Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет21/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44

 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Д.БЕЙСЕЙТОВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
ЖЕТКІНШЕКТІ ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
В  статье  рассматриваются  отклонения  в  характере  школьников,  связанные  с  возрастными 
особенностями, и обязанности преподавателей, касающиеся данного вопроса. 
 
This article deals with deviations in pupils’ nature connected with age peculiarities and with teachers’ 
duties concerning this point. 
 
Тәрбие  кез  келген  қоғамның  маңызды  функциясын  құрайды.  Қазіргі 
дамыған  қоғамда  дүниетанымы  кең,  адамгершілік  қасиеттері  мол,  жоғары 
идеялы, өзіне сенімді, қоғамдық белсенді, болмысқа шығармашылық көзқараспен 
қарайтын жаңа адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке 
айналып  отыр.  Бұл  міндетті  шешу  қазіргі  психологиялық-педагогикалық  білім 
жүйесінде талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі 
теориялық жағынан дамытып отыру қажет. 
Бұл  қажеттілікті  дамыту,  оның  әлеуметтік-психологиялық  сипаты  туралы 
мәселенің  балаларды  тәрбиелеу  ісі  үшін  зор  маңызы  бар.  Қоғамдағы  баланың 
орны жүйелі ауысып отыратын жас кезеңдерімен бірге елеулі түрде өзгереді, іс-
әрекеті  де  күрделенеді,  мұның  өзі  қажеттіліктерді  де  елеулі  түрде  өзгерте 
отырып, жаңа қажеттіліктерді тудырады және олардың шеңберін кеңейтеді. Жаңа 
адамның  жеке  басын  қалыптастыру  міндеттерін  шешу  қажеттіліктер  мен  іс-
әрекеттер байланысын дәл ашуды талап етеді. Бастапқы пункт қажеттіліктің өзі 
болып  есептелетін  байланыстар  сызбасы  (қажеттілік  -  іс-әрекет  -  қажеттілік) 
принципті түрде дұрыс емес. 
Маркстік түсінік бойынша, қажеттіліктің өзі қоғамдық іс-әрекет процесінде 
пайда  болады:  іс-әрекет  -  қажеттілік  -  іс-әрекет.  Сондықтан  тәрбие  процесін 
баланың  іс-әрекетін  кеңейтіп,  оның  даму  процесіндегі  өзгерістерін  ескеру 
тұрғысында  құрған  өте  маңызды.  Іс-әрекеттің  жетекші  типін  ұйымдастыру  – 
баланың  жеке  басын  қалыптастыруға  мақсатты  түрде  ықпал  жасайтын  құрал. 
Мектеп  жасындағы  балалар  көп  қырлы,  көп  компонентті  іс-әрекеттердің  әр 
түріне  қатысады.  Алайда  балалардың  нақты  өмірі  іс-әрекеттердің  жеке 
түрлерінен  өзінен-өзі  пайда  болмайды,  олардың  жекелеген  жас  кезеңінде  түрлі 
жүйесін  құрады.  Олардың  әрқайсысы  тек  іс-әрекеттің  алуан  түрлерінің  белгілі 
бір  құрамымен  сипатталып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  осы  кезеңде  баланың 
қарым-қатынасын  айналадағы  адамдарға,  болмысқа  алып  келетін  жетекші  іс-
әрекеттің  болуымен  де  сипатталады.  Жетекші  іс-әрекет  белгілі  бір  белгілермен 
сипатталады. Бұл іс-әрекет формасында және оның ішінде іс-әрекеттің жаңа түрі 
пайда  болып,  оның  ішінде  дифференцияланады  (мысалы,  оқыту  ойын  үстінде 
пайда  болады),  бұл  іс-әрекет  баланы  дамытудың  әрбір  кезеңдегі  негізгі 
психологиялық  өзгерістерге  байланысты  (мектеп  жасына  дейінгі  бала,  мысалы, 
ойын  үстінде  адамдардың  негізгі  қоғамдық  қызметтері  мен  мінез-құлық 
нормаларын игереді).  

167 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Бейсейтов Д.
 
Жеткіншекті іс-әрекет арқылы тәрбиелеудің ерекшеліктері 
 
 
Жетекші қызметті  дамыту  осы кезеңде  баланы дамытудағы  психологиялық 
процестер  мен  психикалық  ерекшеліктерге  басты  өзгерістер  енгізуге  жағдай 
жасайды. Сондықтан,  іс-әрекеттің  жетекші типін  арнайы  ұйымдастыру  баланың 
жеке басына  мақсатты  түрде  ықпал жасауға,  оның  осы бір іс-әрекет  процесінде 
талап  етілетін  қажеттіліктердің,  мотивтердің  және  мақсаттардың  иерархиясын 
қалыптастыруға  мүмкіншілік  беретін  негізгі  шарт  болып  саналады.  Әр  түрлі 
және  әр  түрлі  тәрбиелік  маңызы  бар  іс-әрекеттің  жетекші  түрлерін  әрбір  жас 
кезеңдеріне  алмастырып  отыру  заңдылығын  зерттеу  қазіргі  психологтардың 
(Л.С.Выготский,  В.В.Давыдов,  А.Н.Леонтьев,  Д.Б.Эльконин)  қазіргі  заманғы 
баланы  психикалық  дамытуды  оларды  тәрбиелеудің  тұтас  процесінің 
психологиялық негізі тұрғысында кезеңдерге бөлуге мүмкіндік берді [1, 2, 3, 4]. 
Сөйтіп,  бір  жағынан,  іс-әрекетті,  екінші  жағынан,  іс-  әрекеттің  динамикасын, 
оның  жетекші  типін  алмастыруды  зерттеу  негізінде  сырттай  ұйымдастырылған 
іс-әрекетті мотивтердің белгілі бір иерархиялық байланыстарын қалыптастыруға, 
қажеттілік  процесін  дамытуға  ықпал  жасайтын  механизмдер  мен  жолдарды 
дәйектілікпен  іздеуге  мүмкіншілік  берді.  Жеке  адамды  орнықты  қалыптастыру 
үшін іс-әрекеттің әрбір жетекші типін қайта құру, қайта ұйымдастыру, жолдарын 
анықтау мүмкіндігі туды. 
Балалық  шақтың  негізгі  кезеңдерін  сипаттайтын  іс-әрекеттің  жетекші 
типтері  мен  соған  сәйкес  психологиялық  жаңа  құрылымдардың  контурлары 
қазіргі  кезде  баса  көрсетіліп  отыр.  Мысалы,  мектепке  дейінгі  шақта  ойын  іс- 
әрекеттері  жетекші  болып  есептеледі.  Біріншіден,  ойын  іс-әрекет  ретінде 
көрінеді, мұнда адамдар өмірінің жалпы іргелі көріністеріне, олардың әлеуметтік 
функциясы  мен  қарым-қатынастарына  баланың  бағдар  алуы  болып  өтеді. 
Екіншіден,  ойын  іс-әрекеті  негізінде  баланың  қиялы  мен  символикалық 
функциясы  қалыптасып,  дамиды.  Д.Б.Эльконин  кіші  шәкірттік  шақта  оқу  іс-
әрекеті жетекші орынға шығатынын айтады [4]. Ол білімнің қайсыбір саласында 
ғылыми ілімдерді үйренуге байланысты, онда балалардың болмысты көрсетудің 
теориялық  формаларында  бағдар  алу  негіздері  қалыптасады.  Бұл  іс-әрекеттің 
толық  қалыптасуында,  В.В.Давыдовтың  еңбегінде  көрсетілгендей,  жеті-он 
жастағы  балаларда  сананың  маңызды  ерекшелігі  ретінде  психикалық 
процестердің,  қимылдардың  ішкі  жобасы  мен  өзінің  жеке  қимылының 
рефлекциясына  тиісті  еркіндік  пайда  болады  [2].  Жеткіншектік  шаққа  қарай  іс-
әрекеттің  жетекші  типі  тағы  да  өзгереді.  Оқу  іс-әрекеті,  өзінің  өзектілігі  мен 
маңызын  сақтай  отырып,  өзінің  психологиялық  рөліне  байланысты 
жасөспірімдердің  жиынтық  қоғамдық  пайдалы  қызметінің  тек  қана  жеке 
формасы  ретінде  алға  шығады.  Жұмыстың  жетекші  типі  деп  кеңейтілген 
қоғамдық  пайдалы  іс-әрекеттің  барлық  варианттарын  оқу,  еңбек,  қоғамдық 
ұйымдастырушылық, көркемөнер, спортты есептеуге болады. Іс-әрекеттердің бұл 
формалары  кіші  шәкірттік  шақта  да  кездеседі,  бірақ  онда  жеткілікті 
өрістетілмеген және жүйеленбеген. Бала жеткіншектік шақта бір формадан басқа 
екінші  формаға  (әрине,  дұрыс,  белгілі  жобаға  сай  ұйымдастырғанда)  еркін 
көшудің нақты
 
мүмкіншіліктерін байқата отырып, іс-әрекеттің оқу мен еңбек,
  

168 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Бейсейтов Д.
 
Жеткіншекті іс-әрекет арқылы тәрбиелеудің ерекшеліктері 
 
 
көркем  өнер  мен  қоғамдық  ұйымдастыру,  спорт  және  басқа  формалары  мен 
міндетті түрде шұғылдануы керек. Күн тәртібі, оқу мен оқудан тыс жұмыстарды, 
еңбекпен,  өнермен,  спортпен  және  қоғам  жұмыстарымен  айналысуды  бөлу  – 
осының бәрі өзінің ерекше ұйымдастырылуын қалайды. 
Қоғамдық  пайдалы  еңбек  жеткіншектік  шақтың  негізгі  психологиялық 
қажеттіліктеріне:  балалардың  қарым-қатынасының  әр  түрлі  формаларын  тауып, 
істің  алуан-алуан  өмір  ситуацияларында,  іс-әрекет  формулаларында  пайда 
болатын  міндеттерді  ұйымдастыра  және  құра  білуге  сәйкес  келеді. 
Жеткіншектерде  қарым-қатынастың  дамыған  жүйесін  құру  олардың  бойында 
басқа 
адамдарға, 
айналасындағыларға 
саналы 
қарым-қатынастарды 
қалыптастырудың негізгі қызметін атқарады. Қарым-қатынастың дамыған жүйесі 
жеткіншектердің саналылығы қалыптасатын ситуация ретінде де көрінеді. Ересек 
мектеп  шәкірттерінің  жетекші  іс-әрекеті  оқу  әрекетінің  ерекше  формасы  болып 
табылады.  Бұл  жұмыс,  бір  жағынан,  зерттеу  элементтерін  иеленеді,  екіншіден 
белгілі  бір  кәсіптік  бағдар  алады.  Бұл  шақтың  маңызды  психологиялық  жаңа 
құрылымдары  –  оқушылардың  өзінің  өмірлік  жоспарын  құра  білу,  оны  жүзеге 
асыратын  жолдарды  іздестіріп,  өзіндік  санасын  дамытуды  айқындайтын 
адамгершілік мұраттарды жасау. 
Баланың  психикасын  дамытудағы  осы  жайт  Д.Б.Элькониннің  жұмысында 
неғұрлым  толық  ашылған  және  оның  өзінің  заңдылықтары  бар  [4].  Ол,  атап 
айтқанда,  іс-әрекеттің  барлық  жетекші  типтерін  екі  топқа  бөлуге  болатынын 
көрсетті.  Бірінші  топқа  көбіне  балалар  арасындағы  қарым-қатынастардың 
нормаларын, мотивтерін игеретін типтер кіреді. Бұл іс-әрекеттер нақты мазмұны 
бойынша ажыратылады, бірақ принципінде балаларды адам іс-әрекетінің жалпы 
мағынасына дәйекті түрде тереңдете ендіру формалары болып табылады. Мұнда 
балаларда  ең  алдымен  қажеттілік  мотивтік  сфера  дамиды.  Екінші  топқа 
материалдық  және  рухани  мәдениет  объектілерімен  әрекет  жасаудың  қоғамдық 
қалыптасқан  әдістерін  игеру  жөніндегі  іс-әрекет  жасаудың  қоғамдық 
қалыптасқан  әдістерін  игеру  жөніндегі  іс-әрекет  типтері  кіреді.  Бұл  жерде 
оқушыларда  интеллектуальды,  таным  қабілеттер,  оперативті-техникалық 
мүмкіндіктері  көбірек  қалыптасады.  Сонымен,  іс-әрекеттердің  қажеттіліктері 
басым  дамыған  кезеңдер  таным  қабілеттері  басым  дамитын  кезеңдермен  заңды 
түрде алмасып отырады. 
Баланың  психикасының  даму  заңдылықтарын  іс-әрекеттің  жетекші  типінің 
өзіндік ерекшелігін, олардың мектеп оқушылары іс-әрекетінің басқа түрлері мен 
қарым-қатынасының  өзара  байланысын  есепке  алу  тәрбие  процесін  анағұрлым 
оңтайлы  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Жоғары  интеллектуалды  және 
шығармашылық мүмкіндіктері бар, белсенді, өзіндік іс-әрекеті бар жеке адамды 
қалыптастырудағы 
талап 
педагог-тәрбиешілердің 
алдына 
оқу-тәрбие 
жұмысының  мазмұнын,  әдістерін  және  оны  ұйымдастыруды  психологиядан 
алынған  мәліметтер  негізінде  құру  мақсатын  қояды.  Іс-әрекеттің  жетекші  типін 
арнайы  ұйымдастыру  баланың  жеке  басына  мақсатты  ықпал  жасап,  осы  істің 
процесінде  онда  талғам  мен мотивтің қажетті иерархиясын қалыптастыруға
  

169 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Бейсейтов Д.
 
Жеткіншекті іс-әрекет арқылы тәрбиелеудің ерекшеліктері 
 
 
бағытталған негізгі  жағдай  ретінде  көрінеді. Бір  жас  кезеңінен келесі  неғұрлым 
ересек кезеңге көшкен кезде балалардың ересек адамдармен қарым-қатынасының 
жағдайы  мен  жүйесі  өзгеріп  отыруы  керек.  Өзінің  ажырамас  бірлігін  сақтай 
отырып,  мектеп  ұйымдастыру  формалары  мен  оқыту  әдістеріне  оқушылардың 
құқықтары мен міндеттерінің сипатына, мұғалімдер мен балалардың арасындағы 
қарым-қатынастарға  қарай  жіктеліп,  буындарға  айқын  бөлінуі  тиіс.  Барлық 
буындарда  оқыту  мен  тәрбиелеу  мазмұны  біртұтас  болған  кезде  әрбір  буын 
оқушылардың  интеллектуалдық  және  әлеуметтік  ересектенуінің  сатысын  айқын 
көрсетуге  тиіс:  тәрбие  және  оқу  жұмысының  негізгі  элементтерінде,  өз  бетімен 
ұйымдастыру  формаларында,  өзін  өзі  басқару  сипатында  және  балалардың 
жалпы  мектептің  істерін  жоспарлауға  қатысуында,  тіпті  киім  киісінде  айқын 
көріну тиіс. 
Ұйымдасқан тәрбие процесінің нәтижесінде өсіп келе жатқан адамда кейінгі 
белсенді  өндірістік  және  азаматтық  қызмет  үшін  қажетті  және  оның 
дүниетанымы  мен  адамгершілігінің  психологиялық  негізі  болып  табылатын 
қажетті түрлі сапалар пайда болып, тұрақтайды. Бұл сапалар тиісті қажеттіліктер 
мен  қабілеттіліктерден,  ең  алдымен  өз  еңбегін  дұрыс  ұйымдастырып, 
қажеттілігінше  жетілдіре  отырып,  еңбекке  деген  қажеттіліктер  мен 
қабілеттіліктерден  көрініп  отырады.  Мұндай  дамыған  нормалар  мен 
мұраттардың  негізінде  ұжымдағы  қатынасты  құру,  өмірлік  проблемаларды 
ақылмен, істі бірлікпен шешудегі қажеттілік пен қабілеттілік болады. Қажеттілік 
жоғарыда айтылғандай, іс-әрекетте ғана іске асады, сондықтан да тәрбие жүйесін 
мақсатты  түрде  құру  жеке  адамдарды  қалыптастыруда  неғұрлым  ықпал 
жасайтын іс-әрекеттің жетекші типін ұйымдастыруды талап етеді [4].  
Әрбір  жас  мөлшеріне  бір  жетекші  іс-әрекет  өзіне  тән  деген  тұжырым  іс-
әрекеттің  басқа  түрі  жоқ  дегенді  білдірмейді.  Мысалы,  мектеп  жасына  дейінгі 
баланың  жетекші  іс-әрекеті  –  ойын,  бірақ  онда  еңбектің  де,  оқудың  да 
элементтері  бар.  Алайда  не  мектеп,  не  оқу  емес,  ойын  ғана  мектепке  дейінгі 
шақта  психологиялық  жаңа  құрылымдардың  типін  анықтайды.  Сонымен  қатар 
ойын  іс-әрекеті  мектеп  шағында  да  болады,  бірақ  ол  шешуші  мектеп  болып 
есептелмейді.  Сонымен  басты  жетекші  іс-әрекеттерді  алға  қоя  отырып, 
психологтар  еш  уақытта  баланың  көп  қырлы  іс-әрекетінің  барлық  басқа 
түрлерінің  маңызы  мен  рөлін  жоққа  шығармайды.  Балаларды  сан  қырлы  іске 
баули  отырып,  балалық  шақтың  кезеңіне  сай,  психологиялық  даму  деңгейі  мен 
жас  шағының  жаңа  құрылымдарына  объективті  жауап  беретін  іс-әрекеттердің 
жетекші типін тиімділікпен пайданлану, жаңа құрылымды тұрақтандыру, дамыту 
қажет деп ойлаймыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Выготский Л.С. Педагогическая психология //Психология: классические труды. -М., 1996. 
2.
 
Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучния. –М., 1986. 
3.
 
Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность.-М., 1977.- 180с. 
4.
 
Эльконин Д.Б. Психолого-педагогическая диагностика: проблемы и задачи. Психодиагностика и 
школа. Таллин, 1980. 

170 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
А.АЛТЫНБЕКОВ  
Абай атындағы ҚазҰПУ PhD докторанты 
 
Ш.ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
КӨЗҚАРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛ ЕТКЕН АЛҒЫШАРТТАР 
  
 
В  статье  рассматриваются  предпосылки,  оказавшие  влияние  на  социально-педагогические 
взгляды Ш.Кудайбердиева. 
 
The article deals with premises influenced social and pedagogical views of Sh. Kudaiberdiyev. 
 
Қазіргі  кезде  қазақ  халқының  ұлы  ойшылдарының  шығармаларындағы 
әлеуметтік-педагогикалық  көзқарастарды  зерттеп-зерделеудің  қажеттілігі 
туындап  отыр.  Бұл,  әсіресе  егемен  мемлекетіміздің  жастары  үшін, 
таптырмайтын  білім  бастауына  айналды.  Себебі  бұрынғы  өмір  сүрген 
ғұламалардың  туындыларында  тек  өз  кезіндегі  ғана  емес,  сонымен  қатар 
келешек  заманның  мәселелері  де қамтылған.  Білім  мен  ғылымға  толығымен 
бет  бұрған,  ұрпақ  тәрбиесіне  белсене  кіріскен  бүгінгі  кезеңде  даналардың 
мәнді  тұжырымдарын  кәдеге  жарату  алға  қойған  мақсаттарымызға  жетудің 
кепілі  болмақ.  Қазақ  топырағында  өркен  жайған  тәрбие  үрдістерінің  негізін 
салғандар  әл-Фараби,  Жүсіп  Баласағұн,  Қожа  Ахмет  Ясауиден  басталып, 
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы идеялары арқылы жалғасын тауып 
отырды.  
Солардың  ішінде  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  тәлім-тәрбиеге  қатысты 
идеяларын еліміздің даму жолындағы ізденістеріне тұғыр ететін уақыт келді. 
Өйткені  ол,  ең  алдымен,  өзі  өмір  кешкен  тұстағы  әлемдік  деңгейде  болып 
жатқан  ғылыми-техникалық  жаңалықтардың  мәнін,  сыр-сипатын  анықтап, 
болашақ  жастардың  ғылым-білімнен  үлес  алуын  аманат  еткен.  Кемеңгердің 
өз  замандастарынан  озық  тұрғандығын  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  әл-
Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті  студенттерімен  кездесуінде: 
«Қазіргі  бәсеке  заманында  қажыр-қайратың,  ынта-жігерің,  тынымсыз 
ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай. Данышпан ақын Шәкәрім бабаларың 
«Құбылған  әлем  жарысы.  Ақылды  жанның  табысы»  деп  бекер  айтпаған. 
Ендеше  жастарға  жүктелетін  міндет  те  үлкен»  деп,  Шәкәрім 
Құдайбердіұлының пікірін келтіруі дәлелдей түседі [1]. 
Шәкәрім  еңбектеріне  бойлаған  сайын  бүгінгі  ұрпақ  ұлы  ойшылдың 
білімге  шақырған  ұранды  үнін  ғана  емес,  оның  адамзатты  тәрбиелеу 
саласындағы  даналық  ақылын  терең  меңгеріп,  нұсқаған  тағылымдарындағы 
теориялық  ой-пікірлерге  қаныға  түседі.  Оның  педагогика  ғылымының 
дидактика саласына қатысты пікірлері де ұшан-теңіз екендігіне көзіңіз жетіп, 
өнеге  алар  тұстары  баршылық.  Шәкәрім  шығармаларының  ішкі  сырларын 
терең  де,  жан-жақты  білу  үшін  жалпылама  айтумен  ғана  шектелмей,  ол 
ұсынған  ойларды  педагогикалық-психологиялық  тұрғыдан  өте  байыпты  да 
байсалды   аңғара   білу  қажет.  Өйткені,   Шәкәрім  дидактиканың  басты
  

171 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Алтынбеков А.
 
Ш.Құдайбердіұлының әлеуметтік-педагогикалық көзқарасының қалыптасуына...  
 
 
принциптері мен ғылымды меңгеру тәсілдерін және оны игерудің амалдарын 
даналықпен дәл нұсқап, педагогикалық-психологиялық негіздерін терең аша 
білген
 
[2.11-12]. 
Шәкәрім Құдайбердіұлының әлеуметтік-педагогикалық идеялары туралы 
сөз  қозғамас  бұрын,  оның  дүниетанымының  қалыптасуына  ықпал  еткен 
негізгі  жайттарды  талдап,  маңызды  шындыққа  көз  жеткізуіміз  қажет. 
Негізінде дүниетанымның, көзқарастың қалыптасуы – адамның тал бесігінен 
жер  бесігіне  дейінгі  аралықта  толассыз  жүретін  өте  күрделі  процесс.  Жеке 
тұлға санатына жеткен әр адам өзінің дүниетанымдық бастауларын ғасырлар 
бойы  жинақталған  білім,  тәрбие  тәжірибесі  арқылы  игеруі  мүмкін.  Немесе 
әлеуметтік-қоғамдық  өмірде  адамның  көзқарасын  мүлдем  өзгертіп,  оның 
мәдени-рухани тұрғыдан қайта түлеуіне әсер ететін субъективті себептер де 
болуы  ықтимал.  Сонымен  қатар  оның  тынымсыз  ізденісінен,  еңбегінің 
нәтижесінде  меңгеретін  шынайы  ақиқаттың  да  болмағы  ләзім.  Сол  сияқты 
Шәкәрім  Құдайбердіұлының  адами  тұрғыдан  жетілуіне,  тәлім-тәрбие 
жөніндегі  ой-пікірінің  жинақталуын  жүзеге  асырған  жағдайлар  болған. 
Шәкәрім  жастайынан  өзін-өзі  тәрбиелей  білген.  Оның  өмірлік  ұстанымы  –  
ешкімге  қиянат  қылмау,  бөгде  адамға  жаманшылық  жасамау,  мейлі  жан-
жануар,  жәндіктерге  болсын,  зәбір  көрсетпеу.  Яғни  адамшылықты,  арды 
бұзатын  барлық  теріс  қылықтардан  тыйылуға  ерте  бастан  кіріскен.  Ол  жас 
кезінде  өзі  басынан  кешірген  жағдайды  үнемі  есіне  алып,  ұдайы  сол  ісінен 
сабақ алып отырған. Шәкәрім жеті жасқа келгенде, әкесі Құдайберді қайтыс 
болып, үйіне жан-жақтан көңіл айтып, кісілер жан-жақтан келіп жатады. Бала 
Шәкәрім сол сәтте сай ішіне ойнауға кетеді. Ойнап отырып, ирелеңдеп бара 
жатқан жұлдыз құртын езіп өлтіріп тастайды да, кейін оған жаны ашып қатты 
өкініп  жылайды.  Ең  алғашқы  өлеңі  «Өлтірдің  онан  таптың  қандай  пайда?» 
деген атпен осылайша дүниеге келеді. Бұл оқиғаның ақын есінде мәңгі-бақи 
қалғандығын 
баласы 
Ахаттың 
әкесіне 
қатысты 
естеліктерінде 
кездесетіндігіне қарап топшылауға болады. Өмірінде одан кейін жан-жануар, 
жәндік  атаулыға  қиянат  жасамауға  серт  бергендігі  оның  тырнақалды 
туындысынан  аңғарылады.  Жетім  қалған  баланың  ой-санасында  атасы 
Құнанбайдың, өз анасы Ботантайдың берген тәрбиесі мәңгілік із қалдырады. 
Кеңестік  кезеңде  жарық  көрген  жазушы  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай  жолы» 
романында  Құнанбай  мейлінше  қатал,  тасжүрек,  мейірімсіз  жан  ретінде 
бейнеленсе  де,  тәуелсіздік  алған  уақыттан  бері  ғалымдардың  оның  шынайы 
тұлғасын  зерттеуінің  арқасында  Құнанбайдың  мүлдем  басқа  адам 
болғандығы, яғни қара қылды қақ жарған әділ, ел арасында дау-жанжалдың 
өрістеуіне,  қылмыс  пен  сұмдық  істерге  тосқауыл  қойған  тұлға  екендігі 
ашылды.  Дінге  берік  жан  болғандығы,  қажылыққа  барып  келгендігі  жайлы 
мәліметтер  де  жиі  кездеседі.  Ол  романда  Шәкәрімнің  де  Шұбар  есімімен 
ұшырасатынын,  алайда   шын   болмысына   қайшы   келетін   кісі ретінде
  

172 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Алтынбеков А.
 
Ш.Құдайбердіұлының әлеуметтік-педагогикалық көзқарасының қалыптасуына...  
 
 
көрінуінде  де  саясаттың  салқын  ызғары  бар  екендігін  бағамдаймыз.  Қажы 
отбасында  Шәкәрімнен  бөлек,  Абай  сынды  ұлы  ақынның  дүниеге  келгенін 
және  тәрбиеленгенін  ескергеніміз  жөн.  Сол  атасының  берген  тәлімін 
жүрегіне  терең  сіңірген  Шәкәрім,  ең  алдымен,  елге,  халыққа  қызмет  етудің 
артықшылығын  түйсінеді.  Ынсапты,  арлы  қалпынан  таймай,  еңбекке  етене 
араласуға  дағдыланады.  Шыққан  тегіне,  дәулет-байлығына  мастанбай, қажы 
әулеті балаларының әрбіреуі киіз үйді құру мен бұзу, бүркіт салу, аң аулау, 
құс  ату,  ет  бұзу,  темір-терсек  соғу,  арба  мен  сағат  жөндеу,  бұдан  да  басқа 
тұрмыс жұмыстарын  атқарған.  Үлкен атасы  немере-шөбересінің  ақыл-ойын, 
санасын,  мінез-құлқын,  қол  өнерін,  халықтың  әдет-ғұрпын  сақтай  тұрып, 
ретімен  дамыта  білген.  Шәкәрімнің  «Мұтылғанның  өмірі»  деп  аталатын  өз 
өмірінен  сыр  шертетін  поэмасында  осы  айтылғандардың  бәрі  өз  сөзімен,  өз 
сезімімен  баяндалады.  Осы  поэмада  Шәкәрімнің  он  жасында  домбыра  мен 
гармонь  тартуды  үйреніп,  мылтықпен  құс  атуға  шығып  жүретіндігі 
сипатталған  [1].  Бұл  жерде  ақын  өзінің  жас  кезінде  істегендерін  жай  мысал 
ретінде ғана келтіріп отырған жоқ, ол өз бойындағы ең үлкен жан қуатын  – 
білмекке құмарлықтың күші қандай болатынын сөз етіп отыр. Ол кезде сағат 
пен  орган  аспабы  екінің  бірінде  кездеспейтін  таңсық  заттар  болатын  болса, 
бала  Шәкәрім  соларды  бұзып  көріп,  қалай  жұмыс  істейтіндігін  білуге 
талпынған.  Жалпы  Шәкәрімнің  ағасы  әрі  ұстазы  Абай  жетінші  қара  сөзінде 
жас  баланың  анадан  екі  түрлі  мінезбен  туатындығы,  оның  біреуі  –  тән 
құмарлығы, екіншісі – жан құмарлығы екендігі жайлы сыр тарқата келіп: «Не 
көрсе  соған  талпынып,  жалтыр-жұлтыр  еткен  болса,  оған  қызығып,  аузына 
салып,  дәмін  татып  қарап,  тамағына,  бетіне  басып  қарап,  сырнай-керней 
болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегеңде ит үрсе де, мал шуласа да, 
біреу  күлсе  де,  біреу  жыласа  да  тұра  жүгіріп,  "ол  немене?",  "бұл  немене?" 
деп, "ол неге үйтеді?", "бұл неге бүйтеді?" деп, көзі көрген, кұлағы естігеннің 
бәрін  сұрап,  тыныштық  көрмейді.  Мұның  бәрі  —  жан  құмары,  білсем  екен, 
көрсем  екен;  үйренсем  екен  деген»  –  деп,  жан  құмарлығының  мәні  туралы 
толғанған. Шәкәрімнің бала кезінде әртүрлі өнер үйренуге талаптануы, өлең 
шығарып,  ән  айтып,  серілікпен  де  айналысуын  тізбелеп,  оның  бәрін  жан 
ізденісіне телуі Абай тәлімімен жүріп-тұрып, Абай көзқарасымен бір арнада 
тоғысатындығын  аңғартады.  Атасынан  кейін  өз  ағасы  Абайға  соның 
жетелеуімен  ержеткені  үшін  ризалық  білдіретін.  Ұлтының  мақтаныштары 
болған  ағалы-інілі  тек  қан  жағынан  туыс  болып  қоймай,  солардың  жан 
сырлары,  рухани  ізденістері  ұштасып  жатты.  Абай  қара  сөзінде  тән 
құмарлығының  жанды  түптің  түбінде  жеңетіндігін,  жан  жеңілісінің  адамға 
өте ауыр соққы болып тиерін қынжыла жеткізсе, Шәкәрім осы ізбен «жан мен 
тән»  тартысының  көрінісін  өрбітеді:  «Жан  құмары  –  істемек,  біліп  алмақ, 
Бөгет  бола  береді  дене  салмақ.  Асыл  іздеп  асылды  аласұрар,  Амал  бар  ма 
денесіз  қайда  бармақ?» дейді. 
«Жастарға»  деген  ұзақ өлеңінде   Абайдың  

173 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет