Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет6/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Құсманова К.А. Діни наным-сенімге қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты... 
 
 
 
Шырағым сені, Қарлығаш, 
Қарашаш ханымға тапсырдым. 
Жар қосағым қыз Құртқа 
Палуан қызға тапсырдым [5.75]. 
Қарындасы Қарлығаш Қобыландыны: 
Мен көкемді тапсырдым
Он сегіз мың ғаламның 
Падишасы өзіңе [5. 75]. 
Шешесі Аналық баласын: 
Кел иесі Қамбар-ай
Шөл иесі Қамбар-ай, 
Қамбар, өзің қолдасаң, 
Қолдамайтын кім бар-ай, 
Осы кеткен қозымды 
Өз қолыңа тапсырдым 
Ғали атты Арыстан! [5. 76]. 
Қобыланды баласы Бөкенбайды: 
Жеті пірге тапсырды
Түрегеліп орнынан. 
Омар менен Оспаным, 
Үстімдегі жеті пір! [5. 145].  
Біздің  ойымызша,  осы  сынды  есімдердің  жыр  лексикасында  берілуі 
әулие мен бабаларға табынумен байланысты болса керек. 
Қорытындылай  келгенде,  айтыс  өлеңдеріндегі  діни  наным-сенімге 
байланысты  атаулар  адамзат  өмірінде  өзіндік  орын  алып,  дүрбелең 
дәуірлердің тарихын сипатттаумен қатар ұлттық болмыс сырын танытады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қайдар Ә. Этнолингвистика //Білім және еңбек, 1985. №10. 
2.
 
Төрт батыр. Қобыланды батыр. Алматы: Жалын, 1990. -215 б. 
3.
 
Сәтенова  С.  Қазақ  тіліндегі  қостағанды  фразеологизмдердің  тілдік  және  поэтикалық  табиғаты. 
Филология  ғылымдарынын  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертация. 
Алматы, 1997. 
4.
 
Ахметжан  Қ.  Қазақтың  дәстүрлі  қару-жарағы:  даму  тарихы,  құрылымы,  этномәдени  қызметі 
(тарихи  этнологиялық  зерттеу).  Тарих  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған диссертация. Алматы, 2002. - 178 б. 
5.
 
Батырлар жыры. Қобыланды батыр. Бастырған: Мұқанов С. Алматы, 1939. 
6.
 
Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. 128 б. 
 
 
 
 
 

 
40 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
С.А.ПИРИЕВА  
тарих ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
МЕДИЦИНАДА АНА ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ  
ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
В  статье  говорится  о  необходимости  широкого  использования  медицинских  терминов  в 
области  здравоохранения  на  примере  зарубежных  стран.  Это  улучшит  взаимопонимание  среди 
врачей, а также будет способствовать улучшению этического общения с больными.  
 
The  author  of  the  article  expresses  the  necessity  of  extensive  employment  of  medical  terms  in  the 
sphere  of  health  services  on  the  samples  of  foreign  countries.  This  method  will  improve  mutual 
understanding between doctors and promote improvement of ethical attitude towards patients. 
 
Медицина  адам  мен  қоғамды  жақсылыққа  жетелейтін,  жақсылық  пен 
адамгершілікті  насихаттайтын  ғылым.  Жақсы  дәрігер  -  негізінен  білімді, 
жаңалық  ашып,  оны  іске  асырушы  адам  болып  табылады.  Сонымен  қатар 
жақсы  дәрігер  болу  үшін  өзгелерді  құрметтеу,  күнделікті  өмірде  болып 
жатқан  оқиғалардан  хабардар  және  заманауи  болуы  керек.  Елімізде  ұзақ  та 
қиын бір дайындық нәтижесінде емтиханнан өтіп мың бір түрлі машақатпен 
медицина факультетіне түскен студенттің алдынан ендігі жерде білім алатын 
жаңа  ұясында  өзін  ерекше  бір  ортада  көруі,  сол  күнге  дейін  өзі  де  біле 
бермейтін  «Медицина  тілі»  деп  аталатын  жаңа  бір  тілмен  бетпе-бет  келеді. 
Негізінен  медицина  ғылымы  латын,  түрік,  ағылшын,  француз  тілдеріндегі 
көптеген сөздіктерді қолдануды талап етеді. Бастапқыда аталмыш сөздіктерді 
қолдану  қиын  болғанымен  уақыт  өте  келе  оны  да  меңгеріп,  қабылдау 
үйреншікті  дағдыға  айналады.  Дәрігерлік  ілімін  ана  тілінен  өзге  бір  тілмен 
қатар  үйренудің  қажеттілігі  осы  ілім  тілінің  ерекше  болатындығына  және 
болуы керек екендігіне сену. Науқастың жасырын сырларын білу, оны шешу 
және  оны  өз  ана  тілінде  емес,  басқа  тілде  атқара  алатын  дәрежеге  жеткен 
дәрігер өзін ерекше сезіне бастайды. Күнделікті ауызекі сөйлеу тілінен басқа 
бір  тілде  сөйлеуді  жақсы  меңгерген  кісі  көпшілік  арасында  ерекшеленіп 
тұрады. Өзін педиатр, гениколог, кардиолог хирург болып танытуда «оталау» 
емес, «операция» істеуде, осы жағдай ішінде үйренген аралас тіл күнделікті 
сөйлесу тіліне де тарап болады. 
Медицина мамандары сөйлескен кезде «ауруды ауруханаға жатқыздым», 
«дәріні  тоқтатпа»  деген  сияқты  сөздердің  орнына  өзі    және 
айналасындағылар ғана түсіне алатын тілде айтылса, екі тараптың қабылдауы 
үшін  қолайлы  болады.  Дәрігерлік  мамандығын  оқыған  кездерде  де 
қолданылған  осы  дұрыс  емес  тіл  дәрігер-науқас  қатынастарында  да 
қиындықтармен  кездесуде.  Осыған  бола  немесе  керекті  сөздерді  «аудару», 
ана тілімен, науқасқа сөйлеген, түсіне алатын тілде түсіндіруде, немесе одан 
да оңай бір әдіспен түсіндіру жолын сынап көру керек.  

 
41 
Медицина  тілінде  қолданылған  шет  елдік  сөз  тізбектері  күнделікті 
сөйлеу тілімізге де енуде. «Қан қысымы» мағынасында қолданылған 
«давление»   
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Пириева С.А. Медицинада ана тілінің қолданылуы және оның
 
этикалық мәселелері 
 
 
күнделікті  тілде  кең,  қиын  мағынада  қолданылуда.  Немесе  «тамыр  соғу» 
термині «артерия» лексикасы мағынасында қолданылады. «Депрессия, жедел 
жәрдем»  және  көптеген  басқа  сөз  тіркестерінің  осы  тұрғыда  қолдануға  үлгі 
етіп көрсетуге болады. 
Қазіргі күнде басқа да ғылым салаларындағы секілді медицина ғылымы 
да  экономикалық  және  технологиялық  болып  күшті  тәжірибелерге  кіреді. 
Сонымен қатар дамыған елдерде зерттеліп ашылған медициналық терминдер 
ешқашан  жоғалмай  күнделікті  қолданылуда.  Осы  медицина  терминдері  шет 
тіліндегі  күйінде  бізге  алынуы  нәтижеде  түсініспеушілікке  әкеліп  соғады. 
Сол үшін де президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің қолдауымен «орысша – қазақша 
– ағылшынша медициналық терминдер сөздігі» Алматы қаласында 2009-шы 
жылда жарық көрген40 мыңға жуық медициналық терминдері бар бұл кітап 
дәрігерлер үшін де, әрбір адам үшін де өте пайдалы [1]. 
Мемлекетімізде  жарық  көрген  медициналық  терминдер  сөздігінің  үш 
тілде  жазылуы  университеттерге,  Денсаулық  сақтау  Министрлігіне, 
мемлекеттік  емханаларға,  Денсаулық  сақтау  ұжымдарына  және  барлық 
дәрігерлерге  өте  қажетті.  Сонымен  қатар  баспасөздер  көмегімен  ана  тілінде 
жазылған медициналық терминдер Дәрігерлер Ұйымы мен университеттерде 
және  әр  түрлі  тәжірибелі  ұжымдарда  кеңінен  зерттеліп,  жүзеге  асырылса, 
дәрігерлер мен наухастар арасындағы кейбір түсініспеушіліктер жойылар еді. 
Медицина  тілінің  ана  тілімізден  ерекше  болуының  пайдасы  көп  емес. 
Дәрігерлер көпшілікті жатырқаған жағдайда елімізде болып жатқан шынайы 
оқиғалардан  жырақта  қалады.  Бұл  жағдай  ауру-дәрігер  арасындағы 
байланыстың  әлсіреуіне  әкеп  соғады.  Ауру  дәрігерді  түсінбеген  жағдайда 
оған сенім де азаяды. Медицина білімінен алыстауда ауруын емдеу үшін «өз 
тілінен  түсінген,  өз  тілін  түсінетін»  адамдармен  жолығады.  Сонымен  қатар 
осы жағдай көпшілік денсаулығына жағымсыз әсер етеді. 
Медицина  ғылымы  өз  ана  тілімізбен  үйренілмеген  жағдайда  ғылыми 
жақтан  әлсіреуіне  әкеп  соғады.  Осыдан  барып  тек  қана  дамыған 
мемлекеттерде  орындалған  ғылыми  жұмыстарды  пайдалануға  жол  ашуда. 
Бүгін дәрігерлердің үйрену кезінде білімдерінің аса жоғары дәрежеде болуы 
университет бітіргеннен кейін де үнемі өз-өзін жетілдірулерін қадағалау үшін 
шет тілдерін білу өте қажеттілікке айналуда. Бірақ, шет тілін ауызша үйрену 
мен  шет  тілінде  сауатты  оқу  мен  жазуын  меңгеру  екі  басқа  нәрсе  екендігін 
ұмытпауымыз керек. Елімізде ғылымның барлық салалары мемлекеттік тілде 
болуы керек.  
Жалпы  алғанда  білім  тілі  мен  оның  бір  тармағы  болып  табылатын 
«медицина  тілі»  көпшілік  қолданатын  тілден  өзгеше  болуы  мүмкін  емес. 

 
42 
Ғылым тілінің ашық, таңдаулы және түсінікті болуы, ғылыми жаңалықтарды 
көпшілікке жеткізуді және түсінісуді оңайлатады.  
Нәтижеде медицинада  қолданылып  жүрген  тілге  байланысты  бірқатар 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Пириева С.А. Медицинада ана тілінің қолданылуы және оның
 
этикалық мәселелері 
 
 
 
мәселелер  бар  және  оның  шешілуі  міндетті.  Мәселенің  болымды  түрде 
шешілуі  үшін  алдымен  көпшіліктің  осы  мәселенің  бар  екендігін  қабылдауы 
және  оларға  білдірілуі  керек.  Міндетті  түрде  медицина  факультеттеріндегі 
білім алушылардың осы бойынша хабарландырылуы және медицина ғылымы 
ана  тілде  үйретілуі  қажет.  Күнделікті  әңгімелесуде,  жазуларда,  сабақтарда, 
баспасөздерде,  ауру-дәрігер  қатынастарында  және  өмір  сүрудің  әрбір 
саласында ана тіліне ерекше көңіл аударылуы керек. 
Адам  ең  жақсы  ана  тілінде  ойланады,  сөйлейді.  Шығармашылықпен 
жақсы айналысу тек қана ана тілінде мүмкін болады. Сонымен қатар ғылыми 
жұмыстардың  сапалы  орындалуы  үшін  тек  қана  ана  тілінде  әрекет  етілуі 
керек.  Жеке  зерттеулердің  ана  тілімізбен  айтылуы,  қолданылуы  пайдалы 
болады.  Әлі  де  қолданылып  отырған  кейбір  жарамсыз  медицина  тілі 
мемлекет  тілінде  орындалуы  орынды  болар  еді.  Түркия  Республикасында, 
Түркия  Ғылым  Академиясынан  бұрынырақ  басталған  «Медицина  тілінде 
Түрікше»  атты  зерттеу  жұмысы  осы  мәселеде  істелінген  ең  маңызды 
қадамдардың бірі болған.  
Ортақ  келісім,  елімізде  ғылым  адамы  болудың  ең  маңызды 
көрсеткіштерінің  бірі  ана  тілімізде  ғылыми  терминдердің  қалыптасуына 
атсалысу  болып  табылады.  Медицина  ғылымының  ана  тілімізде  даму 
қажеттілігі  жөнінде  конференциялар  мен  симпозиумдар  өткізілуі  үшін 
жағдайлар  жасалынған.  Түрік  тілді  басылымдарда,  әр  түрлі  мамандықтар 
бойынша  ғылыми  жұмыстарда,  басқа  да  ұжымдарда  ана  тілінде  медицина 
тілінің  қолданылуы  мәселесінде  жаңа  әдістер  енгізілуі  туралы  пікірлердің 
бірізділігіне қол жеткізілді. Әсіресе түрікше басылымдарда ерекшеленуі үшін 
әрекет  жасау  қолданылған  еді.  Жоғарыда  көрсетілгендердің  барлығы, 
ағылшын тілі мен медицина факультеті білімі қателігінің тез арада түзетілуі 
туралы әрекет жасалынуы қажеттілігі белгіленген. 
Медициналық  терминдердің  әртүрлі конференциялар  мен  семинарларда 
және  ғылыми  журналдарда  қолданылуы  осы  сөздердің  сол  күйінде 
қоданылуына  себеп  болды.  Осындай  жағдайлар  тілдің  қолданылуында 
қарама-қайшылықтарға және қиындықтарға жол ашты. Осы қиындықтар мен 
қарама-қайшылықтарды  жою  үшін  ортақ  және  стандарт  тіл  қолдануға 
болады. Зерттеудегі мақсат, кез-келген кісі түсіне алатын, сөйлеп және жаза 
алатын терминдерден тұратын ортақ тіл құру пікірін тудыру, тиісті жерлерде 
мәселенің ортаға қойылуы және керекті зерттеу жұмыстарының шұғыл түрде 
орындалу қажеттілігін тудыру. 
Түрік  тілі  ұйымы  (Türk  Dili  Kurumu)  түрікше  түсіндірме  сөздігінде  тіл 
адамдардың  ойларын  және  сезімдерін  білдіру  үшін  сөздермен  немесе 
белгілермен  көрсетілген  түсінісу,  тіл  бірлігі  жаргондар  мен  диалектілік 

 
43 
айырмашылықтарды  жойып,  біркелкі  тілді  қолданған  ұжымдар  арасында 
ортақ бір жазу тілі мен алфавитпен бірлесіп толықтырылған [2. 588]. 
Тіл - адам  өмірі   мен  тарихы  арасындағы  байланыс  құралы.  Көпшілік 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Пириева С.А. Медицинада ана тілінің қолданылуы және оның
 
этикалық мәселелері 
 
 
 
үшін  тәжірбиелер  қоймасы  және  көпшіліктің  мәдени  мұрасы.  Тіл  -  өмірге, 
тарихқа,  ойға,  әдебиетке,  тіпті  адам  түсінігінің,  рухы  мен  әрекеттерінің 
жайылған  барлық  салаларын  тамырлап  бұтақ  салған  ағаш  іспетті.  Тіл  - 
адамдардың  ойлау  қабілеті  арқылы  пайда  болған,  туғаннан  кейін  де  ойдың 
тудырушысы  болған.  Ешбір  ой  және  сезім  тілсіз  жеткізілмейді.  Тіл 
біріншіден  білімді  тудырушы,  барлығын  өлшеуші,  ғылым  мен  білімнің 
тамырына,  білімнің  тереңдіктеріне  дейін  бойлаушы  бастапқы  адамзат 
ойының  жемісі.  Тіл  ұлтына,  түсіне,  бойына  қарамастан  жалпы  адамдар 
арасындағы  ең  әсерлі  байланыс  құралы.  Жер  бетінде  өмір  сүріп  жатқан 
адамдардың  көргендерін,  естігендерін,  қалауларын  білдіреді.  Тіл  арқылы 
адамдардың өзіне деген сенімі, дүниеге деген көзқарастары артады. 
Тілімізде  жоғалған,  жаңадан  келген    немесе  қолданылуы  азайған, 
көбейген  сөздер  көреміз.  Сондай  сөздер  қазіргі  таңда  тілдің  қолданысында 
бірқатар  қиындықтар  тудыруда.  Тіліміздегі  қиындықтар  үйілген  төмпешік 
сияқты  күн  өткен  сайын  көбеюде.  Біз  сол  мәселелерді  көбейтумен  қана 
шектелудеміз.  Тіліміздегі  толып  жатқан  бұлыңғыр  жағдайлар  еліміздің 
барлық  қалалары  мен  халық  көп  шоғырланған  тұрғылықты  жерлерінде  бар 
екені  сөзсіз.  Бірақ  неге  екені  белгісіз  мәселенің  өзегіне  ешкім  дөп  баспай, 
жан-жағын ғана шолып, тиіп қашып отырған.    
Тіл  -  ой  тудыру  арасындағы  байланыс  пен  тілдің  барлық  өмір  сүруші 
салаларын  білдіретін  маңызын  ескерер  болсақ,  стандарт  қазақша  ғылыми 
терминдердің кең өріс алуына мән берілуі керек. Ғылым арқылы тараған тіл 
қаншалықты  түсінікті  болса,  оларды  үйрену  мен  іс  жүзінде  қолданылуы  да 
соншалықты оңай және дұрыс болар еді. Тілдің әртүрлі құбылыстарға бейім, 
әрдайым  өзгермелі  динамикалық  бір  реңі  болады.  Тілдер  арасындағы  сөз 
ауысу  үдерісінің  мүлдем  тыйып  тастауға  да  болмайды.  Медицина 
саласындағы  келісімдер,  жаңа  әдіс,  қабылдау  мен  табыстар  көптеген  жаңа 
техникалық терминдердің қолданысқа енуіне жол ашқан болатын. 
Мысал  үшін,  Дорланс  2000-жылы  8000-нан  астам  сөзден  құралған 
Ағылшынша медицина терминдері сөздігін құрастырғаны айтылуда [3].  
Түркия  медицинасына  қатысты  терминдер  ұзақ  уақыт  араб  тілінің 
ықпалында  қалып  келген  болатын.  XIX  ғасырда  II  Маһмудтың  заманында 
Әскери  медициналық  білім  француз  тілінде  оқытылған.  Францияда  білім 
алған түрік және француз оқытушыларының және 26 жыл жүрген французша 
білімнің  әсерімен  түрікше  сөйлеген.  Сол  кездері  Осман  түріктерінің  тілінде 
жазған,  латынша  терминдерді  француз  тілінің  грамматикалық  ережелеріне 
қарай  оқитын  дәрігерлер  буыны  қалыптасқан  болатын.  Ерекше  клиникалық 
білімдер  бойынша  французшаның  ықпалы  одан  көп  болған.  Қазіргі  таңда 

 
44 
көптеген  аурулардың  немесе  дәрігерлердің  тілінде  толығымен  французша 
терминдері қолданылуда.  
Түркия  Республикасының  1929-шы  жылы  латын  алфавитіне  өтуі, 
медицинаның  тілі  негізін  латынша  терминдер  құрады. Қазіргі таңда ғылым  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Пириева С.А. Медицинада ана тілінің қолданылуы және оның
 
этикалық мәселелері 
 
 
 
мен  білім  саласында  ең  жиі  қолданылатын  тіл  ағылшынша  болғандықтан 
медициналық  тілінде  қолданылып  жүрген  кейбір  терминдердің  орнына 
ағылшынша баламалары қолданыла бастауы немесе уақыт өте келе ағылшын 
тілінің граматикалық ережелерінің осы салаға өтетіндігі күтілуде.  
Негізгі  медициналық  ғылымдардың  тілі  жалпы  алғанда  латынша 
терминдерден  құралады.  Клиникалық  білгір  мамандар  да  терминдердің 
ағылшынша  болғандығын  қолдайды    [4].  Медицина  тілінің  шет  тілдерінің 
ықпалында  қалуы,  ғылыми  тұрғыдан  дамумен  қатар  жаңа  сөздіктердің  де 
пайда  болуына  түрткі  болса  да  тілдің  қолданысында  стандарт  болмағаны 
үшін  тіл  бірлігі  ұйымдастырылған.  Әсіресе  соңғы  жылдары  оңай  жағына 
шығу,  шет  тілін  білетіндігін  көрсету  мақсатында  шет  тілдерінен  көптеген 
терминдер  еніп,  ол  тілде  қалай  айтылып,  жазылса  сол  күйінде  қабылдануы, 
ана  тілінде  баламасы бола  тұра   ғылым  мен  техниканы желеу  етіп, шет  тілі 
сөздіктерін қолдану күнделікті қалыпты жағдайға айналуда.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Ахметов М. Медициналық терминдер сөздігі. Алматы: Дайк-Пресс, 2009, 800 б.  
2.
 
Türkçe Sözlük. Türk Dil Kurumu, Ankara: 1998; 586-589 ve 2198. 
3.
 
Kazancı G. Tıp Dili ve Türkçe, [Sadece dilFORUM üyeleri linkleri görebilir.].  
4.
 
Toraks  Derneği  Dil  Birliği  Çalışma  Grubu’nun  önerileri.  [Sadece  dil  FORUM  üyeleri  linkleri 
görebilir]. 
5.
 
Ankara  Üniversitesi  Tıp  Fakültesi  Çocuk  Sağlığı  ve  Hastalıkları  Anabilim  Dalı  Sözlük  Komisyonu. 
[Sadece dil FORUM üyeleri linkleri görebilir. ]. 
6.
 
İmla Kılavuzu. Türk Dil Kurumu, Ankara: 2000: 1-68. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
45 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Н.ӘБІЛХАЙЫРОВ 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ізденушісі 
 
СЫРДАҒЫ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ 
 
В  данной  статье  рассматривается  поэзия  акынов,  а  также  анализируются  виды  письменных 
айтысов и сказаний в стихах. 
 
This article deals with akyns' poetry, types of written aitys and legends in poems have been analyzed 
as well. 
 
Мүшәйра – Шығыс  пен  Ислам  мәдениетінің, қазақтың  төл  поэзиялық  
туындысы  саналатын  дәстүрлі  айтыс  қасиеттерін  бойға  сіңірген  синкретті 
жанр. Мұнда  ақындар  көп  жағдайда  белгілі  бір  тақырып  төңірегінде  өз  
білгенін  жазып,  қарсыластарымен  ой  жарыстырады. Кейде  шайырлардың  
арқасы  қозып,  ақындық  шабытына  түсіп,  қызған  шақтарында  тақырып  
аясынан  шығып,  дүние-әлемді шарлап,  көсілте  жырлайтындары  болады. 
Ондайда    ақындар    Құран    сөздерін,    пайғамбарлар    өмірін,    әлемнің  
жаратылысын,    өмір    құбылыстары    мен  поэзия    талаптары:  сұлулық, 
эстетика,  таным  және  талғам,  тарих  пен  этнография  салаларынан  сыр  
шертіп,  білгенін  асыруға  ұмтылады.  Шайырлардың  сүйікті  тақырыбы – 
Ислам    философиясы    мен    сопылық    поэзияның    тағлымдық-дидактикалық  
үлгілеріне    негізделеді.    Ахмет    Йасауи,  Сопы    Аллаяр,  Шашты    Әзіз, 
С.Бақырғани, Марал  ишан, Қосымқожа  сынды  әулие-машайық,  тақуа ұстаз,  
пірлердің    өсиеті    мен    өмірі  –  шайырлар    поэзиясының    қадірлі    қайнары  
дейміз.   
Қазақ    поэзиясындағы    фольклор    мен    әдебиет    дәстүрін    салыстыра  
зерттеуші    профессор  Т.Тебегенов    жазба    айтыс    жөнінде    былайша    ой  
сабақтайды:  «Көркем    әдебиетке    жақындаған    бұл    жанрдың    жартылай  
отырықшы,  көшпелі  тұрмыс  жағдайында  осылай  қалыптасуы – әлемдік  
әдеби    дамудағы    қазақ    сөз    өнерінің  ұлттық    сипатын    даралай  
танытатын    құбылыс.  Жазбаша    айтыстар  –  әдеби    дәстүрдің    көрінісі,  
сауатты,  оқымысты  ақындардың  туындылары. Әрине,  бастау  үлгілері – 
фольклордағы    ауызша    импровизация.  Жазбаша    айтыстардың    кейбірі  
ауызша  басталып,  жалғасы  жазбаша  ұласатын  болған. Кейде  жазбаша  
басталып,  аяғы  импровизацияға  ұласқан.  Әдеби  процестегі  ауызша  және  
жазбаша    дәстүр    сабақтастығы  –  үздіксіз    қозғалыс.  Әдеби    дамудағы  
кемел   жазба    шығармашылықтың      өзі    осы    синтезді    тұрақты    сақтап  
келеді» [1.51-52]. 
Ақын-шайырлардың  екіден-үштен,  тіпті  одан  да  көп  болып  топтаса  
айтысып,  жазба    мүшәйраға    түсуі    ХІХ  ғасырдың    аяғы    мен    ХХ    ғасыр  

 
46 
басында    кеңінен    қанат    жайғаны    белгілі.  Осындай  сөз  зергерлерінің  
сайысында  өмірлік  мәселелермен  қатар  ақындық  өнер,  поэзия  жанрлары  
жайында да пікір-таластар жиі ұшырайды. Екі дүние ілімінен жақсы  
хабардар  
шайырлар  әдебиет,  тарих,  шежіре  жөнінен  де  өз  ойларын ортаға салады.   
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Әбілхайыров Н.
 
Сырдағы жыр мүшәйрасы
 
 
 
 
Соның  нәтижесінде  әрі  көлемді, әрі көркем,  әрі  эстетикалық  мәні  терең  
танымдық    деңгейі    жоғары    жүйелі    айтыстар    өмірге    келген.    Шайырлар  
әдебиет  әлеміндегі, қоғамдық  құбылыстар  мен   тұрмыстағы  кемшіліктерге  
сын    көзімен    қарайды.    Бұл    ретте    зерттеушінің  «Олар    көбіне    жазысып  
айтысқандықтан  және  екеуара  емес, бірнеше адам араласып сөз сайысына 
түскендіктен жазба поэзияның сілемдерін ғана емес, эстетикалық  сыннның  
да  элементтерін байқап  қаламыз»,– деген  пікірлері  өте  дұрыс  айтылған 
[2.25].   
Қазақ    ақындарының    жазба    айтыстары    өткен    ғасырдың  
жиырмасыншы  жылдарынан  бастап  жүйелі  түрде  жинала  бастаған.  Оның  
бастауында  белгілі    фольклор    жанашырлары    Ә.Диваев,  Ә.Қайнарбаев, 
М.Көпеев, Ә.Марғұлан, Ү.Аяпов, Н.Молыбаев, Қ.Баймағамбетов, М.Жүсіпов, 
Р.Мәзқожаев, т.б. бар.  1964 жылғы «Айтыс»  жинағының  алғашқы  томында  
бірен-саран    жазба    айтыс    үлгілері    енсе,    1965  жылғы    екінші    томда  
көптеген    таңдамалы    хат    айтысының    түрлері    қамтылған.  ҚР  БҒМ  ОҒК 
Сирек  қоры  мен М.О.Әуезов  атындағы  ӘӨИ Қолжазба  қорларында  жазба  
айтыс – мүшәйра  үлгілерінің  мол  қоры  сақталған. Олардың  негізгі  бөлігі 
«Қазақ  қолжазбаларының  ғылыми  сипаттамасына»  енгізілген. 
Екінші    томға    жазылған  «Құрастырушылардың»    сөзінде    жазба  
айтысқа:  «Айтыстың    бұл    түрі    белгілі    бір    жағдайларға    байланысты  
көбінесе,    хат    түрінде    жүзеге    асады,    яғни    хат    арқылы    жазысып  
айтысады.  Мұны  шартты  түрде «жазба  айтыс»  деп  атаса  да  болады. 
Жазба  айтысқа  он,  кейде  жиырмаға  жуық  ақындар  қатысып,  айтыса  
береді»  [3.4]  деген    анықтама    берілген.    Біздіңше,  мұның    нағыз    атауы  – 
мүшәйра  болуы  керек.  Өйткені, хат  арқылы  немесе  жазып  айтысқанына  
қарап    бағалағаннан    гөрі,    Шығыс    поэзиясын    меңгеріп,    сол    бұрынғы  
шайырлық    дәстүр    мен    стильді  қолданған    ақындардың    сөз    бәсекесін  
бейнелеуге    әдеби    термин    ретінде  мүшәйра    жақынырақ    келеді    деп  
ойлаймыз.  
Мүшәйра    Шығыс    әдебиетінің    дәстүрі    бойынша    нәзира    үлгісін  
қолданды.  Ондай  мүшәйра  түрі  ұстаз  бен шәкірт  ақындардың  арасында  
өте    береді.    Бұл    тәсіл  жас    шайырларды    сынау  арқылы  талантын    ұштау  
мақсатын көздеген.  Мысалы:  Тұрмағамбет  пен  Жүрсін,  Тұрмғамбет  пен  
Әбдікәрім  арасындағы  айтысты мүшәйраның  осы  түріне  жатқызар  едік.  
Бұл  айтыс  әдеттегідей  хат  арқылы  жүзеге  асқан.  
Тұрмағамбет: 
   Жарайды  жазған хатың, інім  Жүрсін! 
 
Қиғаш  қас,  құралай  көз нағыз  Һүрсің. 

 
47 
 
Баласы  Алтынайдың  болғаннан  соң, 
 
Кемеңгер,  білімге  бай  анық  дүрсің! 
Жүрсін: 
 
Қошемет  сөз  ғой, Төке, «дүр» дегенің, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет