А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сыздықова Б.О.
Болашақ «Технология» пәні мұғалімдерін бакалавр деңгейінде даярлаудағы...
275
іс-әрекетіне талдау жасау сияқты қасиеттерін өрістетуге зор ықпал етеді [5].
Санкт-Петербургтік ғалым Н.В.Кузьминаның арнаулы зерттеулерінің
нәтижесінде педагогтің жалпы кәсіптік іс-әрекетінің психологиялық
құрылымы
анықталып,
оның
конструктивтік,
ұйымдастырушылық,
коммуникативтік және гностикалық ептіліктер сияқты төрт компоненттен
тұратындығы дәлелденген және ол іс жүзінде кеңінен қолданылуда [6].
Ғалым
П.Я.Гальпериннің
ақыл-ой
әрекетін
кезеңдерге
бөліп
қалыптастыру жөніндегі теориясын педагогикалық ептіліктер мен
дағдыларды меңгерудің психологиялық ғылыми негізі деуге болады. Оның
теориясы бойынша [7] ондай кезеңдер бесеу:
-
орындайтын әрекетпен алдын ала танысу;
-
эскиз, схема, сурет, үлгі т.с.с. формаға келтіру;
-
әрекет мазмұнын ауызша немесе жазбаша бейнелеу;
-
әрекеттер қорытындысы мен тұжырымдарды баяндау;
-
ақыл-ой әрекеті іске аса бастайды (қалыптасу кезеңі)
Осы кездегі білім беру негізінің бірі жастардың техникалық
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Жоғарыда аталған белгілі ғалымдардың педагогикалық-психологиялық
тұжырымдарын талдай келе, осы ғылыми мақалада негізгі мәселе болып
қарастырылатын жастардың техникалық шығармашылық қабілеттерін график
түрінде былайша бейнелеуге болады.
1-сурет. Адам қабілеттіліктерінің жіктелуі.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сыздықова Б.О.
Болашақ «Технология» пәні мұғалімдерін бакалавр деңгейінде даярлаудағы...
Қабілеттілік
жалпы
арнаулы
Ойлау оралымдығы
зейінділік
зеректілік
тапқырлық
музыкант
суретші
әртіс
конструктор
дарындылық
талант
276
Осы 1-суретте көрсетілгендей қабілеттіліктің жалпы және арнаулы
түрлерінен басқа дарындылық пен талант деп аталатын жоғары деңгейден
орын алатын түрлері бар.
Дарындылық деп даңқы әлемге жайылған адамдар аталады. Мысалы,
композитор Моцарт 7 жасында төрт соната жазған. Тоғыз жастағы Гете неміс,
латын, грек тілдерінде өлең жазатын болған.
Бұрынғы Арыс станциясының бастығы болған, қазіргі кезде зейнеткер,
«Құрметті теміржолшы» Социалистік Еңбек Ері Әуесхан Салықбаевтың
Қазақстан экономикасының күре тамыры – теміржол саласын дамытуға
қосқан үлесін дарындылық деп айтпасқа болмайды. Оның ұсынған
ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижелері бұрынғы КСРО-ның теміржол
саласында кеңінен қолданысқа ие болғанына тарих куә.
Қабілеттіліктің жоғары түрінің бірі – талант. Талант – күрделі, қиын іс-
әрекетті өзіндік ерекшелікпен, нәтижелі орындай алуға мүмкіндік беретін әр
түрлі қабілеттердің жиынтығы.
Кез-келген машина, агрегат, механизм өз міндетін атқара отырып, ұдайы
жетілдіріп отыруды қажет етеді. Мысалы, өткен ғасырдың 20-жылдары ауыл
шаруашылығы саласында қол еңбегі кеңінен қолданылып келді. Шаруа
адамы жер жырту үшін соқаны пайдаланды және оған ат, өгіз жекті. Ал, 50-
жылдары қуатты тракторлар мен көптеген ауыл шаруашылық машиналары
дүниеге келді. Осы аралықта және одан кейінгі уақытта да әйгілі
конструкторлардан бастап қарапайым жұмысшыларға дейін көптеген
жаңалықтар ашыла бастағаны белгілі. Әрине, бұларды біз адамзаттың даму
тарихындағы заңдылық деп қарауымыз керек [4].
«Салалық
материалтану
және
конструкциялық
материалдар
технологиясы» пәнінен студенттердің өлшеу құралдарымен жұмыс
атқарғанда қалыптасатын ептіліктері мен дағдылары мына жүйе бойынша
кезең-кезеңімен іске асырылады:
1-кезең. Өлшеу құралдарын меңгеру, ол өлшеу құралдары мен
қондырғыларының жарамдылығын тексеру, техникалық қондырғыны жинай
білу ептіліктері мен дағдылары.
2-кезең. Қарапайым өлшеулерді жүргізу, ол әрбір өлшем мәнін талдай
білу, өлшеу құралдары межесінің сандық мәнін дұрыс есептеу ептіліктері мен
дағдылары.
3-кезең. Кешенді өлшеулерді жүргізу, олардың нәтижелерін өңдеу.
Мұндай қабілеттер П.Я.Гальпериннің адамның ақыл-ой әрекетін кезеңдерге
бөліп қалыптастыру теориясының өміршеңдігін көрсетеді.
Металды металкесу станоктарында өңдеу кезінде өлшеу іс-әрекеттері өте
күрделі және шығармашылық тұрғысынан қарауды қажет етеді. Мысалы,
тетікті алдымен бұрғылау арқылы тесік жасалып, онда бұрандалы қосылыс
жасалатын бұранда салу қажет. Тесілетін тесік өлшемі бұрғы диаметрімен
қамтамасыз етіледі дедік. Сол кесетін бұрғыны қайрау кезінде ұштары тиісті
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сыздықова Б.О.
Болашақ «Технология» пәні мұғалімдерін бакалавр деңгейінде даярлаудағы...
277
етіп қайралмаса, онда тесік диаметрі не кіші, не үлкен болып шығады,
нәтижеде ақаулы бұранда жасалады. Стандартты бұрандаларда бұранда
адымдары көрсетіледі, егер басқа адымды бұранда қолданылса, онда
бұрандалы қосылыс сапасы мүлдем жарамсыз болып шығады.
Осылайша металкесу станоктарында өңдеудің барлық кезеңдерінде және
барлық технологиялық операциялар жасағанда студент өте сезімталдық
танытпаса, ақау тетік немесе тіпті төмен нәтиже алынады. Осындай келеңсіз
жағдайлар орын алмауы үшін, шәкірттердің техникалық шығармашылық
қабілеттері жоғары болуы керек.
Бұл жерде «Салалық материалтану және конструкциялық материалдар
технологиясы» пәні техникалық шығармашылықты қалыптастыруға құрал
ретінде қарастырылады.
Жалпы алғанда және қорытындылай келе студентті шығармашылық іс-
әрекетке жетелейтін факторларды былайша қарастыруға болады:
- адамның іс-әрекеті тәжірибе негізінде қалыптаса бастап, шыңдала түседі;
- жеке адамның дамуы қоғамның дамуымен байланысты;
- қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына байланысты адамның
қабілеттілігі дамиды;
- адамның қабілеті үнемі жетілдіруді, дамытуды қажет етеді;
- адамның қабілеттілігі ептіліктің қалыптасуына сәйкес дамиды;
- адамның қабілеттілігіне оның зейінділігі, тапқырлығы, ойлау ерекшелігі,
зеректігі, дарындылығы жатқызылады.
Осындай
биік
адами
қабілеттері
бар
балалар
техникалық
шығармашылыққа өте бейім болып келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
ҚР «Білім туралы» заңы. Заң актілерінің жинағы. –Алматы: Юрист, 2004. -37 б.
2.
Казахско-русский словарь /Под ред. чл.-корр. НАН РК Сыздыковой Р.Г., проф. Хусаина К.Ш. –
Алматы: Дайк –Пресс. 2008. -962 с.
3.
Сыздықов О. және т.б. Конструкциялық материалдар технологиясы. Оқулық. Алматы: РБК,
1993. -290 б.
4.
Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік. –Алматы: Қазақстан, 1986. -118 б.
5.
Чебышева В.В. Психология трудового обучения. М., 1969. С. 28-32.
6.
Кузьмина Н.В. Формирование педагогических способностей. Л., 1965.
7.
Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1976.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Б.ШАЛБАЕВ
278
техника ғылымдарының кандидаты,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті
Қ.Ж.ЖҰМАБАЕВ
Жамбыл политехникалық колледжінің оқытушысы
МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ
ИНТЕРАКТИВТІК ТАҚТАНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
В статье показаны широкие возможности использования интерактивной доски.
This article reveals wide opportunities of the interactive board employment.
Оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын
қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін технологияларды енгізу және
тиімді пайдалану өмір талабы.
Білім беруді ақпараттандыру оқу үрдісіне мазмұнды жаңа технологияны
енгізумен шектелмей, мемлекеттің қазіргі әлемдегі даму деңгейін де
сипаттайды. Сондықтан, қазіргі заманда оқытудың инновациялық
технологияларын қолданудың маңызы айрықша [1]. Жаратылыстану пәндерін
оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық,
психологиялық мүмкіндіктері бірқатар зерттеулерде қарастырылуда.
Дегенмен, қазақстандық білім беру жүйесінде ұлттық білім сапасын
арттыру мақсатында жаңашыл технологияларды қолдануда шешімін табуды
қажет ететін бірқатар педагогикалық мәселелер бар. Соның бірі – колледжде
оқытылатын пәндерді оқытуда ақпараттық технологияны пайдаланудың
педагогикалық шарттарын айқындау. ҚР Білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген «...білім беруді
дамыту үшін озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу мен енгізу»
талаптарын іске асыру қажеттігі туындайды [2.3].
ҚР білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім беруді
дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, білім беру және
ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп көрсетілген [2].
Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалануға
арналған зерттеулерде интерактивтік тақтаны пайдаланып сабақ өткізу
әдістемесі әлі де болса жеткілікті қарастырылмағандықтан, мақалада осы
тақтаның мүмкіндіктерін зерделеуді мақсат еттік.
ЮНЕСКО мәліметі бойынша адам тыңдаған уақытта сөз түріндегі
ақпараттың 15%-н, көру арқылы 25%-н, әрі көріп, әрі естіген кезде 65%
ақпаратты есте сақтайды [3.10]. Аудиовизуалды құралдар әртүрлі сезім
мүшелеріне ықпал етіп, зерттеу, жобалау, басқару сияқты саналы
әрекеттердің
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Шалбаев Б., Жұмабаев Қ.Ж.
Мамандарды дайындаудың сапасын арттырудағы интерактивтік...
белсенді дамуына ықпал етеді. Тиімді қолданылған оқытудың техникалық
құралдары сабақтың 25%-на дейін үнемдейтіні дәлелденген. Онда мұғалімнің
279
де, оқушының да оқу уақытын мақсатты түрде түрлендіруге мүмкіндік
туындайды: ақпарат беруді жылдамдатып, көрнекілікті арттырады,
проблемалық
жағдай
туындатып,
оқушының
ізденіс
жұмысын
ұйымдастырады, оқу үрдісін жекелеп, оқытуды саралайды.
Сабақ жасөспірімдердің өмірінде тек қана сабақ болып қалмас үшін, ол
қызықты болуы шарт. Қызықты өтілген сабақ мұғалімнің ашқан жаңалығы,
өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, бір сөзбен айтқанда, педагогикалық
шеберлігін көрсетіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Жеке тұлғаны жеке тұлға
арқылы ғана тәрбиелеуге болады деген ұстаным тәрбиесіз берілген білімнің
залалдылығын көрсетеді.
Интерактивтік тақтаны пайдаланып өткізілген сабақтар техникалық,
әдістемелік, ұйымдастыру жағынан белгілі бір шарттардың орындалуын
қажет етеді. Техникалық шарттары: ACTIVboard интерактивтік тақтасы мен
ACTIVstudio
бағдарламасын
үйлестіріп
қолдану,
қажетті
құрал-
жабдықтардың жеткілікті болуы.
Әдістемелік шарттары: нақты сабақ мақсатына орай оқу материалын
іріктеу, білімді бекіту мен меңгеруді қадағалау кезеңдері, эргономикалық
және психологиялық-педагогикалық талаптарды сақтау т.б.
Ұйымдастыру шарттары: мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату,
ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, т.б.
Интерактивтік тақтаны қолданып оқыту – бұл таным әрекетін
ұйымдастырудың арнаулы формасы, оқытудың бұл формасы алдына нақты
және бағдарланған мақсат қояды. «Интерактивтік оқыту» 1990 жылдары
интернет әлемінің дамуымен байланысты пайда болды.
2007 жылдың маусымында ҚР Білім және ғылым министрлігімен
бекітілген «Кәсіптік білімде интерактивтік технологияларды пайдалану»
және АСТIVboard интерактивті тақтасын пайдаланып, ACTIVstudio
бағдарламасымен сабақ өткізу қолға алынып отыр [3].
«Интерактив» деген сөз ағылшынның “inter - act” (“inter” - өзара, “act”
– әрекет ету) деген сөзінен шыққан. Көптеген ғалымдардың түсіндіруінше,
интерактивті оқыту дегеніміз компьютер және интернет желісін пайдалану.
Интернет желісіне ғалымдарға, ұстаздарға, білімгерлерге, орта мектеп
ұжымына арналған әр түрлі сайттар мөлшері күннен-күнге көбеюде.
ACTIVboard интерактивтік тақтасын пайдаланып, ACTIVstudio көптеген
функциялардан тұрады, ақпараттандырылған көрнекті құрал ретінде
пайдалануға болады [4].
Стандартқа сай интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану
жоспары.
Оқу көрсеткіші:
-
Информатиканы оқыту туралы;
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Шалбаев Б., Жұмабаев Қ.Ж.
Мамандарды дайындаудың сапасын арттырудағы интерактивтік...
-
Интерактивтік тақтаны қолдану;
-
Интерактивтік тақтаның мүмкіндіктері;
280
-
MS Windows XP операциалық жүйесі мен жұмыс;
-
Ақпараттық-технологиямен жұмыс;
-
Мультимедия технологиясымен жұмыс, графикалық теориясы, жұмыс
техникасы мен оның құралдарын қолданылуын үйрету.
Интерактивті оқытудың кешенді жүйесіне арналған глоссарий.
1.
ACTIVstudio – бағдарламамен қамтамасыз ету;
2.
ACTIVboard – интерактивтік тақта;
3.
ACTIVpen – қалам;
4.
ACTIVtablet – графикалық планшет;
5.
ACTIVote – тестілеу құрылғысы;
6.
Power Tools – комплект, көптеген құралдардан тұратын,
жинақ;
7.
Колибровка – экранда курсорды және қаламның сәйкестігін
орнату;
8.
Басу – экранға немесе қажетті нәрсеге қаламды тигізу;
9.
Флипчарт – басты жұмыс аумағы.
Интерактивтік тақтаның мүмкіндіктері:
Бастапқы аспаптар панелінде орналасқан, оны қаламмен 1
рет басыңыз.
Қаламмен менюді басыңыз - содан соң «сақтау»
батырмасын басыңыз
« Қалам» - бұл құралды белсенді ету үшін қалам белгісін
басыңыз.
«Кітапхана» ашу үшін функционалдық панелдегі аспаптық
терезедегі
«Кітапхана» (кітаптар бейнеленген) белгісіне қаламды
әкеліп, шерту керек.
Келесі
бетке
өту
үшін
интерактивтік
тақтаның
функционалды панелдегі оң жағындағы көрсеткішті басыңыз.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Шалбаев Б., Жұмабаев Қ.Ж.
Мамандарды дайындаудың сапасын арттырудағы интерактивтік...
Болдырмау- алдындағы кездейсоқ әрекеттерді болдырмау
үшін қызмет етеді.
281
Қалпына келтіру – абайсызда өшірілген әрекетті
қайтару үшін қызмет атқарады.
Планшет – бұл өзінде жазылған ақпараттарды ИТ
экранына жіберетін құрал. Сонымен қатар бұл құралды
интерактивтік тақтадан қашықтықта да пайдалануға болады.
«Activote» - құралы оқушылардың тарау немесе
тақырыптар және бөлім бойынша білімдерін тексеруге
мүмкіндік береді. Бұл құрал білім мен ептіліктерді тексеру
кезінде
оқушылардың
жұмысына
әдеуір
көмектеседі.
Маркер – мәтіннің, бейненің үстінен сурет салуға
арналған.
Өшіргіш – парақ бетіндегі қателерді немесе керек емес
нысаналарды өшіру үшін қызмет етеді.
Енінің селекторы- пернетақтадан, қаламның көлемінен
және т.б. енгізілген мәтіннің өлшемін өзгертуге арналған.
Осьті алып тастаудың жақсы тәсілі, флипчарт себетін
пайдалану.
Біз бағдарламадағы құралдарды қарастырдық. Сабақ жүргізу үшін
компьютермен бірге проектор, маркер, карандаш болуы қажет. Сонымен
қатар оқытушы сабақта қолданылатын дидактикалық материалын алдын ала
дайындайды да компьютерге енгізеді.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Шалбаев Б., Жұмабаев Қ.Ж.
Мамандарды дайындаудың сапасын арттырудағы интерактивтік...
282
Интерактивті тақтаның сабаққа дейінгі дайындығын
оқытушының тексеруі
Компьютер
Проектор
Карандаш
Маркер
1-сурет . Интерактивтік тақтаны пайдалану.
Сабақ өткізу барысында оқытушы және оқушы интерактивтік тақтаны
және Activote құрылғыны пайдалануды білуі тиіс
Оқытушының интерактивті тақтаны
сабақта пайдалану үшін
Жұмыс панелі
карандаш
маркер
түс
жаза білу
кітапханамен
жұмыс
қосымша
мүмкіндіктерді
Өшіргіш
себет
(корзина)
Activote
2-сурет. Оқу тәрбие үрдісіндегі интерактивті тақтаны пайдалану.
Activote құрылғыны сабақ өткізер алдында тіркеуден өткізуі керек.
Бағдарлама ярлығын белсендірген соң, Activote құрылғымен жұмыс жасауға
болады.
3-сурет. Activote құрылғыны тіркеу.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Шалбаев Б., Жұмабаев Қ.Ж.
Мамандарды дайындаудың сапасын арттырудағы интерактивтік...
Бас
Activote
Құрылғы
Тіркеу
Тоқта
ОК
283
Бағдарламаға оқытушы алдын ала дайындаған тест сұрақтары, олардың
жауаптары енгізіледі.
4-сурет. Оқушылардың білімін тексеру барысында тест сұрақтарын құру.
Бағдарламадағы пайдаланушының деректер қорын жасау үлгісі 5-суретте
көрсетілген. Бірнеше топтарда сабақ жүргізілген жағдайда әрбір топ тізімі
жеке бумаға жинақталуы тиіс.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Шалбаев Б., Жұмабаев Қ.Ж.
Мамандарды дайындаудың сапасын арттырудағы интерактивтік...
Бас
Activote
Сұрақтар
Пән аты
Сипаттамасы
Сұрақты анықтау
Сұрақ түрі
Жауабы
Дұрыс жауабы
Тайм - аут
Файл аты
Сақтау
Шығу
Жаңа сұрақ
Жалғастыру
Жоқ
Иә
Бас
Пайдалану
Аctivote
Файл
құру
284
5-сурет. Activote пайдаланушының деректер қоры.
Оқушылар өткен тарау немесе тақырып бойынша тест сұрақтарына
жауап береді. Әрбір сұраққа жауап беру уақыты шектеулі. Үлгермеген
жағдайда келесі сұраққа автоматты түрде өтеді. Барлық сұрақтарға жауап
берген соң, оқытушы белгіленген пайыздық көрсеткіштер негізінде оқушыны
бағалау болады.
Бүгінгі күні инновациялық технологияны меңгерген оқытушы, білімді
білікті мамандар дайындайды. Математиканы оқытуда интерактивті тақтаны
пайдаланудың мүмкіндіктері мол. Содықтан интерактивті тақтамен жұмыс
істеудің қажеттігі туындайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
ҚР «Білім туралы» Заңы. Астана, Ақорда 27.07.2007 ж., №319 –III ҚРЗ, 34 б.
2.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы (ҚР Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығы), 3 б.
3.
Коджаспирова Г.М., Петров К.В. Технические средства обучения и методика их использования. –
М.: Академия, 2001. С.13.
4.
«Кәсіптік білімде интерактивтік технологияларды пайдалану» және АСТIVboard интерактивті
тақтасын пайдаланып, ACTIVstudio бағдарламасы. Астана, 2007. 35 б.
Достарыңызбен бөлісу: |