Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет35/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Қадірбаева Р.І., Жантелі Х.А.

 

Болашақ информатика мұғалімін кәсіби дайындауда жалпылау…

 

 

 



 

    

                                                                                                                                           

255 

   


 

 

 



модульдерден  тұратын  күрделі,  ауқымды  бағдарлама.  Бұлардың  біріншісі 

шектеулі кішігірім мақсатқа бағытталған болса, екіншісі түрлі салалардағы 

күрделі 

есептерді 

шеше 

алатындығымен, 



өміршеңдігімен 

және 


қолданушылар  санының  көп  болатындығымен  ерекшеленеді.  Қазіргі 

уақытта 


әлемдегі 

көптеген  қоғамдық, 

ғылыми-техникалық  және 

экономикалық 

мәселелерді 

шешуде 


бағдарламалық 

жабдықтар 

қолданылуда.  Сондықтан  кез-келген  салада  бағдарламалық  жабдықтарды 

тиімді,  ыңғайлы,  сенімді  етіп  жасау    маңызды.  Бүгінгі  таңда    болашақ 

программист мамандардың алдында бағдарламалық жабдықтар жасау және 

сол кезде пайда болатын қиындықтарды оңтайлы шешу мәселесі тұр. 

Бағдарлама  жазуда  болашақ  программист  мамандарымыздың  ең 

бірінші  кездесетін  қиындығы  -  қойылған  есепті  дұрыс  талдау  жасап,  оны 

шешудің саймандық құралын, яғни бағдарламалау технологиясын және тілін 

дұрыс таңдай білуі. Себебі, бағдарламалау технологиясын және тілін дұрыс 

таңдай  білу  есеп  шешімінің  нәтижелілігіне,  дұрыстығына,  жұмыстың 

жылдамдығын арттыруға тікелей әсерін тигізеді. 

Қазіргі кезде бағдарламалаудың ғылыми теорияларға негізделген әдіс-

тәсілдері мен сәйкес терминдері  анықталып,  бағдарламалау технологиясы 

ғылыми сипатқа ие болуда.   

Бағдарламалау  технологиясы  дегеніміз  бағдарламалаудың  қажетті 

әдіснамасын,  құралдарын  және  бағдарламалау  жүйелерін  пайдалана 

отырып,  компьютерлік  өнімді  жоғары  сенімді  деңгейде  сапалы  даярлау 

процесі.  



Бағдарламалау  технологиясы  –  программалық  жабдықтарды  құру 

процесi  сүйенетiн  теориялар  мен  практикалық  техникалардың  жиынтығы. 

Оның  компоненттері:  концептуальдық  құралдар  (бағдарламаларды  жасау 

стильдерi  мен  әдiстерiн  анықтайтын  құралдар);  ұйымдастыру  құралдары 

(программистер  тобында  еңбек  формасын  анықтайтын  құралдар); 

бағдарламалық құралдар. 



Құрылымдық бағдарламалау технологиясы. Оның мақсаттары: 

1.

 

Бағдарламалау  тәртібімен  қамтамасыз  ету.  Бұл  -  басты 

мақсат,  және  ол  бағдарламалаудағы  басқа  мақсаттарға  жетудің  негізгі 

факторы.   

2.

 

Бағдарламаның оқылуын жетілдіру. Мұндай мақсатқа төмендегі 

ережелерді сақтау арқылы қол жеткізуге болады: 

 

семантикасы айқын емес тілдік құрылымдарды қолданбау; 



 

басқарушы  құрылымдардың  әрекеттерін  локализациялауға  және 



берілгендер құрылымын пайдалануға ұмтылу; 

 



бағдарламаны  басынан  аяғына  дейін  келесі  бетке  көшу 

басқаруларын қолданбастан оқып шығатындай етіп жазу. 



3.

 

Бағдарламаның  тиімділігін  арттыру.  Ол  үшін  бағдарламаны,  қатені 

тез  табу  және  оны  түзету,  сондай-ақ  тиімділікті  арттыру мақсатында кез 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Қадірбаева Р.І., Жантелі Х.А.

 

Болашақ информатика мұғалімін кәсіби дайындауда жалпылау…

 

 

 



 

    

                                                                                                                                           

256 

   


 

 

 



Құрылымдық технология принциптері 

Абстракциялау

 

Формальдау



 

«Жікте де

 

басқар»

 

Иерархиялық реттеу

 

келген  модульдің  мәтінін  басқалардан  тәуелсіз  өзгерту  мүмкіндігі 



болатындай, модульдерге жіктей отырып құрылымдау керек.  

4.

 



Бағдарламаның сенімділігін арттыру. Бұл жағдайға қол жеткізу үшін 

тестілеуді оңай жүргізіп, оның қателерін дұрыстау процесін ұйымдастыруда 

проблема туындамайтындай болуы қажет. 

5.

 



Бағдарлама  жасау  мерзімі  мен  оның  бағасын  кеміту.  Бұл  

командадағы  әрбір  программист  өте  көп  бағдарламалық  кодтарды 

қаншалықты  ертерек  жазуға  және  дұрыстауға  қабілетті  болуына 

байланысты. 

Сабақ барысында оқушылардың назарын негізгі мынадай 1-схемаға аудара 

отырып,  құрылымдық  технологияның  негізгі  принциптерін  баяндауға 

болады . 

 

 

 

 

 



 

 

1



-схема. Құрылымдық технологияның негізгі принциптері 

 

Құрылымдық технологияның негізгі принциптері

1.

 

Абстракциялау  принципі.  Абстракция  мәселенің  талап  еткен 



шешімін,  оның  көптеген  бөліктерін  ескермей-ақ,  ойша  бейнелеуге 

мүмкіндік береді. Бұл принципті қолдана отырып, бағдарламаны деңгейлер 

бойынша  қарастыруға  болады.  Жоғарғы  деңгей  үлкен  абстракцияны 

көрсетеді,  ол  жобалауды  ықшамдайды,  ал  төменгі  деңгей  бағдарламаны 

жүзеге асырудың майда бөліктерін көрсетеді. 

2.

 

Формальдау  принципі.  “Формальдылық”  деген  сөздің  өзі  қатаң 

әдістемелік  тәсілді  көрсетеді.  Формальдау  принципі  бағдарламалауды 

импровизациядан  инженерлік  пәнге  айналдыру  үшін  негіз  бола  алады. 

Сондай-ақ,  ол  бағдарламаның  дұрыстығын  дәлелдеуге  де  негіз  болады. 

Өйткені,  бағдарламаны  математикалық  объект  ретінде  қарастыруға 

мүмкіндік  жасайды.  Формальдылық  бағдарламалаудың  шығармашылық 

және инженерлік аспектілерін біріктіруде оң тәсіл болып табылады. 

3.

 



«Жікте  де  басқар»  принципі.  Бұл  ескі  заманнан  бері,  күрделі 

проблеманы  түсінуге  және  шешуге  оңай  болатын,  оны  ұсақ  тәуелсіз 

проблемаларға жіктей отырып шешу әдісі ретінде белгілі. Бағдарлама жасау 

кезінде бұл тәсілді пайдалану, бағдарламаны жеңіл басқаруға және тестілеу 

мен  дұрыстауды  тәуелсіз  орындауға  мүмкіндігі  бар  жеке  бөліктерге   

жіктеуді білдіреді. Ол программистке үлкен жүйенің бір  бөлігімен жекелей 

жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. 

4.

 



   Иерархиялық  реттеу  принципі.  Бұл  алдыңғы  принциппен  тығыз 

байланыста. Бөліктерге жіктеу құрылымы да жіктеудің өзі сияқты  маңызды  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Қадірбаева Р.І., Жантелі Х.А.

 

Болашақ информатика мұғалімін кәсіби дайындауда жалпылау…

 

 

 



    

                                                                                                                                           

257 

   


 

 

 



нәрсе.  Иерархиялық  реттеу  адамзаттың  барлық  қызметінде  қолданылып, 

жүйелердегі  басқарудың  күрделі  проблемаларын  шешуде  көмегін  тигізеді. 

Бағдарламалауда бұл принцип модульдер арасындағы өзара байланыстарды 

иерархиялық құрылымның талаптарымен қарастыруды ұсынады [3]. 



Модульдік 

бағдарламалау 

технологиясы. 

Модульдік 

бағдарламалаудың  негізгі  принципі  -  «Жікте  де  басқар».  Бұл  принципті 

түсіндіру үшін мынадай 2-схеманы пайдалануға болады. 

 

 

 



 

 

 



2-схема. Модульдік жіктелу 

Модульдік  бағдарламалау  –  бағдарламаны  модуль  деп  аталатын 

тәуелсіз  ұсақ  блоктардың  жиынтығы  ретінде  ұйымдастыру.  Блоктардың 

құрылымы  мен  жүрісі  қандай  да  бір  ережеге  сүйенеді.  Модульдік 

бағдарламалауды  қолдану  бағдарламаны  тестілеуді  және  қатені  табуды 

жеңілдетеді.  Бағдарламадағы  модульдер  басқа  бір  модульден  қатаң  түрде 

бөлек  бола  алады,  бұл  бағдарламаның  мобильділігін  арттырады. 

Бағдарламаның  тиімділігін  арттыру  процесі  де  қарапайым  болуы  мүмкін, 

өйткені  модульдердің  бір-біріне  тәуелсіз  қайта  өңделу  мүмкіндігі  бар. 

Сондай-ақ  модульдік  бағдарламаларды  түсіну  өте  жеңіл  және  модульдер 

басқа  бір  бағдарламаның  құрылымдық  блоктары  ретінде  пайдаланылуы 

мүмкін.  

Модульдік  бағдарламалауда  бағдарламаға  иерархиялық  құрылыммен 

дұрыс  форма  беру  оны  жасау  процесін  жақсартады.  Модульді  шақыратын 

және  ол  шақыратын  модульдер  саны  бағдарламаның  күрделілігіне  әсерін 

тигізеді.  Бір  модульден  шақырылатын  модульдер  санын  модульдерді 

басқару ендігі деп атайды. Оның саны 10-нан аспауы қажет. Адамның қысқа 

есте  сақтауы  психологиядағы  эксперименттер  нәтижесі  бойынша  5-9 

бөліктен  тұрады  екен.  Яғни,  бір  мезгілде  программист  7  бөлік  ақпаратты 

операциялай алады. 



Объектілі-бағдарлы  бағдарламалау  технологиясы.  Оқу  процесінде 

объектiлi-бағдарлы  бағдарламалау  (ОББ)  құралдары  Turbo  Pascal  (ТР) 

ортасының  5.0  версиясынан  бастап  пайда  болды.  Объектiлi-бағдарлы 

бағдарламалауды  қолдану  көптеген  есептердi  шешу  кезiнде  еңбек 

өнiмдiлiгiн  арттыруға  және  бағдарламалық  жабдықтарды  жасау  мерзiмiн 

қысқартуға мүмкiндiк береді.  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Қадірбаева Р.І., Жантелі Х.А.

 

Болашақ информатика мұғалімін кәсіби дайындауда жалпылау…

 

 

 



 

Модуль 1 

Модуль 1 

Модуль 2 

Модуль 

2.10 


Модуль 2.1

 

Модуль 1.3 



Модуль

 

1.2



 

Модуль 


1.1 

 

… 



    

                                                                                                                                           

258 

   


 

 

 



Гради  Буч  ОББ-ға  мынадай  анықтама  береді:  “ОББ  –  бағдарламаны 

объектілер  жиынтығы  түрінде  көрсетуге  негізделген  бағдарламалау 

технологиясы, мұндағы объектілердің әрқайсысы қандай да бір кластың іске 

асырылуы, ал кластар мұрагерлік принципімен иерархия құрайды” [4]. 

ОББ  құрылымдық  бағдарламалау  сияқты  үлкен  бағдарламалық 

комплекстерді  жасау  процесін  тәртіптеу  және  құны  мен  күрделілігін 

төмендету  мақсатында  құрылған.  Жобаның  күрделілігін  басқару 

принциптерінің бірі – декомпозиция. 

Буч  декомпозицияның  екі  түрін  анықтайды:  алгоритмдік;  объектіге 

бағытталған.  Оның  біріншісі    -  болып  жатқан  оқиғалардың  ретіне  назар 

аударады, ал екіншісі - өзара байланыстардың сипатына назар аударады. 

Практикада  оның  екеуі  де  қолданылады,  күрделі  бағдарламаларды 

құру  кезінде  алдымен  объектіге  бағытталған  декомпозицияны  қолданып, 

бағдарламаланып  отырған  мәселенің  мәнін  бейнелейтін  объектілердің 

жалпы  иерархиясын  құру  қажет,  сонан  соң  алгоритмдік  декомпозицияны 

қолданып, модульдер арқылы бағдарлама жасауды жеңілдетуге болады. 

Құрылымдылық технологияда да, объектілі-бағдарлы технологияда да 

ішкі есептердің өзара байланысын иерархиялық ағаш түрінде құру мақсатын 

негізге  алады.  Бірақ  олардың  иерехиясында  айырмашылық  бар. 

Құрылымдылық иерархия бүтінді құрамдас бөліктерге жіктеу принципімен 

құрылады.  

ОББ  технологиясының  принциптері:  Тірек  құралы  ретінде  төмендегі 

2-кесте ұсынылады. 

2-кесте 

Негізгі 


принциптері 

Қолдану мақсаты 

Түсіндірмесі 

Инкапсуляция 

Берiлгендердi объект 

типiнде өңдеу кезінде 

оларды  процедура–лармен 

және функциялармен  

үйлестiру үшін 



"Инкапсуляция"    терминi    берiлгендер  мен  әдiстердi,  яғни 

сипаттау  құрамындағылардың  бәрiн  жалпы  бiр  "қабыққа" 

(Object  ...  End)  бiрiктiру  мағынасын  бередi.  Яғни 

берiлгендер  мен  оларға  қолданылатын  әрекеттермен  бір 

объектiге бiрiгедi. Мiне, осындай процестi инкапсуляциялау 

деп атайды.  



Мұрагерлеу 

Объектiлер 

арасында 

иерархиялық 

құрылым 

қалыптастырып, 

олардың 

қасиеттерін мұрагерлеу үшін 

Бұл  –  қолда  бар  объектiлердiң  негiзiнде  жаңа  объектiлер 

құруға  мүмкiндiк  жасайтын  механизм.  Әрбiр  бағынышты 

объект  аталық  объектiнiң  берiлгендерiне,  процедуралары 

мен функцияларына қол жеткiзе  алады. Аталық объектiнiң 

атын  тумалық  объектiнiң  сипатталуына  қосып  жазу 

арқылы  мұрагерлiк  қалдырылады.  Осылай  ағаш  тәрiздi 

құрылым құрылады. Сонымен, мұрагерлiк - бұл объектiлер 

емес, объект типтерi арасындағы байланыс. 



Полиморфизм 

(көпбейнелік) 

Аталық 

және 


тумалық 

объектiлерді  бірдей  атай 

отырып,    бір  функцияны  әр 

түрде 


орындауды 

ұйымдастыру үшін 

Атаулары  бірдей  аталық  және  тумалық  объектiлердің 

өздігінше  бөлек  функция  атқаруы  мүмкін.  Мысалы, 

“Сөйле”  командасын  адам  “Халiң  қалай”,  ит  –  “Гав”, 

мысық  –  “Мяу”  деп  орындалады.  Осы  сияқты 

бағдарламалауда  “Сыз”  командасын  бере  отырып,  сызық, 

төртбұрыш  немесе  шеңбер  сызуға  болады.    Жүрiстерiнде  

айырмашылық 

шамалы 


ғана 

болатын 


объектiлер 

типтерiнiң  әрқайсысы  үшiн  күрделi  әдiстi  қайталап  берiп 

отыру  жағдайы  да  туындауы  мүмкiн.  Осындайда  барлық 

объектiлерге  ортақ  болатын  күрделi  әдiсті  қолданып, 

олардың    айырмашылықтарын  ауыспалы  бағынышты 

әдiстерге  жүктеген  жөн  болып  табылады.  Бұл  идея 



конструктивтi полиморфизм деп аталады. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Қадірбаева Р.І., Жантелі Х.А.

 

Болашақ информатика мұғалімін кәсіби дайындауда жалпылау…

 

 

 



    

                                                                                                                                           

259 

   


 

 

 



ОББ-дың  негізгі  ұғымдары  объектілері,  әдістері  мен  экземплярлары 

белгілі  бір  ереже  арқылы  байланыста  болады.  Бағдарламаның 

компиляциялану  кезеңiнде  объектiлiк  типтегi  экземплярларды  әдiстер 

кодымен байланыстыруды ерте байланыстыру деп, ал оған сәйкес объектiлiк 

типтiң әдiсiн статикалық деп атайды. 

Бағдарламаның 

орындалу 

кезеңiнде 

объектiлiк 

типтегi 


экземплярларды әдiстер кодымен байланыстыруды кеш байланыстыру деп, 

ал оған сәйкес объектiлiк типтiң әдiсiн виртуальды деп атайды. 

Динамикалық 

әдістердің 

статикалық 

әдістен 


синтаксистік 

айырмашылығы  Virtual директивасының болуында. Ол объектілік типтерді 

сипаттау  кезіндегі    тақырып  соңында  жазылады.  Әдісті  жүзеге  асыруды 

сипаттау кезінде бұл директива жазылмайды. 

Егер  Virtual  аталық  типте  бар  болса,  онда  оның  тумалық  типтерінде 

мынадай шектеулер болады: 

-

 

тумалық  типтердегі  аталық  типтермен  аттас  барлық  әдістер 



виртуальды болады; 

-

 



әдіс  виртуальды  болған  кезде,  оның  атауы  төменгі  деңгейдегі 

объектілерде  өзгермейді,  виртуальды  әдістің  атауы  мен  жүрісі 

параметрлер мен типтерін қосқанда идентипті болуы тиіс; 

-

 



виртуальды  әдістері  бар  кез  келген  объектіде  конструктор  болуы 

қажет. 


Case-технология 

немесе  визуальды  модельдеу.  Программалық 

жабдықтар  жасауда  туындайтын  проблемалардың  бірі  -  қолданушылардың 

программистер  ұжымын  барлық  уақытта  түсіне  бермейтіндігі.  Оларға 

программистер  дайындаған  графиктер  мен  бағдарламаны  сипаттайтын 

мәтіндердің  томдары    көп  нәрсені  түсіндіре  алмайды.  Осы  проблемадан 

құтылу үшін визуальды модельдеу қарастырылады.  

Визуальды  модельдеу  дегеніміз  модельді  қандай  да  бір  графикалық 

элементтердің  стандартты  жиынтығы  арқылы  графикалық  кескіндеу 

процесі.  Адам  мәтінге  қарағанда  визуальды  кескінделген  ақпаратты  жеңіл 

түсінеді.  Жүйенің  визуальды  моделін  құру  арқылы    оның  жұмысын  түрлі 

деңгейде көрсетуге мүмкіндік бар. Визуальды модельдеуде маңызды мәселе, 

оның  графикалық  нотациясын  таңдау.  Нотация  қызығушылардың 

барлығына  түсінікті  болуы  шарт,  әйтпесе  модельдің  пайдасы  шамалы. 

Олардың көптеген нұсқалары бар, ең көп қолданыста жүргендері – Буч әдісі, 

объектілі-модельдеу 

технологиясы 

(ОМТ) 

және 


модельдеудің 

унифицирленген тілі (UML). 

Rational  Rose  корпорациясының  ғылыми  қызметкері  Гради  Бучтың 

жасаған  нотацияларын  автордың  атымен    Буч  әдісі  деп  атаған.    Оның 

моделінде  объектілер    бұлт  түрінде,  олардың  арасындағы  қатынастар 

бағыттауыштар  арқылы  бейнеленеді.  Бағыттауыштың  да  әр  түрлері  бар, 

олар қатынастардың әр түрлі типтеріне сәйкес келеді. Нотация үлгісі ретінде 

төмендегі 3-схеманы ұсынуға болады. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Қадірбаева Р.І., Жантелі Х.А.

 

Болашақ информатика мұғалімін кәсіби дайындауда жалпылау…

 

 


    

                                                                                                                                           

260 

   


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



    3-схема. Нотация үлгісі 

 

Case-технологияда  программалық  жабдықтаудың  жобасы  визуальді 



модельденіп,  декомпозицияланған  диаграммалар  жиынтығы  түрінде 

беріледі.   

Сонымен оқулықтағы білім жүйесі мен оқушы санасында қалыптасқан 

білім  жүйесі  адекватты  болуы  үшін  бұрын  меңгерген  білімді  қайта 

топтастыруға,  жүйелеуге  және  жалпылауға      байланысты  оқушылардың 

ойлау қызметін дамыту болашақ маманның кәсіби дайындығының деңгейін 

анықтайды.  

Болашақ  маманды  кәсіби  дайындау  үдерісінде,  студенттердің 

жалпылау, жүйелеу, сұрыптау т.с.с. таным тәсілдерін жетік меңгере отырып, 

оқушылардың  білімін, біліктілігін және  дағдыларын  жетілдіруде жалпылау 

және 

жүйелеу 


сабақтарын 

ұйымдастыра 

білулері 

қажет 


деп  

қорытындылауға болады.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Бидайбеков  Е.Ы.,  Лапчик  М.П.,  Беркімбаев  К.М.,  Сағымбаева  А.Е.  Информатиканы  оқыту 

әдістемесі мен теориясына кіріспе: Оқу құралы. I бөлім. -Алматы, 2008.  -280 бет. 

2.

 

Икрамов Дж. Математическая культура школьников. -Ташкент: Укитувчи, 1981.  -280 с. 



3.

 

Қадірбаева Р.І. Бағдарламалау тілдер теориясы және трансляциялау әдістері (лекциялар жинағы). 

-Түркістан, 2008. -80 бет. 

4.

 



Фаулер  М.,  Скотт  К.  UML  в  кратком  изложении.  Применение  стандартного  языка  объектного 

моделирования: Пер. с англ. -М.: Мир, 1999. -191 с. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 



 

 

Н.А.СЕЙІТҚҰЛОВ 

Ақша аудару 

Есеп шотқа ақша 

салу 

Есеп шоттан



 

ақша 


алу

 

Баланс көрсету 



     

клиент 


    

                                                                                                                                           

261 

   


 

 

 



социология ғылымдарының кандидаты, доцент 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ 

 

БАЛАЛАРДЫ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ ҚАРАЙ ХАЛЫҚТЫҚ 

 ПЕДАГОГИКА АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ 

 

В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  национального  воспитания  по  возрастным 



этапам на основе народной педагогики. Также изучен процесс воспитания нынешнего поколения, 

где  истоки  начинаются  с  семьи,  и,  соответственно,  каждая  личность  становится  членом 

общественной системы нашего государства. 

 

 This  article  deals  with  some  matters  of  national  education  according  to  age  stages  on  the 

principles of national pedagogy.  The process of bringing up the modern generation the sources of which 

begin in the family has been researched as well. Due to this process each person becomes a member of a 

public system of our state. 

 

Педагогика  қоғамдық  өмірдегі  тәрбиенің  мәні  мен  рөлін  анықтайды. 

Педагогика адам тәрбиесі жайлы ғылым. Педагогикаға - тәрбие, білім беру, 

оқыту жатады. 

Тәрбие - қоғамның негізгі функцияларының бірі. Тәрбие жеке адамды 

мақсатты, жүйелі қалыптастыру принципі болып табылады. Тәрбие процесі 

нәтижесінде  аға  ұрпақтың  тәжірибесі  оқушыларға  беріліп,  меңгеріледі, 

олардың  сана-сезімі  қалыптасып,  жағымды  мінез-құлық  нормалары  мен 

сезімдері дамып жетіледі. 

Тәрбие  -  көптің  ісі.  Олай  болса,  тәрбиешіні  табиғат  және  әлеуметтік 

ортаның,  мектеп  пен  ата-ананың,  бүкіл  бұқараның,  жеке  адамның  дамуы 

мен  қалыптасуына  ықпал  ететін  тұлға  деп  түсіну  қажет.  Тәрбие  арқылы 

баланың  адамгершілік,  эстетикалық,  тағы  басқа  көзқарастары  мен  еңбек 

етуге ынтасы қалыптасады. Қоғам дамуының сатысында тәрбиенің құрамды 

бөліктері  –  білім  беру  мен  оқыту  ұйымдары  бөлшектеніп,  жеке  мағына 

береді. Білім беру ұғымын алғаш рет педагогикаға енгізген И.Г.Песталоцци 

болды [1]. 

Негізгі педагогикалық ұғымдар тәрбие, білім беру, оқыту бәрі біріне-

бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар - жастарды өмірге, тәжірибеге 

дайындаудың  басты  құралы.  Оқыту  мен  тәрбие  процесін  бір-бірінен 

ажыратуға  болмайды  десек  те  бұлардың  әрқайсысының  өзіне  тән 

ерекшеліктері  бар.  Тәрбие  процесі  бұл  күрделі  диалектикалық  процесс. 

Тәрбие  процесі  дегеніміз  жеке  адам  мен  ұжымды  қалыптастыру  мен 

дамытуға  бағытталған  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  мақсаты  және  бір-

бірімен тығыз байланысты қызметі. 

Сондықтан  тәрбие  процесін  оқыту  процесі  сияқты  тез  іске  асыру, 

тексеру  және  нәтижелерін  анықтау  өте  қиын.  Тәрбие  процесі  әр  уақытта 

динамикалық  қозғалмалы,  жылжымалы  болады.  Сондықтан  педагогикалық 

ықпал әр балаға әр түрлі әсер етеді, біріне әсер етсе, екіншісіне әсер етпейді. 

Педагогикалық ықпал ету үшін баланың көңіл-күйін, психикалық жағдайын, 

ортаны еске алған жөн. 

Баланың  тәрбиені  қабылдауына  әртүрлі  сыртқы  және  ішкі  факторлар 

өте күшті немесе  әлсіз  әсер  етуі  мүмкін.  Мұғалім  оқу-тәрбие процесінде  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет