243
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Г.А.МОМБИЕВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы
БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДАҒЫ
ПРОЕКТИВТІ ӘДІСТЕМЕЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
В статье рассматриваются особенности проективной методики в профессиональной подготовке
будущих психологов.
The article deals with peculiarities of project methods in the professional training of future psychologists.
Жоғары оқу орнында болашақ психологтарды даярлау барысында білім беру
жүйесінде қолданылатын әдістемелердің міндеттері – білімгерлердің кәсіби
сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Болашақ мамандар даярлау,
оларды кәсіби-педагогикалық бағдарда оқыту мәселелеріне әрқашан педагогтар
мен психологтардың зерттеулерінде басты назар аударылып келеді.
Тұлғалық қасиеттерді зерттеуге бағытталған әдістердің бір түрі – проективті
әдістемелер. Олар адамның өзінде бар, бірақ анық байқала бермейтін түрлі
сапалар мен қасиеттерді көшіру принципіне негізделеді. Осы біртұтас
психологиялық механизм – «кескіндеме» немесе «проекция» деп аталады. Міне,
осыдан келіп «проективті әдістемелер» атауы шыққан.
Санадан тыс қорқыныш пен тілектер ассоциацияда, түсте, суреттерде және
оларды қабылдау арқылы пайда болады.
Психодиагностикада проективті тәсіл дәстүрлі әдістермен салыстырғанда
өте күшті ерекшеленеді. Проективті психология оларға артқан үлкен үмітті
ақтай алмаған біртекті психометрикалық тесттерге қарсылықтан пайда болып,
дамыды. Проективті әдістердің дамуына Юнгтың, З.Фрейдтің жұмыстары,
Л.Франктың, Дж. Брунердің идеялары үлкен әсер етті.
Проективті әдістер арқылы диагностикалайтын сапалардың ішінен
қызығушылық, бағдарлану, қорқыныш, тұлғалық қажеттіліктерді бөліп
көрсетуге болады. Проективті әдістемелердің ішінде Роршахтың «сиялы
дақтары», Розенцвейг тесті, Люшер тесті, Равеннің матрицалар тесті, «Менің
жанұям», «Әлемде жоқ жануардың суреті», «Үй, адам, ағаш», т.б. әдістемелер
кеңінен танымал болған. Баланы диагностикалау үшін, әсіресе, егер баланың
сөйлеу әрекеті нашар дамыған болса, онда вербальды емес әдістемелер, яғни
сурет тесттерін пайдалану тиімді болады [4.191].
Сурет салу – клиентке өзін-өзі сезінуге және түсінуге, өз пікірі мен сезімін
еркін жеткізуге, қатты мазасызданудан және конфликтіден арылуға, эмпатиясын
дамытуға, өзімен-өзі болып, арман-үміттерін еркін жеткізуге мүмкіндік беретін
шығармашалық әрекет. Бұл қоршаған әлуметтік шындықтағы клиенттің бейнесі
ғана емес, сонымен қатар оған деген қарым-қатынастың моделі де болып
табылады. Сурет салуға көптеген психикалық функциялар қатысады.
Клиент сурет салу барысында өз арман, сезіміне, тілегіне жол береді, әр
түрлі ситуациялық жағдайларға қарым-қатынасын нақтылайды, кейбір
қорқынышты, жағымсыз, көңілді жарақаттайтын бейнелерге ауырсынбай ене
алады. Сондықтан да сурет салу тек диагностикалық бағытта ғана емес,
психикалық шиеленісті шешу үшін, қорқыныш, невроз кезіндегі стрестік
жағдайдан шығу үшін коррекциялық бағытта да кеңінен пайдаланылады.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Момбиева Г.А. Болашақ психологтарды кәсіби даярлаудағы проективті әдістемелердің…
244
Проективті сурет жеке дара немесе топтық формада да жүргізіле береді.
Проективті суреттің негізгі міндеті клиенттің мазасыздануы және айтылуы қиын
проблемаларын айқындау мен түсіну болып табылады. Сурет тақырыптарына
бағыт бере отырып және біртіндеп басқара отырып, клиенттің зейінін аударуға,
оны елеулі, нақты проблемаға шоғырландыруға болады. Бұл, әсіресе,
балалардың қорқынышын сурет терапиясы арқылы коррекциялау барысында өте
тиімді болады [4.193].
Кейбір авторлар проективті суреттерді топтық жұмыста көмекші әдіс
ретінде қарастырады. Ол қарым-қатынастағы қиындықты, эмоционалды
проблемаларды, т.б. диагностикалауға және интерпретациялауға мүмкіндік
береді. Бұл әдіс кейбір себептерге байланысты субъектінің өзі мойындамайтын,
түсінбейтін сезімдермен жұмыс жасауға жол ашады.
Сурет салуға ұсынылатын тақырыптар әр түрлі болуы мүмкін және ол әрі
жеке-дара, әрі жалпы топтық проблемаларға да қатысты болуы тиіс. Негізінен
сурет тақырыптары мына бағыттарды қамтиды:
1.
Өзінің өткен шағы мен болашағы («Балалармен қарым-қатынастағы менің
ең басты проблемам», «Мен өзімді сенімсіз сезінетін өмір ситуациялары», «Мен
және балалар», «Менің бір күнім», т.б.);
2.
Болашақ немесе абстрактілі түсініктер («Менің кім болғым келер еді?»,
«Үш тілек», «Жалғыздық», «Бақыт аралы», «Қорқыныш», «Қызғаныш», т.б.);
3.
Топқа қарым-қатынасы («Мен топтан не күттім және не ала алдым?»,
«Топта маған не ұнамайды немесе кім ұнамайды?», т.б.) [2.203].
Проективті
суретте
қолданылатын
әдістемелер
төмендегіше
классификацияланады:
1.
Еркін сурет (әркім өзі не қаласа соны салады). Сурет салу жеке-дара
орындалады, ал талқылау топта жүргізіледі. Бірнеше тақырыптар беріледі
немесе топ мүшелері өз бетінше таңдайды. Сурет салуға 30 минут уақыт
беріледі, сонан соң суреттер ілініп, талқылау басталады. Ең алдымен сурет
туралы топ мүшелері, соңынан автор сөйлейді.
2.
Коммуникативті сурет. Топ жұп-жұпқа бөлінеді, әр жұп өз парағына
анықталған тақырып бойынша бірлесе отырып сурет салады, бірақ олардың
сурет салу барысында бір-бірімен вербальды қарым-қатынасқа түсуіне
болмайды, тек бейнелер, сызықтар, бояулар көмегімен қарым-қатынас жасайды.
Талқылау барысында суреттің көркемділігі емес, салушылардың бір-біріне деген
қарым-қатынасы, пікірі, сезімі маңызды болады.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Момбиева Г.А. Болашақ психологтарды кәсіби даярлаудағы проективті әдістемелердің…
3.
Бірлескен сурет. Мұнда бірнеше адам немесе барлық топ мүшелері үнсіз
ғана бір қағазға сурет салады (мысалы, топты, оның дамуын, көңіл-күйін,
Проективті сурет
Еркін
сурет
Коммун
и-
кативті
сурет
Бірлеске
н сурет
Толықт
ырушы
245
топтың атмосферасын, т.б.). Сурет салынып біткен соң, оған әрбір топ мүшесінің
қатысуы, олардың жұмыс барысындағы өзара қарым-қатынасы, топтың
біртұтастығы талқыланады.
4.
Толықтырушы сурет. Суретті бір адам бастап салады да келесісіне
ұсынады, оның әрқайсысы оны әрі қарай жалғастырып, келесіге ұсынады.
Осылай сурет топты айналып шығады. Талқылау барысында автордың нені
салғысы келгендігі, ол жалғасын таба алды ма, топ мүшелері бір-бірін түсіне
алды ма, аяқталған сурет автордың ойынан шықты ма деген мәселелер
қарастырылады [3.246].
Ал енді дайын суретпен жұмыс жасаудың екі түрлі әдісі бар:
1.
Барлық суреттерді бірден, бір мезгілде көрсету және салыстыру,
олардың мазмұнындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді табу.
2.
Әрбір суретті жеке-жеке талдау (сурет қолдан-қолға өтіп, қатысушылар
оның психологиялық мазмұны туралы сөйлейді).
Проективті суретті интерпретациялау кезінде оның мазмұнына, түсіне,
формасына, композициясына, өлшеміне, қағаз бетіне орналасуына көңіл
аударылады.
Енді проективті суреттердің балаларды коррекциялау барысында
қолданылуына тоқталайық.
Сурет терапиясын қолдану, әсіресе, балалармен жұмыс жүргізгенде өте
тиімді болады. Сурет сабақтарын ұйымдастыра отырып, психолог келесі
функцияларды орындайды:
-
баланың эмпатиялық қабылдауын;
-
психологиялық атмосфера мен психологиялық қауіпсіздігін қалыптастыру;
-
балаға эмоционалды қолдау көрсету;
-
креативті міндеттерді қоя отырып, оны баланың қабылдауын қамтамасыз ету;
-
тапсырманың тақырыптық құрылымын анықтау;
-
сурет салу процесіндегі баланың еліктеуі, сезімі мен мазасыздануының
актуалдылығын анықтау.
Мамандар сурет салу практикасында қолданылатын тапсырмалардың бес
түрлі типін бөліп көрсетеді:
1.
Пәндік-тақырыптық;
2.
Бейнелік-символикалық;
3.
Бейнелі қабылдауды, қиялды дамытуға арналған жаттығулар;
4.
Бейнелеу материалдарымен жаттығулар және ойындар;
5.
Бірлескен іс-әрекет тапсырмалары.
Балалар суреті, ең алдымен, баланың тұлғалық кескіндемесі, оның қоршаған
ортаға
деген
қарым-қатынасының
символикалық
көрінісі
ретінде
қарастырылады. Осыған байланысты салынған суреттен баланың ақыл-ой
дамуының деңгейін, қабілетін, жеке тұлғалық қасиеттерін анықтауға болады.
Проективтi суреттер арттерапияға жатпайды, өйткенi мұнда эстетикалық
нәтижеге қол жеткiзу мақсатталмаған [3.248].
Проективтi суретте психотерапевт клиентке проективтi сипаттағы сюжеттi
ұсынады және содан кейiн суреттi талдап, интерпретация жүргiзедi. Төменде
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Момбиева Г.А. Болашақ психологтарды кәсіби даярлаудағы проективті әдістемелердің…
мектеп психологтары өз жұмыстарында қолдануға болатын бірнеше проективті
әдістемелерді ұсынып отырмыз:
Проективті сурет «Маған мектепте не ұнайды?» (Н.Г.Лусканова).
246
Мақсаты: балалардың мектепке деген көзқарасын, оқу әрекетіне
дайындығын анықтау.
Нұсқау: «Балалар, өздеріңе мектепте қатты ұнайтын не? Ойланып
көріңіздерші. Енді сол бойынша сурет салып көрейік. Кез-келген нәрсені қалай
қаласаң, солай салуға болады. Сурет салуға икемім жоқ деп өкінбеңіз.
Суретке баға қойылмайды».
Интерпретациясы:
1.Салынған суреттің тақырыпқа сай болмауы:
А) Мектепке қызығушылықтың болмауы және мектеп әрекетінен гөрі
басқа түрткілерге, көбінесе, ойынға көңілінің аууы. Мұндай жағдайда балалар
машиналарды, түрлі ойыншықтарды, әскери іс-әрекетті, ою-өрнектерді, т.б.
салады. Бұл оқу мотивациясының қалыптаспағанын көрсетеді.
Б) Балалық неготивизм. Бұл жағдайда бала мектеп туралы сурет салуға
табанды түрде қарсылық білдіреді және өзіне ұнайтын, өз қолынан келетін
суретті салады. Мұндай мінез-құлық баланың мектеп талаптарын орындауға
қиындықтарын және оның жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді.
В) Баланың қойылған тапсырманы дұрыс түсінбеуі. Мұндай балалар не
ештеңе салмайды немесе бұл тақырыпқа сай емес сюжеттегі суретті көшіріп
салады. Мұндай жағдай, көбінесе, психикалық дамуында тежелуі бар
балаларда кездеседі.
2. Берілген тақырыпқа сәйкес мектепке деген жағымды қарым-қатынас
туралы әңгімелейтін суреттің мағынасы мына түрде болуы мүмкін:
А) Оқу жағдайы – мұғалім қолына көрсеткіш таяқша ұстап, партада
отырған оқушылардың арасында тұрады, тақтада жазылған жазулар бар, т.б.
Мұндай сурет баланың оқу әрекетінің жоғарылығын және оқуға белсенді
түрде араласатынын, сондай-ақ, бұл баланың танымдық оқу әрекетінің
дамуын көрсетеді.
Б) Оқу әрекетінен тыс жағдайда бейнелеуі – мектеп ғимараты, үзіліс
кезіндегі оқушылар, портфель ұстаған оқушылар, т.б. Мұндай суреттер
баланың мектепке деген ұнамды қарым-қатынасын көрсетеді, бірақ оның оқу
әрекетіне қарағанда мектептің сыртқы атрибуттарына қызығушылығы басым
деген сөз.
В) Ойын жағдаяттары – мектеп ауласындағы әткеншектер, ойын бөлмесі,
ойыншықтар және сыныпта тұрған басқа да заттар (теледидар, терезе алдындағы
гүлдер, т.б.). Мұндай сурет баланың мектепке деген дұрыс қарым-қатынасын
көрсетеді, бірақ оқу әрекетінен гөрі ойынға қызығушылығы басым.
Балалар суретін бағалауда қателіктер жібермеу үшін және сенімді болуы
үшін баланың өзінен сурет жайлы нені салдың, неге олай салдың, мына затты не
үшін салдың деген сияқты нақтылау сұрақтарын қою керек.
Сурет бойынша балалардың тек оқу мативациясын ғана емес, олардың
мектепке деген қарым-қатынасын, мектепте оған ең қызықты не екенін де
анықтауға болады [4.112].
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Момбиева Г.А. Болашақ психологтарды кәсіби даярлаудағы проективті әдістемелердің…
Проективті сурет «Мен өткен шақта, мен қазір, мен болашақта».
Мақсаты: ішкі жағымды сезімдерін, өзін-өзі бағалауын, өзара қарым-
қатынасын, қоршаған ортамен қарым-қатынасындағы қиындықты, ішкі тепе-
теңдікті, ішкі комфорт немесе қобалжуын, дискомфорттылықты, жас ерекшелік
және жыныстық ерекшеліктерінің адекваттылығын анықтау.
247
Нұсқау: «Қағазды үш бөлікке бөліп аламыз. Ең бірінші өзіңнің кішкентай
кезіңді сал, одан соң қазір сен қандайсың, сосын өскен соң сен болашақта қандай
боласың. Міне, осыларды елестетіп, үшеуін үш бөлікке саламыз. Суретті түрлі-
түсті қарындаш, фломастерлермен бояймыз».
Нәтижені өңдеу:
Кестеге бес түрлі психологиялық сипаттама енгізіледі:
1.
Өзін-өзі бағалау сезімі, өзін-өзі бағалаудың жоғарылығы «Мен қазір»
суретінде анықталады.
2.
Байланыс жасау, қарым-қатынас жеңілдігі «Мен қазір» суреті бойынша
талданады.
3.
Эмоциялық және психологиялық комфорттың болуы, қобалжудың
болмауы, мазасыздық «Мен қазір» суретінде талданады.
4.
Жыныстық ерекшелік адекваттылығы. Барлық суреттер талданады.
5.
Жас ерекшелік адекваттылығы. Барлық суреттер талданады.
Қорытындылай
келе,
практикалық
психологтар,
әсіресе,
мектеп
психологтары психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарында
проективті әдістерді жиі және дұрыс қолдана алса, онда оның нәтижесі де
жемісті болмақ. Себебі баланың қандай да бір айта алмайтын проблемасын осы
әдістер арқылы тезірек анықтап, тиісінше көмек көрсете аламыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Осипова А.А. Общая психокоррекция. -М: 2005. 508 с.
2.
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. -Екатеринбург: 1995. 420с.
3.
Анастази А. Психологические тестирование в 2-х т. -М.: 1982. 280с.
4.
Ежова Н.Н. Рабочая книга практического психолога. -Ростов-на-Дону: 2005. 315с.
248
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Н.Т.ЖАЙЫМБАЕВ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІН
ДАЙЫНДАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
В этой статье рассматриваются вопросы о квалификационной подготовке учителей
физкультуры, о методологической и педагогической аспектах подготовки.
This article deals with some matters of skilled training of teachers of Physical Culture. The author
also writes about methodological and pedagogical aspects of training.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
«Қазақстан-2030»
бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңдегі міндеттері келер ұрпақ
алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтындығымыз, сонымен
бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс», – деп
тұжырымдауы бүгінгі күнгі білім беру мен тәрбиелеу ісін жан-жақты
жетілдіріп, әлемдік дамыған елдер қатарына қосылу бағытын міндеттейді.
Жоғары оқу орындары оқу үрдісінде дене тәрбиесі пәні мұғалімдерін
даярлауда мынадай міндеттер көзделеді:
-
біріншіден, оқу пәндері мазмұнының ғылыми-ілімдік деңгейін
арттыру, оны үйретудің белсенді әдістерінің кеңінен ендірілуі, сабақтан тыс
уақытта қимыл-қозғалысты қызмет түрлерімен көбірек айналысуы;
-
екіншіден, тұрмыста өркениет жетістіктерін пайдалануы көзделеді [1].
Болашақ ұрпақтың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі
мектеп мұғалімінің жеке басы мен оның жоғары оқу орнындағы ілімдік және
тәжірибелік даярлығының дәрежесіне тікелей байланысты [2]. Осыған орай
мектептегі дене тәрбиесі – сауықтыру жұмыстарын ізгілендіру, жеке
мүмкіндіктерін, қабілеттерін ілімдік-педагогикалық жағынан негіздеу
туралы бірқатар ғылыми еңбектер орындаған.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындаудың мәселесі көптеген
зерттеулердің ілімдік оқу және дидактика, тәрбие ілімі мен тәлімдік жұмыс
әдістемесі негізінде келелі мәселеге айналып отыр.
Дайындық сипаттамасына көптеген жолдар арқылы жақындауға болады.
Мысалы; ілімдік және эмпириалдық сараптаманың негізгісі, осы сапалық
жүйенің дайындығымен шектеліп қана қоймай, басқа кешендермен,
интегративті – функционалды дайындық барысымен ерекшеленеді.
Жоғары оқу орындарында сатылы түрде педагог дайындаудың ерекше
тәсілі, педагогикалық қызметке кәсіби тұрғыдан қалыптастырылады.
Дайындықты қалыптастыру процесі, белсенді кәсіби қалыптасуымен, яғни
өз-ара кәсіби бағыт-бағдармен де тікелей байланысты.
Педагогикалық мәселелердің жоғары деңгейдегі дайындыққа жету
жолдарын кәсіби-педагогикалық іскерлік пен шеберлікке байланысты, оның
ішінде білімге көп көңіл бөлінеді, іскерліктің дағдыдан айырмашылығы, іс-
әрекеттің шығармашылыққа өтуін саналы сипаттамасы бар үлкен
жылдамдықпен қалыптастыруында [3].
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Жайымбаев Н.Т. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін дайындаудың педагогикалық аспектілері
249
Кәсіптік дайындық төмендегі құрылымдармен ерекшеленеді:
-
мотивациялық- кәсіби мәні бар қажеттілік, педагогикалық қызметке
даген қызығушылық;
-
бағытты-танымдық – бағалаушылық-мамандық мазмұны мен кәсіби
талаптар туралы білімі мен тұжырымы, кәсіби-педагогикалық мәселелерді
шешу тәсілдері, өз бетінше кәсіби дайындығын бағалай білуі;
-
эмоционалды-еріктік – педагогикалық қызмет нәтижесіне деген
жауапкершілік сезімі, өзін-өзі бағалауы, мұғалімнің кәсіби міндеттерін
орындау іс-әрекеттерін басқара білуі;
-
операциялы-қозғалыстық – кәсіби білім, іскерлік пен дағдалардың
өзектілігі мен ұтқырлығы және жеке тұлғасында кәсіби мәнді дағды мен
іскерліктің бар болуы, педагогикалық іс-әрекет жағдайында кәсіби
талаптардың қалыптасуы;
-
тағайындамалы-сипаттамалық – педагогтың өз жұмысына берілгендігі.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің қалыптастырылу мәселесі
көптеген зерттеулердің – теориялық оқу және дидкатика, тәрбие теориясы
мен тәлімдік жұмыс әдістемесі негізінде келелі мәселеге айналып отыр.
Орыс педагогы В.А.Сластенин мұғалімнің жеке тұлғасының мына
кәсіби көрсеткіштерін атап көрсетеді:
-
мұғалімнің жеке тұлғасының сипаты мен қасиеті;
-
мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын
талаптар;
-
арнайы дайындықтың құрамы мен көлемі;
-
мамандық бойынша әдістемелік дайындық мазмұны [4].
Алға қойылған мәселелер мен оларға сәйкес кәсіби және жеке тұлғаның
сапалық мәселелерін шешу қажеттілігінің ықтималдылығы төменде
көрсетілген:
1.
Мұғалімнің кәсіптік жеке тұлғасын қамтамасыз ететін, білім беру
стандарттарының жоғары деңгейіне кепілдік беруі;
2.
Педагогтың өздігінен шығармашылық және зерттеу мәселелерін
шешіп және оны негізгі мәселе ретінде қоя білуі;
3.
Педагогика ғылымының студенттің білімі мен практикалық
іскерлігінің байланысын қажет ететін күрделі кәсіби-педагогикалық
мәселелерді шеше білуі;
4.
Дамыта оқыту технологиялары мен өзі жүргізетін пәнді жетілдіруге
қажет отандық және шетелдік жаңа жетістіктерді үздіксіз игере отырып,
өзінің жеке ерекшеліктері мен қабілеттілігіне сай қолдана білуі қажет.
Жеке
тұлғаның
қалыптасуында
денешынықтыру-cауықтыру
жұмыстарының рөлі өте зор. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне
байланысты
денешынықтыру-сауықтыру
жұмыстарының
мазмұны,
ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері өзгеріп отырады.
Мысалы, бастауыш сынып оқушылар іс-әрекеттің ойын түріне ерекше
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Жайымбаев Н.Т. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін дайындаудың педагогикалық аспектілері
ықылас қояды. Ал, жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген
денешынықтыру-сауықтыру жұмыстары олардың денесін, ақыл-ойын
250
дамытудың көзі [2]. Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген
денешынықтыру-сауықтыру жұмыстарындағы жаттығулар күрделі болып
келіп, оларда қайраттылық, өзін-өзі билеу, төзімділік пен батылдық, т.б.
қасиеттерін қалыптастырып, дене күшін дамыта түседі.
Алдын-ала
жоспарланған,
жүйелі
түрде
ұйымдастырылған
денешынықтыру-сауықтыру жұмыстары дене мүмкіндіктерін дамытып
қана қоймай, дене, ақыл-ой жүктемесін азайтып, дүниеге адамгершілік
көзқарастарының қалыптасуына да әсер етеді. Оқушының өзіне, өз дене
мәдениетіне деген көзқарас көбіне ортаға байланысты. Сондықтан,
денетәрбиесі мұғалімі оқушылармен дене мәдениетін қалыптастыру үшін
дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруы керек
[2].
Солай
бола
тұра,
оқушылардың
денешынықтыру-сауықтыру
жұмыстарына деген құлшынысын дамыту тек қана өзі сауатты, дене
тәрбиесі жаттығуларына аса жетік, іс тәжірибесі мол мұғалімдердің ғана
қолынан келмек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. -Алматы: 2005.
2.
Оңалбек Ж. Оқушылардың дене суаттылығын қалыптастыруда болашақ мұғалімдерді даярлау
мәселесі. -Ақтөбе: 2006.
3.
Кенжебеков Б.Т. Теоретико-методологические основы профессионального развитие личности
современного педагога. -Алматы: 2002.
4.
Қоянбаев Ж. Педагогика. -Алматы: 2005.
251
Достарыңызбен бөлісу: |