Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет27/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қаратышқанова Қ.Р. Исламда тәңір болмысын танудың эпистемологиялық тәсілдері 
 
 
 

 
218 
алды  ма?  (Мұхаммед  Ғ.С.):  «Дәлелдеріңді  келтіріңдер.  Міне  менімен  бірге 
болғандардың  Кітабы  және  менен  бұрынғылардың  Кітабы»  де.  Олай  емес, 
олардың  көбі  шындықты  білмейді.  Сондықтан  олар  жалтарады»  (Әнбиә 
сүресі, 24). «Немесе жаратылысты бастайтын сосын оны қайта тірілтетін кім? 
Және көк пен жерден қорек беретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? 
(Мұхаммед  Ғ.С.):  «Егер  шыншыл  болсаңдар,  дәлелдеріңді  келтіріңдер»  де» 
(Намл,  64).  «Дәлел»  сөзі  көз  жеткізу,  жол  көрсету,  кеңес  беру,  т.с. 
мағыналарды  береді  [2.63].  Бұл  сөз  Құранда  да  осы  мағынада  қолданылған 
(Фурқан,  45;  Саф,10;  Таха,  40).  «Тұжырымдау»  сөзі  болса,  шешім  шығару, 
жайғастыру,  жалғастыру,  т.с.с.  түсініктерге  келеді.  Құранда  «йусаббиту», 
«нусаббиту» тұрақты ету, шешім шығару, жалғастыру мағыналарына келеді. 
Яғни,  ой-пікір  тартысулары  діннің  өз  ішінде  болатын  нәрсе.  Ақылға,  терең 
ойға  салып  Алланың  барына  сенудің  мақұл  көрінетінін,  сенбеудің  теріс 
жағдай  болатынын  айтқан  тек  Құран.  Осыдан  келіп,  Исламның  соңғы 
дәуірлеріндегі  кәламдық  және  философиялық  жолмен  Алланың  барын 
тұжырымдаумен  айналысқан  ғылым  мен  ой  адамдарының  Құран  аяттарына 
сүйеніп  әрекет  етулері  қалыпты  көрінеді.  Қай  дәлелге  қай  аяттың  ықпал 
жасағаны алдын айтылады. 
ә)  Екіншісі,  діни  пікірлердің  еліктеуге  емес,  зерттеуге  негізделуі  үлкен 
ой-пікір  кеңістігін  өмірге  келтірді.  Алланың  барына  сену  көп  жағдайда 
еліктеуден туындайды деп Ғазали дұрыс айтып кеткен. Екінші орында ғылым 
дәрежесі  тұр.  Бұл  жерде  адам  сенімін  дәлелденген  ақиқаттарға  сүйендіруге 
тырысады.  Үшінші  орында,  Ғазалидің  сөзімен  айтқанда,  «талғам»  дәрежесі, 
яғни сеніммен өмір сүру, терең тәжірибе тақырыбына құрылған сала. Дәлел 
іздеу екінші орында, яғни иман тәжірибесінің екінші баспалдағында көрінеді. 
Дәлел  іздеу  барысында  діни  өмір  терең  мағынаға  ие  болады.  Басқаша 
айтқанда,  дәлел  іздеу,  егер  бұл  іс  ой-пікірмен  шектелмесе,  «талғам  халін» 
орнықтырады. Ой-пікірдің кейде ғибадат ретінде қаралуының себебі осында. 
б)  Үшіншісі,  адамда  сенім  тақырыбында  кейде  күмәнданулар  шығуы 
мүмкін,  яғни  күмәнданушы  адам  өз  кедергілерімен  бетпе-бет  келеді.  Бұл 
жағдайда  адам  өзін  не  басқаларды  қанағаттандыру  үшін  бірнеше  дәлелдер 
іздеу керек екендігін түсінеді.  
 
в)  Төртіншісі,  діни  ой-пікірлер  басқа  салалармен  үнемі  байланыста 
болды.  Алланың  барына  сену,  негізі,  ғылым  мәселесі.  Онтологиялық 
дәлелдерді  ысырып  тастасақ,  басқалай  классикалық  дәлелдердің  барлығы 
әлем  турасындағы  білімдерден  бастау  алады.  Дәлелдерге  сүйенетін  болсақ, 
бұл  білім  үнемі  өзгерісте  және  дамуда.  Адам  білгендерін  бір  жаққа, 
сенетіндерін  басқа  жаққа  қойып  өмір  сүре  алмайтындықтан,  ой-пікір  және 
рухани өмір тәсілін біріктіруге мәжбүр болады. Ол бұл істі ғылыми, ахлақи, 
діни  өмірдің  мәліметтерімен  жүзеге  асыра  алады.  Философияның  адам 
өміріне қатыстылығын  көрсететін тағы бір нәрсе,  ол іске  деген  қажеттілігін 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қаратышқанова Қ.Р. Исламда тәңір болмысын танудың эпистемологиялық тәсілдері 
 
 
 
терең сездіртуінде. 

 
219 
г)  Кейде  танымал  философиялық  жүйе  Тәңірдің  барына  қатысты 
мәселені  міндеттетуі  мүмкін.  Аристотельден  бастап  бүгінгі  таңдағы 
ойшылдарға  дейінгі  көптеген  философтар  тек  осы  тұжырымға  барамын  деп 
емес,  жүйелеріне  керек  болғандықтан  Тәңірдің  бар  болуын  қарастырып 
отырған.  Аристотель  Тәңірді  әлемді  алғаш  қозғалысқа  түсірген  алғашқы 
себеп  деп  қарастырған  [3.103].  Фараби  әр  мәртебедегі  болмысты  түсіндіру 
үшін Міндетті Бар болуға  мұқтаждық танытты. 
Кәлам және философиялық еңбектерде ғасырлар бойы тартысып келген 
дәлелдер Алланың бар болуына сенудің қабылданылуын ортаға қойған адам 
әрекетінің  ең  жоғарғы  көрсеткіші  болды.  Адамдардың  көбі  осы  дәлелдер 
арқылы  сенген,  тіпті  сенімдерін  қорғап  қалып  отырған  дей  аламыз.  Көбі 
кәлам мен философиядағы дәлелдерге қарамай-ақ сеніммен өмір сүріп келеді. 
Кейбіреулер  иманды  саналы  негіз  керек  етеді  деп  қарастырады.  Сену 
рационалды  әрекет  ішінде  қаралады.  Ислам  әлемінде  Фараби,  Ибн  Сина, 
Жүвейни,  Ғазали,  Ф.Рази  сынды  танымал  ойшылдар  мұндай  көзқарастың 
табысты  боларына  сенген.  Ф.Аквинский,  Р.Декарт,  Г.Лейбниц  сияқты 
батыстың  алдыңғы  қатарлы  философтары  да  теизм  дәлелдеріне  үлкен 
сеніммен  қараған.  Декарт  пікірінше,  Тәңірдің  бар  болуын  тұжырымдауда  
философиялық  позиция ыңғайлы  болып  табылады,  өйткені Тәңір  турасында 
жалаң  пікірдің  өзі  де  өте  аз.  Бұған  қарамастан,  Декарт  ойынша,  көпшілік 
Тәңірдің  бар  болуының  дәлелін  білмесе  де  Тәңірдің  бар  екеніне  сенеді.  Бұл 
тұрғыда  сенімді  күшейтетін  дәлелдер  іздеу  мен  мәселені  түбегейлі  зерттеу 
философияда  маңызды  іс  саналады.  Алланың  барына  еш  күмән  және  шүбә 
келтірмей  сенген  мүмин  үшін  кәлами  және  фәлсәфи  дәлелдің  қажеті  неде 
деген  сұрақтар  ойға  келеді.  Исламдық  ой  пікір  тарихында  түрлі  тасаууфи 
тұжырымдарда  болған  ойшылдар  иман  тақырыбында  ақыл  күшін 
мойындамағандықтан,  философиялық  дәлелдерді  қажет  деп  есептемеген. 
Олар  терең  ойлау  мен  пікірге  сүйенетін  өмірді  мойындамайтындықтан,  ой- 
пікірдің тек негіздеме беру ісінен басқа салада табысты бола алмайтындығын 
алға  тартқан.  Басқаша  айтсақ,  бұл  арқылы  олардың  тек  сезім  мен  оның 
әрекетінің  салдарын  мойындаған  дей  алмаймыз.  Яғни,  сенім,  көп  жағдайда, 
рационалдық  дәлелдерден  келіп  шықпайтындықтан,  дәлелге  мұқтаж  емес. 
Бұған  дәлелді  керек  етпей-ақ  сеніммен  өмір  сүріп  жатқандар  мысал  бола 
алады.  
 Рационалдарды  дәлелдерге  қарсылық  әрекеті  Батыс  ой-пікір  тарихында 
ашық  көрінеді.  Теологияның  құпия  салаларында  «сену»  мен  «ақыл-логика 
байламына  келтіру»  арасы  қай  жерде  болмасын  қайшылықты  болып  келеді. 
«Сенемін,  себебі  ақыл  түсіндіре  алмайды»  дейтін  христиан  теологтары  аз 
емес.  Тәжірибе  алаңында,  бір  пікірдің  не  тұжырымның  қабылданылуы  оны 
ғылыми  жаңалықтар  негізінде  түсіндіріп  беруімізге  тәуелді.  Индуктивті 
тұрғыда  шамалап  ол  түсінікті мойындаймыз.  Бірақ  ол  түсінік   ғылыми
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қаратышқанова Қ.Р. Исламда тәңір болмысын танудың эпистемологиялық тәсілдері 
 
 
 

 
220 
тұрғыда  әр  уақыт  негізделе  алмайды  ғой.  Егер  де  бір  пікір  логикаға  сәйкес 
келмесе,  бірақ  ғылыми  мәліметтер  оны  жаңылыс  деп  көрсетпесе,  ол  пікірге 
әрине сенеміз. Мысалы, діндар адам кейбір ұстанымдарын немесе дін тыйым 
салған нәрсенің шындыққа қаншалықты сай екендігіне әр уақыт көзін жеткізе 
алмайды.  Бұл  жағдайда  ол  «бұл  тыйым  салынған  нәрседе  мен  білмейтін 
даналық  жатыр»  деуімен  ақылды  терістейді  дей  алмаймыз.  Алайда  назарға 
ілігетіні  сол,  кейбір шынайылықты көзді жұмып қабылдауымыз керектігіне, 
яғни иррационалды ұстанымда қалғанымызға ұқсайды.  
Дәлел мен қоштау тұжырымдарының кейбірі априорлы түрде түсіндіріле 
алады.  Бұған  онтологиялық  дәлелдер  жатқызылады.  Кейбір  дәлелдер  – 
апостериорлы. Яғни, қолда бар мүмкіндіктеріміз негізінде түсіндіріле алады. 
Бұған космологиялық дәлелдер жатқызылады.  
Кейбір  тұжырымдар  жеке  адамның  бастан  кешіргендеріне,  яғни 
«тәжірибе  жаса  және  көзіңді  жеткіз»  дегенге  негізделеді.  Тарихта  сопылық 
білімді меңгерген ойшылдар осы тұжырымның жақтастары болған. Олар бұл 
жердегі  тұжырымды  көз  жеткізгенін  көңілде  түю  деп  түсіндірген.  Діни 
тәжірибе бұған жақсы дәлел бола алады.  
Исламдық  қайнар  көздерде  дәлел  мен  тұжырымдаудың  анықтамалары 
мен  түрлері  турасында  айтылған.  Дәлел  келтіру  мен  тұжырымдауды  ең 
тартысты  тақырыптарға  айналдырған  салалардың  басында  логика,  кәлам 
және фықх негіздері тұр. Кәлам ғалымдары бір дәлелде екі сатылы ой тәсілін 
байқаған:  көзқарас  және  ой.  Алдымен  төңірегіміздегілерге  көз  саламыз, 
ұқыпты  түрде  ашықтап,  зерттейміз.  Бұл  бізді  әлем  туралы  білім 
жинақтауымызға  итермелейді.  Одан  соң  әлемнің  құрылымы  турасында 
ойлаймыз да, Жаратушының барына көз жеткіземіз. Құран дәлелдің осы екі 
сатысын  ойланатын  әрбір  адамның  білуіне  жеңіл  келеді  деп  ұсынады. 
Теологтар  мен  философтар  болса,  біршама  логикалық  негіздемелер  арқылы 
осы  ойлау  тәсілін  техникалық  құрылым  деңгейіне  жеткізуге  тырысқан. 
Дәлелден бұрын «формаға» тоқталады. Бірнеше алғышарттар мен нәтижелер 
шығарған дәлелдерге қарап, осы алғышарттар арасында байланыс болған бе 
екен  дегенге  келтіреді.  Логикалық  тәсілдерге  сәйкес  алғышарттардан  келіп 
шығады ма? Бұл сұрақтармен логика айналысады.  
Одан  соң  дәлелдің  «мазмұны»  қаралады.  Формасы  дұрыс  болып, 
мазмұны жаңылыс тұжырымға соқтырса, бұл дәлел дұрыс қорытындыға алып 
келмейді. Дәлел дұрыс болуы үшін әр алғышарттан келіп шығатын тұжырым 
дұрыс болуы керек. Мұны жүзеге асыру үшін терең ғылыми зерттеулер қажет 
болады.  Тіпті  кей  жағдай  теолог  пен  философты  өз  саласының  шегінен 
шығуға  итермелейді.  Мысалы,  әлемнің  «жаратушысы»  бар  деген 
қорытындыға  келу  үшін,  әсіресе,  «әлемнің  жаралғандығы»  тұжырымын 
негіздеу  керек.  Мұны  жасау  үшін  ғылым  табиғатпен  байланысты  білім 
салаларын  пайдалануға  кіріседі.  Кейде  субстанция,  сипат,  т.б.  ілімдердің   
шектен   шығуы  себепті оқушылар  бұлардың  Алланың   барына  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қаратышқанова Қ.Р. Исламда тәңір болмысын танудың эпистемологиялық тәсілдері 
 
 
 

 
221 
қатысты негіздер бола алатынын ұмытып та кетеді. Ұмытпаған жағдайда да 
көпшілік  ол  білімді  меңгере  алмайды.  Сондықтан  да  біршама  адамның 
каламдық және философиялық дәлелдерге қарсы шығып, олардың пайдасыз, 
тіпті  зиянды  (мәселені  қиын  түсіндіру  немесе  мүлде  түсіндірілмейтін 
жағдайға  жеткізу)  деп  қабылдауларының  бір  себебі  осы  ғылыми  түсінікке 
бару болып тұр. Мысалы, исламдық ой-пікір тарихында Ибн Рушд Құранды 
әркімге  оңай  түсіндіретін  «сендіру  дәлелін»  кәламшылардың  қиын  және 
миды  ашытар  дәлелдерге  айналдыруына  қарсы  болған,  бұл  тақырыпта 
Құранның  рақымды  қамқор  болу  «дәлеліне»  қайтуды  өсиеттейді.  Ғазали 
бастаған  бір  топ  ойшылдар  Алланың  бар  болуын  негіздеу  тақырыбында 
Құранның  өзіне жүгінуді  дұрыс көріп,  ақылға  негізделген  дәлелдерді  сынап 
отырған. Батыс философиясында Ж.Беркли де ақли дәлелдер анық және оңай 
болмауы себептен оларды сынаған.  
Дегенмен, Алланың барын негіздеген дәлелдердің арқасында үлкен адам 
әрекеті  жатқандығын  ұмытпауымыз  керек.  Бұлар  адам  санасы  ой-пікір 
алаңында  үлкен  дәрежеге  жете  алатындығын  көрсетеді.  Дәлелдерге  негіз 
болған  ойлар  үнемі  өзгеріп  отырған,  бұдан  кейін  де  өзгере  береді.  Өйткені 
оларды дүниеге келтірген алғышарттарды құрайтын білімнің бір бөлігі қазіргі 
біліммен  салыстырғанда  қате  көрінеді.  Бұл  оларды  ысырып  тастамай, 
керісінше  жаңа  білім  негізінде  қайта  құру  керек.  Қазіргі  жасалып  жатқан 
жұмыс  та  осы  бағытта.  Бұл  бағытта  кәламшылар  мен  философтар  арасында 
тәсіл  тұрғысынан  айырмашылық  болуы  мүмкін.  Философ,  әдетте, 
қорғанысты  керек  етпегендіктен  «ақыл  мені  қай  жерге  дейін  апарса,  сол 
жерге  дейін  барамын»  сияқты  ойды  ұстанады.  Ал  кәламшы  болса,  көп 
жағдайда,  Алланың  барын  терістейтіндерге  тойтарыс  беру  ойынан  келіп 
әрекет  етеді.  Кәламшылар  тіпті  сенетін  философтар,  мысалы,  Беркли  мен 
теист-философтар,  Тәңір  туралы  сөз  қозғағанда,  сенімнің  мәселелерді 
шешуге қайшы келмейтінін, керісінше, оңайластыратынын тілге тиек етеді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Aydin M.S. Din Felsefesi. Izmir, 1999. 362 s. 
2.
 
Бағчежи М. Кәлам ғылымына кіріспе /Қазақ тіліне ауд. А.Асалыоғлы, Д.Шауенов. Түркістан, 
2009 ж. – 150 б. 
3.
 
Введение в философию. В 2 ч. Ч.1 /Под общ.ред И.Т.Фролова. М.: Политиздат, 1990.-367 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
А.БАЛТАБАЕВА  
философия ғылымдарының кандидаты, 

 
222 
 А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ РУХ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ 
 
В данной статье делается попытка исторического обозрения основных типов учения о духе в 
связи с основными периодами исторического развития философской мысли. 
 
The  article  deals  with  the  attempt  of  historical  review  of  main  types  of  spirit  teaching  in  the 
connection with main periods of historical development of philosophical idea. 
 
Рух – болмыстың бейнесі ретінде туындайтын, бірақ бірыңғай даралықта 
шоғырландырылған, болмыстың саналы бағдарлы құралы ретінде оған ықпал 
ететін,  түптеп  келгенде  оны  қайта  жасайтын  сананың  барлық  қызметінің 
жиынтығы  және  түйіні.  Осылайша,  рух  сана  қызметінің  оны  енжар  құрал 
ететін қарапайым жиынтығы ғана емес, ол  – белсенді әрекет етуші адамның 
күші.  Рух  болмыспенен  салыстырылатын,  әрекет  етуші,  бірақ  қоғамдық 
тәжірибе  арқылы  оны  қайта  жасайтын  және  тарихтың  өзі  әлденесіз  мүмкін 
ете  алмайтын екінші  құбылыс  ретінде ғана  пайда  болады.  «Рух»  терминінің 
сан  алуан  мағынасы  дәлелдегеніндей,  рух  бәрінен  бұрын  психологиялық, 
субъективті,  жеке  сананың  жағдайын  немесе  процесін  ғана  көрсететін  ұғым 
болып  табылады.  Әлемдегі  тілдер,  оның  ішінде  қазақ  тілі  «рух»  сөзін 
физиологиялық  («рух  шығару,  жан  тапсыру»),  физикалық  (пештегі  «еркін 
рух»),  моральдық  және  әлеуметтік  (батырдың  немесе  әскердің,  халықтың 
«жауынгерлік рухы», «жоғары рухы»), эстетикалық («рухтар», «рухтанған»), 
тарихи («уақыт рухы»), саяси (азаматтың немесе қоғам қайраткерінің «еркін 
рухы»), мифологиялық («тәнсіз, денесіз рухтар») мағынасында, қандай да бір 
құралдың  сипаты  немесе  заты  («заңдар  рухы»,  «әлдененің  рухында») 
мағынасында қолданады. 
Рухтың философиялық теориясының әр түрлілігіне орай оның санының 
да  ұшы-қиыры  жоқ,  мақсатқа  лайық  тарихи  дамудың  негізгі  кезеңдеріне 
байланысты  рух  туралы  ілімнің  негізгі  типтерінің  тарихи  шолуын  ұсына 
аламыз. 
Адамзат тарихының бірінші кезеңі алғашқы қауымдық құрылыс ретінде 
сипатталады.  Адамдар  дүниетанымының  бұл  кезеңі  өндірістің  қауымдық 
тәсілдері  арқылы,  сондай-ақ,  қандас-туыстас  байланыстары  арқылы 
анықталады.  Бұл  кезеңде  өндірістің  дамымауының  салдарынан  адамдар 
табиғаттың  стихиялық  күштері  билігінде  болды.  Табиғат  пен  қоғам 
құбылыстарын ұғуға ұмтылған адам бұл уақытта өзі үшін мейлінше түсінікті, 
дәлірек  айтқанда  –  туыстық  қатынасты  ғана  пайдаланды.  Рух  туралы 
алғашқы  түсініктер  олардың  табиғат  пен  қоғамға  араласуы  және 
тасымалдануы  нәтижесінде  пайда  бола  бастады.  Табиғаттың  заттары  мен 
құбылыстары адам үшін тірі және жаны бар күштер ретінде қабылданды. Бұл 
сатыда  рух (жан туралы)  және  дене туралы  ұғымдарды  бөліп-бөліп  жіберу  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Балтабаева А. Философия тарихындағы рух туралы ұғым 
 
 
 

 
223 
жоқ  еді.  Адам  санасының  өте  ертедегі  баспалдақтарында  не  тікелей  осы 
заттармен  (фетишизм)  бірігетіндей,  не  олардан  сол  немесе  басқа  өлшем 
арқылы  (анимизм)  бөлінетіндей  өзін  осы  рухтар  (немесе  жандар) 
қоршағандай  сезінетін  еді.  Әрбір  заттың  және  құбылыстың  –  ағаштың, 
бұлақтың,  өзеннің,  орманның,  таудың,  жаңа  туған  адамның,  оның 
денсаулығының  немесе  ауруының,  оның  өлімінің,  сол  қауымдастықтың, 
рудың немесе  тайпаның, Күннің, Айдың, жұлдыздың және т.б. рухы болды. 
Бірақ  бұл  қоғамдық  формация  барысында  қандай  да  бір  таза,  материалдық 
емес  рух  туралы  түсінік  жоқ  еді.  Бұл  рухтар  бірінің  қатынасы  мен 
екіншісінің, әкелері мен балалары, ерлері немесе әйелдері арасындағы, азық-
түлікті  өндірушілердің  туыстық  қауым  немесе  олардың  тұтынушылары 
үлгісіндегі  рухтар болып табылатын. Бұл түріндегісін үндіеуропалық тілдер 
«демон»  (немесе  римдіктерде  «данышпан»)  терминінің  көмегімен  бекіте 
түсті.  Демондардың  ойынша  бұл  заттарға  сәйкес  нәрсе  үлкен  санмен 
өлшенеді.  Оларға  заттың  пайда  болуымен  туылып,  жоғалуымен  бірге  жоқ 
болатын  демоннан  бастап,  өзі  арқылы  болмыстың  орасан  үлкен  саласын 
қамтитын  және  тұрақты  туындауы  мен  заттың  аталмыш  саласына  қатысты 
өлетініне  қарамастан  өмір  сүріп  қалатын  демоннан  аяқталатын 
абстракцияның әртүрлі деңгейі тән. 
Құл  иеленуші  формацияның  пайда  болуына  орай  мифологиялық 
ойлаудың  әмбебап  күш-қуаты  жоғала  бастады,  өйткені  рулық  абырой-
беделден  босаған  адам  өзінің жеке қорқынышы  мен  тәуекеліне әрекет етуге 
ұмтылып,  бүкіл  әлемнің  қоғамдық  қатынастарының  соншалықты  аңғал 
тасымалынан  бас  тарта  бастайды.  Табиғат  пен  қоғамның  неғұрлым  көп 
немесе неғұрлым аз дерексіз формасындағы сол немесе басқа заңдылықтарын 
орнықтырудың  қадамдары  пайда  бола  бастайды.  Рулық  кезеңнің  аңғал 
мифологиясын  пайда  бола  бастаған  философия  мен  ғылым  біртіндеп 
ығыстырады. Тіпті Гомердің өзінде «демон» термині тек қандай да бір үлкен 
немесе кіші құдайды білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге ауыртпалықтың, 
өлімнің  немесе  тағдырдың  (сөздің  жалпы  өмірлік  мағынасындағы;  қараңыз: 
«Илиада»  VІІІ  166.)  неғұрлым  үлкен  абстрактілік  ұғымын  да  білдіреді. 
Терминнің  мұндай  маңызы  грек  әдебиетінің  көптеген  шығармаларында 
(Гесиод, Феогнид, Алкман, Сафо, Пиндар, трагиктер, Аристофан) кездеседі. 
Эмпедоклде  екі  негізгі  ғарыштық  күш  –  махаббат  пен  өшпенділік  бар, 
тіпті мүлде антропоморфтық емес, бірақ табиғи философиялық сипаттағысын 
демондар деп атайды. Феогнидта осы терминмен үміт пен қауіп, Вакхилидте 
-  қызғаншақтық  түсіндіріледі.  Гераклитте  «адамның  мінезі  оның  демоны» 
болып  саналады.  Эпихарм  мен  Демокритте  де  -  осыған  жақын.  Осылайша, 
«демон» термині бірде тіке жоғары рухани күшті түсіндіре отырып, бірде кең 
мағынасындағы  (мәселен,  Сократтың  «демонионы»  қандай болатынындай) 
ар-ұят  маңызын  бірқатар  ескілермен,  сондай-ақ  және  тасымалдану 
мағынасымен бірге қамтиды.       
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Балтабаева А. Философия тарихындағы рух туралы ұғым 
 
 
 

 
224 
Алайда,  гректерге  рух  ұғымын  түсіндіру  үшін  басқа  терминді 
пайдалануына  тура  келді,  өйткені  ескі  демондар  ақырына  дейін  жойылған 
жоқ, ал антикалықтың соңғы ғасырында олар тіпті үлкен күшке  иеленді. Бұл 
терминдердегі ең бастысы, демек, дәл «ақыл», яғни нус болып табылады. Бұл 
жерде  грек  ғылымы  мен  философиясының  сипаттық  ерекшелігі  деп 
айтылатыны:  грек  ойшылдары  үшін  ең  басты  құрал  барлық  уақытта 
материалдық болып қалады, объективті түрде өмір сүретін ғарыш және оған 
барлық  кезде  көрнекілік  беретін  заңдылықтар  мәліметтері  тиесілі. 
Анаксагорде нус барлық материалдыққа қарсы тұрады, ол инертті ретсіздікті 
басқа түрге, белсенді жылжымалы, ретке келтірілген ғарышқа өзгертеді.  
Платон  мен  Аристотельдегі  іс  бұдан  да  күрделі  қойылған,  өйткені 
олардың  уақытында  мейлінше  тереңдей  түскен  идеалистік  және 
материалистік  диалектика  мен  философия  сезімталдықпен  қабылдауға 
тікелей  байланысты  болудан  қалған.  Бірақ  екі  философта  да  рухты  ұғынуы 
үшін  олардың  барлық  айырмашылықтары  кезінде  нустан  маңызды  термин 
жоқ  делінген.  Бұл  нус  та  өзін-өзі  бірегей  ойлап,  өзінің  энергиясын  қараңғы 
және  формасыз  материясына  ағыл-тегіл  төге  отырып,  өзі  болашақ 
«формаларға  форма» және «ойлаудың ойлауы» (яғни, сана-сезіммен ойлауы) 
бола  тұра,  ғарыштың  алғашқы  двигателі  болып  табылады.  Бұл 
тұжырымдамада  әлемдік  нустың  формасыз  материяға  қатынасы  секілді 
шектік  жалпылаулар  тұрғысында  құрылатын  қожайын  мен  құл  арасындағы 
қарама-қарсылықтық қатынас та ерекше бейнеленген.  
Рух  түсінігін  айқындау  үшін  өзге  терминнің  бірі  гректердегі  логос 
болған,  яғни,  сөз-мағына  және  сөз-сана,  әйтсе  де  бұл  терминнің  әйгілілігі 
дәстүрлі  емес,  эллинистикалық  философияда,  оның  ішінде  оны  отқа 
ұқсататын  (Гераклит  секілді)  стоиктерде  тарады,  олар  (Аристотель  секілді) 
космостық  нустан  шығатын  энергиялық  деп  тұжырымдады.  Ақырында,  рух 
түсінігін  белгілеу  үшін  интеллектуалдығы  аздау  термин  ретінде  гректерде 
«пневма»  термині  (римдіктерде  spiritus)  болды,  ол  орыс  тілінде  тірі  жанның 
тыныс  алу  қызметімен  байланысты  еді.  Ертеректегі  қарапайым 
философиялық  мектептерде  бұл  пневма  не  «ауаны»  (Ферекид,  Анаксимен, 
Анаксимандр,  Демокрит),  не  «желді»  (Фалес,  Эмпедокл,  Демокрит),  немесе 
«тынысты» (Эмпедокл, Филолай, Демокрит) білдіреді.  
Стоиктерде  мұндай  отты  пневма  бүкіл  космосқа  өзінің  энергиялық 
логоспен  немесе  логостармен  ұйымдастыра  отырып,  организмдердің  жылы 
тынысына  дейін  және  оның  физикалық  заттарда  толық  босаңсуына  дейін 
құйылады.  Бұл  антикалық  рух  түсінігінің  ақырғы  жүйелік  өңдеуі 
неоплатониктерде  болды,  олар  оны  платондық-аристотельдік  энергиямен 
және бүкіл тіршілікке тыныс алуға мүмкіндік беретін стоиктер пневмасымен 
қосты.  Бүкіл  космосқа  нус-логос-пневма  не болса, ежелгіде де әрбір жекелеген
 
жекелеген  жан  үшін  де  сол  тән,  яғни  рух  мұнда  өзін  өзі  белсенді  жасай 
білетін  
ақыл, сонымен қатар «өзіндік мәні бар»  және «тәңірлік», белсенді 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет