Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


Сендерден байлық сұраман, өліп кетсем де!



Pdf көрінісі
бет136/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   333
 

Сендерден байлық сұраман, өліп кетсем де! 

Алтындарыңды алмаспын, төгіп кетсем де, 

Мейірімге ғана мұқтажбын, білесіңдер  ме? 

Мейірімге ғана мұқтажбын..[1]. 

Әкесі де ,шешесі де интернат болған балалардың болашағы  оларды өз баласындай 

көріп  кеткен  тәрбиешілер  мен  басшылықты  да  алаңдатады.  Алайда  олардың  қолынан 

келетін дәрмен жоқ. Әйткенмен, кейде тағдырдың оларға жылышырай танытатын кездері 

де  болады.  Ол-  қазақтың  ұлттық  тәрбиені  бойына  сіңіріп  өскен  азаматтарының  шынайы 

қамқорлығы. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған қазақ деген халық екенімізді жан-

тәнімен түйсінген жанның адамшылық зор қасиеті. «Тау мен тау кездеспесе де, адам мен 

адам кездеседі» демекші, бұйырмас солай юолған шғар, бірде атыраулық кәсіпкер жігітпен 

жолығысып  қалдым.  Өзі  аяққа  нық  тұрған,  қалыптасқан  кәсіпкер  екен,  бірнеше 

кәсіпорындары  да  бар.Егемен  елімізбен  бірге  дамып,  өркендеген  отандық 

«Нефтестройсервис»  компаниясының  басшысы  Акдрашев  Ибрагим  әңгіме  барысында 

біздегі  балалардың  жайы  туралы  да  сұраған  еді.  Алға  обылыстық  балалар  үйінің 

тәрбиеленушілері  де  жоғарыда  келтіріген  статистика  қатарына  жатады  ғой.  Олардың 

кәмелетке  жеткеннен  кейінгі  өмір  жолдарның  тарылатынын  жасырып  қалу  мумкін  емес 

еді.  Өмір  сынына  тускен  балалардың  қиын  тағдарын  естіген  азамат  көп  сөзге  келместен, 

олардың кейбіріне көмектесе алатынын, өз қанатының астына алып , қамқор болуға дайын 

екенін сол жерде бір-ақ кесіп айтты. Мұндай азаматтыққа қалай  риза болмассың?! Сөйтіп, 

2006  жылдың  күзінде  Ибрагим  Шияпұлына  өздерінің  келісімі  бойынша  бес  баланы 

аманаттап  тапсырдық,  Оларға  барған  жерінде  алдымен  мамандық  алуға  мүмкіндік 

жасалыпты. Жайлы жатақханадан орын беріп, үш мезгіл тамағымен қоса, оқу орталығында 

тегін  мамандық  алып шғады.  Бастапқыда  тәлім  алушы      ретінде  үйрене  жүріп,  кейін  сол 

кәсіпорынға  өз  кәсібі  бойынша  жұмысқа  орналасып,    компанияның  белді  маманы  болып 

шыға келеді[2]. 

Үйленем не тұрмысқа шығам деушілерге де барлық жағдай жасалып,  ипотекамен 

пәтер  алу  мүмкіндігі  қарастырылыпты.  «Сен  де  бір  кірпіш  дүниеге,  тетігін  тап  та,  бар, 

қалай!»  деп  Абай  атамыз  айтқандай,  қоғамның  белсенді  мүшесі  болып  шыға  келудің  өзі 

бір  бақыт  емес  пе?    -Бүгінгі  күні  біздің  компонияда  Алға  балалар  үйінен  шыққан  30-дан 

аса  жастар  оқып,  білім  алуда  және  еңбек  етуде.  Тәрбиешелері  алып  келген  кезде  біз 

олардан 

қандай 


мамандықты  ұнататынын 

сұраймыз. 

Сосын 

сол 


бойынша 

қалағанмамандығына оқытамыз. Ал одан кейін кооледж немесе университетке барып, ары 

қарай  оқуымды  жалғастырам  десе,  оған  да  жағдай  жасаймыз  оқу  қаражаты  компания 

төлейді.  Біз  оларға  қоғамның  толық  мүшесі  деп  қарауды  дұрыс  көзқарас  деп  санаймыз. 

Осы  жеті-сегіз  жылдан  бері  кері  тартып,  не  тәртіп  бұзып  жүргендері  жоқ.  Бәрі  де  адал 

еңбек  етуде,  отбасылы  болып,  балалы-шағалы  болып  кеткендері  де  бар.  Бір  сөзбен 

айтқанда,  компания  басшылығы  бар  жағдайды  жасап  отыр,  -дейді  кәсіпорынның  оқу 

орталығының  директоры  Әдемі  Қайырбекова  Мәселен,  Арман  Танкеев  бүгінде  сапаны 

бақылау  инспекторы,  Қазиев  Мірболат  арқан  ілуші,  Оралов  Ербол  дәнекерлеуші, 



245 

 

Конопотец Владимир ағаш кесуші, Чернигов Алексей электирк, тағы басқалары да сыршы-



сылақшы, ораушы, техник-құрлысшы сынды қазіргі заманға қажетті хас мамандық иелері. 

Әлімсақтан «жетім көрсең жебей жүр» деп келе жатқан қазекем бүгінде осы сөздің 

парқына жете алмай жатқанға ұқсайды.  Жетімдері көбейген, балалар үйінің саны ұлғайған 

еліміз  қарасаң  жүрегің  қан  жылайтын  халге  түсті.    Осындай  кереғар  тәрбиеленген 

ұрпақтың қазіргі күйіне кімді кінәлаймыз?  Қоғам кінәлі ме, әлде мәселе әке-шешеде ме? 

Атадан  тағылым  алмаған  ұл  жаман,анадан  өнеге  көрмеген  қыз  жаман.Айналып  келгенде 

барлығы  да  тәрбиеге,  ата-ана  өнегесіне  келіп  тіреледі.  Баяғының  бойжеткені  мен 

бозбаласы  қандай  еді?  Ал  қазір  мүлдем  басқа.  Әдемілік  пен  көркемдіктің,  инабаттылық 

пен  әдептіліктің,  ар-ұяттың  белгісі  ретінде  бағаланған  қыздарымыз  қазіргі  таңда  тән 

сұлулықтарына  көңіл  бөлем  деп    жан  сұлулықтарын  мүлдем  ұмытып  қалған.  Әрине, 

барлық  қыз  баласына  күйе  жақпаймын.  Алайда,  бір  құмалақ  бір  қарын  майды  шірітетіні 

барлығымызға  белегілі  емес  пе?  Ал  ер  жігіттеріміз  қазақ  қызының,  яғни,  өз 

«қарындасының»намысын  таптайды,  жауапкершілік  дегенді  атымен  білмейді.  Қазіргі 

қоғамда  шетелдік  азаматтардың  жетімдерді  асырап  алуы  көптеп  кездесуде.  Бұл  тақырып 

жалғыз  мені  ғана  емес,  жетімдердің  жағдайына  алаңдаулы  барша  жанд  толғандырары 

анық. Белгілі  ақын Асылзат Арыстанбектің  «Жетімдер» деген  өлеңіндегі  мына жолдары 

оқи отыра қатты толғандым. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет