Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ДІНИ МӘДЕНИЕТ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет104/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

ДІНИ МӘДЕНИЕТ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ 

 

АЗБЕК А. - магистрант  

АЛПЕЙСОВА Н.А.- псих.ғыл.канд. 

Шымкент университеті 

 

Қазіргі  қоғамдағы  жастардың  діни  мәдениетінің  дамуы  мен  қалыптасу  деңгейі 

талданады 

 «Религия»  термині  ежелгі  латын  тіліндегі  –  religio  –  ғұрып,  рәсім  мағынасын 

білдіреді,  бірақ  тіл  мамандары  оның  этимологиялық  мағынасын  әртүрлі  ұғымдармен 

салыстырады.  Рим  ойшылы  Цицерон  латын  тіліндегі  relegere  -  қайта  оралу,  ой  елегінен 

өткізу,  құдайдан  қорқу,  құдайды  құрметтеу,  -  деп  түсіндіреді.  Христиан  діндары 

Лактанций  -  religio  -  латын  етістігі  relegare  –  байлау,  матау  –  Құдаймен  бірігу,  Құдайға 

құлшылық ету және мойынсұну, - деп түсіндіреді. 

Исламда араб тіліндегі din – билік, бағыну, мойынсұну, дәстүр мағынасын білдіреді. 

Din - сөзі біртіндеп иман – сенім, ислам - мойынсұну, діни шарттарды орындау, исхан – ар-

ұят, шынайылық деген мағыналарға ие болған. Санскриттегі - religio ұғымының баламасы 

– арийлік dharma сөзі – бекіту, қолдау, қорғау, мораль, қайрымдылық, әділдік, заң, әлемдік 

тәртіпті реттеуші, шындық, ережелер жиынтығы мағынасын білдіреді. 

Еуропалық «религия» ұғымының қытайлық баламасы – chiao – ілім деген мағынаны 

білдіреді.  Орыс  тілінде  С.  И.  Ожегов  және  Н.  Ю.  Шведованың  сөздігінде  дін  –  рухани 

сенім жиынтығы; әлемдік діндер – буддизм, христиан діні және ислам деген түсінік береді 

[1]. 


Ал  қазақ  философиясы  сөздігінде  религия  (байланыс)  –  көзқарас,  басқару  әдісі, 

адамдардың  мінез-құлқын  реттеп  отыру  деген  мағына  білдірсе,  сенім  -  өмірлік  көзқарас, 

құдайға,  дәлелдеуге,  ой-санаға,  сынға  алуға  болмайтын  догмаларға,  психологиялық 

жағынан құдайға деген сенімді білдіреді. 

Дін  (араб.-  сенім,  наным,  латынша-  сенім,  құдайшыл,  табыну)  –  дүниетаным  не 

дүниені  қабылдау,  сондай-ақ  Жаратушының  барлығына  сену  негізіне  сәйкес  өзін  -  өзі 

ұстау [2]. 

Діннің шығу тегінің анимистік теориясын жасаған Э.Б.Тайлор, рәміздік теориясын 

Л.Уайт,  дінді  әлеуметтік  тұрғыдан  Радклифф-Браун,  өнермен  байланыстырған  С.Рейнак 

болатын. Мәдениеттің бастауы – дін. Дін қазіргі қоғамда ең ықпалды күштердің бірі болып 

табылады. 

Дінді  саясатқа  араластыру,  өздерінің  отарлау  саясатында  құрал  ретінде  пайдалану 

қазіргі экономикасы дамыған алпауыт елдердің басты көзірі деп санауымызға болады. 

Өйткені,  әлемдік  аренадағы  саясатқа,  экономикаға  үстемдік  ететін  елдердің 

саясатындағы діни фактордың ерекше орын алып отырғандығы дәлел болады. 



195 

 

Дін  -  тек  саяси  күштердің  қолындағы  құрал  ретінде  емес,  одан  маңыздырақ 



функцияны атқарады: ұлтты айқындайтын, ұлттық бітім-болмысты, ұлттық дүниетанымды 

айқындаушы. 

Діни сенім - ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, сол ұлтқа ғана тән менталитетті 

(ерекше ойлау жүйесін) қалыптастырады [3]. 

Адам  өзінің  түпкі  мәнін  мәдениет  арқылы  көрсете  алады,  өзін  және  қоршаған 

әлемді  тек  мәдениеті  арқылы  өзгерте  алады,  мәдениеттен  тыс  жерде  өзінің  рухани 

болмысының  мүмкіндіктерін  көрсете  алмайды.  Қазіргі  қоғамда  мәдениеттің  маңызды 

бөлігі  –  дін  адамдар  өмірінің  құрамдас  бөлігіне  айнала  бастады,  жастардың  дінге  деген 

көзқарасы  артып,  рухани  жетілуінде  діннің  орнын  айрықша  қоя  бастады.  Бұл  қазіргі 

жастар  мәдениетіндегі  рухани-адамгершілік  тұрғыдан  қалыптасуындағы  басты 

тенденциялардың көрінісі болып табылады.  

Ұлттық  мәдениеттің  қайта  жаңғыруы  діни  құндылықтардың  қайнар  бастауларына 

қайта  оралуды  алып  келді.  Ата-бабамыз  ұстанған  салт-дәстүрге  сіңісіп,  ұлттық 

құндылықтарымызға айналған ислам дініне деген қызығушылық жастар арасында жоғары, 

алайда дәстүрлі діннің түпкі мәнін, оның салт-дәстүрмен тығыз байланыстылығын түсініп, 

қабылдауда қателіктер мен адасушылық белең алып отырғандығы шындық. 

Мәдениет  рухани  және  адамгершілік  құндылықтарынсыз  мәнін  жоғалтады. 

Руханилық  -  адамның  бүкіл  өмірінің  нәріне  айналады,  оның  іс-әрекеттері  мен  өзін 

қоршаған ортаға деген қатынасын, көзқарасын қалыптастырады. 

Сондықтан да жастардың діни мәдениетінің қалыптасуы  мен дамуы қоғам, жанұя, 

мемлекет тарапынан жауапкершілікті талап етеді. 

Қазіргі  кездегі  жастардың  рухани-адамгершілік  мәдениеті  тек  философтардың, 

мәдениеттанушылардың,  педагогтар  мен  психологтардың  ғана  емес,  мемлекеттің 

саясатының  да  басты  мәселесіне  айналып  отырғандығы  шындық.  Осыған  дәлел  ретінде, 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Әлеуметтік  –экономикалық 

жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  деп  аталынатын  биылғы  жылдың  27 

қаңтарындағы  Қазақстан  халқына  жолдауында  оқыту  үдерісіндегі  тәрбие  компонентін 

күшейтуді,  патриотизм,  моральдық  нормалар  мен  адамгершілік,  ұлтаралық  келісім  және 

толеранттылық, физикалық және рухани даму, заңды құрметтеуге жастарды тәрбиелеудің 

маңыздылығын атап өткен болатын [4].  

Сонымен  қатар,  жастардың  діни  мәдениетін, өзге  діни  сенімдегілерге  төзімділігін, 

өзге  этнос  өкілдерінің  мәдениетіне  сабырлылық  пен  құрметін  және  діни  сауаттылықты 

тәрбиелеу  мақсатында  барлық  орта,  арнаулы  және  жоғары  оқу  орындарында  «Дінтану» 

пәнінің оқытыла бастағанына көп болған жоқ. 

Алайда,  аталған  пәнді  оқытуда  келесі  кемшіліктерді  атап  өтуіміз  қажет:  оқу-

әдістемелік  әдебиеттермен  қамтамасыз  етілуі  деңгейінің  төмендігі,  арнайы  дайындықтан 

өткен  маман-оқытушылардың  аздығы,  еліміздегі  тек  санаулы  ғана  жоғары  оқу 

орындарның,  соның  ішінде  Әл-Фараби  атындағы  ҚазМУ-дегі  дінтану  мамандарын 

даярлайды. 

Бұл  жағдай  қазіргі  кезеңдегі  қоғамдағы  діни  мәдениеттің  жастар  тарапынан 

қызығушылықтарын  оятып,  рухани  қажеттіліктерінің  артуын  өтеуде  жеткіліксіз  болып 

саналады. 

Ал, діннің мағынасы мен пайда болуы, қалыптасуы және оның адамзаттың рухани-

адамгершілік  қалыптасуындағы  ролі  қандай  екендігіне  тоқталатын  болсақ,  рухани 

мәдениеттің  қайнар  бастаулары  миф,  фольклор,  сенімдер  мен  тиымдар,  халықтардың 

діндері  болып  табылады.  Адамзат  баласының  рухани  мәдениетінің  қалыптасуындағы 




196 

 

маңызды орынды дін атқарады, оның көрсеткіші нақты құндылықтар мен нормалар жүйесі 



болып табылады. 

Діни мәдениеттің дамуын әлеуметтік тұрғыдан зерттеген М.Вебер және П.Сорокин 

өркениеттік қоғамның қалыптасуына ықпал еткен діни жүйелер екендігін тұжырымдайды. 

М.Вебер  еуропалық  өркениеттік  қоғамның  қалыптасуындағы  ықпал  еткен 

протестанттық  дін  және  протестанттық  этика  (ақыл-парасатқа  негізделген  еңбек, 

үнемшілдік, міндет, бәсекелестік, тиімділік) маңыздылығын жоғары қояды. Протестанттық 

этика еуропалық адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігнен бастап, бүкіл сана-сезімін билеп 

алғандығын, адамның өмір сүру салтына айналғандығын атап өтеді [5]. 

Сонымен  қатар,  діннің  ортақ  қасиеті  жалпыадамзаттық  құндылықтарды:  ұрлама, 

өлтірме,  өтірік  айтпа,  зұлымдық  жасама,  қайрымды  бол,  үлкенді  сыйла,  заңды  құрметте 

және т.б. құндылықтарды жоғары қояды. 

Дегенмен, діндердің өз ішінде мәдени ерекшеліктер мен айырмашылықтар  да бар: 

исламдағы  сунниттік,  шеиттік,  суфизм  және  т.б.;  христиандағы  православие,  католиктік, 

протестанттық  және  т.б.  діндердегі  бағыттардағы  сенім,  діни  жоралғылар  арасындағы 

аздаған өзгешеліктердің де бар екендігін айтуымызға болады. 

Қазақ жеріндегі ислам діні сунниттік бағыттағы Абу Ханифа жолымен таратылып, 

жергілікті  халық  оны  қабылдаған.  Ата-бабамыз  ислам  дінін  оған  дейінгі  Тәңірлік  діннің 

жалғасы,  салт-дәстүрмен  тығыз  байланысты  етіп  қабылдаған.  Алайда,  қазіргі  қоғамдағы 

діни сауаттылық төмендігінен және діни тәрбие жалғастығынан хабары аз кейбір адамдар, 

оның  ішінде  жастар  теріс  пиғылдағы  діни  сенімге  өтіп,  ата  салтымыздан  бас  тартуы, 

ұлттық  құндылықтардан  бас  тартуы  және  ата-анадан,  туысқандарынан  безінуі 

тенденциялары да көрініс беріп отырғандығы да шындық. 

Әлеуметтік  мәдени  динамика  концепциясының  негізін қалаған  П.Сорокин  адамзат 

тарихында  біртіндеп  бірнеше  рет  үш  негізгі  мәдениет  жүйелері  ауысып  отырғандығын 

дәлелдейді.  Идеационалды  өркениет  -  діни,  Құдай  еркімен  негізделген  мәдениет  деп 

қарастырған,  мысалы,  б.з.д.  VІІІ-  ІV  ғасырлар  аралығындағы  грек  өркениетіндегі 

құдайлардың елдегі барлық салаға бақылауын орнатуы, «құдайлар отбасының» қоғамдық, 

саяси,  мәдени  қатынастарды  реттеп  отыруы;  ортағасырлық  еуропалық  батыс 

өркениетіндегі  шіркеу  билігі  мен  христиандық  өмір  сүру  салты;  идеалистік  –  обьективті 

шындық  әрі  құдайға,  әрі  сезімге  тән,  мысалы  б.з.д.  V  –  ІVғ.ғ.  грек  өркениеті,  XIII  — 

XIVғ.ғ. Батыс еуропа өркениеті; сезімдік  – ағартушылық сипаттағы XVI ғасырдан бастау 

алып қазіргі күнге дейінгі еуропалық мәдениетті атап өтеді. 

ХХ ғасырдан бастап ғалымның пікірінше сезімдік мәдениет пен қоғам дағдарысқа 

ұшырай бастады, дегенмен оптимистік көзқараста саясат құралдары: билік, партия, топтар, 

жіктер,  әскер  және  т.б.  –  бұлар  уақытша  нәрселер,  ал  -  мәдениет  мәңгілік  қалады  деген 

болатын [5]. 

Кеңестік дәуірдегі  атеизмнің үстемдігінен адам ашық  түрде дінге сенуге қорықты, 

діни ағартушылық тұрғысынан ашық түрде сауат аша алмады, мешітке бару, намаз оқу тек 

қарттық кезеңде қолға алатын іс-әрекеттер деген түсініктер қалыптасты. Бұл кезеңде батыс 

адамы өзінің діни сенімін ашық айта алатын дәрежеде болған еді. 

Атеизмге  негізделген  кеңестік  жүйедегі  өмір  сүрген  посткеңестік  мемлекеттерде 

П.Сорокин  концепциясындағы  сияқты  қазіргі  кезеңде  идеационалдық,  діни  мәдениет 

типіне  қайта  оралу  тенденциясы  байқалады.  Адамзат  өзінің  рухани  тамырларына  қайта 

оралып,  ұлттық  мұраларын  қайта  жаңғырта  бастады.  Дегенмен,  қазақ  жеріндегі  дінге, 

рухани тәрбиеге терең мән беріп қарастыру өшкен жоқ, ғасырлар қойнауында бірде ашық 

түрде,  бірде  кеңестік  темір  перде  құрсауында  да  ғұлама  ақындар  мен  ғалымдардың 

еңбектерінде орын алып отырған. 



197 

 

Қазақ  ағартушыларының  шығармаларында  дін  туралы  көзқарастар  кеңінен 



қарастырылған. Абайдың қырық бесінші қара сөзіндегі діннің, Құдайға деген адамдардың 

сенімін ежелгі дәуірлерден бастау алатындығын айта келе, әлемдегі қаншама халық болса 

дағы олардың діни сеніміндерінің мазмұны махаббатпен, қайрымдылық пен әділеттіліктен 

бастау алатындығы туралы жазған [6]. 

Қазіргі  қазақ  қоғамындағы  діннің  даму  тарихын  ерте  дәуірден  бастау  алып, 

алғашында  тәңірлік,  шамандық,  әруаққа  табыну,  ІІ  ғасырда  манихейлік, христиандық,  ал 

VІІІ  ғасырдан  бастап  ислам  діні  тарала  бастағанына  тарихи  деректер  дәлел  болады. 

Еліміздің  егемендігін  алғалы  бергі  уақытта  дін  жөнінде  философтар,  саясаттанушылар, 

мәдениеттанушылар,  дінтанушылар,  филологтар,  психолог-педагог  ғалымдардың 

ізденістерінде,  докторлық,  кандидаттық  және  магистрлік  диссертацияларында,  ғылыми 

мақалаларында  руханилық,  адамгершілік  тұрғыдан  қарастырыла  бастады.  М.Бұлытай 

түркілердің Шығыс өркениетіне исламның ықпал етуіне тоқтала келе, оның қазақ жеріне 

таралуы  ерекшеліктеріне  талдау  жасаған  [6].  М.Естеміров  дін  мен  салт-дәстүр 

сабақтастығын магистрлік диссертациясында қарастырған . 

Қазіргі  Қазақстандағы  миссионерлердің  әрекеттерін  әшкерелей  отырып,  олардың 

біздің  елімізге  қандай  мақсатпен  келгеніне  және  қандай  секталар  жұмыстарын  жүргізіп 

жатқандығы мен оларға жастарға ықпал етуін, қазақ жеріндегі қазіргі күндегі әрекет етіп 

отырған  секталардың  жұмысына  терең  талдау  жасаған  Л.Умирзакованың,  ислам  дінінің 

құндылықтары жөніндегі И.Жеменейдің т.б. ғалымдардың және БАҚ-ғы имандылық, діни 

тәрбие мен мәдениет жайлы ақпараттарды талдай отырып, зерттеу жұмысымызға қажетті 

материал ретінде ғылыми- әдіснамалық тұрғыдан танысып шықтық [7]. 

Осы  аталған  ғылыми  мақалалар  мен  еңбектерді  талдау  жасай  отырып,  қазіргі 

қоғамдағы жастардың діни мәдениеті мен сенімі қайшылықты сипатта қалыптасқандығын 

мән беріп қарастырумызды қажет етеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет