Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет8/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47

 
Примеры употребления условного наклонения в экономических текстах: 
 If the demand increases, the price will rise. 

 
56 
 
 How much will the suppliers want to produce if the price rises? 
 If the export of oil increases, the national revenue of the country will rise. 
      Такое грамматическое явление, как степень сравнения имен прилагательных 
и наречий, тоже очень часто используется в речи экономистов, например в языке 
прогноза: 
In the short run, average revenue in a monopoly is greater than average cost. 
When were exports first higher than imports? 
Why was 2006 an important year for the Kazakh economy? 
When was the steepest rise in exports? 
Compare the import figures for 2002-2003 with 2004-2005. 
      Помимо  степеней  сравнения  имен  прилагательных  и  наречий  здесь  также 
идет активная работа по закреплению временных форм (прошедшее, настоящее 
и  будущее),  а  также  лексического  материала  (always,  sometimes,  next  year,  etc., 
many, a lot of, a few, etc.) 
       Такие  соединительные  слова,  как  although,  whenever,  therefore,  however, 
consequently,  as  soon  as  необходимы  для  выражения  актуальных  идей  в  любой 
области.  Преподаватель  должен  все  это  учитывать  в  процессе  отбора  и 
классификации своего обучающего материала. 
       Помимо  языковых  проблем,  студенты  сталкиваются  с  проблемой 
интерпретации  тех  наглядных  данных,  которые  зачастую  используются    в 
экономических  учебниках.  Это  материалы, включающие  в  себя  статистические 
таблицы,  карты,  схемы,  диаграммы  и  графики.  Следовательно,  преподаватель 
вынужден  объяснять  не  только  языковые  проблемы,  но  и  использование  этих 
данных  в  сочетании  с  языковым  материалом.  Эти  наглядные  материалы  могут 
быть  использованы  в  качестве  вспомогательного  учебного  приспособления. 
Также они не только заставляют студентов вырабатывать практику в 'прочтении' 
этих  схем,  таблиц,  графиков  и  т.д.,  но  и  предоставляют  следующие 
преимущества:  а)  графики,  таблицы  и  т.д.  выражают  как  языковые  проблемы, 
так  и    теоретические  характеристики  основного  предмета;  б)  они  очень 
актуальны  в  учебной  ситуации:  например,  карта  Казахстана  с  указанием 
расположения  нефтедобывающих  компаний  и  маршрут  нефтепроводов  с 
графиком экспорта нефти, что способствует иллюстрации реальной ситуации; в) 
различного  рода  диаграммы  включают  в  себя  основную  суть  экономического 
аргумента  и  используются  экономистами  для  объяснения  теории  в  более 
доступной форме. 
      Третье  направление  постоянно  переплетается  с  первыми  двумя,  то  есть, 
вводя  экономическую  терминологию  и  необходимые  (актуальные,  частотные) 
грамматические нормы, мы подводим студента к выработке навыков говорения, 
то есть коммуникативных навыков, в области экономики. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.
 
Lipsey, Richard G. An introduction to Positive Economics. Wiedenfeld and Nicolson, 1966. 
2.
 
Pit Corder, The Visual Element in Language Teaching. Longman, 1966. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
М.БАЛАУБЕКОВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
ТЫНЫСБЕК ҚОҢЫРАТБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ 
ОНОМАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ БЕРІЛУ СИПАТЫ    

 
57 
 
 
В этой статье раcсматривается характеристика ономастических названий в трудах Тынысбека 
Коныратбаева. 
 
This article deals with characterization of onomastic titles in T. Konuratbaev’s works. 
 
Ұлт  тілінің  ономастиконын,  оның  ішінде  антропонимдерді  –  тарихи-
мәдени категория деп тануға болады. Тілдің ұлт ділімен, этностың эпикалық 
санасымен,  халықтың  тарихи  зердесімен  және  этникалық  төлтума 
мәдениетімен  тоғысын  айқын  аңғартатын  тілдік  деректер  қатарына 
ономастикалық лексиканы жатқызуға болады.  
Жалқы есімдердің  тарихы  қоғамның  даму тарихымен, ұлт мәдениетінің  
дәстүрлі  үрдістерімен    тығыз  байланысты  болып  келетіндігі    күні    бүгінге 
дейін  айтылуда.  
Әрбір  кісі есімін тарих деп  санауымызға болады, себебі ол  белгілі бір  
дәуірде туады. Жалқы есімдердің  халық тарихымен  сабақтастығын  ғалым  
В.А.Никонов:  “Антропонимиканың  алғашқы  заңы    ономастиканың    барлық 
заңы сияқты  – тарихилық” деп атап көрсетеді [1.7]. 
Эпостардағы  ономастикалық  атаулардың  тарихи  мәніне,  өзіндік 
семантикасына,  шығу  төркініне  көптеген  ғалымдар,  атап  айтсақ, 
В.Жирмунский,  Этторе  Росси,  К.Э.Босфорт,  т.б.,  ал  қазақ  ғалымдарынан  – 
Т.Жанұзақов,  Ә.Қоңыратбаев,  Ә.Марғұлан  сияқты  белгілі  профессорлар 
зерттеулер  жүргізіп,  өз еңбектерінде  семантикалық талдаулар жасаған. 
Осы  бағытта  зерттеу  жүргізген  ғалымдардың  қатарында  Тынысбек 
Қоңыратбаевтың    өзіндік  орны  бар.  Зерттеуші    көп    жылдар  тынбай  еңбек 
етіп,  өз  зерттеулерінің  нәтижесін  нақты    дәлелдермен  өз  кітаптарында 
баспасөз    беттерінде    (“Эпос    және  этнос”  монографиясы.  Алматы,  Ғылым, 
2000 ж.; “Ел мұрасы”, А., Мер Сал. 2003 ж. “Ақиқат” журналы, №7, 1999 ж., 
«Алматы  ақшамы»  газеті,  «Адам  әлемі»  жураналы,  т.б.)  беріп  келеді. 
Зерттеуші  Тынысбек  Қоңыратбаев  қаһармандық  жырлардың  тарихи-
этникалық  сипатын    анықтау  арқылы  ондағы    антропонимдік  атаулардың  
атқаратын  қызметінің  елеулі екендігін, берілген  антропонимдерді саралау 
арқылы  олардың  генеологиялық    жүйесін,  жасалу  жолдарын,  құрылымдық 
этимологиясы  мен  семантикалық  мән-мағынасын  тануға    арналатындығын 
айтады [2.170].  
Қазақ  тіл  білімінде  эпостағы    кісі  аттары  туралы  пікір    сабақтастығын 
қазақ  ғалымдарының  ішінен    кездестіруге  болады.  Мәселен  зерттеуші  Есет 
Жұбанов  өзінің  эпос    туралы    зерттеу  еңбегінде    Қарабай  -  Сарыбай 
атауларының мағыналарына семантикалық талдау жүргізу барысында “Қара 
– жаманшылықтың символы, ал сары – жақсылықтың  нышаны болуға тиіс” 
деген  пікірін  айтады [3.153]. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Балаубеков М. Тынысбек Қоңыратбаев еңбектеріндегі ономастикалық атаулардың берілу сипаты    
 
 
Тынысбек  Қоңыратбаев  ең  алдымен  зерттеуші  тілшілеріміздің 
анықтамаларына    сүйене  отырып,  мәселен  Е.Қойшыбаевтың  бұл  сөзді    кең, 
үлкен  деген  мағынада  қарастырғандығын  айтса  [4.190-192],  ғалым 
Ә.Қайдардың    Сарыарқа  топонимінің  үлкен  арқа,  кең  аймақ  деген  ұғым 
беретінін  айта  отырып  [5.272.],  зерттеуші    түркі    тайпаларында  түр-түске  

 
58 
 
қатысты  атаулардың  өзіндік  мән-мағынасы  болса,  олардың  семантикасын 
жасанды  түрде  өзгертумен  ғылым  мұраты  түгенделмесін  тілге  тиек  етеді 
[2.171].  Сонымен  қатар,  бір  ғана  зұлымдықтың,  жаманшылықтың  белгісі 
емес,  оның  күшті,  құдіретті  деген  мағына  беретінін  мысалдармен  («Қорқыт 
ата кітабындағы» ІІІ жыр «Қара Көнеұлы, Қара бодақ бірде қыпшақ ханымға 
қан  құстырған  қара  күш  иесі  аталса,  бірде    Хамид  Мардин  қамалдарын 
қиратқан батыр» мағынасында) келтіреді.  
Сондай-ақ, Қобыланды  жырындағы Қараман антропониміне  де зерттеу  
жүргізген. Эпостағы «қараман» сөзінің  этимологиясы тұсында оның  «қара» 
деген  түбір  сөз  бен  «ман»  аффиксі  арқылы  жасалып  тұрғандығын  айтады. 
Зерттеушінің айтуынша, мұндағы «қара» – ң атауы, теке ішіндегі таире (ру). 
Яғни,  Е.Жұбанов    пікіріне  қарама-қарсы  «қуатты»,  күшті,  ер  жүрек    деген 
ұғым беретінін, «ман» – адам, тайпа деген  мағынаны білдіреді дейді. 
Эпостануда  «Қобыланды»  жырының  негізгі  бас  кейіпкері  саналатын 
«Қобыланды»  антропонимінің    этимологиясы,  семантикасы  туралы  да  
көптеген  мәселелер  көтерілген.  Бұл  туралы  А.Есенұлы  бұл  атаудың  түбірін 
«қобу» түбірінен тудырып, «Осы формадан «Қобыланды» жалқы есімі өсудің 
нәтижесі деген мағына  береді» дейді [6.10]. 
Т.Қоңыратбаевтың 
қарастыруынша: 
«Қобыланды 
– 
тарихи 
антропонимнің  түпкі  нұсқасы  емес,  поэтикалық  өзгеріске  түскен  тұлғасы. 
Себебі:  сөз  түбірі  –  «Қобылан»,  «ды»  –  түркі  тілдерінде  өткен  шақты  
білдіретін  қосымша»  деп  атап  көрсетеді.  Яғни  –ды,  –ді  қосымшасына 
келгенде  зерттеуші  М.Қашқаридың  еңбегіне  жүгініп,  –ды,  –ді  қосымшасы 
жыраудың іс-әрекетті көзімен  көріп, куә болғандығынан хабар береді [7.75]   
деген пікірді  ұсынады. Зерттеуші мұны  сезімдік-эмоциялық  негізде туған 
теңеу, яғни поэтикалық құбылыс емес, этникалық сипаты айқын антропоним 
деп  көрсетеді  [8.42].  Сондай-ақ,  зерттеуші  «Қобыланды»  атауының  
этимологиясын  да  анықтайды.  Бұл  атауды  этникалық  құбылыс  аясында 
саралап,  қыпшақ  этносымен  қабыстыра  сөз  етеді.  Зерттеуші  Қобыланды  
есіміндегі   құба жон,  құба төбел деген  заттың түрі мен  түсін  білдіретін  
сияқты емес,  рудың  атын  білдіретін  сөз, ру аталуы мағынасында  айтылып 
тұр, яғни Қобылан дегендегі ұлан (ұл) құба түсті ұлан (ұл) емес, құба руының 
ұланы (ұлы) деген мағынада» деген Е.Жұбановтың пікірімен [3.175] келісіп, 
«Қобыланды»  антропонимінің  түп-төркіні  қыпшақ  деген  мағынада  
қолданылған  «құба»  және    батыр,  бала,  ұл    деген  ұғым    беретін  “ұғлан” 
сөздерінің қосындысынан жасалған деген ғылыми  болжам жасайды.
 Сөйтіп,  
  

 
59 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Балаубеков М. Тынысбек Қоңыратбаев еңбектеріндегі ономастикалық атаулардың берілу сипаты    
 
 
“қобылан” сөзінің төркінін этнонимдік тұлғада жасалған «құба ұғлан» тіркесінен 
тудыруға  негіз  бар  екенін  айтады.  Қорыта  айтқанда,  «Қыпшақ  елінің  батыры» 
деген семантикалық мағынаға ие болатынын зерттеуші өз еңбектерінде дәлелдеп 
көрсетеді [2.178]. 
Сонымен қатар, зерттеуші “Алпамыс” жырындағы  Алпамыс атауының түп- 
тегін анықтап, оны  түрік сөзі деп көрсетеді. Бұған ұқсас үндес атауларды орта  
ғасырлар  жазбаларынан  мысалдар  арқылы  келтіреді.  Мысалы,  Рашид  ад-дин 
шежіресінде Қоңырат елінен  шыққан Қалмыш есімді тұлғаны келтіреді. Сондай-
ақ  “Құтты  білік”  жазбасынан  Өгдүрмүш,  Оғдұрмыш  есімдерін  мысалыға 
келтіреді. Бұл антропонимдердің негізгі ерекшелігі – «мыш» қосымшасы арқылы 
жасалып,  Мамыш  –  Алпамыш  –  Алпамыс  атауларымен    үндес,  түбірлес 
болуында  деп көрсеткен [2]. 
Эпостану ғылымында Алпамыс батырдың  тарихи  прототипі  Әбілғазының 
“Түрікмен  шежіресіндегі”  Қоңырат  руынан  шыққан  Мамышбек  есімімен  
байланыстыруды  зерттеуші    былай  түсіндіреді:  «түрік»  сөзінің    «түркі»  болып 
жұмсалғаны  секілді.  «Бамсы»  антропонимінің  «Бамыс»  (Бамыш)  тұлғасында  
қолданылуы  әбден  мүмкін.  Бұл  антропонимінің  алдында    түрік    батырларына  
қолданылған    эпитет  (Алып)  қосылған  кезде,  алып  Бамыш  –  Алып    Мамыш 
болып  өзгереді, яғни тарихи антропоним.  Мамаш – түркімен  құрамындағы  ру 
атауы [2.127]. 
«Қорқыт  ата  кітабындағы»  Қорқыт  есімінің  түп-төркінін  талдай  келіп, 
«Қорқыт» сөзінің мағынасы «құтты адам» немесе «құт әкелетін  адам» ғана емес,  
еліне құт әкелетін батыл да ержүрек адам деген ұғым беретінін айтады, әрі «құт» 
сөзінің  түбірі  орхон  дәуіріндегі  Құтлығ  тегін,  оғыз  заманындағы  Құтлу  Мелік 
атауларында  да  сақталғанын  атап  көрсетеді  [2.99].  Қорыта  айтқанда, 
Т.Қоңыратбаев  еңбектеріндегі  қазақ  антропонимдерінің  ұлттық-мәдени 
мазмұнын  «Тіл  және  мәдениет»  контексінде  айқындаудың  ұлттық  тарихи 
жадыны,  эпикалық  сананы  жаңғыртудағы  рөлі  айрықша.  Өйткені  ол  мазмұн 
халық  ділінің  өзегімен,  этнос  болмысының  эстетикалық  талғамының  өзіндік 
ерекшеліктерімен, этногенетикалық қауымдастықтың тарихи даму кезеңдерімен, 
ұлттық мәдениеттің рухани тұғырларымен тұтасып жатады.  
 Т.Қоңыратбаевтың 
зерттеу 
еңбектерінде 
жоғарыдағы 
келтірілген 
антропонимдік  атаулардан  басқа  да  топонимикалық,    ойконимдік,  т.б.  көптеген  
атауларды  кездестіреміз.  Зерттеуші  өз  туындыларындағы  антропонимдердің 
этимологиясын,  семантикасын  тарихи  тұрғыдан  жүйелі  де  дәлелді  түрде   
көрсетеді.  Антропонимдердің  ұлттық-мәдени  мазмұнын  жүйелі  түрде  кешенді 
зерттеудің  мемлекеттік  тіл  саясатының  құрамдас  бөлігі  саналатын  еліміздегі 
ономастикалық  ахуалға  қатысты  практикалық  мәселелерге  де  тікелей  қатысы 
бар.   
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Никонов  В.А.  Имя и общество. -М.: 1974.  
2.
 
Қоңыратбаев Т. Эпос және  этнос. -Алматы: Ғылым, 2000.   
3.
 
Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. -Алматы: Ғылым, 1978.   
4.
 
Койчубаев Е. Краткий словарь топонимов казахстана. -Алматы: Наука, 1974.    
5.
 
Қайдаров А .Структура односложных корней и основ в казахском языке. -Алматы: Наука, 1986.         
6.
 
Есенұлы А. Күй-тәңірдің күбірі.  -Алматы: Сорос, 1996.   
7.
 
Қашқари М. Түрік сөздігі  2 том. -Алматы: 1997.   
8.
 
Қоңыратбай Т. Ел мұрасы. -Алматы:  Мер Сал, 2003.   

 
60 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Э.ӘДІЛБЕКОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті, 
«Түркі тілдер» кафедрасының меңгерушісі 
 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ ДАСТАН ЖАНРЫНЫҢ  
ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ЭПИКАЛЫҚ ДӘСТҮР 
 
В этой статье рассматриваются эпические традиции и исследование жанра дастан в казахской литературе. 
 
This article is devoted to the research of epic traditions and Dastan genre in the Kazakh Literature. 
 
Қазақ  халқына  тән  халық  әдебиеті  жанрларының  ішінде  дастандардың 
ерекше орны бар. Өйткені, ертегі, аңыз және қияли әңгімелермен топтасып, 
бір әдеби маңызға  ие болған әуенді немесе әуенсіз айтылатын бұл жырдың 
негізгі ерекшелігі – халықтың өмірін насихаттау. 
Дастан  –  парсы  тілінен  аударғанда  “тарих,  аңыз,  әңгіме”  мағынасын 
білдіретін  сөз.  Негізгі  атауы  “дасытан”  болған  екен.  Бұл  сөз  әр  түрлі 
сөздіктерде бір-біріне жақын мағынада түсіндіріліп берілген. Айталық, түрік 
тілінде дастан: 
1.
 
Эпикалық (батырлар және батырлық туралы баяндалған жыр); 
2.
 
Легенде (аңыз, ертегі); 
3.
 
Жыраулардың  әлеуметтік,  тарихи  және  әжуа  тақырыптардағы 
мәселелерді өлең түрінде айтып жеткізу деп түсіндіріледі [1.35]. 
Қорыта келгенде, “дастан – жалпы ескі дәуірлерде батырлық жырларын, 
ұлттың,  құдайлардың,  батырлардың  соғысы  мен  бастан  кешкендерін 
баяндайтын үлкен өлеңді шығарма” деп анықтама беріледі [1.46]. 
Ал, түрік әдебиетінде көбіне-көп “дастан” өте маңызды, қоғамның және 
батырлардың  ғажайып  оқиғаларын  ұзыннан-ұзақ  жырмен  баяндайтын 
ұлттық шығарма деп сипаттама беріледі. 
Дастандардың халық өмірінде маңызы зор. Бұлардың әрі тарих, әрі ақыл-
ой және өнер жағынан да шексіз мәні бар. Бұл да бастауын тарихтың өте ескі 
кезеңдерінен  алған.  Болмысы  тарихтан  бұрынғы  дәуірлерге  сүйенетін, 
халықтың өмірі туралы деректерден мол мағлұмат беретін де осы дастан. 
Қазақ халқының ұлттық санасын оята отырып, үміттерін жалғайтын және 
жарқын  болашақ  сыйлайтын  идеялар  қазақ  дастандарында  да  бар. 
Халқымыздың  өмір  салты  мен  өмір  шежіресінен  өшпейтін  із  қалдырған 
дастандардың  Қазақстандағы  зерттеу  жұмыстарының  ғылыми  бір  деңгейге 
жетіп,  жинақталуына  өз  үлестерін  қосқан  ғалымдарға  келсек,  ең  алдымен 
Ш.Уәлихановтан бастар едік. 
Ш.Уәлихановтың  қай  зерттеу  еңбегін  алып  қарасақ  та  Қазақстанда 
тұратын халықтың ғана емес, Орта Азия, Сібір, Еділ және Шығыс Түркістан 
аймақтарындағы  халықтардың  да  тарихи  жағрапиясы    және  ауыз  әдебиеті 
араласып  кездесетіндігін  көреміз.  Оның  қазақ,  қырғыз  фольклорына  тән 
ерекшеліктерін ашуға, халық өмірі мен олардың арақатынасын зерттеуге ден 
қоюына үлкен себептер бар еді. Ол өз еңбектерінде салыстыру әдісін қолдана  
отырып  әр түрлі  халықтардың  фольклорындағы  ұқсастықтардың  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Әділбекова Э. Қазақ әдебиетінде дастан жанрының зерттелуі және эпикалық дәстүр 
 
 

 
61 
 
шығу  төркінін  таныту  мақсатын  көздеген  болатын.  Өйткені  ол  үшін  ең 
маңыздысы – қазақ дастандары мен басқа да халықтардың ауыз әдебиетінің 
байланысы,  олардың  құрылымы,  қалыптасу  дәуірі  және  ғылымдағы  орны 
болды.  Ғалым-зерттеуші  қазақ  халхының  дастандары  туралы  ғажап 
эстетикалық  жолмен  суреттелген  ойларын  “Ұлы  жүз  қазақтарының 
аңыздары”,  XVIII  ғасырдағы  батырлар  жөніндегі  тарихи  аңыздар  сияқты 
еңбектерінде тұжырымдаған болатын [2]. 
Қазақ  әдебиетінде  дастанды  жинақтау,  жариялау,  зерттеу,  талқылау 
жұмысын  классик  жазушымыз,  әрі  атақты  ғалым-ағартушы  Мұхтар 
Әуезовтың  еңбегінің  де  алатын  орны  зор.  Ол  жүргізген  зерттеулердің 
нәтижесінде ауыз әдебиеті былай топтастырылады: 
1.
 
Халық  салт-дәстүр  жырлары,  жар-жар,  беташар,  сыңсу,  жоқтау, 
естірту, қоштасу;    
2.
 
Ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер; 
3.
 
Батырлар жыры (Едіге, Қобыланды батыр, Ер-Тарғын, Ер Шора); 
4.
 
Ғашықтар  жыры  (Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу,  Қыз  Жібек,  Айман-
Шолпан); 
5.
 
Тарихи дастандар;     
6.
 
Айтыс [3.68]. 
Қазақ  әдебиетіне  тән  дастандардың  тарихи  болмысын  анықтау  ісін 
С.Сейфуллиннің  де  еңбектерінен  де  көруге  болады.  Ол  өз  зерттеулерінде 
қазақ  дастандарының  қырым  ноғайларының  дастандарымен  ұқсатығын 
байқағандығын  атап  өтеді.Сондай-ақ  олардың  бір-бірімен  туыс  болған 
тегінің  әртүрлі  себептермен  әр  қилы  және  ұзақ  географиялық  ортада  өмір 
сүрсе  де  аңыз-әңгімелердің  еш  өзгермей  сақталғандығын  анықтап  берген. 
Бұл  ойын  дәлелдеу  үшін  “Орақ  Мамай”,  “Едіге”,  “Ер  Тарғын”,  “Жиренше” 
сияқты  аңыз-әңгімелердің  тек  қана  қазақтарда  ғана  емес,  қырым 
татарларында да тура сол қалпында сақталып келгенін айтқан [4]. 
Қазақ ауыз әдебиеті мен эпосы туралы еңбектерімен қазақ фольклорына 
үлкен үлес қосқан С.Мұқановтың еңбектерін екі салада қарастыра аламыз: 
1.
 
Дастандардың жариялануы; 
2.
 
Батырлық дастандардың зертелуі. 
С.Мұқановтың  “Халық  мирасы”  атты  еңбегінде  батырлық  жырлардың 
Отанды және халықты қорғау ниетінен туғанын айта келе: 
1.
 
Батырлардың  көпшілігі  ата-аналарының  қартайып,  балалы  бола 
алмайтын шағында дастандардан орын алған; 
2.
 
Батырлардың көбі бала кезден ақылды, өжет болады
3.
 
Батырлардың екі жақын досы бар; 
4.
 
Батырлар  жырының  көбінің  тақырыбы  бір:  батыр  дұшпанымен 
соғысуға  кете  салысымен  артында  қалған  адамдардың  және  отбасының 
басына жаман жағдай туады; 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Әділбекова Э. Қазақ әдебиетінде дастан жанрының зерттелуі және эпикалық дәстүр 
 
 
5.
 
Батырлардың  алдында  дұшпандары  шыдай  алмайды,  жеңіледі. 
Олардың  аттары  құстардан  да  жүйрік  және  адамдардан  ақылды  деген 
тұжырымға келеді [5.82].  

 
62 
 
Қазақ  ғалымдары  арасында  дастан  туралы  пікір  айтқандардың  бірі 
Б.Кенжебаев  та  1930  жылы  бұл  тақырыпта  жазылған  мақалаларында  қазақ 
дастандарында  әрі  тақырып,  әрі  құрылым  жағынан  түркі  әлеміндегі  халық 
дастандарымен ұқсастық және жақындық байқағанын, мұнымен қатар дастан 
кейіпкерлерінің  өмір  сүрген-сүрмегендігі  туралы  қазақ  батырлар  жыры 
шығыс  дастандарына  біршама  жақындығын  атап  өтеді.  Оның  пікірінше, 
жырлар  қазақ  халқының  ескі  кезеңдерінен  қалған  ортақ  мирас  және 
“Күлтегін”,  “Тоныкөк”,  “Оғызнама”  секілді  дастандар  қазақтың  эпикалық 
дәстүрімен тығыз байланысты. 
Қазақ фольклор зерттеушілерінің арасында дастандарды түрлеріне қарай 
жіктеп,  ойларын  тұжырымдаған  ғалымдардың  бірі  –  Қ.Жұмалиев.  Оның 
дастанның  құрылымына,  негізіне,  жүйесіне  қарай  айтқан  пікірінше,  бір 
батырдың  батырлық  серуені,  ерлігі  туралы  айтылып,  басқа  да  оқиға  мен 
мотивтер жалғанып жазыла ғасырлар бойы жыраулар тарапынан жырланады,  
сөйтіп халықтың қазынасына айналады.  
Қ.Жұмалиев 
қазақ 
фольклортанушыларының 
ішінде 
дастан 
кейіпкерлерінің  өзіне  тән  сын-сыйпатын  зерттеген  ғалым  ретінде  алатын 
орны  ерекше.  Ол  батыр  болатын  баланы  Тәңірден  сұрап  алатынын  және 
жалғыз  ұл  болатынын,  “тез  өсіп,  ерлік жасауын”  бүкіл  дастандардың  ортақ 
ерекшелігі  деп  таниды.  Ғалым  дастандарды  зерттеудің  нәтижесінде 
дастанның  жинақталуы,  жариялануы,  зерттелуі  турасында  мыналарды  атап 
өткен: 
1.
 
Батырлар жырын зерттеу үшін оның он немесе жиырма, ең аз дегенде 
бірнеше варианты болу керек; 
2.
 
Жыршы-жыраулардың  өздеріне  тән  дәстүрлерін,  Қазақстанның  әрбір 
аймағының өзіне тән ерекшеліктерін, жырау-жыршылардың репертуарларын 
қарастыру керек; 
3.
 
Эпикалық  мирасты  бір  ғана  халықтың  мирасы  секілді  зерттеу  дұрыс 
емес.  Сол  себепті  де  көрші  және  туыс  мемлекеттердің  тура  сол  сияқты 
нұсқаларымен салыстыру керек
4.
 
Тарих  пен  эпос  арасындағы  байланыстың  ара  қашықтығы  анықталу 
керек.  Әсіресе  эпостың  тілін,  құрылымын  және  өнер  туындысы  ретінде 
танытқан жырларын білу керек [6.39]. 
Қазақ  халқының  эпикалық  мұрасын  зерттеу  жолында  еңбектер  жазған 
ғалымдардың  бірі  -  Ә.Марғұлан.  Ол  көбіне  қазақ  дастандарындағы  тарихи 
жағдайлар  мен  бұларды  Сібір,  Алтай,  Орта  Азия  халықтарының 
әңгімелерімен  салыстыра  отырып  зерттеу  жүргізді.  Қазақ  дастандарының 
пайда  болған  дәуірлеріне  қарай  жинақталу  мәселесінде  1940  жылы  былай 
деп бір тұжырымға келеді: 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Әділбекова Э. Қазақ әдебиетінде дастан жанрының зерттелуі және эпикалық дәстүр 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет