«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны



бет3/152
Дата20.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#141695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Б) функционалдық: қабілетті болу
-педагогиканың әдіснамасы тұрғысынан зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздей алуға;
- -өзінің зерттеу әрекеті нәтижелерін рәсімдеуге және жариялауға;
-зерттеу бағыттары туралы пікір сайыстарға қатысуға;
-мектептің зерттеу бағдарламаларына, авторлық білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізе білуге;
-білім беру ұйымдары зерттеулеріне сараптамалық баға беруге;
-кәсіби қалыптасудың қазіргі заманғы технологияларын, кәсіби қалыптасу теорияларын басшылыққа алуға;
- жеке немесе топтық оқу-зерттеу қызметі саласындағы (нақты) зерттеулерге тән әдістерді (зерттеулер, есептеу, талдау және т.б.) пайдалануға.
В) жүйелі: қабілетті болу
- мектепте оқушылардың зерттеу әрекетін ұйымдастыра алуға, білім беру саласындағы зерттеу көрсеткіштерін білуге; өз бетінше ізденіс пен тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын игеруге;
-- педагогикалық зерттеу нәтижелеріне талдау жасауға, оларды ғылыми эссе, презентация, пікір, ғылыми шолу және т.б. түрінде жинақтауға;
-зерттеу әрекетінің мәні, мазмұны және құрылымы жайлы білімдер жүйесін меңгеруге;
- педагогикалық зерттеудің қазіргі заманғы технологияларын қолдануға;
- білім алушылар даярлаған ғылыми жұмыстарды бағалаудың өлшемдері мен көрсеткіштерін нақтылауға.
Г) әлеуметтік: қабілетті болу
-мектепте өз ғылыми жобасын жасай алуы, педагогикалық зерттеу жүргізудегі нормалар мен ережелерді орындау үшін студентке қажетті есептеу дағдыларының жоғары деңгейде болуы; өзіндік тұлғалық ұстанымын белгілеуге және оқу-таным барысында туындайтын мәселелерді өз бетінше шешуге қажетті өзіндік білімдену біліктерін игеру;
- топта сындарлы оқуға, әлеуметтік өзара әрекеттестікке және ынтымақтастыққа;
-мәселені қарастыруды ұсыну, оның маңыздылығын дәлелдеу;
- сынды қабылдау және сынау;
- топта жұмыс істеу;

Пәннің мақсаты: студенттерді мектептегі ғылыми-зерттеушілік және оқу-зерттеушілік жұмысты басқаруға дайындау, оларды дипломдық жұмыс саласында зерттеу жобасын құруға бағыттау. «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері» ғылыми-педагогикалық пәндерді меңгерудің жалғасы болып табылады және ол педагогикалық қызметте студенттердің кәсіби сауаттылығын, біліктілігін, кәсібіи мәденеитін дамытуға, магистратураға түсуге даярлануына бағытталған.


Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі қабілеттерді меңгереді:
-ғылыми-педагогикалық зерттеу әрекетінің негізгі идеясын, құрылымын анықтай алу;
- зерттеу әрекетінің мазмұнын білім беру саласы мақсатына сай негіздей алу;
- зерттеу әрекетінің құрылымы мен мазмұнын талдай алу;
-мектепте оқушылардың зерттеу әрекетін ұйымдастыра алуы, білім беру саласындағы зерттеу көрсеткіштерін білу;
- зерттеу нәтижелеріне талдау жасау, оларды ғылыми эссе, презентация, пікір, ғылыми шолу және т.б. түрінде жинақтау;
- өзіндік тұлғалық ұстанымын белгілеуге және оқу-таным барысында туындайтын мәселелерді өз бетінше шешуге қажетті өзіндік білімдену біліктерін игеру;
-педагогикалық зерттеу саласындағы ғылыми еңбектерді талдау және зерделеу;
-зерттеу әрекетін жоспарлау және олардың сапасын бағалауға қажет өлшемдік материалдар дайындау саласындағы мәселелер бойынша әдебиетпен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын игеру;
- жеке оқу траекториясын жүзеге асыруда тыңдалған курстың рөлін сезіну.
Бұл пәнді оқыту барысында дипломдық жұмыстың тұжырымдамасын, логикасын, әдіснамасы мен әдістері туралы ғылыми білімдерді үйрететін курс болып табылғандықтан іргелі зерттеулерге, зерттеу үлгілеріне мен зерттеу стратегияларына көбірек көңіл бөлінеді. Үй жұмысы өз дипломдық жұмысының ғылыми, түсініктік және өлшемдік аппаратын жасауға арналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет