А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Тәшімова Ә.Б.
Жаңа медиа: блоггинг (Қазақ блог журналистикасының дамуы)
басым желілерге арқа сүйеуде. Соңғы кездері әлемде елдің сыртқы және ішкі
саясатын тиімді жүргізуде жаңа медианы пайдалану үрдісі байқалады. АҚШ
президентінің тұғыр-таққа отыруына да осы әлеуметтік медианың ықпалы зор
болды дейді сарапшылар. Сонымен, қорыта айтқанда Блогтың журналистиканың
жаңа қосымшасы, жаңа медианың ұтымды шыққан жобасы екендігіне мына
негіздер дәлел болмақ:
Біріншіден, блогтарда журналистикаға тән қасиет бұқаралық қарым-
қатынас пен еш кедергісіз баршаға ортақ мүмкіндіктер бар. Бұған қоса, блогтағы
жазбалардың да сақтау мерзімі шектеусіз.
Екіншіден, блогтар RSS стандарт бойынша құрылып, бүкіл жазбалардың
ішінен ең маңыздысы мен өзектісін таңдауға жол ашады және ақпарат
толқынында адаспауға, керісінше қажетті мағлұматты сұрыптауға жағдай
жасайды.
Үшіншіден, блогтар журналистика анықтамасын байытып, халықтың
немесе азаматтың журналистиканы жандандыруда. Блогтардың да ықпалдылығы
артып, пәрменділігі күшейіп келеді.
Төртіншіден, енді ақпарат алмасу процесінде делдал жоқ, ақпарат
«тұтынушыдан тұтынушыға», «блогтан блогқа» схемасы бойынша жүзеге асады.
Осындай горизонтальді байланысты тұтынушының өзі де ақпарат көзіне
айналады.
Бесіншіден,
блог
арқылы
өз
білгеніңді
басқаларға
жеткізу,
шығармашылыққа немесе ғылым және басқа қоғамдық салаларға байланысты
идеяларды ұсыну және оларды талқылау арқылы біз блогтардың қызметін,
маңыздылығын айқындаймыз [13].
Жаңа медианың ұтымды жобасы блог жүргізу болса керек. Дәл осы тұста ол
дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен көбірек түйіседі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Wikipedia.org/New_Media
2.
http://arsenal777.wordpress.com
– 15.03.2010
3.
Алексеева М.И., Болотова Л.Д., Вартанова Е.Л. и др. Средства массовой информации России. –
М.: Аспект пресс, 2006. – 354 б.
4.
www.bloginstan.com
. – 18.01.2010
5.
http://nurken.wordpress.com
. – 22.12.2009
6.
Қазақстандағы Интернет (зерттеу) //Халықаралық MediaNet Журналистика орталығы. Алматы,
2010. -254 б.
7.
www.bloginstan.com – 21.04.2009.
8.
http://neweurasia.net/kazakhstan
9.
Қарин Е. Қазақ блогының дамуы қай деңгейде? //Айқын. 31.03.2011.
10.
http://nurken.wordpress.com
11.
http://altybakan.blogspot.com
12.
http://neweurasia.net/kazakhstan
13.
Жәпек М. Блог – журналистиканың жаңа қосымшасы// «Қазақстан имиджін қалыптастырудағы
отандық және шетелдік БАҚ-тың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
материалдары. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. –Алматы: 11-12 ақпан, 2009 ж. –151 б.
202
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
А.СӘДІБЕКОВ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ СОНЫ ЖАНРЛАР
В данной статье рассматривается процесс формирования новых жанров в современном
казахском телевидении.
The article deals with the process of formation of new genres in modern Kazakh television.
Қазақ телевизиясында бүгінгі таңда кеңінен көрініс тауып жүрген түрлі
тақырыптарды
қамтитын
бағдарламалардың
өз
аудиториясын
қалыптастырып, өзіндік сипатқа ие болып жатқандығынан қалың
көрермендердің өзара пікір алмасып, талқыға салатынынан байқап жүрміз.
Қазіргі таңда мұндай бағдарламалардың қатарына «Қазақстан – РТРК»-дағы
«Көршілер», «Кеш жарық», «Дарабоз». «Хабар» телеарнасындағы «Сонымен
солай дейік», «Особое задание», «Еларна» арнасындағы «Шіркін life» және
тағы басқаларды атауға болады. Десек те, біз осы бағдарламалардың
көрерменге берілу үлгісіне үңіліп қарадық па? Бұл бағдарламалар
телевизияның қандай жанрлар тобына жатады? Жанрының аталуы қалай?
Үлгісі қайда және қашан қалыптасып еді деген секілді сан түрлі сұрақтар
санамызда тұрары хақ.
Жоғарыда аталған бағдарламалардың барлығы да – АҚШ және батыс
Еуропада ХХ ғасырдың бірінші жартысынан қалыптасып, дамып келе жатқан
телевизиялық ойын-сауықтық реалити-шоу және ток-шоу жанрлары. Бұл
жанрлардың әбден пісіп жетілген нұсқасы кеңес үкіметінің құрамындағы
мемлекеттерге тек КСРО тарағаннан кейін ғана Ресей Федерациясының
телевизиясында эфирге шықты.
Енді осы жанрларға жеке-жеке тоқталар болсақ, ток-шоу жанрының
қалыптасуын американдық белгілі тележурналист Фил Донахьюдің атымен
байланыстыруға болады. Жанрдың қалыптасуы ХХ ғасырдың 60-жылдарына
жатады, бірде тележурналист Фил Донахью тікелей эфирде сұхбаттасып
отырған қонағына қояр сауалының таусылғанын білген ол, студияда отырған
көрермендердің біріне барып: «Біздің қонағымызға сізді қызықтырар
сұрағыңыз бар ма?» – деп микрофон ұсыныпты. Көрермен де қонаққа
сауалын тастайды. Міне осылайша Донахью ток-шоу жанрының
қалыптасуына жол салыпты.
Фил Донахьюдің 1963-1967 жылдары WHIO-TV арнасындағы
таңертеңгілік тікелей эфир бағдарламасын жүргізді, міне осы уақытта
студияға келген қонақтармен әңгіме жүргізу арқылы ток-шоу жанрының
негізгі тетіктерін қалыптастыра бастады [1].
Алайда, жаңадан негізі салынып келе жатқан ток-шоу жанрының
аудиториясын кеңейту үшін Донахью көп еңбектенді. Ол өзінің «The Phil
Donahue Show» бағдарламасына түрлі саясат серкелерін, өнер жұлдыздарын
203
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Сәдібеков А.
Тележурналистикадағы соны жанрлар
және шоу-бизнес өкілдерін қонаққа шақыра отырып, түрлі тақырыптарда
еркін, ашық әңгіме жүргізді, бұл әдіс шынында да ток-шоудың тез таралуына
ықпалын тигізді.
Ресей Федерациясының телевизия жанрын зерттеушілері Н.В.Вакурова
және Л.И.Московкин дәл осы жанрға ағылшынның «talk-show» сөзі екендігін
және еркін әңгімелесу, телевизиялық пікірталастыру деп баға береді [2.36].
Ал Ресейдің белгілі тележүргізушісі, Ресейлік ток-шоуды қалыптастырушы
ретінде танылып үлгерген журналист Владимир Познер болса: «Ток-шоу –
қарапайым халық өкілдерінің телебағдарламаларда еркін пікір айтуына
мүмкіндік беретін аса тиімді демократиялық үлгі. Мұны тіпті интерактивті
телевизия да алмастыра алмас еді» дейді [3.239].
Батыста бастау алған бұл жанрмен КСРО телекөрермендері 1986 жылы
КСРО мен АҚШ халқын тікелей эфир арқылы байланыстырған телекөпір
арқылы танысты [4].
Ток-шоу бағдарламаларын өткізудің қалыпты үлгісінде студияда
бағдарлама қонағы-жүргізуші-көрермен болуы шарт. Әдетте қонаққа
қойылатын сұрақтардың басым бөлігін белгіленген тақырып төңірегінде
жүргізуші қояды, бағдарламаның қызықты әрі тақырыптың жан-жақты
талқыға түсуі үшін міндетті түрде көрермендер тарапынан қонаққа сауалдар
тасталып, пікір айтылады. Бұл Донахью қалыптастырған жанрдың үлгісі.
Қазіргі таңдағы ток-шоулардың барлығы дерлік батыстан әзірленген
көшірме іспеттес. Барлық бағдарламалардың өту сценарийі бірдей, ешқандай
ізденіс жоқ, даму жоқ. Тек бір ғана өзгешілігі бар – ол тілі.
Қалай десек те, қазіргі таңда барлық арналарда ток-шоу бағдарламалары
жүргізіледі, оны нәтижесіз не өз аудиториясын қалыптастыра алмады деп те
айта алмаймыз. Өз аудиториясы қалыптасқан, сұранысқа ие телекөрсетілім
болып отыр. Соңғы уақытта телебағдарламалардың рейтингі бойынша ток-
щоулар алдыңғы қатарды бермей келеді. Бұл дегеніміз ток-шоудың
көрерменнің ықыласына бөленгендігін көрсетеді.
Ток-шоуды әртүрлі сипаттағы жанр ретінде қарастыруға болады.
Зерттеушілер бұл жанрда сұхбаттасу, талқылау, ойын сынды сипаттары бар
екендігін көрсетеді. Бағдарламаның өз деңгейінде өтуі жүргізушіден жан-
жақтылықты талап етеді. Олар: ақылдылық, тапқырлық, өзіне баурау қабілеті,
әзілқойлық, қызыға тыңдай білу, елеусіз қиымыл-әрекет.
Н.В.Вакурованың пікіріне сүйенсек, ток-шоу берілу сипатына қарай
төмендегі жанрларға бөлінеді [2.26].
Телекөпір – әңгіме жүргізу сипатындағы ток-шоу тектес жанр.
Географиялық жағынан алыста жатқан екі немесе бірнеше телеаудиторияны
бір-бірімен спутниктік желі арқылы байланысуға мүмкіндік береді. Әрбір
қатысушы аудиторияның өз жүргізушісі тағайындалады.
204
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Сәдібеков А.
Тележурналистикадағы соны жанрлар
Теледебат – ток-шоу немесе пікірталас сипатындағы жанр. Теледебатты
жүргізу барысында сұхбаттың элементтері, пікірталас, тіпті репортаждар да
көрініс тауып жатады. Мұндай дебаттар көбіне-көп бәсекелес үміткерлердің
сайлауалды сөзжарысына арналады. Үміткерлер өз бағдарламаларын насихаттап,
телеаудиторияны өзінің мақсат-мүддесінен хабардар етуге мүмкіндік алады.
Әңгімелесу – талдамалы жанрлар тобына енетін бұл жанр, диалог және
полилог сипатында құрылады. Кей ретте тақырып төңірегінде кино немесе
фотодеректер, қысқа сюжеттер қолдана отырып, тақырыпты ашуға тырысады.
Пікірталас – телевизиялық журналистика жанрларының талдамалы жанрлар
тобына жатады. Әдетте, жүргізушінің қатысуымен полилогқа құрылады және
қоғамдық маңызды мәселелер төңірегінде қарама-қарсы көзқарастағы кем
дегенде екі респонденттің қатысуымен өткізіледі.
Жоғарыда аталған жанрлар қазіргі таңда қазақ телевизиясынан көптеп
кездеседі.
Соңғы жылдары телеэкранда үлкен беделге ие болып, телеаудиторияның сан
түрлі пікірталасына айналып отырған соны жанр – реалити-шоу.
Реалити-шоу
немесе
реалити-телекөрініс
(ағылшынның
reality
–
шынайылық, шындық) – ойын-сауықтық телевизиялық бағдарламалардың
әртүрлілігі. Телесюжетте белгілі бір топтың немесе топ мүшелерінің бағдарлама
барысында кездескен түрлі кедергілерге орай әрекеттері шынайы көрсетіледі [5].
Аталмыш жанрдың қалыптасуы төңірегінде сан түрлі зерттеушілердің
пікірлері бар. Десек те, алғаш рет адамдардың кездейсоқ жағдайларға тап болған
көріністер 1940 жылдары телеэкранға шықты. Ал 1948 жылы АҚШ-та «жасырын
камера» шоуы телекөрермендер ықыласына ие болды. Мұның барлығы да
реалити-шоудың алғашқы көріністері еді.
Жанрдың басты ерекшеліктері мынадай:
-
Сценарийдің қатысуынсыз;
-
Телеэфирге алғашқы дубльмен беру;
-
Кәсіпқой актерлер емес, қарапайым адамдардың қатысуы;
-
Түсірілім талабы, барынша шынайылықты көрсету (кей жағдайларда –
төтенше жағдайларды және өмір үшін күрес сәттерін де енгізу) [6].
Қазақ
телевизиясында
қазіргі
таңда
реалити-шоу
жанрындағы
бағдарламалар көрініс тауып жатыр. Дей тұрғанмен әлі күнге дейін өз деңгейінде
деп айтуға толық келмейді. Соңғы уақытта 2 маусым шыққан «Еларнадағы»
Асқат Садырбайдың «Шіркін Lıfe» бағдарламасын атасақ болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Бирбом М. Хозяин ток-шоу //Спутник-ТВ. 2005. -№7.
2.
Вакурова Н.В., Московкин Л.И. Типология жанров современной экранной продукций. М., 1998.
3.
Голованова М.Г. Фестиваль, объединяющий регионы // Техника кино и телевидение. 1997. -№6.
4.
Кузнецов Г.В., Цвик В.Л., Юровского А.Я. Телевизионная журналистика. М., 2002.
5.
Абраменко А. Жанр реалити и его особенности на российском телевидении // Acta Diurna , 2008. -
№ 1. - С. 34-37.
6.
Гриндстафф Л. «Реальное телевидение» и политика социального контроля // Массовая культура:
современные западные исследования. М., 2003.
205
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ
Д.МҰСТАПАЕВА
тарих ғылымдарының кандидаты,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доцент м.а.
САЛҚАМ ЖӘҢГІР ХАН
В статье повествуется о жившем в XVII веке казахском хане Джангире, названном в народе
Внушительным. Изложены его политические заслуги, воинские доблести, а также исследовано его
место и роль в истории казахского народа.
The author of the article presents some facts about Dzhangir Khan who lived in the 17-th century.
Some of his political services and military courage have been researched as well.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген тарихи тұлғалардың бірі –
Салқам Жәңгір хан. Жәңгір хан ел «Еңсегей бойлы ер Есім» деп атаған Есім
ханның екінші ұлы болды. Жәңгір өмір сүрген кезең, XVII ғасыр қазақ
хандығының саяси жағдайы шиеленіскен күйде болды.
XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Жоңғар мемлекетінің әскери
шапқыншылығы көптеген ұлыстардың шаруашылық жүйелерін, аудандарын
үлкен өзгеріске ұшыратып, соғыстың басты ауыртпалығы Қазақ хандығына
түскен еді [1.68].
Қазақ ханы Есім ханның ұлы Жәңгір ханның билік еткен уақыт
жоңғарлардың қазақ жерін жаулап алуға бағытталған үздіксіз жорықтар
кезеңі болды. XVI ғ. соңы XVII ғ. басында Есім хан Түркістанда, қазақ
хандығының орталығында өмір сүрді, Жәңгір де осы Түркістанды мекендеді,
ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасқан еді.
1620 жылы қазақтың Есім сұлтаны, қалмақтың Алтын ханы, Шолай
тайшы үшеуі ойраттарға қарсы одақ құрды. Алтын хан Қарақұлдың елін
шауып, бала-шағасын тұтқындайды. 12 жасар Жәңгір хан осы кезде қалмақ
еліне қазақ елшілігінің құрамында барады. Төрт жыл өткен соң қазақ сұлтаны
Есім мен шорастың тайшысы Қарақұл бірігіп, Ресей иелене бастаған Тары
бекінісіне шабуыл жасады. Осы сәтті пайдаланған ойраттың Байбағыс пен
Далай тайшылары Есім сұлтанның еліне шабуылдайды, бірақ жеңіліс табады.
Осы кездегі ұрыстарда жас Жәңгір өзінің қолбасшылық қабілетін байқатады.
Жәңгір ханды халық «Салқам Жәңгір» деп атаған. Бұлай аталуын
деректер ханның ерекше батырлығы мен сыртқы келбетіне байланысты деп
көрсетеді. Ханның бойы аласа, мол денелі, шымыр кісі болған деседі [2.76].
Жәңгір хан билік еткен жылдары жоңғарларға қарсы күрес, жорықтар
толастамаған кезең болды. Ғұмыры елді шапқыншылардан қорғау жолында
өткен Жәңгірдің , қазақ елінің ерекше мақтана айтар, ерлікті істері аз емес.
XVII ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайы әскери жорықтар мен
жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы күреске толы болды. Жоңғар
билеушілерінің көшу-қону жерлерін ұлғайту, Сыр бойындағы сауда
206
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Мұстапаева Д.
Салқам Жәңгір хан
орталықтарын басып алуға негізделген шапқыншылық жорықтары елдің
шырқын, бейбіт өмірін бұзып, көптеген шығындарға алып келді.
Тарихта Жәңгір хан елдер арасында елшілік қатынастарды жүргізген,
соғыс өнерін жақсы игерген тұлға ретінде белгілі. Сол кезеңде Жәңгір хан
Бұхар хандығымен келісімге келуге ұмтылады.
Жәңгір ханның тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлар арасында үш ірі
шайқас бірінші шайқас - 1635 жылы, екінші шайқас - 1643 жылғы (Орбұлақ
шайқасы), үшінші - 1652 жылы болды.
1635 жылғы шайқаста қазақтарға жоңғарлардың Батыр қонтайшы
бастаған жер қайысқан қолы қарсы шықты. Осы жылы қазақтардың
ойраттармен болған соғысында, бірінші қақтығыста қазақ қолдары жеңіске
жетіп, екінші қақтығыста Жәңгір сұлтан қолға түседі [3.312].
Жәңгір айналасындағы адамдармен қалмақтардың қолына түсіп, жеті
жылдай тұтқында болды. Қалмақтардың оны «лама» болсын деген ниеттері
іске аспайды. Өз ділі мен дініне берік жас Жәңгірдің жастайынан үлкен
саясатты, басқыншылықтың шын бейнесін көріп өскені анық. Осылардың
бәрі ерекше өмір мектебі болды, жаудың барлық саяси, әскери, әлеуметтік
ерекшеліктерін танып, білуіне мүмкіндік берді. Қалмақтардың әскери
тактикасын молынан игерген Жәңгір сұлтанды Батыр қонтайшының Өргесіне
келген орыс елшісі Ремезов көріп, онымен тілдеседі.
Ол кезең туралы орыс деректерінде келесі мәліметтер кездеседі. 1635
жылы Тобылға келген татар князі Абақ қазақтар мен жоңғарлар арасында
үлкен шайқас болғанын айтады. Қалмақтар Қазақ ордасын шабуылдап, Есім
ханның ұлы Жәңгір сұлтанды тұтқынға алған. 1640 жылдың қыркүйегінде
қонтайшының ордасында болған бояр ұлы Ремезев қонтайшыда Илден
тайшы, төрт бұхар елшісі, қазақ ордасынан Жәңгір сұлтанның, Далай –
ламаның болғанын айтады [4.44]. Кейін Жәңгір сұлтан біраз серіктерімен
еліне оралып, Қазақ хандығының билігін қолына алды. Жәңгір хан
сайланғанға дейін тарихи құжаттарда «сұлтан» деген атпен кездесіп отырады.
Жәңгірдің хан аталуы 1643 жылдан кейінгі уақыттан басталатыны белгілі.
Орыс деректерінде XVII ғасырдың 30-40 жылдарының басында Қазақ
ордасының патшасы деген атпен Есімханның ұлы Жәнібектің есімі
кездеседі. Ал, Есім ханның кіші ұлы «Жәңгір сұлтан» деген атымен аталған
[5.222]. Сол кездегі орыс елшілерінің өз мемлекетіне қазақ хандығының
жоңғарлар, басқа да елдермен саяси қарым-қатынасы мен өзара байланысы
туралы деректер мен мәліметтер жазып беріп отырғаны белгілі.
Салқам Жәңгірдің туған жылы мен қайтыс болған жылдары туралы
бірнеше пікірлер кездеседі. Бір деректерде туған жылы 1629 жылы, өлген
жылы 1680 жыл деп көрсетілсе [2.280], келесі мәліметтерде туған жылы
белгісіз, өлген жылы 1652 деп берілген [3.76].
207
XVII
ғасырдың бірінші
жартысындағы орыс деректерінде
Жәңгір ханның
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Мұстапаева Д.
Салқам Жәңгір хан
есімі «Жәңгір сұлтан», «Салқам Жәңгір» деп кездеседі [6.561]. 1635 жылы
Жәңгір әлі сұлтан аталды [7.345].
Жауға қарсы ел үшін шайқасқа жастайынан қатысқан Жәңгір өзінің
жаужүректігімен елге белгілі болды. XVII ғасырдағы жоңғар әскеріне қарсы
жойқын соғыстардың бірі - Орбұлақ шайқасы болды. 1643 жылы қыста Батыр
қонтайшы қазақ жеріне 50 мың әскерімен шабуыл жасап, Жетісу өңірінің
үлкен бөлігін жаулап, он мыңға жуық адамды тұтқынға алады. Осындай
әрекетті тойтару үшін болған ірі шайқас туралы дерек Орыс мемлекетінің
жоңғар хандығымен байланысына қатысты құжаттарда да кездеседі. 600
адамнан жасақталған әскермен Салқам Жәңгір 50 мың қолдық жоңғарларға
қарсы тұрып, ерекше әскери айла тәсіл көрсетті. Осы шайқаста жаужүрек
қолбасшы әскері отты қаруларды қолданады. Кішігірім Ор өзені ағып жатқан
таулы жерді таңдап алып, әскерлерін тау шатқалының үш жағына
орналастырып, үш топқа бөліп шабуыл жасады. Қазақтардың жасаған
шабуылынан жоңғарлар көп шығынға ұшырады. Тарихта шайқастың аты Ор
атты тау өзені жанында болғандықтан «Орбұлақ» шайқасы деп аталды.
Көмекке 20 мың әскерімен келген Самарқанд билеушісі Жалаңтөс батырдың
әскери көмегінің арқасында қонттайшы 10 мың әскерінен айырылып қашты.
Қазақ жасақтарының қолданған қару түрлерін жоңғар билеушілері кейінгі
жорықтарында қолданды.
Салқам Жәңгір, Жалаңтөс батыр бастаған қазақ қолдарының жеңіске
жеткен Орбұлақ шайқасы батырлық, ерлік, отаншылдықтың ерекше үлгісі
болып қазақ тарихына енді. Орбұлақ шайқасында Батыр қонтайшының көп
әскермен аз қазақ әскерлерінен жеңілуі оның беделін түсірді. Жәңгір мен
Жалаңтөс батырдан кек алу мақсатын қойған Батыр қонтайшы Еділ
қалмақтарынан әскери одақ құрып, Құнделен тайшыға қарсы соғысқа баруға
бұйырады. Құнделен тайшы Жәңгір мен Жалаңтөс батырға қарсы соғысқа
бармайды, ол Жәңгірді өкіл ұлы ретінде атаған еді [8]. Жәңгір сұлтан
Жалаңтөс батырмен 1640 жылы да Батыр қонтайшы бастаған жоңғарлардың
шабуылын тойтарды.
Орыс деректерінде «қазақ сұлтаны», «Салқам Жәңгір» деп аталған
Жәңгірдің хан аталуы атақты Орбұлақ шайқасынан кейін болды. Қандай
жағдайда да бұл шайқас Жәңгір сұлтанның, қазақ елінің батырларының өз
жерінің бостандығы мен бірлігі, тәуелсіздігі үшін болған шайқас ретінде
белгілі. Дүние жүзі тарихында Орбұлақ шайқасына ұқсас шайқас 300 спартак
жауынгерлерінің 20 мың парсы әскерлеріне қарсы шайқасқан шайқасы ғана
белгілі [9]. Зерттеушілер өз сарбаздарынан жүз есеге жуық көп әскерге қарсы
ойсырата соққы беріп, жеңуінің екі түрлі себебін түсіндіреді. Бұл Жәңгір
сұлтанның әскерлерінің ұрыс майданында жаңа тәсіл қолдануы және отты
қаруды қолдануы болды [10.28].
208
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Мұстапаева Д.
Салқам Жәңгір хан
Салқам Жәңгір ханның өмірі өз заманына сай жорықтарда, шиеленіскен саяси
қайшылықтарды шешуде, қиын ішкі қайшылықтарда өтті. Жастайынан саяси
шиеленістерге толы, елдер арасындағы елшілік қатынастардың қыр-сырын өз
өмірі арқылы терең сезінуіне тура келді. Балалық шағы жауға қарсы күрестің
қиын жолдарында өткен, жастайынан жоңғар шапқыншылығының
ауыртпалығы мен қиындығын көріп, кейінгі өмірі де елін қорғаған
жаужүректікке негіз берген оқиғаларға толы болды.
Тарихи деректерді қарағанда Жәңгірдің өміріне қатысты бірнеше
көзқарасты кездестіруге болады. Бірінші – «Салқам Жәңгір» аталуына
қатысты екі түрлі пікір бар. Бірі – Жәңгірдің жаужүрек батырлығы мен бойы,
сырт бейнесіне байланысты ел қойған аты десе, екіншісі – 1652 жылы оқыс
оқиға Жәңгір ханды ауыр жарақатқа душар етті. Осы жекпе-жекте мертіккен
Жәңгір хан жиырма жыл сал болып жатып, өмірден қамкөңіл өтті.
Қазақтардың «Салқам Жәңгір» деп атауы осыдан дейді.
Қазақ елінің жоңғар басқыншыларына қарсы соғысында ерекше ерлік,
әскери іс-қимыл көрсеткен, қолбасшының алған аты - жаужүректігіне
негізделгені ешқандай талас тудырмаса керек. Жәңгір сұлтан - Жәңгір хан -
Салқам Жәңгір – бұл атаулар XVII ғасырдың бірінші жартысында дүниеге
келіп, қазақ елінің тарихында өзіндік орын алып, із қалдырған тарихи
тұлғаның алған аты болатын. Осы атаулардан Жәңгірдің ерлікке толы
қолбасшы, батыр ретіндегі бейнесін көруге болады.
Жәңгір сұлтан аталған 1635 жылдардағы деректерге сүйене отырып,
саяси қарым-қатынаста Жәңгір сұлтан өз одақтастарын жоңғар
билеушілерннің ішінен де тапқанын байқауға болады. Есім ханның ұлы
Жәңгір сұлтан ретінде есімі деректерде кездеседі. Бұл кезең Жәңгір
сұлтанның тұтқындықтың азабын терең сезінген, саяcи шиеленістің
ортасында болған кезең болды. Жастайынан жоңғарлардың іс-әрекетін
білген Жәңгір үшін үлкен тәжірибе болды. Ерлікке толы шайқастар мен
басқыншы жауға қарсы күрескер ретінде оны халық «Салқам Жәңгір» деп
атады. 50 мың Батыр қонтайшының қолын жеңіп, 10 мың әскерін шығынға
ұшыратқан қазақ қолдарының, Салқам Жәңгірдің ерекше ерлігін халық
қолдап, 1643 жылдан кейін Салқам Жәңгір хан аталады.
XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы тарихында Түркістан қалаларының алатын
орны ерекше. XVI-XVII ғғ. негізгі саяси, экономикалық, мәдени өмір
шоғырланған орталық – Түркістан болды. Қазақ хандығының орталығы
ретінде хан ордасы Түркістанда болды. Түркістанда билік жүргізген хандар
қаланың, аумақтың маңызын сақтады. Түркістан қаласы Қазақ хандығының
астанасы ретінде Салқам Жәңгірдің әкесі Есім ханның тұсында басталып,
Салқам Жәңгір тұсында өзінің сабақтастығын тапты.
Түркістанды астана еткен қазақ хандары Есім, Жәңгір, Тәуке хандардың
кесенелері болғандығы туралы деректер кездеседі. Қазақ хандарының
мазарлары
209
Достарыңызбен бөлісу: |