ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ТАТЕНБАЕВА К., АЙТУАРОВА М.– магистранттар
МЕДЕТБЕКОВА З.С.- магистр оқытушы
Шымкент университеті
Мақалада экологиялық құзыреттіліктің келесі құрамдас бөліктері қарастырылған:
аксиологиялық, когнитивті , әрекеттік
«Экологиялық құзыреттілік – бұл дербестіктің жүйелі интегративті сапасы болып,
қалыптасқан құндылықтар мен мотивтер, білімдер, оқу және өмірлік тәжірибелер, жеке-
дара ерекшеліктер, әдеттер мен қажеттіліктер негізінде өмірлік жағдаяттар мен кәсіби іс-
әрекеттер барысында туындайтын әртүрлі деңгейдегі мәселелер мен міндеттерді шеше
білу қабілетін сипаттайды»[2].
Ол экологиялық құзыреттіліктің 3 құрамдас бөлігін (компоненттерін) ажыратып
көрсетеді:
Аксиологиялық (құнды-уәждемелік).
Когнитивті (мағыналық, білімдік).
Әрекеттік (тәжірибелік, технологиялық) [4].
Оқу үдерісінде құзыреттерді қалыптастыру идеясы алғаш рет 1996 жылы
«Еуропалық білім беру жобасында» Еуропа Кеңесінің эксперттері тарапынан алға
тартылған болатын. Бұл құжатта 309-ға жуық әртүрлі құзыреттіліктер анықталған еді
(Еурова Кеңесі құзырет және құзыреттілік ұғымдарын өзара ажыратып көрсетпейді, бұл
ұғымдар синоним болып саналады).
Олардың ең негізгілері мыналар:
Үйрену: алынған тәжірибеден пайда көздерін таба білу, мәселелерді шеше алу,
өздігінен білім алумен шұғылдану;
Ойлану: өткен мен бүгінгінің арасындағы байланысты таба білу, мәселені сыни
тұрғыдан ұғыну, өзіндік позициясын дәлелдей алу;
Іздену: әртүрлі деректер қорын сұрастыру, айналадағылармен сұхбаттасу,
эксперттерден кеңес алу;
Жұмысқа кірісу: жобаға қосылу, жауапкершілікті сезіну, өз жұмысын
ұйымдастыра алу;
Ынтымақтаса білу;
Бейімделу: жаңа технологияларды, ақпараттар көздерін, телекоммуникациялар
мен т.б. пайдалана алу [3].
Фортова Л.К. Экологиялық құзыреттілік дегеніміз диагностикалау барысында
айналада қоршаған табиғи ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған нәтижелі
экологиялық іс-әрекеттерді жасауға қатысты саналы қабілеттер мен дайындықтарды
түсінеміз. «Экологиялық құзырет – өмірдің тұрақты өндіруі мен оны сақтауға,
экологиялық мәселелерді анықтау, шешу және олардың алдын алу барысында тіршілік
ортасының жағдайын тәжірибелік тұрғыда жақсартуға бағытталған экологиялық іс-әрекет
саласында оқушылардың білімділік дайындығына қойылатын нормативті талап болып
саналады» [3].
Экологиялық құзыреттілік адамның негізгі, жалпы білім беретін, пәндік ретіндегі
экологиялық құзыреттілікті игеруі сипатында қарастырылуға тиіс. Экологиялық
199
құзыреттіліктің мағыналық-функционалдық ерекшелігін нақтылау мақсатында осы
ұғымның экологиялық психология, педагогика, акмеология ғылымдарының негізгі
ұғымдарымен өзара ара қатысының кейбір ерекшеліктерін талдау жасауға жүгінеміз.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, экологиялық құзыреттілік, бір жағынан, санап
өтілген ұғымдар қатарындағы интегративті буыны болса, екінші жағынан – экологиялық
бағдарланған жеке тұлға құрылымдарының көріну ерекшеліктерін тұтас бейнелейтін
феномен болып саналады [3].
Құзыреттілік амалдар тұрғысынан алып қарағанда, бұл ұғымдардың мазмұнын
экологиялық
құзыреттілік
феноменын
анықтағанға
дейін
кеңейтуге
болады.
Педагогикалық ғылым үшін бұл мәселе тіпті жаңа мәселе сыңайлы емес. Табиғатты сақтау
мәселелерін шешу қажеттілігі педагогика ғылымында Я.А. Коменский дәуірінің өзінде
оның табиғатқа үйлесімділік ұстанымы мазмұнында негіздемесі жасалынған болатын.
Я.А.Коменский адам қоғамында жүзеге асатын барлық үдерістердің де табиғилыққа
жанасып өтетініне назар аударған еді .
Экологиялық құзыреттілік оның экологиялық мәдениеті, яғни адамның қоршаған
ортаға деген жауапты қатынастарындағы психологиялық, теориялық және тәжірибелік
дайындығын бейнелейтін, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерде өзінің экологиялық
білімдері мен ептіліктерін пайдалана алу қабілеті, сондай-ақ интегративті сапасы мен аса
маңызды тұлғалық қасиеті ретіндегі экологиялық бағдарланған жеке тұлғаның мұндай
білім алуының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Мұндағы экологиялық
мәдениет адамның табиғатпен өзара байланысындағы санасы, мінез-құлқы мен іс-
әрекеттерінің ерекшеліктерін сипаттайды [4].
Экологиялық мәдениеттің ең жоғары деңгейіне (экологиялық бағдарланған тұлға) ие
болған жеке тұлға, ең алдымен, биосфера, экосфера, ноосфера туралы, олардың бір бөлігі
болған адам туралы, оның пайда болуы мен дамуының бірлігі туралы, олардың өзара
әрекеттесуінің ережелері мен нормалары туралы, экологиялық мәселелер барысында
туындайтын қарама-қайшылықтар туралы, оларды шешудің жолдары мен тәсілдері
қамтыған алуан түрлі көптеген экологиялық білімдер жүйесінің болуы; табиғатты тиімді
пайдалану, табиғатты қорғау, тұрмыстық, оқу, бос уақыттық және іс-әрекеттің басқа да
түрлерінде, күнделікті экологиялық-құлықтық мінез-құлық сипатында, экологиялық ағарту
және т.б. барысында айқын көрінетін экологиялық ептіліктер мен дағдылары; адамдар
өмірінің табиғи жағдайларын жақсарту мен сақтауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге
асыруға қатысты дайындық пен қабілеттің болуы, қол жеткізген құзыреттіліктер мен
жастық мүмкіндіктер аясында экологиялық мәселелерді жеңу сияқты өзіне тән
ерекшеліктерімен сипатталады.
Бұдан бөлек, мұндай тұлға туралы сөз қозғағанда, көз алдымызға санасы
экоорталықтандырылған, ал ойлау қабілеті экологиялық тұрғыда бағдарланған тұлға
(табиғатта, адамда, қоғамда болып жатқан үдерістер арасындағы себеп-салдарлық
байланыстарды анықтау, талдау жасау, бағалау қабілеті, соған тиісті ой тұжырымдары мен
қорытындылар жасау, тек жақын нәтижелерді ғана емесе, сондай-ақ алыстағы нәтижелер
мен адамның қоршаған ортаға бағытталған немесе онымен байланысты болған іс-
әрекеттерінің салдарларын да көре білу қабілеттері), экологиялық эмпатияға қатысты
(табиғатпен үйлесу, үйлесімділіктің болмауымен, табиғаттың ластануы, оның
сұлулықтарының жойылуымен байланысты болған толғаныстар) қабілетке ие болған жеке
тұлға елестейді. Сонымен қатар, мұндай тұлға экологиялық тұрғыда бағдарланған
дүниетанымымен ерекшеленеді [4].
Педагогика ғылымында құзырет дегеніміз адамның меңгерген білімдері мен
біліктерін жаңа жағдаяттарда өзбетінше қолдана білу қабілеті түсініледі.
200
Осыған байланысты, экологиялық құзыреттілік дегеніміз не? Өкінішке орай,
оқушылардың негізгі құзыреттерінің мәселелеріне арналған педагогикалық әдебиеттердің
мол қорына қарамастан, олардың арасында экологиялық құзырет ұғымы туралы зерттеулер
жеткіліксіз. Мұның барлығы осы ұғымның мәнін ашу қажеттігі, оның мазмұнын сипаттау,
жалпы білім беру мақсатында ажыратып көрсетілетін басқа да құзыреттер арасындағы
оның орнын анықтау көкейтесті жұмыс болып саналуда.
Оқушылардың экологиялық құзыреті тек пәндік оқытудың нәтижесі ғана емес,
сондай-ақ өзара ықпалдасқан жалпы мәдени көрсеткіш, білім беру мекемесіндегі көп
жақты оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі де болып табылады. Біз жалпы білім беруге
қатысты тұрғыда экологиялық құзыретті тұрақты даму, адамның денсаулығы мен өмір
қауіпсіздігі мүддесі үшін оқу (үлгідегі) әлеуметтік проблемалық экологиялық
жағдаяттарда оқушылардың жалпы оқу біліктері мен пәндік білімдерін өзбетінше және
кешенді түрде пайдалана білу қабілетімен өзара байланыстырамыз. Мұндағы ескеретін
жәйт, экологиялық құзыретті осылайша түсіну оқушыларда тек білім берудің әртүрлі
салаларында қалыптасқан, дайын біліктерді, жалпы оқу біліктері мен пәндік білімдерді
пайдалануды дамыту маңыздылығына ғана емес, сонымен қатар бұл біліктерді өздігінен
түрлендіре білу, араластыра білу, әртүрлі тіркестерде пайдалана білу шеберлігіне де баса
назар аудару қажет. Мұндай біліктілікке болған қажеттілік экологиялық жағдаяттардың
өзіне тән ерекшеліктері – олардың кешенділігімен, нашар болжануымен, көбіне
типсіздігімен түсіндіріледі. Осылайша, кешегі және бүгінгі қалыптасқан жалпы оқу
біліктері мен пәндік білімдерді біз әлі жақсы білмейтін болашақтағы беймәлім
проблемалық жағдаяттарға ауыстыру мәселесі туындайды.
Экологиялық құзыреттің бағытталғандығы - экологиялық құзырет ұғымының мәнін
аша отырып, біз оның үш қырын ажыратып көрсетеміз.
Олардың бір қыры (сыртқы) адамды қоршап тұрған әлеуметтік-табиғи орта сапасын
жобалауға бағытталған іс-әрекетке деген қабілетін қамтиды. Мұндағы жас адам өз
өмірінде тап болатын қиыншылықтар көбіне психологиялық-гностикалық сипатқа ие
болады. Олар үздіксіз ұзартылған қауіп-қатер жағдайындағы іс-қимылдардың
психологиялық күрделілігінің шарасыздығымен, ықтимал қауіптер жағдайында
шешімдерді қабылдаумен, айқын болмаған себеп-салдарлық қатынастармен өзара тығыз
байланысты болады. Осыған сәйкес, экологиялық құзырет ұғымы дербес және ұжымдық
қауіпсіздік, экологиялық табандылық, құқықтық нормалар, тек шынайы емес, сондай-ақ
белгілі бір шешімді қабылдаудың ықтимал қатерлерін бағалау үшін экологиялық этика
түсініктері мүдделерінің икемді үйлестірілу дағдысын да қамтиды. Экологиялық
құзыреттің екінші қыры субъектінің экологиялық тұрғыда қауіпсіз іс-әрекетке қол
жеткізуін жетілдіру қабілетімен тығыз байланысты. Мұнда оқушы тап болатын
қиындықтар адамгершілік-этикалық сипатқа ие болады. Олар белгілі бір аймақтың
экологиялық қауіпсіздігі үшін, ондағы адамдардың денсаулығы үшін жеке бір тұлғаның
бірте-бірте өсіп отыратын жауапкершілігімен байланысты тұрғыда анықталады. Бұған
сәйкес, экологиялық құзырет ұғымы индивидтің белгілі бір іс-қимылдарды орындауға ішкі
дайындығының болуымен түсіндіріледі. Экологиялық құзыреттің үшінші (іс-әрекетті)
қыры «Мен – менің іс-әрекетім – айналадағы әлеуметтік-табиғи орта» әдіснамалық
бірлігіндегі «іс-әрекет» буыны ретінде жүйе құраушы болып саналады. Ол әртүрлі өмірлік
жағдаяттардағы өз іс-әрекетін басқару мәселелерімен тығыз байланысты. Оқушылардан
қоршаған ортадағы іс-әрекетін жобалау және ұйымдастыруда үнемі кездесетін әрқилы
мәселелерді шешу ептілігі талап етіледі. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін қажет етілетін
материалдық, ақпараттық, ұйымдастырушылық қорлардың жетіспеушілігі; жоспарланған
және шынайы тұрғыда алынған нәтижелердің сәйкессіздігі және т.б. мәселелер болып
201
саналады. Бұған сәйкес, экологиялық құзырет ұйымдастырушылық-әрекеттік және
әлеуметтік-тәжірибелік біліктерді (мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, нәтижелерді
бағалау, т.б.) көздейді.
Экологиялық құзыреттің сыртқы қыры «теориялар мен түсініктерді пайдалануды
көздейтін когнитивті құзыретке» сәйкес келеді. Ал, экологиялық құзыреттің ішкі жоспары
«нақты жағдаяттағы мінез-құлықтық біліктерді көздейтін тұлғалық құзыретке, сондай-ақ
белгілі бір тұлғалық және кәсіби құндылықтардың болуын көздейтін этикалық құзыретке»
сәйкес келеді.
Экологиялық құзыреттің жоғарыда сипаттап берілген қырлары адамның «индивид –
орта» сынды психологиялық даму бірлігіне сәйкес келеді. Оны экологиялық білім берудің
психодидактикалық негіздерін В.И. Панов, В.А.Ясвин жасайтын экологиялық психология
ғылымы айрықша зерттейді. Мұндай жүйенің басты ерекшелігі – адамның санасы, оның
психологиялық дамуы мен білім алуы дәл осы индивидтің қоршаған ортамен (табиғи,
ақпараттық, білімдік, отбасылық, этникалық және т.б.) өзара байланысынан тысқары
қарастырылмауында болып саналады. Бұл жүйедегі өзара ықпалдасатын, жүйе құрайтын
бастама ретінде индивид іс-әрекетінің алуан қилы түрлерінде, іс-қимылдарында, мінез-
құлқында нақты байқалатын психологиялық белсенділігі болып табылады.
Оқушының экологиялық құзыреті мен жетекші іс-әрекеті – мектепте мұндай іс-
әрекетке оқу, қатынастар, әлеуметтік тәжірибе және кәсіптік бейімделу жатады. Әртүрлі
жас кезеңдерінде (кіші мектеп жасы, жасөспірімдік, жастық кезеңдері) іс-әрекеттің алуан
қилы түрлерінің бірі басым орын алады.
Жетекші іс-әрекет экологиялық құзыретті қалыптастыру құралы ретінде ғана емес,
сонымен қатар оны пайдалану нысаны ретінде де қарастырылады. Яғни, экологиялық
құзырет тек оқушының жетекші іс-әрекеті арқылы ғана емес, сондай-ақ онда туындайтын
әлеуметтік проблемалық экологиялық жағдаяттар мысалында да қалыптастырылады.
Сондықтан да, жетекші іс-әрекет саласындағы оқушының экологиялық құзыретін осы
саладағы оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, оның тиімділігін
арттырып, тұлғалық және зияткерлік (өзін-өзі) дамыту үдерісін қолайландыруға мүмкіндік
береді. Осылайша, қатынастар аясындағы жасөспірімдердің экологиялық құзыреті –
әртүрлі адамдармен және табиғатпен даусыз қарым-қатынас жасай алу, экологиялық
тұрғыда қауіпті ақпарат көздерін таба білу, сендіру мен иландыру әсерлеріне қарсы тұра
білу, т.б. қабілеті болып саналады.
Оқушылардың жетекші іс-әрекетінің негізінде қалыптастырылған экологиялық
құзырет іс жүзінде тұрақты даму үшін экологиялық білім берудің негізгі ұстанымдарын
жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды, яғни абстрактылы экологиялық мәселелерден шынайы
экологиялық мәселелерге қарай, ауқымдыдан жергіліктіге қарай, ортаның экологиялық
мәселелерінен – тұлғаның экологиялық қауіпсіздігі мәселелеріне қарай ауысуды көздейді.
Экологиялық құзыретті қалыптастыру үшін қажет болатын негізгі ұғымдар мыналар:
тұрақты даму идеялары, іс-әрекет, экологиялық тұрғыда қауіпсіз іс-әрекет, жоба, басқару,
тұрақты даму индикаторлары, қорлары, табанды талаптары (экологиялық, құқықтық,
этикалық), экологиялық қатер, экологиялық қауіптілік, экологиялық залал, экологиялық
мониторинг, сақтық (этикалық ұстаным), қоршаған ортаға, денсаулық пен өмірлік
қауіпсіздікке тиетін залалдардың алдын ал[3].
Экологиялық құзырет оқушылардың тұрақты даму құндылықтарын, адам іс-
әрекетінің әрқилы түрлері мен бағыттарында туындайтын әлеуметтік проблемалық
экологиялық жағдаяттардағы ойлау және мінез-құлықтың экологиялық стилін пайдалана
алу қабілеті ретінде жалпы білім беру үдерісінде қалыптастырылатын барлық негізгі
құзыреттердің негізінде жатады. Алайда, бұл арқылы ол өзінің дербестігін жоғалтпай,
202
жалпы білім берудің негізгі, өзара ықпалдасқан нәтижесі, оның жалпы мәдени көрсеткіші
болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |