1. Оқытудың ғылымилық ұстанымы. Ғылым адам (қоғам) өмірінде
маңызды рөл атқарады. Сондықтан мектепте берілетін білім жас ұрпақты ғылым
негіздерін игеруге мүмкіндік жасайды. Оқытудың ғылымилық ұстанымы
мектепте берілетін білім мазмұнына негізделеді. Осыған орай мұғалім тілдік
құбылыстарды түсіндіруде олардың ғылыми негізін ашуға оны индуктивті,
дедуктивті жолмен түсіндіруге тырысады. Оқушыларды ғылымның соңғы
жаңалықтарымен таныстыру оқу-тәрбие үрдісін ғылыми негізде ұйымдастыруда
маңызды. Мысалы, «Күрделі сөздің» кейде «Құрама сөз» деп те аталатынын
ескере отырып, Н.Уәлиевтің ол туралы мақаласын оқушыларға беруге болады.
Мұндай жұмыстар оқушылардың, біріншіден, материалды тереңірек түсінуіне
мүмкіндік жасаса, екіншіден, оларды ғылымға қызықтырады, үшіншіден,
ғылыми еңбектерді оқи білу дағдысы, мәдениеті қалыптасады [3].
2. Оқытудың жүйелілік ұстанымы. Сыртқы ортаның нақты бейнесі жүйелі
түрде мида кескінделгенде, адам нақты, терең білім алатыны белгілі. Білім
жүйелі түрде қалыптасуы үшін оны дұрыс ұйымдастыру қажет, яғни
материалдың ішкі логикасы сақталуы, оқушылардың танымдық мүмкіншілігі
ескерілуі; дағды мен іскерлікті қалыптастыратын жұмыстардың көбірек
орындалуы, оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру жұмыстары
жүргізіледі. Бұл ретте оқу материалын бөлшекке, блокқа, модульге бөліп оқыту
тиімді. Мысалы, күрделі сөзді және олардың емлесін екі блокпен беруге болатын
сияқты: 1-блок: теориялық блок, яғни күрделі сөздердің теориялық сипатын ашу,
2-блок: сауаттылық блогы. Онда күрделі сөздердің емлесі, оны игертуге
38
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Байғұтова Д.Н.
Орфографияны оқытудың педагогикалық негізі
арналған жұмыстар жүргізіледі. Оқу пәні – ғылымның кішірейтілген көшірмесі.
Сондықтан оқушыларға оның жүесін көрсету; ұғымдарды қалыптастыру, басқа
пәндермен байланыстыру өте маңызды.
3. Оқытудың материалды дұрыс орналастыру ұстанымы – оқу
материалының дұрыс, бір-бірімен сабақтаса орналасуы, берілуі, үйретілетін
материалды оқушының тиянақты, жүйелі, бірізділікпен қабылдауына
мүмкіншіліктер жасайды. Материалды дұрыс орналастыруда оқушының жас
ерекшелігі ескеріледі. Бұл ұстаным оқытудың алдын-ала болжау ұстанымымен
ұштасып жатады.
4. Оқытудың саналылық ұстанымы – материалды құрғақ жаттамай,
түсініп, саналы меңгеруі. Белсенділік пен саналылық ұстанымының негізінде
оқушының ақыл-ой әрекеті арқылы жеткен материалды саналы меңгеру бірнеше
фактормен байланысты; білім алу, оқудың мотиві, оқушылардың танымдық,
белсенділік деңгейі, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы, оқушылардың
танымдық әрекетін басқара алу, әдіс, тәсілдердің әр түрлілігі, т.б. Күрделі
сөздерді оқытуда саналылық және белсенділік ұстанымын іске асыру үшін –
материалды игертудің мақсаты, маңызы, мәні ашылуы керек. Атап айтқанда:
- оқушылар күрделі сөздің емлесін игерудің қажеттілігін білуі;
- ақыл-ой әрекетін туғызатын әдіс-тәсілдерді пайдалану (салыстыру, анализ,
синтез, жүйелеу, т.б.)
- оқушының өз беттерімен ізденуіне;
- логикалық жүйелілікті сақтауға;
- ереженің табиғатын бірнеше мысалдармен ашуға;
- игерілетін материалдың ең негізгісін біліп алуға;
- игерген білімдерін іс жүзінде қолдана алуға;
- оқушылардың шығармашылық ойлауына, сұрақ қоя білуге, оның жауабын
тыңдай білу мәдениетінің қалыптасуына, т.б. мүмкіндік жасалуы тиіс.
5. Оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымының негізінде эмпирикалық
және теориялық заңдылық, білім мазмұнын игеру және оқушылардың таным
қабілетін дамыту жатыр. Білімнің беріктігі тек объективті факторға (оқу
материалының мазмұны мен құрылымы) ғана емес, оқушылардың оқу
материалына, мұғалімге қатысы, оқу үрдісін ұйымдастыруына, әр түрлі әдіс-
тәсілдерді қолдануға да байланысты. Оқушылардың білімі берік те терең болуы
дұрыс қабылдауға да байланысты. Ол үшін оқушыларға арнайы сөздік,
анықтағыштармен жұмыс істету керек. Мысалы, бізге жазылатын сөздерді
оқушылар орфографиялық сөздіктен өздері іздеп, жазылуын естеріне сақтағаны
тиімді. Білімнің берік болуында қайталаудың маңызы зор. Қайталау, бекіту
материалдары оқушының тек есінде сақтауын емес, ойлау қабілетін де
арттыратындай болуы қажет. Білімнің беріктілігі сабақта пайдаланылатын
көрнекіліктермен де байланысты.
6. Оқытудың көрнекілік ұстанымы – көзбен көру сезіну арқылы
материалды есте сақтау. Көрнекілік ұстанымы туралы Я.А.Коменский көрнекті
оқытудағы басты мақсат оқушыны
байқағыштыққа, оймен топшылауға
жаттықтыру және
39
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Байғұтова Д.Н.
Орфографияны оқытудың педагогикалық негізі
өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, сондай-ақ одан логикалық
қорытынды шығаруға үйрету болып табылатындығын атап өткен еді.
Көрнекілік ұстанымы игеруге қиын фактілерді есте сақтауға тиімді, өйткені
көрнекілік оқытудың мақсаты емес, ол оқыту, білім берудің бір жолы, тәсілі.
Көрнекілік тек көру құралы ғана емес, іздену, білімді толықтырудың да
құралы болуы тиіс. Мысалы, бірге жазылуы тиіс сөздердің бәрін көрнекілікке
жазып ұсынғаннан гөрі екі-үшеуін ғана жазып, қалғандарын оқушылардың
өздеріне іздету тиімді. Мысалы:
4-кесте. Сөздердің бірге жазылуының себебі
Бірге жазылатын сөздер
Мысалы
Себебі
Бозторғай
Бозторғай шырылдады
Құстың аты
Көрнекілікті оқушылармен бірігіп жасау маңызды, ол оларды іздендіреді,
ойландырады. Көрнекілікті
пайдалану
арқылы
оқушылардың зейінін
тұрақтандыруға, байқағыштық қабілетін қалыптастыруға, ойлау мәдениетін
көтеруге, байқағыштық қабілетін қалыптастыруға, ойлау мәдениетін көтеруге,
шығармашылық ізденіс туғызуға болады. Сондықтан көрнекілік арқылы
оқытудың маңызы зор.
7. Оқытудың теория және практиканы өмірмен байланыстыру
ұстанымы философиялық, психологиялық, педагогикалық қағидаларға
негізделеді. Оқытудың тиімділігі, сапасы тек практикада тексеріледі. Практика –
шындықтың критерийі, таным әрекетінің көзі. Тәрбие өмірден алынады. Жеке
адамды қалыптастырудың тиімді жолы – оның еңбек жолы. Оқу мен өмірді, яғни
теория мен практиканы ұштастыру жұмысы оқу-тәрбие үрдісін дұрыс
ұйымдастырумен байланысты. Оқушыларға теориялық білім бере отырып «білім-
өмір», «өмір-білім» қағидасына мән беру орынды. Ғылым практикалық
қажеттіліктен туады. Адам өз еңбегін жеңілдету үшін ғылыми-техникалық
ізденіске ұмтылады. Ғылымсыз практика, практикасыз ғылым дамымайды.
Сондықтан оқушыларға жалаң теорияны игертіп қана қоймай, оны іс жүзінде
пайдалана білуге де үйрету қажет. Мысалы, бірге, бөлек жазылатын сөздердің
ережесін игерген, сөздіктермен жұмыс істеген оқушыда оның емлесі туралы
берік білім қалыптасады. Бұлар – оқытудың қалыптасқан дәстүрлі ұстанымдары.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Жолымбетов Қ. Қазақ орфографиясын игерудің негіздері. – Алматы: Мектеп, 1975. -144 б.
2.
Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. – Алматы: РБК, 1999.-83 б.
3.
Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, Санат, 1995. – 120 б.
40
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ж.Т.БАЙНИЯЗОВА
филология ғылымдарының кандидаты,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ
ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ СӨЗДІГІНІҢ ТИПТІК ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН
НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ
В статье рассматриваются опыт составления словарей лексических минимумов и их основные
теоретические аспекты.
The article deals with the experience of compiling dictionaries of lexical minimum and their basic theoretical
aspects.
Ортақ минимум сөздігі ең жиі қолданылатын лексика мен ең маңызды
саналатын сөздердің жиынтығынан құралатындығы белгілі. Тілдің базалық
лексикасына кіретін, оның фундаментальды негізін құрайтын бірліктерді
анықтау, ортақ минимум сөздігін жасаудың басты элементтерінің қатарына
жатады.
Лексикалық минимумның жаңа типі туралы алғашқы еңбектердің бірінде
лексикалық минимум терминінің екі мағынада қолданылып жүргендігі сөз
болады [1]. Бiрінші мағынада, лексикалық минимумдар деп өзге тiлдi оқып-
үйрену барысында белгiлi бiр кезеңде мiндеттi түрде меңгерiлуге тиiс сөздердiң
тiзiмiн атайды. Бұлар тiлді үйренудiң белгiлi бiр кезеңiнде лексикалық негiз
қызметін атқарады. Екінші мағынада, лексикалық минимумдар деп орыс тiлiн әр
түрлi жағдайларда оқып-үйренушiлерге арналған бiртiлдi немесе екiтiлдi оқу
сөздiктерiн түсінеді. Авторлар оқу сөздiктерi өз алдына бөлек қарастырылатын
нысан болғандықтан, “лексикалық минимумдар” деген терминнiң бұларға
қолданылуын орынсыз көреді. Сондықтан, “лексикалық минимум” терминiн
бiрiншi типтегi лексикалық оқу құралдарына байланысты қолданады.
Лексикалық минимумның жаңа типі – әмбебап, жалпылама қолданымға
арналған, ортақ минимум болып табылады. Осы тұрғыдан, жаңаша ғылыми
көзқарас негізінде жазылған еңбек ретінде қазақ тіл білімінде екітілді шағын
сөздіктердің құрылымын зерттеген Р.Түсіпқалиеваның лексикалық минимум
туралы еңбегін атауға болады [2].
Біздің ойымызша, лексикалық минимумның жаңа типі, жоғарыда
аталғандай, жалпылама қолданымға арналған ортақ минимумның болуы ауадай
қажет. Ол тілүйренім мақсатында түзілетін оқу сөздіктеріне негіз болып
қаланады. Мәселе оның қандай ғылыми негізде құрастырылуында ғана деп
білеміз.
Сөздік құрамды шағын оқу сөздіктеріне лайықтап ықшамдап алу ісінде
назарға алынатын ең басты мәселелердің бірі – сөздік бірліктің коммуникативтік
қызметтегі маңызы.
Оқу лексикографиясында оқу сөздігінің алатын орны ерекше. Оқу сөздігі –
тілдік қатынас және тілдесім құралы ретінде зерттеу ісінде көмегі болатын,
көлемі мен типі жағынан алуан түрлі болып келетін лексикографиялық туынды
41
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Байниязова Ж.Т. Лексикалық минимум сөздігінің типтік құрылымы мен негізгі салалары
(В.В.Морковкин). Сөздіктің бұл түрінің басты ерекшелік белгісі – оның тілді
үйрету ісіне бағдарлануы. Оқу сөздігінің сөздіктің басқа типтерінен басты
айырмасы – оның лексикографиялау тәсілі мен бағдарына байланысты. Олар
адамның тілдік санасына тілді үйрету мүддесі тұрғысынан әсер етуді көздейді.
Демек, оқу сөздіктері антропоцентристік болады. Оқу сөздіктерінен басқа
типтегі сөздіктер лингвоцентристік сөздіктер деп аталады [3.82].
Қазақ лексикографиясында XVIII-XIX ғасырлар аралығында және XX
ғасырдың басында жасалған шағын сөздіктер мен сөздікшелер М.Малбақов
еңбектерінде жан-жақты зерттелген болатын. Бұл кезеңдегі сөздіктердің бәрі де
шағын көлемді, тілді үйрету мақсатына арналып жасалған туындылар еді.
Олардың біразын, әсіресе Ы.Алтынсарин еңбегіндегі шағын сөздікті алғашқы
мектеп сөздіктерінің
тәжірибесі ретінде санау қажет [4].
Қазақ
лексикографиясында осы кезеңге дейінгі уақыт ішінде түзілген шағын
сөздікшелердің барлығында да лексиканы сараптаудың интуитивті тәсілі
қолданылып келді. Ғылыми тұрғыдан айқындалған, дәлелденген нақты әдіс-
тәсілдер болмады.
Мамандардың пікірі бойынша, 1 мыңнан бастап 4 мың сөздік көлемге
дейінгі минимум сөздіктер тіл негіздерін белсенді, пәрменді түрде меңгеруге
бағдарланған белсенді сөздіктер болып саналады. Олардың ішіндегі 1500
бірлікке дейін қамтитын аса шағын көлемді туындылар тілді меңгерудің
бастапқы сатысына арналған элементар сөздіктер қатарын құрайды. Ал 1500
бірліктен 4000 бірлікке дейінгі көлемдегі сөздіктер тілді базистік деңгейде
меңгеруге бағдарланады. Орыс лексикографиясында осы мәселені зерттеген
М.А.Скопина екі деңгейді қосып алып 1,2-4 мың бірлік аралығындағы сөздік
құрамды атайды [5].
Тілді меңгерудің бастапқы сатысына, бастауыш (төменгі) кезеңіне арналып
жасалатын 1500 бірлікке дейінгі бірлікті қамтитын екітілді әмбебап минимум
сөздіктің үлгісі қазақ тіл білімінде Р.Түсіпқалиева тарапынан түзілген болатын.
Ғалымның еңбегінде бұрынғы Кеңес одағындағы минимум сөздіктер түзу
тарихы және ол сөздіктердегі басшылыққа алынған ұстанымдардың құрамы мен
мазмұны жан-жақты баяндалады [2]. Осы еңбектегі деректер негізінде Кеңестер
одағы кезеңінде ортақ минимум жасау ісі 1970-жылдардан бастап қолға
алынғанын байқаймыз. Минимумға лексикалық бірліктерді сұрыптап алудағы
басты ұстаным ретінде олардың қолданым жиілігі саналған.
Тілді меңгерудің жетілдіруші (жалғастырушы) кезеңіне қажет деп
саналатын минимум құрастырудағы басты мәселелердің бірі – минимумның
сандық шектерін айқындау және қажетті минимум тізбені жасаудың рет-
жосықтарын анықтау [6].
Минимумның сандық шектері туралы айтылды. Бұл – әлемдік
лексикография тәжірибесінде сыннан өткен, көптеген тәжірибелер негізінде
толық айқындалған сандық көрсеткіш.
Екінші мәселеге байланысты жүргізілген
42
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Байниязова Ж.Т. Лексикалық минимум сөздігінің типтік құрылымы мен негізгі салалары
жұмыстардың,
жаңа ізденістердің нәтижесінде минимум құрамындағы тұрақты
элементтер мен өзгермелі элементтерді ажыратып қарастыру идеясы дүниеге
келді. Ол үшін бастапқы кезеңде минимумға сөзді сұрыптау процесінде
объективті және субъективті өлшемдерді үйлестіре пайдалану қажет болды.
Осындай ізденістердің негізінде әмбебап минимум жасау идеясы дүниеге келді.
Мұндай минимум шетелдік азаматтарға, тілді өз бетінше үйренетіндерге, оқу
құралдарындағы сөздіктер мен оқу сөздіктерін құрастырушыларға ауадай қажет
еді. Кеңес одағы дәуіріндегі тілүйренім тәжірибесінде сөз болып отырған
әмбебап лексикалық минимум екі бөліктен құралатын еді. Бірінші бөлікте тілдегі
объективті негізде сарапталып алынған ең жиі қолданылатын сөздерінің тізбесі,
екінші бөлікте тақырыптық таратушыдан субъективті түрде, интуитивті жолмен
сараланып алынған атаулар тізбесі болатын.
Жоғарыда сөз болғандай, кеңес дәуіріндегі оқу лексикографиясында үстем
болған әмбебап минимум сөздік идеясы бойынша, ең жиі қолданымдағы сөздер
тізбесі әмбебап минимумның бірінші бөлегін, ал тақырыптық тізім оның екінші
бөлегін құрайды. Минимумның тұрақты элементі ретіндегі жиілік тізбедегі
сөздердің меңгерілуі міндетті саналса, субъективтік негізде сұрыпталған
тақырыптық тізбе құрамындағы, яғни минимумның өзгермелі элементін
құрайтын тізбедегі сөздердің қайсыларын пайдаланудың шешімі осы
минимумды пайдаланушы оқырмандардың еркіне қалдырылады. Біз бұл
көзқарасқа ұстанымдық тұрғыдан қосыла алмаймыз. Тілдің лексикалық негізін
бейнелейтін минимумдағы екінші бөлік те тұрақты болу керек. Және ол тілдегі
тақырыптық жүйені құрайтын негізгі атауларды мүмкіндігінше толық қамтуы
тиіс. Онсыз тілдің лексикалық негізін толыққанды меңгеру мүмкін болмайды.
Тілдегі сөздік құрамның сандық параметрлері жаңғыртулардың ерекше түрі
болып табылатын сығымдау (компрессия) мен ықшамдау (минимизация) үшін
шешуші болып табылады. Сөздік құрамның жаңғыртулары теориясы іс
жүзінде лексикография теориясы ішіндегі ерекше теоретикалық және
қолданбалы ғылым саласы болып табылады. Өзінің бұдан арғы зерттелуінде бұл
теория кез келген типтегі сөздіктердің сөзтізбелерін түзу теориясына айналады.
Мәселен, бұл теория түрлі типтегі оқу сөздіктері үшін де, шетелдіктерге тілді
үйретуге арналған оқулықтар үшін де қажетті лексикалық минимумдарды
жасаумен айналысады. Сонымен бірге, сөздіктегі сол және оң жақтардың
арасындағы күрделі қатынастардың болуына байланысты сөздік құрамды
жаңғыртулар теориясының өзіндік мәнділік сипаты жоқ. Лексикалық
минимумның сапалық аспектісі, оған қандай сөздер мен сөз тіркестерінің кіруі
қажеттігі (статикалық тіл мен қолданымдағы тілдің бірлігі ұстанымы, актив және
пассив қордың ерекшеліктері, сөздің функционалды-стильдік айқындығы,
коммуникативті-ситуациялық ерекше бағдары, т.б.) әлем тілдерінде жеткілікті
дәрежеде қарастырылған. Неміс тілі
мәтіндеріндегі
сөздердің қолданым жиілігін
тексеруші
43
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Байниязова Ж.Т. Лексикалық минимум сөздігінің типтік құрылымы мен негізгі салалары
Ф.Кэдинг 11 миллион сөз қолданыс ішінде бар болғаны 6 сөздің (der,
die, das
артикльдері, und шылауы және zu, in предлогтары) 1292149 рет қолданылып,
мәтіннің 12 пайызын құрағанын байқаған.
Лексиканы
тілүйретімдік
мақсатта
зерттеудің
негізгі
аспектісі
–
лексикастатистикалық зерттеулер. Лингвостатистика – қолданбалы лингвистикалық
зерттемелердің дәстүрлі саласы. Қазіргі кезде жалпы лингвостатистикадан өзінің
мақсаты, адресаты, зерттеу әдістемесі жағынан ерекшеленетін жаңа сала –
тілүйретімдік мақсаттағы оқу лингвостатистикасы. Әрине, бұл аталған екеуі екі
бөлек дегендік емес. Мысал келтіретін болсақ, дәстүрлі лингвостатистикада зерттеу
нысаны болатын бастапқы тілдік материал – арнайы мақсатта жүргізілген жазбалар
мен ауызекі сөйлеу тілінде тіркелген тілдік фактілер. Оқу лингвостатистикасы да
осы бастапқы тілдік материалды жиі қолданады. Алайда, бұдан басқаша жағдай да
кездеседі. Ол – оқу лингвостатистикасының бірнеше лингвостатистикалық
материалды салыстырмалы, салғастырмалы түрде пайдалана отырып, солардың
негізінде қорытылған екінші кезектегі тілдік материалды зерделеу. Түрлі зерттеу
материалдарының деректерін ерекше әдістеме негізінде біріктіріп жіберіп, жаңа
деректер алу. Бұл сұрыптау ісінің күшеюін, дереккөздердің түрлі болуына
байланысты болатын ерекшеліктерді, ала-құлалықтарды жоюды қамтамасыз етеді.
Сөздерді жүйелі түрде зерттеудің үшінші аспектісі – лексикографиялық типті
лексикалық оқу құралдары. Мәселенің теоретикалық тұжырымдалуы кешеуілдеп
жатқанымен, практика жүзінде мұндай оқу құралдары күннен-күнге көбейіп келеді.
Олар – шетелдіктерге арналып жасалатын анықтамалық сөздіктер, лексика бойынша
жаттығулар жинағы, фразеологизмдер сөздігі, т.б.
Лексиканың лексикографиялық тәсілдермен реттелген сипаттамасын жасаудың
төртінші аспектісі – оқулықтардағы сөздікшелер. Оқулықтардағы сөздікшелер екі
түрлі болады. Біріншісі - әрбір сабақ соңындағы тізбелер болса, екіншісі – оқулық
соңында берілетін немесе жеке басылым түрінде ұсынылатын сөздікше. Бұл
мәселенің де теориялық тұрғыдан әлі де зерттелмей отырғандығы баршаға аян.
Р.Түсіпқалиеваның зерттеуінде ұсынылатын ортақ лексикалық минимум тізбесінде
қазақ тілінің оқулықтары мен оқу құралдарында жиі қолданылатын осындай
лексикалық тізбелердің деректері де қамтылған.
Оқу лексикографиясының келесі қолданым аспектісі – оқу сөздіктері. Аталған
аспектілердің ішіндегі ең жақсы зерттелгені де осы оқу сөздіктері. Оқу сөздіктерінің
ғылыми проблематикасына, құрылымы мен типологиясына қатысты мәселелер XX
ғасырдың 60-жылдарынан бері сөз болып келеді. Аталған кезеңдегі зерттеулердің
басым көпшілігі талдау, анализ жасау аспектісінде жүргізілген. Яғни, басты назар
«оқу сөздігінің жалпы сөздіктен айырмашылығы неде» деген мәселеге аударылған.
Ал синтез жасау аспектісіне, яғни белгілі бір сөздік жүйесін немесе сериясын түзуге
қандай өлшемдердің,
қандай іс-әрекеттердің нәтижесінде қол жеткізуге болады
деген мәселелер зерттелмей келген.
Шағын оқу сөздігінің минимум құрамы туралы жазылған еңбегінде
М.Малбақов: «Сонау Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнің өзінде тілді үйрету
мақсатында түзілген алуан түрлі тілашарларды, сөйлесу сөздікшелерін,
44
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Байниязова Ж.Т. Лексикалық минимум сөздігінің типтік құрылымы мен негізгі салалары
жолашарларды,
оқу құралдарын,
сөздіктерді келтіруге болады.
Олардың
арасындаәліпбилік ретпен түзілгендерін де, тақырыптық топшалар бойынша
жасалғандарын да кездестіруге болады. Аталған құралдардың бірқатары сол
кездегі азын-аулақ үлгілер бойынша, ал көпшілігі жекелеген ғалымдардың,
ұстаздардың, миссионерлердің, т.б. жеке тілдік тәжірибелері негізінде жасалған
еді. Алайда, олардың бәрінде де лексикалық құрамды оқыту, үйрету мақсатында
ықшамдау мәселесі өз деңгейінде шешіліп отырды. Осылайша, лексикалық
материалды сұрыптаудың объективті тәсілдеріне көшу –лексикалық минимумды
жасаудың көпжылдық тәжірибесі, тілді үйретудің әлемдік әдістемесінің дамуы
арқылы дайындалған еді» деген тұжырым жасайды [7].
Қорыта келгенде, оқу сөздігінің лексикалық құрамын құраудың қиындығы
коммуникативті бағдарлы оқытудың барлық құрамдас бөліктерін ескерудің
қажеттігіне байланысты. Қазіргі қазақ тілін үйренушілерге арналған оқу
құралында ескерілуі тиісті мәселе – оқыту мақсаттары мен міндеттері,
оқушылардың болашақта қазақ тілінде жұмыс істеуінің көрінісі (қызмет
салалары, жағдаяттар, тақырып, тілдік қатынас жасау формалары, оқушылардың
әлеуметтік рөлі). Оқу құралында көземелденіп отырған сөйлесу қызметінің әр
түріндегі дағдылары мен мүмкіндіктерін дамыта, тәрбиелей отырып, оқытудың
жалпы міндеттері, оқыту кезеңдері мен формаларының сабақтастығы, тіл
үйретудің жалпы стратегиясы – міне, бұлар оқулықтың сөзтізбесінің сандық
және сапалық құрамын айқындайтын факторлардың толық емес тізбесі. Мұның
өзінде оқытудың кезеңі, оқушылардағы коммуникативті компетенцияның
қалыптасу дәрежесі, оқытудың жалпы стратегиясы – осылар лексикалық
материал мен жалпытілдік материалды сұрыптаудың жүйелі сипаттамасын
белгілейді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Морковкин В.В., Дорогонова И.А. О новом типе лексического минимума современного русского
языка // Русский язык за рубежом, 1976. – №2. – С. 59-62.
2.
Түсіпқалиева Р. Қазақ лексикографиясы: екітілді шағын сөздіктердің құрылымы: филол. ғыл. канд. ...
дисс.:10.02.02. - Алматы, 2007. – 126 б.
3.
Байниязова Ж. Базалық лексика сөздігінің құрылымдық мәселелері. Шымкент: Нұрлы бейне, 2009. –
170 б.
4.
Алтынсарин И. Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. – Оренбург, 1879. –
140 c.
5.
Скопина М.А. Проблема минимизации словарного состава в русской лингводидактике // Проблемы
учебной лексикографии и обучения лексике. Сб.статей. Под ред. Денисова и Морковкина. – М., 1978.
– С.148-155.
6.
Жаксылыкова К. Научные основы отбора, комплексной организации языкого материала по
казахскому языку. – Алматы, 2007. – 230 c.
7.
Малбақов М. Шағын тілүйренім сөздігінің минимум құрамы туралы // Тілтаным. 2008. -№1. – 12-15
бб.
Достарыңызбен бөлісу: |