Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет33/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47

.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Паштанов С. Мектептен тыс мекемелерде оқушыларға кәсіби бағдар берудің мәні мен мазмұны 
 
 
Бұдан  шығатын  қорытынды,  бүгінгі  таңда  оқушыларға  кәсіби  бағдар 
берудің  мәні  мен  құрылымын,  сол  құрылымның  адамның  жасына  қарай 
өзгеруін зерттеу қажет. Жеке адамның өмірдегі орны, оның психологиялық 

 
258 
 
іс-әрекеттері,  сол  іс-әрекеттердің  уақытқа,  қоршаған  ортаға  сай  өзгеру 
себептері,  оны  оқу-тәрбие  жұмыстары  арқылы  бағытты  жүргізу  
оқушылардың  өмірде,  қоғамда  өз  орындарын  табуына,  мамандықты  дұрыс 
таңдауына  негіз  болады.  Бұл  нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіптік 
бағдар  беруді  түбегейлі  шешуге  негіз  бола  алады.  Яғни,  барлық  азаматтар 
үшін  кәсіпкерлікпен  өзінің  қабілетін  еркін  қолдануға  мүмкіндік  беретін, 
әлеуметтік  жағынан  бағдарланған  нарықтық  экономиканы  құру  және 
дамыту,  келешек  ұрпаққа  оның  заңдары  мен  мәнін,  мазмұнын  түсіндіру, 
өмірде оны қолдана білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр  [7.19]. 
Әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға  байланысты  мектепте  оқытудың 
мазмұны  да  өзгеріп  отыр.  Нарық  кезеңіндегі  жаңа  адамды  тәрбиелеуде 
мектептің  алдында  көптеген  жұмыстар  істелінуі  керек.  Себебі,  идея,  баға  – 
бәрі өзгеруде...  Еңбек  адамдардың  тек  материалдық  өмірінің  құралы  болып 
қана қоймайды, сонымен бірге адамның өмір сүруге, оның еркін және жан-
жақты  дамуында    қажетті  құралға  айналады.  Мұның  өзі  еңбекке  деген 
көзқарастың қалыптасуына, жаңа адамды тәрбиелеуге сара жол ашып береді 
[7.19]. 
Ғылыми  зерттеулерге  сүйене  отырып,  келесідей  қорытынды  жасауға 
болады:  а)  оқушының  кәсіби  бағдары  іс-әрекеттің  барлық  компоненттері 
болғанда  ғана  жүзеге  асады  (кәсіп  туралы  білімі,  өзінің  мүмкіншілігі  мен 
қоғамда  кадрлардың  қажеттілігін  білуі,  кәсіптік  бағдарлардың  дамуы  және 
өзін-өзі терең білуі т.б.);  
б)  кәсіптік  бағдарды  екі  жақтама  үрдіс  сипаттай  алады.  Олар  жоғары 
сынып  оқушыларының  кәсіпті  саналы  түрде  таңдай  алуы  және  кәсіби 
қызығушылығын  дамыту  мен  таңдаудың  мотивтерін  дамытуға  басшылық 
жасау [8.24].    
Өзін-өзі  кәсіби  анықтау  іс-әрекетке  бағыттаушы,  күшейтуші,  түзетуші, 
қайта  өзгеріп  отырушы  компонент  сияқты,  яғни функционалды  анықтаушы 
сипат береді. Осыдан барып оқушының іс-әрекетін ұйымдастыруда тұлғалық 
сипаттарын  үнемі  ескеріп  отыру  міндеттеледі.  Тұлғаның  кәсіби  тұрғыдан 
өзін-өзін  анықтауын  екі  топқа  бөлуге  болады:  1)  тұлғаның  мәселелерін 
шешуде белсенділік көрсететін,  бірақ оған қатыспайтын ерекшеліктері. Бұл 
ерекшеліктерге еңбексүйгіштік, еңбек және өмір тәжірибесі, адамның жалпы 
өмірлік  көзқарасы  жатады.  2)  кәсіби  бағдарлауды  жүзеге  асыруға 
мүмкіншілік 
беретін 
компоненттер: 
өзін-өзі 
анықтау 
қажеттілігі,  
мамандыққа  қызығушылығы  және  бейімділігі.  Бұл  топтағы  негізгі 
компоненттер оқушылардың өзін-өзі анықтауы және кәсіби қызығушылығы 
болып табылады [5.6].  
 
 
.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Паштанов С. Мектептен тыс мекемелерде оқушыларға кәсіби бағдар берудің мәні мен мазмұны 
 
 
Ғалым  Е.Омарұлы  мектептен  тыс  мекемелерге  педагогикалық  тұрғыдан 
талдау  жасай  отырып,  балалар  клубындағы  педагогикалық  әсердің  тәрбие 
субъектісінің  тәрбиеленушілердің      санасымен,  еркімен,  эмоциясымен, 
қызығушылық  деңгейімен  санасу  және  қоғамдық  мұрат  талаптарына  сай 
тұлғалық, сапалық қасиеттерді қалыптастыру, мақсат-мүддесін басшылыққа 
ала  отырып  қарым-қатынас  жасау,  оларды  «субъекті-объекті-субъекті»  

 
259 
 
қайтарымды байланыстарына негіздеу қағидаларына арқа сүйеп жасалынуы 
басты шарт  болғаны аңғарылады деген тұжырымға келеді [9.109]. 
Оқушыларды 
кәсіби 
бағдарлау 
жүйесі 
тұлғаның 
жан-жақты 
шығармашылық  мүмкіндіктерін  белсенді  етіп  дамыту,  әлеуметтік 
процестердің    дамуын  тиімді  басқару  және  оқушылардың  жеке  дара 
қызығушылықтары    мен  дамып  келе  жатқан  қоғамның  мұқтаждықтарымен 
байланыстыруға бағытталған. Бұл оқушыға өзінің жолын таңдауға көмектесу 
және  келешегін  таңдау үшін маңызды емес, сондай-ақ оның мектептен тыс 
мекемелерде  атқаратын  жұмысының  барысына  да  ықпал  ететін 
болғандықтан  жауапты  жұмыс.  Бұл  мәселелерді  ескермейінше,    жаңа 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  оқушылардың  кәсіби  бағдарларын 
қалыптастыру мүмкін емес.   
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. -М.: «Политиздат», 1977. 
2.
 
Шавир П.А. Психология профессионального самоопределения в ранней юности. -Тюмень: 1980.  
3.
 
Выготский Л.С. Собрание сочинений. ІҮ том, под. ред.  Д.Б.Эльконина. -М.:  «Педагогика», 1984.  
4.
 
Мажитова Л.Х. Формирование профессиональных интересов студентов в процессе 
профориентационной деятельности вуза. Дисс. на соиск. науч. степн. д.п.н. -Алматы: 1987.  
5.
 
Кон И.С. Социология личности. -М.: «Политиздат», 1967. 27 ст. 
6.
 
Саудабаева Г.С. Личность и самоопределение// Сборник конференций «Духовность и толерантность  
как основа стабильности общества». -Алматы: 2007.    
7.
 
Мүсілімов Ә. Мектеп оқушыларын нарықтық экономика жағдайында кәсіптік бағдарлау. п.ғ.к. 
ғылыми дәрежесін алуға дайындаған диссертациясы. -Алматы: 1992. 
8.
 
Озгамбаева Р.О. Профессиональная ориентация учащихся общеобразовательных школ в условиях 
рыночных отношений. Дисс. на соиск. к.п.н. -Алматы: 1994. 
9.
 
Омарұлы Е. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмысының негізі. -Түркістан: ХҚТУ 
баспаханасы, 2004.  
 
  

 
260 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
М.Е.РУСТАМБЕКОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 
 
САТТАР ЕРУБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫНА ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ 
 
В статье рассматривается влияние исторических источников и историко-культурных событий 
на формирование педагогических идей С.Ерубаева. 
 
This  article  deals  with  the  influence  of  historical  sources,  historical  and  cultural  events  on  the 
formation of pedagogical ideas of S.Yerubayev. 
 
Қазақ  ерте  тарихынан  бастап-ақ  өзіндік  табиғи  даму  жолында  қалыптасқан 
құндылықтары  мен  өзіндік  өркениет  жетістіктерінің  тұтастығын  сабақтастыра 
дамытқан халық. Қазақ өз болмысына тән руханилық пен дүниетанымды өмірге 
әкелді.  Бұл  қазақ  менталитетіне  тән  ерекшелік,  дүниені  танудың  қазақы 
формасы, дүниені өзінше қабылдау ерекшелігі. 
Бұған  “Тарихи  тек-тамырының  тереңнен бастау  алғанын  танып-түсіну,  ата-
бабаның  шапағаты  мол  шабытты  істерін  заңды  мақтаныш  ету,  тоталитарлы 
кезеңнің  зардаптарынан  арылу,  сөйтіп  тарихи  сананы  уақыт  талабына  сай 
қалпына  келтіру  ұлттық  тұтастануға  тегеуірінді  серпін  беруге  тиіс”,  –  деген 
елбасы Н.Ә.Назарбаевтың пікірі жауап болмақ [1].  
Еліміз  егемендік  алып,  тәуелсіздікке  қол  жеткізгелі,  өшкеніміз  жанып, 
жоғалғанымыз табылып, асыл мұралар ел игілігіне қайта оралуда.  
Осылайша  тәуелсіздігімізді  әлем  таныған  тұста,  өткен  тарихымызды  ой 
елегінен  өткізіп,  алмастай  жарқылдаған  естелік  деректерді,  елеусіз  қалған, 
бұрмаланған, зерттелуге  тиым  салынған  деректерді шындық  тұрғыдан  зерттеп-
зерделеуге жол ашылды, мүмкіндіктер туды. 
Егеменді  еліміздің  өскелең  ұрпақ  алдындағы  өнегелі  істерінің  бірі, 
елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей ұсынысымен дүниеге келіп, жарлығымен 
бекітілген  “Mәдени  мұра”  мемлекеттік  бағдарламасы,  халқымыздың  рухани 
көкжиегін әлемдік  деңгейге  көтерді. Осы бір игілікті  істің  нәтижесінде  бүгінде 
барша  қазақ  ата-бабаларынан  әулетке  асыл  мұра,  қазыналы  мирас  болып  келе 
жатқан  құндылықтарын  түгендеп,  жинақтап,  сан  алуан  қырынан  жақсартып 
көрсете бастады. 
Осыған  байланысты  зиялылар  шоғырының  асыл  мұралары,  мол  құнды 
зерттеу  еңбектері,  өткір  жазбалары  бүгінгі  таңда  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  ісіне 
пайдалану  және  еліміздегі  педагогика  тарихын  зерттеуші  үшін  де  теңдесі  жоқ 
құнды деректер екендігі анық. 
Қазақ  халқының  тарихында  қамшының  сабындай  өте  қысқа  ғұмырында 
халқына  мәңгі  өшпейтін  мұра  қалдырған  дарын  иелерінің  қатарына 
Ш.Уәлиханов (1835-1865 ж.ж), С.Торайғыров (1893-1920 0ж.ж) және сол сияқты 
киелі  Отырар  жерінде  дүниеге  келіп,  Түркістанда  білім  алған  С.А.Ерубаевты 
жатқызуымызға болады.  
Саттар  Ерубаев  қазақ  әдебиетіміздің  аспанынан  ерте  ағып  түскен 
жұлдыздарының  бірі.  Оның  өлеңдерінен,  әңгімелері  мен  сатиралық 
шығармаларынан  шындықты  бетке  айтатын,  әдебиет  теориясын  жетік  білетін 
зор талант, ерекше дарын иесі болғанын көруге болады. 
С.Ерубаев – өз заманының өр тұлғасы, ақын-жазушысы, қоғам қайраткері. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 Рустамбекова М.Е. Саттар Ерубаевтың педагогикалық идеяларының қалыптасуына... 
 

 
261 
 
 
Саттардың  өмір  жолы  мен  шығармашылық  қызметі  жайында  мағлұматтар 
нақты  берілмей,  әр  түрлі  шолулар,  деректер  жалпы  жоба,  шамамен  ғана 
көрсетілді. Соңғы жылдардағы зерттеулердің нәтижесі бойынша С.Ерубаев 1913 
жылы  14  қыркүйекте  Түркістан  генерал  губернаторының,  Сырдария  облысы, 
Шымкент уезі, Шағатай болысының №21 Ұзынқұдық ауылында дүниеге келген 
[2].  
Бүгінде  Ұзынқұдық  –  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Отырар  ауданы  Арыс 
кеңшарының Қазақстанның 30 жылдығы атындағы бөлімшесінің мал жайылымы 
[2].  
Ұзынқұдық  -  Түркістан  қаласының  оңтүстігінде  қырық  шақырымдай,  көне 
Отырар  қаласы  мен  Шәуілдірдің  солтүстігінен  он  бес  шақырымдай  жерде 
орналасқан. Саттардың туылған жері жөніндегі деректері бірде Түркістан, бірде 
Отырар ауданы болып өзгеруіне келетін болсақ, Түркістан ауданы 1928 жылдың 
5  қыркүйегінде  Иқан,  Қарнақ,  Шілік  болыстарының  негізінде  құрылса,  ал 
Шәуілдірге  келсек,  1935  жылы  Түркістаннан  енші  алып,  бөлініп  жеке  аудан 
болып құрылуына байланысты әр түрлі өзгертіліп берілуі мүмкін.  
С.Ерубаевтың  “Мәңгілік  өмір”  (1936  ж.)  новелласында:  “Бұл  1920  жылы 
болып  еді.  Oнда  мен  жетіде  едім”-  деп  жазғанынан  оның  туылған  жылы  1913 
жылы  екендігін  көруге  болады  және  осы  деректі  растайтын  “  Ленинградтың 
мемлекеттік әдебиет және өнер архивінің” берген анықтамасы дәлел. 
Осы  мәліметтерді  растай  түсу  үшін:  “Саттар  екеуміз  түйдей  жастымыз, 
жылымыз  сиыр.  Саттар  күзем  алып  болғанда,  мен  одан  екі  ай  кейін 
туылыппын”,  –  деген  Отырар  бөлімшесінде  тұратын  туысы  Әйменов  Әуездің 
естелігінен. Бұл қазіргі кездегі жыл санауға келтіргенде 1913 жылдың қыркүйегі 
[2].  
Саттардың қазасына байланысты шешесі Бапаның жоқтауында:  
Жарық Күнім қараңғыға айналды,  
Басыма енді қара жаулық байланды. 
Жоқтау айтып, жалғызым-ау, артыңнан, 
Бапа апаң жылауменен зарланды. 
  
Тамағымнан бір қасық су өтпейді, 
Көз алдымнан Саттар жаным кетпейдi. 
Аспандағы ұшып жүрген ақ сұңқар,  
Ұмтылсам да қолым енді жетпейді. 
 
Қара жерге жалғызымды қимадым,  
Амал бар ма, маңдайыма сыймадың. 
Жиырма төртте қыршын кеткен боздағым,  
Енді саған жолдас болсын иманың!
 – деп ұлының 24 жас жасағанын айтылады 
[2].  
Осы  жоғарыдағы  деректерге  сүйене  отырып,  артында  құнын  жоймайтын 
бағалы  да  өшпес  мұра  қалдырған  Саттар  Ерубаев  небары  24  жыл  ғұмыр 
сүргеніне  көз  жеткізуге  болады.  Саттардың  азан  шақырып  қойылған  аты 
Саттархан.  Ол  жасынан  пайымды,  барынша  зерек,  өз  қатарының  алды  болған. 
Оның  бұл  қасиеттерін  атасы  Ерубайдан дарығанын байқауға болады. Өйткені  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 Рустамбекова М.Е. Саттар Ерубаевтың педагогикалық идеяларының қалыптасуына... 
 
 
атасы  Ерубай  өте  зерек  жалтақтауды,  жағымпаздануды  білмейтін,  шындықты 
қашанда бетке айтатын, парасатты, өжет те қайратты кісі болған көрінеді.  

 
262 
 
Ерубай – заман төңкеріліп, мансап иелерінің иініне құбылып сөйлемейтін, өз 
бойында  барымен  жарқыраған,  өз  бойында  жоқты  іздеп  жалған  жалтырамаған, 
әділетті кие тұтқан парасат иесі болыпты. Аузынан әділ шешім айтып, алдынан 
дау  тарқатқан  шешен,  шекпен  іздеген,  сайланбалы  би  емес,  ел  сыйлаған  би 
болған.  Ел  ішінде  оның  мінезін,  іс-әрекетін  сипаттайтын  төмендегідей  әңгіме 
бар.  Уақытында  қатыгездігімен  аты  шыққан  Мырзабай  датқаны  ел  жуандары, 
кекті жігіттер өлтірмек болғанда “залалы елге тиеді” деп тоқтатқан текті әрекет 
иесі – Ерубай екен. “Ел құлағы елу” дегендей қатерден қаққан әрекеті құлағына 
жеткен,  жүрегіне  жаққан  Мырзабай,  жалындаған  жас  Ерубайдың  алғырлығына 
қызығады. 
“Шапсам  –  қылышым,  сілтесем  –  шоқпарым  болмай  ма?!”  деген  үмітпен 
Мырзабай датқа старшин сайламақ болып шақыртқанда “халық есесін мансапқа 
айырбастамаймын”  –  деп,  лауазымнан  бас  тартқан  Ерубай  екен.  Датқаға 
қолбалалыққа көнбей, қайта ел арасындағы әр түрлі дауларды әділ шешіп, беделі 
артып, датқаның өзінің де қолы жетпейтіндей биікке көтеріледі.  
Ал, Мырзабай датқа көзіне шел бітіп, мансап буына булығып, бұқараға тізе 
батырғанда, үлкен мансабына қарамай, қатесін бетіне айтып, шешіміне келіспей, 
өзін аттың үстінен жұлып алып, жұрт көзінше тепкілеп тастайды.  
“Мәңгілік  өмір  туралы  жыр”  өлеңінің  жыр  жолдарын  жазарда  Саттардың 
ойына  бір  кездегі  атасы  Ерубайдың  басынан  кешкен  жоғарыдағы  осы  оқиғасы 
түсіп, ол оқиға өлеңіне өзек болғанын, қиял қанатын демеп жібергенін аңғаруға 
болады: 
«Елу жылдар бұдан бұрын өлген едім, жан балам, 
Танымасаң енді таны, сен – немерем, мен – бабаң. 
Бұл өмірде сексен жасап, өліп кеткен адам ем, 
Мойнымдағы міндетімді атқардым деп санап ем. 
 
Жер бетінде сүйретіліп жүріп едім бір ғасыр,  
Ол ғасырдың сүйетұғын ұлы жоқ-ты жанашыр. 
Жер бетінде сүйретіліп жүріп еді бір Датқа, 
Қан арқылы, мал арқылы жеткен, шіркін, мұратқа. 
 
Күнгей менен теріскей боп сұлап жатқан дала еді,  
Сол далада қазақ деген сорлы халық бар еді. 
Бетегеден биік еді, аласа еді жусаннан, 
Қайтқан құстай көшіп жүрген, бақыт көрмей қашаннан. 
 
Жел білетін ұшатынын, сай білетін қонарын,  
Құдайы да, адамы да ойламаған обалын. 
Сол халықтың Датқа жүрген жаншып, басып арқасын, 
Қаннан арық ағызған ол, сусын ішіп қанғасын. 
Бұл жауыздың сұмдықтарын ойлап біліп, түсіндім,  
Бір күн барып ат үстінен жүлқып оны түсірдім. 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 Рустамбекова М.Е. Саттар Ерубаевтың педагогикалық идеяларының қалыптасуына... 
 
 
Ер үстінде ұйықтамасаң, атқа мініп нең бар еді! 
Халық қамын жей алмасаң, Датқа болып нең бар еді? 
Домалатып сабап алдым, жұрт алдында Датқаны, 
Жерді жарып осы хабар сары даланы қаптады [3]. 

 
263 
 
Осы  оқиғадан  кейін  Мырзабаймен  бір  отыра  берсем,  ағайын  арасындағы 
араздық шиеленісе түсер деп, Сыр бойына қоныс аударған Ерубай Қарғалытоғай 
мен Оқсыз төбенің аралығына қоныстанады да, үлкен баласы Асқарды Сырдың 
Отырар жақ бетіндегі Ұзынқұдыққа көшіріп әкеледі. 
Әділ шешімдері үшін ел қадіріне ие болған шешен Ерубай қартайып, сексен 
жасында  дүние  салды.  Марқұмның  тірісінде  тепкісіне  түскен,  таяғын  жеген 
Қайдауыл баласы Мырзабай кезінде қатынаспай кетсе де, өлімге өкпе жүрмейді 
деп,  қазасына  келіп,  ұлы  Асқарға  көңіл  айтады.  “Ерубайдың  менде  өтелмеген 
қарызы  бар”,  –  деп  әке  еншісін  баласына  беріп,  Асқарды  №21  Ұзынқұдық 
ауылына старшин сайлап кеткен екен.  
Арлыдан-ақын туар, әділдікке жақын туар, арсыздан мансапқа жақын алаяқ 
туар.  Ерубайдай  ерден,  Асқардай  айтыскер  ақыннан  Саттардай  өршіл  дарын 
туған. Асқар жаңалықтардан хабары бар, оқу өнерді жақтайтын саналы, сұғанақ 
қолдардың  ниетін  сүймейтін  адал  қасиетті  болғаны  үшін  абыройға  ие  болып, 
старшиндық қызметке бірнеше рет қайта сайланып отырған.  
“Қасқа  айғырдан  қасқа  тумаса  да,  төбел  туады”  демекші,  негізінде  бар  қос 
жүйріктен қалайымша зілтабан шабан тусын. Әкесі Асқар да, анасы Бапа да өз 
заманындағы  суырып  салма  белгілі  ақыны  болған.  Бұл  ойымызды  дәлелдеу 
үшін: 
Сөз салып келгендер көп теріскейден, 
Отырмын біріне де келіспей мен. 
Жасытып, қорқытқандай түрлері бар, 
Бірақ та, көне алмаспын өліспей мен. 
 
Керімбек – болыс көкем бас болып жүр, 
Сатпақ боп, меніменен қас болып жүр. 
Құрсайға келер болсаң, сайланып кел, 
Көзіме  осы  кезде  жас  толып  жүр, 
–  деген  Бапаның  Асқарға  жолдаған  хат-
хабарын келтіре кеткеніміз жөн болар [2]. 
Жас  кезінде  Асқар  ақындық  өнерімен  тойларда  жиі  болып,  айтысқа  түсіп 
жүреді  екен.  Сол  айтыстардың  бірінде  Бапа  деген  ақын  қызбен  танысып,  аяғы 
екі  өнер  иесінің  сүйіспеншілігіне  ұласады.  Айттырған,  атастырғандарына 
бармай,  қайсарлықпен  ескі  салтты  бұзып,  сүйгеніне  қашқан  қыздың  бірі  осы 
Саттардың анасы Бапа болған. Ол сол кездегі Түркістан маңындағы Шоқтастағы 
Құрсайлық  елге  белгілі  Молда  Мұса  деген  ақынның  інісі  Тайжанның  қызы 
болған.  
Асқар ел билеген старшин ғана емес, айтыскер ақын да болған. Ел аузында 
Асқардың ақын қыз Жайсамен айтысы сақталған.  
“Баласы Ерубайдың Асқар екен, 
Өзінде түк миы жоқ, бас бар екен. 
Қызарғанға қызығып, қыз екен деп, 
Үйіне алып келіп тастар екен. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 Рустамбекова М.Е. Саттар Ерубаевтың педагогикалық идеяларының қалыптасуына... 
 
 
Баласы Ерубайдың Асқармысың, 
Қыз берер жеңгесіне бастаңғысын. 
Қызығып қырықтағыға қыз тимейді, 
Біреудің әкелмесең тастандысын” – деп ақын қыз Асқардың қырық жасында 
әйел үстіне жас әйел алғанын бетіне баспақшы болғанда: 
“Мұқата мезгегенің Бапа болар, 

 
264 
 
Бөгде емес, ол да саған апа болар 
Өсек өнер болмайды сендей қызға, 
Естісе Бапа өзіңе қапа болар” 
– деп жайлап айтып, Бапаның туыстығын есіне 
салып, ақын қызды сабасына түсіреді.  
Мінеки,  осындай  жақсы  тәрбиені  жастай  қабылдап,  өткір  өлеңнің  өзегінен 
нәрленіп, өскен Саттар өнер мен білімге барынша құштар болды.  
Ұзынқұдықта  тұрған  жылдарында  Саттар  шаруаның  азапты  өмірін  көріп, 
басынан  кешірді.  Бастарында  үлкен  дәулет  болмағанымен,  ата-анасының 
бойындағы  үздік  дарын,  өз  перзенттеріне  деген  сүйіспеншілігі,  үміті,  үміт 
жолындағы әрекеттері тағылым аларлықтай еді. 
Жастайынан  үлкендердің  өнегелі  сөзін  тыңдап  өскен  баласының  аса 
зеректігіне қызыққан ата-анасы оқытып, білімді адам етсек деп армандайды.  
С.Ерубаевтың  балалық  шағы  қазақ  халқы  өмірінің  әлеуметтік-
экономикалық,  мәдени  салаларындағы  төңкерістік  өзгерістермен  тұспа-тұс 
келді.  
Осы  аралықта  бастапқы  Кеңестік  дәуірде  жастардың  ой-өрісінің 
қалыптасуына жол басшысы болған Ғани Мұратбаевтың да ықпалы ерекше еді. 
Сол  аралықта  жастарды  білім  алуға  шақыру,  ұлттық  сана  сезімімізді  оятуға 
әсерін тигізді.  
Саттар Ерубаевтың ой-өрісі, таным-пайымы, дүниетанымы, өмірге, қоғамға 
деген  көзқарасы,  адамгершілік  асыл  қасиеттері  өзі  өмір  сүрген  тарихи-мәдени 
жағдайларға,  өскен  ортаға,  қарым-қатынас  жасаған  адамдарға,  жеке  басының 
талпынысына  байланысты  қалыптасқан  және  ол  осы  тәрбие  негізінде  алған 
адамгершілік асыл қасиеттерін өзінің бүкіл шығармашылығына арқау ете білген. 
Қорыта  айтқанда,  Саттар  Ерубаевтың  педагогикалық  идеяларының 
қалыптасуына  жоғарыда  айтылған  тарихи  мағлұматтар  тарихи-мәдени 
жағдайлардың ықпалы ерекше болды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. -Алматы: Қазақстан. 1991. -285 б.               
2.
 
Ерубаев С.   Мәңгілік өмір.  -Шымкент: Ордабасы, 2004. 
3.
 
Кәкішев Т. Cаттар Ерубаев. -Алматы: Жалын, 1979. 
4.
 
Алтынбекова М. Саттар Ерубаев. -Шымкент: Ордабасы, 2005 
 

 
265 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
И.ЙЫЛДЫРЫМ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 
  
«ДИУАНИ ЛҰҒАТ-АТ ТҮРІК» ШЫҒАРМАСЫНДА  
КЕЗДЕСЕТІН БАЛАЛАР ОЙЫНДАРЫ 
 
В  этой  статье  рассматриваются  игры,  встречающиеся  в  работе  Махмуда  Кашгари  “Дивани 
Луғат-ат түрк”, где автор дает толкования этим видам игр. 
 
This  article  deals with  games  described  in  the  work  “Divany  Lugat  Turic” of  Makhmud  Kashgari 
where the author gives explanations of these kinds of games. 
 
Жалпы ойын өз ережелері ішінде сақталатындықтан сол кезеңнің мәдени 
ерекшеліктерін келер ұрпаққа жеткізуде маңызды роль атқарады. Бүкіл түркі 
дүниесінде жалғасын тапқан бұл ойындардың олимпиада секілді ойнатылуы, 
мәдени  түрік  қоғамдастығы  үшін  маңызды  қадамдардың  бірі.  Мемлекеттің 
өткені  мен  келешегін  байланыстыратын  балалар  ойындарының  бағалануы 
қажет. 
«Диуани  лұғат-ат  түрік»  шығармасы  Махмұт  Қашқари  тарапынан  1072 
жылдың  25-маусымынан  бастап  жазылды  және  шамамен  төрт  жарым 
жылдан  кейін  1077  жылы  қаңтар  айының  9-жұлдызында  тәмамдалды. 
«Диуани  лұғат-ат  түріктің»  қолымыздағы  жалғыз  нұсқасының  көшірмесі 
1266  жылы  1-тамызда  жасалынған.  Шығарма  бұл  күнде  Ыстанбұл 
қаласының ұлттық кітапханасында сақталған. 
1)
 
Килисли  Рыфат  «Диуани  лұғат-ат  түрікті»  1917-1919  жылдар 
аралығында 3 том етіп Ыстанбұл қаласында жариялайды [1]. 
2)
 
«Диуани  лұғат-ат  түріктің»  Бесім  Аталай  тарапынан  түрік  тілінде 
жасалынған аудармасы 1939-1941 жылдар арасында 3 том болып, кейін 1943 
жылы 4 том болып «Түрік тілі қоғамы» тарапынан бастырылды [2]. 
3)
 
«Диуани  лұғат-ат  түріктің»  өзбек  тілінде  аудармасы  4  том  болып, 
1960-1967 жылдар арасында Өзбекстанда жарияланды [3]. 
4)
 
Ұйғырша аудармасы үш том болып, 1981 жылы шығыс Түркістанда 
басылып шықты [4]. 
5)
 
Қазақша  аудармасы  Асқар  Құрмашұлы  Егеубай  тарапынан  3  том 
болып, 1997 және 1998 жылдар арасында Қазақстанда жарияланды [5]. 
6)
 
«Диуани  лұғат-ат  түріктің»  немісше  жарияланымы  1928  жылы  Carl 
Brockelman тарапынан жасалынады [6]. 
7)
 
«Диуани  лұғат-ат  түрік»  1969  жылы  Мәскеу  қаласында 
«Древнетюркский словарь» деген атпен басылды [7]. 
8)
 
1982  және  1985  жылдар  арасында  3  том  болып  Robert  Donkiff  және 
James Kelly тарапынан АҚШ-та жарияланды. 
Өзбекше  аудармасы  Бесім  Аталайдың  түрікше  аудармасына,  ұйғырша 
аудармасы  Бесім  Аталайдың  және  өзбек  тіліндегі  аудармаға,  қазақша 
аудармасы  Бесім  Аталайдың  аудармасына,  өзбекше  және  ұйғырша 
аудармаларына  негізделген.  Бұлардан  тыс  парсыша  (2004  жылы)  және 
қытайша (2002 жылы) аудармалары да жасалған. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет