кµзден таса, кµњілден ѓайып болып бара жатќан ауыз
єдебиеті мен аќындар поэзиясыныњ алуан ‰лгілерін ќ±м арасынан алтын
тапќандай сарыла іздеп, ±ќыпты жинап ж‰йелеудіњ µзі ењбектіњ
фольклортану ѓылымы ‰шін жањалыќ екенін алдымен айтуѓа тиіспіз.
Ќ.Ж±мажанов зерттеуініњ мєнділігі ќараќалпаќ жерін соњѓы бірнеше
ѓасырда мекендеген ќазаќтардыњ жалпы зиялы жєне ѓылыми ж±ртшылыќќа
мєлім болмай келген, жоѓалып бара жатќан кµркемдік м±расын тірнектеп
жинап, ѓылым игілігіне ќосуында ѓана емес, б±л ќазынаны теориялыќ-
методологиялыќ жаѓынан д±рыс сараптап, проблемалыќ, концептуальдыќ
д±рыс талдау жасай алуында. Біз б±л зерттеудіњ µзіне тєн ерекшелігі жєне
ќазаќ фольклортану, єдебиеттану ѓылымына єкелген сонылыѓы неде деген
с±раќтарѓа ќысќаша кідіреміз.
1.
Ќараќалпаќстанѓа ќазаќтардыњ кµшіп келуініњ архивтік жєне ањыздыќ
ќ±жаттар негізінде байыпты баяндалуы, бауырлас ќараќалпаќ ж±ртымен
ќоян-ќолтыќ араласып, ѓасырлар бойында екі елдіњ таѓдырлас, м‰дделес
µмір кешуініњ, мєдени, рухани ќ±ндылыќтарды бір-бірімен тыѓыз байланыс
‰стінде жаратуыныњ тарихи жолдары кµрсетілуі мєнді мєселе;
2.
Б±л кезге дейін аты-жµні Ќараќалпаќстаннан тыс жерлерге танымал
болмаѓан отыздан артыќ ќазаќ аќын, жырау, жыршыларыныњ µмірбаяндыќ
жєне шыѓармашылыќ маѓл±матын т±њѓыш рет аныќтауы да аса ќажетті
ѓылыми міндетті µтейді;
3.
Аќын, жыршы, жыраулардыњ эпикалыќ репертуарын, дастандардыњ
вариант, версияларын іздеп, табуы, олардыњ байырѓы н±сќасыныњ саќталу,
тиісті µзгерістерге ±шырау зањдылыѓын сµз етуі – мањызды жањалыќ;
4.
Ењбекте тегі, тілі µте жаќын ќазаќ, ќараќалпаќ аќын, жырау,
жыршылардыњ µзара шыѓармашылыќ байланысы, бір-біріне ыќпалы кµп
мысалдармен алѓаш рет кењ кµлемде ќарастырылѓан. Мєселен, кµрнекті
аќын Сейдєлініњ (1839-1928) ќараќалпаќ єдебиетініњ классиктері Бердаќты,
Єжіниязды, ¤тешті µзіне ±стаз т±тќанын, таѓылым алѓанын кµрсету
(«Єжінияз жырдыњ д‰лд‰лі, Бердаќ µмір б±лб±лы») єдебиеттер
байланысын зерттеуге ќосылѓан жања беттер деп ќарауѓа лайыќ.
5.
Ќазаќ аќын, жыршылары ќараќалпаќтыњ бай фольклорын да жетік
білген. Бір таќырыпты ќазаќ, ќараќалпаќ аќыны ќатарласа жырлауы
дєст‰рге
айналѓанын,
µз
тарапынан
ќазаќ
аќындарыныњ
шыѓармашылыѓынан ќараќалпаќ єріптестері де тєсір алѓанын зерттеу де
єдебиеттанудаѓы тыњнан жол салѓандай кµрініс;
6.
Ќ.Жұмажановтыњ ењбегінде аќын, жырау, жыршылыќ µнеріндегі
±стаз бен шєкірт байланысы деген мєселе кµп те ќ±п кµтерілген. Зерттеуші
белгілі айтушылардыњ ±стазы кімдер екенін, шєкірттерініњ тізбегін
наќтылы, дєлелді сипаттайды. М±ншама кµп сµз ±сталарыныњ µнерлік
таѓдырына єсер еткен ±стаздыќ пен шєкірттіњ тарихын айќындап беруі –
таѓы да бір жањалыѓы деп білеміз.
7
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Бердібай Р. Ќараќалпаќ ќазаќтары аќын, жырау, жыршыларыныњ…
7.
Ќазаќтыњ дєст‰рлі эпикалыќ туындыларыныњ басќа ±лт арасында
саќталу ерекшелігін ашумен ќатар ќараќалпаќ, ќазаќ елініњ бастан кешірген
ортаќ оќиѓаларын жырлаѓан µлењ, дастандар ќазаќ поэзиясыныњ
таќырыптыќ кµкжиегін кењейтеді. Бейбіт ќазаќ аулына т‰ркімен
басќыншыларыныњ озбырлыќ зєбірін кµрсетуге арналѓан бірнеше дастан
(«Асќар батыр», «Ермаѓамбет батыр», «Марќабай батыр») бірінші рет талдау
таќырыбына айналып отыр. Б±лар халќымыздыњ эпикалыќ дастандар
ќатарын байытады;
8.
Қазаќ, ќараќалпаќ, т‰ркімен халыќтарына ортаќ дастандардыњ
(«Кµр±ѓлы», «Боз±ѓлан», т.б.) салыстырмалы типологиялыќ т±рѓыдан
тексерілуі т‰рік халыќтарыныњ бірінен екіншісіне ауысќан фабулалардыњ
сол елдердіњ поэзиялыќ м‰лкіне айналѓанын сипаттауѓа да аса ќажет;
9.
XVIII ѓасырдаѓы ќазаќ-ќалмаќ соѓыстарыныњ оќиѓалары ќазаќ
эпикалыќ дастандарыныњ к‰рделі бµлегін (Абылай, Ќабанбай, Бµгембай,
Жєнібек, т.б. туралы) ќ±райтыны мєлім. Еділ ќалмаќтарыныњ басќыншылыќ
шабуылдарын жєне оѓан ќарсы ќазаќ батырларыныњ ерлік к‰ресін
баяндайтын «Асау – Бараќ» дастаныныњ тарихи негізі, кµркемдігі жµнінде
монографиялыќ тарау берілген. Б±ѓан дейін кейбір ењбектерде ѓана аты
аталып µтетін дастанныњ жанрлыќ, тарихилыќ бітімі кењ талдануы, б±л
дастанныњ эпикалыќ дєст‰рмен байланысы ашылуы ењбектіњ татымды
жетістіктері ќатарына ќосылады;
10.
Б±рыннан азды-кµпті аты белгілі кейбір дастан, толѓау, айтыстардыњ
(Сєйдєлі мен Бєйім) н±сќаларын салыстырып, текстологиялыќ ж±мыстар
ж‰ргізуі, т‰сініктемелер беруі ењбектіњ ѓылыми мєнін арттыра т‰седі.
«Ќобыланды батыр», «Ќыз Жібек» дастандарыныњ ќараќалпаќ ќазаќтары
арасында жасалѓан варианттарын сµз етуі де диссертацияныњ шењберінің
кеңдігін кµрсетеді;
11.
Ќараќалпаќ
аймаѓындаѓы
ќазаќ
аќын,
жыршы,
жыраулар
поэзиясыныњ тілін, бейнелеу, суреттер ќ±ралдарын талдауѓа ењбекте жеке
тарау берілген. М±нда ќазаќ µлењ, жырларындаѓы формулалыќ, жањалыќ,
даралыќ мєселелері ќамтылѓан. Ќараќалпаќ, µзбек, т‰ркімен поэзиясынан
ауысќан жекелеген бейнелі сµздер мен тіркестер де ж‰йелі ќарастырылѓан.
М±ныњ µзі т‰рік халыќтары поэзиясыныњ тіліндегі кµркемдік дєст‰р
жалѓастыѓыныњ жања ќырларын тануѓа жол ашатын тыњ ќадам;
12.
«Жырау» деген терминніњ єуел бастаѓы маѓынасына кейінгі заманда
«µзгеріс» енгеніне, Ќараќалпаќстандаѓы ќазаќтар арасында ертеден келе
жатќан ќаћармандыќ дастандарды айтатын жыршыларды жырау деп атау
ќалыптасќанына зерттеуші аныќтыќ енгізеді. Сондай-аќ аќындыќ пен
жыршы-жыраулыќ µнердіњ бір дарын иесініњ басынан табылып отыруы да
дєст‰рге айналѓаны кµп мысалдармен дєлелденеді;
8
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Бердібай Р. Ќараќалпаќ ќазаќтары аќын, жырау, жыршыларыныњ…
13.
Тµкпе аќындыќ µнердіњ жарќын кµрсеткіші – айтыс жанрыныњ
Ќараќалпаќстан ќазаќтары арасында кењ дамыѓанына да диссертацияда кењ
орын беріліп, ќазаќ аќындар айтысы ќорын байытатын ‰лгілерініњ
келтірілуі, єсіресе ќараќалпаќ, ќазаќ аќындарыныњ µзара айтыстары сµз
болуы зерттеудіњ соны ќырларыныњ бірі. Б±л ќазаќ пен ќараќалпаќтыњ
поэтикалыќ тілі егіздіњ сыњарындай жаќын екенін сипаттайтын кµрініс;
14.
Ењбекте эпикалыќ циклизация (т±тастану) зањдылыќтары – Бараќ
батырдыњ ерлік істерін оныњ ±лы Асау батырдыњ жалѓастыруына ќатысты
наќтылы талдау – айќындалѓан. Б±л таќырып Ќ.Ж±мажановтыњ
фольклортанудыњ теориялыќ мєселелерімен ќаруланѓанын ањѓартады;
Ќ.Ж±мажановтыњ «Ќараќалпаќ аймаѓы ќазаќтары аќын, жырау-
жыршыларыныњ шыѓармашылыѓындаѓы кµркемдік дєст‰р жалѓастыѓы»
деген ењбегі жинаѓан материалыныњ ерекше байлыѓы, ѓылыми
талдауларыныњ наќтылыѓы, кµтерген проблемаларыныњ жањалыѓы, алѓа
ќойѓан ѓылыми міндеттерініњ к‰рделілігі жаѓынан фольклортану жєне
єдебиеттану мамандыѓы бойынша бағалы еңбек болып табылады.
9
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Б.ӘБІЛҚАСЫМОВ
филология ғылымдарының докторы, профессор
Қарағанды экономикалық университеті
Қ.Т.ҚАБАТАЕВА
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
«ДАЛА УАЛАЯТЫ ГАЗЕТІ» – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ
ТҰРҒЫДАН САЯСИ РӨЛ АТҚАРҒАН БАСЫЛЫМЫ
В статье говорится о газете «Дала уалаяты», оказавшей большое влияние становлению
казахской публицистики. Видные деятели того времени публиковали в ней вести о внутренней и
внешней политике страны и просвещении самосознания народа.
This article is about the “Dala ualayaty” newspaper which exercised influence on the formation of
Kazakh journalism. Outstanding politicians of that period published information about home and foreign
policy of the country and about political education of people in this paper.
Қазақ тіліндегі екінші газет 1888 жылдың 1-қаңтарынан бастап шыға
бастады. Омбы қаласында Дала генерал-губернаторының органы ретінде
шыққан “Акмолинские областные ведомости” газетінің қосымшасы ретінде
“Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям” деген атпен
жарық көрді. Кейіннен 1894 жылдан бастап “Дала уалаятының газеті” деген
атпен шығарылды. Бұл газеттің орысшасы “Киргизская степная газета” деп
аталады. Газет редакторы ретінде И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов,
Д.Лавров деген адамдар қол қойған. Газеттің қазақшасын аудармашы
қызметін
атқарған
Ешмұхамед
Абылайханов
пен
Дінмұхамед
Сұлтанғазиндер басқарды. Газетке қатысқан қаламгерлер қатарында
Р.Дүйсенбаев,
Қ.Жапанов,
Б.Чалымбеков,
О.Әлжанов,
Ж.Айманов,
Д.Иманқұлов, А.Құрманбаев, А.Қылышбаев, А.Нөкербеков есімдерін атауға
болады.
“Дала уалаятының газеті” - қазақ публицистикасының қалыптасуына
үлкен әсер еткен басылым, әрі ірі қазақ публицистерінің мінбері болды деуге
болады. Газет шығарыла бастады. Ол тек патша үкіметінің бұйрық,
жарлығын ғана жариялап отырса, газеттен келіп-кетер пайда аз болар еді.
Сол кездегі ақылды, парасатты қазақ зиялылары, оны халық санасын оятуға,
ішкі-сыртқы саясаттан мол хабардар етуге пайдаланды. Бірақ бұл өте қиын
да қауіпті іс болатын. Орыс әкім-қараларына қазақтың саяси ақыл-ойын алға
сүйрейтін идеяларға толы мақалалардың жариялануы жақпады. Мәселен
Ішкі істер министрлігінің барон Таубеге жазған хаты назар аударарлық.
Онда былай делінген: “В 1887 году бывший степной генерал-губернатор
генерал от инфантерии Колпаковский сообщил министру внутренних дел,
что им сделано распоряжение об издании при “Акмолинских областных
ведомостях” особого “прибавления” на русском и киргизском языках для
ознакомления местных киргизов с правительственными распоряжениями, а
так же для распространения в их среде полезных и необходимых для них
сведений... Казалось бы для такого
10
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Әбілқасымов Б., Қабатаева Қ.Т. «Дала уалаяты газеті» - қазақ халқының әдеби-мәдени тұрғыдан...
темного люда, как киргизы, достаточно было – бы сообщать, кроме приказов
и распоряжений местного начальства, лишь такие сведения, которые
служили бы к улучшению их хозяйственного быта, внушали бы им здравые
понятия об их обязанностях и т.п., но никак не выходили бы за черту того,
что им необходимо и полезно. Между тем в истекшем году в “прибавлении”
начало появлятся в переводе на киргизское наречье “История тюрков
Вамбери ...” принять меры чтобы “Прибавление” к “Акмолинским
областным ведомостям” было издаваемо в направлении, более
соответствеующим
потребностям
инородцев,
для
которых
оно
предназначено” [1], – деген архив деректеріндегі мәліметтер сол кездегі
цензураның аса күштілігін аңғартса керек.
Басын қатерге тіксе де ретін келтіріп, жалпы қазақ ұлтының қамын
ойлайтын қоғамдық жайларға мойын бұрып, сәті түссе ресми емес бөлімде
тарихи маңызы зор мақалалар жариялап жіберуді өз мақсатына
айналдырғандардың бірі – газеттің қазақша нұсқасына редакторлық жасаған
Дінмұхамед Сұлтанғазин болды. Дінмұхамед Ғазыұлы Сұлтанғазин 1867
жылы 10 мамырында Семей қаласында туған. Ш.Уәлихановпен аталас,
немере туыс. Әкесі Ғазы Болатұлы Шоқанның атасы Уәлидің Ғұбайдулла
деген үлкен ұлының баласы екен. Дінмұхамед Томск университетінің
медицина факультетіне оқуға түсіп, бір жылдан кейін Санкт-Петербург
университетінің шығыстану факультетіне ауысады, оны 1895 жылы 1-ші
дәрежелі дипломмен бітіргеннен кейін, сол оқу орнының заң факультетіне
түсіп, 1897 жылы заңгер мамандығын алады. Небәрі 30 жасында 3 мамандық
игеріп, араб, парсы, түрік, татар, орыс, француз тілдерінде еркін сөйлеген
білікті қазақ азаматы соның ара-арасында газет ісіне де араласып, көрнекті
қазақ публицисі болады, қоғам қайраткері дәрежесіне көтеріледі. Оның
публицистік қызметі, әсіресе, 1888-1902 жылдары “Дала уалаятының
газетінде” редактор және аудармашы болып істеген жылдарында көрінеді.
Д.Сұлтанғазин 1890 жылы “Біздің қазақ тілі туралы бес-алты ауыз сөз”
деген мақаласында тіл тазалығы мен анықтығы туралы мәселені көтереді.
“Қырдың қазақ тілі хұсусында қазақша қалай сөйлеп, қалай нәху менен жазу
турада. Анық қазақ тіліменен жазылған дұрыс жазып, анық сөйлеуді
білдіретін мәшһүр һәм нәху кітаптары болмаған себебінен қазақ тіліменен
аумай дұрыс жазу қиындау болып, қазақша жазатындары ғәйри түрік
лұғаттарының нәхуларына жүгіртеді. Сонда да бұлай қылу анық қазақ
тілімен жазуға көңілдегідей толымды келмейді” [2], – дей отырып сарт,
ноғай тілдеріндегі және араб, парсы, орыс тілдерінен енген сөздерді қазақша
айтылу, жазылу үлгісін сақтап жазу керектігін ескертеді, тағзим, ғанимат,
ғұлама, насихат, маслихат сияқты араб сөздерін ғылымсыз қазақтарға
ұғымды етіп жазу керектігініе назар аударады. Мақалада Мәшһүр-Жүсіп
Көпеевтің қырдағы бала оқыту хақындағы жазғанын, Омбы оязының
молласы Бөкен Әдіковтің қазақ тіліндегі кітаптардың жоқтығын
Достарыңызбен бөлісу: |