Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет58/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71

 

 

 

 

 

419 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

С.Қ.ТӨЛТЕБАЕВ  

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ізденушісі 



 

ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ОҚУ 

 ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ 

 

В  статье  рассмотрены  пути  использования  операций  логического  мышления  в 

образовательном процессе. 

 

This article deals with the ways of using logical thinking operations in educational process. 

 

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізденіске бағыттау үшін 

шығармашылық  ойлауды  дамыту  мен  шығармашылық  іс-әрекетті 

қалыптастыру  процесін жүргізу  керек.  Бұл  процесті  оқыту  үрдісінде    тиімді 

орындау  үшін  белгілі  тәртіптік  жүйе  қажет.  Осы  қажеттілікті  орындаудың 

жүйелі  шешімін  белгілеуде,  шығармашылыққа  баулудың,  ойды  дамытудың, 

ізденіс  іс-әрекетті  қалыптастырудың  әдіс-тәсілдерінің  бастапқы  алгоритмдік 

жүйесі – логикалық ойлау операциялары [1.144]. Сондықтан оқыту үрдісінде  

білім  кеңістігіндегі  логикалық  ойлау  операцияларын  қолданудың  әдістемесі 

жасалды. Логикалық ойлау операциялары жалпы орта білім берудің салалық 

стандарты бойынша үш деңгейге топтастырылды.  

Логикалық  ойлау  операцияларын  оқу  үрдісінің  барысында  жүйелі 

қолдану – шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттаудың негізі. 

Осы мақсатқа  жету үшін мынадай міндеттер белгіленді: 

1.  Оқу  үрдісінің  барысында  оқушыларды  шығармашылыққа  баулуда 

логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу: 

-  шығармашылық  ойлаудың  (ойлауды  дамытудың)  негізі  ретінде 

қабылданған логикалық операцияларды айқындау және оларды деңгейлеу; 

- логикалық ойлау операцияларын сабақ барысының әрбір  кезеңдерінде, 

оқу 

материалдарының 



тақырыптары 

бойынша 


шығармашылық 

тапсырмаларды,  сұрақтарды  құруда,  тәжірибелік-зерттеулік  жұмыстарды 

жүргізуде  қолдануды ендіру; 

-  оқыту  үрдісіндегі  пәнді  оқыту  жоспарларының  үлгі  нұсқаларын  және 

онда логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесін жасау; 

2. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды іске асыру 

барысында:  

-  сабақ  барысында  игерген  шығармашылық  іс-әрекет  дағдылары 

бойынша өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындауға; 

-  шығармашылық  жұмыстардың  мәні  мен  мазмұнын  түсіне  отырып, 

шағын    шығармашылық  жұмыстар  жасаудан,  нақтылы  ғылыми  ізденіс  

жұмыстарын   жүргізуге және  логикалық ойлау операцияларының жүйесінде 

орындауға бағыттау. 

3.  Оқушылардың  ғылыми-шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануын  

ұйымдастыруда: 


 

420 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Төлтебаев С.Қ.  Логикалық ойлау операцияларын оқу үрдісінде қолдану 

 

 



-  өз  бетінше  материалдарды  іздеуді,  кітапханада  әдебиеттермен  жұмыс 

орындауды; 

-  ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  құрылымы  мен  әдіс-тәсілдерін  

игеруді; 

-өз  бетінше  ғылыми-ізденіс  жасауға  баулуда  логикалық  заңдылықтарды 

қолдануды  меңгерту  үшін    шығармашылық  топтарда  «шығармашылыққа 

баулу» сабақтарын жүргізу. 

Логикалық ойлау операцияларының деңгейлік дамыта оқытуда  

қолданылуы 

Дамыта оқыту деп – мақсаты мен міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының 

өнімді  ойлауының  даму  заңдылықтарына  сәйкес  берілген  оқытуды  айтамыз 

[2.56].  Онда  беріліп  отырған  әдістеме  бойынша  өнімді  ойлауды 

қалыптастырудың  жүйесі  -    танымдық  іс-әрекеттен  логикалық  (қисынды 

операциялар арқылы) іс-әрекетке келтіру, одан  шығармашылық ойлауға өту. 

1-Кесте  Өнімді ойлаудың жүйесі 

танымдық 

логикалық 

шығармашылық 

Оқу 


материалдарын 

игеруі,  қызығушылығы, 

танымдық, белсенділігі  

Логикалық 

ойлау 

операцияларын  игеруі;  оқу 



материалдары  бойынша  лог. 

операцияларды 

қолдана 

отырып, 


тақырыптық 

тапсырмаларды орындауы. 

Шығармашылық  алгоритмін  әдіс-

тәсілдерін 

игеруі; 

шығармашылыққа  қадам  жасау, 

түрлендіру, 

ой 


туындату, 

қорытынды  жасау,  шағын  ғылыми-

ізденіс жүргізуі. 

 

Деңгейлеу  –  оқушының  игеруге  тиісті  білім  мен  білік  жүйелерінің 



күрделілігіне  қарай  сатылай  топтастырылған  белгілері.  Жалпы  орта  білім 

берудегі салалық стандартқа сай оқыту үрдісінде білім сапасының үш деңгейі 

белгіленіп,  осы  деңгейлерге  күрделілігіне  қарай  логикалық  ойлау 

операциялары топтастырылды. 

1.  Міндетті  деңгей  –  минимум  ҚР  ОББ  стандарты,  жай  мектеп 

оқушыларының деңгейі.  

- қарапайым ойландыратын операциялар белгіленді. 

 

2. Лайықты деңгей – лицей, гимназия оқушыларының  деңгейі. 



-  күрделі ойлау операциялары белгіленді. 

 

3. Жоғары деңгей – дарынды балалар мектеп оқушыларының деңгейі. 



-  күрделілігі  жоғары  ойлау  операциялары  белгіленді  (шығармашылыққа 

бағытталған). 

Шығармашылық тапсырмалардың күрделілік деңгейі, оқушының игеруге 

тиісті білім, білік, дағды жүйесі негізінде деңгейлерге белгіленген логикалық 

ойлау операциялары арқылы анықталады.  

Оқыту үрдісіндегі білім сапасының үш деңгейі бойынша белгіленген 

логикалық ойлау операциялары 

Пәндерді  оқыту  үрдісінің  барысында    деңгейлік  шығармашылық 

тапсырмаларды, сұрақтарды құруда және бағалауда қолданылатын  деңгейлік 

логикалық операциялар  (дамытуға қойылатын деңгейлік талаптар) [3.171]. 



 

421 


  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Төлтебаев С.Қ.  Логикалық ойлау операцияларын оқу үрдісінде қолдану 

 

 



 І. Міндетті деңгей: 

  а) мнемикалық операциялар: 

  - тану; 

  - айғақтар мен түсініктерді қабылдап, жаңғырту; 

  - ережені, кестелерді, мәтіндерді еске түсіріп жаңарту; 

  б) қарапайым ойландыратын операциялар: 

  - айғақтарды бір-бірінен айыра білу

  - айғақтарды бір-бірінен ажырата білу; 

  - айғақтардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу; 

  - айғақтардың бір-бірінен өзгешелігін баяндау; 

  - мазмұндағы айғақтар арқылы мысал келтіру; 

  - айғақтарды бір-бірінен бөлу, белгілерді айту, анықтау, хабарларды талдау; 

  -  хабарлардың  қатысын  білу,  орнына  қолдану,  сөздіктермен  жұмыс  істей 

білу; 

  - терминдерді, тәсілдерді ажырата қолдана білу; 



ІІ.  Лайықты  деңгей.  Күрделі  ойлау  операцияларында  айғақтар  мен 

дәлелдер  арасындағы  өзара  қарым-қатынастардың  себебін,  құндылығын, 

міндетін, т.б. белгілеу: 

-

 



нақтылау мен жинақтау, белгісіздерді анықтау; 

-

 



тасымалдау (трансляция, трансформация); 

-

 



дәлелдерді баяндау, түсіндіру, негіздеу, өз бетінше мысал келтіру; 

-

 



тапсырмалар бойынша талдау (анализ және синтез). 

-

 



бір пәннен алған білімін басқа пәндерде тәжірибеде қолдана алу. 

-

 



индукциялау, дедукциялау, дәлелдеу мен бағалау, негіздеу; 

-

 



конспектілерді, баяндамаларды, көшірмелерді өңдеу, шолу жасау; 

-

 



салыстыра 

байланыстыра 

алу, 

топтастыра 



классификациялау, 

арақатынасын анықтай білу

-

 

салыстыра талдау, өзіндік анықтама беру, т.б. 



ІІІ. Жоғары деңгей. Шығармашылық ойлау операциялары: 

-

 



өзіндік  тәжірибелік  жұмыстар,  шағын  зерттеулер,  проектілер, 

модельдер, жорамалдар ұсыну, құрылымдар жасау; 

-

 

тәжірибе  (өткізу)  жүргізу,  проблемалық  есептер  мен  жағдайларды 



шешу; 

-

 



өзіндік пікір білдіру, қаулы шығару, шешім қабылдау; 

-

 



жеке бақылау жасау мен ойлау есептерін құру, нәтиже шығару

-

 



идеяларды  жаңғырту,  қарама-қайшылықтарды  көру,  сын  тұрғысынан 

пікір білдіру, ұсыныстар жасау; 

-

 

идеялар мен мәліметтерді біріктіру, ой қорытынды жасау; 



Деңгейлік тапсырмалар банкі 

Деңгейлік  тапсырмалар  банкі  логикалық  ойлау  операцияларын  қолдана 

отырып,  оқулық  бағдарламасының  тақырыптары  бойынша  жасалған 

тапсырмалар  және  шығармашылық  тапсырмалар  банкінен   тұрады.   Әрбір  



 

422 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Төлтебаев С.Қ.  Логикалық ойлау операцияларын оқу үрдісінде қолдану 

 

 



сабақ  барысында  оқушының  материалды  меңгеру  іс-әрекетінің  түрлі 

формаларында   шығармашылық сұрақтар, жаттығулар,  тапсырмалар  түрінде 

орындауға беріледі. Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтарды 

құруда  вертикаль  немесе  горизонтальды  бағытта  біртіндеп  күрделендіруге 

болады [4.23]. 

Оқулықтағы тақырыптардың мазмұнына қарай сәйкес келетін логикалық 

операциялар  деңгейлеп  қолданылады.  Шығармашылыққа  бағытталған 

сұрақтар  мен  тапсырмалар  қарапайым  ойлау  операцияларынан  бастап 

күрделене  береді.  Оқушы  міндетті  деңгейде  3-4  қарапайым  операцияны 

орындаса,  лайықты  деңгейде  3-4  күрделі  операция  қосылады,  ал  жоғары 

деңгейде  алдыңғы  операцияларды  қоса  отырып  жоғары  деңгейдегі  2-3 

операция орындайды. 



2-кесте 

2-3 күрделілігі жоғары 

лог. операциялар 

3-4 күрделі  лог. 

оперциялар 

3-4 күрделі  

лог. оперциялар 

3-4 қарапайым 

лог. оперциялар 

3-4 қарапайым лог. 

оперциялар 

3-4 қарапайым 

лог. оперциялар 

Нәтижесінде:           міндетті               лайықты                    жоғары деңгей 



 Күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарларының  жасалу жолдары. 

  Оқыту  үрдісіндегі  күнтізбелік  және  күнделікті  сабақ  жоспарлары  оқу 

пәнінің  бағдарламасы  бойынша  жасалына  отырып,  оған  қосымша  оқушы 

болмысында белгіленген оқушының танымдық, шығармашылық  қабілеттері  

мен  сезім  ерекшеліктерін  дамытуға  бағытталып,  деңгейлік  логикалық  ойлау 

операциялары қолданылады. 

  Күнтізбелік  жоспар  жасау  барысында,  әрбір  пән  негіз  болатын 

мамандықтардың  тізбесі  жасалынып,  тақырыптардың  сәйкес  келуіне  қарай 

кәсіби бағдар бағанасына ендіріледі.  



Күнтізбелік сабақ жоспары 

Үлгі нұсқа 

Күнделікті сабақ жоспары.       

       Жасалу тәртібі. 

Күнделікті сабақ жоспарының жасалу мазмұнына  жоспар құрылымы 

бойынша түсіндірме берілді. 

Пәні ______________ 

__________                                                                                                                                                                    

сыныбы  


 

 

  



(айы, күні)        

Өтілетін                                   

тақырыптар 

дың                                

мазмұны 

   Блоктар 

Мерзі

мі 


Сағат 

саны 


Көрнекі 

құралдар 

және 

ТСО 


Бейімдік 

бойынша 


мазмұны кәсіби 

бағдар 


Оқушыларға қойылатын 

деңгейлік талаптар 

Ескерту 

Міндет


ті 

Лайықт


ы 

Шығарм


а 

шылық 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

423 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Төлтебаев С.Қ.  Логикалық ойлау операцияларын оқу үрдісінде қолдану 

 

 



І. Сабақтың тақырыбы: __________________________________ 

 

ІІ. Сабақтың мақсаты

1.

 

Білімділік:  Жаңаша  оқыту    технологияларын  қолдану  арқылы  оқу 

материалын игеруге, оқушының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру  арқылы 

білім беру, сабақты басқару. 

2. 

Дамытушылық: 

Оқушы 


болмысындағы, 

ойлау 


қабілетінің  

ерекшеліктерін  басшылыққа  ала  отырып,  логикалық  ойлау  операциялары 

негізінде  шығармашылық    қабілеттілікті  дамыту,  алған  білімді  талдау, 

бағалау,  пайымдау,  бақылау,  зерттеу    дағдылары  мен  іскерлігін  және  ой 

қорытындылау қабілеттерін дамытуды белгілеу. 

3.     Тәрбиелік: Оқушы болмысындағы сезім ерекшіліктерін басшылыққа ала 

отырып,  ұлтжандылық  пен  ізгілікке  тәрбиелеуді,  сабақ  кезінде  ұжымдық  

шығармашылыққа  бағыттау  арқылы  білімін  көтеруге,  талдауға,  бағалауға 

баулуды белгілеу. 



  Оқытудың 

көрнекі  және  техникалық  құралдары:  Сабақта 

қолданылатын    дидактикалық  материалдар,  аудио-видео  техникалар, 

графопроектор, электрондық оқулықтар мен интерактивті тақта,  т.б. қолдану 

арқылы жүргізу [5.285]. 



 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.

 



Бухвалов В.А. Развитие учащихся в процессе творчества. Педагогический поиск. 2000. 

2.

 



Штерн В. Умственная одаренность. Москва: Союз, 2001. 

3.

 



Тургынбаев А. Логика (Пособие для гимназии и лицеев). Алматы: Білім, 2000. 

4.

 



Айдарбекова А.А. Раннее вмешательство – важное условие развития ребенка //Менеджмент 

в образовании. 1999, N2.  

5.

 

Горский Д.П. Краткий словарь по логике. Москва: Просвещение. – 1991. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

424 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

Н.М.БАЛТАБАЕВА  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ  



 

ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ 

КӨТЕРІП, ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ  

 

В  данной  статье  рассматриваются  пути  повышения  качества  образования  посредством 



интерактивных методов. 

  

This work touches on the developing ways of education quality by means of interactive methods . 

 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру 

еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – 

білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  ғасыры.  Оқыту  формасы  адамзат 

қоғамының  дамуымен  бірге  қалыптасты.  Оқыту  процесінің  ең  ертеде 

қалыптасқан  түрі  жеке  оқыту  еді.  Келесі  кезең  жеке-топтық  оқыту  әдісі 

болды.  XVII  ғасырдың  басына  қарай  бұл  оқыту  формалары  қоғам 

қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту 

әдісі қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. 

Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я.А.Коменскийді атайды.  

Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:  

1.

 



оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;  

2.

 



мектептегі оқыту кезеңі;  

3.

 



сабаққа қатысу бәріне міндетті;  

4.

 



сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;  

5.

 



сыныптағы  барлық  оқушылардың  жұмыстары  бір  тақырып  және 

бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады; 

6.

 

оқыту барысын мұғалім басқарады.  



Интерактивтік оқыту. 

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады: 

1) пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» рөлін атқарады (тыңдау және 

көру); 


2)  активті  (белсенді)  –  оқушы  оқытудың  «субъектісі»  болып  шығады 

(өзіндік  жұмыс,  шығармашылық  жұмыс,  лабораториялық-практикалық 

жұмыс); 

3)  интерактивті  –  іnter  (өзара),  акт  (әрекеттесу).  Оқыту  процесі 

оқушылардың  тұрақты  белсенді  өзара  қарым-қатынасы  арқылы  жүзеге 

асырылады. 

Интерактивті  оқыту  моделін  пайдалану  –  өмірлік  ситуацияларды 

модельдеудің  рөлдік  ойындарды  қолдануды,  мәселен  бірлесіп  шешуді 

қарастырады.  Оқу  процесінің  қандайда  бір  қатысушысын  немесе  идеяны 

(яғни, жақсы  оқитындарға  ғана  назар  аудару  сияқты) ерекшелеуді шектейді. 

Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді. 

Интерактивтік  оқыту    технологиясы  –  бұл  ұжымдық,  өзін-өзі 

толықтыратын, барлық   қатысушылардын   өзара   әрекетіне  негізделген, оқу  



 

425 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Балтабаева Н.М.  Оқушының білім сапасын интерактивті әдістер арқылы көтеріп, шығармашыл... 

 

 



процесіне  оқушының  қатыспай  қалуы  мүмкін  болмайтын  оқыту  процесін 

ұйымдастыру [1.36]. 



Интерактивтік оқыту технологиясы. 

1) Жұптасып жұмыс істеу.  

2) Ауыспалы үштік.  

3) Айналмақ. 

4) Шағын топтармен жұмыс.  

5) Аквариум.  

6) Аяқталмаған сөйлем. 

7) Миландыру (миға шабуыл). 

8) Броундық қозғалыс. 

9) Есептеу ағашы.  

10) Өз атынан сот. 

11) Азаматтық тыңдау. 

12) Рөлдік (іскерлік) ойын. 

13) Сығымдау әдісі. 

14) Өз позицияңды ұстан. 

15) Пікірталастар. 

Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба 

алады.  Оқушылар  бір-біріне  сұрақ  қойып  және  оған  жауап  беруді  үйрететін 



жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі қолданылады. 

Оқушыларға  «Айналмақ»  деп  аталатын  жұмыс  түрі қатты  ұнайды.  Бұл 

әдісте екі сақина жасалады: ішкі және сыртқы  сақиналар. Ішкі сақина  – бұл  

қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын 

ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып 

шығады  және  әрқайсысы  өз  сөзінің  дұрыстығына  әңгімелесушінің  көзін 

жеткізуге тырысады. 

Аквариум  технологиясының  мәнісі  сонда,  бірнеше  оқушы  шеңбер 

ішінде  жағдаятты  жасырады,  ал  қалғандары  оларды  бақылап  тұрып, 

әрекеттеріне талдау жасайды. 

Броундық  қозғалыста  оқушылар  бүкіл  сынып  ішінде  қозғала  жүріп 

берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. 



Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр 

топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) 

жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына 

өз идеяларын жазады. 

Мұғалім  мен  оқушының  интерактивтік  шығармашылығы  шектелмейді. 

Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып 

жатқан  әдістемелік  инновациялар  оқытудың  интерактивтік  әдісімен 

байланыстырылған. 

Интерактивтік  оқыту  –  бұл,  ең  алдымен  оқушы  мен  мұғалімнің  қарым-

қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. 



 

426 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Балтабаева Н.М.  Оқушының білім сапасын интерактивті әдістер арқылы көтеріп, шығармашыл... 

 

 



Интерактивтік  оқытудың  мәнісі  сыныптағы  барлық  оқушы  таным 

процесімен  қамтылады,  олар  өздерінің  білетін  және  ойлайтын  нәрселері 

арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным процесінде, 

оқу  материалын  игеруде,  оқушылардың  біріккен  әрекеттері  мынаны 

білдіреді: әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету 

тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процесс өзара қолдау 

және  қайырымдылық  атмосферасында  жүреді.  Яғни,  жаңа  білім  алып  қана 

қоймайды,  танымдық  процеспен  өзін  дамытады,  оны  әлдеқайда  жоғары 

топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді [2.25]. 

Оқыту концепциясы мен технологиясы 

Оқыту  барысында кем дегенде  мазмұндық (нені оқыту),  процессуалдық 

(қалай  оқыту),  мотивациялық  (оқушылар  әрекетін  қалай  белсенді  етуге 

болады)  және  ұйымдастыру  (оқушы  мен  мұғалім  әрекетінің  құрылымын 

қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады және олардың әрқайсысына 

бірқатар концепция сәйкес келеді: 



Мазмұндық  жағына  –  мазмұнды  қарым-қатынас,  оқу  материалын 

күрделендіру,  оқу  пәндерін  кірістіру,  дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру 

және т.б; 

Процессуалдық  жағына  –  бағдарламалау  концепциясы,  проблемалық, 

интерактивтік оқыту және т.б; 



Мотивациялық  –  оқу  барысын  мотивациялық  қамтамасыз  ету 

концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру және т.б; 



Ұйымдастыру  –  гуманитарлық  педагогика  идеялары,  педагогикалық 

еңбектестік концепциясы, орталықтандырылған оқыту және т.б.  

Осы  концепциялардың  бәрі  өз  кезегінде  технологиямен  қамтамасыз 

етіледі. Мысалы, проблемалық оқыту концепциясы: проблемалы-сұхбаттасып 

оқыту,  проблемалы-тапсырмалық,  проблемалы-алгоритмдік,  проблемалы-

модулдік, проблемалы-компьютерлік оқыту. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет