Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет27/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Көшенова Ғ.И.  Қожа Ахмет Ясауидің өмірі жайлы кейбір мәліметтер 

 

 



Қожа Ахметтің Ясыда туылып, Сайрамға білім алу үшін баруы әбден 

мүмкін.  Өйткені  оның  әкесі  Сайрамның  танымал  сопыларының  бірі  - 

Ибрахим шайх болатын [1.45].  

Көптеген  ғалымдар  Ибрахим  шайхтың  ұлы  Ахметтің  Ясы  қаласында 

өмір  сүріп,  сонда  жерленгендіктен  «Ясауи»  деген  лақап  берілген  десе, 

С.А.Хазини өз еңбегінде бұл есімнің берілу тарихын былайша береді: «Бұл 

дәуірде  Мәуераннахрда  Ясауи  есімді  бір  билеуші  өмір  сүретін.  Қыста 

Самарқанд  қаласында  қыстап,  жаздыгүні  Түркістан  тауларын  мекендейтін. 

Билеуші  бір  жазда  Қарачук  тауына  аңға  шығады,  оны  таудың  ой-шұқыры 

шаршатқандықтан, ол тауды жоюды ұйғарады. Уәлилердің бәрін жинап, үш 

күн бойы жалбарынып дұға етсе де бұл ойы жүзеге аспайды. Сонда барып 

қасындағылардан:  «Келмей  қалған  әулие  бар  ма?»  –  деп  сұрайды.  Әли 

ұрпағы марқұм шайх Ибрахимнің ұлы Қожа Ахметтің жасы кіші болған соң 

шақырылмағандығынан  хабардар  болған  билеуші  оны  Сайрам  қаласынан 

шақыртады.  Бұл  хабарды  алған  Қожа  Ахмет  әпкесімен  кеңескенде,  ол 

әкесінің: «Ахметтің уақыты келген-келмегенін ғибадат ететін жердегі софра 

ғана  білдіреді.  Егер  софраны  аша  алса,  онда  оның  уақытының  келгені»,- 

деген аманат сөзін жеткізеді. Ахмет барып мабедтегі софраны ұстағанда, ол 

ашылады. Софраны алып жылдам Ясы қаласына жетеді. Софрадағы бір дана 

нанды алып, фатиха оқығанда, сол нан мәжілістегі тоқсан тоғыз мың әулие, 

әскер,  патша  бәріне  жетіпті.  Олар  бұл  кереметті  көріп,  оның  ұлылығын 

мойындайды.  Енді  Ахмет  әкесінің  хыркасының  ішінде  дұғасының 

нәтижесін күтеді.

 

Бір кезде жаңбыр жауып, айналаны су басып, шайхтардың 



жайнамаздары  толқындармен  бірге  жүзе  бастайды.  Бұны  көріп  басыңды 

шығар,  туфан-ы  Нух  алейхис-селам  біреу  еді  деп  бақырды.  Сонда  Ахмет 

хыркадан  басын  шығарғанда,  лезде  күн  шығып,  сулар  тартылады.  Қараса 

Карачук  тауы  жоқ  болыпты.  Қазір  ол  таудың  орнында  қожаның 

ұрпақтарының  мекені  -  Қарашық  атты  ауыл  бар.  Бұл  кереметті  көрген 

билеуші  өз  есімінің  қияметке  дейін  сақталып  қалуын  өтініп,  Ахметке  бас 

иеді. Қожа мұны қабыл алып: «әлемде бізді кім сүйсе, сенің атыңмен бірге 

еске алсын», - депті. Міне, осы уақыттан бері Қожа Ахмет «Ясауи» атымен 

бірге еске алынады» – деп, манақибтан соң мынадай бір бәйіт береді: 

«Олду мешхур ол шейх-и Алеви 

Гарб у шарк ичре Ахмед Иесеви» [1.42-43].  

С.А.Хазини  шайх  Ибрахимді:  «Әзіреті  Әлидің  ұлы  Мұхаммед 

Ханафидің нәсілі, Қожа Ахмет Ясауи әзіреті Әлидің ұрпағы, жұлдыздардың 

жұлдызы» [1.24], - дейді.  

Сондай-ақ  С.А.Хазинидің  еңбегінде  Исқақ  баб  Ахмет  Ясауидің 

аталары болып келеді.  

Ғалым Ф.Көпрүлү өз зерттеулерінде Сайрам қаласының ежелден бері 

ірі ислам орталық екендігі, ондағы жасайтын халықтың үш тектен, яғни үш 

топқа бөлінетінін көрсетеді: 

1) ата-тегі көне тәжік-шахтарына дейін кететін Шах-ұрпақтары;  



    

                                                                                                                                           

201 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Көшенова Ғ.И.  Қожа Ахмет Ясауидің өмірі жайлы кейбір мәліметтер 

 

 



2)  ата-тегі  бұрынғы  мырзалар  мен  әмірлерге  дейін  баратын  Әмір-

ұрпақтары; 

3)  саиидтер  -  әзіреті  Али  немерелерінен  тараған  Қожа-ұрпақтары  [3. 

61].  


Сондай-ақ автор осы риуаяттар бойынша бұл кезге дейін Сайрамдағы 

қожалар Имам Мұхаммед Ханафидің ұрпақтары деп есептелетінін айтады.    

С.А.Хазинидің  еңбегінде  Ахметтің  анасы  -  шайх  Ибрахимның 

халифасы Мұса шайхтың қызы Айша хатун екендігі, Ибрахим шайх қайтыс 

болғанда  артында  үлкен  қызы  Гаухар  Шахназ  бен  жеті  жасар  Ахмет  атты 

ұлы  қалғаны  [1.41]    айтылған.  Ахмет  жеті  жасына  дейін  алғашқы  білімін 

әкесінің  айтуымен  Сайрамның  атақты  сопысы  шайх  Ибрахимнен  алады. 

Жеті жастан соң Ахметті әпкесі Гаухар Шахназ тәрбиелейді.  

Қожа Ахметтің жеке отбасы туралы мәліметтер жоқтың қасы. Кейбір 

деректерде  Қожа  Ахметтің  Ибрахим  атты  ұлы  қарамандықтар  тарапынан 

өлтірілгені айтылады. Ал «Диуани хикметті» жинақтаған Расул Исмаилзаде 

Қожа  Ахметтің  Ибрахим  деген  ұлы  және  Гауһар  Шахназ,  Гауһар  Хушназ 

атты қыздары болғанын, ал ұл баласы жас кезінде өліп кеткенін [5],- айтса, 

В.А.Гордлевскийдің  зерттеуінде  Ясауидің  ұрпақтары  өздерін  «хожа»  деп 

атайтыны  және  олар  Заравшан  аймағында  (Ябу,  Тоғайкуса,  Тохчи 

ауылдарында)  мекендейтіні,  тек  өз  ішінде  қыз  алысатыны  туралы  сөз 

болады» [6.367].  

Түрік ғалымы М.Услудың Ясауи жайлы зерттеу еңбегінде Исмаил ата 

мен Исқақ ата атты сопы әулиелер туралы мәлімет берумен қатар, олардың 

Қожа  Ахметтің  Ибрахим  атты  кіші  баласының  баласы,  мүриді  [7.51] 

екендігін  де  айтқан.  Егер  ғалымның  бұл  пікірі  рас  болса,  онда  Ахмет 

Ясауидің  ұлы  Ибрахим жас  кезінде  қайтыс  болмаған,  тіпті  оның  мүридтер 

жетілдірген  «шайх»  болғандығы  жайлы  мағлұмат  аламыз.  Сонымен  қатар 

ғалым А.Алимбеков те өз зерттеулерінде Мысырдан табылған Қожа Ахмет 

хикметтерінің жаңа нұсқасында Ясауидің ұлы Ибрахим жайлы мағлұмат [8, 

3]  кездесетінін  айтады.  Аталмыш  зерттеулердің  сүйенген  өзіндік  деректері 

болғанымен, бұл мәселе ғылымда толыққанды зерттеуді қажет етеді. Қазіргі 

уақытта  Қожа  Ахмет  ұрпақтарынан  нақты  белгілі  ұрпағы  Гаухар  есімді 

жалғыз қызы ғана.  

Ортағасырлық  қолжазбаларда  айтылғанындай,  Ахмет  Ясауи  Ясыға 

ислам дінінің негіздері мен қағидаларын, оның сопылық ілімімен қоса өзге 

де  ілімдерді  толық  меңгерген,  кемелденген  адам  болып  оралады.  Мұндағы 

халықты  исламға  уағыздап,  ең  алғашқы  сопылықтың  түркілік  жолын 

салады.  

Көптеген әдебиеттерде Ахмет Ясауи Ясыға келген соң «Ясауия» атты 

тариқат  құрған  деген  сөз  болады.  Зерттеу  барысында  Ахмет  Ясауидің 

«Ясауия» деп аталатын белгілі бір сопылық мектеп ашпағандығы анықтала 

түседі.  Яғни,  бұл    дәстүр  өздігінен  бірте-бірте  қалыптасып,  тариқат 

құрғанын байқаймыз. Ахмет Ясауидің көзі тірісінде оның жолын  қуушылар   


    

                                                                                                                                           

202 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Көшенова Ғ.И.  Қожа Ахмет Ясауидің өмірі жайлы кейбір мәліметтер 

 

 



өз  еріктерімен  ғұламаның  маңайына  жиылып,  олардың  саны  күннен-күнге 

артып, Ясауидің тәлім-тәрбиесін әрі дамытып, жалғастырып отырды. Уақыт 

өте шайхтың осы ізбасарлары ясауия  тариқатының өкілдері болып саналды. 

Тариқат  ясауия  жолында  қолданылатын  зікірдің  ашық  түріне  байланысты 

кейде «Жахрия» тариқаты деп те аталады.  

Өзбек  ғалымы  Э.  Каримов  өзінің  докторлық  диссертациясында  Қожа 

Ахметтің ұстаздары жайлы айтады [9]. Қожа Ахметтің ұстаздары қатарына 

Қызыр атаны жатқызады. Өйткені хикметтерде және өзге деректерде Қожа 

Ахметтің Қызырмен сұхбаты көп айтылып, ол өмір бойы жалғасады.  

Қожа  Ахметтің  ұстаздары  Арыстан  баб,  Қызыр  ата  ғана  болмағаны 

«Диуани  хикметте»  де  сөз  болған.  Онда  Қожа  Ахметтің  Мұхаммед  (ғ.с.) 

пайғамбардан  да  басқа  көптеген  пайғамбарлардан  да  тәлім  алғанын 

баяндайтын бәйіттерді кездестіруге болады.

 

 



Ясауия  және  нақшбандияға  тәуелсіз  кейбір  деректерде  және  ясауия 

дәстүрінің  ХVІ-ХVІІғғ.  тән  кейбір  шығармаларда  Қожа  Ахметтің  ас-

Сухравардимен  байланысы  және  одан  тәлім-тәрбие  алғандығы  сөз  болады 

[10.221-222;  22.6].  1624  жылы  Самарқандта  Ахмет  Ясауидің  рухани 

белгісімен  Алим  Шайх  тарапынан  жазылған  «Ламахат»  [11.194-197] 

еңбегінде  Ахмет  Ясауи  рухани  ілімді  Мұхаммед  (ғ.с.)  пайғамбардан, 

тариқаттағы  мураббиликті  Қызыр  (ғ.с.)  атадан,  ерікті  Шахаб  ад-дин 

Сухравардиден  (өлг.1234ж)  алғанын  және  пірі  Жүсіп  Хамадани  болғаны 

баяндалады.  Ал  Сығнақийдің  Рисаласында  Ясауидің  170  шайхқа  қызмет 

еткені айтылады [12.51].  

Қазіргі  уақытқа  дейін  Ахмет  Ясауи  жайлы  көптеген  ғылыми  зерттеу 

жұмыстары  жүргізіліп  келе  жатқанымен,  ғылымда  әлі  де  нақты  шешімін 

таппаған мәселелердің көптігі негізінен деректердің тапшылығында жатыр. 

Соның бірі -  шайхтың туылған жылы және қанша жыл өмір сүргені.  

Қазіргі  күнде  мәлім  болған  нақты  деректер  бойынша  Қожа  Ахмет 

күнделікті  уақытын  үшке  бөлгені  [13.371]  анықталған:  күннің  үлкен 

бөлігінде  ғибадатпен,  зікірмен  айналысатын.  Екінші  бөлігінде  мүридтеріне 

захир  және  батын  ілімдерін  үйрететін.  Үшінші  ең  қысқа  бөлігінде  маңдай 

терімен күн көру үшін ағаштан қасық, шөміш жасап, сататын.  

 «Диуани  хикмет»  және  өзге  деректерге  қарағанда  Ясауи  63  жасынан 

бастап  өмірін  жердің  астында,  қылуетханада  өткізген  [5].  Қожа  Ахметтің 

бұл  ісіне  Мұхаммед  пайғамбар  үлкен  әсер  берген.  Зерттеулерге  қарасақ, 

Ахмет Ясауи жер астына кіргенде де дүние істерінен бас тартпайды. Оның 

алдына  түрлі  жерлерден  ғалымдар  келіп-кетіп  тұрған,  ғұлама  олармен 

сұхбат жасап отырған.  

Кейбір  зерттеулерде  Қожа  Ахметтің  монғол  дәуірінің  бастапқы 

жылдарында да өмір сүргені туралы айтылады. Қазірше бұл  мәселе жайлы 

сөз ететін тарихи деректерді кездестіре алмадық. Дегенмен, бұл жорамалды 

ғалым  М.Жармұхамедұлы  ұсынады.  Ол  Ясауи  жайлы  зерттеулерінде: 

«Ясауи  өмірін  зерттеген   адамдардың   бәрі де  ол кісінің   қайтыс   болған  



    

                                                                                                                                           

203 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Көшенова Ғ.И.  Қожа Ахмет Ясауидің өмірі жайлы кейбір мәліметтер 

 

 



жылын  бірауыздан  1166-67  жылы  дейді.  Егер  «Диуани  хикметтегі»  125 

жылды  осыған  орайластырсақ,  онда  ақынның  1041-42  жылы  туғаны  анық. 

Бұл жылдар оның Бұқарадағы өмірімен, дәлірек айтсақ, Жүсіп Хамаданидің 

жас мерзімімен сәйкес келмейді. Ол кісінің 1148-жылы өлгені мәлім. Бұлай 

болған жағдайда, Ахмет Ясауиге өз ұстазымен қартайған шағында кездесуге 

тура  келер  еді.  Егер  ақынның  қайтыс  болды  деген  жылын,  яғни  1166-67-

жылды шын өлген жылы емес, жер астына түскен жылы деп тұжырымдасақ

дәл  сол  жылы  ол  63  жаста  болады  екен.  Осыған  келіссек,  ол  1103-жылы 

туып,  1228-жылы  қайтыс  болған  дей  аламыз  [14.128;  14.15]  деп, 

ясауитанушыларға  жаңа  пікір  қосады.  Бұл  мәселеде  ғылыми  дәлел  ретінде 

көрсетерлік нақты тарихи дерек көздері қолымызда болмағандықтан, бұның 

әлі де терең зерттелуді талап ететін болжам екенінде күмән жоқ.  

Ғалым 

М.Жармұхамедұлы 



атап 

өткендей, 

ортағасырлық 

қолжазбаларда  Ахмет  Ясауидің  қайтыс  болған  жылына  байланысты 

бірізділік байқалады.  

ХІІ-ХІІІ  ғғ.  саяси-экономикалық,  мәдени  және  діни  тұрақсыздыққа 

ұшыраған  Орталық  Азия  халқы  рухани  пананы  тасаууфтан  іздеді.  Осы 

сұранысқа  жауап  берген  Ахмет  Ясауи  Орталық  Азия  территориясында 

дамыған  сопылық  ілімінде  теңдессіз  тұлғалардың  бірі  болды.  Кейіннен 

оның қабірі үстіне Әмір Темірдің бұйрығымен кесене тұрғызылды.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Hazinî С.А. Cevâhiru’l-Ebrâr Min Emvac-ı Bihâr (Yesevi Menâkıbnamesi), haz.  Cihan Okuyucu. –

Kayseri. 1995. -219 s.  

2.

 

Лыкошин Н.С. Пол жизни в Туркестане. –Петроград. 1916. – 412-стр. 



3.

 

Köprülü F. Türk Edebiyatında İlk Mutasavvıflar. –Ankara. 1991.- 415-s. 



4.

 

Хасан  Н.  Хазинийнинг  «Манбаул  абхор  фи  риезил  аброр»  асари  хақида.  //Узбек  тили  ва 

Адабиети. № 1. –Тошкент. 2001. -22-26-б. 

5.

 



 

Қожа  Ахмет  Йасауи,  Хикмет.  //Аударғандар  және  дайындағандар  М.Жармұхамедұлы, 

М.Шафиғи, С.Дәуітұлы. – Алматы. 1998. -652-б. 

6.

 



Гордлевский В.А. Ходжа Ахмед Ясеви. Избр. Соч. ІІІ-том. –Москва. 1962.  

7.

 



Uslu М. Pir-î Türkistan Ahmed Yesevi. Türk Dünyası Tarih Dergisi. Cilt 6. № 31. –İstanbul. 1989. 

8.

 



Алимбеков  А.  Хукандий  кучирган  хикматлар.  //Узбекистон  адабиети  ва  санъати.  15  январь. 

Тошкент. 1999. 3-б. 

9.

 

Каримов Э.Э. Суфийские тарикаты в Центральной Азии ХІІ-ХУвв. //Докторлық диссертация.- 



Ташкент. 1998. 

10.


 

 ДиУис Д. Маша-их турк и Хваджаган: переосмысление связей между суфийскими традициями 

Иасавийа  и  Накшбандийа. Суфизм  в  Центральной  Азии  (зарубежные  исследования).  -Санкт- 

Петербург 2001, 210-270-бб.  

11.

 

 Хасанов  Н.,  Султонов  У.  Мухаммад  олим  Сиддиқий  ва  унинг  «Ламахат  мин  Нафахоти-л-



Қудс» асари хақида. //Имом Бухорий сабоқлари. №4. -Тошкент 2006.  

12.


 

 Хасан Н. Ахмад Яссавий манқабаси ва унинг муаллифи хақида. //Узбек тили ва адабиети. № 4. 

-Тошкент 1999. -50-52-б. 

13.


 

 Evliyalar Ansiklopedisi. Ahmet Yesevi. Cilt 2. –İstanbul. 1992. 

14.

 

Жармұхамедұлы М. Қожа Ахмет Иасауи және Түркістан, -Алматы. 1999. 128-б.  



 

 

 

 

    

                                                                                                                                           

204 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

А.АБДУЛЛАЕВА  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 



 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛІК ІЛІМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ  

 ДӘСТҮРЛІ САЛАЛАРЫ 

 

 В данной статье рассматриваются народные знания казахов в области медицины как один 



из основных компонентов традиционных знаний казахского народа. 

 

  This  article  considers  Kazakh  national  knowledge  in  medicine  sphere  as  the  main    principal 



component of traditional knowledge of  Kazakh nation. 

 

Көшпелілер тарихы мен мәдениетін зерттеу әлемдегі тарихшылардың 

назарындағы басты ғылыми бағыт ретінде қалыптасты.  

Төл  мәдениетімізді  XXI  ғасыр  талабына  сәйкес  ғылыми  тұрғыдан 

саралаудың  маңыздылығы  -  ұлттық  өркендеудің  ең  басты  факторларының 

бірі.  Мәдениетті  кешенді  зерттеу,  яғни  халықтың  этномәдени 

келбетінің  қалыптасуы  мен  дамуын  кең  ауқымда  жан-жақты  саралау, 

ұлттық  құндылықтардың  сан  алуан  құпияларын  зерделеу,  сайып  келгенде, 

олар  өркениетті  қоғамның  рухани  сұраныстарын  қанағаттандыруға  саяды. 

Сол арқылы мемлекет даму бағдарындағы ұлттық және тілдік құндылықтар 

дәстүрін арттыруға, дамытуға мүмкіндік туады.  

Этникалық  мәдениетті  тарихи-этнологиялық  зерттеу  объектісі 

ретінде  саралаудың  өзі  құпиясы  мол  саланы  қамтиды,  ғылыми-танымдық 

бағыт  бағдары,  болмысы  жағынан  әрқилы  болып  келеді.  Кең  ауқымды 

мәдениет ұғымы биологиялық тұрғыдан тыс қалыптасқан адамзат әрекетінің 

технологиясы,  әрі  тарихи  және  экологиялық  тұрғыдан  қамтамасыз  етілген 

социумның табиғи жай-күйін бейнелейді [1.88]. 

Көшпелі  ортадағы  тіршілік  қамы  жүйесін  қордалаушы,  жүйелеуші 

негізі – этникалық деңгейдегі ұдайы өндіру мен табиғи, әлеуметтік-мәдени 

ортаға  бейімделуді  табысты  жүргізе  алатын  мәдениет  компоненттерін 

дамыта отырып, адамның заттық, рухани мұқтаждығын қамтамасыз ету. 

Дәстүрлі 

тіршілік 

қамы 


мәдениетінің 

құрамдас 

бөлігі 

халқымыздың этномәдени болмысының арқауы болған халықтық білім қазақ 



тарихында  жете  назар  аударылмаған  салалардың  бірі.  Ол  ғасырлар    бойы 

табиғаттағы    құбылыстар    мен    шаруашылықтағы  үрдістерді  бақылаудан 

туындап,  қалыптасқан,  әрі  салт  пен  әдет-ғұрыпта  орныққан  тәжірибе  мен 

бақылау  тұжырымдарының  кешенді  жүйесі.  Халықтық  білім  этностық 

мәдениеттің рухани аясының негізгі элементінің бірі бола отырып, көшпелі 

қоғамның  өндіргіш  күштерінің  құрамдас  органикалық  бөлігін  құрады,  әрі 

көшпелі  ортадағы  өнідірістік-шаруашылық  үрдістерін  этномәдени  және 

технологиялық  тұрғыдан  ұйымдастырудың  ең  басты  факторларының  бірі 

болды [2.76].  

Көшпелі  ортадағы  тұтыну  талаптарымен  бірге  табиғи  ортаны  игеруге 

бағытталған мұндай технология үрдістері қатарында халық ағарту жүйесінің 

маңызы  айрықша.  Ол – дегеніміз  түптеп   келгенде,  көшпелілердің   бағзы 



    

                                                                                                                                           

205 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Абдуллаева А.  Қазақ халқының дәрігерлік ілімі және оның дәстүрлі салалары 

 

 



заманнан қоршаған ортаны игеруге байланысты қалыптасқан тәжірибелері, 

содан  туындайтын  этномәдени  болмысы,  сан  қырлы  идеологиялық, 

әлеуметтік  қатынастар  мен  ежелгі  дүниетанымдар  жүйесі.  Халық  білімі 

шаруашылық  пен  ғұрып  қағидалармен  астасып,  салт-санамен  кірігіп, 

біртұтас айшықты үрдіс құрауы арқылы дала көшпелілерінің өзіндік мәдени 

бет-бейнесін  айқындаушы  бір  факторға  айналды  десек  асыра  айтқандық 

емес. 

Көшпелі қоғамда өндіріс қатынастарын ілкімді жүзеге асырудың тетігі 



- халық білімінің іс-шараларын дұрыс ұйымдастыра білу екендігін ескерген 

қазақтар  аталмыш  мәселеге  жете  көңіл  бөлген.  Халық  білімі  сан  алуан 

этноәлеуметтік  қызметтермен  тығыз  байланысты  сала.  Оның  ерекше 

маңызы қоғам мүшелерінің дәстүрлі тіршілік циклінің ең ілкімді тетіктерінің 

бірі ретінде қызмет атқаруында. Сол арқылы халық білімі дәстүрлі қоғамда 

ежелден  қалыптасқан  әлеуметтік  қатынастардың,  мінез-құлқын,  этникалық 

дағдының  іргелі  нормаларын,  басты  принциптерін  айқындап,  реттеу 

механизмінде де белгілі дәрежеде рөл атқарды.  

Қазақ  халқы  ұзақ  тарихи  даму  барысында  дәрігерлік  және  саулық 

сақтау жөнінде мол тәжірибе, білімдер жинады. Олар мал шаруашылығымен 

айналысып,  қиыр  қонып,  шет  жайлап,  қалалармен  қатынас  жолдарынан 

шалғай  жерлерде  уақыттарын  көп  өткізгендіктен,  алуан  түрлі  ауруларды 

өздерінің өмірден жинаған білім тәжірибелеріне сүйеніп емдеді және аурудан 

сақтанудың  тәжірибелерін  қорытып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастырып 

отырды. 

Күнкөріс қамымен қалыптаса бастаған емшілік тәжірибе жасау және 

ой  сананың  кемелденуі  арқылы  жетіле  отырып,  қоғамдық 

әрекетінің іргелі саласына айналған. Орта ғасырда түріктердің емшілігінде 

қолданған  минералдық,  өсімдік  дәрілері  туралы  мәліметтер  көне  түрік 

жазбаларында көптеп ұшырасады [3]. 

Даңқты  жерлесіміз  Әбунасыр  әл-Фараби  емшілікті  философиялық-

медициналық  теориялық  тұрғыдан  дамытты.  Оның  практикалық 

медицина саласындағы ілімін жалғастырған Әбу әли ибн-Сина еңбектерінің 

Сібірге  дейін  таралуы-  түрік  халықтарының  емшілік  тәжірибесіне  үлкен 

өзгеріс әкелген [4.496]. 

Орта ғасырлардан бүкіл әлемді қамтыған тарихи құбылыстар емшілік 

ісінің  қисындық  негіздері  бір-бірімен  сабақтастықта  ұштаса  дамуын 

қамтамасыз  етті.  Айталық,  қытай  емшілігінің  негізі  «янь-инь»  қисынының 

ибн-Синаның  ілімінің  арқауы  саналатын  «мизадж»  категориясымен 

үндесетін тұсы аз емес [5.36-41]. 

1768-1769  жылдары  Еділ,  Жайық  бойында  жүріп  өткен  П.С.Паллас, 

1771  жылы  әскери  экспедиция  сапарында  Қазақстанның  солтүстік,  батыс 

өңірлерін  аралаған  Н.П.Рычков  жазбасында  қазақтардағы  емдеу  өнері 

жайында аздаған дерек қамтылған.  Генерал-майор  В.В.Броневский қазақ  



    

                                                                                                                                           

206 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Абдуллаева А.  Қазақ халқының дәрігерлік ілімі және оның дәстүрлі салалары 

 

 



емшілерінің емдеу тәсілдеріне қысқаша тоқталса [6.49-72], А.И.Левшин 

емшілерді 

арбаумен 

«көзбояушы» 

сипатындағы 

гипноз-


психотерапевтер  және  емшіліктің  саласынан  хабардар  мамандар  деп  екі 

топқа жіктеп қараған [7.110]. 

Қазақ  емшілері  тіршілік  үрдісі  мен  ауру  барысын  өзінше  түйіндей 

отырып,  соған  сай  шара  жасайтындығы  туралы  А.Ягмин  еңбегінде 

баяндалады  [8.42-44].  Халық  емшілері  ауруларды  жұқпалы,  сыртқы  және 

ішкі, жәй ауру деп топқа бөліп емдеген. Құлғана, мерез сияқты ауруларды 

«құрт  ауру»  деп  атады.  «Құрт  ауруы»  деп  аталуының  өзі,  оның 

қоздырғыштық  қасиетін  болжай  білгеннен  кейін  болса  керек.  Емшілер 

дереу  ауруды  өзгелерден  ыдыс-аяқтары  мен  жатын  бөлмесін  бөлек  ұстап, 

өздерін  таза  ауада  көп  жүргізуді  ұстанған.    Ауруды  көбінесе  сынаппен 

ыстап, кепірешпен улатып, бие сүтін берумен емдеген. Олар құлғана, мерез, 

сүйекқұрт  сияқты  ауруларды  тұқым  қуатын  текті  ауру  деп  есептеді. 

Қазақстанның 

Ресейге 


қосылуына 

байланысты 

1841 

жылғы 


экспедициясының  дәрігері  А.Ягминь  қымыз  туралы  өзінің  күнделігінде 

қымызды  жергілікті  жердегі  қазақтар  аурудың  біраз  түріне,  әсіресе, 

туберкулезге ем ретінде пайдаланатындығын, қыстаудан жайлауға шыққан 

кезде ауру кісілер қымыздың арқасында тез арада айыға бастағанының куәсі 

болғанын жазады [8.141]. 

Шығыс  медицинасы  мектебінен  хабардар  емшілер  туралы 

мәлімет  дәрігер  С.Большойдың  жазбасында  кездеседі.  Қазақ  емшілері 

ыстық-суық,  жел-құз  ревматизм  және  суық  тиіп,  тер  қатудан  болған 

ауруларды  терлету  жолымен  емдеді.  Оларды  әр  алуан  булауға  түсірді. 

Теріге  салды.  Олар  қан  бұзылудан,  сары  судан  асқынған  ауру  деп 

есептейтін аурулардан қан алып лоңқа салды [9.303]. 

Қазақтың халық медицинасындағы емдер қатарында «бұлаулау», яғни 

терлету  арқылы  ем  жасаудың  орны  ерекше.  Терлету  арқылы  емдеудің 

«бұлауға» салудың ішіндегі ең күрделісі «қан бұлау» жасау. 

«Қан бұлауға» түсіру үшін ауруды шешіндіріп, жүресінен отырғызып, 

төбесіне ақ ешкіні тірідей бауыздайтын болған. Бірнеше кісінің қатысуымен 

орындалатын  аса  күрделі  бұл  емнен  кейін,  адам  бойындағы  қатқан  қан 

түйіршіктері ешкінің аурудың денесін түгел жуа ағатын ыстыққанмен бірге 

еріп, қан айналаны жақсара түседі деген сенімде болған [10.25]. 

«Теріге»  түсіру  әрекеті  жаңа  сойылған  жылқының,  қойдың,  ешкінің 

терілерін пайдаланумен жүзеге асады.  

Қазақ  жеріндегі  дәрігерлік,  аурулардан  сақтандыру  шараларын  дұрыс 

жолға қою мақсатында Патша Үкіметі тарапынан 1853 ж. Бөкей Ордасына, 

1871-1874  ж.ж.  Ақмола,  Торғайға,  1888  ж.  әр  аймаққа  ұйымдастырған 

экспедициялар  қазақтардағы  халықтың  дәстүрлі  біліміне  қатысты  көп 

мәліметтер жинақтады [11.16]. 



    

                                                                                                                                           

207 

   


 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет