«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет29/150
Дата02.05.2023
өлшемі0,64 Mb.
#89184
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   150
Байланысты:
« ылыми-педагогикалы зерттеулерді діснамасы» П ні бойынша д р (1)

Әдіснамалық бағдарлардың қатарына педагогикадағы теориялық және практикалық әрекеттердің бағдарламасын ұсынатын әдіснамалық тұғырлар мен әдіснамалық қағидалар енеді. Әдіснамалық бағдарлар педагогикалық зерттеу мәселесін алға қоюда ғылыми негіздеме үшін және әдістер мен оны шешу жолдарын таңдау үшін, сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін сараптау шегін анықтау және олардың объективті, ғылыми дәлелденген бағалауының өлшемдерін іздеу үшін керек. Олар тұжырымдамаларды әзірлеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасын құру үдерістеріндегі зерттеушінің ғылыми іс-әрекетін өзі реттеуі үшін негіздеме бола алады; зерттеушінің ғылыми ойлау бейнесі мен құрылымына, зерттеудің ұғымдық-категориялық аппаратын таңдауға және ғылыми мәтіннің тіліне әсер етеді; типологияны құруға негіз бола алады, сонымен қатар, педагогикалық шынайылықты ғылыми танудың нақты үлгілері мен түрлерін көрсетеді.
Ғылымда әдіснамалық тұғыр табиғи немесе әлеуметтік шындықтың қандай да бір нысанын тану немесе қайта құру үдерістерінде қолданылатын ұғымдардың, идеялардың, үлгілер мен тәсілдердің кешенін түсіну деп айтылады. «Тұғыр» ұғымын, оның әдіснамалық мағынасында зерттеуші әрекетінің ғылыми негізделген тәсілі ретінде анықтауға болады. Философия макрообъектілерді зерттеуде үш әдіснамалық тұғырды пайдаланады: құрылымдық-қызметтік тұғыр әлеуметтанудан алынған, құрылымдық тұғыр – лингвистикадан, жүйелік тұғыр - жаратылыстанудан алынған. Осы тұғырларды педагогикалық түсіндіру пәнаралық әдіснаманы жасау факторы болып табылады.
Әрбір әдіснамалық тұғырдың негізінде педагогикалық нысанды тану немесе қайта құрудың іргелі идеялары жатыр, сондықтан, зерттеу тәртібіне сай әр педагог өзі таңдаған ғылыми тұғырдың ережесін ұстануы керек. Таңдалған басты ғылыми бағдарға сәйкес, ол өз табиғатына қарай әр түрлі – қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін, зерттеуші педагогикалық шындықты тиісті тұғырдың ұғымдарына және теориялық біліміне сай тұжырымдайды. Әдіснамалық талаптардың құрамында педагогикада теориялық және практикалық әрекеттің бағдарламасын ұсынатын және қағидалар түрінде көрсететін әдіснамалық талаптар маңызды орын алады. «Әдіснамалық ұстаным» мен «әдіснамалық талап» ұғымдары қосарлануда. Өз мазмұны бойынша әдіснамалық талаптар әдіснамалық ұстанымдарды қолдану қырларын көрсетіп отырады.
Бүгінгі күні педагогикалық зерттеулерді жүргізу кезінде қолданылатын әдіснамалық бағдарларды әр түрлі негіздер бойынша көрсетуге болады. Мысалы, педагогикалық болмысты бейнелеуден басталатын және енгізілетін өзгерістерін бағалаумен аяқталатын зерттеу кезеңдеріне сәйкес жүйелеу нұсқасы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда әдіснамалық бағдарлар төмендегідей болып топтасады:

  • педагогикалық шынайылықты бейнелеу (эмпирикалық);

  • педагогикалық шынайылық нысандарының табиғатын зерттеу, тану (гносеологиялық), ғылыми идея немесе теория тұрғысынан қаралған педагогикалық нысанның қайта құрылу үлгісі мен бағдарламасын әзірлеу (құрылымды);

  • педагогикалық шынайылықты қайта құруға бағытталған педагогикалық үдеріске қатысушылардың іс-әрекетінің нормативті үлгісі мен жобасын құрастыру (праксиологиялық);

  • білім беру қызметкерлерінің бастамасы бойынша пайда болатын педагогикалық шынайылықтың немесе педагогикалық инновацияның ғылыми негізделген және нысаналы қайта құрылуы нәтижелерін бағалау (аксиологиялық).

Зерттеушілер қоғамдық қатынастар мен құбылыстарды зерттеудің негізгі тұғырнамасы барлық қоғамдық ғылымдар үшін, оның ішінде, педагогика ғылымы үшін де ортақ деген тезисті басшылыққа алады. Сондықтан, олар тұғырнамалық қағидалардың жиынтығын негіздеді. Қоғамдық құбылыстарды нақты тарихи тұрғыдан жан-жақты байланыста, тәуелділікте, бір ғылым заңдылығы мен екінші ғылым заңдылықтары арасындағы қағидасымен, өмір мен тәрбие ұстанымдарының бірлігімен қарастырылуы тиіс деп тұжырымдайды. Осыған байланысты, қазіргі зерттеушілердің басшылыққа алатын тұғырнамалық ұстанымдарын атауға болады:

  • педагогикалық құбылыстар мен үдерістер арасындағы жалпы байланыстар мен қатынастар ұстанымы (себеп-салдар тәуелділігі);

  • қарама-қайшылықты шешу арқылы оның санының параметрлерін сапаға ауыстыру жүйесі ретінде педагогикалық нысанды дамыту ұстанымы;

  • белгілі педагогикалық нысандарды өзгерту арқылы педагогикалық ақиқатты дамыту ұстанымы;

  • педагогикалық ақиқатты анықтауда объективтілік пен субъективтілік талдаудың үйлесілімділігі, орын алатын өзгерістерді анықтау мен болжау ұстанымы.

Зерттеу барысында гуманитарлық ғылым ретінде педагогиканың тұғырнамалық ұстанымына сүйену қажет. Бұл ұстанымдар, біріншіден, оның нақты мәселелері мен оларды шешудің негізгі стратегияларын анықтауды; екіншіден, білім беру жүйесіндегі барлық мәселелердің бағасы мен оның сатылы бағыныштылығын анықтауды талдауды; үшіншіден, аталған тұғырнамалық ұстаным болжаудың толық нұсқасын іске асыруға қол жеткізеді.
Тұғырнамалық ұстаным құрылымында белгілі бір тұғырнамалық әдіс қарастырылады, солай болғанмен де, тұғырнамалық ұстанымға қарағанда, «тұғырнамалық әдістің» түсінігі кең. Ғылыми–педагогикалық зерттеулерді жүргізгенде объективтілік ұстаным тұрғысынан, педагогикалық құбылыстардың себептілігі, педагогикалық құбылыстар мен үдеріс тұтастай қарастырылады. Құбылысты және оның дамуын зерттеу, оның басқа құбылыстармен өзара әсерін, үдеріс дамуының өзіндік қозғалысы мен өзіндік дамуы тұрғысынан пайымдау аса маңызды.
Ғалымдардың ізденістеріне сүйенсек, осы бағытта әдіснамалық тұғырлардың құрылымдық моделі мына төмендегідей мазмұнды сипат алады: түріне қарай – символикалық; айтылу формасына қарай – логикалық, зерттеу пәні бойынша – педагогикалық; табиғатына қарай – әлеуметтік; зерттеу міндеттеріне қарай – толық, қолдану тәсіліне қарай – графикалық, көрінісіне қарай – жүйелік. Әдіснамалық тұғырдың құрылымдық моделін құру кезінде екі мегаәдіснамалық тұғыр қарастырылды. Табиғи-жаратылыстанушылық және гуманитарлық. Бұл тұжырым қоғам, білім даму парадигмасының гуманитарлық және ғылыми жаратылыстанушылық мазмұнды сипатына сүйенді.
Бұл саладағы жинақталған теориялық қағидаларды ескере отырып, тұғырларды төрт макроәдіснамалық тұғырға және алпыс микроәдіснамалық тұғырға бөлдік.
Педагогика, оның әдіснамалық негіздемелері мен парадигмалары көптен бері дағдарысты басынан өткізіп келе жатыр. Парадигма – қандай да бір теорияның негізінде жатқан және ерекше категориялық аппаратқа ие, сонымен қатар, ғалымдармен мойындалған негізгі ережелер мен қағидалардың жиынтығы. Қазір әлеуметтік білімнің жаңа әдіснамасы аясында субъект-объект парадигмасының субъект-субъект парадигмасына алмастыру жүріп жатыр.
Зерттеушінің таңдап алған тұғырнамалық бағдарын бағалауда ғалымдардың белгілі бір немесе басқа әдістер мен қағидаларға назар сала отырып, аталған тарихи дәуірдегі педагогика ғылымының дамуы мен оның тұғырнамасы және әдіснамалық мәдениетіне әсер етеді дегенді баса назарда ұстауымыз керек.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымда жаңа пайда болып келе жатқан парадигмаларға кіріктірілген үдерісті бөліп қарастыруға болады: ғылыми-жаратылыстану тұғырнамасы мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың жақындасуы, сонымен қатар, олардың тұғырнамалық өзара әсерінің қарама-қайшылығы. Тұжырымды-тұғырнамалық әдістер өзара қатынасы мен бір-біріне жақын әсерімен сипатталады. Сонымен қатар, гуманитарлық ғылымдардың өзінде ішкі ғылыми рефлексия бірден кеңеюде, әлеуметтану идеялары мен синергетика әдістері қарқынды енгізілуде. Педагогикалық ақиқаттағы нысандарды қайта құру зерттеулердегі ғылымға негізделген дәстүрлі және жаңа әдістердің барынша үйлесімділігі, генетикалық байланыстар әдісі, статистикалық және математикалық, педагогикалық іс-тәжірибе пен диагностика тереңдеген сайын, соғұрлым түсіндірмелік және интерпретациялық әдіс қолданылады.
Зерттеу әдісінде бастапқы қағида, бастапқы ұстаным шартты түрде қолда бар жабдықты төрт макро-әдіс және осыған сәйкес отыз микротұғырнамалық әдіске топтастырады. Көрсетілген тұғырнамалық әдіс барлық ғылымдар үшін ортақ болып келеді.
Бұл саладағы жинақталған теориялық қағидаларды ескере отырып, тұғырларды төрт макротұғырларға және алпыс микроәдіснамалық тұғырларға бөлдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет