А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
ЖУРНАЛИСТИКА
Б.СЕРДӘЛІ
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
А.Ясауи атындағы ХҚТУ
ЖУРНАЛ МҰҚАБАСЫ ЖӘНЕ ГАЗЕТТІҢ АШПА БЕТІНІҢ ДИЗАЙНЫ
В статье рассматривается дизайн газет и журналов – сложный и трудоемкий процесс, зачастую
требующий нестандартных решений.
The article deals with design of magazines and newspapers which is a complicated and laborious
process requiring non-standard decisions.
Газет пен журналдың сыртқы дизайны күрделі әрі көп еңбекті, қалыпқа
түспеген шешімдерді жиі қажет ететін процесс. Оны іске асыру барысында
бірқатар маңызды мәселелерді ескеруге тура келеді. Біріншіден, бұл
иллюстарцияны сауатты қолданумен және орналастырумен ерекшеленеді.
Газеттің жақсы дизайны сапалы фотосуреттердің мол көлемін қолданудан
көрініс табады. Дегенмен, фотосуреттер беттегі мәтіндердің, бағаналардың
орналасу үйлесімін бұзбағаны жөн әрі олар беттің ортасында тұрмауы тиіс.
Фотосурет үшін ең дұрыс орын – тақырыптың үстіңгі немесе астыңғы бөлігі.
Мұндай суреттер айтарлықтай назар аударып, тартымды болады. Одан басқа
фотосуреттердің түсіндірме мәтініне де ерекше назар аудару керек. Әрбір
фотосуреттің астына қол (суретті түсірген автордың аты-жөні) қойылуы тиіс.
Кейде қол кадрдың сыртқы бетіне немесе қара не ақ түспен кадрдың ішкі
жағына орналасуы да мүмкін. Дегенмен фотосурет декарация емес, газет
үшін мағыналық элемент болып табылады. Сондықтан қол фотосуреттің
көзге айқын көрінер ашық бір бөлігіне қойылғаны жөн. Бірінен соң бірі
орналасқан мәтіндер газет дизайнының сапасын жақсартпайды.
Газет дизайны тақырыптарды толық қамтиды. Фото кесіндері мен
иллюстрациялардың орналасуына игі әсер етіп, түрлендіріп, айқын ететін
графикалық элементтерді молынан пайдаланады. Әсіресе, бағаналар мен
түсіндірмелерде, азат жолдардың басында тұрған өрнекті әріптер (буквица)
әдемі көрінеді. Егер материалдың тақырыбы болмаса, мәтіннің кейбір
тұстарындағы азат жолдың бірнеше сөзін қалыңдатып немесе жартылай
қоюландырылған әріптермен ерекшелендіруге болады. Азат жолдың, кіші
әріптердің немесе жартылай қоюландырылып терілген әріптердің алдынан
бір бос жол қалдырылады.
Қазір бір-бірімен бәсекелес газеттер пен журналдар өз дизайндарына
ерекше мән беріп жүр. Дизайынның басылымға тән ерекшелігін көркемдеуші
редактор айқындайды. Әсіресе, газет дизайнында қаріптерді сауатты қолдану
64
ерекше рөл атқарады. Дизайн стандарды бойынша мәтінге біркелкі қаріп
гарнитуры, ал тақырыпқа әрі кеткенде қаріптің екі-үш түрі ғана
қолданылады. Сондықтан қаріп қолданудың тұрақты схемасын жасап,
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сердәлі Б. Журнал мұқабасы және газеттің ашпа бетінің дизайны
міндетті түрде оны әр нөмір сайын сақтап отыру керек. Бірінші жолды
орналастыруға ерекше назар аударған жөн, өйткені газеттің бәсекелестікке
қабілеттілігі ашпа беттің дизайнына байланысты болып келеді. Газеттің
сыртқы пішіні мәтін мен визуальды элементтерді: қаріптерді, фотосуреттерді
түрлі-түсті иллюстрацияларды, ақпараттық кескіндерді қаншалықты
ойластыра байланыстыруға қатысты болады. Ол оқырманды тартып,
ақпараттың айтарлықтай нәтижелі болуына мүмкіндік береді. Газеттің ашпа
беті (журнал мен альманахтың мұқабасы) басылымның бетпердесі болып
табылады. Сондықтан бірінші беттегі әрбір элементтің ерекшелігіне аса
ұқыптылықпен
мән
берілуі
тиіс.
Ондағы
тақырыптардың,
иллюстрациялардың, айдарлардың орналасуында өзіндік бір ереже бар.
Мүмкіндігінше бірінші беттегі материалдарды түгелдей жанды әрі қызықты
ету қажет. Мұнда осы сандағы қызықтыратын көптеген мағлұматтарды
аңдатпа түрінде беруге болады.
Дәл орта тұстағы мәтіннің ұзақ-сонар шұбалаңқы орналасуы немесе
құйтақандай фотосурет бірінші бетті сұрқай етіп көрсетеді, дұрысы одан
аулақ болу керек. Бірінші бетке әлдебір дау-дамайлы (сенсациялық) жаңалық
туралы фото мен аңдатпа берген абзал. Осы бетте хронологиялық ретпен
қысқа жаңалықтар да орын тебеді. Бұл ашпа беттің дұрыс
жоспарланғандығын, әр материалдың жақсы редакцияланғандығын, әдеби
өңдеумен жоғары деңгейдегі мамандардың айналысқандығын, газеттің
ақпаратты дұрыс таңдай алғандығын білдіреді. Газеттер үнемі осы
қарқынынан таймаса, редакторлар ашпа бетті жетілдіруге, оған жаңаша
келбет беруге ұмтылады.
Газет немесе журналдың дизайнын қалыптастыруда оқырман
аудиториясының да үлкен рөлі бар. Өйткені газет оқырман тілегімен санасып,
оқырман қажеттілігін қанағаттандырады. Газеттің бірінші беті мен журнал
мұқабасы көбіне оқырман талғамына сай безендіріледі. Басылым міндеті –
алдымен ақпарат беру, сондықтан ол бірінші жолдан-ақ оқырман үшін
қызмет ететінін айқын аңғартуы тиіс. Құрылымы жағынан бірінші бет
дағдыдан бөлек күрделі. Барлық ішкі құрылымдық белгілері мен сыртқы
безендірілу сипаттары газеттің мүмкіндіктерін ашады. Әдетте редакцияда
бірінші беттің барлық элементтері тыңғылықты ескеріледі: мәтін мен
иллюстрациялардың орналасуы, қаріптердің үлкен-кішілігі, беттің сыртқы
(титульдық) сұлбасы, т.б. Бұған барлық беттерде немесе тек қана оның кейбір
бөліктерінде орналасқан суреттер мен қаріптерді қосыңыз. Ашпа беттегі ең
маңызды бөлік – тұрақты қаріппен жазылып, оқырман көзіне үйреншікті
болып қалған газет логотипі (газет аты). Логотип астында газет атымен бірге
65
терілген
беттің
титульдық
бөлігі
–
мағлұматтық
элементтері
орналастырылады: басылымның жағрафиялық, мерзімдік, қоғамдық сипаты
(мәселен, қалалық, апталық, қоғамдық-саяси, т.б.), оның шығу реті, күні,
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сердәлі Б. Журнал мұқабасы және газеттің ашпа бетінің дизайны
газет санының реті (кейде газеттің шыға бастаған мерзімі), газеттің
интернеттегі порталы, т.б. Титул бөліміне басқа да атрибуттар енеді: мәселен,
«Егемен Қазақстан» газеті жалпыұлттық республикалық басылым
болғандықтан логитип жанына еліміздің Елтаңба рәмізін басады. Газеттің
логотипі деп аталатын барлық осы кешен басылымның меншігі болып
табылады. Оны басқа ешкімнің иеленуіне құқы жоқ. Ол бұзылған жағдайда
редакция сотқа жүгіне алады. Өзінің ескі атауын басқа газеттер тура сондай
логотиппен қайталаса да, жоғарыдағы талап қолданылуы мүмкін.
Газеттің бірінші бетінің өзгермейтін тағы бір бөлігі – осы сандағы
маңызды жариялымдардын ретін көрсететін аңдатпа және олардың қай
беттерге орналасқаны туралы мағлұмат. Оқырмандардың назарын өзіне
аудару үшін пайдаланылатын бұл тәсіл ерекше дизайнмен бөле көрсетіліп
немесе басқа бояумен көмкеріле беріледі. Оның жанына иллюстрация да
берілуі мүмкін. Бірінші беттегі аңдатпаның безендірілуінде ерекшелік бар.
Аңдатпа кітаптың немесе журналдың мазмұнына ұқсас қысқа жүгіністі
мәтінмен жазылады. Оның тұрақты орны бар және көрнекті түстермен
көмкеріледі. Шағын сюжетті фотосурет аңдатпаны шүбәсіз әрлейді, бірақ ол
кіші көлемде болса қабылдауды әлсіретіп алады. Дегенмен, аңдатпаға тым
көп әуес бола берудің қажеті жоқ. Кейде ол ішкі беттегі маңызды материалды
әсірелеп көрсеткенімен, оқырманның газетті түгел қарап шығуына деген
қызығушылығын жоғалтады. Аңдатпаның безендірілу әдістері – қалыпты
өлшемдер, үлкейтілген кегль, мәтіндегі қысқалық, түрлі-түсті кескіндер.
Бірінші бетте әдетте сол санның бас мақаласы орналасады. Оны кейінгі
басылымдар «Редактор бағаны», «Мәселенің мәнісі» деген айдарлармен беріп
жүр. Бас мақаланы екінші бетке орналастыруды жөн санайтын басылымдар
да бар. Өйткені көптеген газеттер бірінші бетті мәтінмен «аптап» қойғаннан
гөрі,
үлкен
фотоколлаждар
мен
қысқа
ақпараттық
хабарларды
орналастыруды ұнатады. Газеттің бірінші бетін безендіруде симметриялық
терім (верстка) жиі қолданылады: ортасына бет мазмұнын ашатын үлкен
фотосурет, сонан соң басылымның логотипі орналастырылады.
Логотипті безендірудің қазіргі талаптары мынадай:
қарапайымдылық, қысқалық, нақтылық. Бүгінгі газет логотипі 3D –
графикалық сипатымен немесе оның көлемді нұсқасымен белгілі;
логотипке тек қана жинақталған, анық көрінетін қаріптер
қолданылады;
логотиптің қарпін газет сипатымен сәйкестендіру. Бұл – стиль мен
гарнитураның үйлесімділігі арқылы орындалады;
жаз
66
мүмкіндігінше бос кеңістікті көп қолдану. Үлкен тақырыптың өзі
барлық кеңістікті жауып тастамауы керек. Логотиптің биіктігі ең кем дегенде
4,5 см-ден, ал әрі кеткенде 9,2 см-ден аспауы керек;
егер логотиптің астында аңдатпа тұрса, онда оның биіктігін терілген
беттің биіктігінің 1/3 бөлігіне дейін ғана созуға болады [1].
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сердәлі Б. Журнал мұқабасы және газеттің ашпа бетінің дизайны
Стандартты ақпараттар логотипте төмендегідей орналастырылады:
газеттің атының басылым тілімен сәйкестігі;
басылым жағрафиясы (орналасқан аумағы);
газеттің аты, органы;
газеттің негізі қаланған мерзім немесе газет басылымының реттік
жылы;
күнтізбелік жылдың басынан бергі ағымдағы саны, жалпы саны;
газет санының шыққан мерзімі – аптадағы күні, айдың атауы
(қысқартусыз), жылы;
газеттің шығу ағымы туралы сілтеме. Бұл элемент шыққан
мәліметтерде де көрініс табуы керек [2].
Газеттің әрбір бетінің жетістігі беташар суреттерге байланысты болады.
Беттің құрылымы дербес материалдарға бағынады және ол негізгі мазмұндық
форманы атқара алады. Қалай болғанда да, мазмұнға, сюжетке деген талап ең
алдымен сапалы суреттер арқылы орындалады. Суреттер ықылым
замандардан-ақ оқырман назарын өзіне тартатын элемент. Бұл басылымның
өзіндік ерекшелігіне байланысты атқарылады: мысалы, сапаға көңіл бөле
қоймайтын баспасөзде алдымен оқырман назарын аударамыз деген ниетпен
дау-дамайлы суреттер беріледі, ал сапаға көңіл қоятын баспасөз бейненің
сапасына күш салады. Қазір көптеген жергілікті газеттер (әсіресе А4, А3
форматтарында
шығатын
басылымдар)
бірінші
бетіне
тұтастай
фотоколлаждар мен фотоплакаттар басып жүр. Ал ішкі бетін сантүрлі
жарияланымдарды насихаттайтын аңдатпалар құрайды. Бір қарағанда,
иллюстрациялаудың рөлі артқаны байқалады, бірақ көзбен көретін визуальды
ақпараттар мәтіндік, сөздік ақпараттардың ауқымын тарылтып жібереді.
Журнал мұқабасы негізінен оның тұтастай мазмұнын жарнамалауға
арналған. Оның міндеті – басылымды дүкен сөрелерінде жатқан көптеген
басқа басылымдардан ерекшелеп көрсету. Журналдың өзіндік «бетін»
айшықтау үшін, ерекшелеуші түрлі-түсті бояулар кеңінен пайдаланылады.
Журналдардың басым бөлігі бірінші бетті өз мақсатына пайдалануды
көздейді: біріншіден, онда басылымның үлкен логотипі орналасады, түрлі-
түсті фотосуреттің бетінде арнаулы мәтіндік визуальды қатар болады, оны
дизайнерлер ағымдағы аңдатпа түрінде ұсынады. Мұны жорналшылар өз
орталарында «ысқырықтар» деп атайды. Бұл қысқа мәтіндер материалдардың
тақырыптарына сілтеме беріп тұрады. Журнал тақырыптарын айшықтаған
67
әдемі мұқабалар өз оқырмандарын тарту үшін дизайнерлік мүмкіндіктердің
барлық түрін пайдаланады.
Дегенмен кейбір басылымдар табыс қуалаймын деп бірінші бетті
жарнама тақтасына айналдырып алған. Жеке логотипінің өзін жарнаманың
бір бөлігіне айналдырып жіберген журналдар бар. Мұндай қадамды этикалық
жағынан дұрыс деп айта алмайсыз, себебі ондай жарнамалауға жарнама
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сердәлі Б. Журнал мұқабасы және газеттің ашпа бетінің дизайны
берушілердің кейбіреуі келіспейді, ал оған байыпты басылымдар жол
бермейді. Басылымды сату үшін бірінші бет пен мұқабаға жарнама берудің
заңдық аспектісі бар екенін газет дизайнерлері ұмытпағаны жөн. Қалай болғанда
да міндетті түрде журналдың атауы мен логотипі айқын бедерленіп көрініп
тұруы тиіс. Мұқабада логотиптің елеусіз болып тұруынан басылымның не
журнал екені немесе компанияның жаңа бренді екені түсініксіз күйінде қалады.
Журнал компанияға бағынышты ма, әлде компания журналға бағынышты ма –
бұл да түсініксіз. Дұрысы журнал компанияның жарнама каталогына айналып
кеткен деген пікір қалыптасады. Бұл заңдылық жағынан да әдептілікке
жатпайды. Егер баспагерлер қалай болғанда да бірінші бетке жарнаманы
орналастыруда көздесе, жарнаманы ашық, анық түспен журналдың негізгі
логотипінен бөлек, көзбен көрінетіндей етіп айқындап қоюы тиіс. Нарықтың ірі
алпауыттары жарнаманың орнын көрсетпейді.
Соңғы кездері журналдың мұқабасын безендіру ісінде қарапайым
технологияларды қолдану жалпақ сипат алды. Баспагерлердің арасынан журнал
мұқабасын түрлі-түсті бояумен әрлеп, оқырманға жіберушілер жоқтың қасы
десек болады. Осындай сирек қолданылатын басылымдарға салалық,
ведомостволық, ғылыми және бақса да аз қаржыландырылатын журналдар
жатады. Себебі олар тарату жүйелерін қажет етпейді, таралымы шектеулі,
бірақ тұрақты оқырмандары бар. Жылтырақ қағазды журналдардың басым
көпшілігі таралым санына қарамай мұқабасын беттік баспа машиналарына
бастырады. Олардың дәл осы «шығармашылық еркіндігіне», өкінішке орай,
бақылаушы органдар мүмкіндік беріп отыр. Ал кәдуілгі баспа қағаздары арқылы
мұндай эксперимент жасау күрделі болады. Егер баспа үлкен топтағы
оқырмандарға жаппай таратылатын тақырыптық журналдар шығарумен
айналысса, мысалы, әйелдерге арналған журнал делік, мұндай басылымдар көп
таралыммен тарайды және мол табыс әкеледі. Сондықтан баспагерлерге басқа
журналдардан ерекшелену үшін өздерінің үйреншікті тәсілдерін қолдануға тура
келеді. Олар мыналар:
- басылатын материалдардың сапасын арттыру, танымал және талантты
авторларды, фототілшілерді тарту;
- басылым аясында түрлі конкурстар немесе лотерея ойындарын
ұйымдастыру;
- журналдың мұқабасын ерекшелендіріп, өте тартымды ету.
Ең қарапайым және арзан тәсіл - мұқабаны қарапайым безендіру.
Әртүрлі басылымдарды сатып алғанда тұтынушы өзінің жеке тәжірибесіне
немесе дос-жарандарының ақыл-кеңесіне жүгінеді. Егер мұндай факторлар
68
болмаса – нысанның визуальды қабылдануына, басылымның тартымды
мұқабасына арқа сүйейді. Бұл, әсіресе, журналдың мазмұнымен танысуға
мүмкіндік бомағанда аса қажет тәсіл.
Қазіргі жылтырақ әрі қымбат та сапалы қағазбен басылған журналдар
полиэтиленмен қапталады (мысалы «Дарабоз», «Ерке-Нұр» журналдары). Бірақ
жылтырақ мұқабалы журналдардың кейбірінің бәсекелес болуға ұмтылып, соған
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сердәлі Б. Журнал мұқабасы және газеттің ашпа бетінің дизайны
ұқсас журналдардың сипатына ұқсауға ұмтылысы байқалады. Бұл әрекетті іске
асыру үшін әртүрлі тәсілдер қолданып бағады: мысалы, флюоресцентті бояуды
пайдалану, фольгамен өрнектеу, табиғи материалдарды қолдану, т.б.
Мұндай журналдарға дәстүрлі мұқабадан басқа техникалық қиындықтар мен
қосымша қаражаттық шығындар да қажет болады. Басылымның сыртқы түрін
жақсартатын бірнеше нұсқалар бар:
мұқабаны безендіргенде бірден назар аударатын ашық бояулар қолдану;
мұқабаның сыртқы жақтауын «Уф» лагымен бояу,
мұқабаны тұтастай «Уф» бояуымен әрлеу;
фольгамен өрнектеу;
Hı-Fı технологиясын қолдану: көп бояулы түр синтезін беру;
түрлі дәстүрлі емес бояулы сызықтарды, жолақтарды қолдану, т.б.;
мұқабаны полимерлік құралдармен безендіру [3].
Мұқабаны безендірудегі ең тиімді әрі кең тараған тәсіл – қосымша бояу,
сирек кездесетін, көз сүріндірер түр-түстер. Әсіресе флюоресцентті бояулар
көшбасшы болып табылады: оны 90% жылтырақ журналдар қолданады. Pantone
жүйесінде қазіргі кезде флюоресцентті бояудың жеті түрі - «пантонды» аралас
түр-түсі бар.
1987 жылы флюоресцентті палитраны жетілдірудің Pantone System 747 XR
жүйесі ұсынылып, базалық және екі қоспадан тұратын түрін есептемегенде,
флюоресцентті түр-түстің 747 түрі жасалған. Бірақ 1991 жылы басқа түрлеріне
сұраныс болмағандықтан, аталған бояудың 7 түрлі базалық, 7 түрлі аралас түрі
ғана қалып, басқасы қысқартылған.
Соңғы кезеңде мұқабаны безендіруде ерекше тәсіл болып табылатын
декорлау тәсілі кең тарай бастады – глиттерлі лакпен жабу және полиграфиялық
металданған фольгамен өрнектеу.
Бұл назар аудартып, өзіне қызықтырғанымен, қымбат болғандықтан сирек
қолданылады. Сондай-ақ техниканың мүмкіндігін де ескеру керек: мұқабаның
дизайнын әрлеуде қосымша бояу ретінде алтын мен күміс сирек қолданылады.
Кез келген форматтағы бүктемелі мұқабалар полиграфияда жиі қолданылады.
Күрделі мұқабалар басылымдағы қымбат жарнаманың ауқымын кеңейтеді және
оның нәтижелілігі мен қызықтылығын арттырады. Мұндай жағдайда
полиграфиялық өнім ретінде мұқабаны даярлау күрделі болады. Сондықтан оны
орындайтын баспахана саны қысқарады да, бағасы айтарлықтай өсе түседі.
Мұндай мұқабамен журнал шығаруды жоспарлаған кезде өндіріс құны
артуының табыстан қағылуға алып келетінін, жарнамалық алаңды сатудан
түсетін табыстың азаятынын әбден ойланып алған жөн. Баспахана технологы
69
мұны тиянақты есептеп, қымбат өнімді даярлаудың қаншалықты қажеттілігі бар
екенін дәлелдей алуы тиіс.
Мұқабаның бетіндегі қосымша материалдар дизайн мүмкіндігін арттырудың
қызықты шешімі болып табылады. Оған белгілі бір себеппен журналдың бірінші
бетіне орналастыруға мүмкіндік болмаған ақпараттар енгізіледі. Кей кезде
кереғар схема жұмыс істейді: кезі келгенше көрінуі қажетсіз ақпараттарды қағаз
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сердәлі Б. Журнал мұқабасы және газеттің ашпа бетінің дизайны
қақпақша (форзац) жауып тұрады. Мұндай мұқабаларды даярлау ауқымды
еңбекті қажет етеді. Себебі ол тігілмейтін, желіммен түптелетін журналдарға
дұрыс келеді. Түптеліп, бекітілген журналдарға бұл нұсқаны баспа блогы мен
мұқаба бір-ақ қағазға орналастырылып, блоктың бірінші беті форзацқа
айналған жағдайда ғана қолдануға болады.
Дәл мұндай мұқабалы журналды түптеу дағдылы журналды түптеуге
қарағанда анағұрлым күрделірек, сондықтан кейбір баспаханалар мұндай
тапсырыстарды қабылдаудан бас тартады. Солай бола тұрса да, іс жүзінде мұнда
техникалық шектеу болған емес, журналды КБС маркалы қарапайым машинамен
түптеп жинауға болады. Тек қана мұндай тапсырманы орындауға тәжірибелі
мамандар аз. Екінші беттен басталатын мұқабалар да болады. Мұндай
мұқабалардың бірнеше түрі бар: олар бүктемелердің санына, бөліну түріне қарай,
кеңдігіне байланысты ерекшеленеді.
Басты міндет – мұқабаның екінші бетінің көлемін арттырып, жоғары бағада
сату үшін жарнама жасау алаңын кеңейтуде жатыр. Нәтижесінде дәстүрлі
түсініктегі үлкен жабық бөлім екінші мұқабаға айналады. Сондықтан мұндай
алаңды тек бір компанияға ғана сатқан жөн. Себебі ішкі бөлімдер мұқаба
ашылған соң ғана көзге көрінеді, келесі көзге түспейтін жабық беттерге жарнама
берушілердің тапсырыс беруі қиындау болады.
Бүгілген бөлімнің енінің көлемі әр түрлі болуы мүмкін, ол дизайншының
қиялына және техникалық мүмкіндіктерге байланысты шектеледі. Мұндай
мұқабалар кез келген журналда қолданыла береді.
Мұқабаның екінші түрі – бірінші беттен ашылатын түптеме. Бұл соңғы кезде
ең кең тараған мұқаба болып есептеледі. Бірінші бетіне жарнаманы ешбір
қиындықсыз оп-оңай сыйғызуға болады. Бұл үшін мынаны түсініп алу керек:
белгілі бір сәтке дейін әлгі жапсырмалы қағазбен жарнама жабық тұрады да,
бірінші беттің форзацы блокпен 1-2 см мөлшерде түптеледі, оны әрқалай июге
болатыны көрініп-ақ тұрады. Ашылатын 3-ші немесе 4-ші мұқаба оның
төртінші бетінің аумағын арттыру қажет болғанда ғана кездеседі.
Кей кезде күрделі мұқабаның басқа да нұсқалары кездеседі. Шын мәнінде
бұл да екі мұқабадан тұрады: біреуі жоғарыдан желімделеді де, олар офсетті
қағазбен екі түрге боялады, онда анкета мен жазылымның купоны беріледі;
екіншісі, төртінші беттегі жарнама бөлігі жабық күйінде түптелетін мұқаба.
Бұған көбінесе жарнама үшін ақша төлеген компаниялар наразылық білдіріп
жатады. Мұндайда мұқаба реңсіз, көріксіз көрінеді.
Қалай десек те, мұқаба дизайнының өзіндік заңы бар. Ал оны тек қана
тәжірибелі беттеуші ғана жете ұғынып, кәсіби тұрғыда безендіре алады.
70
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Балаш А.В. Техника оформления газетной полосы. – М., 2001. – С.24.
2.
Киселев А.П. Из опыта оформления газет за рубежом. – С-Пб., 1999. – С.122.
3.
Попов В.В., Гуревич С.М. Производство и оформление газеты. – М., 1989. – С.65.
Достарыңызбен бөлісу: |