Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет5/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Камалқызы Ж. Романдағы характердің жағдаймен байланысы 
 
 
көрсету  ойда  бар.  Бұл  мақалада  тек  характер  жасаудағы  жағдайдың  ролі 
қаншалықты болатынын ғана айтып өттік.  
Зерттеушілерден  А.Нұрқатов  жағдайдың  характерге  қатысын  аздап  сөз 
етеді.  Бірақ  оны  нақты  көркемдік  құралы  ретінде  объекті  етіп  алмай, 
қосалқы,  сөз  арасында  ғана  атап  өтеді.  «Абай  жолы»  романын  талдаған 

 
34 
 
мақаласында  Құнанбай  қажылыққа  шығайын  деп  тұрғанда,  Дәркембайдың 
келіп Қодардың құнын сұрайтын мезетін сөз ете келіп: «Сөйтіп, талай түйін 
келіп табысқан осы эпизодта геройлардың характерлері ұтымды айқындалып 
тұр. Яғни, бұл эпизодты оқығаннан кейін оқушы Құнанбайдың тақыстығын, 
Абайдың  гуманизмін,  Дәркембайдың  өткір  тілділігін,  батылдығын 
бұрынғыдан  да  мол  тани  түседі.  Сонымен  бірге  осы  көрініс  өз  геройларын 
жазушының  типтік  жағдайға  душар  етуге,  сол  арқылы  характерді  терең 
ашуға  бейімділігін  де  көрсетеді»  [12.51],  –  дейді.  Кейіпкерлерін  жағдай 
үстінде  танытып  отырғанын  түсінеді,  таниды.  Зерттеуші  жағдайды  эпизод 
деп  көрсетеді.  Осы  зерттеуінде  бірнеше  жерде  эпизодтардың  мәніне  назар 
аударады.  Бірақ,  әдебиет  заңдылығындағы  жағдай  мәселесін  түптей  сөз 
етпейді.  М.Әуезов  туралы:  «Ол  өзінің  геройларын  типтік  жағдайларға  тап 
қылған  және  оларға  лайықты  типтік  терең  характерлер  тауып  бере  алған» 
[12.115], – дейді. Нақты қай тұста екенін ашып көрсетпеген.  
Қорыта  айтқанда,  қазақ  романдарындағы  елеулі  кемшілік  пен 
жетістіктердің  бір  сыры  –  характерді  жағдай  арқылы  көрсете  білу 
шеберлігінде жатқанын дұрыс тану. Роман зерттеушілерінің ішінде романды 
теориялық  негізде  зерттеп,  қазақ  роман  теориясына  өзіндік  қолтаңба 
қалдырған  ірі  ғалым  Р.Бердібай  осы  мәселені  түбегейлі  қарастырған.  Бұл  - 
роман  зерттеудегі  өзіндік  жаңалығы  деуге  тұрарлық,  бұл  саладағы  соны 
ойлар. 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. 3 томдық. 3-т. -Алматы:1974. 
2.
 
Қоңыратбаев Ә. Шеберлік шарттары туралы ойлар// Жұлдыз.№8.1969. 
3.
 
Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. -Алматы: 1966. 
4.
 
Сборник статей о Казахской литературе. -Алма-Ата: 1957. 
5.
 
Бердібаев Р. Характер және жағдай// Жұлдыз. №2.1967. 
6.
 
Маркс К. и Энгельс Ф. Об искусстве. Т.1. -М.: 1957. 
7.
 
Әуезов М., Уақыт және әдебиет. -Алматы: 1962. 
8.
 
Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. 3 томдық. 2-т. -Алматы: 1974. 
9.
 
Бердібай Р. Әдебиет сынының көкжиегі. -Түркістан: 2006. 
10.
 
Бердібаев Р.  Ғасырлар толғауы. -Алматы: 1977. 
11.
 
Бердібаев Р. Дәстүр тағлымы. -Алматы: 1973. 
12.
 
Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов творчествосы. Мақалалар. -Алматы: 1965. 

 
35 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Ж.ӘЛМАШҰЛЫ 
филология ғылымдарының кандидаты 
 
АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АЩЫ САТИРА ТУРАЛЫ 
 
Мухтар  Омарханович  занималься  драматургией  и  преподавательской  деятельностью.  Это 
статья поможет более подробне познокомиться творчеством великого казахского писателя. 
 
Mukhtar  Omarkhanovich  was  concerned  with  dramatic  art  and  was  busy  with  teaching  activity  as 
well. This article will help to make ourselves more familiar with the creation of the great Kazakh writer. 
 
Мұхтар  Омарханұлы  Әуезов,  өмірбаяны  мен  шығармашылық 
мұраларынан  байқалатынындай,  сөз  жоқ,  көсегелі  көркем  ойдың  алыбы, 
көркем сөз кестелеудің биік шыңына көтеріле білген бірегей талант. Оны бұл 
күнде  туған  әдебиетіміз  ғана  емес,  әлем  әдебиетінің  көрнекті  өкілдерімен 
қатар қоя әңгімелеуге, тіпті қатар қоя мақтануға әбден болатынына көз анық 
жетеді.  Саңлақ  суреткер,  талантты  жазушы,  драматург  болумен  қабат, 
түркология  ғылымын  терең  зерттеген  деп  айтуға  да  болады.  Себебі  ол 
көркем  әдебиеттің  арғы-бергісін  зерделеген  ғалым  ретінде  де  артында  мол 
мұра  қалдырғаны  анық.  Оның  осындай  елеулі-елеулі  қырларының  қай-
қайсысы да жеке дара әңгіме өзегі бола алады. Біз бүгінгі зерттеу еңбегімізде 
оның осындай сан-салалы қаламгерлік келбетінің бір қырын, осы күнге дейін 
ауызға  алына  қоймаған,  зерттеу  тақырыбы  бола  қоймаған  қырын  –  көркем 
мұраларындағы психотрагизм мен психокомизмнің қатар өрбіп отыруы, оны 
шығарма  шырайын  аша  түсуге  қалай  шебер  пайдаланғаны  туралы  сөз 
етпекпіз.  Әсіресе,  сатира  мен  юморды  өз  шығармаларында  қалай,  қандай 
әдіспен  пайдаланғаны,  оған  қалай  қоғамдық  салмақ,  жүк  арта  білгені  де 
назардан  тыс  қалмайды.  Сөйтіп,  Мұхтар  мұрасының  тағы  бір  көркемдік 
кілтін іздестіреміз. 
Сөз  бен  істің  аралық  байланысы  -  бітірген  жұмыспен,  артыңда  қалған 
еңбегіңмен айқындалатыны белгілі жәйт. Бұл ретте ұлы М.Әуезов мұралары 
сол "сөз бен істің" алшақ жатпағандығын тағы да дәлелдей алады. Өйткені, 
саңлақ суреткер не туралы айтса да, соны өз ісімен, өз жұмысымен шегелеп 
отырған. Ә.Тәжібаев жазғандай: "...Мұхаң көзін жұмғанша еліміздің әдебиет 
ғылымын ірілендіруге аз еңбек сіңірген жоқ. Ол өзі өсірген жас ғалымдармен 
бірлесе  отырып,  қазақ  әдебиетінің  көне  замандармен  туысатын  терең 
тамырларын табуға болысты" [1].  
Айталық,  ол  қай  кезде  де  сатираның  қуатты  қару  екендігін  тілге  тиек 
етумен  болса,  сол  бағытта  көптеген  жұмыстар  да  атқарыпты.  Ол  еңбегі  –
көркем  дүниелеріндегі  образ  сомдауда,  күлкілі  сурет  салуда  ғана  емес, 
жалпы сатира мен юмордың ұлт әдебиетінде, оның ішінде ауыз әдебиетінде 
алатын  орнын  айқындау  бағытындағы  мақала-зерттеулерінде  де  кеңінен 
көрініс тауыпты. 
Осы жерде айта кетуіміз керек, ауыз әдебиетіндегі әзіл-қалжың, мысқыл-
әжуаны кейде юмор деп, кейде ирония, сарказм деп, тіпті кейде оны  жеңіл  
анекдот  сарындас  деп  анықтама  беріп  келе  жатқанымыз  рас.  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әлмашұлы Ж. Ауыз әдебиетіндегі ащы сатира туралы 
 

 
36 
 
 
Әдебиетші  ғалым,  филология  ғылымының  докторы  Ж.Әбілұлы  ауыз 
әдебиетіндегі  күлкіні  сөз  ете  отырып,  оны  "ауызекі  тіл  пародиясы"   деп  
анықтама  береді  [2].  Бұл  да  ойланарлық  ой.  Енді  біз  осы  төңіректе  әңгіме 
сабақтамақпыз.  М.Әуезов  қазақ  ауыз  әдебиетінің  білгірі,  ұлт  мәдениетінің 
арғы-бергісімен  түгел  танысқан  білімдар  ғалым  екендігі  зиялы  қауымға 
өзінен-өзі  түсінікті.  Ол  өз  зерттеулерінде  сол  қазақтың  халық  ауыз 
әдебиетіне  тереңдей  бойлап,  ондағы  әжуа,  әзіл-қалжыңды  таразыға  салады. 
Байсалды  күлуді,  байыпты  күлуді  сол  ауыз  әдебиетінен  үйрену  керектігін 
айтады. Бұл бағытта жазылып қалған ғылыми зерттеулері көп-ақ. 
Ғалым  өз  зерттеулерінде  ауыз  әдебиетіндегі  күлкінің  жанрларына 
тоқталып  жатпайды,  бірақ  олардың  юмордан  алшақ  жатпағандығын  атап 
өтеді.  Біздіңше,  ауыз  әдебиетіндегі  күлкіде  пародия  да,  ирония  да,  сарказм 
да,  тіпті  жеңіл анекдот  та  бар.  Өйткені, оның  бағыты  да,  сюжеті  де,  берілу 
әдісі-тәсілі  де  сан-салалы,  сан  қилы.  Сондықтан  оны  бір  ғана  атауға  тели 
салу орынсыз. 
Ғалым эпостық жырларды, ертегілерді бастан-аяқ сарапқа салып, ондағы 
әлеуметтік  ойды,  халықтық  пікірді  бірінші  кезекке  шығарады.  Сондағы  ел 
арманынан туған аңызды талдап, зорлықшыл топты сынға алады. Әсіресе, ол 
осы  халықтық  жырлардағы  ащы  мысқыл,  адуынды  әжуа,  қыршып  түсер 
қалжыңдарды әсірелеп, әрлеп, жеріне жеткізе суреттеп жазады. Оның уытты 
болу  себебін  ашады,  халық  ашуы,  халық  кегі  қашанда  осындай өткір,  ащы, 
уытты  болатынын,  тіпті  жеңіл  қалжыңның  өзінің астарында  зіл  жататынын 
тілге тиек етеді.  
Зерттеуші,  әсіресе,  өзінің  бірқатар  мақалаларында  күлкінің  көмбесі 
іспетті  бейне  –  Алдаркөсеге  көбірек  тоқталатыны  байқалады.  Алдар, 
расында да басқалардан гөрі сатиралық әжуаға бейім, сөзінің астарында ащы 
мысқыл,  ауыр  әзіл  жататын  халықтық  бейне,  бірегей  де  бөлек  бейне  ғой. 
Бәлкім  сосын  да  көреген  қаламгер  оған  ерекше  мән  беріп,  әзіл-қалжыңның 
биік  шоқтығы  ретінде  бағалаған  болса  керек.  Әсіресе,  "Әдебиет 
хрестоматиясынан"  деген  еңбегінде  Алдардың  Шық  бермес  Шығайбайды 
мазақ, күлкі объектісіне айналдыруын риза пейілмен жазады. 
"Алдаркөсе әңгімелерінің негізгі мазмұнын алсақ, бұл түбінде, көпшілік 
бұқара,  қалың  еңбекші  ел  санасынан  туған  шығарма  болады.  Сол 
көпшіліктің сараң, жеміт, сасық байға арналған таптық, қоғамдық мысқылын 
білдіреді.  Алдардың  "Шық  бермес  Шығайбайды"  алдап,  мазақ  еткенін 
көрсетеді.  Алдар  жайындағы  өте  өткір,  күлдіргі,  шебер  әңгіменің  бірі  осы. 
Мұнда  көпшілік  бұқара  дүние  қоңыз,  шірік,  арам  қорда  байдың  сұм 
құлқынын өлтіре мазақ етеді" деп, бұған зор зейін қойған жазушы әрі қарай 
оның әртүрлі күлкі, әжуа суреттерін саралаған [3.95]. Ол өз мақалаларында 
халықтық бейне – Алдаркөсеге қайта-қайта оралып соғып, оның уытты тілін, 
өткір  сөздерін  тере  жазады,  ондағы  ел  аузынан  шыққан  ащы  мысқылды, 
адуынды әзілді таразылайды. Мәніне үңіледі. Талдап жазады. Осы  ретте  біз  
кейбір   зерттеушілеріміздің  "Мұхтар   Алдаркөсені   жеріне  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әлмашұлы Ж. Ауыз әдебиетіндегі ащы сатира туралы 
 
 
жеткізе  зерделей  алған  жоқ"  деген  ойымен  келіспейтіндігімізді  де  айта 
кетпекпіз. Олай дейтін себебіміз  –  біріншіден,  Әуезов  бұл  саланы арнайы  

 
37 
 
тақырып етіп зерттеген жоқ, екіншіден, осы аз ғана еңбектерінің өзінен оның 
ойын, тұжырымдарын сезу, байқау еш қиын емес. 
Сөз  мәнін  терең  түсіне  білген  ғалым  тағы  бір  бөлек  образ  –  Жиренше 
шешенге  де  едәуір  тоқталып,  оны  да  өз  дәрежесінде  бағалай  отырып, 
Алдармен салыстырды. Жиреншенің Алдармен ұқсастығы деп "оның аты да 
жаппай  атау"  болып  кеткенін,  оған  қоса  "мұндағы  әңгіме  де  қара  сөзбен 
айтылатын,  қысқа-қысқа,  жеке  әңгіме  боп  құралатынын"  бөліп  көрсетеді. 
Солай  деп  келеді  де,  енді  Жиренше  туралы  әңгімелердіњ  ерекшелігіне  де 
баса назар аударған. 
"...Жалғыз-ақ  Жиренше  әңгімелерінің  Алдардан  бөлек  бір  ерекшелігі  - 
бұған  бұқара  ортасынан  шыққан  әңгімелерден  басқа  үстем  тап  санасынан 
ауысқан жамаулар  көбірек.  Жалпы  алғанда,  Жиренше  әңгімесінің көпшілігі 
де  бұқара  санасынан  туған.  Мұндағы  негізгі  әңгімелердің  мазмұны  сол  - 
бұқараның  шешендік,  шапшаңдық,  тапқырлықты  мықты  құрал  етіп, 
қоғамдық, таптық құрал етіп пайдаланғаны көрінеді" дейді ғалым [3.96]. 
Сондағы  сөз  түйіні,  біздіңше,  мынаған  саяды.  Алдаркөсе  ел  аузында 
әжуашыл, қалжыңқой, сықақшыл бейне болып көрінсе, Жиренше шешен сөз 
төркінін  терең  түсінетін,  ауызекі  уәжде  ешкімге  дес  бермейтін,  тапқыр  да 
ұтымды  жауабы  бар,  сатираға  да,  юморға  да  кезек  қоңсы  қона  алатын 
көреген екен. 
Бұдан  әрі  қарай  зерттеуші  сөзі  мен  ісі  бірдей  күлкі  тудыратын,  елдің 
өзінің ортасынан шыққан өкіл – Қожанасырға да ат басын тірейді. Ол туралы 
айта  келіп,  "күлдіргі-анекдот  әңгіменің  бәрінің  жиылатын  жері  осы  бір 
Қожанасыр  аты  боп  кетуі  даусыз"  екендігін  тілге  тиек  еткен.  Алайда  сол 
анекдоттардың  терең  астарына  үңілсек,  әрине,  халықтық  әжуа,  халықтық 
мысқыл  анадайдан  мен  мұндалайтыны  айқын.  Күлдіргі  сөздің  астарында 
күйдіріп  түсер  ащы  шындықтың  тасаланып  жатқаны  тағы  бар.  Дәл  осыны 
М.Әуезов те қадап айтқан. 
Ғалым  Әуезовтің  өз  жазбасында  Алдарды,  Қожанасырды,  Жиреншені 
кезек  ала отырып, сөз тізгінін сатира мен юморға, мысқыл мен әжуаға қарай 
бұра  беруі,  сөз  жоқ,  көрегендіктің,  байқампаздықтың  белгісі  іспетті.  Біздің 
ұлттық сатирамыздың, юморымыздың қайнар бұлағы, міне, осы бейнелерде 
жатыр.  Туған  әдебиетіміздің,  ауыз  әдебиетіміздің  бастау-бұлағында  тұрып, 
оның  көсегесін  көгерткен  бұл  бейнелер  әзіл  мен  қалжыңды,  мысқыл  мен 
әжуаны да өз бойларына молынан сіңіргендігі рас. Күлкі мен әжуа жөнінде 
сөз қозғағанда бұларды айналып өтуге болмайды, егер оларды назардан тыс 
қалдырсақ, онда біздің сатирамыздың бастауы қысқарады, өрісі тарылады. 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әлмашұлы Ж. Ауыз әдебиетіндегі ащы сатира туралы 
 
 
Тіпті  оны  айтасыз,  біз  өзіміздің  қалай  ел  болып,  қандай  соқтықпалы-
соқтықпасыз  жолдардан  өткенімізді  білгіміз  келсе  де,  кешегі  қоғамның 
мерезі  мен  індетін  сезгіміз  келсе  де,  сөз  жоқ,  осы  халықтық  бейнелерге  ат 
басын тіреуге міндеттіміз.  
Білімдар  ғалым  мұнымен  қабат  әр  кездерде  елдің  аузында  жүрген, 
ешқашан ұмытылмайтын белгілі есімдер – Қорқытқа тоқталады.  

 
38 
 
Өз  кезегінде  Қорқыт  ата  халық  жадынан  кетпейтін,  көптің  жүрегінен 
орын  алған  бейне  екені  бұрыннан  белгілі.  М.Әуезов  Қорқыт  жайындағы 
аңыз-әңгімелердің  түрі  көп  екендігін,  ол  халықтың  шығарған  әңгімесі 
екендігін айтады. Және қай әңгімені алсаңыз да Қорқыт үлкен мүдденің, зор 
мүдденің соңында жүреді. Ел сөзін айтады. Әсіресе, ерекше қадап айтарлығы 
–  Қорқыт  туралы  аңыздардың  бірқатарында  ащы мысқыл,  әдемі  әзіл,  терең 
қалжың  қатар  өрбіп  отыратындығы.  Мұны  М.Әуезов  те  айтып  өткен. 
Әзірейілдің  Қорқытпен  кездесетіні  жайындағы  ертегіде  "Қорқыт...  ойнақы, 
мысқылшыл,  әзіл-айлашыл  жан  болып  көрінетіндігін"  Мұхаң  ерекше  бөліп 
айтқан [3.238]. 
Қайғышыл  Асан  мен  уайымшыл  Қорқыт  екеуін  кезек  ала  отырып, 
зерттеуші Әуезов тағы да бұл екеуіне ғылыми тұрғыда баға береді. Олардың 
ел  жүрегінде,  халық  жадында  болатыны  –  көптің  ойынан  шыға  білгендігі 
екендігін,  ал  іс-әрекеттеріндегі  күлкілі  көріністер  мен  қалжыңға  сұранып 
тұрған қимыл-әрекеттері өз алдына бір бөлек әңгіме екендігін жеткізеді. 
Демек,  Қорқыт  та  халықтық  әжуаның,  халықтық  мысқылдың  бір  нәрін 
бойына  сіңірген,  айтпасына  болмайтын,  тілге  тиек  етпесіңе  қоймайтын 
бейнелер. Сосын да Әуезов – зерттеуші бұларды айналып өтпеген. 
Біздің,  түптеп  келгенде  ұлттық  ой-санамыздың  өсуі,  жетілуі  де  осы 
халықтық  бейнелер  арқылы  көрініс  таба  алатыны  рас.  Және  ұлттық  жаман 
әдеттер мен кеселдер де осы бейнелер арқылы бізге мағлұм етілген. Осыны 
ескерген ләзім. 
Әуезов  –  зерттеуші  ендігі  бір  шоғыр  еңбектерінде  қазақ  ертегілеріне 
тоқталады. Ауыздан-ауызға беріліп, халық жадында талайдан сақталып келе 
жатқан  "Қырық  өтірік  мағынасы"  деген  мақалада  Мұхаң  қырық  өтірік 
әңгімесін талдайды. 
"...Бұл  әңгімелердің  өзгешелігі,  бағасы  неменеде?  Өзгешелігі,  халықтың 
тапқырлық,  жүйріктік  сияқты  өнерді  сүйгендігін  білдіреді.  Қиыннан 
қиыстырғыш 
өткір 
қиялды 
бағаланғандығын 
көрсетеді. 
Халық 
фантазиясының  тереңдік,  жүйріктігіне  айғақ  болады.  Ол  фантазия  өмірде 
барды  ғана  сөз  қылмайды,  өмірде  болса  екен  дегенді  де  сөз  қылады"  дейді 
зерттеуші [3.99]. 
Осы бір ғажап әңгіменің ішіндегі фантазия, халық қиялы туралы толғана 
жазады. Армандай, аңсай отырып, айналадағы келеңсіз көріністерді қалайша 
тістеп  өтетініне  тағы  да  баса  назар  аударады.  "Қырық  өтірік"  -  тек  өтірік 
әңгіме  емес,  өтірікті  айту  арқылы,  өтірікті  айтқан  болып,  шын  өмірдің 
кемшілігін  әшкерелеу,  әжуалау.   Біз   неге   сондай   болмаймыз,   біз   неге  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әлмашұлы Ж. Ауыз әдебиетіндегі ащы сатира туралы 
 
 
сараңбыз, біз неге наданбыз деген астарлы ой әр-әр жерінен жылт-жылт етіп 
шаң береді. Ал, оны айтушы - қарапайым ғана бала, жетім бала. Әйткенмен, 
ол  халықтың  ұлы,  елдің  баласы.  Сосын  да  сөзінің  астары  ел  мүддесіне 
ұштасады, ел ойындағы ащы мысқылды тілге тиек қылады. Мұны Мұхаң дөп 
басып айта алған. 
"...Бұл әңгімені айтушы халық ортасынан шыққан өзі кедей, өзі елеусіз, 
көптің  бірі,  жетім  бала  болады.  Бұлай  болуда  мағына  бар.  Жалпы  осындай 
өнерді туғызушы халық. Сондықтан ол әрқашан шешен, тапқыр, ер, өнерпаз 
қып өз өкілін, өз ортасынан шыққан адамын көрсетеді" дейді ғұлама ғалым. 

 
39 
 
Ойлы ғалым өзінің "Ертегілер" атты мақаласында да терең талдауға орын 
бере  отырып,  ел  арманы  мен  аңсарынан  дүниеге  келген  ертегілерде  де 
халықтық юмор, халықтық әжуа, қалжың, әзіл мол кездесетінін айтып өткен. 
Олай  болатын  себебі  -  ертегі  де  ойды  ойнатып  жеткізудің,  әсерлеп 
жеткізудің,  дөп  берудің  бірден-бір  құралы.  Ендеше  ондағы  әрбір  көрініс, 
әрбір  қимыл  ел  жүрегінен  шыққандай  болып  тұрмаса,  онда  ол  халық 
жадында да сақталып қала алмас еді ғой. Ертегі дегеніміз  - ең әуелім, ауыз 
әдебиеті, халық әдебиеті, ал оны ғасырдан ғасырға тек ауызша айту арқылы 
ғана жеткізіп отырған сол халықтың өзі емес пе!.. 
Сосын  да  ертегілерді  оқиғаның  шымыр  болуымен  қатар  оның 
кейіпкерлері  де  соншалық  қанықты,  тартымды,  зор.  Бұл  жөнінде  кезінде 
М.Горький әдемі айтып өткен болатын. "Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын 
және  көркемдігі  жағынан  әбден  жетілген  түрлері-типтері  фольклорда, 
еңбекші халықтың ауыз әдебиетінде жасалған. Геркулес, Прометей, Микула 
Селянинович,  Святогор  сияқты  толық бейнелерді онан  кейін  доктор Фауст, 
Василиса Премудрая және ісі оңына келе беретін аңқау Иван сияқты толық 
бейнелерді  және  де  докторды,  попты,  полицейді,  шайтанды,  тіпті  өлімді 
жеңетін  Петрушка  сияқты  көркем  бейнелерді  жасауға  халықтың  ақыл-ойы, 
үлгі-тәжірибесі, сана-сезімі бірдей тегіс қатынасқан. Бұлай келуі фольклорды 
туғызушының болмысты жасауға, өмірді жаңғырту күресіне тікелей қатысты 
болғандықтан деп білу керек" деп жазды ол [4]. 
Ертегілер  туралы  жаза  келіп,  Мұхаң  оларды  енді  саралап,  топ-топқа 
бөліп,  тақырыптық  тұрғыдан  екшейді.  Және  сол  тақырып  аясы  бойынша 
оның көтеріп тұрған әлеуметтік жүгін әңгімелейді. 
"Қиял-ғажайып  ертегілері"  туралы  айта  келіп  оның  "барлық  ертегілер 
тобының  ішіндегі  аса  ескі  заман  ұғым-нанымдарын,  тұрмыс-болмыстың  ең 
көне  түрлерін  көрсететін  әңгімелер"  екендігін  еске  салады.  Яғни,  мұнда 
қиялдық ертегінің негізін құрап отыр дейді. "Еділ-Жайық", "Жерден шыққан 
Желім  батыр",  "Күн  астындағы  Күнекей  қыз",  т.б.  ертегілерді  мысалға  ала 
отырып, осындағы небір жауыз жемқорларды баяндай отырып, жазушы бір 
жерінде:  "Адам  қауымында  зиянды  өзімшілікке  басқан,  еңбекші  елін 
қанаушы  топтан  шыққан  жауыз,  жыртқыш  жандарға  ертегі  тілімен,  шебер 
бейнелеу жолымен жасалған сын – жиренішті сын осы емес пе?" деп түйеді 
[3.100]. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әлмашұлы Ж. Ауыз әдебиетіндегі ащы сатира туралы 
 
 
Мұндай  ертегілердің  арасында  сатира  элементтерін  сақтаған,  мысқыл-
әжуаға құрылғандары да баршылық. Мұны М.Әуезов ерекше қадап айтады да. 
"...Қиял-ғажайып ертегілері жөнінде тағы бір өзгеше ерекшелік – бұлардың 
бірталайы  мысқыл  сатира  түрінде  туған  әңгімелер  болады.  Негізінде  қанаушы 
тапқа  халық  қарсылығын көрсетуші ертегілердің бәрінде  көркем бейне  арқылы 
тап тартысы айқын сезіліп отырады. 
Сол  ретте  қиял-ғажайып  ертегілерінде  де  өзге  барлық  ертегілер  түріндей, 
сатиралық ертегілер өзгеше орын алады. Қанаушы, зорлықшыл, қаскөй күштерге 
қарсы  арналған  халықтың  ащы  мысқыл,  аямас  әжуасы  бұл  жөнінде  де  үлкен 
қызықтық үлгілер тудырады. Қиял ертегілерінде бұл топтар қиянатшыл хандарға 
қарсы, уәзірлерге қарсы, әр алуан обыр байларға қарсы, зорлықшыл, содыр және 
өздері  көп  жуан,  зорлықшыл  айғайларға  қарсы  туған  сатиралық  қиял-ғажайып 

 
40 
 
ертегілері:  "Тоғыз  тоңқылдақ,  бір  шіңкілдек",  "Қаңбақ  шал"  сияқты  ертегілер 
[3.205-206]. 
"Хайуанаттар жайындағы ертегілерді" талдай келе, М.Әуезов былай дейді: 
"...Бұл  ертегілер  еңбек  елінің  жуан,  содыр,  айлалы,  зорлықшыл  әкімдеріне, 
неше алуан қанаушыларына қарсы арналған сын мен ызалы қарсылық ойы мол 
екенін  ол  адамдар  ашып  айтысқан.  Әсіресе  тап  тартысының  бітімсіз 
қайшылықтары қиын шешілетін түйіндер көрсетілетіні аталған. Және сатираның 
ең  бір  өтімді,  көпшілік  көңіліне  қонымды,  шебер,  келісті  құрылыстары  осы 
хайуанаттар  жайындағы  ертегілерді  тамаша  тапқырлықпен  көрсетілгені 
айтылады" [3.217]. 
Осыны  астарлап  айтып  келеді  де,  одан  әрі  хайуанаттар  ертегісінің  ішкі 
мәніне, түріне, идеялық мазмұнына үңіледі. Соған үңіле отырып, ғұлама ғалым 
тағы  да  жоғарыдағы  айтқан  ойына  айналып  соғып,  мұндағы  сатира 
элементтерінің молдығын айтып, соны барынша аша түсу керектігін жазады. 
"...Осы  тұрғылардан  қарағанда,  хайуанаттар  жайындағы  ертегінің  де  совет 
фольклористикасы  ашатын  ең  мәңгі  ғылымдық-тарихтық  зор  мәселесі:  осы 
алуандас  халық  ауыз  әдебиетінің  идеялық  мазмұнын  ашуда.  Хайуанаттар 
жайындағы ертегілердің сол өзгешеліктері көп кезде ірі сатира түрінде келетінін 
еске алып, қазақтағы бұл алуандас ертегідегі сатиралық элементтерді айқындап 
ашу  қажет.  Көркемдік,  шеберлік  ерекшеліктерін  алғанда  қазақтың  да  хайуанат 
жайындағы  ертегілерінің  бейнелегіш  образдары  тамаша  келеді.  Оқиға 
тартыстың  сұрыпталып,  сығымдалған  жинақтылығы  және  дөп  тигіш  мәнділігі 
айрықша талдауды қажет етеді. Көркемдік қасиеттерін, поэтикасын талдауда бұл 
ертегілерде  жәндіктерді  сөйлестіру  –  диалог  формасы  ерекше  шебер 
келтірілетінін еске тұту қажет" деп, Мұхаң болашақ зерттеушілер алдына мәселе 
қояды  [3.210].  Әрі  қарай  бұнымен  де  шектелмей,  хайуанаттар  ертегісі  туралы 
осыныњ  жалғасын  "қазақтың  хайуанаттар  жайындағы  ертегілері  қоғамдық 
сатира екендігін, сол арқылы тап тартысының астары, тамыры тереңдеп ашылып 
отырғанын,  көп  уақытта  юморлық,  мысқыл,  әжуаның  өтімді,  күлдіргі  тілдің 
тамаша шебер үлгілерін танытатынын есте тұту" керектігімен түйіндеген. 

 
41 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет