Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


Тағдырыңа нали бермей бекерге



Pdf көрінісі
бет137/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   333
Тағдырыңа нали бермей бекерге, 

Сен журе бер өмір жүгін көтер де, 

«...Милы адамдар» менен бұрын қимылдап

Ұрлықшы ұшақ ұшып кетті шетелге. 

Тірі жетім, солай сенің тағдырың

Басқа елден атар саған таң бүгін.[3] 

Дана  халқымыз  сан  ғасырдан  бері  «Адамның  бақыты-балада»деп,  баласының  ер 

жетіп  азамат  болуына  бар  өмірін  арнап,  жиған-тергенін  балаларының  жолына,  қолына 

берген.  Кез-келгенадам  баға  жетпес  бақытты  ұрпағының  жалғасып,  өсіп-өнуін  тілейтіні 

белгілі.  Ал,  қазіргі  таңда  кейбір  жандар  өз  бақытын  байлықтан,  мансап  пен  қызметтен 

іздейтін  сияқты.  Соның  есебінен  елімізде  жәутеңдеп  қара  көздерің  саны  едәуір  артып, 

жетімдер  үйі  кобеюде.  Кейде  таң  қаласың,  кейбір  жандар  балаға  зар  болып,  күні-түні 

үмітін  үзбей,  Алладан  жалбарынып  тілейді.  Енді  біреулер  Алланың  берген  сәбиін 

көрінгеннің  қолына  тастайды.  Тұрмыс  жағдайын,  тағдыр  тауқыметін  сылтау  етіп, 

балаларынан  бас  тартады.  Көзі  қиып,  жүрегі  шыдап,  шырылдаған  сәбиін  панасыз 

қалдырған  тасбауыр  жандар  жер  басып  қалай  жүреді  екен?  Осындай  қатыгездіктің 

салдарынан  бейкүнә  нәресте,    дүние  есігін  ашпай  жатып,  өмір  сынымен  арпалысып, 

тағдыр тауқыметін арқалаған бұл балалардың қандай жазығы бар? Балаша қуанып, уайым-

қайғысыз күн кешудің орнына, көзін тырналап ашқаннан-ақ асыр салып ойнаудың орнына, 

терезеге  телміріп  «менің  әке-шешем  қайда?»  деп  уайым  жейтіндей  кімге  не  жазып  еді 

сәбилер?!      Жанарларын  жәутеңдетіп,  кім  маған  жылы  сөйлер  екен  деп  әркімге 

жалпақтатып, тірідей тастап кеткен ата-аналарын іздеумен әуре! Өмірдің осындай аяусыз 

тұстарын  көргенде,  пенделерге  мейірімділік  пен  қайырымдылықты  бойларына  сіңіре  гөр 

деп  еріксіз  дұға  етесің.Бұл  өмірде  ананың  ақ  сүті  мен  мейіріміне  жететін  не  бар?  Оның 

мейірлене айтқан  «Айналайын,  құлыным, ботам, балапаным» деген жылы сөзі жаныңды 

ерекше сезімге бөлеп, бар бақытты сыйлады емеспе?! Ананың ыстық алақанына ештеңе де 

тең  келмейді.  Ал  осы  аялы  алақанды  сезбей,  ананың  ақ  сүтін  ембеген  баладан  қандай 

мейірімділікті,  ізгілікті  күтеміз.  Ресми  деректереге  сүйенсек,  80  мыңнан  астам  жетім 

балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп, ер жетуде.  Әйткенмен, 

он сегізге толып,  кәмелеттік жасты толтырғаннан кейін ол баланың болашағы не болмақ?  



246 

 

Жетімдер  үйінен  кеткеннен  кейін,  бірі  жалданып  күнделікті  нанын  тапса,  енді  біреулер 



қылмыс жасап, бұзақылықпен айналысады. Сондықтан да, түрмеге түскендердің көпшілігі 

жетімдер  үйінен  шыққандар  мен  ата-анасының  қарауынсыз  қалған  балалар  болады  екен. 

Әрине,  жанашыр  жақыны  жоқ,  бесікте  жатып  анасының  ақ  әлдиін,  әкесінің  тәрбиесін 

көрмеген  бала  қандай  болмақ?!  Бір  айта  кетерлігі,  балалар  үйінің  болғаны  жақсы,  бір 

жағынан  жаман.  Себебі,  көп  аналар  өз  балаларын  жетімдер  үйіне  апарып,  «Балалар  үйі» 

барғой,  солар  қамқор  болады  деген  сеніммен  тастап  кетіп  жатады.  Сол  себепті  де  жетім 

қалған  балалардың  саны  күн  санап  өсіп  келеді.  Дана  халқымыз  «Балалы  үй  —  базар, 

баласыз  үй  қу  базар»  деп,  баланың  көптеп  дүниеге  келуін  тілеп,  ұрпағының  көбейіп, 

шағырағының  кеңейгенін  жақсылыққа  балаған.  Шындығында  да  солай,  әр  үйдің 

қуанышын  молайтып,  ата-ананы  бақытқа  бөлеп,  былдырлаған  тілімен,  сыңғырлаған 

күлкісімен  үйдің  сәнін  кіргізіп,  тәп-тәтті  қылығымен  қандай  мұңды  да  жеңілдетіп, 

көңіліңді көтеретін жас сәбидің бал үніне жететін бақыт жоқ шығар?! Атам қазақ ешқашан 

жетімін  тентіретпей,    көрінгеннің  қолшоқпарына  айналдыруға  ешқашан  жол  бермеген.  

Ал,  мынандай жағдайға қарап тұрып, «жетім көрсең жебей жүр» деген дана халқымыздың 

данышпандығы қайда кеткен деген ойда қаласың. Еліміздің басына қиын күн туғанда яғни 

соғыс  жылдарында  ашылған  бірен-сараң  балалар  үйі,  бүгіндері  жер-жерден,  ауыл-

аймақтардан мыңдап ашылды. Тіпті, соңғы кездері соның өзі аздық етуде.[4] 

       Бұл  «жетім»  тақырыбы  жалғыз  Фаризаны  ғана  емес  барша  ақын  жазушылардың  осы 

тақырыпқа  байланысты  шығарма жазуына арқау болған ауқымы үлкен тақырып...Мұхтар 

Әуезовтың Жетім» әңгімесінде жетімдік тауқыметін тартқан он үш жасар Қасым, өгейлік 

тепкісінен  қашып,  әке-шешесінің  зиратына  келіп  қаза  табады.  Қараңғы  түндегі  табиғат 

құбылысы  үрейі  ұшқан  баланың  ішкі  сезімімен  тұтасып,  өте  әсерлі  бейнеленген.  «…Бір 

мезгілде, Қасым қорқып, дірілдеген жүрекпен маңайына жалтақтап әр нәрседен үркіп келе 

жатқанда,  күн  жарқ  етті…»  Жетім  балаға  рахымсыздық  жасаған  тас  бауыр  жандардан 

мейлінше түңілесің 

      .Мұхаммед пайғамбарымыз бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, 

қолы  тиіп  өткен  әрбір  тал  шашы  үшін  сауап  алады»,–  деген.    Ал  ондаған  балаға  әкедей 

қамқорлық етіп отырған жанның сауабын Алла өзі көбейтер! 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет