Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет60/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Есенжолова А. Жастар және олардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері

 

 

 



сама  деятельность.  Общественные  отношения  не  могут  существовать  вне 

реальной жизнедеятельности и общения людей". 

Қоғамдық  қатынастар  адамдардың  арасындағы  байланыс.  Қоғамдық 

қатынастар өзгеріп те отырады. Осы қоғамдық қатынастар жүйесіндегі болып 

жатқан  өзгерістер  адамның  сана-сезіміне,  ұстанымдарына  ықпал  етпей 

қоймайды, ол жастарда өте айқын білінеді. Жас буын қоғамдағы өзгерістерді 

жастардың  бойында,  жүріс-тұрыстары  мен  түсініктерінде  өзінің  көрінісін 

табады.  1997  жыл  мен  1998  жылдың  басында  Қазақстан  Республикасының 

Білім  және 

Ғылым 


министрлігінің 

философия  және  саясаттану  

институтының  демократияға  азаматтардың  көзқарасын  білуге  қатысты 

сауалнамасының  нәтижесі  туралы  Р.К.Қадыржанов  мынандай  дерек 

келтіреді:  "Учащиеся  (как  правило,  молодежь)  в  два  раза  выше  оценивают 

такие  определения  демократии,  как  свобода  духа  и  форма  правления,  чем 

пенсионеры  люди  старшего  поколения".  Ал  елімізде  жүргізіліп  жатқан 

реформаларға  студенттер  мен  оқушылардың  28,2  пайызы  теріс  баға  берген 

[7]. 

Қорыта  айтқанда,  "Қазақстан  жастары  -  2000"  атты  мемлекеттік 



бағдарлама  мәтінінен  біз  елімізде  жастардың  28,7  пайызы  саясатпен  осы 

сөздің,  толық  мағынасында,  айналысатындығын  көреміз.  Жоғарыда  аталған 

жастардың  көзқарастарын  білдіретін  сандық  деректер  еліміздегі  жағдайда 

саяси  мәселелерге  жастардың  немқұрайлы  қарамайтындығын  көрсетеді. 

Болашақта  жастарды  жастар  ұйымдарының  қызметіне  мемлекеттік  қолдау 

көрсете  отырып,  көптеп  тарта  түсу  қажет.  Бұл  еліміздегі  саяси  элитаның 

үзіліссіз  қалыптасуына,  дер  кезінде  толығып  отыруына  жағдай  жасар  еді. 

Сонымен  қатар,  жастардың  саяси  аренаға  шығуына  алғашқы  баспалдақ 

кызметін атқарар еді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Бестужев-Лада И.В. Какая ты, молодежь? - М., 1988. - 288 с. 

2.

 



Кон 

И.С. 


Молодежь: 

Большая 


советская 

энциклопедия. 

М.: 

Советская 



энциклопедия, 1974.-Т. 16. -С. 366-367. 

3.

 



Громов  И.А.,  Иконникова  С.Н.,  Лисовский  В.Т.  Молодежь  в  обществе.  Человек  и  Общество: 

социальные проблемы молодежи / Под. общ. ред. Б.Г.Ананьева, Д.А.Керимова. - Л.: ЛГУ, 1969. - 

С. 256-276. 

4.

 



Золотухин 

С.А. 

Молодежь 

в 

социальной 



структуре 

общества: 

Дис. 

кан. 


... социол. наук. -Алма-Ата, 1993. - 138 с. 

5.

 



Казахская  ССР.  Закон  от  28.06.91    г.  №722-ХП  О  государственной  молодежной  политике  в 

Казахской ССР // Юрист -  справочная правовая система. 

6.

 

Царева  Т.А.  Методологические  проблемы  анализа  правовой  социализации  студенческой 



молодежи: Дис. ... канд. соц. наук. - Алматы, 1999. -138 с. 

7.

 



Шайкенова  А.Т.  Отношение  казахстанцев  к  реформам  в  условиях  современной  политической 

обстановки // Саясат. - 2001. -№ 3. 

 

 

 



 

435 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

Қ.АБДРЕЙОВА 



 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 



 

БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ 

 

         



В этой статье рассматривается проблема места и роли  детского сада в социальной развитии 

детей. 

 

         

This article is about the place and role of nursery school in social-development of children.  

 

 



Кәмелетке толмаған балғын шақ баланың адам болып қалыптасуындағы 

ең күрделі әрі қызықты шағы. Осыған қарай  ғылым баланың туғаннан бастап 

мектепке барғанға дейінгі кезеңін төрт топқа бөліп қарастырады.  

      1. Бөбектік шақ (туылғаннан 1  жасқа дейін); 

      2.Сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін); 

      3.Мектеп жасына дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін); 

      4.Төменгі сынып жасындағы балалар (6-7, 10-11 жас аралықтары). 

 Жалпы  балалардың  дамуының  ерекшеліктері  олардың  іс-әрекеттерінің 

түрлері  мен  оларды  қоршаған  нақтылы  орталарына,  көзқарастарына 

байланысты  болып  келеді.  Сондай-ақ  балалық  шақ  кезеңіндегі  қоғамның 

әлеуметтік-экономикалық, этномәдени жағдайының әсері баланың болашақта 

қабілетінің  дамып,  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  тікелей  әсер  етеді.  Ал 

жасөспірімдердің  тым  ерте  жастан  мектепке  дейінгі  мекемелерге  тартылуы 

олардың психикалық және дене–тұлғалық денсаулығын нығайтуға, тілалғыш, 

салмақты  болуына,  ұжымдық  ынтымақтастыққа,  достыққа  адалдық,  түр-

сипаты  мен  бітім-болмысы  мығым  азаматтар  болып  өсіп-өнулеріне,  жетіліп 

кемелденулеріне  ықпал  етеді.  Мектепке    дейінгі  тәрбиелеу  және  оқытып, 

үйрету  ұйымдарына  жасөспірімдердің  жас  ерекшеліктеріне  қарай  мыналар 

жатады: балалар бақшасы, мектепалды тәрбиелеу мен оқыту мекемелері, т.б. 

Осылардың  ішінде  жасөспірімдердің  жан-жақты  жетіліп,  өсіп-өнулеріне 

ықпалы зор ұйым-балалар  бақшалары болып саналады.  

Балабақша  -  бұл  балдырғандардың  ойын  дамытуға,  оқуға  құлшынысын 

арттыруға,  мінез-құлқын  көпшілік  ортада  ұстай  білуге,  әдептілікке, 

имандылыққа,  жоғары  адамгершілікке    баулитын,  сөйтіп  отбасымен  қатар 

жасөспірімдердің  қабілет-дарындарының  дамып,  жан-жақты  жетілулеріне 

тікелей ықпал ететін әлеуметтік институт.  

Балабақшада тәрбиеленуші тұлға бұл – балдырған, бүлдіршін. Балдырған 

–  сәби  жасынан  асқан    ойын  дамытуға,  білуге  ұмтылған,  мінез-құлқынан 

әдептілік,  имандылық  көріністері  сүйсіндіретін  бала,  өсер  ұрпақ.  Балдырған 

шақта баланың қызығушылығы, әсерленгіштігі айрықша болады да, тәрбиені, 

білімді  тез  қабылдайды.  Оқуға,  ойнауға,  ізденуге  құмар  болады,  әдептілігі 

қалыптасады.  Осыған  қарай  балдырған  тәрбиесі  балабақшадан  терең 

әлеуметтік, рухани-моральдық тәрбие мен білім беруді  талап етеді [1.5-6]. 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы 


Назарбаевтың:  «Жаңа  әлемдегі  жаңа   Қазақстан»  атты  Қазақстан халқына

 

жолдауында  еліміз   дамуының  жаңа  кезеңінің   келесі  он   жылға   арналған   



 

436 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Абдрейова Қ. Балабақшадағы бала тәрбиесі 

 

 



бағыт-бағдарын  айқындап  берген  болатын.  Осыған  орай  бүгінгі  қоғам 

мүддесіне  лайықты,  жан-жақты  жетілген,  бойында  ұлттық  сана  мен 

психология  қалыптасқан  парасатты  азамат  тәрбиелеп  өсіру  -  отбасының, 

балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді 

өз  мәнінде  шешу  үшін  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беру  мазмұнын 

түбегейлі  жаңарту  көзделуде.  Қазіргі  өмірдің  өзінен  туындап  отырған 

талаптарды  орындау,  жаңашылдыққа  жаршы  болу  үзіліссіз  тәрбие  негізінің 

бастау  бұлағы  –  мектепке  дейінгі  ұйымдардан  басталғаны  орынды.  Бала 

тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс–тәсілмен 

берілетін  тәлім-тәрбие  ісі  көбінесе  балабақшадан  басталып,  мектепке  жан-

жақты  педагогикалық  өрісін  табады.  Әсіресе  балабақшадағы  тәрбие  бала 

табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады [2.4].

 

 Мектепке  дейінгі  тәрбие  мәселесіне  пікір  білдіріп,  қоғамдық  ойдың 



тамызығы  болған  алғашқы  басылымдарға  имене  тұрып  тұңғыш  өлең-

жырларын, көкейде жүрген арманды ойлары мен тілектерін ұсынған, оқыған 

алғашқы  қарлығаштар  –  сауатты  қазақ  қыздары  еді.  Бұл  қатарда: 

Н.Құлжанова, 

С.Есова, 

А.Оразбаева, 

Н.Арықова, 

М.Хакімжанов, 

М.Бегалиева,  Ә.Кемелова,  М.Шонанова,  т.б  атап  айтуға  болады.  Мектепке 

дейінгі  тәрбиенің  негізін  қалауда  Н.Құлжанованың  еңбегі  ерекше,  оның 

педагогикалық  ойлы пікірлерінің медицина ілімімен сабақтасуы оның нағыз 

ғалымдылығын    дәлелдейді.  Оның  «Мектептен  бұрынғы  тәрбие»,  «Баланың 

аурулары»,  «Баланың  күтімі»,  т.б  еңбектері  бүгінгі  күнде  бала  тәрбиесінде 

маңызын жойған жоқ. 

Жалпы  балабақшаның  алғаш  дүниеге  келуі  шет  елдерде  ағылшын 

педагогы  Роберт  Оуеннің  (1771-1858)  есімімен  байланысты.  Ол  1802  жылы 

пролетариат  балабақшаларына  қоғамдық  тәрбие  беретін  мектеп–балабақша 

ашып,  «қоғамдық  тәрбие  ғана  жан-жақты  дамыған  адамды  қалыптастыруға 

мүмкіндік береді» деп тұжырымдаған.  

Кейіннен неміс педагогы Фридрих Фребель 1837 жылы мектепке дейінгі 

мекеме  ұйымдастырып,  оны  «балабақша»  деп  атаған.  Осындай  шетелдік 

тәжірибелердің  негізінде  Ресейде  XIX  ғасырдың  60  жылдары  төлем  ақылы 

жеке адамның меншігіндегі ең алғашқы балабақшалар дүниеге келе бастаған. 

Атақты  педагог    А.С.Макаренконың  «...баланы  дүниеге  келген  сәтінен 

тәрбиелеу  керек»  деген  тұжырымдары  терең  орын  алады  және  тәрбие  тал 

бесіктен  басталатынын  ескерсек,    ата-бабадан  бүгінгі  ұрпаққа  жеткен  «Ел 

боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөзі де осы мақсатпен үйлесім 

тапқан. Қазақ халқы осы жайлы елдікпен ойламады деп кім айта алады?  

Ойладық,  әйтсе  де  ойдың  да,  арманның  да  жүзеге  асуы  өмір  сүріп 

отырған қоғамға, уақытқа байланысты екені даусыз. Жасыратыны жоқ, еліміз 

егемендік алғанға дейін байтақ қазақ жерінде баланың бесіктегі кезінен тәй- 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 


 

437 


Абдрейова Қ. Балабақшадағы бала тәрбиесі 

 

 



тәй  басқан,  былдырлап  тілі  шығып,  айналасындағының  бәріне  арсалаңдап, 

аңқалақтай  қарап,  «анау  не?»  деп  тіл  қатып,  түйсігі  ояна  бастаған  кезеңнің 

тәрбиесі  дейтіндей  қилы-қилы,  мәнді  мәселелерді  қозғап,  тәлімгерлік  әдісті 

үйрететін,  түбегейлі  жазатын  арнайы  басылым,  газет-журнал    болмағаны 

шындық [3.2-4]. 

 «Дошкольное  воспитание»  журналын  ата-аналар  мен  тәрбиешілер  місе 

тұтатын. 

Бірақ  бұл  журнал  қазақ  және  басқа  ұлттар  бүлдіршіндерінің  табиғаты, 

ерекшеліктері,  оларға  ұлттық  тәрбие  берудің  талаптары  мен  соған  орай 

мәселелерді  ескеріп,  байыптап,  бас  қатырып  жатпайтын.  Қазақстан 

балабақшаларының жайы мен мүдделерін ауызға да алмайтын, тиіп-қашып та 

жазбайтын.  Сондықтан  да  бізде  бүлдіршіндерді  отбасында,  балабақшада 

тәрбиелеу талаптары көбіне елеусіз қалып келгені осының салдарынан ұрпақ 

тәрбиесінде халықтық педагогика, ана тілі мен салт-дәстүріне баулу, ұлттық 

психология  мен  этика,  эстетика  мәселелері  қалыс қалып,  соның  салдарынан 

қазақша  жетік  білмейтін  дүбара,  «шала  қазақ»  өркендердің  пайда  болғаны 

қазақтың тілі мен мәдениетінің шешек ата гүлденуіне кедергі жасап, келеңсіз 

кесел бел алғаны хас шындық. 

Әлемдік  білім  кеңістігінде  мектепке  дейінгі  педагогиканың  мәселелерін 

шешуде  тәрбиелеу  мен  білім  берудің  жаңаша  жетілдірілген  әдіс-тәсілдерін 

іздестіру,  үнемі жаңалыққа жол  ашу  бағыттары  қарастырылуда.  Осы  орайда 

Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиені ғылыми-теориялық, педагогикалық, 

әдістемелік  тұрғыдан  негіздеуде  Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  білім 

академиясы  тарапынан  ұзақ  жылдар  бойы  ғылыми  зерттеулер  жүргізіліп 

келді. Оқытудың жаңа бағыттары мен технологиясын іздеу, тәжірибеге енгізу 

нәтижесінде  әдістемелік  жұмыстар  жүйелене  түсуде.  Ең  негізгі  мәселе  – 

педагогикалық  ұжымның  кәсіптік  шеберлігін  арттыру,  әр  тәрбиешінің 

шығармашылық  дамуына  жағдай  туғызу,  озат  тәжірибені  пайдалана  білу, 

тәрбиелеу  ісін  демократияландыру.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

мемлекеттік  стандарттары  мен  оқу-әдістемелік  кешендердің  дайындалуы 

осының айғағы [4.10-15]. 

Балабақшада  тәрбиенің  негізін  қалаудың  тиімді  жолдарын  қарастырар 

болсақ,  ол  күнделікті  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастырып,  мектепке 

дейінгі ұйымдардағы білім сапасын арттыруға байланысты болмақ. Ол үшін 

жалпы  жағдайларды  жақсарту  басты  міндет.  Біріншіден,  білім  мен  тәрбие 

беруге  арналған  дамытушы  ортаны  жабдықтау  қажет  десек,  ол  мектепке 

дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың 

балалығына  бағытталуы  шарт.  Екіншіден,  тәрбие  ұйымдарының  басшысы 

мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, 

білімін 


жетілдіруге  жүйелі  көңіл  бөліп, ұжымның

 

шығармашылық бағыт- бағдарын 



айқындап, оны 

жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 


 

438 


Абдрейова Қ. Балабақшадағы бала тәрбиесі 

 

 



психологиялық  ахуалдың  тұрақтануына  ықпал  етуі  қажет.  Сондай-ақ 

отбасының  сұранысы  мен  талап-тілектерін  қанағаттандыру  және  балаға 

берілетін  білім  мен  тәрбие  үдерісі  жайында  ата-анамен  үнемі  бірлескен 

ынтымақты  негізде  жұмыс  істеу  өте  маңызды.  Әсіресе  ұжымда  өз  еңбегінің 

нәтижесімен,  жаңалығымен,  шығармашылықпен  көзге  түскен  мамандарды 

марапаттау  (мақтау  қағазы,  үздік  еңбек  ері,  орден,  медальдар)  өзгеге  өнеге, 

жастарға  үлгі  боларлық  мәртебе,  тәрбиеге  тірек,  білім  сапасын  арттыруға 

берік негіз болар еді. Үшіншіден, балабақшаларда еңбек етуге толық жағдай 

жасалып,  тәрбиелеу  мен  білім  берудің  технологияларын  сауатты  меңгеріп, 

жаңа  педагогикалық  әдіс-тәсілдер  жүйесін  кәсіби  шеберлікпен  игеріп,  оны 

тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса құба-құп. Бұл 

аталған мәселелер тәрбиелеу мен білім сапасын көтерудің жалпы жағдайлары 

болса,  онда  оған  қажетті  негізгі  жағдайлар  ретінде  төмендегі  міндеттерді 

жүзеге асыру қажет: 

 

балабақшадағы жұмыс істейтін бағдарлама мазмұнын жаңарту мен оны 



толық меңгерудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу; 

 



мектепке дейінгі жастағы баланың өмірін қорғау және іс-әрекетін дұрыс 

ұйымдастыру; 

 

арнаулы  мамандармен  қамтамасыз  ету  және  тәрбие  жұмыстарын 



ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгеру; 

 



оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету; 

 



заттық  дамытушылық  ортаны  жабдықтау,  оның  тәрбиелік  ықпалды 

болуына көңіл бөлу

 

педагогикалық  ұжымның  басқа  да  әлеуметтік  институттармен,  білім 



беру ұйымдарымен өзара тығыз байланыста болуы; 

 



оқу-тәрбие жұмыстарына психологиялық қызмет көрсету; 

 



балабақша  меңгерушісі  мен  тәрбиешілердің  кәсіби  біліктілігін  үнемі 

көтеріп отыру; 

 

мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы жаңашылдық, ымырашылдық 



және кәсіби шеберлік пен адами қасиеттердің басым болуы шарт. 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  ұйымдарында  тағылымды  тәрбиенің  негізін 

қалау  үшін  оған  арнаулы  мамандар  дайындауды  жолға  қою,  жоғары  оқу 

орындарындағы мектепке дейінгі тәрбие факультеттерінің санын да, сапасын 

да  жақсартуға  баса  назар  аударылғаны  жөн.  Бүгінге  дейінгі  жоғарғы  оқу 

орнындағы мектепке дейінгі білім беру мамандығын, педагогикалық колледж 

және  бакалаврлар  дайындаудың  мазмұны  бірін-бірі  қайталайтындығы 

байқалуда. Сондықтан бұлардың әр деңгейінде өзіндік күрделену мен қазіргі 

кезеңдегі  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  даму  тенденциялары  ескерілуі  қажет. 

   


Балабақша  ұйымдарын  жаңа  философияға  негіздей  басқару,  яғни  жеке 

тұлғаға  бағдарланған  мотивациялы-жүйелік  тұрғыдан  жүзеге  асыруға  мән 

берілсе,  іс-әрекетте  тиімді  қолдана  білуге көңіл бөлінгені  абзал. Сондай-ақ  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Абдрейова Қ. Балабақшадағы бала тәрбиесі 


 

439 


 

 

болашақ  ұрпаққа  білім  мен  тәрбие  беретін  мамандарды,  тәрбиеші-



педагогтарды әлеуметтік жағынан қамтамсыз ету, тұрғын үй, жатақхана беру, 

еңбек  ақысын  көтеру  сияқты  мемлекет  тарапынан  көрсетілер  қамқорлыққа 

зәрулік те артып отыр [5.153]. 

Балабақшадағы  «балалардың  балалығын  өзіне  қайтару»,  мектептік 

жүйені  қайталамау,  балалардың  жағдайы  жақсы  болуы  үшін  педагогикалық 

талаптардың  орындалуы,  күн  кестесі  кезеңдерінің  жүйелі  дұрыс 

ұйымдастырылуы, тамақтану мерзімі мен сапасының дұрыс болуы, олардың 

денсаулығын  сақтау,  құқығын  қорғауды  ата-аналармен  ынтымақтастықта 

бірлесе  еңбек  ету  маңызды  болмақ.  Бүгінгі  таңда  балабақшада  балалардың 

алған білім, білік дағдыларын күнделікті өмірде іс-әрекетте өз тәжірибесінде 

қолдана білуге үйрету, яғни өмірлік дағдыны қалыптастыру қажет. 

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйініне  келетін  болсақ,  балабақшадағы 

тағылымды  тәрбиенің  негізі:  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасын  өркениетке 

жеткізу  жолында  келер  ұрпақты  жоғары  мәдениеттілік  пен  имандылыққа 

тәрбиелеу;  баланың  бойына  рухани  адамгершілік  қасиеттерді  ерте  бастан 

сіңіру; жаңа ғылыми  көзқарас  қалыптастыру;  білім  мазмұнын  жаңарту;  оқу-

әдістемелік  еңбектермен  қамтамасыз  ету;  өз  болашағына  үлкен 

жауапкершілікпен қарау. 

 Аталған  ауқымды  мәселелер  мектепке  дейінгі  тәрбие  ұйымдарынан 

бастау  алатын  болғандықтан  олардың  желісін  қалпына  келтіру, 

балабақшаларды  көптеп  ашу,  оны  басқаруда  педагогикалық  менеджментті 

қолдану, жаңашылдықпен, тың көзқарастармен еңбек етуге бағыт-бағдар алу 

кезек күттірмейтін мәселе. 

 

                                             



         ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.

 



Қалиев С. Мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салушы //Отбасы және балабақша. -2007.-№ 6. 

2.

 



Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы 

∕∕Егемен Қазақстан. - 2009 ж. ақпан. 

3.

 

Жұмабекова Ф.Н. Тәрбие негізі балабақшада //Отбасы және балабақша. -2009.-№ 1.  



4.

 

Қалдыбаева  Т.Ж.  Мектепке  дейінгі  білім  бағдарламасының  іске  асырылуы  //Отбасы  және 

балабақша. - 2009.-№ 1. 

5.

 



Нұсқабаев О. Мектеп жас ұрпақты әлеуметтендіру институты. – Алматы: Қазақстан, 1997. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

440 


ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ 

  

 

A.YERMUKHAMEDOVA 

Yr. Doç. Dr. A. Yesevi Űniversitesi UKTÜ 

 

URARTU DEVLETİ ORDUSUNUN SİLAHLANMASI 

Мақалада  б.з.б.  VІІ-ІХ  ғасырлардағы  Шығыстағы  қуатты  Урарту  мемлекеті  әскерлерінің 

әскери жабдықталуы және әскери қарулардың негізгі түрлері қарастырылған.  

В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  военной  экипировки  урартийского  воина,  а 

также основные компоненты вооружения армии Урарту, являвшегося одним из наиболее мощных 

государств Востока в IX-VII вв. до н.э. 

This  article  deals  with  some  problems  of  military  equipment  of  Urartian  warrior,  and  also  basic 

components  of  armament  of  army  of  Urartu,  being  one  of  the  most  powerful  states  of  the  East  in  IX-VII  

BC. 

Urartu  ordusunun  silahlanması  hakkında  ilk  bilgi  veren  malzeme  Balavat 

Kapısı’ndaki  rölyeflerdir.  Bu  resimler  sayesinde  Urartulu  bir  askerin  M.Ö.  IX. 

asırda  nasıl  göründüğünü  kolayca  tahmin  edebilmek  mümkündür.  Kabartmanın 

üzerindeki  Urartu  silahlanma  kompleksi  hep  aynıdır:  sorguçlu  miğfer,  küçük 

yuvarlak kalkan, savaşçı vücudunu dizlerine kadar kapatmış ve geniş bir kemerle 

kuşanılmış bir tunik, kısa bir kılıç, üçgen ya da eşkenar dörtgen şeklinde iri uçlu 

kısa  bir  cirit  mızrağı  ve  insan  boyunun  yarısı  uzunluğunda  bir  yay  [1.27]. 

Silahlanmanın  bu  tipi  Hurri  ve  Hitit  askeri  teçhizatının  tiplerine  çok  yakınlık 

göstermektedir  [2.48].  Fakat  yaklaşık  bir  asır  sonra  bu  tip,  bir  kaç  değişikliğe 

uğramış ve Asur ordusunun silahlanma tarzına benzemeye başlamıştır. 

Asur teçhizatı modeline göre silahlandırılmış Urartu askerlerinin resimlerine, 

Karmir-Blur’da  gerçekleştiren arkeolojik  kazılar sırasında  bulunan  Urartu  kralı  II. 

Sarduri’ye ait okdanlık ve miğfer üzerindeki tasvirlerde rastlanmıştır. Belli’ye göre 

çeşitli  müzelerde  bulunan  çivi  yazılı  eşya  ve  silahların  çoğu  bu  kralın  dönemine 

aittir  [3.130].  Tasvir  edilmiş  Urartu  savaşçıları  Asur  ordusuna  has  koni  miğfer 

giymekte,  ellerinde  ise  büyük  yuvarlak  umbolu  kalkan  ve  uzun  bir  mızrak 

tutmaktadır.  Askerin  bindiği  savaş  arabaları,  koşum  takımı,  hatta  Karmir-Blur’da 

bulunmuş  gem  şekli  Asur  örnekleriyle  tamamen  aynıdır  [4.62,66].  Söz  konusu 

yerde  ele  geçen  Asur  tipindeki  okdanlık  ve  harp  standartı,  Asur  ve  Urartu  askeri 

teçhizatlarının yakınlığını daha da vurgulamaktadır [4.67]. 

M.Ö.  IX.  yüzyıldaki  Urartu  silahlanma  tarzına  yakın  benzerlikleri,  Kuzey 

Suriye  ve  Anadolu’nun  son  dönem  Hitit  Devletleri’nin  ordu  teçhizatlarında 

bulabiliriz.  Örneğin,  Urartu  ve  Karkamış’ın  sorguçlu  tolgalarının  birbirine  çok 

benzediğini  daha  önce  Bonnet  de  dile  getirmiştir  [5.205].  Urartu  miğferinin 

Zincirli’de  bulunmuş  Suriye-Hitit  askerleri  ve  tanrılarının  başlıklarıyla  benzeyiş 

gösterdiğini  de  söyleyebiliriz  [5.81].  Bahsi  geçen  bölgede  ele  geçirilmiş  kısa  bir 

demir  kılıç  ise,  Karmir-Blur’da  gün  ışığına  çıkarılan  ve  Balavat  Kapısı’ndaki 

kabartmalarla aynı tipte olan kılıcı andırmaktadır [5.81-82]. 

Böylece,  yukarıda  bahsettiğimize  dayanarak  şöyle  bir  sonuca  varmak 

mümkündür. Urartu ordusunun silahlanma tarzı iki ayrı tipteydi: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет