Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет11/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мұхамеджанов Б.Қ., Мұратбаева Г.А.
 
Болашақ  өнертану мамандарының кәсіби... 
 
 
 
сынды  салаларымен  белгілі  дәрежеде  байланысты    дамып  келеді.  Әйтсе  де, 
өнердің  қоғамдық  сананың  басқа  салаларынан    байланыса  дамуда  өзіне  тән 
ерекшеліктерін байқауға болады (сурет 1). 
Өнер  адамзатты  өмір  шындығына  жетелеп,  оның  эстетикалық  қатынасын 
көрсетеді,  ал  негізгі  түйіні  –  адам  қоршаған  ортаны,  дүниені,  болмысты, 
көзқарасты,  қарым-қатынасты  көркемдік  тұрғыдан  үйлесімді  бейнелеу.  Өнер 
туындыларының  осындай  ерекшелігінде  адам  белгілі  бір  нақтылы  тарихи 
жағдайда  көрінеді,  сонымен  бірге  оның  қоғамдағы  әлеуметтік-экономикалық 
жағдайлармен  байланысы,  қоғамда  басқа    адамдармен  қарым-қатынасы, 
мәдениеті,  тұрмыс-тіршілігі,  өмірі  мен  қызметі  көрініс  алады.  Өнердің  пәні 
болып  табылатын  алуан  түрлі  қырлары  мен  сырлары  арқылы  көрінетін,  өмірді 
өнер  иесі  қаламгер,  не  суретші  жан-жақты  зерттеп  таниды  да,  өз  қиялында 
қайтадан өңдеу арқылы көркем образдар жасайды (сурет 2). 
 
Cурет 1. Өнердің  өзге салалармен байланысы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Cурет 2. Өнер туындыларының ерекшеліктері 
 
ЭСТЕТИКА 
Өнер 
Саяси 
идеология, 
мәдениеттану 
Рухани өмір 
техникасы 
Мораль (этикалық) 
Өнер 
туындыла
ры 
тарихи 
жағдайдағы 
адам
 
бейнесі 
әлеуметтік-
экономикалық 
жағдайы 
 
мәдениеті 
тұрмыс-
тіршілігі 
адамдардың 
қарым-қатынасы
 
адам өмірі 
мен
 
қызметі
 
 

 
79 
Өнердің мәні мен өмір шындығын бейнелеу амал-тәсілдері, оның өзіне тән 
міндеті  –  өз  дәуіріндегі  халқын,  замандасын  қуаныш  пен  ләззәтқа  бөлеп, 
әсемдік сезімдерін оятып, танымдық маңыздылығы арқылы өнер 
туындыларын 
жасау. Осының  нәтижесінде  өнер  өмірді  сұлулықпен
   байытып,  адамдардың 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мұхамеджанов Б.Қ., Мұратбаева Г.А.
 
Болашақ  өнертану мамандарының кәсіби... 
 
 
 
эстетикалық  талғамын  қанағаттандыруды  қамтамасыз 
ететіні  сөзсіз.  Өнердің 
танымдық  маңызы  мен  адамдарға  тигізетін  идеялық-
  тәрбиелік  ықпалы  оның 
осы басты эстетикалық қызметі арқылы көрінеді. Өнердің танымдық маңызы 
мен  тәрбиелік  мәні  өзара  тығыз  байланысты,  оларды  бір-бірінен  бөліп 
қарауға болмайды. Өйткені өнер белгілі бір өмір шындығын тиімді көркемдік 
әдістермен  таныту  арқылы  адамның  сезімдері  мен  ақылына  әсер  етеді. 
Жақсыға жетелеп, жаманнан безіндіреді, әділетсіздіктен жирентеді.                
Бүгін  біздің  қоғамымызда  белгіленген  қасиеттеріне  байланысты 
өнертану  мамандары  өнер  туындыларының    танымдық  маңыздылығын, 
әлеуметтік  ықпалын    өте  жоғары  бағалай  білуінде.    Ғылымның  жеке  бір 
саласы  ретінде  өнер  әділ  әрі  шеберлікпен  сөйлеу  қасиеті  тұрғысынан 
қоғамдық және нақтылы ғылымдар тәсілін меңгереді.   
Көркем  шығармашылық    туындыларына  терең  бойлап,  оны    жоғары 
эстетикалық  талғаммен  әсемділігін  баяндау  болып  табылады.  Мұның  бәрін 
өнертанушы  өз  кәсіби  шеберлігіне  сай  дәуір,  замана  түсінігі  деңгейінен 
көруге, зерделеуге күш-жігерін салуы тиіс.  
Өнер  сыны  мен  оның  тарихы,  теориясы  бір-бірімен  тығыз  байланыста 
дамып  келеді.  Көркем  туындылары  белгілі    ғылымның  барлық  салаларында 
да  эстетикалық  талғаммен баға беріп,  оның мазмұн мен түр ерекшеліктерін 
анықтап,  олардың  тұтастық  сипатын  айқындау  мақсатында  талдау  тәсілін 
шеберлікпен пайдалануға бағытталуы қажет.  
Өнертану  ғылымы  өнер  тарихына  байланысты  құнды      деректер 
жинақтап,  оны  өңдеу,  зерттеу    жұмыстарын  жүргізуге  және  қорытындылар 
жасауға  үлкен  ғылыми-шығармашылық  істер  атқарады.  Өнертану  
ғылымының  маңыздылығын  көрсетуде    қазба  жұмыстарын  жүргізу  мен  
экспедиция  жұмыстарын  ұйымдастыру,  көне  ескерткіштерді    қалпына 
келтіру,  өңдеу,  тарихи    маңыздылығын  анықтай  келе,    тіркеу  және  жүйеге 
келтіру, белгілі суреткерлер мен олардың шығармалары  жөнінде мәліметтер 
жинақтау,  өмірбаяндық  және  басқа  да  анықтамаларды  жүйелеуді  жасау 
мұражайлық және көркемдік ғылыми каталогтар жасақтау, суреткердің әдеби 
мұраларын, естеліктерін, хаттары мен мақалаларын бастырып шығару сынды  
жұмыстар жиынтығы құрайды.    
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Қазақстан 2030. Алматы: Юрист, 2003. – 131 б.  
2.
 
Қазақ өнері: Энциклопедия. Алматы: Қазақстан даму институты, 2002. – 800 б.  
3.
 
Нұржанов Б.Ғ. Культурология: курс лекций. Алматы, 1994. 
4.
 
Гоголь Н.В. Шығыс жинағы. 1953, т.6. -34 б. 

 
80 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Р.ИБРАГИМОВ 
педагогика ғылымдарының докторы 
 
Ж.Қ.ДҮЙСЕНОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУДАҒЫ ІЗГІЛІК 
ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ РӨЛІ 
 
 
В этой статье рассматривается роль гуманной педагогики в подготовке будущих учителей. 
 
This article  deals   with the role of humanitarian teaching in training  future teachers.  
 
Өсіп  келе  жатқан  бүгінгі  ұрпақты  мәдениетті,  парасатты,  білікті, 
көргенді, көрегенді етіп тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жоғары деңгейге 
көтеру, қоғамды ілгерілету үдерісінде адами қасиеттерін дамытуға үлкен мән 
беру,  ұлттық  намысы  жоғары  ұлтжанды  өкілдерді  тәрбиелеу  ісі 
ұстаздарымыздың  еншісінде  екендігі  айқын  десек  те,  бұл  міндеттердің 
өмірлік  тәжірибеде  толық  мәнді  жүзеге  асырылмай  жататыны  да  белгілі. 
Олай  дейтініміздің  бір  себебі,  мектеп  мұғалімдері  мәртебесінің  өз 
дәрежесінде қоғамдық ортадан көрініс таппауы. 
Қазіргі кезде білімнің беделі төмендеп, мәдениеттің, рухани байлықтың 
мәртебесі 
құнсызданып 
отырған 
жағдайда 
А.А.Бейсенбаева 
бұл 
гуманитарлық мәселені шешудегі негізгі тұлға – мұғалімге үлкен мән береді 
және «Себебі білім беруді ізгілендіруде педагог маманның мәртебесін көтеру 
елімізді  өркениетті  мемлекеттер  деңгейіне  жеткізудің  басты  шарты  деп 
есептейміз»  -  деп  біледі  [1.11].  Педагог-ғалымның  бұл  пікірі  құптарлық  ой 
десек  те,  оның  қамтамасыз  етілуі  бірқатар  зерттеулердің,  жұмыстардың 
атқарылуын талап етеді. 
Зерттеу жұмысы барысында қарастырылып отырған тақырып аясында: 
1)  мектеп  мұғалімдері  және  олардың  білімі,  іскерліктері  мен  сапалық 
қасиеттері; 
2)  білім  беру,  оның  ішінде  жоғары  педагогикалық  білім  берудегі 
педагогика курсы және оның болашақ педагогтарды даярлаудағы рөлі; 
3) білім беруді ізгілендірудің мақсат, міндеттері
4)  гумандық  педагогиканың  қарастыратын  мәселесі  немесе  гумандық 
педагогиканың  рөлі  педагогикалық  еңбектердегі  сипатталуын  айқындау 
қажеттігі туындайды.  
Педагогикалық  жүйеде  педагогтың  атқарар  рөлі,  алатын  орны  өте 
жоғары  екендігі  белгілі.  Ол  жөнінде  қазақ  ағартушылары  және  жазушы 

 
81 
педагогтары  Ы.Алтынсарин  және  А.Байтұрсыновтың  айтқан  пікірлерінің 
мәні  өте  зор.  Мұғалім  туралы  қазақтың  аса  көрнекті  қайраткері,  ақын, 
аудармашы,  лингвист-ғалым  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Ең  әуелі  мектепке 
керегі білімді әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» 
деп баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Ибрагимов Р., Дүйсенова Ж.Қ.
 
Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы ізгілік педагогикасының рөлі 
 
  
Қазақ  халқының  баға  жетпес  асыл  арманына  айналған  ірі  зиялысы, 
ойшыл ғұлама, ағартушы педагогы М.Жұмабаевтың 1922 жылы Орынборда  
алғаш  жарық  көрген  тұңғыш  «Педагогика»  оқулығын  мұғалімге  тарту  етіп 
ұсынғаны  педагогтарымызға  белгілі.  Оның  ішінде  М.Жұмабаевтың 
мұғалімдерге:  «Қазақтың  қаны  бір,  жаны  бір  жолбасшысы    -  мұғалім. 
Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы 
бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі! 
Бірге  оқысқан,  бірге  оқытысқан  жылдарымыз  бір,  жолымыз  бір,  қазақ 
мұғалімдері!»  -  деп  педагогтарға  жоғары  баға  бере  отырып,  өзінің  төлтума 
еңбегін ұсынады [2.9]. Бұл айтылған ойлардан ұлы ағартушының мұғалімге, 
оның еңбегіне, қазақ халқының болашағына деген шынайы махаббатын, адал 
азаматтық ниетін байқауға болады. 
Педагогтардың  еңбегін  және  олар  жөніндегі  құнды  ой-пікірлердің 
мазмұнын  зерделей  келе,  А.А.Бейсенбаева  педагог  маман  тұлғасының  
моделін ұсынады: 
- педагог –  ол шын мәніндегі қоғамдық-әлеуметтік даму үдерісінің адам 
санасындағы күрделі жаңғыру барысына тікелей қатысы бар маман; 
-  педагогикалық  үдеріске  ие  бола  алатын  әрекетті  және  тұтастай 
толыққанды  қасиеті  бар,  шығармашылық  ойлау  қабілеті  жетілген,  өздігінен 
білім  алуға,  өзін-өзі  тәрбиелеу  дағдысы  қалыптасқан,  гуманистік  қоғамдық 
еңбек қатынасын орната алатын маман, педагог қазіргі заманның өркениетті, 
прогресшіл бағытына сай кәсіби бейнесі бар, ең жоғары мәдениетті маман
-  өз  бойында  жаңа  ойлау  жүйесін  қалыптастыра  алатын  болашақ 
мамандығына  қажетті  азаматтың,  адамгершілік  қасиетті  тәрбиелейтін,  оны 
бағалай  алатын  және  үнемі  жетілдіретін,  қазіргі  қоғам  өміріндегі  кең  қанат 
жайып  отырған  еңбек  үдерісі  жайында  жұмыс  істей  білуге  қабілетті,  білікті 
маман; 
-  бәсекелік  нарықтық  эканомика  негізінде  құрылған  қоғамда  іскерлік, 
өзгерісті  жағдайға  тез  бейімделгіш,  әрекетшіл,  қарым-қатынас  жасауға 
алдын-ала  талаптанушылық,  өз  ісінің  басқалардан  артықшылығын  көре 
білушілік,  істің  нәтижелі  болуына  көз  жеткізушілік  қасиеттері  қалыптасқан 
болашақтың жасампаз маманы. 
Шын  мәнінде,  бұл  модель  қоғамның  саяси-экономикалық,  әлеуметтік, 
рухани  дамуының  жаңаша  ойлауы  сатысында  жоғары  мектептің  оқу-тәрбие 
үдерісіне  өзгеріс  енгізуге  ықпал  жасайды.  Ол  жөнінде  педагог  ғалым: 
«...барлық тұлғалық қабілеті мен деңгейлік мүмкіндіктерінің еркін дамуына, 
шығармашылық  пен  кәсіби  талғамына,  ар-ожданының  имандылығына, 

 
82 
әлеуметтік  азаматтық  құқығының  қорғалуына  себеп  болады»  -  деп  түсінік 
береді. 
Білім беру ісін үздіксіз дамыту, сонымен бірге оқу-тәрбие жүйесін жаңа 
сатыға көтеру міндеттерін мұғалім қызметінсіз жүзеге асыру мүмкін еместігі 
белгілі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің бағдарламалық
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Ибрагимов Р., Дүйсенова Ж.Қ.
 
Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы ізгілік педагогикасының рөлі 
 
  
міндеттерін  шешу  болашақ  мамандардың  кәсіби  біліктілігіне,  мәдениетіне, 
рухани кемелдігіне тікелей байланысты.  
Мұғалімге  үлкен  мән  беру  кеңестік  кезеңнің  тұсында  да  орын  алған.  
«Халық мұғалімі  – жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің 
ең  қымбаттысы,  ең  құндысы  –  балаларды,  өзінің  үмітін,  өзінің  болашағын 
сеніп  тапсыратын  сенімді  өкілі.  Осы  аса  ізгі  және  аса  қиын  кәсіп,  бұған  өз 
өмірін  арнаған  адамнан  тұрақты  шығарманы,  ойдың  тынымсыз  жұмысын, 
орасан  зор  жан  жомарттығын,  балаларға  сүйіспеншілікті,  іске  шексіз 
адалдықты  талап  етеді»  -  деп  жалпы  білім  беретін  және  кәсіптік  мектеп 
реформасының негізгі бағыттарында атап көрсетілген [3.26]. 
Мұғалім  –  адамға  жан-жақты  білім  беретін,  адамды  адам  етіп 
тәрбиелейтін мамандық иесі. Тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан 
бері  бұл  қызметтің  ең  беделді,  әрі  ең  білгір  адамдарға  тапсырылатыны 
сондықтан.  Осыған  орай  біздің  қоғамымызда  мұғалім-тәрбиешілердің 
еңбегіне зор мән берілген.  
Мұғалім және оның  педагогикалық  іс-әрекеті жөнінде кезінде  көптеген 
ғұламалар,  педагог  –  ғалымдар  өздерінің  пікірлерін  жазып  қалдырған, 
мәселен,  олар:  француздың  ұлы  ойшыл  педагогі  Ж.Ж.Руссо  (1712-1772), 
швейцар  педагогі  И.Г.Песталоцци  (1746-1827),  т.б.  Кеңес  дәуірінің  ірі 
педагогі А.С.Макаренко (1888-1939) мұғалімнің өз ісіне жан-тәнімен берілуі, 
балаға  деген  зор  сүйіспеншілігін  көрсетеді  деп  білген.  Ж.Ж.Руссо  «Эмиль 
немесе  тәрбие  туралы»  деген  романында:  «Балалық  шақты  сүйіңіз,  оның 
ойынына,  жарқын  сезіміне  ілтипатты  болыңыздар»  -  деп  айтқан. 
А.С.Макаренко  балаға  деген  сүйіспеншілікті  талап  қоя  білушілікпен 
ұштастыру  керек  деп  әлденеше  рет  ескерткен.  Ал  В.А.Сухомлинский 
балалармен  күнделікті  қарым-қатынаста  болу  адамға  деген  сүйіспеншілік, 
сенімділік сынды қасиеттерді арттыратындығы туралы жазған. 
Мұғалім еңбегінің әлеуметтік құндылығы жөнінде Ян Амос Коменский 
мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған 
ешнәрсе  жоқ»  -  деп  жазса  [4.214],  К.Д.Ушинский  «Мұғалім  ісі  сырттай 
қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» - деп пікірін білдіреді.  
Мұғалімдер жөнінде жоғарыдағы айтылғандардан бөлек: 
-  мұғалім  қоғам  мен  өскелең  ұрпақ  арасындағы  байланыстырушы 
сарапшы; 
- мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам; 

 
83 
-  мұғалім  ең  күрделі  үдерістерді  –  жеке  адамды  қалыптастыру  үдерісін 
басқарады - деген мұғалім туралы мәнді де мағыналы пікірлерді кездестіруге 
болады [5.207]. 
Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру мен 
тәрбие және оқыту үдерісін басқарады. Сондықтан да қоғам мұғалімнен жан-
жақты  терең  ғылыми  білім, жоғары  педагогикалық  шеберлік, идеялық  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Ибрагимов Р., Дүйсенова Ж.Қ.
 
Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы ізгілік педагогикасының рөлі 
 
  
шыныққандық,  саяси-моральдық  қасиет,  табанды  ерік-жігер,  парасатты 
мінез-құлық талап етеді. 
Қай кезеңді алып қарасақ та мұғалім еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны 
және  қоғамдағы  алатын  орны  жағынан  ең  құрметті  болып  танылған. 
Педагогикалық  іс-әрекет  қиындығы  мол  қызмет.  Мұғалім  қабілеті  мен 
бейімділігі әр түрлі, қызығушылығы, мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, түсінігі 
мен  көзқарасы  әр  деңгейдегі  жасөспірімдерді  тәрбиелейді.  Олардың 
әрқайсысының  өзіндік  жекелеген  ерекшелігін  дамыта  отырып, 
ынтымақты,  тату-тәтті,  жарасымды  ұжымға  топтастыруды  көздейді 
Мұғалім әр балаға жеке адам деп шынайы қамқорлық жасағанды ұнатады. 
Адам жанын да, қоғамды да, табиғи ортаны да ізгілікке бөлейтін пәрменді 
ерекше құрал – мәдениет. Ал мұғалім мәдениетінің қайнар көзі - әдебиет 
пен өнер шығармалары. 
Қазіргі  заман  мұғалімі  қызметіндегі  ең  басты  ерекшеліктің  бірі  - 
жастарға  рухани-адамгершілік  құндылықтар  негізінде  ықпал  жасауды 
күшейту  және  сол  арқылы  еліміздің  нағыз  белсенді  азаматын, 
еңбеккерлерін және отан сүйгіш жас ұрпақты тәрбиелеп шығару. Бұл үшін 
мұғалім  табиғат,  қоғам,  адам,  айнала  қоршаған  дүние  туралы  үнемі 
ізденіп, жан-жақты білімін жетілдіруі шарт.  
Мұғалім адам тану мамандығының иесі. Себебі, бала енжар материал 
емес,  керісінше,  белсенді,  танымды  тасымалдаушы  субъекті.  Мұғалім 
еңбегі  іскерлікті,  сезгіштікті,  шыдамдылықты  әрі  сергектікті  талап  етеді.  
Мұғалім  –  бала  жанын  сезе  білуге,  түсінуге  бейім,  онымен  үнемі  бірге 
болудан,  араласудан  жалықпайтын  және  одан  өзіне  зор  ләззат  алатын 
адам. 
Мұғалімнің  балаға  деген  махаббатының  шынайылығы  оның 
бойындағы  барлық  қасиеттерді  ауыстыра  алмайды,  қайта  басқа 
қасиеттердің  айқын  көріне  түсуіне  негіз  болады.  Мұғалімнің  балаға 
сүйіспеншілік  сезіммен,  құрметпен  қарауы  балада  да  мұғалімге  деген 
сыйлау  сезімін  тудырады.  Мектеп  өміріне  көз  салсақ,  балалар  бір 
қарағанда алдымен математика, не физика, химия мұғалімін жақсы көреді 
немесе  ұнатпайды,  содан  кейін  біртіндеп  мұғаліммен  бірге  оның  беретін 
физика  не  химия  пәніне  қызығып,  не  теріс  көзқарас  көрсете  бастайды. 

 
84 
Екінші  жағынан,  балаға  шын  ықыласы  бар  мұғалімнің  өзінің  мамандық 
қызметіне  де  қызығушылығы  арта  түсетінін  көруге  болады.  Л.Н.Толстой 
мұғалім  өз  ісіне  деген  сүйіспеншілікті  оқушыға  деген  сүйіспеншілікпен 
біріктіре алса, онда ол - шын мәніндегі заман талабына сай мұғалім бола 
алатынын өсиет етіп айтқан. 
Мұғалім  еңбегінің  ерекшелігі  оның  баламен  үнемі  қарым-қатынаста 
болуымен және рухани араласуымен сипатталады. Сондықтан мұғалімнің  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Ибрагимов Р., Дүйсенова Ж.Қ.
 
Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы ізгілік педагогикасының рөлі 
 
  
жалпы  мәдениетінің  жоғары  дәрежеде  болуы  оның  интеллектуальдық 
мүмкіндігі,  ой-өрісінің  кеңдігі,  рухани  байлығы  педагогикалық  үдерісті 
тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.  
Педагогикалық  еңбектерде  «мұғалім  еңбегінің  объектісі  –  жансыз 
дүние  емес,  құрал-жабдық  өндірісі  де  емес,  өте  күрделі,  қарама-
қайшылықты  әрі  нәзік  тірі  организм,  жас  ұрпақтың  рухани  дүниесі»  деп 
орынды  айтылады.  Мұғалімде  педагогикалық  қабілет  пен  бейімділіктің 
болуы  –  оның  еңбегінің  нәтижелі  болуының  кепілі.  Педагогикалық 
қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне 
бастайды да, педагогикалық жоғары оқумен әрі қарай дамып, жетіледі. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы: РБК. 1995. 
115 бет. 
2.
 
Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі, 1992. 60 бет. 
3.
 
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттары. Алматы, 1984. 
4.
 
Коменский Я.А. Избр. пед. соч. Алматы, 1988, 214 бет. 
5.
 
Мамандыққа кіріспе. Алматы: Ана тілі. 1992. 207 бет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
85 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Б.А.ОСПАНОВА 
доктор педагогических наук 
МКТУ им. А.Ясави 
 
ОСОБЕННОСТИ НРАВСТВЕННОГО И ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОГО 
ВОСПИТАНИЯ В СИСТЕМЕ НЕПРЕРЫВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
Бұл мақалада үздіксіз білім беру жүйесіндегі әскери-патриоттық және адамгершілік тәрбиенің 
кейбір ерекшеліктері қарастырылады. 
 
The  article  deals  with  some  peculiarities  of  moral,  military  and  patriotic  training  in  the  system  of 
uninterrupted education. 
 
В  современных  условиях  очевидна  необходимость  разработки  и 
реализации 
новых 
подходов 
к 
определению 
приоритетов 
и 
основополагающих принципов нравственного и патриотического воспитания. 
Необходимость  формирования  патриотически-настроенного  подрастающего 
поколения вытекает из самой сути процесса модернизации образования. 
Не  случайно  во  всех  учебных  заведениях  одним  из  приоритетных 
вопросов воспитания считается нравственно-патриотическое воспитание.  
Проблема  нравственного  и  военно-патриотического  воспитания  в 
настоящее  время  обретает  новые  характеристики  и  соответственно  новые 
подходы к её решению как составной части целостного процесса социальной 
адаптации, жизненного самоопределения и становления личности. 
Современное социально-политическое и культурное развитие Казахстана 
на  прогрессивной  основе  связано  с  преобразованием  всех  сфер  её  жизни  и 
требует  оптимистичного  духовного  настроя  её  граждан.  Наиболее  емкой  и 
глубокой  формой  выражения  социального  оптимизма  выступает  такое 
важное гражданское качество личности, как патриотизм.  
Об актуальности исследования говорит и тот факт, что в последнее время 
стало больше внимания уделяться данной проблеме со стороны государства и 
общественных  объединений,  о  чем  свидетельствуют  нормативные 
документы,  связанные  с воспитанием  патриотизма.  В  рамках  программы по 
патриотическому  воспитанию  граждан  нашей  республики  особо  актуальной 
была  названа  задача  развития  гражданственности,  патриотизма,  как 
важнейших  духовно-нравственных  и  социальных  ценностей    у  молодого 
поколения.    Сегодня  нет  ни  одного  учебного  заведения,  где  вопросы 
патриотического воспитания учащейся молодежи не рассматривались бы как 
приоритетные.  Ориентируя  всех,  кто  причастен  к  ответственности  за 

 
86 
воспитание детей и молодежи на активную целенаправленную деятельность, 
программа указывает на важность разработки учебно-методических пособий 
и  рекомендаций  в  области  патриотического  воспитания  с  научным 
обоснованием 
путей 
приобщения 
подрастающего 
поколения 
к 
патриотическим ценностям, подготовке его к военной службе и достойному 
служению  Отечеству.    Отсюда  можно  говорить  о  чрезвычайной  важности 
проведения   специальных  педагогических   исследований,  направленных  на  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Оспанова Б.А. Особенности нравственного и военно-патриотического воспитания в системе... 
 
 
 
поиск  эффективных  систем  и  технологий  воспитательно-патриотической 
работы, отвечающей идеалам и ценностям нашей республики.  
Проблема  нравственного  и  военно-патриотического  воспитания 
подрастающего поколения многогранна и требует разностороннего изучения. 
Одним  из  актуальных  направлений  её  исследования  следует  считать 
выявление 
оптимальных 
социально-педагогических 
и 
психолого-
педагогических  механизмов  формирования  готовности  молодых  людей  к 
воинской  службе,  являющейся  священным  долгом  гражданина  страны. 
Педагогика  воспитания  воинского  долга,  как  черты  настоящего  мужчины, 
имеет отношение к любому возрасту, начиная с ранних лет, и только в этом 
случае  можно  говорить  о  возможности  подготовки  все  новых  и  новых 
поколений  защитников  Отечества.  Такое  понимание  сущности  военно-
патриотического  воспитания  молодого  поколения  сложилось  с  давних  пор, 
что  может  свидетельствовать  о  большом  накопленном  социальном  опыте  в 
этой  области.  Однако  проблема  подготовки  юношества  к  исполнению 
воинского  долга  чрезвычайно  обострилась  именно  в  наши  дни.  Это 
подтверждается 
социологическими 
опросами, 
результаты 
которых 
показывают  нежелание  значительной  части  молодых  людей  к  выполнению 
этой более чем важной гражданской ответственности  В то же время, нельзя 
не  отметить,  что  современная  педагогическая  наука  в  последние  годы  не 
обошла своим вниманием эту важную проблему [1.73]. 
Многие  аспекты  организации  нравственного  и  военно-патриотического 
воспитания  детей  и  молодежи  были  рассмотрены  в  исследованиях 
А.В.Барабанщикова, 
К.Б.Болеева, 
З.Т.Гасанова, 
Л.К.Керимова, 
А.А.Калюжного,  В.А.Ким,  Б.А.Тойлыбаева,  В.В.Серикова,  и  др.  В  связи  с 
принятием  Государственной  программы  патриотического  воспитания  во 
многих  научно-педагогических  работах  активно  обсуждались  различные 
аспекты  её  реализации:  концептуальные  положения,  нормативно-правовые 
механизмы,  система  конкретных  мероприятий  нравственно-патриотического 
содержания.  В  русле  поставленных  задач  был  выполнен 
ряд 
диссертационных исследований по ряду актуальных направлений [2.36]. 
В  настоящее  время  большое  число  диссертационных  исследований 
посвящено  проблеме  патриотического 
воспитания  дошкольников, 
учащихся  школ  и  студентов  вузов.  Результатом  этих  исследований 
является  разработка  концепций,  структурно-функциональных  моделей 

 
87 
патриотического  воспитания,  выделение  критериев  определения  уровней 
патриотической воспитанности.  
 Теоретический  анализ  состояния  проблемы  и  изучение  педагогического 
опыта  в  этой  области  показывают,  что  её  многоаспектность,  чрезвычайная 
сложность  и  высокая  общественно-государственная  значимость  требуют 
продолжения  исследования  и  других  вопросов.  Целенаправленная  и 
интенсивная  воспитательно-патриотическая  работа  в школьном периоде
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет