А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекке дайындық
бағыты...
бар болуына сәйкес жүзеге асырылады. Бастауыш мектептің білім мазмұнына
адамның кәсіби іс-әрекеті түрлерінің енгізілуі заңдылық.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің білім
мазмұнының тұжырымдамасына (жоба) [5] сәйкес пәндер топтамасында
еңбекке баулу пәні «Адам іс-әрекетінің белгілі түрлеріне арналған пәндер
кешені (сызу, еңбекке үйрету, тіл, музыка, бейнелеу өнері)» мазмұнында
қарастырылатыны көрсетілген.
Жеке тұлға іс-әрекетінің құрылымы оқу мазмұнында білімнің ақыл-ой,
тіл қатынасы (коммуникативтік), еңбек, эстетикалық, дене шынықтыру
компоненттері арқылы жүзеге асырылатыны белгіленген. Сондай-ақ, ғылыми
білім мен іс-әрекеттер құрылымына сәйкес келетін білім компоненттері оқу
мазмұнының құрылымымен және құрамымен анықталған. Оның ішінде
еңбекке баулу пәні болмыстың өзгеруін, өңделуін тану және тұлғаның өзін-
өзі жетілдіру сияқты маңызды міндетті шешуге бағытталатыны айтылған.
Аталған білім мазмұнын айқындайтын негізгі қағиданың бірі ретінде: “...
оқушыларды жалпы адамзаттың қол жеткен игіліктері мен ұлттық мәдениет,
ғылым, тіл, өнермен ұштастыра тәрбиелеу негізінде оқытып дамытуды
политехникалық бағыты бар түрлі еңбек іс-әрекетімен байланыста жүзеге
асыру” – деп атап көрсетілген [5]. Мұның өзі ұлттық игіліктерді, мәдени
құндылықтар мен дәстүрге баулуды өзгермелі өмір талабына сәйкес
жарамдысын алып, тәрбиелеуді көздеуі деп ұғамыз.
Адамның әлеуметтік-еңбектегі іс-әрекетін Е.А.Климов бес кәсіби сфера
бағытына сәйкес шартты түрде: “Адам-Табиғат”, “Адам-Техника”, “Адам-
Адам”, “Адам-белгілер жүйесі”, “Адам-көркем бейне” деп топтастырады [6].
Олардағы іс-әрекеттердің қарапайым түрлері мектептегі оқу пәндері
бойынша сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар мазмұнында жүзеге
асырылады.
Егемен еліміздің тұсында (1993 жылдан бастап) бастауыш мектептерде
еңбекке баулу пәні арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие құраушыларына
баулу, халқымыздың қолданбалы өнеріне үйрету мәселесіне О.Сатқанов,
С.Жолдасбекова, т.б. педагог-ғалымдардың ғылыми еңбектері бағытталды.
Бастауыш сыныптың өзінде мектептердің орналасуына, аймақтың
экономикалық
ерекшеліктеріне
сәйкес
еңбекке
оқыту
мәселесі
қарастырылады. Мәселен, кеңестік кезеңде оқу үдерісінде басшылыққа
алынған I-IV сынып бағдарламасына сәйкес оқушылар [7]: қолмен жұмыс
істеудің, ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсірудің, көрнекі құрал жөндеудің,
бастауыш сыныптар түрлі материалмен пайдаланып, ойыншықтар, мектеп,
балалар бақшасы, үй үшін пайдалы түрлі заттар, т.б. нәрселерді жасаудың,
өмірге қажетті қарапайым тәсілдерін меңгереді.
143
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекке дайындық
бағыты...
Бастауыш сыныптың өзінде балалар түсіне алатын кейбір кәсіптермен
(мамандықтармен) таныстыру басталады. Оқушыларда сапалық қасиеттерді
қалыптастыру мақсаты бағдарламада көрсетіледі, атап айтқанда:
-
еңбекке баулып, еңбек адамына деген көзқарасты тәрбиелеу;
-
еңбектің алғашқы дағдыларын қалыптастыру, құрал-саймандарға,
материалға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау;
-
әртүрлі материалдармен жұмыс істеу әдістерін және өсімдік өсіре
білудің қарапайым машықтарын қалыптастыру;
-
балаларды техника элементтерімен таныстыру және мамандық жайлы
түсінік беру.
Бастауыш сыныптағы еңбекке баулу және орта мектептегі технология
пәндері мазмұнының сабақтастығы сақталады. Мектеп бағдарламасы
бойынша бастауыш сыныпта еңбек сабақтары Одақ кезінде үш бағытта
жүргізілді.
- техникалық еңбек;
- ауылшаруашылық еңбегі;
- қоғамға пайдалы еңбек.
Еліміз егемендік алғаннан кейінгі бастауыш сыныпта еңбекке баулу
мазмұнында өзіне-өзі қызмет ету, көркем еңбек тақырыптары ажыратылды.
Өткен ғасырдың 80-жылдарында қолданыста болған «Еңбекке баулу»
бағдарламасының ІІ сыныпта қарастырылатын мазмұнын мысалыға алып
қарайтын болсақ, сағаттардың оқу жұмыстарына төмендегідей бөлінгенін
көруге болады [7], 68 сағат, аптасына 2 сағат, оның ішінде:
- қағазбен жұмыс істеу (16 сағат), оның “Бүктеу мен желімдеу арқылы
пішіні тік бұрыштап пішілген қағаздан бұйымдар әзірлеу”;
- матамен жұмыс істеу (14 сағат). Матадан бұйымдар дайындау (тігістер;
тепшу, жөрмеу, көктеу, шалып тігу, қайып тігу, кестелеп тігу);
- конструктормен жұмыс істеу (10 сағат). Құрылысы қарапайым көлік
моделін құрастыру;
- аралас жұмыстар (14 сағат). Қағаз, мата, табиғи материалдардан жазық
және көлемді бұйымдар дайындау;
- оқу-тәжірибе учаскесінде өсімдік өсіру (14 сағат). Күзгі жұмыстар (4
сағ). Оқу- тәжірибе учаскесіндегі күзгі жұмыстар. Көктемгі, жазғы жұмыстар
(10 сағ). Бөлме өсімдіктерін өсіру. Оқу-тәжірибе учаскесіндегі өсімдіктер
өсіру. Сәндік-гүлді өсімдіктер өсіру.
Бағдарлама мазмұны төмендегідей құрылымда берілген:
- шамамен алынған бұйым түрлері;
- техникалық (агротехникалық) мәліметтер (теориялық мағлұматтар);
- практикалық жұмыстар;
- пәнаралық байланыстар.
144
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекке дайындық
бағыты...
Бұл реттіліктегі оқу материалдарының ерекшелігі, мұғалімнің жұмысты
дұрыс ұйымдастыруға өзіндік нұсқау беретіні. Мәселен, пәнаралық
байланыста:
- математика: тік және тура бұрыштар жайында түсінік;
- айналамен танысу: бөлме өсімдіктерінің тіршілік жағдайы. Адам
еңбегін жеңілдететін тасымалдау машиналары;
- бейнелеу өнері: тура бұрышты пішіндер жайында түсінік және олардың
белгілері; біркелкі заттарды өзара байланыстыра отырып, нақтылы белгілеу
сияқты оқу материалдары мен іс-әрекеттер қарастырылады.
Бұл мағлұматтар оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерін
сабақтастыру, оқушы білімінің тұтастығын түзу үшін мұғалімге нұсқау
ретінде беріледі.
Ал ауылшаруашылық жұмыстары көбінесе білім беру ұйымымен
анықталатын пәндер тізбегі арқылы белгіленеді. Аталған пәннің белгіленуі
бастауыш мектептерде ауылшаруашылық еңбегін оқытуды қамтамасыз ету
болып табылады. Бағдарламаның ерекшелігі ретінде: топсеруеннің
көрсетілуін, көрнекіліктердің берілуін айтуға болады.
Жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
оқушыларды еңбекке баулу бойынша әдістемелік даярлығы жоғары кәсіптік
білім стандартында көрсетілген [8]. Оның ішінде «Бастауыш мектепте
еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы және практикумы» пәнінде
төмендегідей лекция тақырыптары қарастырылған [9]:
- бастауыш мектепте еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы және
практикумы - педагогика ғылымының саласы;
- бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориялық негіздері;
- материалдар мен еңбек әрекетіне сипаттама беру, бұйымдар жасау
технологиясы;
- халықтық сәнді-қолданбалы өнер (көркем еңбек);
- тұрмыстық еңбек;
- бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтарын ұйымдастыру
технологиясы;
- еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін
ұйымдастыру технологиясы.
Практикалық
сабақтардың
үлгі
тақырыптары:
қағаз
және
қатырмақағазбен жұмыс түрлері, тоқыма материалдармен жұмыс жасау,
техникалық үлгілеу, папье-маше жасау техникасы, сабаннан жасалынған
ойыншықтар, ермексаз және сазбалшықпен жүргізілетін сабақтардың
ерекшеліктері, фольга мен қаңылтырдан бұйымдар дайындау, сәнді-
қолданбалы өнер түрлері, тұрмыстық еңбекті ұйымдастыру, қоғамға пайдалы
еңбек түрлері.
145
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекке дайындық
бағыты...
Жалпы алғанда бастауыш сыныпта оқытылатын еңбекке баулу пәні
мазмұны мен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбек
дайындығында, оларды оқыту бойынша сабақтастық және сәйкестік бар.
Дегенмен, бастауыштағы және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
еңбекке баулу, даярлау мазмұны жетілдіру керек деп білеміз. Оқыту
мазмұны мынадай тақырыптарды: ауыл шаруашылығы еңбегін, яғни ауыл
шаруашылық білім негіздерін оқытуды, екіншіден, құрастыру
жұмыстарын қамтуы қажет.
Елімізде басым көпшілік мектептер ауылдық жерлерде. Олай болатын
болса, бастауыш сыныптан бастап оқушылар ауыл шаруашылығы білім
негіздерін меңгеріп, еңбек түрлерін үйренуі тиіс. Бұл келесі кезекте орта
мектепте жалғасын табады. Осы бағытта бірқатар жұмыстар мектеп
тарапынан жасалуы керек, атап айтқанда, мектептің оқу-өндірістік
үлескесін, биология оқу бөлмелерін, ауыл шаруашылығы еңбегі
кабинеттерін бастауыш сыныптар үшін жабдықтау, т.б.
Елімізде техниканы ойлап, жасап шығаратын, шығармашылықпен
жұмыс істейтін болашақ конструкторлар мен технологтарды даярлауды
мектепке дейінгі мекемеден бастап, бастауыш, орта мектептерде оқыту
және даярлаудағы бағдарлы іс-әрекеттерді ұйымдастыруды жетілдіру
кенжелеп қалған бағыттың бірі. Осы себепті де құрастыру жұмыстары
бастауыш сыныпта міндетті оқытылуы тиіс.
Осы аталған оқу жұмыстарындағы іс-әрекет бағыттары міндетті түрде
жүйелік тұғыр тұрғысынан жоғары оқу орындарында бастауыш сынып
мұғалімдерін даярлау мазмұнында көрініс табуы тиіс. Ол үшін аталған іс-
әрекет бағыттары мен оны оқытудағы төмендегідей жетілдіру жолдарын
атап көрсетуге болады:
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мазмұнында ауыл
шаруашылығы еңбегі мен құрастыру жұмыстарын оқытуды арнайы
тақырыпта көрсету;
- жоғары оқу орындарындағы оқу жұмыстары барысында даярлықты
қамтамасыз ету;
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік даярлықтарын
жүзеге асыру.
Аталған мәселелер бірқатар жұмыстардың орындалуын талап етеді:
оқу-материалдық базаны жабдықтауды, оқу жұмыс түрлерінде:
студенттердің өзіндік жұмыс түрлерін анықтауды және ауыл
шаруашылылығы еңбегін дүниетану пәнімен өзара байланысты оқытуды,
құрастыру жұмыстары студенттердің графикалық сауаттылығын
жетілдіруді, студенттердің жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруды, т.б.
146
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекке дайындық
бағыты...
Қазіргі кезеңде осы бағытта білім беру ордамызда бірқатар жұмыстар
жасалуда. Атап айтқанда, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының,
курстық және дипломдық жұмыс тақырыптарында ауыл шарушылығы
еңбегі мен құрастыру бойынша іс-әрекеттерді анықтау, зерделеу
бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру жүзеге асырылуда.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Трудовое воспитание и политехническое обучение. Краткий словарь для учителя. Под. ред.
М.Н.Скаткина и В.А.Полякова. - М.: Просвещение, 1968. – С. 391-392.
2.
Основы методики трудового обучения /Под. Ред. В.А.Полякова. – М.: Просвещение, 1983. – 86 с.
3.
Еңбекке үйрету методикасы. Ред. бас. Д.А.Тхоржевский. Ауд. Ө.Кесікбаев, Қ.Бәтбенов,
Ж.Қайранбаев. –Алматы.: Мектеп, 1985. - 296 б.
4.
Воспитание учащихся в процессе трудового обучения /Т.Н.Мальковская, Т.С. Буторина,
И.П.Волков и др.; Сост. Л.И.Маленкова; Под.ред. Т.Н. Мальковской. – М.: Просвещение, 1983. –
184 с.
5.
Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы //
Қазақстан мұғалімі. - 1993. -№7. - 9 сәуір.
6.
Климов Е.А. Как выбирать профессию: кн. для учащихся. –М.: Просвещение, 1984. – 160 с.
7.
Төрт жылдық бастауыш мектептің бағдарламалары: Еңбекке баулу (I-IV сынып). –Алматы:
Мектеп. 1987. – 219-248 бб.
8.
5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған ҚР МЖМБС
6.08.012-2009. – Астана, 2008. – 37 б.
9.
Абдықадыров А.О. Бастауыш мектепте еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы және
практикумы. 5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған
типтік бағдарлама. 2007. – 8 б.
147
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
М.Б.ЖАЗДЫҚБАЕВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ
ӘДЕПКЕ ТӘРБИЕЛЕУ
В статье рассматривается развитие этики учащихся на основе казахских национальных
традиций.
The article deals with the education of pupils' ethics on the basis of Kazakh national traditions.
Этнопедагогика ғылымында балаларды ұлттық мінез-құлық әдептері
негізінде тәрбиелеуге көңіл бөлінген. Халық салтында имандылық бастауын
әдептен алған. Әдептілік - этнопедагогикада негізгі тәрбиенің бірі болып
табылады. Олар мінез-құлық әдептері, жүріс-тұрыс әдептері, адамдармен қарым-
қатынас әдептері болып үшке бөлінеді. Мінез-құлық әдептеріне: биязылық,
кішіпейілділік,
салмақтылық,
кеңпейілдік,
кеңойлылық,
бауырмалдық,
шыдамдылық,
сыйластық,
ұстамдылық,
білімділік,
ұқыптылық,
тындырымдылық, адамгершілік, қайырымдылық, адалдық қасиеттері кіреді.
Жүріс-тұрыс әдептеріне: есіктен сәлем беріп оң аяқпен кіру, нанды екі қолмен
үзу, тамақты оң қолмен жеу, айға қарап қол шошайтпау, тамақ ішкенде
жамбастамау, киімді оң жақпен киіп, сол жақпен шешу, үйге қарай жүгірмеу,
есінегенде ауызды оң қолдың сыртымен жабу, ақты теппеу, астан соң бата
қайыру, ұрлық жасамау, кітапты жерге тастамау, табанды тартпау, босағаны
кермеу, есікті қатты жаппау, киімді жадағай жамылмау, аяқты айқастырмау,
дауыс көтермеу, өтірік айтпау және т.б. қасиеттер кіреді. Қатынас әдептеріне:
үлкеннің алдын кеспеу, үлкенге бұрын сәлем беру, екі қолмен амандасу,
үлкеннен бұрын дастарханға қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, кішіге-ізет,
үлкенге-құрмет көрсету, үлкеннің алдында жамбастамау, ата-ананы құрметтеу,
затты өзгеге оң қолымен беру, ата-анаға қарай аяқ созбау, төрт түлікті қастерлеу,
мазарға қол шошайтпау, қазаны құрметтеу, дәм тұзды ақтау және т.б. қасиеттері
енеді [1].
Бұл көрсетілген әдеп нұсқаларын өсіп келе жатқан жас ұрпақты жарасымды
әдептілік пен ұнасымды ізеттілікке тәрбиелеуді халқымыздың тәрбие қағидалары
деп түсінуге болады.
Адамдар бір-біріне кездескенде «Ассалаумағалейкум», яғни, «Сізге нұр
жаусын», «Уағалайкум ассалам» қазақша «Алланың нұры сізге де жаусын»
дегені. Осылай амандасуы арқылы адамдар бір-біріне тілеулестігін, ізгі-ниетін,
достығын білдірген. Сәлемдесу әдебінің де қалыптасқан дәстүрі, салауатты салты
болған.
Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік: адамның аты-жөнін
құрметпен атау. Адамның аты-жөнін құрметтеп, оны өз аталуында атамай
жоғары құрметті атаумен атау сыйласым, азаматты ардақтау болып табылған.
Қазақ отбасында ер бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Отбасы
үшін қыз бала атқарар қызметін біліп қоймай, өнерлі шебер болуын, ер баланың
еңбекқор, өнерлі, парасатты, білімді, ұстамды болуын ең басты қасиет деп
таныған.
148
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Жаздықбаева М.Б. Қазақ халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеу
Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-
өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең
таралған. Қорқыт жырлары – имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен
парасаттылыққа меңзейді. Көбіне Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде...
қайда барсаң да Қорқыттың көрі – деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам
баласына айтылған ескертулер. Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер
сала ақтара қарай отырып, оның әлеуметтік ортадағы салмағын анықтай білген.
Соңында, өздерінің көз жеткізген ой қорытындыларын жасаған. Олар адамға
үлкен моральдық талаптар қоя отырып, зор сенім, үлкен үміт артады. Дәстүр-
салтымызда инабаттылық пен иманжүзділікті қалыптастыру мақсатында
тақырыпты халық даналығымен байланыстырудың маңызы зор. Қазақ
даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай 10 нәрседен
тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан,
екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан;
үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан;
төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің
және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден;
жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, мәжілістерде
тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және
өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан; тоғызыншы, қатеңді бірден
мойындап, кешірім сұраудан; оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса,
араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан. Қазақ топырағында
әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым -
Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға
мүмкіндік беретін ғылым ретінде қарастырды. Оның түсінігінше, адам
жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек.
Ғұлама данамыз Әл-Фараби «Қайырымды қаланың бірінші басшысы,
қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы өз
бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады деген. 1) Бұл
адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері
атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы
керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек
болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның
бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің
жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; 2) өзі түсінген, көрген, естіген
және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені
ұмытпайтын болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған
заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі
болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере
алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-
шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай
жететін болу керек; 4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде
қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан
149
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Жаздықбаева М.Б. Қазақ халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеу
алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; 5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп,
өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; 6) жаны асқақ және ар намысын
ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары
болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 7) жаман атауға, жалған
дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; 8) жаратылысынан әділеттілік
пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін
жек көру керек; 9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты
әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп,
жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет;
10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет деп
тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен
жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» - дейді. Осы
қасиеттердің бәрін келер ұрпақ бойына қалыптастыра отырып мінсіз адамды
тәрбиелеп шығарамыз деп тұжырым жасайды ғұлама ғалым. Әл-Фараби
шығармашылығындағы көрнекті орын алатын тәрбие мәселесі. Ол өзінің
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында тәрбие
туралы сөз ете келіп, оған нағыз ғылыми анықтама берді:«Тәрбиелеу дегеніміз
халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді
дарыту деген сөз»; «Тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге
негізделген қасиеттерден тұратын іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі»; «Этикалық
ізгіліктерді – білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам игілікті
істерге талпынады» [2]. Әл-Фарабидің «Философияны үйрену үшін алдымен нені
білу керек?», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Азаматтық
саясат» атты трактаттарында: ұстаз қандай болу керек, ұстаз бен шәкірттің ара
қатынасындағы психологиялық мәселелер туралы көп айтылған. Ғұлама
бабамыздың түсінігінше ұстаздар да, қала басшысы да тәрбиелік қызмет
атқаратын адамдар: «Ұстаз баланы тәрбиелесе, қала басшысы барша халықты
тәрбиелейді. Олай болса екеуі де «Сегіз қырлы, бір сырлы» халыққа қай жағынан
болса да үлгілі адамдар болуы тиіс», - деді. Әл-Фараби «Нағыз тәрбиеші
ұстаздың бойында он екі тума табиғи қасиет және алты жүре дарыған қасиетті
меңгерген дана адам болу керек», - дей келіп, оның мынадай сипаттамасын
береді: « - өнер-білімге құштар; - мүшелері мүлде мінсіз; - жаратылысынан өзіне
айтқанның бәрін жете түсінетін; - өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған
нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз; - өткір сөз
иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын; - тағамға, ішімдік ішуге,
сыр-сұхбат құруға қанағатшыл; - жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын; -
жаратылысынан игі істерге ынтызар; - әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп,
әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін; - жақындарына да жат адамдарға да
әділ - пасықтық атаулығы мүлде рақымсыз; - қорқыныш пен жасқану дегенді
білмейтін батыл, ер жүрек; - бойына туа біткен он екі, сондай-ақ өмір барысында
жүре қалыптасатын алты қасиетке ие болған, бұларды бір-бірімен сәтті
ұштастырған адам ғана нағыз ұстаз, жұртқа жақсы басшы бола алады», - дейді
[2]. Әл-Фараби болашақ мұғалім даярлауда ең алдымен еңбек етуге тәрбиелеу ең
150
Достарыңызбен бөлісу: |