Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет3/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Камалқызы Ж.
 
Характер мен оқиғаның бірлігі 
 
 
 
таңдалуы  керек» [2.85-86]. Құр баяндаудан  характер  ашылмайтынын,  оның  
оқиғалар    үстінде    танылатынын    осылай    анық    түсіндіреді.  «Характер  – 
дәуір,    қоғамның    кескінін    танытатын    зор    жиын    тұлға    әрі    даралық  
ерекшелігі    көзге    елестерліктей  анықтыққа    келген    адам    бейнесі»  [2.79],- 
деп  анықтама  береді. Роман жанрында оқиғаларды іріктеу, характерге лайық 
оқиғалар таңдау талабының орындалуына ондағы көп қабатты тартыс кейде 
көлеңкесін  түсіреді  деген  пікірлер  де  шығып  қалады.  Ондағы  тартыс  қанша 
болуы  автордың  өз  таңдауы,  ал  көркем  өнер  заңы  ауыстыруға  келмейтін 
тұрақты заң. І.Есенберлиннің «Алтын Орда» романында уақыт та, кеңістік те 
құшаққа сыймастай кең, ондағы тартыстар да алып мемлекеттер арасындағы 
аумақты  тартыстар  екені  белгілі.  Енді  қазақ  романшысы  осының  шешімін 
қалай  іске  асырғанын,  ондағы  характер  мен  оқиғаның    бірлігі  қалай 
шешілгенін  түсіндіріп көрейік. 
 «Бұл  шығармаларда  уақыт  пен  кеңістік  мейлінше  мол  әрі  орасан  кең 
ауқымда  бейнеленеді:  бір  атырап,  бір  тайпа,  бір  жүз  емес,  қазақ  халқының 
тағдыры көптеген  басқа елдермен  қарым-қатынас  контексінде, дүниежүзілік 
дамудың  арнасымен  терең  сабақтастықта  алынады»  [3.36].  Демек жазушыға 
соншама  мол  деректі  жинау  бір  ауыр  міндет  болса,  енді  соны  көркем 
баяндауға    сыйыстыру  екінші  міндет  болғаны.  Осы  тұста  романның 
композициялық  құрылысын  жетік  меңгеру,  өз  мақсатына  жету  үшін  кең 
атыраптағы  мол  күрес  тарихын  шашыратпай  ретке  қою    жазушыдан  үлкен 
шеберлікті  талап  етеді.  «Ұланғайыр  тарихи  оқиғалар  аумағын  қандай 
шығармаға да тізіп сыйғызу қиын. Олай ету көркем әдебиетке қажет те емес. 
Оқиғалар  мен  байланыстарды  адам  тағдыры,  өмірі,  оның  күйініш-сүйініші 
арқылы  көрсету  шарт»  [4.161],-  дейді    Р.Бердібай.  Олай  болса,  Алтын  Орда 
атты  алып  империяның  тағдырын,  ондағы  оқиғалар  байланысын  кімдердің 
өмірі арқылы танытқанына зер салайық. Трилогияның бірінші кітабы «Алты 
басты  айдаһар  (шестиглавый  айдахар)  деп  аталады.  Бірінші  тарауы  әлемге 
танымал Жошының жиһангер батыр ұлы, Алтын Орданы ұзақ жыл басқарған 
Бату хан өмірі арқылы мемлекет тарихы беріледі. Бату ханның соңғы, өлімін 
күтіп жүрген, ауруы асқынған сәтін суреттеген. Бірақ оқырман осы беттерден 
Бату ханды толық танып та шығады. «Бату-хан поднял голову и посмотрел в 
небо.  Удивительное  чистое,  чуть  поблекшее  от  полуденного  солнца,  оно 
было  безбрежным  и  бездонным,  как  море,  которое  он  видел  в  далекой 
молодости»  [5.8].  Роман  осылай  басталады.  Бату  хан  көзіне  алыс  аспан 
көгінен ноқаттай болып көк серісі қыран көрінеді. «Что видит орел со своей 
высоты?  -  подумал  он.  -  Какую  добычу  высматривает?»  [5.8].  Әлемнің 
жартысын  билеген  Бату  хан  мен  қыран  бүркіт  арасындағы  оқиға  арқылы 
Батудың түгел өмірінен хабар береді. «Өмір дегеніміз ұшан теңіз дүние ғой. 
Оның  қыруар  қыры  мен  саналуан  сыры  бар.  Тұңғиық  тереңі  мен  айдыны, 
тұнығы мен лайы, жылымы мен үйірімі бар. Бұл дүниеге бір жолмен барып, 
бір жағынан алып қамту, әрине, мүмкін емес. Бірақ  суреткер оған қалай, қай 

 
18 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Камалқызы Ж.
 
Характер мен оқиғаның бірлігі 
 
 
жағынан  барған  күнде  де  ақиқатты  өзінің  өресі  жеткен,  құшағына  сыйған 
өмір  құбылысынан,  нағыз  шындықтан  табуға  тырысады,  оның  заңдылығын 
ашып,  өз  ұғымынша  ең  маңызды  дегенін  ғана  алып  шығармасына  мазмұн 
етеді.  Сұрыптау,  таңдау,  талғау  дегендер  осы  әрекеттің  көрінісі.  Көркем 
өнерде  сол  мазмұн  адам  тағдыры  арқылы,  адамдардың  ісі,  характері,  өзара 
қарым-қатынасы,  күрес,  тартысы  арқылы  көрінетін  болғандықтан, 
суреткердің  творчестволық  қиялы  өмір  шындығын  өнер  шындығына 
айналдырады. Тыңнан образдар жасайды» [6.374],- деп түсіндіреді академик 
Мұхаметжан Қаратаев романдағы кейіпкерлердің жасалу заңдылығы туралы. 
Оқырманға жазушының Батудың  қандай өмір дерегін алғаны маңызды емес, 
оның  характерінің  тарихи  тұлғаға  сәйкестігі,  яғни  романдағы  Бату  мен 
тарихтан, аңыздан ел санасында сақталған Батудың алшақтамай, тұтастықта 
көрінуі  ғана  шарт.  Сондықтан,  шындығында  Бату  осылай  өлді  ме  екен  деп 
түбін  қазып  жатпайды.  Осылай  болуы  мүмкін  екендігіне  шебер  жазушы 
сендіреді.  Сендірерліктей  байланыстар  табады.  Өзінің  жазылмас  дертке 
шалдығып, енді ажал сағаты жақындаған сәтіндегі өз өміріне жасаған ақылды 
билеушінің  өз  қорытындысы  өте  нанымды  да  әсерлі.  Батудың  әңгімесінен 
Шыңғыс  хан  да,  әкесі  Жошы  да  оқырманға  біраз  таныстырылады.  Бірақ 
жазушы  оларды  тек  қана  Батудай  саясаткердің  алған  тәлімі  мен  тәрбиесінің 
бастауы  ретінде  ғана  көрсетуді  мақсат  еткен.  Бар  шиыршық  атқан 
композиция  Ақ  Орданы  Алтын  Ордаға  айналдырған  атақты  Бату  ханның 
бейнесін  тарихи  шындыққа  сәйкес  көрсетуге  құрылған.  Бірде  өз-өзімен 
сырласқан  ішкі  монолог  түрінде,  бірде,  соңғы  өсиетін  айтуға  қасына 
шақырған баласы Ұлақшыға айтқан соңғы, өлім алдындағы нағыз шын сыры 
түрінде,  өткен  өміріне  барлау  жасаған  шегініс  түрінде  берілген.  Есіне 
түсіретін  оқиғалары  үнемі  өзінің  жорықтары.  Ондағы  өзі  ұстанған  әскери 
қимылдар мен жоспарлардың сырын баласына түсіндіреді, сонымен бірге өз 
жеңісіне  баға  береді.    Сондықтан  оның  өмірін  бүге-шүгесіне  дейін  ұзақ 
баяндағаннан осылай бергені тиімді болып шыққан. Себебі, Батудың болсын, 
басқа  хандардың  болсын  пендешілік  жеке  өмірі  емес,  оқырманға  да  керегі 
ұлы  империя  тарихы,  сол  тарихи  өмір  жолындағы  тартыстар,  жеңістер  мен 
жеңілістер  сыры.  Осы  баяндау  арасына  Шыңғыс  айтқан  өсиеттер,  аңыз 
әңгімелер  өте  ұтымды  сыйыстырылған.  Өйткені,  біріншіден,  Бату  артына 
мұраға  үлкен  империяны  қалдырған  хан;  екіншіден,  ұлына  өсиет  айтып 
отырған  әке.  Оның  әңгімелерінде  осы  екі  сапа  да  көрініс  береді.    Батудың 
өлімі  де  өзіне  ғана  тән  өлім  болып  суреттеледі.  Аурудың  азабын  тартып 
жатқан  қаһарлы  хан  өзінің  әлі  бітіп,  адам  аярлық  жағдайда  төсекте  өлгенін 
қаламайды.  Қыран  да,  Бату  да  өз  биігінде  өледі.  Барынша  сығымдап,  Бату 
ханның тағдыры мен Алтын Орда мемлекетінің тарихындағы елеулі тұстарды 
ғана көрсетуге қажетті оқиғалар ықшамдалып, іріктеліп таңдалған.  
Екінші  тарауы  1255  жылы   Алтын Орда  астанасы  Сарай  Батуда   хан 

 
19 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Камалқызы Ж.
 
Характер мен оқиғаның бірлігі 
 
 
 
болып  отырған  Батудың  үлкен  ұлы  Сартақтың    жағдайын  таныстырудан 
бастайды. Сартақтың өміріндегі Алтын Орда мемлекеті үшін істеген әрекеті - 
тек  бұл  мемлекетке  дін  тартысын  ғана  алып  келгені  екен.  Одан  кейін  таққа 
отырған  Ұлақшы  да  ұзақ  отырмады.  Оны  да  тек  бірнеше  сөйлеммен  ғана 
баяндап  кетеді.  Романда  жүздеген  кейіпкерлер  болғанымен,  автор  олардың 
барлығына  терең  көңіл  бөлуді  мақсат  етпеген.  Тек  шежіре  дәстүрінен 
ауытқымай  хандар  әулетінің  таққа  отырғандарын түгел  тізіп,  ретімен  айтып 
отырған.  «Бүкіл  романда  ондаған  кейіпкерлер  қатарын  көрсек  те,  солардың 
ішінен  автордың  екшеп  бейнелегісі  келген  адамдарын  айыру  қиын  емес»- 
деген  ғалым  сөзі  біздің  ойымызды  түйіндейді.  Романдағы  барлық  идеяның 
жүгін  арқалап  тұрған  кейіпкерлер  -  Алтын  Орда  мемлекетін  нығайтуға, 
көркейтуге    еңбегі  сіңген  немесе  олармен  қарсылас  болған  жандар.  Сартақ 
пен  Ұлақшы  ондай  тұлға  бола  алмаған.  Сондықтан,  автор  олардың  жеке 
өмірін суреттеуді мақсат етпеген.  
Алтын  Орда  мемлекетінің  нығаюына,  өркениетке  үлес  қосқан 
мәдениетінің өркендеуіне әсер еткен хан  Батудың кіші інісі - Берке болатын. 
Алтын  Орда  тағында  біраз  отырған  Берке  ханға  қатысты  тарихты  романға 
қалай  орнықтырғанына  қарайық.  Романда  Беркенің  алтын  таққа  отырғаны 
жай хабарлама түрінда баяндалады. Берке туралы, оның осы күнге дейін кім 
болғаны  туралы  бақауыл  Сары  Бұғының  есіне  түсіруі  арқылы  шолу 
жасалады.  Оны  өз  құпиясын  жасыру  үшін  қызметке  шақырып  отырғанын 
Сары-Бұғы біледі. Авторлық баяндау арқылы Беркеге мінездеме беріп кетеді. 
«Подобно  большинству  потомков    Чингиз-хана,  он  унаследовал  от  деда 
злобу, зависть, жестокость и смелость в решениях. И так же как его великий 
предок,  умел  скрывать  свои  чувста  и  замыслы.  В  отличие  от  своего  брата 
Бату, Берке никогда не мстил в открытую, предпочитая вершить дела чужими 
руками,  оставаясь  в  тени»  [5.54].  Және  бұл  мінездемесіне  дәлелдеме 
келтіреді.  Беркенің  терең  құпиялары  бар  жан  екенін,  таққа  отырмастан 
бұрын-ақ  қолы  қанды,  мойны  күнәлі  жан  екенін  баяндайды.  Хан  тағына 
отыруға дейін оған ұзақ қанды жолдардан өтуге тура келген. Өзіне ғана аян 
қанды  жол...  Автор  Беркені  өзінің  ағасы,  Алтын  орданы  құрған,  гүлденген 
мемлекетке  айналдырған    Батумен  салыстырып  отырады.  «От  одного  корня 
были  рождены  Бату  и  Берке,  но  тем  не  менее  они  мало  походили  друг  на 
друга.  Если  первый  был  подобен    орлу,  то    второй    больше  напоминал 
ястреба.  и  полетом  они  отличались,  и  добычу  могли  взять  каждый  только 
свою.  Бату  умел  покорять  другие  народы,  Берке  же  мечтал  только  о  том, 
чтобы  удержать  их  в  повиновении»  [5.54].  Хан  болғаннан  кейін  Берке  бұл 
мемлекетті қалай басқарғанына әртүрлі әдіспен түсінік береді. Көркем ойлау 
заңымен  көрсетеді.  Тек  қана  жерін  ұлғайту  емес,  мектеп,  медресе,  мешіт 
салдырады. Бірақ романда оның барлығы игілікті іс болып есептелмейді. Сол 
уақыттың  талабына  сай,  Берке  қаталдығын  дәлелдейтін  оқиғалар    ылғи  да 
алдыңғы  планда   көрсетіліп  отырады. Хандар   бір  Шыңғыс  ұрпағынан
  

 
20 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Камалқызы Ж.
 
Характер мен оқиғаның бірлігі 
 
 
 
болғанымен,  әртүрлі  дінді  қабылдайды.  Дін  араздығы  өршіп  кетеді. 
Самарқандтың  мұсылмандарына,  Берке  хан  христиандарды  бауыздауға 
рұқсат етеді. Ал, оның алдында христиандар мұсылмандарды осылай қырып 
салған  болатын.  Бұл  да  ұрпақ  қамын  ойланған  адамға  қасіретті  оқиға  екені 
түсінікті.  Берке  хан  тұсында  Шыңғыстың  ұлдарынан  тараған  ұрпақтар 
билікке таласып, бірін-бірі аямай қыруды әдетке айналдырады.  Алтын Орда 
мемлекетінің құлдырауына алып келген бұл дерт біртіндеп асқына береді.  
Біздің  ойымызша,  Берке  ханның  айлакерлігі,  зұлымдығы    жақсы  
танытылған.  Ал,  Алтын  Орда  мемлекетінің  күшін  нығайтқан,  байлығына 
байлық  қосқан,  саудасы  мен  кәсіпкерлікті  өркендететін  саясат  жүргізген 
білікті  хан  екендігіне  дәлел  болатын  оқиғалар  көрінбеген.  Бұл  жағына 
көбірек мән беруге сол кездегі саясаттан тартынған болуы керек. Алтын Орда 
әскерінің Берке тұсында темірдей тәртіпке бағынған мықтылығын сөз етеді. 
Беркеден  кейін  Алтын  Орда  тағына  уақытша  оның  інісі  сол  кезде  ауру 
Беркенжар біраз уақыт иелік етеді. Оның іс-әрекеті романда көрінбейді.  
1269  жылы  Алтын  Орда  тағына  Менгу-Темір  отырады.  Салықты 
көбейтіп, ақша шығару ісін жалғастырады. Жазушы Алтын Орданы билеген 
хандар тарихын түгел атап өткен. Соның бірі Менгу-Темір, оның да мемлекет 
алдындағы  істері  көрсетілмеген.  Толық  бейнесі  ашылмаған.  Себебі 
мемлекетке ерекше ісімен еңбегі сіңген хандар әрекетін  таңдап, талғап қана 
баяндаған. Көп ұзамай хан тағына Тоқтай отырады, ол Ноғайдың кенже қызы 
Іңкәр-Айым  сұлуға  үйленеді.  Ол  қаза  болғаннан  кейін  Іңкәр-Айым 
әмеңгерлік  жолымен оның  кіші  інісі Тоғырылшыға  күйеуге шығып,    Алтын 
Орданың  атақты  ханы  Өзбек  дүниеге  келеді.  Бұл  аралықтағы  мемлекет 
тарихындағы  өзгерістер  жақсы  баяндалмаған.  Ал,  Өзбек  хан  билігі  жақсы 
суреттелген.  Демек,  Алтын  Орда  мемлекеті  үшін  Өзбек  хан    игі  қызмет 
атқарған.  Автор  идеясына  сәйкес  ұлы  мемлекетке  сіңірген  еңбегіне  қарай, 
романда да хандарға солай орын берген. 
Екінші  кітапты  қолына  алған  оқырман  1312  жылы  Алтын  Орда  ханы 
Тоқтай  қазасына  көңіл  айтуға  Алтын  Орданың  хан  ордасына  келіп  отырған  
Өзбек пен Құтлық Темірдің Тоқтайдың тағын иеленген үлкен ұлы Елбасмыш 
пен оның бас әміршісі Қадақты құран оқып отырып, екеуінің де басын алмас 
қылыштарымен  көз  ілеспес  жылдамдықпен  шауып  өлтірген  оқиғасымен 
танысады.  Сөйтіп,  сол  жылы  Алтын  Орда  тағына  Өзбек  хан  отырады.  Яғни 
Алтын  Орданың  Өзбек  хан  билеген  отыз  жылдық  тарихын  суреттеуге  бет 
алады.  Жазушының  алдына  қойған  мақсаты  –  үш  жүз  жылдан  астам  өмір 
сүрген алып империя болған көшпенділер мемлекеті – Алтын Орда тарихын 
оқырманға тұтас қалпында баяндау. Оның хандарының жеке өмірлерін емес, 
хандық  құрған  кездегі  мемлекет  халін  көрсету.  Сондықтан,  бұл  мемлекетті 
басқарған хандар туралы, оның тарихтағы қызметіне лайық орын белгілеген. 
Атақты Өзбек хан Алтын Орда мемлекетін отыз жылға жуық басқарған екен. 
Ол басқарған тұста Алтын Орда экономикасы ілгерілеп, елі гүлденіп, тыныш  

 
21 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Камалқызы Ж.
 
Характер мен оқиғаның бірлігі 
 
 
 
өмір сүрген. Демек, Өзбек ханның да романнан алар орны ауқымды болмақ. 
Өзбек  ханның  ақ  пен  қара  араласқан  өмір  жолын  түгелге  жуық  оқырманға 
түсіндіре алған. Ол үшін әртүрлі әдіс қолданған. Мысалы, роман басталғанда, 
Өзбек  ханның  өз  ағасын  өлтіріп,  хан  тағына  отырғанын  баяндайды.  Ішкі 
монолог  арқылы  ханның  өзгеге  айтпас  сыры  паш  етіледі.  «Әдеби 
шығарманың  композициялық  құрылысының  ұтымдылығы  сөз  болатын 
мәселелерді,  суреттелетін  жағдайларды,  кейіпкердің  іс-әрекетін  талғап, 
таңдай  білу,  оларды  екшеп  сұрыптап  алу,  қисынын  тауып  қиюластыра  білу 
шеберлігіне жалғас келеді» [2.112], - деп түсіндірген қисынға сүйенер болсақ, 
Өзбек ханның осы бір өз қолымен жасалған қанды оқиғаны   еске алу себебін 
жазушы  жақсы  қиыстырған.  Өзбек  хан  ешкімге  тіс  жармайтын  бұл  сырды  
көп  жылдан  кейін  көз  алдына  елестетіп  отырған  себебін  жазушы  сенімді 
баяндайды.  Осы  жиырма  жыл  ішінде  Алтын  Орда  тағында  болған  Өзбек 
ханның өз өмірін есіне түсіруіне түнде көрген ерекше түсі себеп болады. Осы 
түстен шошынған Өзбек хан өз өмірін есіне түсіріп қоймайды, өзі басқарған 
мемлекеттің  өткен  тарихының  қадау-қадау  оқиғаларына  барлау  жасайды. 
Ғалым  түсіндірген:  «Композицияның  көркемдік  қуаттылығы  -  әдеби 
шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса, нені қай тұста айту, әр 
түрлі  жағдай,  уақиғаның,  іс-әрекеттің  қайсысын  бұрын,  қайсысын  кейінірек 
баяндау  –  бұлардың  да  үлкен  мәні  бар»  [2.112],  -  деген  анықтамасына  сай 
келеді.  Қолындағы  мол  материалды  жазушы  басынан  бастап,  рет-ретімен 
баяндай  бермейді.  Жоғарыда  айтқандай,  басты  кейіпкердің  өзінің  оңаша 
ойлануы  арқылы,  сол  ханның  өзінің  түсінік-  танымы  арқылы    баяндатады. 
Оның  үстіне  түсінен  шошып  оянған  ханның  жағдайы  да  өзгеше  болатыны 
түсінікті. Әлдебір өмір өткелінен, құрулы сыннан өткелі тұрған жанның бар 
шындықты іштей болса да еске түсіруі, ойлануы баяндалатын оқиғаның шын 
сырын  ашуға  көмек  береді.  Жазушы  осының  қисынын  келтірген.  Сол  бір 
ауыр оқиғаны баяндауда жазушы тапқан қисынның шынайылығы жеткілікті. 
Оқиғаларды  баяндауда  композицияның  қуаттылығы  танылады.  Өзбек  ханға 
қатысты  оқиғаларды, әлгі көрген түсінің әсерінен қиыстыра сұрыптап, Өзбек 
ханды  да,  оның  мемлекет  басқарған  кезіндегі  бар  жақсылығы  мен  кеткен 
кемшілігіне де баға бергізеді. Өзбек ханның дәл солай бар өткенін еске алып, 
өз  ісінің  ақ,  қарасына  өзі  жауап  іздеуінің  себебі  анық.  «Біздегі  бір  үлкен 
кемістік  -  қаһарманның  іс-әрекетіне,  әртүрлі  құбылысына  дәлелдеменің 
(мотивировканың) жетімсіздігі» [2.167],- деп көрсетеді академик Р.Бердібай. 
Демек,  романдағы  кейіпкер  іс-әрекетінің  шындығын  дәлелдейтін  дәлелдеме 
керек. Өзбек ханның арада жиырма жыл өткеннен соң баяғы қолымен істеген 
қанды әрекетін, одан бергі де біраз өмір өткелдерін есіне түсіруіне дәлелдеме 
- түнде көрген түсінен шошып оянуы.  
Атақты  Әз  Жәнібектің  ажалы  өзінің  жалғыз  ұлы    қанішер  Бердібектің 
қолынан болады.  Әлемді  тітіреткен  Алтын  Орда мемлекетін билеп отырған 
хандардың    қасиетті   борышын   жеке  бастың  қызығы  мен  қуанышына
  

 
22 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Камалқызы Ж.
 
Характер мен оқиғаның бірлігі 
 
 
 
айырбастаған  тұстан  бастап  мемлекет  құлдырай  бастағанын  танытқан.  
Бердібекті өлтіріп таққа отырған Келдібек те тек тақта отыруды ғана ойлады, 
Алтын  тақ  тек  қантөгістің  алаңына  айналып  кеткендей.  Келдібек  өлімімен 
Бату  әулетінің  Алтын  Ордаға  билігі  аяқталады.    Келдібекті  өлтірген 
Наурызбек  тағдыры  да  дәл  сондай   қанды  жолмен  аяқталады.  Оны  өлтірген 
бір кездегі одақтасы Хаджы –Черкес те тақта бір жылдан аса отыра алмайды. 
Оны  өлтіріп  таққа  отырған  Хызыр  бір  жыл  өтпей  өз  баласы  Темір-Қожа 
қолынан  қаза  болады.  Темір-Қожа  армандаған  тағына  бар  болғаны  бес  апта 
ғана отырады. Жәнібек ханнан кейін алты жыл ішінде сегіз хан ауыстырған 
Алтын  Орда  мемлекетінің  ыдырауға бет  алғанын баяндайды.  Жазушы  бұны 
тек тарихи оқулықтардағыдай баяндап қана өтеді. Біраз сыншылар романды 
осыған байланысты сынайды. Оның есесіне, әйгілі Алтын Орда мемлекетінің 
орнына  өз  алдына  бірнеше  жаңа  мемлекеттер  жеке  шаңырақ  көтеріп  келе 
жатыр еді. Автор осы мемлекеттердің қатар бірімен-бірі иін тіресе, біріне-бірі 
жауласа,    бір  мемлекетке  бағынған  ұланғайыр  жерде  жаңа  күш  өсіп  келе 
жатқанын  дұрыс  көрсете  алады.  Ақсақ  Темір,  Едіге,  Тоқтамыс,  Мамай  
тұлғалары    айқындалып,  алып  кеңістіктегі  бабалар  тіккен  мемлекеттердің 
қайғылы тарихына жазушы оқырманын жайлап енгізе береді. Алтын Орданы 
билеген Шыңғыс ұрпақтары ғана тақ тартысына түсіп келсе,  тақ тартысына 
енді түрік тайпаларынан шыққан билер, батыр қолбасылар араласа бастайды. 
Романда  осы  ірі  тарихи  тұлғалардың    жүрген  жолдары,  мемлекет  ісіндегі 
атқарған  қызметтері  оқиғалар  арқылы  танытылған..  Ақсақ  Темір  мен  Едіге 
осындай  тұлғалар.  Роман  шежіре  дәстүрімен  жазылғандықтан,  айтушы 
әңгімесі басты  қызмет атқарған. «Аты аңызға айналған Асан Қайғы, сыпыра 
жыраудың  іс-әрекеттері  де  халық  санасында  орныққан  деңгейде  алынған, 
олардың  артына  қалдырған  аталы  сөздері  қандай  жағдайда  туғанына,  түпкі 
мәніне  және  себебіне  роман  нақтылық  енгізген»  [7.144].  Ол  нақтылық  сол 
оқиғаларды  таңдаудың  сәттілігіне  байланысты  екені  түсінікті.  Демек, 
романдағы  характер  нақтылыққа  жету  үшін  оның  әрекеттерін  танытатын 
оқиғалардың маңызы ерекше болмақ. 
 
 
 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Бердібай Р. Әдебиеттің асыл мұраты //Қазақ әдебиеті. 1961, 16 июнь 
2.
 
Бердібай Р. Әдебиет сынының көкжиегі. Түркістан: Тұран, 2006. 
3.
 
Нұрғали Р. Сырлысөз. Алматы: Жазушы, 2000. 400 бет. 
4.
 
Бердібай Р. Әдебиет және өмір. Алматы: Жазушы, 1965. 184 б. 
5.
 
Есенберлин И. Золотая Орда. Роман-трилогия.  Алматы: Фонд им. И.Есенберлина. 2005. 448 с. 
6.
 
Қаратаев М. 3 том.шығ.жин. 2-т. Алматы: Жазушы, 1974. 
7.
 
Бердібай Р. Тарихи роман. Алматы: Санат, 1997, 336 б. 
 
 
 
 

 
23 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Ш.БЕКМАҒАМБЕТОВ 
филология ғылымдарының кандидаты 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
 
«ҒАЛАМ ЖӘНЕ МЕН» КОНЦЕПТУАЛЬДЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ 
ТІЛДІК ТАНЫМ ЖҮЙЕСІНДЕ КӨРІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
В  статье  излагается  своеобразно-индивидуальное  толкование  автором  проблем  соотношения 
таких  логико-философских  понятий  как  «Я»  и  «Мир»  (КОСМОС)  с  точки  зрения  новых 
междисциплинарных направлений в современной лингвистике. 
 
The article deals with the author's individual interpretation of problems of alignment of such logical 
and philosophical concepts as «Me» and «the World» from the modern linguistic point of view.  
 
Адам болмысының, осы негізде жалпы адамзат болмысының жаратылыс-
табиғаты  мен  осы  адами  болмыстың 
 
жаратылыстық  болмыстағы  қызметі 
және ондағы орны туралы мәселе ежелден-ақ ғылыми ойлаудың өзегі болып 
келе  жатқаны  бекер  емес.  Философияда  адами  болмыс  әдетте  «МЕН» 
категориялдық  ұғымы  арқылы  көрінеді.    «МЕН»  ұғымы  туралы  ғылым 
дамуының  ежелгі  кезеңдерінен  бергі  сан  түрлі  философиялық  ағымдар 
өкілдерінің көзқарастары белгілі.  «МЕН» ұғымын адамзаттың нақты тарихи 
қоғамдық-практикалық  қызметімен  байланыстырмай,  тек  пассив  түрдегі 
ойлаушы  субстанция,  яки  қоғамдық  өмірден  оқшау  тұрған,  оған  сырттай 
бақылаушы  ретінде  ғана  қарайтын  жеке  индивидтің  әрекетсіз  болмысы 
ретінде    ғана  түсіндіреді  делінетін  идеалистік  бағыт,  сондай-ақ  адами-
болмыстық «МЕНді» жеке, нақты адамдардан жоғары қойып, «әлемдік ақыл» 
(мировой  разум)  деңгейіне  аспандата  көтеретін  гегельдік  түсінік, 
капиталистік  қоғам  жағдайында  жеке  тұлғаның  («МЕНнің»)  ұсақталып 
(расщепление), биологизациялануы туралы айтатын фрейдизм идеялары, т.б. 
көзқарастардың  қай-қайсысы  да  осы  адами-жаратылыстық  болмысты 
тереңдей түсіну талабынан туған идеялар екенін жоққа шығаруға болмас. 
Жаратылыс-болмыстың 
материалдық 
сипаттағы 
заттары 
мен 
құбылыстары  да,  ментальдық  әлемнің  идеялық  тұрғыдағы  ұғым-түсініктері 
де  адами  ақыл-ойдың  қабылдауында  неше  түрлі  қайшылықты,  қарама-
қарсылықты  көзқарастар  тұрғысынан  түсіндірілуі  заңды  құбылыс.  Өйткені, 
шынымен  де,  болмыстық  жаратылыстың  табиғаты  алуан  түрлі  қарама-
қарсылықтардың  бірілігінен  тұрады.  «МЕН»  ұғымы  туралы  қазіргі 
пәлсапалық  түсініктің  қорытындысы  философиялық  сөздікте  былайша 
көрініпті:  «Я»      (в  философии)  –  духовный  центр  человеческой  личности, 
индивидуальности,  относящейся  деятельно  к  миру  и  к  себе  самой. 
Собственным  «я»  обладает  человек  самостоятельно  контролирующий  свои 
поступки и способный к всесторонней инициативе» [2.488].    
Біз  бұл  жерде  жеке  адамға  тән  «мен»  ұғымының  тек  субъективті 
тұрғыдан ғана қарастырылып отырғанын көреміз, яғни мұнда жеке адамның 
«мені» оны қоршаған өзгелердің пікір-көзқарасы арқылы айқындалады екен. 
Ал  ол  «бағалаушы» адамдардың  (ортаның,  қоғамның) жалпы алғандағы
  

 
24 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет