ГҮЛНӘР ӨМІРБЕКТІҢ ӨЛЕҢ ӨРІМДЕРІНДЕГІ ТАБИҒАТ ТАҚЫРЫБЫ
АЛШЫМБЕКОВА С., -магистрант
ЖАНТАСОВА З. Т., ф.ғ.к., доцент
Шымкент университеті, Шымкент қ
Мақалада
Гүлнәр
Өмірбектің
шығармашлығындағы
табиғат
лирикасы
қарастырылады. Табиғат тақырыбындағы өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері сөз
болады.
Г. Өмірбектің «Сүмбіле қыздың сырғасы» (2017) атты өлеңдер мен поэмасы енген
жыр жинағы – ізденіс іздері мол, тақырыбы мен мазмұны бай, көркемдік – рухани әсері
255
жоғары, қолтаңба мен көзқарасы таным – түсінігі айқын, суреттеу амал – тәсілдері,
шеберлігі мен шешендігі өзара үйлесім – тұтастық тапқан тағылымды туынды.
Көгершін - көктем, армысың,
Алыста, таудың ар жағы?
Әйтеуір, есен бармысың,
Жанымның ізгі арманы?
Күнгейде көктем, жүрсің бе,
Көгілдір мұңым. мұнарым?
Көктемсіз дүние үнсіз деп,
Жолыңды тосып жүр әнім.
Шуақсыз кеуіл дерті көп,
Сағаттар, күндер санаймын.
Күнгейдін күнін ертіп кеп,
Жарқ етші, менің арайлым!
Жарқ етші көктем, көгершін,
Ән болып, алау арман боп!
Үрия дүния көгерсін,
Қол бұлғап қиял алдан көп..»
[1, 120б.].
Адам мен табиғаттың ара – қатынасын, аспан асты, жер үсті көріністерін, күн мен
түн байланысын, жұлдыздар сырын көңіл толқыны, жан сезім тербелістері негізінде
нанымды жеткізетін мына өлеңінде:
«Маусымға мені табыстап,
Көктемдер көшіп барады,
Ұзатып оны алысқа,
Кеуіл де қимай налалы.
Қол бұлғап қырға шақырды,
Алабұртқан кеші мамырдың
Оранып келсе жамылғы,
Көз ілмей таңды атырдым,
Айдынға түскен сәулесі,
Ай сұлу арбап-алдайды.
Тағы бар қаңдай әуресі,
Алдымда күн бар қандай-ды...» [1, 120б.].
Өлеңде өмір өрнектерімен бірге табиғат арқылы да адам әлемін аялау мен
бағалаудың мол мүмкіндіктері бар. Ақын табиғат тылсымына үңілу негізінде адамзатқа
ортақ мәселелерге назар аударады. Адам мен табиғатты қатар сөз етеді.
«Аспанды, бұлтты, сайын даланы,
Тау-тасты, талды, орман алабын,
Сарғайған жапырақ, қара топырақ...
Бәрін де бәрін аймалай аламын.
Ыстық демімде, жұмсақ тілімде,
Тіршілік иесі бәрінің үніңде.
Махаббат гимнімен ерітем қайғыны,
Шықтай боп мөлдіреп күн сүйген гүлім де,
Теңіздер тереңін тербетіп оятам,
Толқыңды толқындар қуғандар тоят ап.
Сен де енді оян да, алтынға боян Таң!» [2, 120б.].
256
Осы өлең жолдарынан табиғат пен адамның тұтастығын, біріне бірі жалғанған
өмір құбылыстарының қарым- қатынасын көреміз.
«Сары белдерім- сағыныштарым,
Қырат-қырқаларым- Аспантау!
Неге бұлай алып-ұшқаным,
Мекенім менің аспанда-ау?
Көзімде-күнім,
Көңілім- көктем,
Жаным да жаздай жайдары,
Қиялыммен айды құшқаным,
Есіме оралып қайдағы,
Аспандар әлде мекенім бе еді,
Құлдырап құласам араманым жоқ,
Көкжиекке сіңіп кетемін бе енді,
Ілінер үміт қалған жоқ!» [3, 120б.].
Г. Өмірбек поэзиясында ақынның өмірге деген құштарлығы, өнерге деген шынайы
ілтипаты айқын аңғарылады. Ақын өлеңдері ойлы да өрнекті, сенімді де серпінді өріс
алады. Ақындық өнер табиғатынан өлең өрісінің кең көкжиегі, ондағы шындық пен
суреткерлік, шеберлік пен шешендік жүйесі жеткізіледі. Төртіншіден, ақын
қолтаңбасына шындық өмірдің өрнектері, еңбек ырғақтары, адам әлемінің сырлы
иірімдері оңды сипаттарымен, ұнамды қырларымен көрініс береді.
«Осындай болса екен күздің бәрі,
Таймады, ғой ажары гүлдің әлі.
Ескі баққа тағы бір барайыншы,
Жылытар ма жанымды күннің нәрі.
Осылай болса еді қараша да,
Күмбір-күмбір ұласып тамашаға.
Жадырап жаздай әлі жүрейінші,
Ызғарлы қыстан мені арашала,
Осылай жанға жылу іздейміз де
Жан жылуы керек ау күздей бізге
Әркімнің кеткен жылап жетегінде,
Оралар ма мысқал сәт сіз бен бізге» [3, 120б.].
Ақынның өлең өрімдері, ондағы өмірден өрбіген шындық сырлары көңілді бертеп,
жүрекке қорытылған қалпында суреттейді.
«Аспаңды аңсаймын
Жерде туған көп пенденің бірі едім,
Аспанды аңсап, «аһ» ұрады жүрегім,
Тәтті түстей балқып жатып үзілген,
Жанарымда жәудірейді тілегім.
Бар сырымды аспанға айттым түндерде,
Шағынамын жалғыздықтан кімдерге,
Жұлдыздарға тіздім асыл арманды
Айқара көк- адал серік білгенге.
Айдынында жүзген мұңлы кезімнің,
Ай ғана ғой серті мендік төзімнің.
257
Жаза бердім сәулесіне жырымды,
Малып алып тамшысына көзімнің. [3, 120б.].
Ақын қайсібір құбылыс, көріністерді сырттай қызықтап, үстірт суреттемейді,
керісінше көңіл көрігінде шыңдап, жүрек пернесінен өткізіп, содан кейінгі тұстарда ой
мен сөз жүйесіне, сыр мен сезім тұтастығына тербеп, талғам – толғаныстарына еніп
барып қана қалың көпшілікке ұсынады. Өмір шындығы негізгі нысаны етіліп, осы бағыт
– арна мезгіл әуенінен, адам әлемінен, көркемдік таным иірімдерінен кең көлемде
танылады.
Теріскей көктемі
Оралып көшкені,
Аңқыды көк демі.
Тағы да кеш келді,
Теріскей көктемі.
Тоса ма құшағын,
Жусанды алабым.
Құмарта құшамын,
Бусанған даламды.
Қол бұлғайды алыстан,
Қаратау шыңдары.
Желменен жарысқан,
Сыңсиды құмдары.
Мұнартқан белдері,
Жеткізбес армандай.
Бармысың елдегі,
Қалқатай, ақмаңдай?
Тағы да кеш келді,
Теріскей көктемі
Оралшы, өшкенім,
Кеш енді өкпені.. [3, 120б.].
Ақын сыры, ондағы көңіл шуағы мен жүрек сыры осында. Ақын шығармаларында
байқалған сыршылдық, терең лиризм, романтикалық әуен мен философиялық кеңдік
оның лирикасының басты мұратын айқындайды.
Ұнатам наурыздағы қарбаласты,
(Айтпақшы, ақпан шырақ қайда қашты?)
Көктемнің хабаршысы сен бе едің деп,
Теріскей жылы желмен аймаласты.
Жамбастап тау басына жатып алған,
Қарды қайтем, сұраумен сатып алған?
Артықтау бір қылығын жасырады-ау,
Кісілік көзесінен татып алған...
Жә,қашан ерте көктем бұйырыпты,
Күнгей қашан теріскей күйін ұқты?
Желөкпе көңіл мынау сонда дағы,
Жылт еткен күнге бүгін сүйініпті.
Бұл көктем қай көктемнің көшірмесі,
Көшірме болсаң дағы есірмеші.
Ар жағы Қаратаудың, бер жағынан,
258
Қалқамды көре қалсаң ,кешір, деші... [3, 120б.].
Достарыңызбен бөлісу: |