Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет15/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Данияров Т.Ә., Ержігітов Д.Ж. Салауаттылықты қалыптастыруда туризмнің рөлі
  
 
  
жоймаған    ақау    кейін  де  жиілей    түсетін  және  салдары  әлдеқайда  ауыр 
болатын  жаңа  дағдарыстарды  туындата  береді.  Ертедегі  гректер  дамудың 
жоғары  кезеңін  «акме»  деген  әдемі  сөзбен  белгілепті.  Біздің  ұрпақтарымыз 
бір кездері осынау жаңа ақаусыз және жоғары «ендігі жерде капитал емеске» 
дұрыс атау таңдап алатын болады. Бірақ та қазірдің өзінде өз бойына осынау 
жоғары  сапаны  –  «акмені»  қамти  алатыны  түсінікті:  мәселен,  акме-капитал,  
немесе  «акметал».  Сол  кезде  мұндай  түбегейлі  жаңа  әлемдік  «акметал» 
қозғалысқа келтіретін түбегейлі жаңа әлемнің осынау болашақ укладын ендігі 
жерде капитализм деп емес, «акметализм» деп атау дұрыс болар еді. Болашақ 
әлемнің  жаңа  даму  кезеңі  үшін  жаңа  белгінің  енгізілуімен  байланысты 
мұндай кәдуілгі емес көзқарас бізге оның басталуына жақсырақ әзірленудің, 
әлемді  болашақ  жаңартудың    шынайы  мәні  неде екенін  тереңірек  айқындап 
түсінудің  іс  жүзіндегі  мүмкіндігн  береді.  Ең  бастысы    біздің  қолымызға 
жаңаруымыз  бен  жүруіміздің  жаңа  құралын  береді,  сол  арқылы  біз  жаңа 
әлемде сенімді әрекет ету үшін оны іс жүзінде анықтап, тани аламыз. 
Бізге  мыналарды  атқару  керек:  1.Экономиканы  дағдарыстан  кейінгі 
дамуға  әзірлеу;  2.Жедел  индустрияландыру  және  инфрақұрылымды  дамыту 
есебінен  экономиканың  тұрақты  өсуіне  қол  жеткізу;  3.Адам  капиталының 
бәсекеге  қабілеттілігінің  арттыру  үшін  болашаққа  белсенді  инвестициялау; 
4.Қазақстандықтарды  сапалы  әлеуметтік  және  тұрғын  үй-коммуналдық 
қызметтермен  қамтамасыз  ету;  5.Ұлтаралық  келісімді  нығайту,  ұлттық 
қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту. 
Таяудағы  онжылдықта  тұрлаулы  да  теңестірілген  даму  жедел 
әртараптандыру  және  ұлттық  экономиканың  бәсекеге қабілеттілігін  арттыру 
есебінен қамтамасыз етілетін болады. Еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса 
маңызды  міндет  болып  табылады.  Қазақстанда,  егер  тұтастай  экономика 
бойынша қарайтын болсақ, бір қызметкер жылына 17 мың доллардың өнімін 
өндіреді  екен.  Дамыған  елдерде  бұл  көрсеткіш  90  мың  доллардан    асып 
түседі.  Қорытынды  өте  түсінікті  –  бізге  жағдайды  түзету  -  өнімділікті 
арттырып,  инновацияларды  ендіру  керек.  Әртараптандырудың  басқа  бір 
маңызды сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады. Оның 
дамуы негізгі 3 бағыт бойынша жүру керек. Біріншіден, негізгі салмақ еңбек 
өнімділігінің артуына түсірілуі тиіс. Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін 

 
112 
қамтамасыз ету. Үшіншіден, экспорттық әлеуетті іске асыру, бірінші кезекте 
бұл  Кеден  одағы,  Орталық  Азия,  Кавказ  бен  Таяу  Шығыс  елдерінің 
рыноктары. Туризм саласы жөнінде айта кетсек, үкімет оған да ерекше көңіл 
бөліп  отыр.  Туризмнің  жылдам  және  үздіксіз  өсуін,  оның  қоршаған  ортаға 
экономикалық барлық секторларымен, қоғамға елеулі әсерін байқай отырып 
Үкімет  ҚР  2030  бағдарламасында  туристік  саланы  ҚР  экономикасының 
локомотивті күштері болады деді. Қазақстан туризм саласында жұмыс істеу 
туралы келесідей елдермен келісімдерге қол қойылды: Түркия, Иран, Қытай  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Данияров Т.Ә., Ержігітов Д.Ж. Салауаттылықты қалыптастыруда туризмнің рөлі
  
 
  
 (Синцзян-Ұйғыр  автономды  ауданы),  Молдова,    Венгрия,    Израиль,  
Қырғызстан, 
Египет.  Келесі  елдермен  келісімдер  дайындалу  кезеңінде: 
Хорватия,  Пәкстан,  Сингапур,  Қытай.  1993  жылы  қыркүйек  айында  Римде 
өткен БҰҰ-ның туризм және халықаралық саяхат бойынша Конвенциясының 
нұсқаулары  мен  принциптерін  жетекшілікке  ала  отырып,  сондай-ақ  туризм 
саласындағы  халықаралық  нормалыры  мен  принциптерін  жетекшілікке  ала 
отырып,  ҚР  қарым-қатынас  туралы  Болгариямен  (София,  15  қыркүйек  1999 
жылы), Ресей (Астана, 15 ақпан 2001 жылы), Литва (Астана, 11 мамыр 2000 
жылы)  және  тағы  басқа  бірқатар  елдермен  келісімге  қол  қойылған.  ТМД 
елдері  туристік  қызмет  көрсетудің  әлемдік  нарығында  соңғы  орындарға 
енеді.  Оларға  әлемдік  туристік  лектің  2%  ғана  тиесілі.  ТМД  қатысушы 
елдерінің  Парламентаралық ассамблеясы 1980 жылы туризм туралы Манила 
декларациясын,  1989  жылы  туризм  туралы  Гаага  декларациясын  және  осы 
саладағы басқа да халықаралық келісімдерді жетекшілікке ала отырып, 1993 
жылы  23  желтоқсанның  «туризм  саласындағы  қарым-қатынас  туралы» 
келісімін  ескере  отырып,  ТМД-ның  барлық  елдері  біркелкі  қабылдайтын 
және  түсінетін  мемлекеттік  реттеудің  негізгі  принциптерінің  қосындысы 
ретінде  нақты  ұсыну  заңнамалық  актісін  қабылдады.  Туризм  өзінің 
маршруттар  жүйесіне  әлемдік  экономикадан  басты  рөлдердің  бірін  алады. 
Жаңа  заманғы  туризм  индустриясы  туристік  миграциялар  және  маршруттар 
жолында  тоғысып,  қызмет  көрсетудің  халықаралық  саудасының  жоғары 
қарқынмен  дамып  келе  жатқан  сегменті  болып  табылады.  Жаңа  заманғы 
туризм  төмен  құлдырауды  білмейтін  әлемдік  экономиканың  саласы,  туризм 
өзінің маршруттары бойынша туристтердің легімен мемлекет экономикасына 
пайдалы  3  негізгі  әсер  береді:  1.  Шетел  валютасының  кіруін  қамтамасыз 
етеді,  төлем  тепе-теңдігімен  нақты  жоспарланған  экспорт  сияқты 
экономикалық  көрсеткіштерге  дұрыс  әсер  береді;  2.  Халықтың 
жұмыссыздығын  жоюға  септігін  тигізеді.  ДТҰ  мен  туризм  саяхаттарының 
бүкіл  әлемдік  кеңесінің  мағлұматтары  бойынша  индустрияда  құрылатын 
әрбір салаларында пайда болатын 5-тен 9-ға дейінгі жұмыс орны тиесілі екен; 
3.  Елдің  инфрақұрылымын  дамытуға  септігін  тигізеді.  Туризм  саласында 
шаруашылық  субъектілерінің  құрылуы  мен  жұмыс  істеуі  жол  транспорты, 
сауда, коммуналды тұтыну, дәрігерлік қызмет көрсетумен байланысты.  

 
113 
Туризм  саласы  жайында  қорыта  айтқанда,  бұл  әрбір  елдің  басты 
құндылығы. Белгілі философ П.Менцердің айтуы бойынша: «Құндылық – бұл 
адамдардың өздерінің сезімін басқаның барлығынан жоғары санайтын, соған 
ұмтылуға,  сый  құрметпен  қарап,  бақылап,  мойындауға  болатын  жай.  Әр 
мемлекеттің  ерекше  бір  құндылығы  болады.  Сол  құндылықтары  арқылы 
шетел  азаматтарын,  туристерді  қызықтырып,  өзіне  тартады.  Ол  құндылық 
табиғи, тарихи да болуы мүмкін. Қазіргі тарихи құндылықтарға сонау бағзы 
заманнан,  яғни  мыңдаған  жылдардан  бұрын  қазіргі  заманға  дейінгі 
сақталынған құндылықтарды айтуға болады. Оған  әлемнің  жеті кереметі
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Данияров Т.Ә., Ержігітов Д.Ж. Салауаттылықты қалыптастыруда туризмнің рөлі
  
 
  
мысал бола алады. Туризм – демалысты, бос уақытты өткізу, спорт, мәдени-
танымдылық  және  табиғат  пен  қатынасты  сипаттайтын  осы  заманғы 
экономика  инфрақұрылымы  салаларының  бірі.  Келу  және  шығу  туризмінің 
дамуы  туристік  қызмет  саласындағы  ең  маңызды  мәселе  болып  табылады. 
Бүгінгі  таңда,  келу  туризмін  ынталандыру  мақсатында  туристік  қызметті 
экспорттаумен  айналысатын  фирмалар  мен  ұйымдар  ҚҚС-ты  төлеуден 
босатылған,  сондай-ақ  арнайы  экономикасы  тұрақты  мемлекеттердің 
туристеріне  визалық  рәсімдерді  жеңілдету  бойынша  жұмыс  жүргізілуде. 
Туризмді дамыту және қолдау мақсатында облыстық мәслихатпен «Оңтүстік 
Қазақстан  облысында  туризмді  дамытудың  2006-2008  жылдарға  арналған 
аймақтық бағдарламасы» бекітіліп, онда жыл сайын 5,9 млн теңге көлемінде 
қаржы  бөлінуде.  Облыста  туризмді  дамытуда  төмендегі  негізгі  басымдық 
бағыттарда  жұмыстар  жүргізілуде:  мінәжәт  ету  туризмі,  экологиялық 
туризмі,  сауықтыру  туризмі,  балық-аң  аулау  туризмі.  Облыста  802  тарихи 
және  мәдени  ескерткіштері  орналасқан,  оның  ішінде  530-ы  археологиялық, 
44-і тарихи, 228-і архитектура ескерткіштері болып саналады. 2008 жылдың 1 
қаңтарына облыста туристік қызметпен айналысатын 70 туристік мекеме бар, 
оның  ішінде  29-ы  туроператорлық,  41-і  турагенттік  қызметпен.  Аталған 
туристік ұйымдарымен туристерге тарихи, мәдени және аймақтағы қорықтар 
орнына  қызықты  туристік  саяхаттар  ұсынады.  Келген  туристерге  Ақсу-
Жабағылы  қорығына,  кесенелерге,  театр,  мұражай,  хайуанаттар  паркіне, 
саябақтарға,  «Машат»,  «Біркөлік»  тау  шатқалдарындағы  шипажайларға, 
емдеу  пансионаттарына  және  сауықтыру  орындарына  баруына  мүмкіншілік 
жасалған.  2007  жылы  облыс  бойынша  туристік  ұйымдарымен  4,9  мың 
туристке  қызмет  көрсетілді,  бұл  2006  жылмен  салыстырғанда  қызмет 
көрсетілген  туристер  саны  6,5%-ға  өсті.  Облыста  туристік  орналастыру 
нысандарының саны 51, оның ішінде: 17 мейманхана, 1 мейман күтетін үй, 19 
туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер, 14 санаторий. Облыста 
6  театр,  6  тұрақты  кинотеатр  және  35  тұрақты  және  4  жылжымалы 
киноқондырғы,  3  концерттік  ұйым,  20  мұражай,  406  кітапхана,  273  клуб 
типтес  мекеме,  14  демалыс  саябағы  мен  хайуанаттар  бағы  және  10 
мемлекетпен  ерекше  қорғалатын  табиғи  аймақ  халыққа  мәдени  қызмет 
көрсетуде.  Туристік  қызметтер  көлемі  57,8  млн.  теңгені  құрады,  яғни  өткен 

 
114 
2006 жылмен салыстырғанда 6%-ға өсті. «Қазақстан Республикасы Туризмді 
дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған іс жоспарға» сәйкес 2007 жылдың 
наурыз  айында  Қазақстан  Республикасы  туристік  Ассоциациясымен  бірге 
«WORD DISCOVERY» (Ворд Дискавари) туристік журналы және (Жапония, 
Гонконг, Франция, Германия, Италия және т.б.) 15 шет ел журналистерімен 
облыста  «Ауылдық  және  экологиялық  туризм»  бойынша  ақпараттық 
тур(инфотур)  өткізілді.  Сондай-ақ,  өткен  жылдың  18-20  қазан  айы 
аралығында  Шымкент  қаласында  бірінші  жылжымалы  «Сарқылмас  саяхат» 
қазақстандық туристік жәрмеңкесі өткізілді. Аталған іс-шараның  негізгі
 міндеті 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Данияров Т.Ә., Ержігітов Д.Ж. Салауаттылықты қалыптастыруда туризмнің рөлі
  
 
  
ішкі  туризмді  дамыту,  сонымен  қатар  қазақстандық  туристік  ұйымдарға 
іскерлік келіссөздер өткізу және тиімді келісім–шартқа отыру үшін жағымды 
жағдай  туғызу  болып  табылды.  Жәрмеңке  бағдарламасында  «Туристік 
кәдесый  өнімдерін  ең  үздік  өндіруші»  сайысы,  Ұлы  Жібек  жолының 
қазақстандық  бөлігінде  туризмді  дамыту  мәселелері  бойынша  «дөңгелек 
үстел»  отырысы және  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша ақпараттық  тур 
ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Туризм нашақорлыққа қарсы» атты слет 
өткізілді.  Аталған  республикалық  бағдарламаға  сәйкес  Түркістан  қаласын 
Қазақстанның  мәдени-рухани  және  туристік  орталыққа  айналдыру 
мақсатында «Қазақстанның рухани, мәдени және туристік орталығы ретінде 
Түркістан  қаласының  дамуы»  туралы  2009-2013  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарлама дайындалып, қазіргі таңда салалық министрліктерде 
қаралуда.  Одан  басқа,  ҚР  Туризм  және  спорт  министрлігінінің 
қаржыландыруымен  шілде  айынан  бастап  Түркістан  қаласындағы  үш 
туристік нысанға жобалау-сметалық құжаттар әзірленді, жобалау жұмысына 
бөлінген  қаржының  көлемі  300  млн.  теңге,  ал  құрылыс  жұмыстары 
республикалық  бюджеттен  ағымдағы  жылдың  басынан  басталады  деп 
күтілуде.  Үкіметіміздің  2004  жылғы  30  қыркүйектегі  №1009  қаулысымен 
бекітілген  «2005-2009  жылдарға  арнаған  Көне  Отырарды  қалпына  келтіру 
туралы»  бағдарламаны  іске  асыру  мақсатында  Қазақстан  Республикасының 
Туризм және спорт министрлігі тарапынан ЖСҚ дайындауға 200,0 млн теңге 
қарастырылуда.  Облыс  көлемінде  туризм  инфрақұрылымының  объектілерін 
салу  үшін  13  инвестициялық  жоба  жасалынып,  Республикалық  бюджеттен 
қарастыруға  Туризм  және  спорт  Министрлігіне  ұсынылды.  Облыс  бюджет 
есебінен  жарнамалы-таратылатын  ақпарат  шығарылуымен  (буклеттер, 
күнтізбелер,  блокноттар,  қаламдар  және  т.б.)  қатар  «Оңтүстік  Қазақстанға 
қош  келдіңіздер!»  атты  бейне  ролигі,  облыстың  туристік  мүмкіндіктері 
жайлы  «Silk  way  South.kz»  (Силк  уей  саус  Кз)  атты  журналы  шығарылды. 
Облыс  делегациясы  қазақстандық  туристік  имидждің  құрылуына  және  әлем 
рыногіне  облыстық  туристік  өнімдерін  алға  бастыру  мақсатында  Алматы 
қаласындағы  «Туризм  және  саяхат»  атты  Халықаралық  Қазақстандық 
туристік  жәрмеңкесіне  және  Токио  қаласындағы  (Жапония)  «JAТO-2007» 
Халықаралық туристік жәрмеңкесіне, Астана қаласындағы «Астана-Демалыс-

 
115 
2007» қазақстандық жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкелерге облыстан 30-дан 
астам  туристік  ұйымдар  мен  қонақ  үйлер  өкілдері  қатысты.  Осыған  орай, 
арнайы  шығарылған  облыс  аумағында  тарихи  ескерткіштері  мен  көрікті 
жерлері  туралы  бейне  фильмі,  жарнамалық  буклеттері,  плакаттары  және  де 
басқа  жарнамалық-таратпа  материалдары  таратылды  [2].  Түркістан 
қаласының және Сайрам аудандарының ұлттық қолөнер шеберлері өздерінің 
түрлі  кәде-сый  өнімдерін  көруге  ұсынды.  Облыстың  мінәжат  ету  туризмін 
дамыту  мақсатында  Түркістандағы  «Әзірет  Сұлтан», 
Отырар 
аудандағы   
«Арыстан-баб»,   Сайрамдағы  «Ибрагим-Ата»,  «Қарашаш-Ана» 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Данияров Т.Ә., Ержігітов Д.Ж. Салауаттылықты қалыптастыруда туризмнің рөлі
  
 
  
кесенелерін  жарнамалау  мақсатында  стендтер  қойылды.  Қазіргі  заманға  сай 
мейрамхана,  турбаза,  кемпинг  және  басқа  да  орналастыру  нысандарының 
құрылысы  мен  қайта  құрылысына,  сонымен  қатар  туристерге  ұсынылатын 
түрлі тағам мен демалыс орны мейманхана, кафе құрылысына көңіл бөлінуде. 
Сонымен  қатар  жол  бойында  инфрақұрылымды  дамытуда,  оның  ішінде 
көпшілік тамақтандыру және демалыс орны, машина жөндеу, кемпинг, тағы 
да басқа қосымша орындар ашылуда. «Тау самалы» аспалы жолдарын жөндеу 
жұмыстары, «Ибрагим-Ата», «Қарашаш-Ана», «Мариям-Ана», «Ысқақ-Ата», 
«Исмайл-Ата»  кесенелерін  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстары  жүргізілді. 
«Содби»  бизнес–инкубатормен  бірлесіп  облыстық  турфирмалардың, 
мейрамханалардың, 
қонақ 
жайлардың, 
сақтандыру 
және 
көлік 
компанияларымен  әр  тоқсан  сайын  «Бизнес-клуб»  өткізілуде.  Онда 
«Экстремалдық туризм» және «Балалар және жастар демалысы туралы» және 
басқа  мәселелер  көтерілді.  «Нұр  Отан»  партиясының  ұйымдастыруымен 
Көкшетау  қаласында  «Туристік  кластердің  жылжуы»  жөнінде  өткізілген 
форумына облыс делегациясы қатысып қайтты. Үстіміздегі жылы Қазақстан 
Республикасы  туризмді  дамытудың  2007-2011  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  үшін  «ОҚО-да  туризмді  дамытудың 
2009-2011  жылдарға  арналған  бағдарламасын»  әзірлеу  жұмыстарын 
жалғастыруда.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. ҚР Президентінің жолдауы «Жаңа он жылдық-экономикалық өрлеу – ҚР жаңа мүмкіндіктері». 
Елорда, 2010.
 
2. www. elorda. kz сайт мәліметтері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
116 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
К.М.ЖЕТІБАЕВ  
тарих ғылымдарының кандидаты, 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  профессоры  
 
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІК 
 СИПАТТАМАСЫ ЖӨНІНДЕ 
 
В  данной  статье  рассматриваются  некоторые  проблемы  квалификаций  выпускников 
профессионально-обучающих организаций.  
 
This article deals with some qualification problems of leavers of professional teaching organizations. 
 
Мемлекеттік  білім  беру  стандартын  дайындау  мен  ендіру  бедері 
шеңберінде осы күнге дейін нормативтік-құқықтық және ғылыми-дістемелік 
сипаттағы бірқатар мәселелері өз шешімін таба алмай жатыр.                                       
Бұл тұрғыда өзекті мәселелердің бірі - түлектің біліктілік сипаты, оның 
мазмұны  (яғни  түлек  игерген  білім,  ептілік,  дағдылықтың  деңгейі  қандай 
болмақ?),  міндеті,  мемлекеттік  білім  беру  стандарты  құрылымындағы  орны 
мен қызметтері, дайындалу ерекшеліктері болып табылады.   
Біздің  пікірімізше,  біліктілік  сипаттамасы  өз  ішінде  төмендегідей 
сұрақтардың жауабын қамтуы тиіс:  
-  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  кез-келген  білім  беру  мекемесінің 
негізгі қызметі, сапалық  көрсеткіштері; 
-  олардың  білімділік,  кәсібилік,біліктілік  деңгейі  жөніндегі  әлеуметтік 
қалыптасқан көзқарастарға сәйкестігі;  
-  аталған  сапалық  қызметтердің  нақты  бағыты  әлеуметтік  кәсіптік 
қызметтің болашақтағы даму бағыттарына орайлас келуі. 
Дайындықтың  ақырғы  мақсаттарының  кешені  келесі  жұмыстарды 
қарауға негіз болуы тиіс:   
1.  Білім  дайындығын  оңтайластыру  арқылы  оқудың  көптеген  аралық 
мақсаттарын айқындау (білімдік кәсіби бағдарламалар) және оларды басқару 
тәсілдерін белгілеу;  
2.  Оқуда  болатын  вента-ықылас  тудыруымен  оның  табыстылығын 
диагностикалармен  қамтамасыз  ету,  яғни  оқушының  дайындық  мақсатын, 
өлшем шектерін және ондағы құрал-жабдықтарының  болуы;   

 
117 
3.  Әрбір  мұғалімнің  оқытылып  жатқан  пәнінің  рөлі  мен  мақсатын, 
дәрістер  жүргізудің  белгілі  әдістемелік  және  ұйымдастыру  жолдарын  білуі 
үшін база қалыптастыру.  
4.  Оқытушы  кафедра  және  бүкіл  білімгерлер  мекемесі  қызметін 
бағалаудың шынайы әдістемесін жасау;   
5.  Белгілі  бір  біліктілік  мамандарына  болашақтың  сұрақтарын 
анықтаудың әдістемесін жасау; 
Маман  дайындаудың  соңғы  мақсаттарының  кешенді  диагностикалауға 
оңтайлы  болуы  тиіс  екендігі  анық.  Нақты  түлектің  соңғы  мақсаттарға  жету 
деңгейін шынайы бағалау мүмкіндігі,  дайындық үдерісінің басқарылуы мен  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Жетібаев К.М. Кәсіби білім беру мекемесі түлектерінің біліктілік сипаттамасы жөнінде 
 
  
сол  үдерісті  бағалаудың  негізін  құрайды.  Бұл  қажеттілік  білім  мекемесін 
аттестациялау мен аккредитация әдістемесінің негізіне алынуы қажет [1. 222-
223]. 
Ерекше  аталып  өтетін  жайт,  дайындықтың  соңғы  мақсаты,  түлектің 
бүгінгі  кәсіби   және   әлеуметтік  міндеттерін    шешудегі жалпы дайындығын 
жай белгілеп  алу емес, ол түлекті нақты сападағы қызметтердің болашақтағы  
проблемаларына  бағыттау.  Әлеуметтік  және  кәсіби  мәдениетті  меңгерген 
тұлғаны 
жалпыластыруды 
көздеген 
маман 
дайындаудың 
Ұлттық 
бағдарламасы Біліктілік  сипаттамасының бүгінгі талаптарына кешенді жауап 
беретін маман дайындаудағы шығармашыл бастауларға бағыттау.    
Өз  мазмұнында  жалпы  және  тұрақты  дайындық  мақсаттарын  қамтитын 
Біліктілік  сипаттамасының    мемлекеттік  жүйесі  қалыптасады.  Біліктілік 
сипаттамасының  бұл  бөлігі  әлеуметтік  тапсырыстан,  еңбек  рыногіндегі 
мамандарға  сұраныстан  бастау  алып,  Қазақстан  Республикасының 
министрлері кабинетінің  мемлекеттік стандарты шеңберінде бекітілуі тиіс.       
Біліктілік сипаттамасының мемлекеттік бірлігінде белгіленген маман  
сарапшылары оған мемлекеттік үлгідегі диплом мен біліктілік дәрежесін  
берудің  міндеті  шартты.  Бұл  білім  саласындағы  оның  мекемелік 
бағыныштылығы  мен  меншік  формасына  тәуелсіз  маман  дайындаудың 
өлшем-шеңбері мен шарттарына қойылатын міндетті талаптарды ұсынады.  
Стандарт  дайындаудың  белгіленген  міндеттеріне  жауап  беруіне  аса 
оңтайлы  әдістемелік  бағыт  жүйелі-әрекеттік  көзқарастан  туындайды.  Осы 
бағыт  арасында  белгілі  бір  сала  маманын  дайындаудың  кешенді  соңғы 
мақсаттарының есебі қамтамасыз етіледі. 
Белгілі  бір  бағытта  маман  дайындаудың  кешенді  ақырғы  мақсаты 
болашақ  маманның  білім  мекемесін  бітірер  шақта    біліктілік  сипаттамасы 
белгілеген  деңгейде  игерілетін  іс-әрекеттің  біртұтас  жүйесі  ретінде 
қалыптасады. Басқаша айтсақ, біліктілік сипаттамасы маманның өзінің кәсіби 
міндеттерін  орындауға  қажет  көрсеткіштері  мен  сипаттамаларын  қамтуы 
тиіс.  

 
118 
Дәл осы міндет мемлекеттік білім стандартының негізгі бірлігі болатын 
Біліктілік  сипаттамасында  орын  алып,  жоғары  оқу  орындарымен  өндіріс 
орны (тапсырыс беруші) арасында байланыстырушы  қызметін атқарады. 
Дайындықтың  соңғы  мақсаттарын  көру,  нәтижелердің  жүйелі  әрекеттік 
бағдары  маманның  кәсіби  қызметтік  жарамдылығының  негізін  құраушы 
әрекет-құрылымдар  мен  амалдар  кешенінің  диагностикалау  міндеттерін 
шешудегі игерілуі мен ұсынымын танытады. Осыған орай, соңғы мақсаттарда 
белгіленген маманның кәсіби іс-әрекетінің, өз мәні бойынша жүйелі, моделі 
әрқилы  білімдік  пәндер  мен  курстарды  біртұтастыққа  әкеледі,  бұл 
оқушылардың  оларды  меңгеруге  болған  ынта-ықыласымен  және  онымен 
байланысты  дайындықтың  кезеңдік  мақсаттарын,  яғни,  оқу-үйретім   
мазмұнын жетілдірудің негізін қамтамасыз етеді.  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Жетібаев К.М. Кәсіби білім беру мекемесі түлектерінің біліктілік сипаттамасы жөнінде 
 
  
Нақты кәсіби бағдардың болашақтағы даму проблемаларын  
 айқындау  кәсіби  іс-әрекеттің  әлеуметтік  мәнді    түрлері  мен  ортақ 
міндеттерін  айыра  бөліп  алудың  негізгі  әдісі  болып  табылады.  Осы  әдіспен 
нақты қызмет шешімін табуға маман қай жағдайда да дайын болуы тиіс.   
Білімділік  сипаттамасын  дайындау  бірізділігін  нақты  маманддарды 
ажырата  бөлудің  негіздемесін  беруден  бастаған  дұрыс.  Мамандықтар 
талдауын  жүргізуде,  әрине,  шартты  және  нақты  түрде,  екі  негіздемені 
ұстанған жөн:     
1.  Кәсіби  іс-әрекеттің  нысаны  және  көбіне  оның  ішкі  белгілі  дәрежеде 
дербес бөліктері, кейде нысанның даму кезеңдері бойынша ажырату. 
2.  Әрқилы  объектіге  қатысты  әдістер,  технологиялар,  тұрақты 
алгоритмдері  (мысалы,  математика,  материалдарды  өңдеудің  химиялық 
технологиялары) бойынша айыру.   
Осы бағыттағы талдауда мамандықтардың көп бөлігі екі негіздемеге де 
сәйкес  келеді  (мысалы,  экономика  және  металлургия  өндірісіндегі  басқару).     
Әрине,  мамандықтар  тізімінің  өзі  де    жүйелі  іс-әрекеттік  бағытта    шынайы 
реттеуді  қажет  етеді.  Бұл  әрқилы  мамандықтардағы  кәсіби  іс-әрекеттердің 
түрлері  мен  әрекеттері  аса  қажетті  жалпыхалықтың  білім  деңгейін  байқауға 
мүмкіндік берді.      
Біліктілік 
сипаттамасында 
белгілі 
бағыттағы 
жоғары 
білімді 
мамандардың  кәсіби  іс-әрекеттердің  негізгі  әлеуметтік  мәнді  түрлерінің 
кешені  өз  алдына  бөлектенеді.  Бұл  кешенді  қалыптастыруда  оның 
толықтығын қамтамасыздандыру қажет. 
Нақты  мамандық  бойынша  Біліктілік  сипаттамасын  дайындауда жүйелі 
талдау  әдісі  мен  маманның  кәсіби  іс-әрекеті  жүйесіндегі  әлеуметтік  мәнді 
түрлерін ажырату үшін негіздемелерді анықтау қажет.     
Ажырата  белгіленген  негіздемелерді  ескеру  мен  кесте    тізім  күйінде 
ұсынылатын маман іс-әрекеті түрлерінің негізін құрайды.   

 
119 
Шешімдер  және  іс-әрекет  міндеттерінің    мазмұны,  мәселе  шешу 
бойынша  іс-әрекет  құрылымы,  сонымен  бірге,  әр  міндет  бойынша 
еңбектердің қалыптасу деңгейіне қойылатын талаптарды ескерген жөн .           
Іс-әрекет түрлері мен міндеттер кешенінің қалыптасуына негіз болатын 
жағдайлар:  құжат  негіздерін  талдау,  ғылым  мен  практиканың  белгілі 
сапасындағы жетекші ғалымдар  мен  мамандардың  эксперттік бағасы;  нақты 
сападағы  мамандар  іс-әрекетінің  мазмұнына  таңдамалы  талдау;    нақты 
мамандық түлегінің қатысуы қажет саланың басты болашақты мәселеріне  
орай  ғылыми  негізгі  болжам жасау [2]. 
          Кәсіби  іс-әрекеттің  жалпыланған  міндеттерінің  тізімі  маман  дайындау 
сапасын  кешенді  диагностикалау  құралдарын  жасау  сондай-ақ,  кешенді 
біліктілік тапсырмаларын түзу үшін негіз ретінде қабылданады.     
 Шынында,  Біліктілік  сипаттамасының  да,  стандарттың  да  негізінде 
дайындықтың диагностикаланушы  соңғы мақсаттарын, маман дайындау
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет