Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет47/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Рустамбекова М.Е.,

 

Беркімбаев К.М.

 

Саттар Ерубаевтың әдеби-шығармашылық мұрасын білім...

 

 


 

334 


 

Фарабидің  білім  мен  тәрбие,  педагогика  мен  психология,  этика  мен 

әдістеменің  теориялық  және  практикалық  мәселелерін  қарастырудағы  

ғылыми-философиялық  мұрасын  жастар  бойына  адамгершілікке  баулитын  

ілім ретінде пайдаланған.   

Әл-Фараби  жастар  тәрбиесінде  бақытқа  жету  жолының  кепілі  ретінде 

адамгершілік  тәрбиесін  қояды.  Ол  өзінің  «Бақытқа  жету  жолдары», 

«Азаматтық  саясат»  атты  әлеуметтік-этикалық  және  педагогикалық 

шығармаларында  моральдық-адамгершілік  тәрбие  мәселелеріне  тереңінен 

тоқталады. Ойшыл адамның жан-жақты жетілуінің тиімді жолдары ретінде ең 

алдымен  оның  адамгершілік  және  интеллектуалдық  қасиеттерін  тәрбиелеу 

қажеттігін қуаттайды [1].   

Қорқыт  баба,  Асанқайғы,  Жиренше  шешен,  Қазтуған,  Бұқар  жырау, 

Шалкиіз,  Жиембет,  Шал  ақын,  Доспанбет,  Ақтамберді,  Үмбетей,  Дулат, 

Мұрат, Махамбет, Майлықожа, Сүйінбай, Шортанбай, Жамбыл, Базар, Әріп, 

Әсет  т.б.  ақындар  мен  жыраулар  өз  шығармаларында  тәлім-тәрбие,  әдет-

ғұрып,  мінез-құлық,  өмір  мұраты,  арман-тілек,  адамилық  пен  имандылық, 

жауынгершілік-батырлық,  сұлулық  пен  махаббат,  еңбек  пен  кәсіп  т.б. 

моральдық-этикалық  қатынас  құндылықтарын  өз  қолтаңбаларымен,  мәңгі 

жадыда сақталар жыр-толғауларымен қалдырған. 

XV-XX ғасырларда қазақтардың ұлттық идеалын бағдарлауда әлеуметтік 

және  адамгершілік  сипаттар  үлкен  орын  алған.  Ғұлама  ойшылдардың  

моральдық-этикалық  ілімдерінің  педагогикалық  мүмкіндіктерін  сөз  еткенде 

қазақ  ағартушылары  Абай  Құнанбаев,  Шәкәрім  Құдайбердиев,  Ыбырай 

Алтынсарин еңбектерін, көзқарастарын атап өтпеуге болмайды [1, 2, 3,].  

Қорыта  келе,  адамның  өзін-өзі  рухани  тану,  тазару  және  қоғамдағы  өз 

орнын  таба  білуіне,  адам  бойындағы  жақсы  қасиеттердің  қалыптасуы  мен 

жетілуіне және керісінше, адамды зорлық, қиянат, кемшілік пен надандықтан 

дер  кезінде  арылуға    жетелейтін  жоғарыда  талданған  ғұлама  ойшылдар  мен 

жыраулардың, қазақ ағартушыларының еңбектерінің мәні зор. Ғасырлар бойы 

жинақталған моральдық-этикалық құндылықтар тұлға бойына қарым-қатынас 

мәдениетін ұялатып, моральдық-этикалық идеалға бағдарлайтындығы хақ. 

Тәуелсіз  мемлекетіміздің  әлеуметтік  -  экономикалық,  саяси  жүйесі 

түбегейлі  өзгерістерге  ұшырап,  яғни  үдерісті  даму  жолына  түсіп  жатқан 

шағында, рухани өмірімізде өткен Кеңес өкіметі тұсындағы білім мен ғылым 

дамуына  сыңаржақты    теріс  пікірлер  айтылып  жатқаны  белгілі.  Алайда 

кешегі мемлекет, ғылым мен білім, мәдениет саласында қажымай еңбек еткен 

ардақты  асыл  азаматтарымыз,    бүгінгі  күннің  кірпішін  қалаған  тұғыры  биік 

тұлғаларымыз,  сол  кеңестік  дәуірде  білім  алып,  мемлекет  қайраткерлері 

деңгейіне көтерілген ардақтылар.  

  “Өткенін  ұмытқан халықтың – болашағы жоқ”- дейді, халық даналығы. 

Олай  болса,  біз  неге  ғасырға  жуық тарихымыздағы елдің елдігін паш 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Рустамбекова М.Е.,

 

Беркімбаев К.М.

 

Саттар Ерубаевтың әдеби-шығармашылық мұрасын білім...

 

 

 



 

335 


еткен  есімдерді  естен  шығаруымыз  керек.  Осындай  тұлғаларымыздың 

қатарына өткен ғасырымыздың 30 жылдары өскелең қазақ  әдебиеті тарихына 

қысқа  мерзім  ішінде    сүбелі  үлес  қосқан  ақын  –  жазушы  Саттар  Ерубаевты 

атап өтуімізге болады. Ол өзінің барлық зерделеген білімі, тума талантымен 

жазылған шығармалары арқылы заман талабына, халық тілегіне жауап беруге 

талпынды.  Өз  дәуірінің  еңбек  адамдарының  өнегелі,  жақсы  қасиеттерін 

бейнелеуге  көлемі  аз,  есесіне  көп  жанрлы  шығармалары  асыл  жырлары, 

тамаша  роман,  новеллалары,  сын,  сатирасымен  бағалы  үлес  қосып,  қазақ 

әдебиетін  барлық  жанрда    байыта  түсті.    Әрине  осы  құндылықтарды  ой 

елегінен өткізе отырып, ішінен дамудың қазіргі кезеңінде де өз құндылығын 

жоймағандарының бәрін іріктеп алуымыз қажет.  

Бұл тұстағы әдебиетіміздің басты тақырыбы – Отан тақырыбы болды. 30 

жылдардың  орта  тұсында  КСРО–да  Социализм  орнады  деп  жарияланды.  

Жаңа  Конституция  қабылданды.  Кеңес  елінің  қуаттылығы  артты.  Отанды 

сүю,  оны  мақтан  тұту,  қорғау  әр  азаматтың  міндетіне  кірді.  Осы  тұстағы 

өлеңдердің шаттық сезімге, лепті қуанышқа толы келетіні де сондықтан. 

Егеменді, еңселі ел болу  үшін, жаңа тұрпаттағы  адамгершілік қасиеттері 

жоғары жастарды тәрбиелеу, жан-жақты дамыған жеке адамды қалыптастыру 

әрқашанда  болашақ  қоғам  құрлысының  аса  маңызды  буыны  ретінде 

қарастырып тәрбиелеуіміз керек. 

Адамгершілік  тәрбиесінің  мақсаты  –  өз  іс-әрекетіне  жауапкершілікті, 

адал, намысты, жалғандық пен жамандықтан жаны аулақ адамды тәрбиелеу.  

Алайда адамгершілік тек сырттай форма ретінде игерілуі мүмкін емес, ол 

адамның тұлғалық дербестігіне негізделіп, әр тұлғаның өзіндік заңы күйінде 

танылады.  Адамгершілік  қалаған  уақытта,  қалаған  нақты  жолмен 

орындалатын  жәй  мақсат  емес.  Ол  адами  іс-әрекеттің  өз  негізінде  жатқан 

мақсаттардың мақсаты.  

Адамгершілік  тәрбиесі  негізінде  қалыптасушы  сапа-қасиеттер  түрі 

келесідей:  шыдамдылық,  жомарттық,  әдептілік,  ізгіліктілік;  адамдар 

арасындағы  өзара  сыйластық,  өзара  жәрдем  және  жолдастық,  үлкенге  сый, 

кішіге  қамқорлық,  әйел  және  ер  арасындағы  құрметтеу  қатынасы;  өзіндік 

тәртіптілік, өзіндік қадағалау, өзіндік басқарым, өзін өзі тану, өзін өзі реттеу 

қабілеттері.  Әр  адам  өзі  қалаған  әдет-қылықтарды  ардақтау  арқылы  өз 

адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.  

Адамгершілік тәрбиесіне орай іс-әрекеттер мазмұны:  

-  ұжымдық  оқу  және  қоғамдық  пайдалы  іс-әрекеттерді  ұйымдастыру 

арқылы тәрбиеленушілерді қамқорлыққа баулу;  

- қайырымдылық пен жауыздық проблемаларын талдай білуге үйрету;  

- шынайы және бейнақты гуманизмді айыра білуге жаттықтыру;  

- әлеуметтік әділдік пен әділетсіздік мәнін түсінуге баулу;  

-  гуманизм  идеялары  мен  олардың  жалпы  адамзаттық  сипатын  түсіне, 

бағалауға дағдыландыру.  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Рустамбекова М.Е.,

 

Беркімбаев К.М.

 

Саттар Ерубаевтың әдеби-шығармашылық мұрасын білім...

 

 

 



 

336 


Білімгерлердің 

жеке 


тұлғасының 

рухани 


өзегі 

адамгершілік 

құндылықтарының қалыптасуы үшін қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалардың 

адамгершілік  тәрбиеге    негізделген  шығармаларын  пайдаланудың  маңызы 

зор.  

Болашақ  мұғалімдердің  жоғары  адамгершілік  қасиеті,  қазақ 



халық ауызекі шығармашылығы саласындағы жан-жақты білімі олардың 

кәсіби-адамгершілік  даярлығының  маңызды  компоненті  болып 

табылады.  Негізінен  алғанда,  генетикалық  тұрғыда  адамгершілік-

педагогикалық  даярлықтың  басқа  компоненттері  үшін  алғашқы  әрі 

аныктаушы  болып  нақты  солар  саналады.  Шынында,  белгілі  бір 

адамгершілік  іскерлігін,  адамгершілік  тәрбие  жұмыстарын  орындау 

дағдысын  игеру  үшін,  ең  алдымен  терең  теориялық  білімдерді  меңгеру 

қажет.  Өйткені  С.Ерубаев  шығармашылығы  арқылы  адамгершілікке 

тәрбиелеу жұмысында мұғалімдердің практикалық даярлығы олардың 

адамгершілік түсініктері мен теориялық білімдеріне сүйенеді. 

С.Ерубаев 

шығармаларындағы 

адамгершілік 

тәрбие 

берудегі 



студенттердің  белсенділігінің  көрінісін:  олардың  тақырыпты  меңгеруге 

ынтасы, білуге ұмтылуы, өз қабілетіне сенімі, жұмыс істеуге құлшынуы мен 

құштарлығы,  тапсырманы  сенімді  түрде  қабылдауы,  алған  білімдері  мен 

біліктерін  практикада  нәтижелі  қолдана  білуі,  әрекеттенуі,  дербестігі  деп 

түсінуге  болады.  Жалпы  С.Ерубаев  шығармаларын  жоғары  мектептің  оқу-

тәрбие  үрдісіне  ендіру  студенттердің  өзін-өзі  көрсете  білу  және  алынған 

білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен өлшенеді [4]. 

Осы айтылғандардың С.Ерубаев шығармаларына да тікелей қатысы бар. 

Өйткені  оның  жастарды  адамгершілікке  тәрбиелеуге  қатысты  айтқан  құнды 

педагогикалық    ой-пікірлері  бүгінгі  білімгерлердің  осы  салада  қордаланған 

мәселелерін шешуде жетекші құрал болатыны сөзсіз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Алтынсарин И. Собр. соч. т 2. А.: Ғылым, 1975, с.359.  

2.

 



ҚұнанбаевА. Шығармаларының бір томдық жинағы. Алматы, 1961, 683 б. 

3.

 



Шәкәрім. Шығармалары. А.: Жазушы, 1998.  

4.

 



Шілтерханов Ә. Үш бәйтерек: Естелік, эссе. Алматы: Жалын, 1988. 192 б.   

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

 

С.МӘМЕТОВА 

 

337 


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің PhD докторанты 



 

БҮГІНГІ КҮННІҢ БIЛIМ ЖҮЙЕСІ 

 

 

В этой статье рассматривается современная система образования. 

  

 

 

This article deals with modern system of education. 

 

Әрбір мемлекеттің болашағы  мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие 

болып,  тізгінін  ұстар  азаматтар  бүгінгі  мектеп  оқушысы  болғандықтан, 

қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде  оқытатын 

мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешегінің  көкжиектері бүкіл 

қоғамның,  мемлекеттің  назарында.  Өйткені  барлық  қазақстандық 

мектептердің ішіндегі сан жағынан болсын, оқушыларының құрамы жағынан 

болсын    алдыңғы  орында    тұрған  және  мемлекеттік  тілде  білім  беретін  бұл 

мектептер  еліміздің  ұлттық  білім  беру  жүйесінде  айрықша  орынға  ие  [1].  

Білім беру – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың, мәдени-этностық, 

тілдік  мүдделерді    қанағаттандырудың    бірден-бір  құралы.  Мектеп  –  қай 

халықтың  болмасын  ұлт  ретінде  жойылып  кетуден  қорғаны,  төл  мәдениеті, 

қазақ  мектебі  –  халқымыздың  ұлттық  асылдары  мен  қазыналарын  сақтау, 

дамыту  мен  болашаққа  аманттаудың  кепілі  [2].  Соңғы  кезде  еліміздің  білім 

беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны түсінікті. Ең бастысы, әлемдік 

білім  кеңістігінде  ену  мақсатындағы    алғашқы  қадамдар.  Білім 

стандарттарының жасалуы, жаңа буын оқулықтарының қолға алынуы, басқа 

да  жүріп  жатқан  реформалар  күрделі,  қиын,  қарама-қайшы  белестерді  

ақырын-ақырын  артқа  сап,  алға  жылжып  келеді.  Қай  заман,  қай  реформа 

болмасын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да 

осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ.  Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең 

қасиетті  міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру 

болып  отыр.  Рухани  байлық,  ең  алдымен,  әр  халықтың  ұлттық  әдет-салты, 

көзқарасы,  шыққан  түп-тамырында  жататыны  белгілі.  Сол  байлықты  бүкіл 

адамзаттың  өз  ұрпағын  тәрбиелеудегі,  білім  берудегі  озық  ұстанымдарымен 

байланыстыра  отырып,  әр  баланың  қабілеті,  талантын  ашу,  өзіне-өзінің 

сенімін  нығайту,  қысқартып    айтсақ,  тіпті  өзіне-өзінің  жол  ашуына  түрткі 

жасау - міне, бүгінгі білім берудің  басты міндеті. Әр мұғалімнің алдындағы 

сәулелі  мұраты  -  өз  пәнінен  білім  беріп  қана  қоймай,  әр  баланың  «менін» 

ашу,  сол  «менді  шығармашылық  тұлғаға  жетелеу».    Баланың  өзіне  деген 

сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу, өмірден өз орнын, 

лайықты,  дұрыс,  таза  орнын  тапқыза  білудің    қаншалықты  қиын  екені 

түсінікті.  Бұл  мәселелер  –  бүгінгі  замандағы  білім  беру  ісінің  күретамыры. 

Өзін-өзі  таба  алмай,  өз  мүмкіндіктерін  дұрыс  пайдалана  алмай,    өзін-өзі 

тұншықтырып  жүргендер, басқа  жолға түсіп  адасушылықтың  негізгі себебі  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Мәметова С.

 

Бүгінгі күннің бiлiм жүйесі

 

 

 



 

338 


бір кездегі ұстаздары, мектебінде жатқан жоқ па деген сауалдар ойлантқаны 

жөн.  


Өз пайымдауымызша, білім беру, тәрбие мәселесі айналасында шешімін 

ойластыратын мынандай мәселелер тұрған сияқты:  

–  Қазақ  мектебін  жетілдіру,  ең  алдымен  мемлекеттік  тілдің  көркеюімен 

құлаш  жаюында.  Ол  үшін  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқытудың  өнімді 

жолдарынан,  яғни  инновациялық  технологиясынан  ізденуі  керек.  Білім 

академиясы,  білім  жетілдіру  институттарында  оқыту  мен  тәрбие  беру  ісінің 

келелі  мәселелері  бойынша  жекелеген  зерттеу  лабораторяларын  ашу, 

мұғалімдерді  ғылыми  жұмыстарға  кеңінен  тарату,  жаңашыл  бастамалары, 

ізденістерді  қолдау,  мұғалімдер  жұмысына  ғылыми  түрде  талдау  жасау, 

қорытындылау ауадай қажет.  

  –  Мектепте  басты  тұлға  -  мұғалім.  Университет  мұғалім  дайындап 

жатқан  жоқ.  Жас  буындарды  жаңаша  оқытатын  жаңа  мұғалімдер  қауымын 

даярлау ісі – кезек күттірмейтін іс. Қазір ұрпақ тәрбиесі бәрімізді алаңдатып 

отыр. Тәрбиешінің мойнына барлық жүкті беріп қоюдан нәтиже шамалы. Сол 

себепті  де  кейбір  интернаттардағы  қоғамдық  жұмыс  ретінде  жүріп  келе 

жатқан сынып жетекшілеріне арнайы штат беріп, ол жұмысты ақылы жүргізу. 

Мектеп  пен  мұғалім  жұмысын  жекелеген  нәтижесі,  жекелеген  дарынды 

балалардың жетістігіне қарай бағалау да – ойластыратын мәселе. Мектепті, ең 

алдымен,  бүкіл  оқушыларынының  тәлім-тәрбиесі,    тәртібіне  қарай  бағалау, 

онда қазір мемлекеттік іс болып отырған салауатты өмір салтына тәрбиелеу 

қалай  жүріп  жатқаны  әркімді  де  қызықтырар.  Білім  стандарттарын  жаңарту, 

мақсаттарды  анықтау,  толықтыруға,  оқулық  жазу  жалғасын  тауып  жатыр. 

Оқулық  мәселесі  айналасындағы артық-кем  пікірлер  толастамай  тұр.  Жақсы 

оқулыққа  қол  жеткізудің,  бір  жолы-  альтернативтік  оқулық  жазуда  деп 

айталамыз. Біздегі білім беру, оқыту пәндік жүйе арқылы жүзеге асып келді. 

Әр  пән  баланы  дамытып,  шығармашылық  тұлға  қалыптастырудың 

мақсаттарынан  ізденіп  келе  жатыр.  Сол  ізденістерді  жүйелей,  саралай 

отырып, ортақ бір концепция жасау керек-ақ. Әсіресе баланың өзін-өзі тануы 

[3].    

Соңғы  жылдары  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 

Назарбаевтың, Үкіметіміздің, Білім және ғылым министрлігінің ауылға, оның 

ішінде  ауыл  мектебіне  айрықша  назар  аударуы  біршама  жетістіктерге  қол 

жеткізуге  себепші  болды.  Ал,  ауылдық  жерлерде  негізінен  қазақ  мектептері 

екендігі  бесенеден  белгілі.  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  білім 

ұйымдарының  желісін  тұрақтандыру,  сақтау  және  дамыту  бағытында 

біршама  оңды  істер  атқарылды.  Мәселен,  жалпы  білім  беретін  мектептер 

саны  өткен  он  жылмен  салыстырғанда  11  бірлікке  артып,  978  болды,  (оның 

ішінде  ауыл  мектептерінің  саны-824).  Ал  оқушылар  саны  25541  көбейіп, 

барлығы  540412  болды.  Сөйтіп,  1997  жылғы  «оңтайландыру»  кезеңімен 

салыстырғанда  49  мектепке көбейді. Бұның ішінде қазақ мектептерінің саны  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Мәметова С.

 

Бүгінгі күннің бiлiм жүйесі

 

 

 



 

339 


тек  биылғы  оқу  жылының  өзінде  ғана    659-дан  667-ге  артып,    9  бірлікке 

көбейді,  ал  оқушылар    саны    26912-ден    артып,  барлығы  260780-ге  жетті. 

Сондай-ақ, 215 аралас тілді мектептердегі  қазақ сыныптарындағы оқушылар 

саны 112915-тен 122246-ға артты. Бұған қоса 25 мектеп қайта құрылды. Оның 

ішінде 6 бастауыш  негізігі мектеп, 18 негізігі мектеп  орта мектепке, 1 орта 

мектеп  негізгі  мектепке  айналдырылды.  Қазақ  мектептерінде  7795  өзге  ұлт 

өкілдері оқып, білім алуда [4]. 

Мемлекеттiк  жалпы  орта  бiлiм  мекемелерiнiң  желiсiнде  8164  күндiзгi 

жалпы  бiлiм  беретiн  мектеп  болса,  онда  3095,6  мың  шамасында  бала  оқып, 

тәрбиеленедi және  617 мектептен тыс ұйымда, 266,5 мың  бала оқып жатыр.  

1999  жылы “Бiлiм  беру  туралы”  жаңа  заңы  бекiтiліндi,   оған  өткен  жылы 

түзетулер енгізілді. Соның бастысы тұңғыш рет мұғалім мәртебесін көрсету 

туралы  арнайы  блоктық  қалай  жұмыс  істей  бастауы  дер  едік.  Заң  жүзінде 

Үкiметтiң  арнайы  қаулылары  қабылданды.  Елде  оқушылардың  құқығын 

қорғау,  олардың  бiлiм  алуы  мен  тәрбиеленуiне  оңтайлы  жағдай  жасау 

бағытында қажеттi нормативтiк құқықтық база жасалды.  

Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  2000  жылғы  30  қыркүйектегi 

№448  Жарлығымен  бекiтiлген  “Бiлiм  беру”  мемлекеттiк  бағдарламасының 

аясында бiлiм беру жүйесiнiң ұлттық моделi бағыттары белгiлендi.  

Ауылдық  жерде  бiлiм  беру  ұйымдарының  материалдық  -техникалық 

базасын  кезең-кезеңмен  нығайту,  бiлiм  беру  ұйымдарының  желiсiн  сақтау 

мен  дамыту  үшiн  2003 жылы  “Ауыл  мектебi”  бағдарламасы бекiтiлдi.  1998-

2000 жылдары жасөспiрiмдер арасында  құқық бұзушылыққа қарсы кешендi 

бағдарламаны  iске  асыру  нәтижесiнде  әр  түрлi  методикалық  нұсқаулықтар, 

психологиялық-педагогикалық  қызметiнiң  типтiк  ережесi  әзiрлендi.  Бiлiм 

беру ұйымдарында тәрбие берудiң кешендi бағдарламасы бекiтiлдi.  

Оқушылардың  бiлiм  деңгейi  мен  орта  бiлiм  беру  мазмұның  жақсарту 

мақсатында  көптеген  жұмыстар  атқарылды.  ҚР  Бiлiм  және  ғылым 

министрлiгiнiң 2002 жылғы 24 қыкүйектегi N693 бұйрығы негiзiнде 34 жалпы 

бiлiм  беретiн  пәндер  бойынша  мемлекеттiк  стандарттар  мен  базистiк  оқу 

жоспары  бекiтiлдi.  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақ  Бiлiм  академиясында 

оқулықтарды сараптан өткізу және мониторинг жасау орталығы құрылды.  

Жетiм  балалардың  құқығын  қорғау  мақсатында  ҚР  Үкiметi  2000  жылы 

17  мамырда  N738  “Мұқтаж  азаматтарға  олардың  бiлiм  алуы  кезеңiнде 

берiлетiн  әлеуметтiк  көмектiң  мөлшерi  мен  көздерi  туралы”  қаулы 

қабылдады.  Республикада  бiрiншi  рет   “Даму  мүмкiндiктерi  шектеулi 

балаларды әлеуметтiк және медициналық педагогтық  қолдау туралы”, “Бала 

құқығы туралы” заңдары қабылданды. Республикада алғаш рет жалпы бiлiм 

беретiн  мектептерде  оқу  процесiне  қазақ,  орыс,  өзбек  және  ұйғыр  тiлiнде 

барлық  пәннен  отандық  жаңа  буын  оқулықтары  шыға  бастады.  Бүгiнгi 

күндерi 1-6 сынып оқушылары жаңа төл оқулықтармен оқуда.  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Мәметова С.

 

Бүгінгі күннің бiлiм жүйесі

 

 

 



 

340 


1998  жылы  “Дарын”  мемлекеттiк  бағдарламасын  iске  асыру  бағытында, 

және  дарынды  балаларды  қолдау  мақсатында  Республикалық  ғылыми-

практикалық “Дарын” орталығы ашылды.  

Жылдан 


жылға 

Қазақстан 

командаларының 

дайындығы 

мен 

оқушылардың халықаралық  олимпиадалар  мен ғылыми жарыстарда жүлделi 



орын  алуы  өсуде.  1998  жылы  еліміздің  оқушылары  11  медаль  жеңiп  алса, 

1999  –24,  2002  жылы  –41,  оның  iшiнде  26  медаль  халықаралық 

олимпиадалардан  (3  алтын,  10  күмiс,13  қола),  15  медаль  халықаралық 

ғылыми жоба жарыстарынан жеңiп алынды. Министрлiк жұмысының негiзгi 

бағыттарының  бiрi  -  жалпы  орта  бiлiм  жүйесiн  ақпараттандыру  туралы 

мемлекеттiк  бағдарламасын  iске  асыру.  2001  жылы  жалпы  бiлiм  беретiн 

мектептердi  компьютерлендiру  аяқталды.   1997 жылдан  берi  8196  мектеп әр 

түрлi  модификациядағы  компьютерлермен  жарақтандырылды,  оның  iшiнде 

6227 ауыл мектептерi, 4229 шағын кешендi мектептер. Мыңнан аса мектепке 

интерактивті тақта орнатылды.  

Барлық  оқушыларды  оқумен  қамту  мақсатында  ҚР  Үкiметi   1998  жылы 

28  тамызда  N812  “Қазақстан  Республикасында   орта  бiлiм  жүйесiн  одан  әрi 

реформалау  жөнiндегi  шаралар  туралы”  қаулысы  қабылданды.  Күндiзгi 

жалпы  бiлiм  беретiн  мектептерде  жалпыға  мiндеттi  орта  бiлiм  беру  қоры 

туралы ереже бекiтiлдi. 2000 жылы қор қаржысы 295 млн. тенге,  2002 жылы-

664 млн. теңгенi құрады. Өткен оқу жылдарымен салыстырғанда оқушыларға 

ыстық  тамақпен  қамтамасыз  ету    5-10  пайызға  өстi.  Жылдан  жылға 

мемлекеттiк  тiлде  бiлiм беретiн  мектептер  мен  оқушылар  саны  өсуде.  Басқа 

тiлде бiлiм беретiн  мектептер (тәжiк тiлiнде - 3, өзбек - 78, ұйғыр - 14, украин 

тiлiнде - 1) саны артпаса кеміген жоқ.  

Қазақстанда  білім  беруді  қаржыландыру  соңғы  10  жылда  7  есеге 

артқанын,  сауаттылық  деңгейі  бойынша  Қазақстан  174  елдің  ішінде  14-ші 

орынды  алып  отырғанын,  сондай-ақ  республикада  3763  мектепке  дейінгі 

білім  беру  мекемесі,  7620  мемлекеттік  және  115  жекеменшік  мектеп,  318 

кәсіби лицей, 530 колледж бен 145 ЖОО жұмыс істейтінін жеткізді. Барлығы 

бұл  жүйеде  500  мыңға  жуық  педагог  пен  ғалым  жұмыс  істесе,  4,5  миллион 

адам білім алады [1]. 

Жалпы  орта  бiлiм  департаментi  қандайда  жұмыстарға  берер  жауабы 

төмендегідей: 

Бірінші  -  жалпы  орта  бiлiм  беру  жүйесiн  тұрақты  дамыту  үшiн 

нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;  



екінші  -  5-6  жастағы  балаларды  мектептке  дейiнгi  дайындықпен  қамту, 

мектепке дейiнгi ұйымдардың желiсiн дамыту;  



үшінші  -  ауыл  мектептерiнiң  жұмысын  жақсарту,  материалдық-

техникалық базаны нығайту;  



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет