-педагогикалық таным (үдеріс) туралы ілім;
- педагогикалық білім ретінде (нәтиже);
-аталған білімді педагогикалық шынайылықты өзгерту үшін қолдану әдісі;
-теориялық жүйе, педагогиканың ғылыми жүйе ретінде дамуының жаңа әдістерін және эмпирикалық жүйе ретіндегі педагогикалық практиканың нысандарын жобалаудың жаңа әдістерін іздестірумен байланысты әрекет жайлы ғылыми білім;
- осы әрекетті ұйымдастыру ұстанымдары, мазмұны, құралдары мен нәтижелері туралы білім;
- қолданылатын танымдық құралдар, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы;
-танымдық және қайта құрушы қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен қағидаларын зерттеуші құралдар, білім саласы;
-педагогика ғылымындағы зерттеу әрекетінің бағыттарын, мақсатын және құрылымын, сондай-ақ жаңа білім алудың ұстанымдары мен әдістерін анықтайтын жалпы гносеологиянлық нұсқаулар жүйесі;
-педагогикалық зерттеу үдерісі және оны қамтамасыз ететін әдістері зерттеу пәні болып табылатын арнайы пән;
- ғылыми әдістер туралы теориялық ілім;
-жаңа педагогикалық білімге қол жеткізетін тәсілдер туралы білімдер жүйесі;
-педагогика әдіснамасы - қайсыбір теория немесе зерттеу бағдарламасын қабылдайтын немесе жоққа шығаратын ережелер.
-педагогика ғылымындағы зерттеушілік іскерліктің бағыттарын анықтайтын, оның мақсаттары мен құрылымын, сонымен қатар, жаңа білім алудың қағидалары мен әдістерін қамтитын жалпы гносеологиялық ұстанымдар жүйесі;
-пәні ретінде педагогикалық зерттеу мен оны қамтамасыз ету әдістері кіретін педагогика әдіснамасының шеңберіндегі арнайы пән;
-педагогикалық зерттеулердің негізін құрайтын ұстанымдар, жалпы қағидалар, бағыттар мен әдістер туралы ғылым білім;
-жаңа педагогикалық білімге қол жеткізуші әдістер мен білімдер жүйесі ретінде қарастырылады.
Тізбеде көрсетілгендей, әлі де әдіснама жөнінде бірыңғай көзқарас пен түсінік қалыптаспаған. Педагогикалық болмысты ғылыми тану мен қайта құру әдіснамасы біріншіден, педагогика ғылымын және педагогикалық практиканы дамыту әдіснамасы ретінде жеке қарастырылады, екіншіден, ғылыми тану мен қайта құру әдіснамасы тұтас бірлікте болады.
Педагогика әдіснамасын тең құқықты түрде құрылып жатқан педагогика ғылымы жүйесіне ендіру, педагогика ғылымы жүйесінің ғылыми пән ретінде қалыптасу ұстанымдарын В.И. Журавлев, В.И. Гинецинский мен Б.С. Гершунский секілді ғалымдар жүзеге асырды. Қазіргі уақытта жалпы педагогика ғылымы жүйесінде А.П. Тряпицына, Н.А. Вершинина педагогиканың пәнаралық құрылымын зерделеуде.
Педагогиканың әдіснамасы түрлі мағыналарда, мәндерінде және түрлі қырларында түсінілуі мүмкін. Дегенмен, әдебиетке талдау сол авторлардың бұл мәселеге көзқарастарының жақындай түскенін байқатады. Педагогика әдіснамасы педагогтардың ғылыми-танымның тиімділігі мен нәтижелігіне жетуді қамтамасыз етудегі әрекетінің құрылымы, логикалық ұйымдастыруы, әдістері мен тәсілдері, олардың мақсаттары мен қызметтері туралы ілім деп айтып жүр.
Осылайша, педагогика әдіснамасы кең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін және тар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі ретінде қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |