Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет29/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қаратышқанова Қ.Р. Тәңір - әлем қатынасынан туындайтын мәселелер
 
 
 
 

 
233 
г/.  Деизм  біршама  кәламдық  мәселелерді  бірге  шешуде.  Мысалы, 
әлеммен қатысы жоқ Тәңір әлемді біледі ме? Әлемге қатысты шынайылыққа 
ие  емес  бұл  Тәңір  күшті  ме?  Одан  тілеуге  бола ма?  Қысқаша  айтсақ,  деизм 
Тәңір туралы сөз қозғау шамасын төмендетіп жібереді. Деист Тәңірдің ілімі, 
құдіреті,  қалауы,  әділеттілігі,  қайырымдылығы,  т.с.с.  турасында  еш  нәрсе 
айта алмайтындай халде сияқты. 
Осындай кемшіліктерді ескерсек, деизм діннің өзі емес, ол оның солған 
және өлген түсінігі. Сондықтан да деизм пантеизм және теизм сияқты  ұзаққа 
бара алмайды. Соған қарамастан, дүниенің және білімнің автономды болуын 
талап  ететін,  діннің  рационалды  жағына  басымдық  беретін,  дінді  тек 
ахлақпен  байланыстыратын  кейбір  адамдардың  дүниетанымдарында  деизм 
элементтерін кездестіруіміз мүмкін. 
Деизм,  көбіне,  христиандық  Батыс  әлемі  аумағында  қаралған  тақырып. 
Бай да, түрлі діни пікірлерді ортаға шығарған ислам әлемінде «деизм» деген 
ағым  жоқ.  Болғанның  өзінде  деизмнің  кейбір  көзқарастарына  ғана  жақын 
пікірлерге ие мұсылман ойшылдарды айта аламыз. Мәселен, атақты дәрігер, 
философ Абу Бакр ар-Разидің Алланың бары, ахлақ заңдарын, рухани өмірдің 
мәнін 
ақылмен 
тануға 
болатынына 
сенетіндігі, 
осыдан 
келіп 
пайғамбарлықтың  керек  еместігін,  тіпті  пайғамбарлар  бір-бірін  терістеген 
адамдар болғанын алға тартқандығы турасында айтылады [1, 185]. 
Фараби  мен  Ибн  Сина  сияқты  философтар  Алла  -  Әлем  қатынасын 
айқындау  үшін  көріну  теориясын  ұнатулары,  Алланың  жоғарылығын  ойлай 
отырып,  дүние  мен  Алғашқы  Себеп  арасына  ақылдар  тізбегін 
орналастырулары  Құран аяттарының  (Каф  сүресі,  50/16)  мәніне  сәйкес  емес 
сияқты көрінсе де, оларды деистік пікір иелері деп айтуымызға негіз жоқ. 
Деизмнің «жарату» пікірі теизмдегі жарату пікірне өте жақын. Екеуінің 
арасындағы  ең  маңызды  айырмашылық  сонда,  біріншісі  жаратуды  «болған-
біткен»  әрекет  сияқты  көрсетсе,  екіншісі  жаратылыстың  үздіксіз  жүретініне 
сенетіндігі.  Олай  болса,  философтардың  көріну  теориясы  кейін  орын  алған 
жаратылыс  түсінігінен  айырмашылығы  бар.  Осыған  байланысты,  Ғазали 
көрінудің  Тәңір  түсінігін  әрекет-ілім,  құдірет,  әсіресе,  қалау  сипаттары 
тұрғысынан қарастырмайды.  
Оның осы тұста философтарға бағыттаған сындары мен деизмнің Тәңір 
түсінігіне  бағыттаған  сындары  арасында  ұқсастық  бар.  Философтардың 
илахи білім турасындағы көзқарастарын айқындаған соң Ғазали былай дейді: 
«Олар  илахи  ұлылық  тудырған  барлық  мағынаны  жойды  және  Алланың 
жағдайын  өлетін  адамның  жағдайына  апарып  тіреп  қойды.  Айырмашылық 
мынада, өлетін адам ештеңеден хабарсыз жағдайда, ал Алла өзін ғана біледі» 
[1, 186].  
Көрінгеніндей,  деизм  ақли  және  діни  сананы  қанағаттанарлық  Тәңір  - 
Әлем қарым-қатынасын құрай алмады. Пантеизм бұл істе табысты бола алар 
ма  екен?  Түрлі  жолдармен   анықталып   жүрген   «пантеизм» - Тәңір - әлем  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қаратышқанова Қ.Р. Тәңір - әлем қатынасынан туындайтын мәселелер
 
 
 
 

 
234 
қатынасының  дуализмін  жойған,  Тәңірдің  әрбір  нәрсені  қамтитынын,  тіпті 
Оның әр нәрсе болғанын, соған байланысты табиғатқа да, адамға да тәуелсіз 
нәрсе  ретінде  қарай  алатынын,  олардың  тек  илахи  барлықтың  түрлі 
тәсілдермен  ашылуларынан  тұратынын  алға  тартқан  діни  және 
философиялық  доктрина.  Әр  діни  мәдениетте  дерлік  пантеизмге  нұсқайтын 
белгілерді  байқауға  болатындығымен  бірге,  пантеизмді  таза  және  тұтас 
күйінде табу мүмкін емес.  
Әр  нәрсенің  бір  қайнар  көзге,  не  бастамаға  тәуелді  болу  пікірінің  ой 
тарихында  терең  тамырлары  бар.  Сонау  грек  философиясының  алғашқы 
кезеңдерінде кейбір философтардың, мысалы, Фалес, Анаксимен, Ксенофон, 
болмысты  бір  бастамамен  байланысты  қарастырған  талпыныстарын  білеміз. 
Бірақ бұл ойшылдарды пантеист деп есептеу дұрыс емес.  
Теизмнің  пантеистік  бағытының  жасалуы  мүмкін.  Осыдан  келіп, 
пантеист  ретінде  танылған  бірнеше  йахуди,  христиан  және  мұсылман 
ойшылдарын  білеміз.  Бұл  жерде  мәселеге  терең  қарап,  пантеист  терминін 
оңды-солды  қолданбау  керек.  Тәңір  -  Әлем  ұқсастығын  қозғаған  таза 
пантеизмді  үш  әлемдік  дін  өкілдерінің  көпшілігі  терістейді.  Әсіресе,  ислам 
ойшылдары,  мысалы,  Ибн  Араби,  Халладж,  Джалаладдин  Руми  туралы  сөз 
қозғағанда  пантеист  терминіне  үлкен  талап  қойылады.  Сопылықпен 
айналысқан  Ибн  Таймия  мынадай  үш  мәселенің  сопылыққа  қатысы 
жоқтығын айтып өткен [2, 614-619]:  
1) Сенімде «уахдат ал-вужуд» пантеизмі; 
2) Рухани жоғарылаған соң жауапкершіліктің жойылуы; 
3) Көзбояушылық. 
Қорыта  айтқанда,  философия  тарихында  тәңір-әлем  қатынасынан 
туындайтын түрлі қағидалар мен тұжырымдар ислам діні секілді теологиялық 
жүйеде  Құран  мен  қасиетті  жазбалар  арқасында  қайта  құрылған  деуге 
болады. Орын алған түрлі деистік және пантеистік көзқарастардың ислам діні 
мен сопылық білімнен бейхабарлықтан шыққанын көруге болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Aydin M.S. Din Felsefesi. Izmir, 1999. 362 s. 
2.
 
Ebu Zehra. Islamda itikadi, siyasi ve fiokhi mezhepler Tarihi. Cev. S.Kaya. Istanbul, 680 s. 
S.614-619. 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Ж.МАЙЛЫБАЕВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 

 
235 
 
ИСЛАМДАҒЫ СЕНІМДІК АҒЫМ – ЖАБАРИЯ 
 
 
В статье речь идет о веровом течении в Исламе – Жабария. 
 
              The article deals with the religious trend in Islam – Zhabaria. 
 
Алғашқы  мұсылмандар  діни  сенімдерін  Құран  Кәрімнің  негізінде 
қалыптастырды. Олар Аллаһтың заты мен сипатына ненің сай, ненің сай емес 
екендігін Құран Кәрімнің аяттарына қарап ажырататын еді. Ол дәуірде Құран 
Кәрім  аяттарының  мағынасын  түсіндіруші  Пайғамбарымыз  (с.а.)  -  ның 
тікелей  өзі  болғандықтан,  мұсылмандар  арасында  Құранды  басқаша  түсіну 
деген  болмаған.  Осыған  байланысты  алғашқы  мұсылмандардың  арасында 
сенімге қатысты талас-тартыс туындамады. 
Дегенмен 
сенімдік 
мәселелерде 
пікірталас 
жасағандар 
Пайғамбарымыздың  (с.а.)  –  ның  әкелген  дінінің  ақиқаттығына  шүбә 
келтірмеген.  Сенімдік  мәселелер  исламдық  сенімнің  негізін  құрайтын 
Аллаһтың 
бірлігі, 
пайғамбар, 
ақырет 
күні, 
періштелерге 
сену 
тақырыптарында  емес,  тағдырға  қатысты  іс-әрекеттің  зорлықпен  болуы, 
«қалау»  және  «үлкен  күнә»  жасағанды  мұсылман  санаймыз  ба  деген 
мәселелерден  туындады.  Сондай  ағымдардың  бірі  «Жабария»  еді.  Ислам 
тарихында  алғашқы  сенімдік  тартысқа  себеп  болған  тақырыптардың  бірі 
«тағдыр»  болды.  Мұсылмандар  табиғиндер  дәуірінен  бастап  тағдыр 
мәселесінде  түрлі  көзқарас  білдіре  бастады.  Біреулер  тағдыр  жоқ  десе, 
біреулер бар дейді, ал біреулер болса адамның тағдырын өзі жасайды деген 
пікірде  болды.  Себебі,  Құранда  тағдырға  иман  етуді  тікелей  бұйырған  аят 
жоқ, құран аяттарына зер салған соң Аллаһ (Т) барлық тіршілікті тағдырлап 
қойғандығын  білдіреді.  Құран  аяттарында  Аллаһқа,  Періштелеріне, 
кітаптарға, пайғамбарларға және ақырет күніне иман ету анық айтылған. Хз. 
Пайғамбарымыздың (с.а.) хадистерінде де бұл мәселе жайлы қысқа айтылған. 
Тіпті Пайғамбарымыз сахабаларына тағдыр жайында тартыспауды бұйырған. 
Оған  тек  сенім  білдіруіміз  керек  екендігін  айтқан.  Тағдыр  жайындағы 
тартыстар төртінші халифа Хз. Әлидің (656-661) тұсында бой көтере бастады. 
Ал умеялықтар билік кезеңінде теорияда болған мұндай түсінік ақыры жаңа 
бір мұсылман тобының ортаға шығуына себепші болды. Бұл ағым хижри 50 
жылы Жәһм ибн Сафуанның қолдауымен пайда болды [1. 78-79]. 
Аш-Шахристанидің  айтуына  қарағанда  осы  пікірде  болған  топты 
Мутазалие  өкілдері  «Жабария»  деп  атаған.  Жабария  аталуының  себебі 
«жәбр»  араб  тілінде  «зорлау»,  «мәжбүрлеу»  деген  ұғымды  білдіреді. 
Бұлардың  түсінігі  бойынша  пенде  істеген  амалының  жаратушысы  емес,  іс-
әрекетте пенденің ешқандай рөлі жоқ. Барлық нәрсені Аллаһ жасауда. Пенде 
сол  тағдырындағы жаратылғанды  ғана істеуде  деді. Жабария  ағымының
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Майлыбаева Ж. Исламдағы сенімдік ағым – Жабария 
 
 
 

 
236 
өкілдері өз пікірлеріне мынадай дәлел келтірді: «Аллаһ (Т) жаратқандарының 
ішінде  ешкімге  ұқсамаған  түрде  әрбір  нәрсені  жасағанына  қарағанда,  Одан 
басқа ешкімнің бір нәрсені жасауға қабілеті жоқ». 
Профессор Мұхаммед Әбу Зәхраның айтуына қарағанда Жабария пікірін 
алғаш рет еврейлердің ішінен Талут бин Асам атты кісі шығарып, бұл пікірді 
кейбір  мұсылмандарға  үйретіп,  мұсылмандар  бұл  пікірді  өз  ішінде  тарата 
бастаған. Бұл ағымды алғаш таратқан  Жағд ибн Дирхам (өл. 118 / 736) есімді 
кісі  еді.  Ол  бұл  пікірді  Шамдағы  бір  еврейден  үйреніп,  Басра  халқына 
насихаттаған.  Ал  аты  аталған  Талут  Пайғамбарымыздың  (с.а)  дәуірінде  де 
бар  болатын.  Сахабалар  мен  табиғиндер  дәуірінде  Исламға  қарсылық 
білдіріп,  дау-жанжал  шығаруға  ыңғайлы  уақытты  күткен  еді.  Омеядтар 
дәуіріндегі  саяси  дағдарыстарды  пайдалана  отырып,  өз  мақсатын  іске 
асырған еді [2.110-111].  
Жабария ағымын ұстанушылар өздерінің жолын дұрыс деп көрсете білу 
үшін Құраннан кейбір дәлелдерді келтіруде. Мысалы: «Егер Аллаһ қалайтын 
болса, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше, сен надандардан болма» (Әнғам 
сүресі,  35  аят).  «Аллаһ    олардың  жүректеріне,  құлақтарына  мөр  басқан,  әрі 
көздерінде перде бар» (бақара сүресі 7 аят). Бұл аяттан шығатын ұғым, Аллаһ 
қаласа,  пенде  дұрыс  жолда  болады,  қаламаса,  тозақы  болады  деген  сөз. 
Сонымен қатар мына бір хадисті дәлел ретінде келтіреді «Мәңгілік бақытқа 
жететін  кісі  анасының  жатырында  жатқанда  мумин  болады  деп  жазылады. 
Жаман  адам  да  анасының  жатырында  жатқанда  жаман  адам  болады  деп 
жазылады»  (Муслим,  Кадар  1,  Ибн  Мажа,  Муқаддима  7)  деген  хадистерді 
дәлел ретінде көрсетеді. Жабария пікірлерін алғаш рет мұсылмандар арасына 
Жад  бин  Дирхем  таратты  [3.271].  Бұл  кісі  жайлы  белгілі  дінтанушы  Омар 
Несефидің  айтуына  қарағанда  Жад  бин  Дирхем  алғаш  рет  «Құран 
жаратылған» деген адам болатын. Сонымен бірге, ол Аллаһтың кәлам (сөйлеу 
қабілеті)  сипаты  жоқ  және  Аллаһ  көрінбейді  деп,  Миғражды  да  жоққа 
шығарған  болатын.    Бұнан  әрі  бұл  көзқарасты  ұстанған    Жахм  ибн  Саффан 
еді. Оның пікірі:  
1)  Жәннат  пен  тозақ  мәңгілік  емес,  шегі  бар.  Жаратылған  ешбір  нәрсе 
мәңгілік бола алмайды, бәрінің бітер шегі бар. Мәңгілік тек Аллаһ қана. 
2) Иман ету иман негізін біліп қоюмен жетерлік болады. Иман негіздерін 
жүрекпен қуаттау, сенгенін тілімен айту қажет емес, тек сол негіздерді біліп 
қойсақ жеткілікті. Ал күпірлік болса, сол негіздерді білмеуден тұрады. 
3)  Аллаһтың  кәламы  Құран  кейіннен  жаратылған  деп,  Құран  махлук 
сөзін қолдайды. 
4) Жахм Аллаһ (Тағаланы) ешқандай сипатпен сипаттамайды. Аллаһтың 
«Хаят»  (тірі),  «Ілім»  (білуші),  «Басар»  (көруші)  секілді  сипаты  жоқ  деп 
сипаттауды  дұрыс  көрмейді.  Себебі  Аллаһ  жаратылғандарға  ұқсамайды.  Ал 
бұл сипаттар адамда бар болғандықтан, Аллаһ мұндай сипаттан пәк. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Майлыбаева Ж. Исламдағы сенімдік ағым – Жабария 
 
 
 

 
237 
5) «Ақыретте Аллаһтың көрінуін қабыл етпейді. Көптеген мұсылмандар 
осы  түсінікті  қабылдап,  Жахмға  қолдау  көрсеткен.  Бұл  мәзхабтың  атын 
шығарған  теория  адамның  еркіндігі  мен  өкілдігі  жоқ,  бәрі  тағдырдың 
жазуымен  болады».  Яғни  барлық  нәрсе  тек  тағдыр  бойынша  болады.  Аллаһ 
әуелде барлық тіршілікті тағдырлап қойғандықтан, адамның өмірде ешқандай 
рөлі  жоқ.  Тағдырда  солай    болған  соң  оған  бас  қатырудың,  әрекет  етудің 
қажеті жоқ деп, сауап пен күнә істеуді тағдырға сілтеп қойды.   
Абдулкааһир  әл-Бағдадидің  айтуына  қарағанда:  Жахм  б.  Саффанның 
соңынан  ергендер:  «Әрбір  іс-әрекетті  адам  өз  қалауынсыз,  қабілетінсіз 
жасайтынына сеніп, яғни әрбір іс-қимылды қалатушы немесе жасатушы Ұлы 
Жаратушы  екендігіне  сеніп  бағатын».  Сонымен  бірге  олар  жәннат  пен 
тамұқтың да мәңгілік емес екендігін, иман дегеніміз Аллаһты тану, күпірлік 
дегеніміз Оны білмеу деп айтатын [4.156]. 
Әһли  сүннет  бойынша,  бұлай  сену  дұрыс  емес.  Бұлар  осындай 
пікірлерімен  әһли  сүннет  сеніміне  қарсы  келеді,  мұндай  нәрселер 
адасушылық  болып  табылады.  Тағдырға  иман  етеміз,  бірақ  тағдырымызға 
жазылған  соң  амал  етпейміз.  Аллаһ  әуелде  шексіз  ілімімен  біздің  не 
істейтінімізді  білгендіктен,  тағдырымызға  солай  жазған.  Аллаһ  пендесіне 
жүзи ирада яғни жақсы мен жаманды таңдау еркіндігін берген. Мұндай теріс 
пікірде болудан Аллаһ (Т) өзі сақтасын.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Мұхаммед  бин  Абдулкерим  аш-Шахристани.  Ал-милел  уен-нихал  (діндер  және  мәзхабтар 
тарихы). Стамбул: Жаңа Академия баспасы,  2006.  
2.
 
Мұхаммед  Әбу  Зеһра.  Исламда  саяси,  итиқади,  фиқһи  мәзхабтар  тарихы.  Станбул:  Шура 
баспасы, 1996.  
3.
 
Ахмет Кырыккылыч. Башлангычтан гүнүмүзе тасаууф. Тимаш йайынлары, Стамбул, 1996.  
4.
 
Ебу  Мансур  Абдулкааһир  ел-Бағдади.  Мәзһабтар  арасындағы  парықтар  /Алғысөзін  жазған 
және тәржімалаған проф. др. Етһем Рухи Фығлалы.  Анкара: Диянет вакбы, 1991. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
ҚҰҚЫҚТАНУ 
  
 

 
238 
М.М.УВАИСОВА 
A. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 
 
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  АУМАҒЫНДА  ЖАРНАМА ЖАСАУ 
ЖӘНЕ ТАРАТУ ҮРДІСІНІҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
В  этой  статье  рассматриваются  нормативно-правовые  основы,  регулирующие  процесс 
производства, распространения, размещения и использования рекламы на территории Республики 
Казахстан. 
 
The  article  deals  with  normative  and  legal  principles  regulating  the  process  of  production, 
distribution, placement and employment of advertisement in Kazakhstan. 
 
Мемлекет  тәуелсіздік  алғалы  бері  Қазақстан  Республикасында  тіл 
саясатын құқықтық тұрғыдан реттеп, оны тиімді жүргізуге арналған бірнеше 
маңызды  құжат  қабылданды.  Солардың  бірі  –    Қазақстан  Республикасы 
Президентінің 2001 жылдың 7-ақпанындағы №550 Жарлығымен қабылданған 
«Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың»  2001-2010  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы».  Бағдарламаны  қабылдаудың  өзектілігі  тіл 
мәселелерін  шешу  жөніндегі  шұғыл  шаралар  процесін  мемлекеттік  қолдау 
қажеттілігімен  айқындалады.  Бағдарламада    «Тілдерді  қолдану  мен 
дамытудың  1998-2000  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында» 
бұрын көзделген іс-шаралар одан әрі жалғасын тапты. Бағдарламаны жүзеге 
асыру  тетіктері  онда  көзделген  іс-шараларды  әлеуметтік-лингвистикалық 
өзгерістерге неғұрлым икемді оңтайластыруға мүмкіндік берді.  
Бағдарлама  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  7,  93-
баптарына,  1997  жылғы    11-шілдедегі  Қазақстан  Республикасының 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
тіл 
туралы» 
Заңына, 
Қазақстан 
Республикасының  Тіл  саясаты  тұжырымдамасына  сәйкес  әзірленген. 
Бағдарламада:  «Тіл  құрылысының  оңтайлы  процесі  этнолингвистикалық 
және  мәдени  қажеттіліктерді  толыққанды  іске  асыруды  қамтамасыз  ете 
отырып,  қоғамда  азаматтық  татулықты  нығайтуға  және  оның  одан  әрі 
топтасуына  жағдай  жасайтындықтан  мемлекет  өмірінің  аса  маңызды 
әлеуметтік қырларының бірі  болып  табылады.  Бұл  елімізде  тілдерді  дамыту 
мәселелерін  мемлекеттік  реттеу  қажеттілігін  білдіреді.  Мемлекеттік  тілдің 
қоғамдағы  рөлі  оның  дамуының  басымдығын  білдіретін  жоғары  деңгейдегі 
топтастыру  әлеуетінен  көрінеді.  Осы  бағдарламаны  әзірлеу  Қазақстанда 
оңтайлы  функционалдық-лингвистикалық  кеңістік  құру  үшін  мемлекеттік 
биліктің  барлық  тармақтары  мен  тұтас  қоғамның  нысаналы  да  жүйелі 
қызметін жүзеге асырудың бірыңғай стратегиясын тұжырымдау қажеттігінен 
туындайды»  –  деп  атап  көрсетілген  [1.10].  1997  жылы  Қазақстан 
Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  тіл  туралы»    Заңы    және 
мемлекеттік  тілді  дамыту  мақсатындағы  басқа  да  маңызды  құжаттар 
қабылданғаннан  бері  қоғамдық   өмірдің   барлық   негізгі  салаларында   тіл  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Уваисова М.М. Қазақстан  Республикасының  аумағында  жарнама жасау және тарату үрдісінің...  
 
 
 

 
239 
құрылысы  процестерінің  одан  әрі  кеңеюі мен тереңдеуі үшін  алғы шарттар 
жасалды. Қазіргі  уақытта республикада мемлекеттік тіл қолданысының дамуын 
табысты  іске  асырудың  құқықтық  негіздері  қалыптасты.  Тіл  құрылысының 
үрдістері  қоғамда  түсіністікпен  қолдау  тауып  отыр.  Алайда  қол  жеткен 
нәтижелерге  қарамастан,  мемлекеттік  тілдің  әлеуетін  іске  асыру  деңгейі  әлі  де 
төмен.
 
Мемлекеттік тілдің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – оның жаңа 
әлеуметтік-мәдени  болмысты  бейнелеудегі  мүмкіндіктерін  кеңейтудің  қажеттігі 
болып  отыр.  Бұл  бағытта  да  ілгерілеу  бар,  нақтылы  жүзеге  асырылып  жатқан 
мәдени іс-шаралармен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.  
Мәдениет  және  бұқаралық  ақпарат  құралдары  салаларында  мемлекеттік 
тілді дамытуда белгілі бір оң ілгерілеулерге қол жеткізілді. Телеарналарда қазақ 
тіліндегі өнімдерді тарату, олардың көлемін ұлғайту бағытында айтарлықтай оң 
қадамдар  жасалды.  Республикада  лингвистикалық  өрісті  қалыптастырудың 
функционалдық  принциптеріне  сәйкес  сараланған  айқындама  негізінде 
мемлекеттік  тілдің  әлеуметтік  коммуникативтік  қызметін  кеңейту  мен  нығайту 
бағытында  да  іс-шаралар  атқарылып  жатыр.  Дегенмен  де  мемлекеттік  тілдің 
әлеуметтік-коммуникативтік  қызметін  кеңейту  мен  нығайту  мақсатында  кезегін 
күтіп  тұрған,  өз  кезегінде  шешуді  талап  ететін  міндеттер  де  көп.  Солардың 
бірқатары 
бағдарламада 
атап 
көрсетілгендей 
«ғылыми-лингвистикалық 
зерттеулер  мен  олардың  нәтижелерін  нақты  іске  асыруды  жеделдетуді  жүзеге 
асыру  жолымен  қазіргі  қазақ  әдеби  тілінің  нормаларын  бірыңғайлауды 
қамтамасыз  ету;  мәдениет  және  бұқаралық  ақпарат  құралдары  саласында 
мемлекеттік  тілдің  қолданысын  қамтамасыз  ету;  мемлекеттік  тілді  дамытуға 
бағытталған жұмысқа  ақпараттық-насихаттық  қолдау  жасау;  бұқаралық  ақпарат 
құралдарында  мемлекеттік  тілдің  қолданылуын  қамтамасыз  ету»  болып 
табылады [1.16]. 
Бағдарламада  атап  көрсетілген  тілдік  дамудың  бес  басым  бағыттарының 
қатарында  «тілдік  дамуды  ғылыми  қамтамасыз  ету»  мен  «мәдениет  және 
бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа қызмет 
көрсету салаларындағы тілдік даму» аталады [1.17]. 
Қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  ретінде  қоғамның  барлық  саласында  қызмет  ету 
бағытында  күш  алып  келеді.  Соңғы  жылдары  қоғамдық-саяси,  экономикалық 
қатынастардың  өзгеруіне  байланысты  жарнама  қызметі  де  қарқынды  дами 
бастады.  Экономикалық  дамудың  жаңа  жүйесі  өнім  өндірушілердің,  қызмет 
көрсетушілердің,  сондай-ақ  оған  тапсырыс  берушілердің  тарапынан  жарнамаға 
қызығушылық  тудыруда.  Кеңестік  жүйе  кезінде  негізінен  спектакль,  түрлі 
концерттер,  спорт  ойындары  ғана  жарнамаланатын.  Оның  өзінде  де  ол  процесс 
бүгінгі  қоғамдағыдай  жалпы  әлеуметтік  сипат  алған  емес,  көбінесе  әдеттегі 
хабарландыру үлгісімен берілетін.  Қазіргідей азық-түлік өнімдеріне, тұрмыстық 
заттарға, ұялы байланысқа, косметика өнімдеріне, көрсетілетін қызметтерге, тағы 
басқа  да  толып  жатқан  адамзат  баласы  қолданатын  қажеттіліктерге  жаппай 
жарнама  үрдісі  болған  жоқ.
  
1974-1986  жылдар  аралығында  жарық көрген
  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Уваисова М.М. Қазақстан  Республикасының  аумағында  жарнама жасау және тарату үрдісінің...  
 
 
 

 
240 
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»  берілген жарнама сөзінің түсіндірме 
мәтіні жарнаманың сол кезеңдегі атқарған қызметіне орай берілгені көрініп тұр. 
 «ЖАРНАМА  зат.  Спектакль,  концерт,  жиналыс,  лекция,  спорттық 
жарыстар,  ойын-сауықтар  туралы  хабарлама.  Бір  күні  екі  бала  көшеде 
ермектесіп  келе  жатып,  дуалға  жапсырулы  тұрған  көп  жарнамаларды  көрдік 
(Ө.Тұрманжанов, Менің кітаб.) ...Қаладағы жарнама, афиша, жарнамалар, түгел 
дерлік  ағылшын  тілінде  жазылған  (Т.Ахтанов,  Үндістан.)  Алматыда  волейбол 
жарысы  болады  деген  жарнамалар  ілінді  (С.Бердіқұлов,  Жұмыр  жерде.). 
Жарнама  тақтасы.  Жарнама  ілінетін  тақта.  Колхоз  клубының  алдындағы  
жарнама тақтасында мынадай бір хабарландыру пайда болды (С.Омаров, Дала 
қызы). Жарнама  тақтасына  институтқа  қабылданғандардың  тізімі  ілінген  екен 
(С.Еркебаев, Алғашқы.) 
ЖАРНАМАЛА ет. Жарнама арқылы насихаттау. 
ЖАРНАМАЛАУ Жарнама етістігінің қимыл атауы [2.698]. 
Кеңес  дәуірі  тұсында  негізінен  жоғарыда  аталғандай  жарнама  тақтасы 
қызмет  етсе,  қазір  нарық  экономикасы  тұсында  жарнаманың  жаңа  түрлері  мен 
формалары пайда болуда. Жарнамаға деген қажеттіліктің күннен-күнге артуына, 
түрлі мәтіндегі, түрлі мазмұндағы жарнаманың бұқаралық ақпарат құралдарынан 
көптеп  беріле  бастауына  байланысты  қоғамда  мемлекет  тарапынан  жарнама 
қызметін реттеу, оның нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру қажеттілігі 
туды. 2003 жылдың 19 желтоқсанында  Қазақстан Республикасының «Қазақстан 
Республикасындағы  жарнама  туралы»    Заңы  қабылданды.  Бұл  заң  Қазақстан 
Республикасының  аумағында  жарнама  жасау,  тарату,  орналастыру  және 
пайдалану  процесінде  туындайтын  қатынастарды  реттейді.  Қазақстан 
Республикасының  жарнама  туралы  Заңы  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясына  және  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерге  негізделеді. 
Заңның мақсаты – жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшін 
қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден 
қорғау, жөнсіз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады. 
Бұл  заңның  өмірге  келуіне  Қазақстан  Республикасының  аумағында  жарнама 
жасайтын,  тарататын,  орналастыратын  және  пайдаланатын  жекелеген 
адамдардың,  мекемелердің  қызметі  барысында  туындайтын  түрлі  қатынастар 
себеп  болды.  Бұл  заң  Қазақстан Республикасының  заң  актілеріне  сәйкес  жүзеге 
асырылатын саяси үгіт-насихат жұмыстарына қолданылмайды.  
Заңда  қолданылатын  негізгі  ұғым  ретінде  жарнама  сөзіне  төмендегідей 
түсіндірме  беріледі:  «Жарнама  –  адамдардың  беймәлім  тобына  арналған 
және  жеке  немесе  заңды  тұлғаларға,  тауарларға,  тауар  белгілеріне, 
жұмыстарға,  көрсетілетін  қызметтерге  қызығушылықты  қалыптастыруға 
немесе  қолдауға  арналған  және  оларды  өткізуге  жәрдемдесетін  кез  келген 
нысанда,  кез  келген  құралдардың  көмегімен  таратылатын  және 
орналастырылатын  ақпарат»  [3.6].  Заңның  негізгі  мақсаттарының  бірі  – 
жөнсіз  жарнаманы  болғызбау  болып  табылады.  Аталған  заңның  анықтауы 
бойынша  жөнсіз  жарнама  дегеніміз  -  мазмұнына,  уақытына,  тартылу, 
орналастырылу орнына және тәсіліне  Қазақстан  Республикасының 
 заңдарында 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет