part of scientists - teachers.
ХХІ ғасырдағы әлемдік және қазақстандық білім беру жүйесі дамуының
негізгі басымдықтары:
біріншіден – білім сапасын арттыруда мемлекеттік тілді; жаратылыстану
– математика, техникалық пәндерді, шет тілдерін оқыту сапасын жақсарту;
екіншіден – білімде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды
өрістету және ынталандыру;
140
үшіншіден – оқыту, жұмыс орнын дайындау, еңбек нарығы арасындағы
өзара байланысты нығайту;
төртіншіден – мұғалімдер мен оқытушылардың білімі мен біліктілігін
жетілдіру;
бесіншіден
–
қоғамдық
ресурстарды,
сондай-ақ
білімдегі
инвестицияларды біріктіретін сектораралық қатынастарды тиімді қолдану
және т.б. табылады [1].
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасында
«Оқу
процесін
ұйымдастырудың дәстүрлі жүйесінің орнына оқытудың кредиттік жүйесі
енгізіледі, ол оқитындардың өз бетінше белсенді жұмыс істеуіне
ынталандырады, жеке білім бағытын таңдаудың болуын, ұтқырлығын, білім
туралы құжаттардың әлемдік білім беру кеңістігінде танылуына әрекет етеді»
делінген.
Кредиттік оқыту жүйесі – жаңа технология, оның негізгі мақсаты
әлемдік білім беру стандартына білім сапасын жақындатып, болашақ
мұғалімнің нарық заманындағы бәсекеге қабілетті, өмірден өз орнын таба
алуына негіз қалау болып табылады. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс-
әрекеттерге даярлау барысында оқу жұмыстарын тиімді ұйымдастыра
отырып, ізденімпаздыққа, дербестікке, нәтижелі сапалы еңбекке ұмтылуға
шақыру керек.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сарыбаева Ә.Х., Ташимова А.Л. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс-әрекеттерде электрондық…
Оқытудың кредиттік жүйесі
студентке өз бетінше, шығармашылық
негізінде білім алуды өз жағдайына бейімдеп білім беретін технология.
Кредиттік оқыту жүйесінде оқытушы сабақта тек бір тақырыпты
қамтып қоймай, тұтастай бір бөлімді игертуі тиіс. Курсты оқытуда
студенттің өз бетінше жұмыс жасауының маңызы зор. Сол себепті
студенттің өзіндік жұмысының екі түрінің де (ОБСӨЖ және СӨЖ) сапалы
орындалуы, кредиттік технологияны оқыту процесіне табысты енгізуге
тікелей әсер етеді.
Студенттің өздік жұмысының әдістемелік негізін оқыту мақсатына сай
типтік және типтік емес есептерді шешуге бағытталған жұмыстар, практикалық,
лабораториялық жұмыстар, яғни студенттерге нақты пәнді білетінін,
меңгергенін көрсетуге мүмкіндік беретін тапсырмалар мен жағдайлар құрайды.
Студенттің өздік жұмысын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету – өздік
жұмыстың тақырыптарын және формаларының тізімін құруды, әрқайсысының
мақсаты мен мәселесін қалыптастыруды, әдістемелік нұсқауларды жасауды,
оқу, анықтамалық, әдістемелік және ғылыми әдебиетті таңдауды білдіреді.
Кредиттік технология оқытуды дараландыруға, оқу траекториясын
таңдауға негізделеді. СӨЖ-ге жекелей тапсырмалар дайындауда студенттердің
жеке бас ерекшеліктерін, зияткерлік қасиеттерін ескеріп, өздік жұмыстың
жекелей және топтық түрлерін үйлесімді түрде қолдану қажет. Әр студент
141
барлық оқу мерзіміне анықтама-жолнұсқамен және әр пән бойынша оқу-
әдістемелік кешенмен (ОӘК) қамтамасыз етілуі тиіс [2].
Сонымен, оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін кредиттік оқыту
жүйесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби іс-әрекеттерде электрондық
оқулықтарды пайдалану ерекшеліктерін қарастырсақ.
В.П.Тихомировтің
пікірінше,
электрондық
оқулықпен
оқыту,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ертерек қолдануға, білімді
практикалық пайдалану тиімділігін арттыруды жүзеге асырады. Ол
электрондық оқыту технологиясын білім алудың жаңа стилі және ақпараттық
қоғамға лайықты өмір сүру технологиясы, үздіксіз білімді жетілдіру және
іскерліктер мен дағдыларды дамытудың технологиясы деп сипаттайды [3].
О.Околелов «электрондық оқулықтың басты ерекшелігі, оқыту үдерісін
басқару жүйесі, білімді жүйеге келтіру және диагностикалау құралы, сөздік
әдісті қолдану, көрнекілікті пайдаланудың жоғары деңгейі, мультимедиа
құралдарын, оқытудың басқа да түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді»
деп санайды [4].
В.А.Каймин электрондық оқулықты бағдарламаланған негізде, оның
мазмұнын оқу мәтіні мен тест, тапсырмалар жинағы деп анықтады [5].
Ал, Е.С.Полат, А.Е.Петров және басқаларының ұсынған электрондық
оқулықтың құрылымы төмендегідей: курс жайлы жалпы мәліметтер;
анкеталар; тесттер;
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сарыбаева Ә.Х., Ташимова А.Л. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс-әрекеттерде электрондық…
анықтамалық материалдар; модульдар; тапсырмалар; әдебиеттер; бақылау
[6].
Электронды оқулықтың бір артықшылығы – студент компьютер
лабораториясында сабақтан тыс уақытта жұмыс істей алады немесе үйінде өз
компьютерінде дайындала алады. Қажет болған кезде студент өзінің жеке
жоспары бойынша оқытушының бақылауымен жұмыс істеуіне болады.
Электрондық оқулықтармен оқыту, оларды жетілдіруге қажетті
жағдайларды құру, өңдеу және ендіру, жаңаны дәстүрлі әдіспен
қиылыстырудың жолдарын іздеу психологиялық-педагогикалық, оқу-
әдістемелік проблемаларды шешуді талап етеді. Оларды әртүрлі бағыттар
қатарында ажыратуға болады:
оқу үдерісіне электрондық оқулықты ендіру проблемасын шешу үшін
бірыңғай ғылыми-әдістемелік комплексті жетілдіру;
практикалық, кәсіби іс-әрекетте электрондық оқулықты пайдаланудың
әдістемесін жасау;
электрондық оқулықпен оқытатын болашақ мұғалімдерді даярлау және
оны оқу процесіне ендіру;
жоғары оқу орындарын материалдық-техникалық жабдықтау;
қажетті әдістемелік қамтамасыздандыруды іздеу, өңдеу және құру.
142
Электрондық оқылықтарды дайындауда MS FrontPage, Macromedia
Directir, Dream Weaver, Flash және 3D Studio Max бағдарламалық өнімдері
пайдаланылады. Microsoft және Adobe компаниялары электрондық
оқулықтарды оқуға арнап арнайы бағдарламалық жабдықтар жасап шығарды.
Осы орайда, 050109-Математика мамандығы үшін бекітілген
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған “Физика”
пәндерінің мазмұнын, пәнді оқыту барысында электрондық оқулықтарды
пайдалануды қарастырдық.
ЖОО–да жалпы физика курсы бойынша оқытылатын жүйелі курстың
мазмұнын анықтағаннан кейін, оған енгізілген іргелі теориялар мен
заңдылықтарды, басты ұғымдарды электрондық оқулықтарды пайдаланып,
оқыту технологиясының кейбір мәселелерін қарастырдық.
Физика сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдаланып оқытудың
негізгі басты мәселелерінің бірі – мақсатты педагогикалық оқытушы
бағдарламалар жасау екендігі белгілі. Электрондық оқулықтарды жасау және
пайдаланудағы мол тәжірибелер – физика мұғалімдерінің компьютерді
пайдаланып оқытудағы тиімді көрнекі құралы екендігін дәлелдейді.
Электрондық оқулық жасаудағы басты міндеттердің бірі – студенттерге
тараулар мен тақырыптарды оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын
жасау. Оқытуды электрондық бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарлап
оқытудың негіздемесін жасау және оны саналы түрде жүзеге асырудың тілдік
жүйесініңтиімді жолдарын қарастыру болып табылады. Бірақ, бағдарламалардың
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Сарыбаева Ә.Х., Ташимова А.Л. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс-әрекеттерде электрондық…
тілдік жүйесі кәсіби пайдаланушыларға арналған болғандықтан, біздің
ойымызша, физиканы оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында компьютерде
жасалған арнайы бағдарламалар кешенін пайдалану болып табылады.
Сонымен, оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін дәстүрлі және кредиттік
оқыту жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдалану қажет.
Физикалық тәжірибелер оқу-тәрбие үрдісінің негізгі құрамдас бөлігі және
физикалық құбылыстардың табиғаты туралы білім көзі болып табылады. Физика
курсында қиындықтардан шығудың нақты жолдарының бірі – сабақ үрдісінде
динамикалық компьютерлік модельдерді (ДКМ) пайдалану.
Компьютерлік модельдеу арқылы объектінің немесе құбылыстың нақты
немесе ойдан шығарылған параметрлерін, қасиеттері мен заңдылықтарын тауып,
оны экранда көрнекі бейнелеуге мүмкіндік бар. Бұл – ғылым мен білімге өте
қажетті мәселенің бірі. Себебі физика сабағында объектілермен тікелей
эксперименттер жасау немесе оларда байқалған құбылыстардың заңдылықтарын
түсіну өте қиын да күрделі шаруа. Компьютерлік модельдеу арқылы көптеген
физикалық құбылыстарды зерттеп тануға болады. Көрнекі компьютерлік
модельдерді оқу процесінде ұтымды пайдалану арқылы білім саласын арттыруға
болатынына да күмән жоқ.
Лабораториялық жұмыстарды орындаудың басқару нұсқауы келесі
тізбектерден тұрады:
143
1. Дәстүрлі әдіс бойынша лабораториялық жұмыстарды орындаудың іс-
әрекеттер тізбегі.
2. Компьютерлік бағдарламаларды лабораториялық жұмыс нәтижелерін
өңдеуге қолдану әдістері.
3. Бағдарламалау тілдерін қолдану.
4. Лабораториялық жұмыстардың электрондық нұсқаулықтарының оқу
үдерісіндегі тиімділігі.
5. Виртуалдық зертханалық кешендер.
Болашақ мұғалімдер кәсіби іс-әрекеттерде электрондық оқулықтарды
пайдаланса, оны оқу үдерісіне енгізсе, білім сапасы арттырылып, оқу жүйесін
жаңа бір сатына көтеруге ықпалын тигізеді деп санаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері. –Алматы: Білім, 2009. 6-7 б.
2.
Андасова Б.З. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын
ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. пед.ғыл.канд.….дис.:.13.00.08.
Астана:ЕуразияГИ,
2007.
134 б.
3.
Тихомиров В.П. Качественное образование для всех как основа формирования знаний
//Информационное общество. 2005, № 4.
C. 12-14.
4.
Околелов О. Электронный учебный курс //Высшее образование в России.
1999. №4. –С.126-
129.
5.
Еврейнов Э.В., Каймин В.А. Информатика и дистанционное образование: методическое пособие
для учителей и преподавателей вузов. –М.: ВАК, 1998. – 87 с.
6.
Новые педагогические и информационные технологии в системе образования /Под редакцией
Е.С.Полат. –М.: Академия, 1999. – 224 c.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Е.АЛИМХАНОВ
Қазақ спорт және туризм академиясының
профессоры
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАҒЫ НАНЫМ-СЕНІМДЕР
Распространение и соблюдение обычаев и верований у казахского народа имеют древние
корни. Верования распространены во всех сферах жизни. Соблюдение обычаев и верований часто
встречается в национальных играх, и это иногда выступает главным регулятором правил игры.
The expansion and keeping the customs and beliefs among Kazakh people has got very ancient roots.
Beliefs are widespread in all spheres of our life. Keeping the customs and beliefs is often met in national
games and this factor is sometimes the main regulator of games’ rules.
Қазақтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері ұлттық ойындардың пайда
болуына, оның ережесінің қалыптасуына тікелей әсері болғандығын ескере
келіп, ұлттық ойындар арасында кездесетін наным-сенімдерге жеке тоқталу
керек деп санаймыз.
Ұлттық ойындардың мазмұны қалыптасу кезеңінде негізгі мақсаты
тұрмыс- тіршілікке қажетті қозғалыс дағдыларын және дене қозғалыстарын
жетілдіру болса, оған қосымша ойын мазмұнына ұлттық салт-дәстүрлерде
қалыптасқан ырымдар, наным-сенімдерді де көптеп енгізіп отырған. Осылай
жасау ойынға ұлттық мазмұн беріп, ерекшелігін айқындайтын болған,
144
адамдардың этникалық ерекшеліктеріндегі түсінікті жалғастырушы ролін
атқарған.
Ел
арасында
қалыптасқан
салт-дәстүрлер
тарихи-қоғамдық
формациялардың, діннің, табиғаттың әсерінен уақыт өткен сайын
кейбіреулерінің жылдам өзгеріске түсетіндігімен қатар, кейбіреулерінің өте
көнеден өзгеріссіз келе жатқандығын байқауға болады.
Салт-дәстүрлердің
адамдардың кәсіптік-шаруашылық еңбек ету
ерекшеліктеріне, жыл мезгілдеріне, діннің ықпалына қарай бейімделген
түрлерін көруге болады, оған бір мысал ретінде баланың тұсау кесу рәсімін
айтуға болады. Мысалы қазақ-қырғыз халқы арасында тұсау кесуге арналып
арнайы той өткізіледі. Осы той кезінде жиналған адамдар ішінен тұсау
кесемін деген үміткерлер арасында жаяу жарыс ұйымдастыру дәстүрі бар.
Осы жарыс кезінде кім жүйрік болып бірінші келсе, сол бала тұсауын кесу
құрметіне ие болады. Осы салттың басты мақсаты – бала өскенде сол жүйрік
адам сияқты болсын деген тілектен туған ырым.
Қазақ халқы арасында балуандарды белдесуге шығарудың дәстүрлері әр
жерде әртүрлі болғандығы байқалады. Балуан шығарушы жақ өзінің
балуанының жеңуін қалап, ол туралы мақтау мен мадақтауды аямаған.
Балуанды атқа, түйеге мінгізіп әкеліп, елді таңдандыру, қарсыласының
мысын басу мақсатында ноқталап, шынжырлап алып шыққан. Қарсыласының
үрейін ұшырып қорқыту мақсатында «түйе палуан», «өгіз палуан» атанған
палуандарды кілем шетіне шынжырлап ұстайтын болған. Күжірейген дәу
перілер аузынан көбік шашып, жертарпып, аруақ шақырып, ақырып
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Алимханов Е. Ұлттық ойындардағы наным-сенімдер
бақталасының мысын басуға тырысқан.
«...Балуаны келiптi бәйге атымен,
Бiздiң жаққа белгiлi айбатымен.
Балуанын шынжырлап әкелiптi,
Бар Қытайға белгiлi қайратымен», - деген өлең Көктұмада
Сүлеймен болыстың атына берілген аста Қытай балуанын көргенде айтылған.
«Бастан аттау» қазақ халқының көне ырымдарының бiрiне жатады. Негiзгi
мағынасы − жеңген балуанның жеңілгеннің басынан аттауы арқылы одан «күш»
алуы. Бұл түсiнiк бойынша жеңiлген адамның «күшi» жеңген адамға өтуi қажет.
Кей жерлерде палуандарды атқа, түйеге мінгізіп, топ аралатып, ел көзіне
көрсетіп, мақтап, мадақтап, ауылдың сыйлы адамы балуанға бата беріп
шығарады. Палуандар аттан түсіп жерге отырып, қарсы жақтан палуан шығуын
күтеді. Кім күресемін деп шықса, оның жасының үлкен-кішілігіне, салмағының
ауыр-жеңіліне қарамай күреседі. «Әлі жеткен алып та жығады, шалып та
жығады» деген сөз осыдан қалса керек.
Балуандарға жеке жасырын ат беру дәстүрі де болған. Күресетін балуанның
кім екенін жария етпес үшін, көбіне беттерін бояп немесе бетперде кигізген.
Жеңген балуан қарсыласының бетпердесін шешуі арқылы өзінің жеңгендігін
мойындатқан. Қажымұқанның бір өзіне «Батрак-Акмолинский», «Қара маска»,
145
«Черный Иван», «Маханура», «Алыпсоқ», Шидем-Купинский», «Черный
Замук», «Қызыл маска», «Қара Мұстапа», «Қара палуан», «Ұлтанқұл»
(Қажымұқанның бала кезіндегі аты) деген аттар берген [1].
Қазақ халқы арасында қандай да бір істі бастамас бұрын үлкен сыйлы
адамнан бата сұрау, рұқсатын алу дәстүрі сақталған. Осы ырымдарды балуандар
да орындаған.
Балуандар арасында бір нәрсені пір тұту, аруаққа сыйыну сияқты жағдайлар
жиі кездеседі. Мұндай ырымдарды жасау оған сену өздеріне қосымша күш береді
деген оймен орындалады. Қазақ халқы арасында жылқы малына да байланысты
салт-дәстүрлер өте көп кездеседі. Жылқының жал-құйрығын дәстүрге сай
күзейді, ал ата мал айғырдың жал- құйрығын күземейді ол төлі жал құйрығы
төгіліп өссін деген сенімнен туған. Айғырдың маңдайына, бие байлағанда сары
май жағады. Сүт, қымыз мол болсын деген ырым.
Жылқы атасын жылқышы Қамбар ата деп, жылқы малы желден жаралған
деп санайтын сенім бар. Жүйрік жылқыны адамдар көзінен тасада ұстап, үстіне
сәндеп жабу жуып алып жүреді, ондағы мақсат сырт адамның «көзі түседі»,
көзінің сұғы бар адамдар көрсе жүйріктің тағдырына зиян келеді деп одан
сақтанудың жолы.
Махмуд Қашқари өзінің осыдан мың жыл бұрын жазған «Түрк сөздігі» атты
еңбегінде «Ел – аттың тағы бір сипаттағы атауы. Ат түріктердің қанаты
болғандықтан, атты ел деп те атайды. Атбағарларды (ат бапкерлерін) ел басы
дейтіні сондықтан» деп жазады [2].
Ғалым Б.Камалаш Монғолия жеріндегі қазақтардың арасында таралған
наным– сенімдер туралы айта келіп, «Жүйрік аттың кекіліне, құйрығына қара бас
үкі тағады, үкінің артқы сабағын қызыл матамен орап, буып байлайды. Бұл
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Алимханов Е. Ұлттық ойындардағы наным-сенімдер
ырымның мақсаты сұқтана қараған адамның көзі үкіге түсіп жануарға зиян
келмесін дегенді білдіреді. Жылқының құйрығын шолтыйтып күземейді, олай
болған жағдайда жылқы тұқымсыз қалып, өспейді деген сенімнен туған.
Сырттан келген кісі әдейілеп барып жылқы мен құлынды өзі барып көрмейді
ондағы ойы жылқы иесінің көңіліне келіп сақтануынан болады, жылқыны иесі
еркімен көреді. Жүйрік атпен сиырды айдамайды, сиырдың жолы ауыр деп
есептейді. Жүйрік атпен жоғалған малды іздемейді, жоқ табылмаса «ат жасып,
асылы қайтады» деп есептейді, себебі жақсы аттың сезімі күшті болады ол да
иесі сияқты ренжиді деп санайды. Түйе сиыр малдарының терілері «ауыр, қатты»
терілер саналып, жүйрік аяулы аттарға қатты тиеді деп, жылқы терілерінен
жасалған қамшыларды пайдаланады.
Жылқы иесі өлсе жылқыны мінбей, өлген адам жылына «тұлдап» сояды.
Жүйрік жарату кезінде атпен арқанды аттамайды ондағы ойлары «ала жіпті
аттамаған тазамын» дегенді білдіреді. Жүйрікке күл бастырмайды, жүйрік аттың
жабдығын ұрламайды. Аттың басынан, көзінен сабамайды, шідер, тұсамыс, өре
қамшымен ұрмайды. Ұрса жаяу қалады деген ескертпе бар» деп жазады [3].
Ат әбзелдері жүген, ноқта, арқан, шідер, тұсамыс, өре, шылбырларды
ұрламайды, ұрласа «жүгенделіп, ноқталанып, арқандалып, тұсалып» қалады
146
деген сенім бар. Жылқы малы күледі, жылайды, күрсінеді. «Жылқы малы
адамға серік. Өлімнен құтқармаса да азаптан құтқарады. Жылқының күлгенін
көрген адам дәулетті бай болады, жылағанан көрген адам тақыр кедей
болады» деген сөз халық арасына тараған.
Саятшылыққа байланысты сенім-нанымдар, әдет-ғұрып, ырымдар көне
тотемдік дәуірден бастау алады. Жан-жануарларға, аң-құсқа, заттарға табыну
түркі ұрпақтарында қазірге дейін сақталған. Саятшылыққа байланысты сат
дәстүр аңшыға айтылатын «қанжығаң майлансын, атар көбейсін, жолың
болсын» деп бата беріп шығарып салудан басталады.
Аң-құстардың мінез-құлқыларын зерттей келе, олардың ауа райының
ерекшелігіне қарай жайылатындығын, тығылып жасырынатындықтарын білу
аңшының олжалы болуына үлкен әсері барын есептеген. Осындай
ерекшеліктеріне қарай аң ұстауға қажетті құрал-саймандарды дайындаған.
Аңға сейсенбі күні жиі шығу «сейсенбі сергелдеңі» осы күні аң-құс
сергелдеңге түседі деген сенімнен туған. Кей жерлерде біздің ауыл «бұл аң-
құсты атпайды» деген сөздерді естуге болады. Оған себеп аң-құстардың сол
жерде азайып кеткендігін ескеріп сақтау, көбейту ниеттерінен туған болса
керек. Әдетте ауыл маңындағы мекенді аң-құстарды атпайды. Көктем кезінде
“бетің шұбар болады» деп балаларға құс жұмыртқаларын жарғызбайды. Аң-
құс, балықтардың көбейіп ұрпақ өсірер кезінде саятшылық етуге тиым
салынады. Ел арасында «қасиетті жерлер» деп аталатын орындарда
мекендеген аң-құстарды ауламайды оларды сол жердің «иелері» деп санайды.
Қазақ халқы дала аң-құстарын «адал және арам» деп бөледі.
Қазақ халқы ұлар құсын атпайды, тек дәрілік зәрушіліктен қақпан құрып
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Алимханов Е. Ұлттық ойындардағы наным-сенімдер
ұстайды ел арасында себепсіз ұларды атқан кісі жамандыққа жолығып, ұлып
қалады деген сенім бар. Аң-құстардың аттарын балаға қою қазақ халқының
арасында жиі кездеседі, ондағы ойлары солар сияқты еркін, сұлу, күшті болсын
деген ниеттен туындаған.
Ертеден келе жатқан көк бөріге табынушылық дәстүр бүгінгі күнге дейін
сақталып келеді. Бұрын бөрі бейнесі қазақ туларына салынған. Бұл сенім біз көк
түркілер көк бөрінің ұрпағымыз дегеннен тараған. Ертеде ауыл арасында ұрлық
істеген адамды табу үшін «қасқырдың тарамысын өртегелі жатырмын» деп жар
салатын болған. Ондағысы тарамыс өртегенде, ұрының аяқ-қолы құрысып,
шолақ болып қалады деген нанымнан туған. Аяғым осындай дертке шалдығады
деп қорыққан ұры ұрлаған дүниесін әкеліп берген. Қазақтар арасында қасқырды
ырымдап «Ит-құс, Даладағы» деп атау жиі кездеседі. «Малың ит-құстан аман
ба?» деу соны меңзейді. Дала аң-құстарының адамдар «иесі» болулары жиі
кездеседі.
Қазақтар арқар, құлжа, тау ешкі, таутекені «қоңыр аңдар» деп атайды.
Аңшы түзден үйіне келгенде, мылтығын тексеріп, далада қалдырады,
мылтықпен бөгде үйге кіру жақсы ырымға жатпайды. Сақа аңшылар жас
аңшыларға «қоңыр аңдарды жаппай қыруға болмайды, киесі ұрады» деп ескертіп
147
отырады. Қоңыр аңдардың енесін атудан аңшылар аулақ болған, балаларының
«жетімдіктерінен» қорыққан. Ауға түскен шабақты босатып жібереді. Ұстаған
балықтарды санамайды, оны бөлуді жасы үлкен беделді адамға тапсырады
Мысалы ХІХ ғасырда Құрбанғали Халидтің шағатай тілінде жазылған
«Тауарих хамса» кітабында ат жарыстарының қазақтар арасында қалай
өтетіндігін жаза отырып «Бәйге парсы тілінде «пойго», яғни «сөре», «пой» аяқ,
«го» жер, яғни аяқталар орын. Яғни ат аяғы жетер жер деген ұғымды береді» деп
бәйге сөзінің шығуын анықтаса, ат жарысы ережесіне байланысты «Ат шауып
көмбеге жете алмағанға бәйге жоқ, көмбеден асып кеткен есепке жатпайды,
бұған ерекше адам тағайындалғанда «кіреші» деп атаған. «Кіреші» негізі көруші
немесе төреші міндетін атқарған. Тек шындық айтылатын болған.
Көбінесе мерекелік аттар «көтермелі», яғни көмекшісі бар аттар, бәйге
атымен қосылып көп кісімен бірге келіп, бәйге бойына бірінен соң бірі
жетекке алып қиқулап «көмбеге» жеткенше демеп барады, мұны «көтермелі»
атаған. Бәйгеге көбінесе тоғыз тігіледі. «Бәйге басы жамбы, яғни түйе тіксе,
оған сегіз мал немесе бұйым қосып тоғыз ету керек» деп ат бәйгесі
ережесінен үлкен мағлұмат береді [5].
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Әлімханов Е. Қазақтың балуандық өнері. Алматы: Атамұра, 2009.
2.
Махмуд Қашқари. Түрк сөздігі, 3 томдық, аударған Асқар Егеубай. Алматы: Хант, 1997-1998.
3.
Камалаш Б. Қазақтың дәстүрлі аңшылығы. Өлгий, 1994.
4.
Құрбанғали Халид. Тауарих хамса (Бес тарих). Ауд. Б.Төтенаев, А.Жолдасов. Алматы:
Қазақстан, 1992. 182-184 бб.
Достарыңызбен бөлісу: |