«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны


Әдіснамалық қамтамасыз етудің мақсаты



бет17/152
Дата20.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#141695
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   152
Байланысты:
gpza daris 2023

Әдіснамалық қамтамасыз етудің мақсаты – нақты ғылым саласында зерттеу әрекетін негіздеу үшін бар білімді пайдалануды қамтамасыз ету.
В.В.Краевский ғылыми-зерттеу әрекетінің осы екі түріне қарап, әдіснаманың екі қызметін бөліп көрсетеді – дескриптивті, яғни нысанды теориялық зерделеуді сипаттаушы қызметі және зерттеуші жұмысы үшін бағыт беретін нормативті қызмет. Осы екі қызметтің болуы педагогика әдіснамасының негіздемелерін екі топқа бөлуді анықтайды – теориялық және нормативтік негіздер.
Педагогикалық әдіснаманың теориялық негіздеріне жататындар: әдіснаманы анықтау; ғылым әдіснамасының, оның деңгейлерінің қызмет жүйесі мен білім жүйесі ретіндегі сипаты (жалпы философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, зерттеу техникасы мен әдістерінің деңгейі); педагогика саласындағы зерттеу қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету көздері; педагогика саласындағы әдіснамалық талдаудың нысаны мен пәні.
Педагогика әдіснамасының нормативтік негіздеріне мыналар жатады: педагогикадағы ғылыми таным; педагогика саласындағы ғылымға жататын жұмыстардың анықтамалары; мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы нысанын анықтау; педагогикалық зерттеулердің типологиясы; танымның арнайы құралдарын пайдалану; педагогика саласындағы ғалым өзінің ғылыми жұмысын бағалай алатын зерттеудің сипаттары. Бұл негіздер арқылы әдіснамалық зерттеудің объективті сапалары бейнеленген. Олардың нәтижелері педагог-зерттеушге педагогика әдіснамасы мен әдіснамалық рефлексиясының мазмұнын толықтыратын элементтер ретінде қызмет етуі мүмкін. Нормативтік бөлімінде олар білім берудегі нақты зерттеудің сапасы мен тиімділігін бағалауда қолданылады. Жалпы алғанда меңгерілген білімдер педагогтің әдіснамалық мәдениетін қалыптастырудың негізін құрайды, оның құрамы мыналарды қамтиды: әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау қабілеті), ғылыми негіздеуге қабілеті, сыни талқылауға және нақты тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен пайдалануға қабілеттілік.
Жетекші компонент әдіснамалық рефлексия болып табылады, ол зерттеушіге өзінің ғылыми жұмысын талдап, жетілдіруге, ал ЖОО оқытушысына болашақ зерттеушілерді даярлауды заманауи ғылым деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық зерттеулердің сапасын арттыру үшін екі бағытта әрекет қажет: әдіснамалық білім бар ғылым саласын жетілдіру және осындай білімдерді педагог-зерттеушілерді даярлаудың мазмұнына енгізу қажет. Зерттеушінің әдіснамалық рефлексиясының мазмұны зерттеу сапасын бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық зерттеудің келесідей сипаттарында көрінеді: мәселе, тақырып, өзектілік, зерттеу объектісі, оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжам, жаңалық, ғылым үшін маңыздылығы, тәжірибе үшін маңыздылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет