Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет32/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Т.АЙТМАҒАНБЕТОВА  
 А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 
 
ЙАССАУЙ МҰРАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ БАЛАБАҚШАЛАРДА  
ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ  
 
В  статье  рассматривается  роль  традиционной  культуры  казахского  (тюркского)  народа,  а  также 
духовно-нравственного  воспитания  в  рамках  тюрко-исламского  мировоззрения  в  наследии  Иассауи  у 
воспитанников детских садов. 
 
The  author  of  this  article  writes  about  the  role  of  traditional  culture  of  Kazakh  (Turkic)  people  and  the 
spiritual and moral role of education of pupils at nursery schools within the framework of the Turkic and Islamic 
world outlook in the heritage of Yassawi. 
 
Халықтық  және  дәстүрлі  педагогикада  жас  бүлдіршіндер  дүниетанымын 
қалыптастыру және оның ақыл-ойын дамытудың бастау көзі ретінде ең алдымен 
оның  қоғамға,  қоршаған  орта  мен  дүниеге  және  ондағы  адамның  орнына 
көзқарастарды  тірек  еткен  дүниетанымы  алға  шығады.  "Арманы  жоқ  жас  – 
қанатсыз  қарлығаш",  –  дейді  халық.  "Күш  білімде,  білім  кітапта".  Жастайында 
алған білімнің өмір бойына игілікті қызмет ететініне тәжірибеде көз жеткізілді. 
Олардың  "Жаста  оқыған  оқуы  тасқа  жазғанымен  бірдей",  –  деп  балаларды 
жастайынан  білімді  игеруге  үндеуі,  әсіресе,  ақылды  дәріптей,  оның 
мүмкіндіктерінің  шектеусіздігін  ашып,  талдап  түсіндіруге  тырысуы  да  осыдан 
болу керек. "Әліппенің ар жағы – білім бағы", "Өнер ағып жатқан бұлақ, ғылым 
жанып  тұрған  шырақ",  ал  кітап  халық  көзқарасында  адамның  досы,  кеңесшісі, 
білім  көзі.  Осы  орайда  жас  бүлдіршіндердің  жастайынан  дүниетанымын 
қалыптастыру  қажет.  Сондықтан  ҚР-ның  "Білім  туралы"  заңында  ұлттық  және 
жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті 
жағдайлар  жасау  білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  болып  табылады.  Жан-
жақты  білімді,  мәдениетті  дамыған  жеке  тұлға,  ең  алдымен  біртұтас 
дүниетанымға  ие  болуы  қажет.  Ал  оның  негізі  ұлттық  дүниетанымнан  бастау 
алады.  Міне  осы  тұрғыдан  дүниетанымды  жас  бүлдіршіндерден,  яғни  бала-
бақшалардан  бастасақ  өте  құнды  болар  еді.  Елімізде  егемендік  алғаннан  кейін 
біраз  уақыт  бала-бақшалар  жабылып  тоқырау  мезгілдері  де  өтті.  Енді  жаппай 
барлық жерлерде бала бақшалар қайта ашылып, заңсыз қолды болып кеткендері 
қайтарылып іске қосылуда. Қазақ тілі топтары күн сайын көбейіп келеді.  
Бала-бақшадағы  бүлдіршіндердің  ұлттық  дүниетанымын  қалыптастыруда 
қазақ (түркі) халқының дәстүрлі мәдениетінің, сонымен қатар Йассауй ұсынған 
түркі-ислам дүниетанымының алатын орны ерекше. Өйткені дәстүрлі әрі түркі-
исламдық  мәдениетте  халықтың  ғасырлар  бойы  жинақтаған  бай  тәлім-тәрбиесі 
сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. 
Бірақ, халқымыздың ұшан-теңіз, баға жетпес құнды осы асыл мұралары ғылыми 
жолмен  жүйеленбеген  әрі  оны  бала-бақшаның  оқу-тәрбие  процесінде  қолдану 
бағдарламаларға сай емес.  
Жас бүлдіршіндерге арналған әдебиеттер мен оқу құралдары жетіспейді әрі  
жоқтың  қасы.  Сайып  келгенде,  түркі-ислам  мәдениеті  материалдары жүйелі 
түрде  жеткізілмейді,  оқытылмайды,  оқу-тәрбие  процесінде  қолданылмайды. 
Осының салдарынан қазақ жастары ұлттық дүниетанымнан бейхабар болып өсіп 
жетілгендіктен,  басқа ұлт өкілдерінің  дәстүріне  әрі діндеріне өтіп  кетіп  жатыр.  
Оның  үстіне  тәрбие  ауқымы  жастар  арасында  күн  сайын   төмендеп 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Айтмағанбетова Т. Йассауй мұралары негізінде балабақшаларда ұлттық дүниетанымды...  
 

 
252 
 
 
барады.  Міне  осы  тұрғыдан  ұлттық  дүниетанымды  қолға  алып,  оны 
балабақшаларға  ендіріп,  оқу-тәрбие  процесінде  үздіксіз  пайдалану  қажет  деп 
ойлаймыз.  Бұл  жөнінде  Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Ясауи  атындағы 
Халықаралық  қазақ-түрік  университетінде  біршама  іс-шаралар  жүргізу  қолға 
алынған.  Мәселен,  Педагогика  факультетінің  студенттері  педагогикалық 
практикаға  бала-бақшаларға  барғанда  осы  жоғарыдағы  істерді  жүйелі  орындап 
жүреді. 
Сонымен  қатар  Түркістан  қаласының  аумағында  жайласқан  оқу 
орындарында, атап айтар болсақ университеттерде, колледждерде, мектептерде, 
этнопедагогика,  этнопсихология,  дінтану,  Йасауйтану,  мектеп  оқушыларын 
рухани  дамыту  мәселелері  сынды  пәндер  арнаулы  курс  ретінде  өтуде.  Бұл 
пәндер  біздің  келешек  мүғалімдеріміздің  ұлттық  бағытта  білім  алуларына 
көптеп  көмек  көрсетеді.  Келешек  ұстаздар  алған  білімдерін  балабақшалар  мен 
мектептерде  пайдалану  үстінде.  Оқу  тәрбие  жұмыстарын  балабақшалар  мен 
мектептерде  пайдалану  бағдарламалармен  сәйкестендірілген.  Мәселен, 
балабақшаларға  барғанда  бүлдіршіндердің  жас  ерекшеліктеріне  байланысты 
Йассауй  мұраларынан  үзінділер  алынып,  соларды  оқып  немесе  жатқа  айтып 
береді.  Міне  соның  әсерінен  балабақша  бүлдіршіндері  жастайынан  Йассауй 
дүниетанымын  естіп,  жатқа  айтып,  үйрене  бастайды.  Мұндай  бүлдіршіндер  ер 
жетіп,  есейгенде  ешқандай  жамандыққа  бас  ұрып, басқа  ұлт  өкілдерінің  дініне 
өтіп кетпейтін болады, әрі толық адам болып қалыптасады. Сондықтан Йассауй 
дүниетанымын балабақшалардан бастаған өте құнды. 
Енді дәлелді болу үшін Йассауй мұраларынан бірнеше үзінді хикметтер мен 
әңгімелер  беріп  өтейік.  Сонымен,  егер  жас  бүлдіршіндер  бір  жастан  үш  жасқа 
дейін  үйлерінде  тәрбиеленсе,  ал  үш  жастан  бастап  бала  бақшаларға  бара 
бастайды.  Сондықтан  Йассауй  хикметтерінде  осы  жастарға  арналған  хикмет 
шумақтары бар. Соны оқып беруге әрі жаттауға болады. Мәселен: 
Бір жасымда әруақ маған үлес берді, 
Екі жаста пайғамбарлар келіп көрді. 
Үш жасымда шілтен келіп халімді білді, 
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. 
Төрт жасымда хақ Мұстапа берді құрма, 
Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым. 
Күндіз-түні зікір айтып тәуба қылдым, 
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. 
Алты жаста тұра қаштым халайықтан,  
Көкке шығып дәріс үйрендім мәлейіктен. 
Киім киіп ынтық болдым шын көңілден, 
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. 
Жеті жаста Арыстан Бабам іздеп тапты, 
Әр сырымды көрген сайын бүркеп жапты. 
«Биихамдиллаһи» көрдім деп ізімді өпті, 
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге [1.21-22 ]. 
Міне,  осы  хикмет  шумақтарын  оқып,  жаттатып,  талдап  түсіндіріп  беріп 
отырады.    Себебі,    бұларға    арналған    оқу-құралдары   мен   оқу-әдістемелік  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Айтмағанбетова Т. Йассауй мұралары негізінде балабақшаларда ұлттық дүниетанымды...  
 
 
құралдар да бар. Мәселен, ("Йассауй тағылымы – тәлім-тәрбие ғибраты", "Мұхаммед 
(с.ғ.с.)  пайғамбар  аманаты")  т.б.  осылардан  пайдаланып  қосымша  түсініктемелер 

 
253 
 
беріледі [3,4,5]. 
Енді  осы  Йассауй  өмір  жолына  байланысты,  қысқа-қысқа  хикаяттар  мен  аңыз 
әңгімелер бар. Солардан бір үзінді беріп өтейін, себебі осындай әңгімелерді де оқу-
тәрбие жұмыстарында пайдалану керек. Мәселен, кішкентай бүлдіршіндер амандасу, 
тамақтанып болған соң бата жасау, үлкенді сыйлау, құрметтеу, тағы сол сияқтылар.  
Сонымен, «Ұстазға, медресеге, адамдарға және Құран мен хадиске құрмет» атты 
әңгіменің толық мәтінін беріп өтейік. 
Жалпы Йассауй жастайынан дүниедегінің бәріне құрметпен қараған. Солардың 
ішінде  ұстазға,  медресеге,  адамдарға,  құранға,  хадиске  деген  құрмет  ерекше  орын 
алған.  Себебі,  "ұстазды  ата-анаңнан  артық  сыйла"  деген  ұлағатты  сөз  бар.  Өмірге, 
білімге,  ғылымға  жол  бастаушы  тек  ұстаз  екендігін  есте  сақтаған  жөн.  Сондықтан 
да,  Йассауи  өз  тариқатын  мурид  пен  муршид  арасындағы  қарым-қатынасқа  көп 
көңіл  бөліп,  соларға  арнап  он  ережені  дүниеге  келтірген.  Осы  ережені  қатты 
қадағалайтын болған. 
Қараңғылықтан  шығарушы  бірден-бір  жол  білім  болса,  онда  білім  ордасы 
медресе екендігін ұмытпау керек. Соны білген Йассауй медресесінде құрмет тұтқан 
Алланың  құрметі  үшін  адамдарға  қызмет  ететін  болғандықтан,  Алланың  сүйіп 
жаратқан  құлы  адамдарды  да  Қ.А.Йассауй  ерекше  құрметтеген.  Ал  енді,  барлық 
ілімнің,  ғылымның  бастауы  болған  Алла  тарапынан,  барлық  азаматқа  жіберілген 
Мұхаммед  (с.ғ.с.)  пайғамбарымызға  түсірілген  «Құрани  Кәрімге  және  Хадиске» 
құрметі ерекше еді. Міне осылар туралы қысқаша хикметтер бар екен. Соны халық 
аузынан жинап сіздерге ұсынып отырмыз. 
Бұл жас шәкірттің діліне, жүрегіне салынған Аллалық тағылымы немесе ата-ана, 
ұстаз тағылымы ма? Көрген кісілерді ойландырар еді. Жолда кездескендерге бірінші 
болып  сәлем  бергенде  жоғары  әуезбен  дауыстап  "Ассалаумуалайкум"  дейді,  оның 
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар хадисінен алған тағылымы секілді емес пе? Жас Ахмет 
Құрани  Кәрімді  төбесіне  қойып  жүретін  еді.  Бұл  да  Құранға  деген  шексіз  құрмет 
болуы  керек.  Осы  айтылғандардың  құрметтеуінің  дәлелі  ретінде  төмендегі 
"Хикметтерді" айтып өтуге болады.  
Төрт жасымда хақ Мұстапа берді құрма,  
Жол көрсеттім, адасқанды салдым жолға.  
Қайда барсам Қызыр бабам бірге жолда,  
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. 
Бес жасымда шариғатқа белімді будым, 
Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым. 
Күндіз-түні зікір айтып тәуба қылдым, 
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге [2.15]. 
Міне,  осы  сынды  бүлдіршіндердің  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестендіріп 
бағдарламаларға  бейімдеп,  балабақшаларда  оқу-тәрбие  жұмыстарын  жетілдіріп 
барудамыз. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Диуани хикмет. (Ақыл кітабы). Қ.А.Йассауи. Алматы, 1993. 
2.
 
Құрбанқожа С.Н. Йассауй кереметтері. Түркістан, 2004.  
3.
 
Құрбанқожа С.Н. Йассауйтану. Түркістан, 2001. 
4.
 
Құрбанқожа С.Н. Йассауй тағылымы - тәлім-тәрбие ғибраты. Түркістан, 2004. 
5.
 
Құрбанқожа С.Н. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар аманаты. Түркістан-Шымкент, 1995. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
С.ПАШТАНОВ   
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 
 
МЕКТЕПТЕН ТЫС МЕКЕМЕЛЕРДЕ ОҚУШЫЛАРҒА  
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 
 

 
254 
 
В  этой  статье  характеризуются  особенности  профессиональной  ориентации  учащихся  во 
внешкольных учереждениях в условиях нового социально-экономического развития. 
 
This article deals with peculiarities of professional orientation of pupils in out-of-school institutions in 
the conditions of new social and economic development. 
 
Бүгінгі  таңда  қоғамның  жаңа  сатыға,  жаңа  сапалық  жағдайға  көтерілуі 
еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  саласында  жаңа  міндеттерді,  жаңа 
талаптарды  шешуді  жүктеп  отыр.  Егер  де  қоғамның  әлеуметтік  саласына 
қайта  құру  міндеттері  жүктелсе,  ол  жалпы  орта  білім  мен  тәрбие    беретін 
мектеп пен мектептен тыс мекемелер алдында тұрған жаңа сатыдағы сапасы 
жағынан  жаңа  міндеттерді  шешудің    объективті  қажеттілігі  туындайтынын  
да көрсетеді.  
Осыған байланысты мектептен тыс мекемелерде де оқушыларға кәсіптік 
бағдар  берудің  объективті    қажеттіліктері  туындап  отыр.  Кәсіптік  бағдар 
беру  жан-жақты  зерттелген  десек  те,  қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік-
экономикалық өзгерістерге сәйкес қоғам талаптары тұрғысынан келуді қажет 
етеді.  
Мектептен  тыс  мекемелерде  оқушыларға  кәсіби  бағдар  беруді  әрбір 
автор  зерттеу  мақсаттарына  сәйкес  түрліше  қарастыратындықтан,  оны 
бүгінгі  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге  байланысты  қарастыруда 
біршама  қиындықтар  туындап  отыр.  Оның  басты  себебі  –  елімізде  болып 
жатқан  саяси-әлеуметтік  өзгеріс,  нарықтық  экономиканың  келуі,  қоғамдағы 
еңбек  қатынасының  өзгеруі,  мемлекеттік  меншік  пен  жеке  меншіктің, 
нарықтық  еңбек  қатынасындағы  еңбекке  деген  жаңа  қарым-қатынастың 
пайда  болуы,  т.б.  Бұлардың  барлығы  кәсіби  әрекеттерді,  маман  иелерінің 
кәсіби  әрекеттерін  түбегейлі  өзгерістерге  ұшыратқаны  белгілі.  Демек,  біз 
үшін  тұлғаның  кәсіптік  бағдарын  жаңа  әлеуметтік  ортаның  сұраныстарына 
сай  қалыптастырудың  педагогикалық  негізін  қарастыру  бұл  мәселені 
түбегейлі  шешуге  негіз  болады.  Сондықтан  тұлғаның  кәсіби  бағдары 
дегеніміз  не,  оны  қалай  қалыптастыруға  болады  деген  заңды  сұрақ 
туындайды.  
Оқушыларға  кәсіби  бағдар  берудің  мақсаты  –  тұлғаның  кәсіби  іс-
әрекетін дамытып, қоршаған орта мен өзін-өзі тани білуін, өзіне-өзі баға бере 
білуін қалыптастыру. Қазіргі кәсіптік бағдар берудің  негізгі нысаны – тұлға. 
Кәсіп  таңдау  мәселесі  тұлғаның  жан-жақты  дамуы  негізінде  жүргізіледі. 
Себебі,  кәсіби  тұрғыдан  өзін-өзі  анықтау  тұлғаға  пайдалы  болуы  керек. 
Оның алға ұмтылуын қолдауы қажет.  
Бұл  мәселелерді  психологтар  жан-жақты  қарастырған.    Психологтар 
Л.С.Выготскийдің,  А.Н.Леонтьевтің,  И.С.Конның,  П.А.Шавирдің,  т.б. 
еңбектерінде тұлғаның  дамуын іс-әрекетпен байланыста қарастырады. Олар  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Паштанов С. Мектептен тыс мекемелерде оқушыларға кәсіби бағдар берудің мәні мен мазмұны 
 
 
тұлғаның  дамуы  іс-әрекетке  ауысады  да,  нәтижесінде  шығармашылық 
элементіне  бай,  адамда  еңбектің    түріне  деген  жағымды  көзқарас 
туындататын  іс-әрекет  сипат  алады  деп  түсіндіреді.  Әрбір  іс-әрекет,  соның 
ішінде еңбек іс-әрекеті жеке адамның тұлға ретінде қалыптасатын әлеуметтік 
ортасымен өзара байланысты процесс деген қорытындыға келеді.   

 
255 
 
Аталған  психологтар  сана  мен  әрекетті  тұтас    жүйе  ретінде 
қарастыратынын  ескерсек,  онда  кәсіп  таңдаудағы  оқушылардың  мақсаты, 
арманы,  өмірлік  жоспары  (бұлардың  барлығы  қызығушылықтар  негізінде 
көрінеді)  олардың  әлеуметтік  ортадағы  әрекетін  тануға  негізделеді.  Ал 
бұларды қалыптастыруды қалай іске асырамыз?  
Іс-әрекет қажеттілікпен байланысты. Қажеттілік субъектінің іс-әрекетіне 
басшылық жасай алады, бірақ олар бұл функцияны бір шартта ғана орындай 
алады, яғни, ол іс-әрекет нақты болған кезде ғана мүмкін [1.87]. 
Психологтар  А.Н.Леонтьев  пен  П.А.Шавир    тұлғаның  кәсіби  тұрғыдан 
өзін-өзі  анықтауын  детерминизм  мен  іс-әрекет  принциптері  негізінде 
қарастырады. 
Детерминизм 
принциптерін 
ескере 
отырып, 
оның 
ерекшеліктерін  кәсіби  өзін-өзі  анықтау  процесінде  екі  жүйенің  өзара 
байланысы  барысында  түсіндіреді.  Оны  бір  жағынан  жастардың  саналы 
түрде мамандық таңдауындағы өзін-өзі анықтауына арналған қоғамдық жүйе 
ретінде  де  қарастырады.  Оқушылардың  мамандықты  таңдау  мотивтеріне  
мақсатты түрде әсер етуші және тікелей басшылыққа алатын мектеп, жанұя, 
қоғамдық ұйымдар, әдебиет пен өнер жататын болса, бұлар тұлғаның нақты 
өмір  мен  идеялды  формада  қарама-қайшылыққа  түсе  отырып,  оның 
белсенділігін  арттыратын  қозғаушы  күштер  туғызады.  Қажеттіліктің  осы 
нақты дүниеге қарама-қайшылығы іс-әрекеттің туындауына әсер етеді және 
мүмкіндік береді [2.7]. 
Л.С.Выготский қажеттілік «нақты дүниемен» кездесуі үшін қосымша бір 
шарттар  керек,  себебі,  сол  шарттардың  арасында  қажеттілік    өзінің 
құндылығын сол «нақты нысанда» таба алады деген пікірді айтады [3.9]. 
Сонымен, бұл авторлардың еңбектеріне сүйенуіміздің басты себебі,   іс-
әрекет  қарама-қайшылығын  талдағанда  ішкі  және  сыртқы  факторлардың 
өзара  байланысы  мен  қарама-қайшылығын  ескермесе  болмайды.  Соңғысы 
тұлғаның  дамуы  процесінде    «автономия»  алуымен  қатар,  сыртқы  әсерді 
белсенді түрде  екінші детерминация факторы ете алады [4.64]. 
Қажеттілік  іс-әрекетпен  байланысты  екені  белгілі  болды.  Енді  осы 
қажеттілік  пен  оның  құралдары  арасында  өзара  жанайтын  буын  бар.  Ол  – 
қызығушылық.  Кәсіптік  тұрғыдан  өзін-өзі  анықтау  қызығушылықпен 
байланысты. Адамның қажеттілігі сияқты қызығушылық дегеніміз тұлғаның 
белсенділігінен  көрініп,  адамдар  қарым-қатынасы  мен  олардың  қоршаған 
ортамен байланысынан тұрады.  Бұндай қатынастардың ауқымы мен сипаты  

 
256 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Паштанов С. Мектептен тыс мекемелерде оқушыларға кәсіби бағдар берудің мәні мен мазмұны 
 
 
өте кең болғандықтан іс-әрекеттің негізгі түрлерін жүйелеу үшін субъектінің 
айналамен жүргізетін барлық байланысын қамтуы керек.  
Сондықтан  қызығушылықтың  болуы  субъектпен  нақты  нысан  (объект) 
арасында  туындайтын  байланыстың  алғы  шарты  болып  табылады.  Жоғары 
сынып оқушыларының іс-әрекетке деген қызығушылығы сыртқы мамандық 
таңдау  факторларымен  және  тұлғамен  өзара  байланысының  тізбегін 
туындатады [4.15]. 
Санасында  белгілі  бір  түйсікті    қабылдап,  адам    қызығушылықтың 
арқасында  өмірге  деген    нақты  көзқарасы  қалыптасып,  мақсатты  іс-әрекет 
нысанына  айналады.  Сондықтан  қызығушылықты    адамның  іс-әрекеттерін 
басқаратын  ішкі  серіппе  десек  те  болады.  Нәтижесінде  адамның  өмірлік 
талпыныстары мен іс-әрекеттерін айқындайтын күштерін жан-жақты ашып, 
оны  тереңірек  тануға  көмектеседі.  Демек,  қызығушылық  дегеніміз  – 
субъектінің  ішкі  және  айналадағы  қоршаған  ортамен  қатынасының  бірлігі. 
Яғни,  оны  материалдық  және  рухани  құндылықтардың,  субъекті 
санасындағы мәдениетінің жиынтығы ретінде қарастырамыз. 
Қызығушылық дегеніміз, бір жағынан, әлеуметтік-экономикалық, екінші 
жағынан 
жеке 
психологиялық 
құбылыс. 
А.С.Конның 
пікірінше, 
қызығушылық  сана-сезімде  қалыптасатын  әлеуметтік  жағдай,  іс-әрекетке 
ауысатын  сана-сезім.  Қызығушылықтың  объективтілігі  ол  бір  жағынан 
субъектінің  жағдайы,  ал  субъективті  жағдай  болып  идеалды    қозғаушы 
күштер болып табылады.  Олар қалау, ұмтылыс, іс-әрекет себептері (түрткі), 
т.б.  Осы  түрткілердің  объективті  негізі  қызығушылықтың  мәні  болып 
табылды.  Субъектінің  жағдайына    сәйкес  оның  санасында  айқындалатын 
жағдай қызығушылықтың мәнін анықтайды. Демек, қызығушылық дегеніміз 
–  субъектінің  ішкі  дүниесінің  мәні  және    объективті  әлемнің  айқындалуы 
болып табылады [4.27].  
Адамды іс-әрекетке итермелейтін, ішкі ойын іске асыратын, қозғалысқа 
келтіретін қажеттілік. Іс-әрекеттегі мақсат адам санасындағы қажеттілік пен 
қызығушылықтың  пайда  болуынан  көрінеді.  Бір  жағынан  мақсат  адам 
санасында  нақты  іс-әрекеттің,  нақты  ситуацияның,  индивидтің  қазіргі 
жағдайда    нақты  шарттарының  пайда  болуы.  Осы  екі  элементтің  адам 
санасында  пайда  болып,  байланысуы  нақты  іс-әрекет  нысанының  пайда 
болуына негіз болады. Қажеттілік пен нысандылық (объективность)  арқылы 
нысанды  қажеттіліктің  субъективті  талаптарына  өтуін  жүзеге  асырады. 
Адамның  белсенділігін  арттыратын  фактор  ретінде  жоғарғы  белсенді  іс-
әрекет туындайды.  
Сондықтан  кәсіби  қызығушылық  субъекті  мен  қоршаған  орта 
арасындағы  пайда  болатын  байланыстың  бірден-бір  шарты.  Бұл  жағдайда 
жоғары 
сынып 
оқушыларының 
түрлі 
іс-әрекеттерге 
байланысты 
қызығушылықтары  тұлғаның  сыртқы  факторлар  мен  мүмкіншілігі  бар 
тұстардың  өзара  қатынасының  пайда  болуына  негіз  болады  [5.66].  Осы 
тұрғыдан   алып    қарағанда,   жеткіншектердің   кәсіби   тұрғыдан   өзін-өзі  
.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Паштанов С. Мектептен тыс мекемелерде оқушыларға кәсіби бағдар берудің мәні мен мазмұны 
 

 
257 
 
 
анықтауында  кездесетін  қиыншылықтар  тұлғаның  рухани  құндылығы 
жүйесінде    қарама-қайшы  өмірлік  талаптарының  қалыптасуында.  Жекелеп 
айтқанда,  мамандық  пен  жоғары  оқу  орнын  таңдағанда  жасөспірімдер 
құндылықтарды  басшылыққа  алмай,  керісінше  қоршаған  ортаға,  жанұя 
пікіріне  сүйеніп,  кездейсоқ  құбылыстарға,  ақпарат  құралдарына,  т.б. 
еліктейді.  
Қызығушылық  пен  бейімділік  байланысты  болғандықтан,  кәсіби 
қызығушылықты  кәсіби  өзін-өзі  анықтаудан  бөліп  қарастыруға  болмайды.  
Себебі,  қызығушылықтың  кәсіби  ме,  жоқ  әлде  оқушының  кәсіби  тұрғыдан 
өзін-өзі  анықтауда  ақпараттарды  меңгермегендіктен  болған  белгілі  бір  іс-
әрекетке  деген    бейімділігі  ме  екенін  анықтай  алмаймыз.  Сондықтан 
оқушылардың қызығушылықтары мен кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтаудың 
арасындағы қатынасты тану қажет. Кәсіби қызығушылықтың болуы субъект 
пен қоршаған орта арасындағы туындайтын нақты іс-әрекетпен байланыстың 
қажетті себептері болып табылады дейтініміз сондықтан. 
Г.Саудабаева  өзінің  мақаласында  кәсіби  тұрғыдан  өзін-өзін  анықтауды  
тұлғаның  кәсіби-еңбек  сферасындағы  көзқарастары,  тұлғаның  ішкі  және 
әлеуметтік кәсіби қажеттіліктері келісімділігі арқасында жүзеге асырылатын 
мүмкіншіліктері  деп түсіндіреді  [6.334]. 
Ә.Мүсілімовтің пікірінше әр бір жеке тұлғаның кәсіби бағдарын сезінуі 
қоғамдық  болмыстың  айнасы  болып  табылатын  қоғамдық  сананың 
қалыптасуы  үрдісіне  аса  қажет.  Кәсіби  бағдарды  сезіну:  а)  бір  нәрсеге  өз 
бетінше  стихиялы  түрде    ұмтылу;  ә)  жеке  идея;  б)  бір    жүйеге  келтірілген, 
ой-санадан өткізілген идея түрінде болады. Тек саналы түрдегі кәсіби бағдар 
адамның сол кәсібін меңгеруге деген қозғаушы күшін тудырады [7.32]. 
Әр  адамның  мінез-құлқының  негізгі  сипаттарының  бірі  –  оның 
бейімділігі,  бағдары.  Бейімділіктің  әлеуметтік-психологиялық  тұрғыдан 
дамуы адамның оқып, білім алуы мен тәрбиеленуі үшін маңызды. Алайда, әр 
адамның  бағдары  деген  ұғымның  өзі  өте  күрделі  категория.  Бұл  мәселе 
туралы  әр  түрлі  пікірлер  бар.  Біреулер  адамның  бағдары  оның  тұтыну 
қажеттілігіне  байланысты  десе,  екіншілері  тұтыну,  қызығу,  мақсат  қою, 
өмірдегі  басқа  да  іс-әрекеттермен  бірлестікте  қарастырады.  Бірақ  жеке 
тұлғаның іс-әрекеттегі кәсіби бағдарлары тұтынуы, қызығуы, мақсаты, сана-
сезіммен  ғана  анықталады  деу  қиын.  Ол  адамның  мінезіне,  біліміне, 
біліктілігіне  де  байланысты.  Бұл  жағдайда  жеке  тұлғаның  іс-әрекетін 
жүйелік-құрылымдық  тұрғыдан  тұтас  алып    қарастыру  керек.  Адамның 
бағыты,  іс-әрекеті  өткенге,  осы  кезеңге,  болашаққа  байланысты.  Адамдар 
өткенге  қарап  өз  қателіктерін  түзетуге,  ондай  қателіктерді  алдын-алуға, 
өзінің  іс-әрекетін,  мінез-құлқын,  кәсіби  бағдарын  анықтауға    әрекеттенеді 
[7.31].  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет