Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Жетібаев К.М. Кәсіби білім беру мекемесі түлектерінің біліктілік сипаттамасы жөнінде 
 
  
деңгейіне  қойылатын  талаптарды  ескерген  жөн.  Стандарт  құрылымындағы 
қосымшалар негізгі білімдік кәсіби бағдарламалардың міндетті ең аз мөлшері 
(минимумы) принциптік тұрғысынан айтарлықтай күрделіктерге соқтырмауы 
тиіс.     
Cолай болса да, Біліктілік сипаттамасының әдіснамасында және нақты  
қолданыстағы оқу-үйретім мазмұнын алаңсыз көңіл қоймай аттап өту мүмкін 
емес.  Ол,  нақты  жалпыланған  міндеттер  мен  іс-әрекеттер  бірізділігінде 
көрініс  береді.  Әсіресе,  айқын  мазмұн    Біліктілік  сипаттамасымен  бірге 
жүретін  диагностикалаудың  құралдары  ретіндегі  кешенді  біліктілік 
тапсырмалар топтарында байқалады.  
Стандарт дайындығында, бір қарағанда, осымен-ақ шектелуге болады.    
Алайда,  түлектің  біліктілік  сипаты,  білім  мазмұны  (білімдік  кәсіби 
бағдарламалар) және оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі стандарттың толық 
көлемін  құрамайды.  Осыдан  басқа  сұрақ  туындайды:  қай  деңгейдегі 
стандарт?  
Қорыта  айтқанда,  мемлекеттік  білім  стандартының    ажырамас  бөлігі 
ретіндегі  Біліктілік  сипаттамасына  үлкен  жауапкершілікпен  қарап,  ғылыми 
тұрғыдан зерттеліп, бүгінгі таңдағы маманның әлеуметтік  кәсіби  іс -әрекетін 
ғана  ескеріп  қоймастан,  оның    болашақтағы  бәсекеге  жарамдылығын  да 
ескеріп, міндетті талаптар қатарында (мемлекеттік бірлік )  тек қана кәсіптік 
емес,  әлеуметтік  те,  тұлғалық  та  сапаларын  алға  тарту  қажет.  Біліктілік 
сипаттамасы  мазмұнын,  маман  дайындығын  ұйымдастыру  және  маманның 
әлеуметтік    кәсіби  іс-әрекеті  араларындағы  байланыстырушы  элемент 
қызметін атқаруы тиіс.  
   
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 

 
120 
1.
 
Бромлей  Ю.В.  Этносоциальные  процессы:  теория,  история,  современность.  М.:  Просвещение. 
1982.  222-223-б. 
2.
 
Шымкент облысының мемлекеттік архиві. 355-ќор, 2-тізбе, 457-іс, 31-п. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Р.С.ОМАРОВА 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
 
А.С.МУСТОЯПОВА 
педагогика ғылымдарының кандидаты,  
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің доценті 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ-КРЕАТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ТҰЛҒА 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  
ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
В  статье  рассматриваются  проблемы,  связанные  с  дидактическими  особенностями 
формирования творческих интересов учащихся в условиях инновационно-креативного образования. 
В  связи  с  инновационным  характером  современного  образования  его  дидактическую  основу 
составляет  системное  описание  формирования  творческих  интересов  учащихся  с  теоретико-
методологических позиций.  
 
The  article  deals  with  some  matters  connected  with  didactic  peculiarities  of  formation  of  pupils' 
creative  interests  in  the  conditions  of  innovation  and  creative  education.    In  connection  with  innovation 
character  of  contemporary  education  didactic  basis  of  this  education  consists  of  systematic  description  of 
pupils’ creative interests from the point of theoretical and methodical positions.    
 
Қазақстан  Республикасының  “Бiлiм  беру  туралы”  Заңында  ұлттық  және 
жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке 
адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм беру 
және  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  және  тәни  күш-қуатын  жетiлдiру, 
жеке  тұлғаның  жан-жақты  толысуына  жағдай  жасай  отырып,  зерделi  азамат 
даярлау мiндетi көзделген. Демек, жастардың жас кезiнен-ақ бiлiм алуға баурап, 
өмiрлiк  белсендi  ұстанымы  бар  шығармашылыққа  қабілетті,  iзденiмпаз,  дербес 
тұлға тәрбиелеу мiндетi қойылып отыр [1.96]. 
Бұл  мiндеттердiң  жүзеге  асуы  оқушылардың  мектеп  қабырғасында  оқып 
жүрген  кезiнен  бастап,  шығармашылық  iс-әрекетке  ынталандыруға,  соның 
нәтижесiнде  шығармашылық  қызығушылығының  қалыптасуына  тiкелей 
байланысты.  

 
121 
Осыдан  шығатын  түйiн:  оқушылардың  оқу-танымдық  iс-әрекетiнде 
шығармашылық қызығушылығын дамытатын оқу процесiн ұйымдастыру, тиiмдi 
әдiс-тәсiлдерiн  пайдалану,  өзiндiк  жұмыс  iстеу  бiлiктерiн  қалыптастыру,  iздену 
аясын кеңiту өзектi мәселе болып табылады. 
Шығармашылық  қызығушылық  оқушының  оқу-танымдық  iс-әрекетiнiң 
жемiстi болуына, интеллектуалдық қорының молайып, нәтижесiнде жаңа түсiнiк, 
жаңа объектiнi, т.б. пайда етедi. 
Терең  бiлiмге  негiзделген  шығармашылықтың  қалыптасуы  оқушылардың 
игерген  бiлiмдерiн  қорытып,  ой  белсендiлiгiн  арттырып,  шығармашылық 
шыңына жетелейдi. 
Шығармашылық  қызығушылық  адамға  тән  қасиет  ретiнде,  рухани 
қажеттiлiк  ретiнде  субъектiде  қанағаттану  сезiмiн  тудырады.  Шығармашылық 
қызығушылықтың  бағытын  мотив  анықтайтындықтан,  оның  мазмұндық  жағы 
баланың қажетiне барып тiреледi. 
Оқушының  шығармашылық  iс-әрекетi  оның  ой  белсендiлiгiне  сүйенедi. 
Оқыту  процесiнде  оқушылардың  шығармашылық  қызығушылығын арттыруды  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омарова Р.С., Мустояпова А.С. Инновациялық-креативті білім беру жағдайында тұлға... 
 
 
 
мақсат  еткен  мұғалiм  сабақтың  барлық  кезеңдерiнде  олардың  ой  белсендiлiгiне 
мән бередi.  
Шығармашылық  қызығушылық  оқушының  iс-қимыл  жағдайы  ғана  емес, 
оның  iс-әрекетi  сапасы,  онда  оқушының  қызмет  мазмұны  мен  сипатына 
қатынасымен, өзiнiң рухани ерiк, күш-жiгерiн оқу-танымдық мақсаттарға жетуге 
жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрiнедi. 
Шығармашылыққа  қызығушылық  әрекетке  өздiгiнен  икемделудiң  сапалық 
көрiнiсiмен; мотивтi және белсендi қылықтың оқушыға тән арнаулы нысандары 
мен  тәсiлдерiн  синтездеумен;  өмiр  шындығының  белгiлi  бiр  жақтарына 
оқушының  тұрлаулы,  мiнез-құлықта  тиянақталған  қатынасымен  сипатталатын 
жүйелi бiлiм алу ретiнде қарастырылады. 
Оқушылардың  шығармашылық  қызығушылық  мәселесiне  қатысты 
еңбектердi талдай отырып, сонымен қатар тәжiрибелiк жұмыстар нәтижелерi мен 
өзiмiздiң жүргiзген зерттеу жұмыстары қорытындылары оған үш белгi тән деген 
тұжырым жасауға негiз болды:  
а) шығармашылық қызығушылықтың қоғамдағы маңыздылық бағыты;  
ә) шығармашылық қызығушылықтың интеллектуалдық сипаты;  
б) шығармашылық қызығушылықтың рухани-құндылық сипаты. 
Оқушылардың шығармашылық қызығушылығы күнделiктi оқу процесiнде 
қалыптаса бастайды. Қызығушылықтың қалыптасуына оқу-танымдық 
тапсырмаларды шығармашылықпен шешудiң маңызы зор. Мұндай 
тапсырмаларды орындау iзденiмпаздықпен жұмыс iстеу, мақсат қойып, оны 
жоспарлы әрекет етуден басталады. Нәтижеге жетуде жоспар екi негiзгi аспектiнi 
қамтуы керек: проблема жүйесi және оны шешу жолдары. 
Мұғалiм  оқушылардың  қызығушылығын  дамыту  мақсатында  арнайы 
тапсырмалар  жүйесiн  дайындауы  қажет.  Жұмыстың  бiрiншi  кезеңiнде  мұғалiм 
оқушыларға көкейкестi мәселенi шешуде жоспар құрудың әдiстемесiн көрсетедi. 
Екiншi кезеңде бағыт берiп, қажет жағдайда түсiндiрiп, көмек көрсетедi. Үшiншi 

 
122 
кезеңде  деңгейлiк  шығармашылық  тапсырмалар  бередi.  Оқу  жұмыстарымен 
қатар,  оқушылардың  шығармашылық  қызығушылығын  қалыптастыруда  
сыныптан  тыс  жұмыстардың,  шаралардың  маңызы  өте  зор.    Сыныптан  тыс 
жұмыстардың  бiлiмдiк,  тәрбиелiк  маңызын  ғалымдар  қолдайды  және  өзiндiк 
жұмыстарды  сыныптан  тыс  жұмыстар  кезеңiне  жатқызады.  Сондықтан,  жоғары 
сынып  оқушыларының  шығармашылық  қызығушылығын  қалыптастыруда 
сыныптағы және одан тыс жұмыстар бiрлiкте жүргiзiлуi тиiс. 
Жоғары 
сынып 
оқушыларының 
шығармашылық 
қызығушылығын 
қалыптастыруда  сыныптық  сабақ  жүйесiне  оқу  процесiн  ұйымдастырудың 
бiрқатар  кешендерiн  қосу  керек.  Оған:  экскурсия,  оқу  шеберханасындағы 
сабақтар, зерттеу жұмыстары, еңбек және өндiрiс түрлерi, сыныптан тыс жұмыс 
түрлерi  (пән  үйiрмелерi,  студия,  ғылыми  қоғам,  олимпиада,  байқаулар, 
конференциялар, т.б.). 
Оқытудың  бұл  түрлерi  ауқымында  жұмыстың  ұжымдық,  топтық,  жеке,  
даралап және саралап оқыту түрлерi ұйымдастырылады. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омарова Р.С., Мустояпова А.С. Инновациялық-креативті білім беру жағдайында тұлға... 
 
  
Сыныптағы  оқушылардың  бәрi  бiрдей  шығармашылық  iс-әрекетке 
белсендi  бола  бермейдi.  Оның  түрлi  себептерi  бар.  Сондықтан  оқушыларды 
шығармашылыққа баулу, оның жағымды жақтарын, қоғамдағы маңыздылық 
бағытын  сезiну  сияқы  құндылықтарын  түсiндiру  оңайға  түспейдi.  Мұндай 
маңызды  мiндеттердi  орындауда  сыныпiшiлiк,  мектепiшiлiк  “Ізденiмпаз  оқу 
тобын” құрған маңызды деп есептеймiз. 
“Iзденiмпаз  оқу  тобы”  мүшелерiн  таңдау  мұғалiмнiң,  сынып 
оқушыларының  қалауы  бойынша  жүргiзiледi.  Топ  мүшелерi  беделдi, 
iзденiмпаз,  белсендi  оқушыларды  қамтуы  керек.  Топтың  ұйымдастыруымен 
мектепте 
семинар, 
конференция, 
танымдық 
ойындар, 
лекциялар, 
экскурсиялар  т.б.  өткiзген  тиiмдi  нәтиже  беретiнi  зерттеу  барысында 
нақтыланды. 
Мұндай  жұмыс  түрiне  қойылатын  негiзгi  талап  –  мұғалiмнiң 
шығармашыл тұлғасының болуы мен шебер педагогикалық жетекшiлiк. 
Шебер  ұйымдастырылған  мұндай  жұмыстар  оқушылардың  оқу 
жұмыстарын даралауға жол ашады, олардың шығармашылық мүмкiндiктерiн 
көрсетедi, тұлғаның дамуын қамтамасыз етедi. 
Мұғалiм сыныптағы оқушыларды шартты түрде 2 топқа бөлуi керек: 
1)
 
оқу тобы; 
 
 
2) дербес топ. 
Оқу тобында оқушылар бiрдей тапсырма алып, оны шығармашылықпен 
орындау тәртiбiн мұғалiмнiң көмегi арқылы шешуге жаттығады. 
Дербес  топ  тақырып  шеңберiнде  әртүрлi  шығармашылық  тапсырмалар 
орындайды. 
Топтардағы  оқушы  саны  зерттеу  бiлiктерiнiң  қалыптасуына 
байланысты өзгерiп отыруы мүмкiн. 

 
123 
Жұмыс  кезiнде  оқушының  қандай  дәрежедегi  болмасын  жетiстiктерi 
мiндеттi түрде ұжымда айтылып, қолдау  табуы маңызды. 
Сыныпта  орындалатын  жұмыстар  жеке  тақырып  түрiне  көшiп,  өзiндiк 
жұмыстарға ұштасады. 
Сонымен,  шығармашылық  қызығушылықты  қалыптастыру  мәселесiн 
шешуде 
негiзiне 
сабақтағы 
оқушылардың 
өзара 
ықпалдастығы, 
ынтымақтастығы iс-әрекеттiң мына түрiнде көрiнiс табады деп ойлаймыз: 
1.
 
Оқу-танымдық 
ұжымдық 
жұмыс. 
Мұндай 
жұмыстарды 
ұйымдастыруда  берiлетiн  тапсырмалардың  түрiне проблемалық  мәселе  қою, 
теоремаларды  бiрiгiп  отырып  дәлелдеуi,  химиялық  қоспалар  арқылы 
тәжiрибелер жасау, көкейкестi мәселенi табу, т.б. 
2.
 
Топтық  жұмыс:  жұппен  жұмыс  iстеу,  тапсырмаларды  орындау 
жоспары  және  тәсiлдерiн  талқылау,  сауалдар  құру,  әңгiмелесу,  “дөңгелек 
үстел”, пiкiрталас, форум, семинар, ойын-сабақ, симпозиум, т.б. 
3.
 
Топ  жұмыстарының  бейнесi  ретiндегi  топтардың  өзара  тексеруi: 
орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсiнiк беру, өзара пiкiр  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омарова Р.С., Мустояпова А.С. Инновациялық-креативті білім беру жағдайында тұлға... 
 
  
айту  (ауызша,  жазбаша),  бағалау  бойынша  пайымдаулар,  өз  бетiнше 
орындалатын жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру, т.б. 
4.
 
“Iзденiмпаз оқу тобы” мүшелерiнiң жұмыстары. 
5.
 
Оқушылар  кездесуi:  көрме,  үлгiлi  жұмыстар  қорытындысын 
жариялау, оқушыларды марапаттау, т.б. 
Мұндай  жұмыстарды  ұйымдастыруда  психологиялық-педагогикалық 
тұрғыда әрбiр оқушыны iс-әрекет субъектi тәртiбiмен қамтамасыз ету, оның 
өзiн-өзi көрсетуiне көмектесу. 
Әдiстемелiк тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған мұндай жұмыстар оқу iс-
әрекеттерi  арқылы  педагогикалық  процестiң  қарама-қайшылықтарын 
шешуге, яғни әрбiр оқушының шығармашылық мүмкiндiгiнiң дамуына, жеке 
тұлға  ретiндегi  дербестiгiнiң,  шығармашылық  қызығушылығының,  сапалық 
қасиеттерiнiң  қалыптасуына  негiз  болады  деп  есептеймiз.  Оқушылардың 
шығармашылық  қызығушылығы  әртүрлi  дәрежеде  көрiнуi  мүмкiн. 
Алғашқыда  оқушының  танымдық  тапсырмаларды  өз  бетiнше  орындауынан  
ғана көрiнедi. Кейбiр оқушылар жаңа тәсiлдердi, ережелердi шығаруға икемдi 
келедi [2.31-35]. 
Мұғалiм  оқушылардың  мақсат  қойып,  оны  орындау  жолдарын  iздеуге 
бағыттайды,  өзiнiң  әрекетiне  сын  көзбен  қарау,  нәтиженi  талдауға  үйретедi. 
Сонымен  қатар,  шығармашылық  қызығушылық  талап  ету  мен  бақылау 
арқылы  да  дамиды.  Мұғалiм  қызықты  тапсырмалар  жүйесiн  жасап, 
тапсырманы шешудiң қарапайым әдiсiнен күрделiге ауыстырады. 
Тапсырманың  табысты  орындалуы  және  оған  дер  кезiнде  жақсы    баға 
берiлуi қызығушылықтың қалыптасуына, жетiлуiне жағдай жасайды.  
Сабақ  үстiнде  шығармашылық  қызығушылықтың  қалыптасуы  үшiн 
оқушылар мiндеттерiн көрсетсек: 

 
124 
-
 
мәселенi талқылауда белсендiлiк көрсету; 
-
 
өз пiкiрiн дәлелдеу және негiздеу; 
-
 
сұрақ қоя бiлу; 
-
 
жолдастарының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау, талдау; 
-
 
өз бетiмен өзiндiк жұмыс түрiн таңдау; 
-
 
танымдық  тапсырманың  шешiмдерiн    табуда  бiрнеше  нұсқасын 
көрсету; 
-
 
жұмысты шығармашылық қызығушылықпен жасай бiлу, т.б. 
Оқу  үрдiсiнде  мұғалiм  жаңа  ақпарат  беруiмен  шектелмей,  оқушының 
шығармашылық  қызығушылығын  қалыптастырудағы  негiзгi  мiндеттерiне 
тоқталсақ: 
-
 
жоғары сынып оқушыларының бiлiмдi шығармашылықпен меңгеруге 
дағдыландыру; 
-
 
оқу-танымдық  проблемаларды  шығармашылықпен  шешу  бiлiктерiн 
дамыту; 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омарова Р.С., Мустояпова А.С. Инновациялық-креативті білім беру жағдайында тұлға... 
 
 
-
 
оқушыларды 
оқу 
тапсырмасын 
орындау 
процесiнде 
түрлi 
операцияларды  қолдануға  (талдау,  салыстыру,  жинақтап  қорыту,  жалпылау, 
сәйкестеу, т.б.) үйрету; 
-
 
оқытудың ғылымилығын арттыру; 
-
 
ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; 
-
 
өзiндiк жұмыс iстеу бiлiктерiн қалыптастыру; 
-
 
танымдық бiлiктерiн дамыту; 
-
 
меңгерген  бiлiмiн  практикалық  жағдайда  қолдана  бiлуге  және  өмiрлiк 
белсендi ұстаным қалыптастыру; 
-
 
тапсырма  беруде  оқушының  шығармашылық  қызығушылығын 
қалыптастыру жағдайын ескеру. 
Демек, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру – 
танымдық  iс-әрекеттiң  сапалы  орындалуы,  өмiрлiк  белсендi  ұстаным,  терең 
бiлiм алудың кепiлi десек қателеспеймiз.  
Жоғары  сынып  оқушыларының  шығармашылық  қызығушылығын 
қалыптастыру өлшемдерi ретiнде мыналарды көрсетемiз: 
-
 
iргелi, ғылыми бiлiмдерiнiң болуы; 
-
 
өз  бетiнше  жұмыс  iстеу  бiлiктерi  және  оны    нақты  жағдайда 
қолдана бiлу; 
-
 
түрлi деңгейдегi танымдық тапсырмаларды шеше бiлу; 
-
 
белсендi, iзденiмпаздық әрекет; 
-
 
мақсаткерлiк және iс-әрекетке  сын көзбен қарау; 
-
 
интеллектуалдық ой белсендiлiгi. 
Жоғары  сынып  оқушыларының  шығармашылық  қызығушылығы 
компоненттерiне тоқталып өтелiк. 

 
125 
Жеке  тұлғалық    мотивациялық  -  әрекеттiң  iшкi  қозғаушы  күшi. 
Мотивтер  әрекеттiң  мазмұндық,  ерiктiк  т.б.  компоненттерiмен  қатар  жүрiп, 
олардың қалыпты дамуына ықпал етедi [3.78]. 
Баланың  оқуына  ерекше  әсер  ететiн  себептердiң  бiрi  –  мотивтер. 
Мотивтер  деп  белгiлi  әрекетке  итермелейтiн,  бағыттайтын  себептi  айтады. 
Оқушының  мотивтерi  оның  қажеттiлiгi  мен  қызығушылығына  байланысты. 
Бала жақсы оқуы үшiн, бiлiмнiң өмiрде керек екенiн түсiнуi қажет. Мотивтер 
баланың оқуға деген жағымды сезiмдерi мен эмоцияларын тудырады. Тiкелей 
сезiмдi  оятатын  ұнамды,  ұнамсыз  эмоцияға  негiзделген  мотивтер  бар. 
Мысалы,  ұнамды  мотивке:  мұғалiмнiң  сабақты  қызықты  жүргiзуi,  жаңа 
көрнекi  құралдар  немесе  оқытудың  техникалық  құралдарын  пайдалану 
нәтижесiнде  пайда  болған  мотивтердi  айтуға  болады.  Ал  ұнамсызға:  қатал 
мұғалiмнiң күтпеген жерде тексерген кезде “2” аламын деп қорқу, сыныптағы 
тәртiбi,  бiлiмi  жөнiнде  жiберген  қателiктер  нәтижесiнде  талқылау  объектiсi 
болғысы келмеу, т.б. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омарова Р.С., Мустояпова А.С. Инновациялық-креативті білім беру жағдайында тұлға... 
 
 
Танымдық  мотивтер  дұрыс  дамыған  жағдайда  оқушы  оқу  процесiнде 
кездесетiн  қиындықтарды  жеңiп,  шығармашылығы  дамиды,  жан-жақты 
бiлiмдi болуының қажеттiгiн сезiнедi. 
Мотив  –  адамның  қажеттiлiгiне  негiзделген,  белгiлi  бiр  iс-әрекетке 
талаптандыратын iшкi күшi. 
Биологиялық  мотив  –  адамның  физиологиялық  қажеттiлiктерiн 
көрсететiн талпынысы, қажетсiну жағдайлары, ұмтылысы. 
Әлеуметтiк мотив - қызығушылығы, идеясы, дәлелдемесi, т.б. 
Мотивтердiң  физиологиялық  негiзi.  Қажеттiлiк  мотивацияға  айналып, 
адамның орталық нерв жүйесiн және т.б. ағза әлеуетiн белсендiредi. 
Мотивация  өз  кезегiнде  сәйкес  функционалдық  жүйенi  белсендiредi, 
әсіресе  аференттi  синтез  және  iс-әрекет  нәтижесiнiң  акцепторын  белсендi 
етедi. 
Мотивация  функционалдық  жүйенiң  айрықша  жағдайын,  яғни 
интеграциясын  жасайды.  Ол  ағзаның  сәйкес  iс-әрекет  етуiне  дайындығын 
қамтамасыз етедi. Оның әсерiнен симпатикалық нерв жүйесiнiң қозуы пайда 
болып,  нәтижесiнде  вегетативтi  реакциялар  күшейедi  және  адам  ағзасының 
iздену 
белсендiлiгi 
өседi. 
Сонымен 
қатар, 
сәйкес 
қажеттiлiгi 
қанағаттандырылғанға  дейiн  көрiнетiн  жағымсыз  көлеңкесi  бар  субъективтi 
эмоциялық қапалану пайда болады. 
Жоғарыда  көрсетiлгендердiң  бәрi  адам  тiлегiнiң  орындалуына  жағдай 
жасайды. 
Доминантты  мотивациялық  қозу  адамның  жоғары  қажеттiлiгiн 
қанағаттандыратын, мақсаткерлiкпен iстеуге бағыттайды. 

 
126 
Сонымен,  мотив  оқушының  оқу  үлгерiмiнiң  ғана  емес,  сонымен  бiрге 
оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына негiз болады, ал шығармашылық 
қызығушылық осындай тұлғаның ажырағысыз сапасы болып табылады. 
Мазмұндық  компонент – iргелi теориялық,  пәндiк бiлiмi мен танымдық 
бiлiктердi, шығармашылық iс-әрекет туралы бiлiмiнiң деңгейiн қамтиды. 
Оқу-танымдық  қызметтiң  алға  қойған  мақсатына  сәйкес  жұмысты 
жоспарлай  бiлу  және  жұмыстың  мақсаты  мен  оқылатын  материалдың 
ерекшелiгiн  ескере  отырып,  өзiн-өзi  бақылау  бiлiктiлiгi  операциялық 
сипаттағы танымдық белсендiлiктiң қалыптасуының қосымша көрсеткiштерi 
болып  табылады.  Оқушы  тарапынан    бақылаудың  үлесi  сыныптан-сыныпқа 
көшкен  сайын  өзгере  бередi  (төмендейдi,  кейбiр  жағдайда  жоғарылайды), 
соның  нәтижесiнде  оқушылардың  өзiн-өзi  бақылауы  оның  iс-әрекетiнiң 
барған сайын кең саласын қамтуы тиiс.  
Демек,  терең  бiлiм  мен  танымдық  бiлiктер  оқушылардың  бiлiмдi 
теориялық, 
танымдық 
негiзде 
қорыта 
алуға 
мүмкiндiк 
берiп, 
интеллектуалдық 
белсендi 
ойлауын 
жандандырып,  шығармашылық 
қызығушылығын дамытады. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омарова Р.С., Мустояпова А.С. Инновациялық-креативті білім беру жағдайында тұлға... 
 
  
Интеллектуалдық  компонент  –  оқушының  оқу  және  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  орындауда  шығармашылық  қызығушылықтың  қоғамдық 
маңыздылығын,  қоғамдық  –  рухани  және  материалдық  құндылығындағы 
рөлiн сезiнуде үлкен мәнге ие. 
Процессуалдық    –  шығармашылық  iс-әрекеттiң  ажырамас  бөлiгi  болып 
табылады,  бұл  компоненттiң  негiзiнде  iс-әрекеттегi  қиыншылықтарды  жеңу 
жөнiндегi ерiк күшiн жұмсауға дайын тұрушылық және маңыздылық, өмiрлiк 
ұстаным жатыр. 
Жоғары сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесiне жасаған талдаулар 
және  олардың  шығармашылық  қызығушылығын  қалыптастыру  механизмi 
оқушылардың  жоғары  деңгейдегi  қызығушылығына  ықпал    ететiн   
принциптер жүйесiн жасауды талап етедi. 
Оқушылардың  шығармашылық  дербестiгiн  қалыптастыруда  мынадай 
принциптер маңызды деп есептеймiз: 
1)
 
оқушылардың шығармашылық қызығушылығын      қалыптастыру 
процесiне жүйелi, кешендi, тұлғалық-әрекеттiк көзқарас принципi; 
2)
 
оқушылардың жас және жеке ерекшелiктерiн ескеру принципi; 
3)
 
шығармашылық iс-әрекетке белсендi көзқарас принципi; 
4)
 
оқу жұмысы мен өзiндiк жұмыстардың сабақтастық принципi; 
5)
 
шығармашылық iс-әрекеттiң қоғамдық маңыздылық принципi; 
6)
 
шығармашылық 
қызығушылықтың 
оқушы 
жеке 
тұлғасын  
қалыптастырудағы  маңыздылығын ескеру принципi. 
Сонымен, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың 
принциптерi  мен  деңгейлерiн,  компоненттерi  мен  өлшем,  көрсеткiштерiн 

 
127 
анықтау  шығармашылық  жұмыстарының  формаларын,  әдiстерiн,  мазмұнын 
айқындауға мүмкiндiк бередi. 
Жоғарыда 
айтылғандарды 
қорытындылай 
келе, 
әр 
баланың 
шығармашылық  мүмкіндігінің  дамуы  үшін,  жеке  тұлға  ретіндегі 
шығармашылық  қызығушылығының    қалыптасуы  үшін  мұғалім  оқушының 
қажеттілігіне  негізделген,  белгілі  бір  іс-әрекетке  талаптандыратын,  яғни, 
тікелей  сезімді  оятатын,  ұнамды  эмоцияға  негізделген  танымдық  мотивтін 
оятса, бала бойындағы шығармашылық қызығушылығын жандандыра алары 
сөзсіз.                                                                              
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
ҚР «Білім туралы» Заңы. – Алматы: Литера, 2000. 
2.
 
Нурлыбекова А.Б. Проблемы профессиональной подготовки будущих специалистов //Вестник 
АГУ им. Абая, 2004. 
3.
 
Верткин И.М. О качествах творческой личности /В сб.: Нить в лабиринте. – Петрозаводск, 1988. 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Ә.Е.ӘБУОВ  
педагогика ғылымдарының кандидаты 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ 
 
ЖАҺАНДАНУ КОНЦЕПЦИЯСЫН ҒЫЛЫМИ ТАЛДАУДЫҢ КЕЙБІР 
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
В  данной  статье      рассматриваются    некоторые  научно-теоретические  проблемы  концепции 
глобализации.  Также  определены  новые  качества  глобализации  относительно  всемирных 
ассоциаций. 
 
The  article  deals  with  some  scientific  and  theoretical  problems  of  globalization  concept.  Some  new 
qualities of globalization concerning world associations have been defined as well. 
  
Бүкіл  ХХ  ғасырдың  өн  бойында  адамзат  алуан  түрлі  жаһандық 
мәселелермен  тұспа-тұс  келіп  отырды.  Ол  үшін  дүниежүзілік  екі  соғысты, 
фашизм  мен  ұлтшылдықтың  пайда  болуын,  ядролық  қару  мен  Жер  бетінде 
тіршілік  атаулының  құрып  кету  қаупін  және  т.б.  еске  алудың  өзі  жеткілікті 
болып табылады. Алайда, өкінішке орай, осы орын алған жағдайлардан сабақ 
алып,  адамзатқа  төнетін  барлық  қауіп-қатердің  алдын  алдық  деп  тұжырым 
жасай алмаймыз. Қазіргі таңда қуатты бес күш әлемдік қауымдастықты жаңа 
бір  жағдайға  алып  бара  жатыр.  Алғашқысы  –  бір  өрістіліктің 
(однополярность) белгіленуі, екіншісі  – әлемдік экономиканың жаһандануы, 
үшіншісі  –  ұлттар  мен  мемлекеттердің  әлсіреуі,  төртіншісі  –  өркениеттік 
сәйкестілікті  іздестіру,  бесіншісі  –  әлемдік  қауымдастықтың  басым  бөлігі 
болып  табылатын  кедейлердің  бас  көтеруі.  Яғни,  біздер  мұнда  әлемнің  бес 
басты  түрткісі  –  күш-қуаттылық,  байлық,  хаос,  ұқсастық  пен  әділеттілік 
туралы  әңгіме қозғап  отырмыз.  Ресейдің  танымал  ғаламы  А.Уткиннің  пікірі 

 
128 
бойынша,  осы  түрткілердің  әсерінен  «әлемдік  тәртіп  қайта  түзеледі,  жаңа 
геосаяси, экономикалық, өркениеттік әлем белгісі қалыптасатын болады» [1]. 
«Әлемде  жаңа  тәртіптің  орнауы»  нәтижесінде  ұлттық  ұдайы  өндіруші 
тетіктерінің  шоғырлануы  мен  олардың  бір  кеңістікке  жұмылдырылуы 
негізінде  қазіргі  әлемдік  шаруашылық  құрылыстың  бүкіл  сипаты  түбірімен 
өзгеріске  ұшырап,  маңызды  алғышарттар  пайда  болады.  Негізінде,  әлемдік 
өндірісті  қайта  ұйымдастыруға  деген  көлемді  қозғалыстар  шаруашылық 
өкілеттіліктерді қайта бөліске салуда, басымдықтарды қайта қарауға, әлемдік 
шаруашылық байланыстар мен өзара әрекеттестіктердің кәдуілгі көріністерін 
өзгертуге қабілетті прерогативтерді құрастыруға алып келуі мүмкін. Басқаша 
айтқанда,  жаһандану  барысында  әлемдік  кеңістікті  бір  аймаққа  біріктіретін 
әлемдік  байланыстардың  жаңа  түрі  пайда  болады.  Жаһандану  осындай 
әрекеттері  арқылы  «халықаралық  құқықтық  және  мәдени-ақпараттық  өрісті, 
өзіндік  бір  аймақаралық  ақпараттық  алмасу  инфрақұрылымын  құруды 
қарастырады. Жаһандану әлемдік қауымдастыққа жаңа қасиет береді, ал осы 
үдерістің пайымына бару біздер үшін әлем туралы ұғымның алмасу кезеңінде 
дұрыс бағдар алуға мүмкіндік береді» [2.84]. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Әбуов Ә.Е. Жаһандану концепциясын ғылыми талдаудың кейбір теориялық мәселелері 
 
  
Қазіргі  таңда  жаһандану,  ең  алдымен,  бүгінгі  орын  алып  отырған 
халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен серпінді техникалық 
прогресті  қамтамасыз  ететін  өндірістік  күштердің  (көлік,  байланыс 
құралдары, әлемдік компьютерлік желілер және т.б.) даму деңгейіне қатысты 
болып  келеді.  Осы  орасан  ғылыми-техникалық  прогресс  әлемнің  бейнесін 
түбірімен  өзгертіп,  жаһандануға  алып  келді,  алуан  түрлі  халықтарды  бір-
біріне  жақындата  түсті.  Солай  дей  тұрғанымызбен,  қазіргі  жаһандану  бір 
жақты  сипатқа  ие  емес.  Өте  ауқымды  болып  келетін  өндірістік-қаржы 
ресурстарының трансұлттық корпорациялардың қолына шоғырлануы оларды, 
шындығында, әлемнің нағыз қожасына айналдырады, нәтижеде трансұлттық 
мемлекеттер өз егемендігінен айрылып, өз елдерінің нарықтарындағы қаржы-
экономикалық жағдайды бақылау тізгінін босатып алады [3.31-32]. 
Жаһандану  мәселесін  талқылай  отырып,  бірқатар  маңызды  теориялық 
және  әдіснамалық  мәселелерді  алға  қойған,  оның  шешімін  табу  жолдарын 
іздестірген  пайдалы.  Ең  алдымен,  жаһандану  дегеніміз  –  бұл,  шындығында, 
адамзат тарихында теңдесі жоқ жаңа бір құбылыс па, әлде ол кейбір тұрақты 
үрдістерді  біршама  сипаттай  ма  деген  сұрақтар  төңірегінде  ой  өрбіту  керек 
болады. Расында, егер ілгеріде мұндай үрдістер орын алған болса, онда оның 
кейбір  салдарлары  бүгінде  біздерге  сабақ  болуға  тиіс  емес  пе?  Француз 
тарихшысы Фернан Бродель өзінің «Әлем дәуірі»,  «XV-XVIII ғасырлардағы 
материалдық  өркениет,  экономика  және  капитализм»  атты  еңбектерінде 
(1979)  адамзат  тарихындағы  бірнеше  жаһандану  кезеңдерін  сипаттайды: 
Ежелгі  Финикия,  Карфаген,  Христиандық  Еуропа,  Ислам,  Московия,  Қытай 
және Үндістан. Жаһанданудың бұл түрі империя пішінінде келеді [4]. 

 
129 
Адамзат  өркениетінің  түрлі  даму  деңгейлерінде  жаһандану  қадамдары 
ежелгі, жаңа және ең жаңа тарихта да орын алды. Ежелгі тарихта оған «алуан 
түрлі  халықтар  мекен  еткен  орасан  үлкен  аумақты  біріктіре  білген  Рим 
империясының  құрылуы»  мысал  бола  алады.  Ежелгі  Римде  бірыңғай 
әкімшілік-шаруашылық 
жүйе, 
шаруашылық 
қызметті 
реттейтін 
біріздендірілген заңдар (рим құқығы) мен баршаға ортақ бір ғана мемлекеттік 
тіл болды [4.30]. 
Егер  тарихқа  осы  көзқарас  тұрғысынан  қарайтын  болсақ,  «әр  дәуірде 
адамдардың  қол  жетіп  отырған,  жаһандық  сипатқа  ие  ойлар  мен 
бағдарламаларды жүзеге асыруға деген талпыныстарды көреміз» [5.3]. 
Александр  Македонскийдің,  Шыңғысханның  және  т.б.  «жаһандық» 
империя құруға деген ұмтылыстарын еске алып көрейік. Жак Аттали адамзат 
тарихында үш кезеңді ерекше бөлек атап өтеді: діни, жаугершілік және сауда. 
Алғашқысы    –  Құдай  культіне,  екіншісі  –  Күш  культіне,  үшіншісі  –  Ақша 
культіне  негізделді.  Егер  діни  құрылыстың  басында  священник  (біздіңше, 
имам    –    Ә.Ә.)  болса,  ал  жаугершілікте    –  көсем  (король,  патша  және  т.б.), 
саудада    –  қаржыгер  немесе  саудагер  тұрды.  Оның  ең  жоғарғы  көрінісі 
әлемнің азаматы ретінде дүние кезіп жүретін «жаңа көшпенді» болды [6].  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Әбуов Ә.Е. Жаһандану концепциясын ғылыми талдаудың кейбір теориялық мәселелері 
 
  
Ж.Атталиге сүйенсек, алғашқы екі кезеңді жаһандану бойынша жасалған 
сәтсіз  қадамдар  деп  бағалауға  болады,  яғни  мұнда  мемлекеттер  арасындағы 
шекараларды  жоюға  әрекет  жасалды.  Мәселен,  діни  дәуірде  христиандар 
адамзатты Иса тәңірінің, ал мұсылмандар Алла жолында біріктірмек болды. 
Жаугершілік  дәуірінде  мұндай  талпынысқа  ұлы  қолбасшылар  Александр 
Македонский  мен  Шыңғысхан  барды.  Алайда,  дін  мен  қарудың  күші 
адамзатты соңына дейін жеткізе біріктіруге қауқарсыз болып шықты.  
Жаһандануға  деген  үшінші  ұмтылысты  қаржыгерлер  элитасының  жаңа 
өкілдері жүзеге асыратын болады, оларды Ж.Аттали «жаңа көшпенділер» деп 
атайды.  Олар  –  сауда  құрылысының  жаңа  түрін  әкелушілер,  олар  –  әлдебір 
ұлттық  немесе  мәдени  пайымдаулардан  алшақ  келетін  әлемнің  жаңа 
азаматтары.  Ж.Аттали  бұл  адамдар  туралы:  «Олар  өмір  ырғағын  теріс 
айналдыра  түсіп,  адамның  мәдениетке,  ғылымға,  отбасына,  Отанға,  әлемге 
деген  қатынасын  түбегейлі  өзгертетін  болады»  [6]  деп  жазады. 
«Қаржыгерлер,  Ж.Атталидің  көзқарасы  бойынша,  әлемдік  үкіметке  айнала 
отырып,  мемлекеттен  үстем  және  ұлттан  да  үстем  болып  келетін  элита 
ретінде  асқақтайтын  болады.  Заманауи  ақпараттық  технологияларды 
пайдалана отырып, олар планетаны бірыңғай қаржы-экономикалық кеңістікке 
айналдырады, мұнда адамның өзі тауарға айналып кете барады» [6]. 
Адамзаттың жаңа тарихында жаһанданудың талпыныстары ретінде Ұлы 
Француз  революциясынан  кейінгі  Францияның  жүргізген  соғыстарын, 
Наполеон басқарған соғысты атап көрсетуге болады. Осы соғыс нәтижесінде 
Еуропаның  басым  бөлігін  біріктірген  Наполеон  Бонапарт  империясы 
құрылды [3.30]. Жиырмасыншы ғасырда болып өткен екі соғыс та жаһандық 

 
130 
сипатта  болды.  Сондықтан  қазіргі  таңдағы  жаһандану  феноменінің  мән-
жайын  ұғыну  үшін,  жаһанданудың  бұрын  иеленген  пішіндерін  тану  қажет 
болады. 
Жаһандану  мәселесіндегі  негізгі  түсінік  –  кезінде  Иммануель 
Уоллерстайн  және  Фернан  Бродель  жазып  өткен  әлем  экономикасы  болып 
табылады. Француз тарихшысы Фернан Бродель бұл жөнінде былай деп атап 
өтеді:  «капиталистік  жаһандану  саяси-географиялық  кеңістікті  моделдейді. 
Бір  ғана  орталықтың,  қаланың,  тыныс  алушы  организмнің  айналасында 
«көлемі  жағынан  екінші  маңызға  ие    жұлдыздар»  әрекет  ететін  болады, 
...мұндай  кеңістіктік  иерархияда  орталық  –  шеткері  аймақ  (периферия) 
қатынасы басымдық танытады [4].  
Сондықтан мұнда негізгі мәселелердің бірі жаһанданудан кім ұтып, кім 
«жұтылады»  деген  сауалмен  байланысты  болып  келеді.  Әрине,  мұнда  бай 
елдер  немесе  индивидтер  басым  орынды  иеленеді.  Кейбір  оппоненттерде 
кірістердің  жаһандақ  конвергенциясы  орын  алуы  мүмкін,  өйткені  кедей 
мемлекеттердің  экономикасы  бай  елдерге  қарағанда  жедел  қарқынмен 
дамиды  деген  пікір  айтады. Негізінде, жылдам 
даму барлық мемлекеттерге
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Әбуов Ә.Е. Жаһандану концепциясын ғылыми талдаудың кейбір теориялық мәселелері 
 
  
тән  емес,  экономикалық  тұрғыдан  нашар  дамыған  елдер  бай  елдерге 
қарағанда  баяу  қарқынымен  ерекшеленеді.  Соған  орай  олардың 
жаһанданудан алар пайдасы да аз болып келмек.  
Жаһанданудың оң және теріс жақтарына талдау жасай келе, малайзиялық 
танымал  ғалым  Музаффар  Чандра  оның  бір  ғана  оң  нәтижесі  «жанама 
өнімде»  деп  атап  көрсетеді.  «Оның  нағыз  себебі  пайданы  барынша 
көбейтуден  көрінеді»,-деп  жазады  ол,  сондықтан  жаһандану  «бүкіл    тарих 
бойында  адамзат  өркениетінің  тұтастығына  маңызды  қауіп  төндіретін 
қатерлердің  бірі  болуы  мүмкін»  [7].  Алайда,  «жаһандану  дін  мен  мәдениет 
үшін  белгілі  бір  оң    элементтер  әкелетіндіктен,  одан  толық  бойды  аулақ 
салудың да қажеті жоқ. Этикалық және моральдық ережелер қысқа мерзімдік 
және  ұзақ  мерзімдік  стратегияда  экономикалық  қызмет  атқару  кезінде 
ескерілуі тиіс. Нарық этикалық принциптермен реттелініп отыруы қажет» деп 
санайды ол. Оның пікірінше, «ислам және басқа да дін интеллектуалдарына 
қарсы  тұру  дінмен  үйлесе  отырып,  жаһандану  үдерісіне  енгізілген 
адамгершілік және экономикалық жағынан негізделген саясаттан көрінеді [7]. 
Егер  де  жаһанданудың  артықшылықтары  туралы  айтар  болсақ, 
жаһандану  халықаралық  бәсекелестікті  өршіте  түседі.  Бәсекелестік  пен 
нарықтың кеңеюі мамандану және халықаралық еңбек бөлінісін тереңдетуге 
әкеледі.  Жаһанданудың  тағы  бір  артықшылығы  –  өндіріс  ауқымындағы 
үнемділік, мұның өзі ысырапшылыққа жол бермеу мен бағаның төмендеуіне, 
соның салдарынан тұрақты экономикалық дамуға әкеледі.  
Егер де жаһанданудың оң және теріс жақтарын саралайтын болсақ, оның 
өзі әлемдік жүйенің сипатына байланысты болады. Егер әлем қақтығыстарға 

 
131 
толы  болса,  онда  ол  мүлдем  теріс  сипат  алады.  Керісінше,  әлем 
ынтымақтастыққа қарай бет түзесе, онда жаһандану оң әсер береді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Уткин  А.  Геоструктура  ХХI  века.  Наступает  время,  когда  пророчества  обернутся  приговорами 
//Независимая газета. 2000, 1 сентября. 
2.
 
Володин А.Г., Широков Г.К. Глобализация: истоки, тенденции, перспективы //Полис. 1999. №5. С.84. 
3.
 
Долгов Б.В. Процесс глобализации и развивающиеся страны (на примере Алжира) //Ближний Восток 
и современность. Сб. статьей. Вып. ХIII. Отв. ред. В.А.Исаев,  А.О.Филоник. – М., 2002. С.31-32. 
4.
 
Жак Ле Гофф. Труды и дни глобализации. Феномен глобализации состоит в формировании сетей и 
управлении ими. 
http://stop-wto.narod.ru/bib14.htm
 
5.
 
Матвеев  Р.Ф.  Методологические  и  теоретические  проблемы  глобализации  /Материалы 
межвузовской  научной  конференции  «Новая»  Россия:  национальные  интересы  в  глобальном 
контексте». 7-8 декабря, 2001. – М., РГТУ, 2001. С.3. 
6.
 
Даниленко  В.П.  Глобалисткая  картина  мира  или  глобалистика,  глобализм,  антиглобализм, 
глобализация 
и 
антиглобалисткая 
борьба. 
Персональный 
сайт 
автора 
http//www.islu.irk.ru/danilenko/articles/glob/htm 
7.
 
Музаффар Чандра. Глобализация и религия //www.islam.kiev/ua 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Г.А.МҰРАТБАЕВА
 
 
педагогика ғылымдарының кандидаты 
Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА 
 
БОЛАШАҚ ӨНЕРТАНУ МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ  
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
  
В  данной  статье  рассмотрены  некоторые  особенности  проблемного  обучения  в 
совершенствовании 
профессиональной 
творческой 
подготовки 
будущих 
специалистов 
искусствоведения.   
 
The article deals with some peculiarities of problematic teaching in the improvement of professional 
creative activity of future specialists in art-criticism.   
 
Білім  беру  үрдісінде  тұлғалық  дамудың    философиясы  адамды 
қалыптастыру  ғана  емес,  шығармашыл  тұлғасын  дамытуға  көмектесуден 
тұратын  тұлғалық-дамытушы  оқыту  теориясын  құру  үшін  теориялық 
алғышарт  қажет.  Мұндағы  негізгі    дидактикалық  мақсат  жаңа  әлемдік  сана 
мен  өзіндік  сананы  қалыптастыруға  мүмкіндігі  мол  мәдени-тарихи  (немесе 
социомәдени)  педагогиканың  құрамды  бөлігі  болып  табылады,  ал  мәні 
оқытудың  дәстүрлі  көрсетілген  ұстанымдар    шығармашылық  пен  қоғамдық 
«сананы өсірудің» қосылуынан тұрады. Мұны жүзеге асырудың шарты білім 
беруде  қойылатын  мәдениет  талабының  басымдылығы  болып  табылады. 
Сондықтан  оқытудың  жаңаша  жүйесін  ұсынуда    әдістемелік  міндеттермен 
қатар    мәдени,  рухани  бастауларды  негізге  алып  проблемалық  оқыту 
ерекшеліктерін тиімді пайдалана білу  қажет.  
Проблемалық  оқыту  дәстүрлі  оқытудың  ерекшеліктерімен  байланысты, 
студенттердің  ақыл-ойларын  дамыту  мүмкіндіктерін  және  бәрінен  бұрын  - 
шығармашылық 
қызығушылықтарын 
дербес 
танымдық 
іс-әрекетке 
қабілеттерін  дамытуды  ұсынады.  Тұжырымдаманы  жасау  соңғы  жылдары 

 
132 
ғылыми  ақпараттың  жалпы  көлемінің  шапшаң  артуымен  байланысты: 
ғалымдардың  пікірінше,  ол  әрбір  сегіз  жылда  екі  есе  ұлғайып    отырады. 
Ғылыми  ақпараттың  қарқынды  өсімтал  ағыны  ғылыми  білімдердің  жалпы 
саны мен жоғары оқу орындарында меңгерілетін білім мен олардың бөліктері 
арасындағы  өзгешеліктер  әр  жылда  артып  отыруына  алып  келді.  Өмірдің 
тасқынды  ағымынан,  ғылым  мен  техниканың  қарқынды  үрдісінен  қалып 
қоймау үшін өмір бойы оқу, өз білімін толықтыру қажет. 
Проблемалық  оқытудың  теориясы  мен  тәжірибесіне  арналған  іргелі 
зерттеулер  1960  жылдың    аяғы  мен  1970  жылдың    басында  жүргізілді 
(Т.В.Кудрявцев [1], А.М.Матюшкин [2], М.И.Махмутов [3], В.Оконь [4] және 
т.б.). Ғалымдардың   еңбектеріндегі  негізгі ой - проблемалық оқытудың мәні 
студенттер  алдында  проблемалық  жағдаяттарды    ұйымдастырыра  білуге, 
студент пен оқытушының біріккен іс-әрекетінде осы жағдаяттарды түсінуге, 
қабылдауға  және шешуге  бағытталады. 
Проблемалық  оқытудың  кез-келген  басқа  оқытудан  ерекшелігі 
студенттерге   қажетті  білім, білік  және  дағдылар  жүйесін қалыптастыруға  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мұратбаева Г.А. Болашақ өнертану мамандарының кәсіби шығармашылығын жетілдіруде... 
 
  
ғана  емес,  сонымен  бірге,  студенттердің  ақыл-ойлары  дамуының  жоғары 
деңгейіне  жетуіне,  оларда  өзін-өзі  оқыту,  өзіндік  білім  алу  қабілеттерін 
дамытуға  да  мүмкіндік  береді.  Осы  екі  міндет  те  проблемалық  оқыту 
процесінде ғана үлкен табыспен жүзеге асуы мүмкін, себебі оқу материалын 
меңгеру  студенттердің  белсенді  ізденушілік  іс-әрекеті  барысында,  олардың 
проблемалы-танымдық  міндеттер  жүйесін  шешу  процесінде  өтеді.          
Проблемалық оқытудың маңызды мақсаттарының бірі: ақыл-ой іс-әрекетінің 
ерекше  түрін,  шығармашылық  қызығушылық  пен  зерттеушілік,  танымдық 
белсенділік  пен  студенттердің  шығармашылық  мәдениетін  қалыптастыруда 
маңыздылығын атап өтуіміз керек. 
Проблемалық  оқыту  жалпы  түрінде  мыналардан  тұрады:  студенттер 
алдында  проблема  қойылады  және  олар  оқытушының  тікелей  қатысуымен 
немесе  дербес  оны  шешудің  жолдары  мен  тәсілдерін  іздестіреді,  яғни, 
болжам  құрады,  оның  ақиқаттығын  тексерудің  тәсілдерін  белгілейді  және 
талқылайды,  дәлел  келтіреді,  эксперименттер,  бақылау  жүргізеді,  олардың 
нәтижелерін  талдайды,  пікірлеседі,  дәлелдейді.  Бұл,  мысалы,  өнер 
туындыларының  маңыздылығын,  сахналық  көріністер  мен  көрмелерге 
байланысты креативтік ойлауды қалыптастыру.  
Педагог    шығармашылық  іс-әрекетті,  ізденісті  ұйымдастырушы 
тәжірибелі дирижерға ұқсайды, кей жағдайда ол бұл  ізденісті студенттердің 
көмегімен  өзі  жүргізуі  де  мүмкін.  Проблема  қоя  отырып,  оны  шешудің 
жолдарын  ашады,  студенттермен  пікірлеседі,  болжамдарды  айтады,  оларды  
бірге талқылайды, қарсы пікірді теріске шығарады, ақиқаттығын дәлелдейді. 
Басқаша айтқанда, педагог шәкіртіне ғылыми ойлаудың жолдарын көрсетеді, 
оларды ойлаудың ақиқатқа қарай диалектикалық қозғалысын бақылауға алып 
келеді,  оларды  ғылыми  ізденіске  қатысушы  етеді.  Басқа  жағдайда  педагог 

 
133 
рөлі  минимальды  болуы  мүмкін.  Ол  студенттерге    проблеманы  шешу 
жолдарын  дербес  іздеу  мүмкіндігін  ұсынады.  Педагог  мұнда  да  енжар 
бағытты  иеленбейді,  нәтижесіз  ұмтылыс  пен  қажетсіз  уақыт  шығынын 
болдырмау  үшін  жағдайда  елеусіз  түрде  студенттер  ойларын  бағыттап 
отырады. 
Проблемалық  оқыту  технологиясын  қолдану  негізінде    болашақ 
өнертану мамандарына: 
-  ғылыми,  шығармашылық  және  логикалық  ойлауға  үйретуге  мүмкіндік 
береді; 
- білімнің өзінің сенімді тұғырына айналуына мүмкіндік жасайды; 
-оларда  терең  интеллектуалдық  сезімдерін,  оның  ішінде,  өздерінің 
мүмкіндігі мен күштеріне деген сенімділік пен қанағат сезімдерін туғызады;  
-студенттердің  ғылыми білімге қызығушылығын қалыптастырады. 
Жоғарыда  аталғандай,  проблемалық  оқытудағы  негізгі  идеясы  – 
проблемалық жағдаят жасау. Проблемалық жағдаят тапсырмаларды орындау 
процесінде пайда болатын студенттердің белгілі бір психологиялық күйлерін  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мұратбаева Г.А. Болашақ өнертану мамандарының кәсіби шығармашылығын жетілдіруде... 
 
  
сипаттайды.  Проблемалық  мәселе  пайда  болуының  шарты  -  әрекеттің  жаңа 
қатынастарын,  қасиеттерін  немесе  тәсілдерін  ашу  қажеттілігі  болып 
табылады. 
А.В.Брушлинский  пікірінше,  проблемалық  мәселе  адамның  әрекет 
барысында  мүлде  күтпеген  белгісіз,  түсініксіз,  және  т.б.  жағдайлардан 
шығатынын білдіреді. Ойлау процесі міндеттерді (проблеманы) тұжырымдау 
болып  табылатын  проблемалық  ситуацияны  талдаудан  бастау  алады. 
Міндеттердің  пайда  болуы  белгілі  мен  белгісізді  алдын-ала  бөлуге 
болатындығын  білдіреді.  Белгілі  мен  белгісіз  арасындағы  қатынастарды, 
байланыстарды анықтау жаңаны, белгісізді іздеу мен табуға мүмкіндік береді 
[4]. 
Оқытудағы проблемалық жағдаяттың бірінші белгісі болашақ маманның 
дербес  ойлау  белсенділігін  қажет  етуі.  Проблемалық  мәселе  студентке 
қызықты,  мәнді  болуы  керек.  Оның  пайда  болуы  мүмкіндігінше 
студенттердің  шығармашылық  қызығушылықтарымен  және  алдыңғы 
тәжірибелерімен байланысты болуы керек. 
Т.В.Кудрявцев 
оқу 
процесінде 
жиі 
кездесетін 
проблемалық 
жағдаяттардың  түрлерін  келесідей  көрсетеді:  студенттерге  бар  білімдер 
жүйесі  мен  жаңа  талаптар  арасында  сәйкессіздік  байқалғанда  (бұрынғы 
білімдер  мен  жаңа  фактілер  арасында,  төменгі  деңгей  мен  жоғары  деңгей 
арасында,  тұрмыстық  және  ғылыми  білімдер  арасында);  қолдануда 
ұсынылған  проблемалы  міндеттерді  дұрыс  шешуді  қамтамасыз  етуші 
білімдер  жүйесінен  бір  ғана  қажетті  жүйені  таңдау  қажеттілігі  туғанда; 
студенттер өздерінің білімдерін қолданудың жаңа тәжірибелік шарттарымен 
кездескенде,  білімдерді  тәжірибеде  қолдану  жолдарын  іздестіруде;  
міндеттерді  шешудің  теориялық  мүмкіндіктері  мен  тәжірибелік  тұрғыда 

 
134 
жүзеге  аспаушылығы  немесе  таңдалған  тәсілдің  мақсатқа  сәйкес  еместігі 
арасында,  сонымен  бірге  тапсырмаларды  орындаудың  практикалық  тұрғыда 
дәлелденген нәтижесі мен теориялық негіздеудің болмауы арасында қарама-
қайшылық  болғанда;  техникалық  міндеттерді  шешуде  –  техникалық 
құралдарының  сызбалық  бейнелерінің  сыртқы  көрінісі  мен  конструктивті 
безендірілуі арасында тікелей сәйкессіздік болғанда [1]. 
Жоғарыда  педагогикалық-психологиялық  талдауға  сүйене  отырып,  біз 
проблемалық  ситуацияны  жасау  және  орындау  барысында  студенттердің 
игерілетін  жаңа  білімдер  мен  біліктерге  қол  жеткізетін  теориялық  және 
практикалық  тапсырмалар  жүйесін    ұсынамыз.  Бұл  ретте  мынадай 
педагогикалық шарттардың сақталуын көздейміз: 
-  теориялық  және  практикалық    тапсырмалар  жүйесі  студенттердің 
меңгерген білімдер мен біліктілігіне негізделуі қажет; 

студенттер  белгісіз  немесе  белгілеуге  тиіс  кейбір  қажетті 
материалдарды  меңгеруде  жалпы  заңдылықтар  мен  кәсіби  іс-әрекеттердің   
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мұратбаева Г.А. Болашақ өнертану мамандарының кәсіби шығармашылығын жетілдіруде... 
 
  
тәсілдерін таңдап,  оны орындауда  негізгі проблемалардың шешімін табуға 
ынталандыру; 
-  студенттер  проблемалық  тапсырмаларды  орындауда  шығармашылық 
ойлау қабілетін дамытып отыру; 
-  студентке  ұсынылатын  проблемалық  тапсырмалар  жүйесін  оның 
интеллектуалдық,  шығармашылық  мүмкіндіктеріне    сәйкес  таңдап  алынуын 
ескеру. 
Проблемалық  тапсырмалар  ретінде  оқу  міндеттері,  белгілі  тақырып 
бойынша сұрақ-жауап тәсілі теориялық  және практикалық тапсырмалар және 
т.б.  қызмет  етуі  мүмкін.  Дегенмен,  проблемалық  тапсырмалар  мен 
проблемалық  ситуацияны  шатастырмау  керек.  Проблемалық  тапсырмалар 
өзінен-өзі  проблемалық  ситуация  болып  табылмайды,  ол  тек  белгілі  бір 
жағдайларда  ғана  проблемалық  ситуацияны  туғызуы  мүмкін.  Бір 
проблемалық ситуацияны тапсырмалардың түрлі типі туғызуы мүмкін. 
Проблемалық оқыту технологиясының төрт негізгі бөліктерін көрсетуге 
болады:  жалпы  проблемалық  ситуацияны  түсіну;  нақты  проблеманы 
тұжырымдау  және  оны  талдау;  проблеманы  шешу  (гипотезаны  шығару, 
негіздеу, оларды бірізді тексеру); проблеманы шешудің дұрыстығын тексеру. 
Білім  беру  үдерісінде  өнертану  мамандарының  шығармашылық 
мәдениетін қалыптастыруға байланысты проблемалық оқыту технологиясын 
қолданудың бірнеше   деңгейін бөліп көрсетеміз. 
Оқытудың  дәстүрлі  технологиясында  оқытушы  проблеманы  өзі 
тұжырымдайды және шешеді, айталық, көрсетілген кинофильм, қойылымдар  
үзінділеріне    талдау  жасау,  қысқаша  мәлімдеме  даярлауды  алдын-ала 
студенттерге  тапсырмалар  береді.    Студент  берілген  тапсырманы  түсініп 
және  есте  сақтауы  қажет,  одан  шығатын  тұжырымдаманы,  қорытындыны 

 
135 
ойластырып,  тапсырманы  шешудің  ұстанымдарын,  ойлау  барысын  есте 
сақтауы тиіс. 
Проблемалық  оқыту  технологиясының  бірінші  деңгейі  оқытушының 
проблеманы  қойып,  оны  тұжырымдап,  түпкі  нәтижеге  нұсқап  және  оның 
шешу  жолдарын  студенттерді  дербес  ізденіске  қызықтырып,  бағыттауымен 
сипатталады.  Екінші  деңгей  студент  проблеманы  дербес  тұжырымдап,  оның 
ең  тиімді    шешу  әдістерін  табумен,  ал  оқытушы  тек  оған  нұсқау  беруімен 
ерекшеленеді.  Енді  үшінші  деңгейде  педагогтың  көмегінсіз  студент 
проблемасын  өзі  көріп,  тапқан  соң,  оны  шешудің  мүмкіндіктері  мен 
тәсілдерін  тұжырымдап  және  жүргізген  зерттеулерін  дәлелдеу  керек. 
Нәтижесінде проблемалық ситуацияны дербес талдау мен проблеманы көру, 
дұрыс жауапты табу қабілеті қалыптасады. 
Проблемалық  оқытудың  біз  сұрыптап  алған  технологиясы  өнертану 
мамандарының  жоғары  кәсіби    шығармашылығын  жетілдіруге  даярлығын 
қамтамасыз  етеді.  Ал,  олар  өз  кезегінде    төмендегідей  кәсіби  даярлық 
деңгейлерін қамтып алады: 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мұратбаева Г.А. Болашақ өнертану мамандарының кәсіби шығармашылығын жетілдіруде... 
 
  
-
 
мәдени  мұра  және  өнер  туындыларын  зерттеу  барысында  кәсіби 
дәрежені меңгеру; 
-
 
әлеуметтік-гуманитарлық  және  мамандану  бойынша  ғылыми  пәндер 
аясында негізгі ілімдерді меңгеру; 
-
 
адамдар  арасындағы  бір-біріне  деген  және  жеке  тұлғаның  қоғамға, 
қоршаған  ортаға  байланысты  қарым-қатынасы  тұрғысында  этикалық  және 
құқықтық нормалар жүйесін меңгеру; 
-
 
ойлау  қабілетінің  мәдениеті  мен  еңбектенудің  ғылыми  негіздегі 
деңгейін жетілдіру; 
-
 
өнертану және көркем сын саласында ғылыми тұжырымдар мен келелі 
мәселелер қоя білу, оларды іс жүзіне асыра білу; 
-
 
кәсіби білім деңгейін тереңдету; 
-
 
өнер  саласындағы  менеджмент  пен  маркетинг  ісінде  кәсіби  деңгейде 
сапалы білім алу. 
Біз қарастырып отырған  проблемалық оқытудың  ерекшеліктері  кәсіби 
білім  беруде  оқытудың  заманауи  ақпараттық  және  компьютерлік 
технологияларын  тиімді  пайдалану  арқылы  студенттердің  заманауи  кәсіби 
дағдылар  мен  іскерліктерді  игеріп,  жаңа  демонстрациялық  сабақтар 
мазмұнында  кәсіби    шығармашылығын  жетілдіруде  айтарлықтай  үлесін 
қосып, сонымен қатар, оқу  бағдарламаларына сәйкес практикалық сабақтар 
жүйесін  арнайы  шеберханада,  оқу  театрында,  шебер  кластарында  өткізуге 
мүмкіндік алады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Кудрявцев Т.В. Практическая психология образования. М., 1987. – 121 с. 

 
136 
2.
 
Матюшкин  А.М.  Концепция  творческой  одаренности  //Вопросы  психологии, 1989. №6. С. 
17. 
3.
 
Махмутов М.И. Проблемное обучение. М., 1975. 177 с. 
4.
 
Оконь В. Введение в общую дидактику. М.: Высшая школа, 1990.  382 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Ү.МЕЛДЕБЕКОВА  
педагогика ғылымдарының кандидаты, 
 А.Ясауи атындағы ХҚТУ доц.м.а. 
 
ҚОРҚЫТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  воспитательного  характера  произведений  известного 
всему тюркскому миру поэта Коркыта. 
 
The article deals with some matters of educational character of Korkyt’s works widely known to all 
Turkicworld.  
 
Қорқыт  –  ертеректе,  яғни  ІХ-Х  ғасырларда  Сыр  бойында  өмір  сүрген 
халықтың  ойшылы,  ұзаны  (жырауы)  және  «Қорқыт  ата  кітабын»  айтушы. 
Сыр өңіріндегі оғыз-қыпшақ ұлысының құрылу, ыдырау кезеңдерін басынан 
өткеріп,  халық  арасындағы  оқиғаларды,  ерліктер  мен  өткен  тарихи  өмірді 
баяндаушы  Қорқыттың  жырлары,  күйшілік  дәстүрі  Орта  Азиядағы  мәдени 
оянудың орта ғасырдағы ерекше бір үлгісі болды. 
Жақсыға  әркімнің  де  бар  таласы  дегендей,  Орта  Азия  халықтары 
арасында  Қорқытты  өз  халықтарының  перзенті  дегісі  келетіндер  өте  көп. 
Себебі Қорқыт бір жерде отырмай, халық игілігі үшін бақсы-балгерлік, тәлім-
тәрбиелік,  жырау-жыршылық  өнерлерін  сол  көпшіліктің  рухани-мәдени 
байлығы үшін қолданған. 
Орта  ғасырдағы  мәдениет  пен  халық  ауыз  әдебиеті  –  сол  кездегі  өркен 
жайған қалалар мен елді мекендерге тән қасиет. 
Орта  Азияның  сол  кездегі  мәдениетін  терең  зерттеген  Якубовский  мен 
Толстов  Жетісу,  Сыр,  Әму  бойында  қалалы  өмір  ертеден  бар  дей  отырып, 
оған  Кәс,  Хууа,  Бұқар,  Самарқан,  Жуджан,  Жанкент,  Баршынкент  с.с.  т.б. 
қалаларды мысал еткен. 

 
137 
Отырар  қаласынан  шыққан  Әбу  Насыр  әл-Фараби  де  сол  заманда  адам 
баласының  пайдасы  үшін  маңызы  зор  жаңалықтар  ашып,  зерттеулер  мен 
тәжірибелер  жүргізіп,  өмірді  жан-жақты  зерттесе,  Жанкенттен  шыққан 
Қорқыт  елді  өзінің  жыраулық  өнерімен,  тәлім-тәрбие  мен  өмірден  алған 
тәжірибелерін мысал етіп, халқының рухани қолдаушысы, мәдени жетекшісі, 
қамқоршысы  болды.  Орта  ғасырда  дүниеге  келген  халықтың  мұң-мұқтажы 
мен арман-тілегіне тәңірдің берген осындай асылдары халық игілігі үшін тер 
төкті.  Сондықтан  бұл  екеуі  де  –  Орта  Азия  үшін    көрнекті  тұлғалар,  орны 
ерек жарық жұлдыздар. 
Қорқытқа  тән  басты  қасиеттердің  бірі  –  бақсылығы,  көріпкелдігі.  Ол 
халықтың  басындағы  қайғыны,  қажеттілікті  көре  білді.  Ел  қайғысын 
жеңілдетуді,  оған  көмек  беруді  алдына  мақсат  етіп  қойды.  Оның  аңсаған 
мәңгілік  өмірі,  яғни  өлімнен  қашуы  ол  халқының  амандығы,  олардың 
денсаулығы  еді.  Бұрынғы  кездегі  өмірге  келген  балалардың  түрлі  ауруға 
ұшырап, шетінеп кетуі, аналардың аңырап қалуы оның жанына қатты батты. 
Сондықтан  да  ол  халқының  қамы  үшін  ауруға  шипа  іздеп, 
жамандықтан қорғап, жақсылыққа бастап жүрді. Бар жанын салып халқы  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мелдебекова Ү. Қорқыт шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәні 
 
 
 
үшін еңбек етті. Қорқытты зерттеген көптеген ғалымдар болды. Мысалы, 
Түрік ғалымы Абдулқадыр Инан Қорқытты қобызда және тамбурда шебер 
ойнаған  қазақ  ұзаны,  қазақ  бақсылары  Қорқыт  атаға  табылған  десе, 
Вельяминов–Зернов  «Қайда  барсаң  да  Қорқыттың  көрі»  деген  аңызды, 
П.А.Фалев  ноғай  елінде  «Қорқыт»  деген  елді  мекеннің  барын, 
К.Багрянородный  оғыз-пешене  соғысын  баян  ете  отырып,  Қорқыт  деген 
қоғамның болғанын айтады [1]. 
Зерттеуші  Ә.Диваевтың  айтуы  бойынша  Сыр  бойындағы  Қорқыт  – 
бірде бақсы, бірде әулие. Науан мен Жәмиде Қорқыт – түркі тайпаларына 
әйгілі бақсы, сәуегей адам. 
Қорқыт  атаның  күйлері,  шығармалары  қашан  да  халықты  бірлікке, 
имандылыққа, шыдамдылыққа шақырып, шыңдайтын туындылар. 
Мысалы: Қорқыт күйі, Әуіпбай, Айрауықтың ащы зары, т.б. күйлері, 
Қорқыттың  нақыл  сөздері,  Қаңлы  Қожаұлы  Шоралы  әңгімесінің  баяны, 
Дірсе  хан  ұлы  Бұқаш  хан  баяны,  т.б.  жырларының  жастарды  ерлікке, 
жігерлілікке,  сақтыққа  шақыратын  бірден-бір  тәрбиесі  мол  шығармалар. 
Қорқыттың  түсінде  аян  беріліп,  сол  арқылы  жасап  алған  қобызы  халық 
игілігіне  қызмет  етті.  Қобыздың  қоңыр  үні,  мұңды  сарыны  адам 
баласының 
табиғатын 
дөп 
басып, 
тыңдағанда 
жан-жүрегіңді 
шымырлататын, көкірек көзіңді ашып, қан-тамырларыңа күш-қуат беретін 
қасиеті бар. Қобызбенен адам емдеу мүмкіндігі де осыған байланысты. 

 
138 
Қорқыттың  қаншама  күй-жырларды  ойнағанда,  орындағанда 
шаршамай, қуаттала түсетіні, күн-түн демей ұйықтамай ел кезіп жүруі де 
осы құдіреті.  
Өзі  орындайтын  «Солар  Қазанның  тұтқын  болып,  ұлы  Ораздың 
шығарып алған әңгімесінің баянында: 
Кәне, мақтанған бек, жарандар! 
Дүнием менің дегендер! 
Ажал алды, жер жұтты 
Фәни дүние кімге қалды? 
Келімді-кетімді дүние 
Соңы – өлімді дүние! 
Өлім  уақыты  келгенде,  ар-иманнан  айырмасын!  Тәңірім  сені 
қарақшыға мұқтаж етпесін! Бес ауыз сөзбен дұға қылдық, қабыл болсын! 
Мұхаммед Мұстафаның құрметі үшін күнәңіз кешірілсін» – деп аяқтайды 
[2]. 
«Бегілұлы  Еміре»  әңгімесінде  де  батырлықты,  ерлікті  жырлай 
отырып, ата мен баланың бірлігін, сүйіспеншілігін дәріптеп, жақсылықпен 
аяқталған әңгіме-баянның соңында шалқыта  күй төгеді де мынадай бата 
жасайды: 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мелдебекова Ү. Қорқыт шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәні 
 
  
Жері қара тауларың құламасын! 
Көлеңкелі ағашың кесілмесін! 
Алла берген үмітің үзілмесін!  
Күнәңызға Мұхаммедтің құрметі үшін жеңілдік берсін! – деп бітіреді 
[2]. 
Әр шығарманы, аңыз әңгімені жырға қосып жеткізе отырып, халықты 
жігерлендіріп, ой салып, жаратушының құдіретін мойындау керек екенін, 
имандылық қана өмірге ұстын болатынын дәріптейді. 
Яғни адам баласының аты мәңгі жасау үшін тәңір алдында тазалықты, 
адалдықты  сақтау  керек  екенін  насихаттайды.  Бұл  –  мың  жылдан  артық 
уақыт  өтсе  де  бүгінгі  жастарға  берер  тәлім-тәрбиесі,  үлгі-өнегесі  мол, 
мәңгі  өлмейтін  аты  қалған  Қорқыт  Атаның  адамзатқа  жасаған  өшпес 
сыйы. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991. 
2.
 
Қорқыт Ата кітабы. Түрік тілінен аударған Балтабек Ысқақов. Алматы: Жазушы, 1994. 
 
 
 
 
 

 
139 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Ә.Х.САРЫБАЕВА  
педагогика ғылымдарының кандидаты,  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушы 
 
А.Л.ТАШИМОВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 
 
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ 
ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
В  статье  рассмотриваются  некоторые  цели  и  особенности  обучения  будущих  учителей  в 
использовании  электронных  учебников    в  профессиональной  деятельности,  которые  заслуживают 
внимания и изучения со стороны ученых-педагогов.   
 
This  article  deals  with  some  purposes  and  peculiarities  of  training  of  future  teachers  in  the 
employment of electronic textbooks in their professional activity which deserves attention and study on the 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет