Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет24/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Базарбаев Қ.Қ. 1917  жыл қарсаңындағы Сырдария облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы 

 

 



селоның  дәулетті  тұрғындарына  жалданып,  үй  қызметшісі  мен  малай 

ретінде еңбек етті. Олардың кейбіреуі өмір бойы жалданбалы батрақ болып 

қалатын  еді.  Мәселен,  Шымкент  уезінің  Черные  воды  селосының  1913 

жылы  түтін  есебінде  (подворное  описание)  былай  деп  жазылыпты:  «жер 

үлесін  алуға  үміттеніп  Ресейден  көшіп  келген  Яков  Бехан  Черные  воды 

селосының  тұрғыны  Роман  Оприщенконың  үйінде  айына  бір  сом  5  тиын 

пәтер ақы төлеп тұрып жатыр. Ол Лопатьев деген шаруаға төрт айға 70 сом 

және бір батпан (батпан - ертедегі ауырлық өлшемі) бидайға батрақ болып 

жалданды  [10].  Мұндай  мысалдар  архив  қорларында  көптеп  кездеседі. 

Демек,  шет  аймақтардағы,  оның  ішінде  Сырдария  облысындағы  орыс-

украин селоларында да таптық жіктелу ап-айқын көрінді. Байып алған және 

кулактар  атанған  көшіп  келушілер  жергілікті  халық  өкілдерін  ғана  емес, 

өздерінің кедейленген қандастарын да қанап отырды. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Материалы к характеристике народного хозяйства Туркестана. -Петербург: 1911, с.1. 

2.

 



Шығармалары. А.: Жазушы. -1991. -384 б. (221 б.).  

3.

 



История Казахской ССР. Том 1. А.- 1957. -С.519. 

4.

 



 Заорская    В.,    Александров    Г.А.     Промышленные заведения Туркестанского края. Вып.1. 

Пг., 1915. С. 118 

5.

 

Наурызбаев      С.      Революционное    и    национально-освободительное  движение  трудящихся   



Сыр-Дарьинской области в начале XX века.Автореферат канд.дисс. А. 1967. С.Ю. 

6.

 



Новый Восток. -М. -1924. №№ 5-6. -С.41. 

7.

 



Материалы по Киргизскому землепользованию: по Чимкентскому уезду. -Петербург. -1910. 

8.

 



Вестник АН КазССР. -1951. № 11. С. 93-94. 

9.

 



Скрыплев  П.А.  Русские  селения  в  Чимкентском  уезде  Сыр-Дарьинской  области.  Ташкент: 

Переселенческое управление. -1909.-203 с. (90-91). 

10.

 

ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты. Қор-33. Тізбе-1. Іс-13. Парақ-270. 



    

                                                                                                                                           

180 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Г.С.АБЫЛҒАЗИЕВА 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр - оқытушысы 

 

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ИТАЛИЯ: АЛЧИДО ДЕ  

ГАСПЕРИ ҮКІМЕТІНІҢ ЖҮРГІЗГЕН САЯСАТЫ 

 

В  статье  рассматривается  экономическое  положение  Италии  после  2  мировой  войны  и 

политика правительства Алчидо де Гаспери.  

 

 

This article deals with some problems of the home and foreign policy of the government of A. de 

Gasperi after the World War II. 

 

Дүниені дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы 

Италия  халқына  үлкен  шығын  алып  келгені  белгілі.  Оған  қоса  кезінде 

фашистік  Германиямен  одақтас  ел  болғандықтан,  оның  халықаралық 

сахнадағы  беделі  одан  да  бетер  төмен  күйге  түсті.  Соғыстан  кейін 

елдегі  фашистік  ұйымдар  жойылып,  саяси  тәртіп  өзгере  бастағанымен, 

елдің  саяси-әлеуметтік  және  экономикалық  жағдайы  жақсара 

қойған  жоқ. Саяси партиялар мен монархиялық топтар арасында билік үшін 

шиеленіс  басталды.  Алайда  фашистік  биліктен  шаршаған  халықтың  көп 

бөлігі  елде  республика  құрып,  конституцияның  қабылдануын  қолдаған 

болатын.  1946  жылы  2  маусымда  болған  референдум  елде  республиканы 

орнатып берді және де бірінші республикалық үкіметті құру ісі Альчидо Де 

Гаспериге жүктелді. Де Гаспери екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Италияны 

аграрлы-индустриалы  елге  айналдыру  үшін  және  экономикалық,  әскери 

көмек  көрсету  мақсатымен  американдық  саясатқа  мойын  бұрды.  Ол  сыртқы 

істер  министрі  К.Сфорцамен  бірге  американдық  позицияны  ұстанып,  Батыс 

Еуропа мен Италияның мүддесін қорғайды деген тұжырым жасады. Де 

Гаспери  солшыл  партиялардың  көзқарасымен  санаспай-ақ,  ағылшын-

американ  саясатына  мойын  ұрды.  Мұнда  әсіресе  Америка  империалистері 

Италия өміріне терең араласа бастады. Осының айғағы ретінде Де Гаспери 

кабинеті  мен  АҚШ  арасында  1947  жылы  14  қазан  айында  американ 

капиталын  Италияға  еркін  енгізу  туралы  келісімге  қол  қойылды.  Мұндай 

келіссөз 1948 жылы 3 қаңтар айында да болды [1.136]. 

1948 жылы 2 ақпан күні Де  Гаспери АҚШ  арасында  «Достық,  сауда 

және  навигация»  туралы  келісімге  қол  қойды.  Бұл  он  жыл  мерзімге 

белгіленді. Осы келісім бойынша американдықтар Италия жерінің байлығына 

еркін  иелік  ететін  болды.  Ал  1948  жылғы  6  ақпан  күні  АҚШ  пен  Италия 

арасында  әуе  ұшақтарына  байланысты  келіссөзге  қол  қойылды.  Ол 

бойынша АҚШ үкіметінің әуе ұшақтары Италия жерінде емін-еркін ұшып-

қонып жүруге мүмкіндік алды. Сонымен, 1948 жылы 28 маусымда АҚШ пен 

Италия  арасында,  яғни  Италияға  экономикалық  көмек  көрсету  мақсатында 

«Маршал  жоспары»  қабылданды.  Бұл  келісім  парламентке  талқылауға 

берілген  кезде,  елдегі  коммунистер  мен  социалистер  американдық  көмекке 

қарсы шықты. Алайда мұның астарында саяси ой болатын. 

 


    

                                                                                                                                           

181 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Абылғазиева Г. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия: Алчидо Де  Гаспери үкіметінің... 

 

 



Осы  кезде  ағылшын  американ  саясаты  Италияға  тереңдеп  ене  бастады. 

Итальяндық  теңіз  порттарында  үнемі  американдық  әскери  флоты  көлемі 

көбейе  бастады.  Ал  Италияның  бұрынғы  отар  елдерінің  барлығында 

ағылшын-американ  әскери  базасын  енгізіп  отырды.  Бастапқы  кезде  мұндай 

американдық  саясатқа  Италияның  еңбекші  халқы  белсенді  түрде  өз 

қарсылықтарын  білдіре  бастады.    Елдің  ішінде  өте  ауыр  тап  күресі  қайта 

басталды,  оған  басшылық  жасап  отырған  коммунистер  мен  социалистер 

партиясы  болды.  Бұл  қақтығыстардың  нәтижесінің  алғашқы  қорытындысы 

бойынша  елдегі  демократиялық  күштер  жеңіске  жетіп  отырды.  Жерге,  еңбек 

және  бостандық  талаптарына  байланысты  күрес  жүргізген  Италияның 

ауыл  шаруашылық  жұмысшылары,  батрактар,  қызмет  көрсетушілер, жері аз 

шаруалар  болды.  Осы  жылдардағы  Оңтүстік  Италияның  жұмысшылары  мен 

шаруаларының  ереуілдер  мен  демонстрацияларға  шығуы  жиілеп,  олардың 

жалпы  саны  2  млн.  адамға  дейін  жетті.  Осының  салдарынан  енді  елде 

Бүкілитальяндық  съезд  ашылып  оның  нәтижесі  бойынша  жұмысшы, 

шаруалардың  талаптарын  қанағаттандыру  үшін  жергілікті  комитеттер 

құрылды.  Бұлардың  басты  міндеті  аграрлық  реформалар  жүргізу  мен 

жергілікті халықтың талабын қанағаттандыру болды. 

Дегенмен,  Де  Гаспери  үкіметі  мен  ол  басқарып  отырған  Христиан-

демократиялық  партиясы  американдық  империалистер  мен  Ватиканнан 

үлкен  материалдық  және  саяси  қолдау  көрді.  Осыдан  кейін  енді  елде  жаңа 

парламенке  сайлау  жүргізу  науқаны  басталды.  Бұл  ел  ішінде  үлкен  іріткі 

тудырды,  мысал  келтіре  кетсек  бұрынғы  полицейлерді  міндеттерінен 

босатып  олардың  орнына  басқа  полицейлер  келді,  сондай-ақ  бұрынғы 

партизандар мен елдің ішінде неше түрлі тұтқындау саясаты жүргізілді. Сайлауға 

аз  күн  қалғанда  бүкіл  полицейліктер  танкі  және  әуе  ұшақтарымен,  тіпті 

радиоқабылдағыш аппараттармен шұғыл дайындық жүргізді. Де Гаспери өзінің 

одағын  Ватиканмен  жақындастықтан  бастады.  Осы  1948  жылғы 

парламенттік  сайлауға  Америка  ашық  түрде-ақ  Италияның  ішкі  өміріне 

арласа  бастады.  Италиядағы  АҚШ  елшісі  Данна  елдің  ішінде  үгіт-насихат 

жүргізді  [3.85].  Италиядағы  буржуазиялық  ақпарат  көздерінің  барлығы 

Американ, Ұлыбритания және Францияның саясатын жарыса жазып отырды. 

Осындай ақпарат мәліметтеріне жүгінсек сайлауға дейінгі  екі  айдың  көлемінде 

АҚШ-тың  Германия  арқылы  Италияға  өткізген  қару-жарағының  көлемі  20 

тоннаға  жеткен  көрінеді.  Италия  полициясы  американдық  400  броневикке 

ие  болды.  Елдің  ішінде  үрейі  ұшқан  халыққа  қолдан  жасалған  азамат 

соғысының  көрінісі  елестеді.  Американдық  газеттің  хабарлауынша  осы 

парламенттік сайлаудағы Де Гаспери үкіметіне көрсеткен көмек құны 4 млн. 

доллар  болған  көрінеді.  Американдық  әскери  флот  Италия  жағалауларына 

келді.  Сайлау  күні  Италия  әуесінде  Америка    әскери  ұшақтары  ұшатын 

болып  ұйымдастырылды.  Де  Гаспери  үкіметіне  сайлауда  ең  басты  қолдау 

көрсеткен  оңшыл  қанаттағы  социалистер  болды.  Сайлау 

қарсаңында   

Италияға


   

Морган   Филиппс,   Шоукросс,  Леон  Блюм,  тағы   басқа    өкілдер 

 


    

                                                                                                                                           

182 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Абылғазиева Г. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия: Алчидо Де  Гаспери үкіметінің... 

 

 



шетелден де келіп жатты 

[

4.104



]

Дегенмен, Италияның сыртқы саясатында түбегейлі өзгерістер де байқала 



бастады.  Мұндағы  бірінші  қадам  Америка  Құрама  Шататтарының  жүргізген 

саясатымен тығыз байланыста болды. Мысалы, осы жылдары Италия мемлекетті 

өзінің бұрынғы одақтастарымен бейбіт келіссөздер жүргізе бастады. Ал Италиядағы 

коммунистік және социалистік партиялар Кеңес Одағымен де байланысын әзірше 

үзе  қойған  жоқ.  Сонымен  қатар  мұндағы  басты  саяси  рөлде  АҚШ  саясаты 

екенін  де  естен  шығармаған  жөн.  Олардың  екінші  дүниежүзілік  соғыстан 

кейінгі  экономикалық  бағытын  байқау  әрине  қиын  емес.  Осы  экономикалық 

бағыт  Италия  халқын  да  айналып  өткен  жоқ.  Мысалы,  Италия  1948  жылы 

АҚШ-тың «Маршал жоспарын» қабылдауға мәжбүр болды. Ол арқылы Италия 

мемлекеті  Америкадан 1,5  млрд.  доллар  көлемінде  қаржылай  көмек  алды. Бұл 

Италия  үшін  елдегі  ұлттық  экономиканы  қайта  дамытудың  бірден-бір  көзі 

болатын.  Сонымен,  Италияның  монополиялық  капиталистері  мен  ірі  аграр 

иелеріне бұл үлкен көмек болды [5.246]. 

Осы «Маршал жоспары»  бойынша Италияға әртүрлі түрдегі көмек келіп 

жатты:  азық-түлік  тауарлары,  шикізат,  ал  1949  жылдан  бастап  өнеркәсіп 

бұйымдары  келе  бастады.  Осы  есеп-шот  арқылы  Италияда  көптеген 

құрылыстар  салынды,  атап  айтқанда:  стратегиялық  объектілер,  жолдар, 

көпірлер, әуежайлар, Оңтүстікті қалпына келтіру шараларына да жұмсалды. 

Сонымен,  қорыта  келгенде  ІІ  дүниежүзілік  соғыстан  жеңілген  мемлекет 

болып  шыққан  Италияның  көп  ұзамай  не  бары  5-10  жыл  ішінде  экономикасы 

қалпына  келіп  қана  қоймай,  сонымен  қоса  әлемдік  даму  деңгейіне  шықты. 

Италия экономикасының осындай жедел дамуының басты себебінің бірі тамаша 

мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Альчидо  Де  Гасперидің  жүргізген  көргенді 

саясаты,  сонымен  қоса,  Италия  «Қырғи  қабақ  соғысы»  кезеңінде  АҚШ-тың 

одақтасына  айналып,  «Маршалл  жоспарына»  кіреді.  1940-1950  жылдары 

«Маршал жоспары» бойынша Италия 1,2 млрд. көлеміне ақшалай және 3 млрд. 

көлемінде  техникалық  құрал-жабдықтарды  алды  [6.102].  Италия  «Маршал 

жоспары»  бойынша  бөлінген  қаржыны  тиімді  пайдаланды.  Итальян 

Социалистік  Партиясы,  Итальян  Коммунистік  Партиясы,  билеуші  Христиан 

Демократиялық  Партиясымен  қатар  елдегі  түбегейлі  модернизациялық 

процесстерге  ат  салысты.  Де  Гасперидің  тамаша  көрегендік  саясатын  жүргізуі 

және оның нәтижелі болуына себепті оған «экономикалық ғажайыптың атасы» 

деген  атақ  берілді.  Солшыл  күштердің  Христиан  Демократиялық  Партиясына 

қаншама оппозиция болғанымен, Де Гасперидің саясатын барынша қолдады.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Альфредо Андреотти «Экономическое чудо в Италии». Мысль.1965. 

2.

 



Васильков Н.П. Экономика современной Италии. М.: Наука. 1969. 

3.

 



Покровский А.Н. «Италия: современные тенденции экономики». М.: Наука. 1970. 

4.

 



Зевелева В.П. Италия на пути глубоких перемен. М., 1991. 

5.

 



Наумов В.К. Италия сегодня. М., 1983. 

6.

 



Дәуірбаева Т. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы. Түркістан.Тұран. 2004. 

 

 


    

                                                                                                                                           

183 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

А.АҒАЙДАРОВА 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистрі 

 

ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ОРЫС ШАРУАЛАРЫН 

ОРНАЛАСТЫРУ САЯСАТЫ 

 

В статье рассматривается переселенческая политика Царской России в казахских землях. 

 

This article deals with the migrant policy of tsar’s Russia in Kazakh lands. 

 

Ресейдің      ХVIII-XIX  ғасырларда  Орталық  Азия    саясаты  ұшан-теңіз 

даласы мен жер асты байлықтарына кенде емес қазақ даласын да назардан 

тыс  қалдырмады.    Қарудың  күшімен  болса  да  қазақ  даласын  өзіне  қарату 

кейінге  қалдырылмайтын  іс  еді.  Орыстардың  қазақ  даласына  әскери 

шапқыншылығы ХІХ ғасырда басталып, әскери жорықтармен қатар, патша 

үкіметі  Қазақстанның  оңтүстігіне  және  басқа  да  облыстарына  казактарды 

және  орыс  шаруаларын  қоныстандыру  жұмыстарын  жүргізді.  Казактар  

Ресей империясының жаулаушылық саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл 

атқарды. 1868-96 жылдар аралығында орыс үкіметі қазақтарға өз үстемдігін 

күшейте  отырып,  өлкеде  басқаруға  ыңғайлы  саяси  бірлестіктер 

ұйымдастырды.  Әкімшілік  функцияларды  іске  асыру  үшін  жаңа  қалалар 

тұрғызылды және жергілікті тұрғындардың ісімен айналысатын сот жүйесі 

құрылды. Қазақ даласында сан алуан маңызды өзгерістерге қозғау салынды, 

бірақ түбірлі оқиға енді-енді ғана басталуы керек еді. Қазақстанда Ресейдің 

толық  үстемдік  жүргізуі  бұл  өлкені  орыс  шаруашылық  отарлауына  есігін 

айқара ашудың алғы шарттары болды. 

Сонымен  бірге  казактар  жаңа  қоныстар  үшін  орын  таңдаған  кезде 

қазақтардан  жердің  тартып  алу  жағдайларын  реттейтін  заң  нормаларының 

болмауы  себепті,  «егіншілік  үшін  ең  шұрайлы»  аудандарды  басып  алып, 

«аборигендерді»  құнарсыз,  қуаңшылықты  жерлерге  ығыстырып  шығарып, 

жергілікті бастықтарға «дән ризашылығын білдіріп отырды» [1.122]. 

 1867  жылы  11-шілдеде  ІІ  Александр  патша  «Сырдария  және    Жетісу 

облыстарын  басқарудың  уақытша  ережесі  туралы»  [2.92]  жобаны,  1868 

жылы  21-қазанда  екінші  жоба  –  Орал,    Торғай,  Ақмола  және  Семей 

облыстарын  басқару  туралы  «уақытша  ережені»  бекіту  туралы  жарлыққа 

қол қойды. «Уақытша ережелердің» екі жобасы да 1869 жылғы 1 мамырдан 

бастап енгізілетін болып ұйғарылды. 

1867-68  жылдардағы  реформаларды  дайындауға  қатысып,  Жетісуды 

ол  шетінен  бұл  шетіне  дейін  аралап  өткен  А.Гейнс  казақ 

қоныстанушыларының  бейбастық  әрекеттерінің  салдарын  былай  деп 

өкінішпен    баяндаған:  «жақын  маңдағы  ағаш  атаулыны  түп-тамырымен 

қазып алып, тып-типыл еткені сондай, адам бұрын орман өсіп тұрған жерге 

келген кезде бір шыбықты да көрмейді» [3.247]. 

1895  ж. шаруалардың  қоныстануына  Қазақстанда  белгіленген  жерлер 

туралы  Азиялық  Ресейдің  қоныстандыру  және  жер  игеру  жөніндегі 

құжатынан көруге болады [4]. 


    

                                                                                                                                           

184 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Ағайдарова А. Патшалық Ресейдің қазақ жеріне орыс шаруаларын орналастыру саясаты 

 

 



Облыстар 

Қоныстануға арналған жерлер(десятина) 

Торғай-Орал өңірі 

Ақмола 


Семей  

Жетісу 


Сырдария  

5280000 


6514000 

2307000 


2513000 

500000 


Барлығы  

17114000 

 

1891-жылғы  25-наурыздағы  «Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Орал  және 



Торғай  облыстарын  басқару  туралы  ереже»  сол  кездегі  Қазақстан 

аумағындағы жерді пайдалану және жер иелену туралы барлық заңдарды бір 

ізге түсіріп, басын біріктірді. Шынына келгенде онда негізінен алғанда 1868 

жылы  «Уақытша  ереженің»  қағидалары  қайталанып,  нақтыланды.  Жер, 

соның  ішінде  ормандар да  мемлекеттің  меншігі  деп  танылды,  ал  қоныстар  

алып жатқан жерлер мерзімсіз қоғамдық пайдалануға берілді [4. 425]. Және 

керісінше,  үкіметтің  пікірінше  «орыс  тұрғындарын»  көбейту  керек  болған 

жерлерде  қоныс  аударушыларға  ерекше  жағдайлар  жасалды.  Оларға  ең 

алдымен  империя  құрамына  біршама  жақында  енген  Жетісу,  Зайсан 

приставтары  және  т.б.  жерлер  жатқызылды.  Мысалы:  үкіметтік  ұйымдар  

«...орыс  адамдарын  орналастыру  біздің  Қытаймен  шекарамызды  қорғау 

мақсатында  Өскемен  және  Зайсан  уездері  үшін  ерекше  маңызды»    деп 

санады.  Бұдан  әрі  «бүкіл  шекара  өңірі...орыс  поселкелері  дуалымен  тұтас 

жабылар еді» деген тілек білдірді [2.7]. 

ХІХ ғ. 40-жылдарында тек қана  казактар қоныстандырылған Жетісуда 

60-жылдарда облыс губернаторы Г.А.Колпаковскийдің бастамасы бойынша 

«өлкені  орыстандыру  мақсатында»  шаруаларды  орналастыруға  рұқсат 

етілді.  Еуропалық  Ресейден  алғашқы  келіп  қоныстанушылар  Воронеж 

шаруаларының  242  отбасысы  болды.  Жер  учаскелерінің    болмауы  себепті 

олар  Верный  қаласының  мещандарына  жатқызылды,  мұнда  «олар 

Верныйдың  тамаша  бауларын  өсіріп,  сонымен  бірге  егіншілікпен  де 

айналысты. Бұл үшін қажетті жерді таяудағы станциялардың казактарынан 

жалға алды» [5.40]. Шаруаларды тарту үшін 1868 жылдан бастап Жетісуға 

көшіп  келгендердің  отбасындағы  ер  адамдардың  әрқайсысына  30  десятина 

жер  бөлінетін  және  15  жылға  салықтан  босатылатын  ереже  қолданылды. 

1868-1880  жылдар  аралығындағы  кезеңде  Жетісуда  36  шаруа  селолары 

пайда  болды.  80-жылдың  орта  шенінде  мұнда  егіс  салуға  жарамды  жер 

жетіспейтін болды. 

Қазақстанға қоныстану, әсіресе, 1905-1907 жылдардағы революциядан 

кейін  жалпы  сипатқа  ие  болды.  Патша  өкіметінің    Қазақстанның  оңтүстік 

аймағына  ынтасы  ерекше  ауады.  Яғни  Столыпин  реакциясы  кезінде 

жеделдей  түседі.  Осы  кезеңдегі  статистикалық-экономикалық  зерттеулер 

мен тексерулер қазақтардың құнарлы  игерілген жерлерін «артық жерлер», 

«бос  жатқан  жерлер»  деп  қоныстану  қорына  тартып  алу  мақсатында 

жүргізіледі [6. 39]. 


    

                                                                                                                                           

185 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Ағайдарова А. Патшалық Ресейдің қазақ жеріне орыс шаруаларын орналастыру саясаты 

 

 



1911 және 1915 жылдары қоныстанушыларға дайындалған түрлі жер 

учаскелерінің  көлемі (десятина) 

 

Облыс 


1911 ж. 

Қауымдық 

жер 

Отруб 


Хутор 

1915 ж. 


Қауымды

қ жер 


Отруб 

Хуто


р 

Торғай және Орал 

183192 

173492 


10669 

138839 


16715 

1581 


Ақмола 

63593 


188908 

21872 


81090 

41243 


286 

Семей  


64421 

2181 


13703 

318405 


63580 

2971 


Жетісу 

160981 


38793 

10863 


133748 

471 



Сырдария 

84770 



661 

14443 


386694 

1396 


Барлығы 

472187 

488144 

57766 

686525 

508232 

6305 

 

1910-жылдың 



19 

желтоқсандағы 

заңнан 

кейін 


Сырдария 

қоныстанушылар  басқармасы  100  мың  десятинадан  астам  жер  дайындап, 

оны  екіге,  хуторлық  және  үлестік  учаскелерге  бөледі.  Ал  1917  жылдан 

кейінгі кезде Сырдарияда 190 поселкеде 72,5 мың, Шымкент уезінде 69-22 

мың,  Ташкент  уезінде  28-8,5  мың,  ал  Перовск    уезінде  7  шағын  поселкеде 

1600  келімсек  тұрса,  Әмудария  бойында  2  поселкеде  600  қоныс  аударушы 

орыс мекендеген [7. 65-68]. 

 Осылайша,  орыс  самодержавиесінің  отаршылдық  сипаты  негізінде 

қазақ  шаруаларының  ең  шұрайлы  жерлері  тартып  алынып,  олардың  өздері 

шөлейттерге  ығыстырылған.  Осы  күнге  дейін  Қазақстанның  ең  шұрайлы 

жерлерінде  орналасқан  Антоновка,  Николаевка,  Маховка,  Григоревка, 

Семеновка  және  т.б  жүздеген  орыс  поселкелерінің  болуы  сол  жырынды 

саясаттың куәсі және айғағы [6.28]. 

Жетісу, Семей, Ақмола, Торғай һәм Орал облысына қараған қазақтарға 

закон  болып  «25  наурыз  1891  жылғы  степное  положение»  шықты.  Бұл 

заңның 119 статьясында айтылған: «көшпелі қазақ отырған жер қазынанікі» 

деп.  160  статьясында  айтылған.  Бұл  жер  мерзімсіз  көшпелі  қазақ 

пайдасында 

болып 

тұрады» 


 

делінген.  Осында 

120-статьяның 

қосымшасында  айтқан:  «қазақтың  пайдасынан  артық  жерді  қазына  өз 

керегіне  алады»,-деп  жоғарыда  айтылған  бес  облыстағы  қазақ  жерін 

мұжыққа алғанда осы қосымшаға сүйеніп алатұғын. 

Түркістандағы 

Самарқант, 

Ферғана, 

Сырдария 

облысының 

қазақтарына шығарылған заң 21 июнь 1886 жылғы «Туркестанский крайды» 

билеу хақындағы шыққан ереженің 279 статьиясында қазақтан жер артылса, 

қазына  өз  пайдасына  алады  деген  қосымша  жоқ  еді.  Үкімет  279  статьяға 

қосымша  деп,  1911  жылы  3  думаға  ұзындығы  екі  жол  заң  кіргізді 

«Түркістанда қазақ жерінен артық жер табылса қазына өз пайдасына алатын 

болсын» делінді. 

Осы  заң  думада  сөз  болғанда  қазақ  пайдасына  Қазан  депутаты 

Мақсудов,  Забайкалье  депутаты  Волков,  Уфа  депутаты  Тевкелев,  Тобыл 

депутаты  Дзюбинскийлер  сөйледі.  Думаның  көпшілігі  бұл  заңхалыққа 

пайдалы һәм бұлай бөлуі әділшілдік деп таласқан  жоқ. 


    

                                                                                                                                           

186 

   


 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет