Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет40/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

Б.А.ОСПАНОВА 

педагогика ғылымдарының докторы 

Пайдаланушы 

қосу 


Тобы (Ф.А.Ә.) 

ОК 


Папка 

№ 1 


ОК 

шығу 


Иә 

Файл  аты 

сақтау 

сақтау 


 

285 


А.Ясауи атындағы ХҚТУ 

 

Г.Т.МАХАНБЕТОВА 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 

 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ 



СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ 

 

 

В  данной  статье  рассматриваются  особенности  развития  творческой  деятельности  студентов 

посредством инновационных технологий обучения.  

 

 

This article  deals with some  peculiarities  of  the  development  of  creative  abilities of  students  through 

innovation technologies of teaching. 

 

Қазақстанның  әлемдік  үрдістерге кірігуі,  дамыған  елдердің  стандарттарына 

деген  ұмтылысы  еліміздің  жаңа  сапалық  деңгейге  жылдам  өту  қажеттілігін 

туындатуда.  Қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  бағыттардағы 

өрлеуіндегі  осындай  өзгерістер  өмірдің  барлык  саласындағы  шығармашыл 

тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде. 

Осыған  орай  жүріп  жатқан  модернизациялау  үрдісі  -  республикадағы 

білімнің  сапасын  арттырып,  оның  халықаралық  білім  кеңістігіне  кірігуіне  деген 

қажеттіліктерін  қанағаттандырады,  еліміздің  өркендеген  елдердің  катарынан 

көрінеміз деген талабына тұғыр болады деп күтілуде. 

Егеменді  еліміздің  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  деңгейге  жету  үшін 

жасалынып  жатқан  талпыныстар  оқытудың  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерін  қолдана 

отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық істерінде креативті әрекет ұстанатын, 

сол  тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын  жеке  тұлғаның  шығармашылығын 

қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. 

Дарынды,  білімді  жастар  ғана  егеменді  еліміздің  ертеңін  баянды  етіп, 

қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  дамуына  үлес  қоса  алады.  Сондықтан 

студенттер  оқытушы  берген  білімді,  іс-әрекеттер  тәсілдері  мен  бағалау 

өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп 

қана  қоймай,  оны  әрі  қарай  өзінің  белсенді,  нысаналы,  зерделі  шығармашылық 

іс-әрекетімен  сабақтастыруға  тиіс.  Осыған  орай,  студенттердің  шығармашылық 

белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру – оқу үдерісін жетілдірудің 

негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру студенттердің шығармашылық 

белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үдерісін 

ұйымдастырудың  тәсілдерін,  әдістері  мен  нысандарын  іздестіруге  өзекті  сипат 

береді.  Болашақ  мамандарды  педагогикалық  нақты  жағдайларға  тез  бейімдеу, 

оның  шығармашылық  ұмтылыстарын  қанағаттандыру  ұстанымдарына  көшіру 

өзекті болып отыр. 

Тұлға  іс-әрекеті,  өзіне  және  айналасына  қарым-қатынасы  арқылы 

шығармашылық  қабілетін  жүзеге  асыру  арқылы  қалыптасады.  Сондықтан 

студенттің  табиғи  бейімділігін  дамытып,  тұрақты,  әлеуметтік  құнды 

шығармашылық  қабілетке  айналдырудың,  осы  әрекетке  педагогикалық 

басшылық етудің маңызы зор. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Оспанова Б.А., Маханбетова Г.Т. Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы... 

 

 



 

286 


 «Шығармашылық» деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне 

жету  жолындағы  талаптануы  мен  талпынысынан,  жігері  мен  сабырынан, 

сұранысы  мен  ізденісінен  түзіліп,  акыл  ойы  мен  сезімінің,  қиялының  ерекше 

бітімінен  көрінеді.  Шығармашылық  -  адамның  ойлауының  және  өз  бетінше 

әрекетінің  жоғарғы  формасы.  Дегенмен  шығармашылықтың  объективті  және 

субъективті  болатындығы  белгілі.  Оның  алғашқысы  ғылымда,  зерттеулерде 

бұрын  болмаған  жаңалық  деп  танылса,  соңғысы  субъектінің  өзі  үшін  жаңалық 

болып, оны әрі қарай жаңа бастамаларға шабыттандыратынымен сипатталады. 

«Шығармашылық»  сөзінің  төркіні  «шығару»,  «ойлап  табу»  дегенге  саяды. 

Демек  жаңа  нәрсе  ойлап  табу,  сол  арқылы  жетістікке  қол  жеткізу  деп  түсіну 

керек.  Философиялық  өздікте  «шығармашылық  –  қайталанбайтын,  тарихи 

қоғамдық  мәні  бар,  жоғары  сападағы  жаңалық  ашатын  іс-әрекет»  деп 

түсіндірілді.  Көрнекті  психологЛ.Выготский  «шығармашылық»  деп  жаңадан 

ашатын әрекетті атаған [1]. 

  Ал  осы  мәселені  терең  зерттеген  психологтердің  бірі  Я.Пономарев  оны 

«даму» ұғымымен қатар қояды. өйткені, әрбір жаңалық әсіресе, интеллектуалдық 

тұрғыда  болса,  ол  баланың  психикасын  жаңа  сапалық  деңгейге  көтереді  деп 

есептейді [2]. 

 Бұл  пікір  бүгінгі  педагогиканың  талаптарына  сәйкес  келетіндіктен  көңілге 

қонымды.  

Шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін 

жүзеге  асыра  алатын  адам  өмір  талабына,  өзегермелі  еңбек  шартына,  өзін-өзі 

тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге тез бейімделеді. 

Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық, мақсаттарын 

жүзеге  асыру  барысында  өз  жолын  өзі  ашып,  кедергілерді  жеңе  алады,  үздіксіз 

алға жылжып отырады. 

Шығармашылық  бағыттағы  адамның  қажеттілігі,  қызығуы,  идеалдары 

мақсатарын  жүйелейді,  айқындайды.  Шығармашыл  тұлға  шығармашылық  іс-

әрекетте болады, іс-әрекеттің барлық түрінде шығармашылықпен дамиды. 

Сонымен  шығармашыл  тұлға  болу  дегеніміз  –  дүниені  тану  және  жаңарту 

арқылы тұлғаның болмысқа көзқарасын айқындауы. 

Кеңестік  дәуір  кезеңіндегі  психологиялық  зерттеулерде  шығармашылық 

әрекеттің  сипаттамасына  ерекше  назар  аударған  С.Л.  Рубинштейн  болды.  Ол 

шығармашылықты  «жаңа  материалдық  және  рухани  құндылықтар  жасайтын 

қоғамдық мәні бар адам әрекеті» - деп түсіндіреді. Сонымен қатар ол әлемді тану, 

меңгеру  субъектінің  өзінің  шығармашылық  әрекеті  нәтижесінде  болатынына 

ерекше тоқталады [3]. 

Қабілеттер  мәселесін  зерттеген  Б.М.Тепловтың  тұжырымдарының  жеке 

тұлғаны дамытудағы маңызы аса зор. Ол шығармашылықты тұлғаның белгілі бір 

әрекетті  (немесе  бірнеше  әрекетті)  табысты  орындаудың  шарты  болып 

табылатын жеке психологиялық ерекшеліктері ретінде қарастырады [4]. 

Шығармашылық  ойлау  үрдісін  объективті  жаңалықты  ашу  мен  жасау 

ретінде  емес,  субъективті  жаңалықты  меңгеру  деп  тану  идеясын  белгілі  ғалым 

А.В.Брушлинский еңбектерінен аңғаруға болады [5]. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Оспанова Б.А., Маханбетова Г.Т. Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы... 

 

 



 

287 


Шығармашылық  мәселесінің  әрекет  теориясы  аясында  қарастырылуы 

белгілі  ғалымдар  А.М.Матюшкин    мен  М.И.  Махмудовтар    еңбегінде  әрі  қарай 

жалғасын  табады.  Олар  үсынған  проблемалап  оқытудың  негізгі  идеясы 

шығармашылық ойлауды дамыту болып табылады. A.M. Матюшкин өзінің соңғы 

еңбектерінде  шығармашылық  әрекет  адамның  өзін-өзі  өзгертуі,  өзінің  ішкі 

мүмкіндіктерін ашу қүралы екендігі жөнінде ой білдіреді [6]. 

Шығармашылықтың  категориясы  ретінде  интеллектуалдық  белсенділіктің 

мәніне  ерекше  тоқталған  Д.Б.Богоявленская  Бұл  сапаны  өзіндік  мәні  бар 

шығармашыл тұлғаның кіріктірілген қасиеті деп тануды ұсынады [7]. 

Тұлғаның  шығармашылық  сияқты  аса  маңызды  сапасы  сонымен  қатар 

көптеген шет елдік психолог-зерттеушілердің назарын аударған. 

Шығармашылық туралы сөз болған кезде ең алдымен қабілет деген ұғымды 

талдау  дұрыс.  Сонымен  қабілет  дегеніміз  –  іс-әрекеттің  белгілі  бір  түрін 

ойдағыдай нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті. Психологтар 

қабілеттің екі түрлі деңгейінің бар екенін дәлелдейді.  

Репродуктивті  іс-әрекетті,  білімді  берілген  үлгі  бойынша  қабылдай  ету 

деңгейі. 

Шығармашылық  –  жаңалық  ойлап  табуға  бағытталған  қабілеттер  деңгейі. 

Шығармашылық  өте  күрделі  психологиялық  процесс.  Бірақ  оның  белгілі 

шарттарын  орындаған  кезде  кез-келен  студент  шығармашылық  деңгейіне 

көтеруге болатындығын ғылым дәлелдеген. 

Шығармашылық  –  бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға  ұмтылу, 

іздену. 

Инновациялық  іс-әрекет  жаңалықты  іздеп,  шешуге  дайын  болу  қасиетімен 

тығыз байланысты. Ал, іс-әрекеттің «негізгі құрастырушысы» ретінде Б.Ф.Ломов 

мыналарды  бөліп  көрсетеді:  мотивті,  мақсатты,  жоспарлауды,  күнделікті 

мағұлматты  өңдеуді,  оперативті  бейнелеуді,  шешім  қабылдауды,  іс-әрекеттерді, 

қорытындыны  тексеру  және  әрекеттерді  түзеу.  Біздің  ойымызша  жалпы  іс-

әрекеттің осы құралы болашақ мамандардың шығармашылық іс-әрекетіне тән. 

Инновациялық  іс-әрекет  педагогикалық  еңбектің  өнімділігін  өзгертетін 

оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үлгісі.  

Инновациялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері: 

-   жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау; 

-  жаңалықтың  жетімсіз  жақтарын  анықтап,  оны  енгізуді  ұйымдастыру 

кезінде толықтыру мақсатын көздеу. 

Оқытудың  дәстүрлі  емес  формаларын  пайдалану  білімгерлердің  сабаққа 

ынта-ықыласын арттырып, ерекше танымдық қызығуын тудырады.  

Бұдан  біз  тіл  қатынасын  реттеуді  және  тұлғаның  шығармашылық 

белсенділігін танимыз.  

Жаңашыл  педагогтар  И.П.Волков  шығармашылық  әрекетті  дамытатын 

оқытудың  технологиясын  жасап,  жүзеге  асырады,  осыған  сай,  тұлғаның 

шығармашылық қабілеттері оқушының оқудан тыс іс-әректін таңдап алу кезінде 

бірізді қалыптасады. 

Инновациялық  технологияларды   пайдалану   арқылы   шығармашылық  іс- 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Оспанова Б.А., Маханбетова Г.Т. Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы... 

 


 

288 


 

әрекетін  белсендендіру  мәселесіне  Қазақстандық  ғалымдар  соңғы  жылдары 

басты  назар  аударуда  (А.А.Жолдасбеков,  К.М.Беркімбаев,  Ж.К.Оңалбек, 

Б.Қ.Мухамеджанов, 

Қ.Қ.Қабдықайыров, 

Ш.Т.Таубаева, 

К.Ж.Бұзаубақова, 

Ж.А.Қараев, М.Жанпейісова, Р.Р.Масырова, Б.А.Оспанова т.б.) 

Қазіргі  кезде  оқыту  процесін  жоспарлаудың,  қолданудың  және  бағалаудың 

жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара 

тиімді  әрекет  етудің  негізі  ретінде  жаңа  педагогикалық  технологиялар  түрлері 

көбейе  түсуде.  Сондықтан  осындай  жаңартылған  педагогикалық  технологиялар  

ішінен  өз  қажетін  таңдап  алу  -  әр  болашақ  маман  үшін  жауапты  да,  

шығармашылық іскерлікті қажет ететін іс. 

Инновациялық  технологияның  ішіндегі  ең  қажеттісі  «кейс-стади»  (нақты 

оқу  жағдаяттарын  пайдаланып  оқыту).  Нақты  жағдаяттарда  анық  дұрыс  немесе 

дұрыс  емес  жауаптар  болмайды,  яғни  оқу  материалы  студенттерді  талдауға, 

пікір-талас  жүргізуге,  ойларын  ашық  айтуға,  өз  көз  қарастарын  негіздеуге  ғана 

қызмет  етеді.  Нақты  жағдаят  әдісін  кез  келген  пәндерді  оқытуға  пайдалануға 

болады. Кейбір жағдаяттар студенттердің талдауға  және ақпараттарды жүйелеуі 

үшін пайдалануға болатын үйретуші материал ретінде кездеседі. 

Нақты  жағдаят  әдісі  педагогикалық  міндеттерді  талдау  қабілеттерін 

дамытады  және  міндеттерді  өзінше  құрастыруға  үйретеді.  Нақты  міндеттерімен 

бетпе-бет  келген  кезде  маман  біріншіден  мыналарды:  мұнда  шешетін  проблема 

барма, өз позициясын анықтау, түсіндіру, нені шешу керек екендігін және қандай 

қажетілік бар екендігін анықтап алуы қажет.  

Оқу  кейсі  –  аудиторияда  бар  мүмкіндіктерді  пайдаланып  нақты 

проблемалық  жағдаяттарды  шешу  және  талқылау  жолы  арқылы  қарама-қарсы 

шешімдерді  қабылдау  мүмкіндіктерін  құру.  Кейс  әдісін  тиімді  қолдану 

студентердің  шығармашылық  іс-әрекеттерінің  белсенділіген  артырады,  оқу 

тобында  проблемалық  жағдаяттарды  талқылау  мүмкіндігін  туғызады,  өздерінің 

білімдері  мен  идеяларын  біріктіреді,  талқылау  процесін  және  білім  мазмұнын 

қадағалауға мүмкіндік береді. 

Педагогикалық-психологиялық пәндердің бәріне бірдей қолдануға болатын, 

жаңа  технология  –  «ақпарат  алмасу  кезінде  өзара  шығармашылық  белсенділікті 

арттыру» - ӨБА – оқыту технологиясы таңдап алуға болады. Оларды атап өтсек: 

“ақылмен ал”, “пікірталас”, “тұрғыда тұр”, “ойталқы”, “дилемма шешу”, “шешім 

ағашы”,  “бетпе-бет”,  т.б.  бұл  айтып  отырған  технологиялар  -  әмбебап 

технология.  Бұл  технология  алдымен  Батыс  елдеріде  таралып,  соңғы  жылдары 

Қазақстан болашақ мамандары да қолданып жүр. Бұл технологияның ерекшелігі 

бір атаумен аудиторияда жүргізілетін бірнеше іс-әрекеттердің түрлерін қамтиды. 

Сондай-ақ  мамандардың  кәсіби  шеберлігін  артыруға  арналған  бірнеше 

технологияларды атап өтуімізге болады.  

Олар:  ұжымдық  оқыту  технологиясы  педагогтік  ынтымақтастық 

технологиясы,  ұстаздық  техникалар  технологиясы,  проблемалық  оқыту 

технологиясы, 

әдістер 

арқылы 


оқушылардың 

белсенділігін 

арттыру 

технологиясы,    ойын    технологиясы,    модульдік  оқыту   технологиясы,

  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Оспанова Б.А., Маханбетова Г.Т. Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы... 

 

 



 

289 


этнопедагогикалық  мәліметтерді  пайдалану  технологиялары.  Осы  аталған 

технологиялардың кейбіреулеріне тоқталып кетуді жөн көрдік. 

Болашақ  маман  тұлғасының  шығармашылығын  дамыту  мақсатында 

интерактивті  оқыту  әдістерін  дәріс  барысында  материалды  түсіндіргенде, 

психологиялық-педагогикалық  пәндер  бойынша  семинар,  лабораториялық-

тәжірибелік  сабақтардың  эвристикалық  әдістерін  қолданып,  студенттердің 

болашақ  кәсіби  іс-әрекетінің  элементтерін  бейнелейтін  ұйымдастырушылық  іс-

әрекеттік, проблемалық-бағдарлық, іскер және ролдік ойындарды жүргізгенде де 

пайдалануға  болады  (мысалы,  «Азанмен  бос  болып  оянасың»,  «Фирма  бір 

орында тұр немесе алға қадам басудың бес түрлі ұйымдастырушы баспалдағы», 

«Қалдықтардан келген пайда», «Педагогикалық ой-пікірлер банкісі», «Жетістікке 

жету  формалары»,  «Ұрпақтан  келесі  ұрпаққа»,  «Өзіңді  таны»  және  т.б.).  Бұл 

әдістер  оқытушыға  әртүрлі  оқу  ситуацияларының,  сонымен  қатар,  кәсіби 

ситуацияларының  үлгілерін  жасауға,  оқу  үрдісін  шын  өмірге  жақындатуға 

көмегін  тигізеді.  Оқыту  әрқашан  білімге  құштарлықты  жүзеге  асыратын 

тұлғаның өзін-өзі шығармашылық дамуына бағытталуы керек. 

Шығармашылық  жөнінде  жазылған  еңбектерді  талдай  келе,  төмендегі  дей 

қорытындыға  келдік:  шығармашылық  -  өте  күрделі  психологиялық  үрдіс.  Ол 

адамға тән.  

Қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, 

өзіндік  ой-талғамы  бар,  адамгершілігі  жоғары,  шығармашыл  қабілетті  жеке 

тұлғаны қалыптастыру. 

Сонымен  біз  біліктілікті  арттыру  жүйесінің  педагогикалық  мамандардың 

кәсіби-шығармашылықты  дамытуға  бағытталған  жаңа  тұжырымдамасы 

жоғарыда айтылып өткен теориялық тұғырлардағы түйінді ойларға сәйкес жүйені 

тұтас  инновациялауға,  ондағы  оқу  үрдісіне  қатысатын  субъектілердің 

позицияларының өзгеруіне, оқу үрдісінің әрекеттік амал жағдайына көшуі жүзеге 

асқанда өз нәтижесін береді деп есептеуге болады.  

 Білім  берудің  дамыған  өркениетті  елдердегі  үлгісіне  қарап,  мемлекетімізге 

сай ұлттық сана мен халықтық дәстүр және даму ерекшеліктерін ескере отырып, 

оқытудың  жаңаша  түрлі  жүйесінің  бағдарламасы  қолға  алынғаны  –  алға  қарай 

талпыныс, бүгінгі күннің талабы. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Выготский Л.С. Развитие высших психических функций.  – М.: Изд–во АПН РСФСР, 1960. 

2.

 



Исследование проблем психологии творчества //Отв. ред. Я.А.Пономарев. – М.: Наука, 1983.  

3.

 



Рубинштейн С. Л. Человек и мир / С.Л. Рубинштейн. - М.: Наука, 1997. 

4.

 



Теплов  Б.М.  Избр.  труды:  в  2т.  /Ред.-сост.  С.С.Стивенс.  Ред.  русск.  пер.  П.К.Анохин, 

В.А.Артемов. М., 1985. т.1. 

5.

 

Брушлинский А.В. Проблемы психологии субъекта. М., 1994. 



6.

 

Матюшкин А.М. Теоретические вопросы проблемного обучения // Хрестоматия по возрастной и 

педагогической психологии. М., 1981. 

7.

 



Богоявленская Д.Н. Психология усвоения знаний в школе. М., 1959. 

 

 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

 

А.А.ЖҰМАДУЛЛАЕВА 

 

290 


педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  

 

ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ЖАСТАРДЫҢ 

ОТБАСЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

В  этой  статье  рассматриваются  аспекты  этнокультурной  ценности,  которые  по  казахским 

познаниям являются исторической основой семейного воспитания. 

 

This  article  deals  with  the  aspects  of  ethnocultural  values  which  are  historical  basis  of  family 

education in Kazakh knowledge. 

 

Халқымыз қай заманда да отбасылық өмірді басты құндылық деп санап, 



оған  мәдени-әлеуметтік  маңызы  бар  іс  деп  қараған.  Отбасын  құру  мен 

отбасылық қарым-қатынастардың  заңдастырыла  қарастырылуы қазіргі  күнге 

дейін  маңызды  мәселелердің  бірі  болып  қала  береді.    Қазақтың  таным-

түсінігіне  сай,  қазақи  заңдар  -  этномәдени  құндылықты  дәріптейтін 

отбасылық тәрбиенің тарихи негізі болып табылады. 

Ғалым  Н.Өсерұлы  Ислам  діні  келгенге  дейінгі  арабтардың  некесі  мен 

отбасылық  өміріне  қатысты  мәселелерді  қазақтардың  әдет-ғұрпы,  салт-

санасымен  салыстыра  отырып,  мұсылмандықтың  шариғат  заңдарының 

отбасы мен некеге қатысты жақтарын зерделеп ашып берген [1.76]. 

Қазақ халқының отбасылық өмірі, әдеп-ғұрпы туралы сөз еткенде ислам 

дінінің заңы - шариғатқа және оның әдет-ғұрпымызға тигізген әсеріне соқпай 

өту  мүмкін  болмас  еді.  Әрине,  шариғат  заңдарының  көптеген  ғасырлар 

халқымыздың  тұрмыстық  өмір-салтына  ықпалын  тигізіп,  ұлттық  мәдениеті 

мен  отбасы  тәрбиесінде      өзіндік      із      қалдырғаны      белгілі.   

Мәдениеттанушы,  дінтанушы,  философия  ғылымдарының  кандидаты 

М.Бұлұтай  Ислам  дініне  дейінгі  арабтардағы  некенің  небір  жиіркенішті  де 

сорақы  түрлерін  тізіп  айтады  да  әйел  затының  соншалықты  қорланып 

келгенін  көрсете  отырып,  Ислам  діні  әйелдер  құқығын  ала  келген  дін  дейді 

[2.181]. 

Біз  бұл  мәселеге  А.Дадаұлының  "Мұсылманның  әйелі  алдындағы 

міндеттері" және " "Мұсылман әйелдің ері алдындағы міндеттері" [3.91] атты 

еңбектерін талдау барысында көз жеткіздік. 

 

Мұсылман отбасындағы ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері 

Әйелге қойылатын талап немесе мұсылман 

әйелдің ері алдындағы міндеттері 

Ер адамға қойылатын талап немесе 

мұсылманның әйелі алдындағы міндеттері 

1. Ерімен ынтымақтас және пікірлес болу; 

2. Табысына қанағат білдіру; 

3. Тамақ дайындау; 

4. Тазалық сақтау: дене, киім, үй тазалығы; 

5. Дүние-мүлікті сақтау; 

6. Қайын-жұртты сыйлау; 

7. Екеуара сырға беріктігі; 

8. Жұрт алдындағы беделін  сақтау; 

     


1. Теңін табуы; 

2. Дұрыс неке; 

3. Отбасын басқару; 

4. Өтірік сөйлемеу; 

5. Харамнан сақтану; 

6. Тазалық; 

7. Адалдық; 

8. Адал еңбекпен асырау; 

9. Үй іші жұмыстарына болысу; 

10. Қайын-жұртпен жақсы байланыс; 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Жұмадуллаева А.А. Этномәдени құндылықтар негізінде жастардың отбасылық мәдениетін...  

 

 



 

291 


 

9. Көркемдік талабына сай болу: үй 

жағдайы, өзін күтіп әдемі жүруі; 

 10. Талабын орындау; 

 11. Ысырапшыл болмау; 

 12. Бала табу; 

 13. Бала тәрбиесі: күтімі, қамқорлық, 

үйрету; 


11. Хақыларын орындау; 

12. Жақындықта болу; 

13. Перзент тәрбиелеу парызы; 

14. Перзент туылғандағы парыз

15. Жақсы мінез көрсету; 

16. Сабырлы болу; 

17. Сыр сақтау; 

18. Қызғану; 

19. Ата-анасы алдындағы міндетін білу; 

20. Әйелі алдындағы міндетін білу; 

21. Ағаш егу; 

22. Үй салу; 

23. Балаларына жақсы тұрмыс сыйлау. 

Қарап отырсақ, әйелдерге қарағанда ер адамдардың міндеті көбірек екен. 

Ислам  діні  -  әйелдерге  теңдік  беруші  дін  деген  әділдікке  саяды. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ұсынған некелесудің шарттары: 

-

 

қыз баланың тегіне, әсемділігіне, мүлкі мен ұстанған дініне көңіл бөлу;  



-

 

неке қиярдан бұрын екі жас бір-бірін көріп, білуі шарт. 



Қазақ  халқы  тарихында  сан  ғасырлар  атадан  балаға  мирас  болып  келе 

жатқан тағылым - отбасы тәрбиесі арқылы ықпалды болып, әулет, ру, тайпа, 

этнос  бойынша  әдет-ғұрыптық  сипат  алып,  ұлттық  деңгейде  қалыптасты. 

Сондықтан да қазақ халқы өз ұрпағын отбасын құруға және жұбайлық өмірге 

даярлауында өзіндік педагогикалық мәдениеті болған деп айта аламыз. 

Қазақ  отбасы  тәрбиесіне  негіз  болатын  тарихи-құқықтық  құжаттар  мен 

заңдарға педагогикалық тұрғыдан талдау жасай отырып, Майқы би жазған 

«Жеті  жарғыдан»  бастау  алатын  заңдардан  отбасы  мен  некеге  қатысты, 

отбасылық  қарым-қатынастардың  реттелуі  туралы  мәселелерді  зерделедік 

[4.59]. 


Әз  Жәнібек  ханның  тұсында  өмір  сүрген  Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлы 

өзінің  "Шипагерлік  баян"  атты  кітабында  қазақ  отбасына,  қазақ  жұртының 

жастарын  жұбайлық  өмірге  даярлау  үшін  маңызды  ойларын  мұра  есебінде 

қалдырған. Ең бастысы, "Жеті атаға дейін қыз алыспау" Ө.Тілеуқабылұлының 

ықпалымен Әз Жәнібектің жарлығы бойынша заңмен қазақ халқының өміріне 

енгенін білдік [4.43]. 

Әз  Тәукенің  тұсында  қазақтың  әдет  құқығының  жинағы  "Жеті  жарғы" 

түзіліп, қазақтың тұрмысына, әдет-ғұрпына, отбасылық өміріне тән қоғамдық 

қатынастардың негізгі салалары енген. 

Қазақ  өлкесінде  қазақ  тілінде  тұңғыш  жарық  көрген  құқықтық  құжат 

1885 жылы май айында Семей облысының Қарамола дейтін жерінде бес дуан 

елінің билері мен құрметті адамдарының съезінде қабылданып бекітілген 73 

баптан  тұратын  "Ереже"  деп  аталатын  заң  нұсқасы  жайында  соңғы  10-15 

жылдың көлемінде ғана айтылды. А.Құнанбаевтың қатысуымен түзілген бұл 

Қарамолада  жазылған  ережені  қазақ  халқының  әдет-ғұрып,  салт-сана, 

тұрмыс-тіршілігіне   лайықталған   үкім-кесімдері    немесе    заңдары    деуге  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет