Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет142/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   333
Қараш  -  қараш  оқиғасы  -  повесть.  Нақты  жазылып  шыққан  уақыты  1927жылы. 

Шығарма  -  барша  адамзат  қоғамының  даму  жолына  тән  оның  күнгейі  мен  көлеңкелі 

тұстарын, қайшылықтар мен қақтығыстардың тамырын тануға жол ашып, әсіресе оған ең 

алдымен  себеп  болатын  қорлық  пен  қиянат,  зұлымдылық  пен  қылмыс,  сатқындық  пен 

аярлық  сипатын  ашып  көрсетті.  Бақтығұл  өзіне,  отбасына  қарсы  жасалып  отырған 

жауыздықтармен бірнеше мәрте бетпе - бет келсе де, мұның барлығына адал еңбегімен ел 

қатарлы  күн  көріп,  қарапайым  өмір  сүруді  мақсат  тұтқан  ер-азамат,  жар,  әке,  қайратты, 

қуатты  тұлға  ретінде  барынша  төзімділік  танытты.  Бақтұғыл  -  өз  ортасындағы,  ағайын-

туыс  арасындағы  болып  жатқан  оқиғаға,  отбасы  және  шаңырақ  күйі  мен  жеке  басының 

жағдайын барлап - байыптайтын, мұның барлығына салмақты оймен, сын көзбен қарауға 

қабілетті жан. Басына түскен барлық қиыншылық пен ауыртпашылықтың бәрі кімнен және 

кімнің кесірінен болып жатқанын беске біледі. Ол-қанша осыншама қиыншылық көрсе де, 

бойындағы  жігер  -  намысы  сөнбеген,  мал  шаруашылығы  болсын,  қай  жағынан  болсын 

барлық  нәрсені  домалатып  алып  кететін  болған.  Сауаты  болмаса  да  әлеуметтік  істерді 

атқару  деңгейінде    көтерілген  көкірегі  ояу  азаматтардың  бірі  болған.  Бақтұғылды 

тәуекелге  бел  байлатып,  қолына  қару  алғызып,  жалғыз  болса  да  жанкештілікпен  жасап 

отырған  ісіне  жеткізген  жайттар,  дәл  осылайынша  бүкіл  жер  бетіндегі  мыңдаған,  

миллиондаған  адамдардың  күреске  шығуына  себеп  болатынына  сенімдімін.  “Қараш-

Қараштағы” адамдық  болмысты қорлап отырған  алапат әділетсіздікке ендігі төзудің, ары 

қарай көнудің мүмкін еместігі, шыңырауға құлатар шекке алып келген ширыққан шындық 

Бақтұғылдың  шаңырағының  басында  ғана  емес,  кез-келген  уақытты  дүниенің  қай 

түкпірінде  болмасын  адам  баласының  басына  түсуі  хақ.  Бақтығұлдың  інісі  Тектіғұл 

Сәлмен  деген  байдың  кесірінен  қайтыс  болады.  Бақтығұл  кек  алмақ  болып,  Сәлменнің 

жылқысын ұрлайды. Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайды. Кейін ол үміт етіп 

Жарасбайға  көмек  сұрап  барады.  Бірақ  Жарасбай  оны  сатып  кетеді.  Оған  шыдай  алмай 

кегінің  орнына  Жарасбайды  мерт  қылады.  "Қараш-қараш  оқиғасы"  бойынша  1968  жылы 

"Қазақфильм"  мен  "Қырғызфильм"  киностудиялары  бірігіп,  «Выстрел  на  перевале» 

(«Асуда  атылған  оқ»)  көркем  фильмі  түсірілді."Қараш-қараш  оқиғасы"  Тұрар 

Рысқұловтың әкесі - Рысқұлдың басынан кешкен оқиғалары бойынша жазылған. Бақтығұл 

-Еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ. Інісі үшін кек алғысы келді. Бақтығұлдың үш баласы 

бар:  үлкені  Сейіт  -  он  жаста,  бес  жасар  Жұматай,  ең  кішісі  -  екі  жасар,  емшектен  әлі 

шықпаған  қара  қыз  -  Бәтимә.Тектіғұл  -  Бақтығұлдың  інісі.  Сәлменнің  қолында  жұмыс 

істегенде,  оны  сабап  тастайды.  Біздің  ойымызша,  М.Әуезов  шығармасының  ұлылығы  да 

осынды.Қазіргі  уақытта  әлем  өз  дамуының  өркениетті  кезеңіне  көшті  деген  заманның 

өзінде  әлеуметтік  қайшылық  пен  қарсылық,  қоғамдардың  дағдарысы  тереңдей  келіп,  ірі 

саяси  мәселелерге  әкеп  соғуы  нақты  дәлел  болып  тұр.    Анығын  айтар  болсақ,  Мұхтар 

Әуезовтың кең ауқымды, қуатты да парасатты кейіпкері Бақтығұл бейнесінен қилы - қилы 

замандарда  басына  түскен  ауыртпашылықтан  еш  мойымаған,  керісінше,  өр  кеудесі 

қасқайып  тұрып  күресіп  өткен,  азат,  мәңгілік  ел  болу  мұратынан  айнымаған  қазақ 

халқының  өзін  көреміз.  Әлем  әдебиетінен  нәр  алған  қазақ  жазушылары  жоғарыдағы 

шығармаларды өмір шындығын көркем бейнелеп, Г.Х.Андресен, Ч.Диккенс, В.Гюго, Джек 

Лондон,  А.М.Горький,  А.С.Серафимович  сомдаған  кейіпкерлерді  қарақ  арасынан  көре 

білді  және  көрсете  білді.[1]  Жалпы  өзімнің  түйген  ойым  -  Мұхтар  Әуезовтың 

қорғансыздар  тақырыбы  аты  айтып  тұрғандай  қазақ  ауылындағы  қорғансыз  қарапайым 

халықтың  тұрмыс  -  тіршілігі,    өмір  сүру  кезеңі,  қиыншылықтары  туралы  суреттейді. 

Қаламгер  бұл  тақырыптық  идеяны  сол  кездегі  қарапайым  халықтың  осылайша  қиналып 

жазықсыздан,  жазықсыз  қиналып  отырғанын  көргеннен  кейін  осы  қорғансыздар 



251 

 

тақырыбын  алуына  себеп  болған  деп  ойлаймын.  Қаламгер  осы  шығармалары  арқылы  әр 



халықтың  қалай  қиналғанын,  жоғарыдағылардың  қалай  масаттанғаны,  қарапайым 

қазақтың  қаракөз  қыздарын  зорлап  өлімге  итермелегені  жайлы  бізге  көз  алдымызға 

суреттеп берді. Қарап отырсақ қазіргі таңда да осындай жағдайлар көптеп кездесу үстінде. 

Қазіргі  кезең  мен  бұрынғы  кезеңді  салыстыру  жермен  көктей  әрине,  қазіргі  таңда 

қарапайым  халыққа  жақсы  жағдай  жасалынған,  ал  бұрынғы  кезде,  жоғары  да  айтылған 

жағдайлар тек қана қорлық. Ал, пара беру ол бұрыннан келе жатқан үйреншікті де болып 

қалған жағдай. 

Адамдар барлық нәрсені сол пара беру арқылы шешеміз деп ойлайды, әрине ол сол 

мезетте  шешілуі  мүмкін,  бәлкім  бір  рет,  екі  рет,  үш  рет.    Бірақ  ол  мәңгілік  нәрсе  емес, 

ешқашан пара беру арқылы өзімнің жеке басымда болып жатқан қиындықты шешемін деп 

ойламыңыздар!  Тағы  бір  өзекті  тақырыптың  бірі  -  қазағымыздың  қаракөз  қыздары. 

Бұрынғы заманда қызды нәзік жан ретінде санамаған секілді, еш аяусыз өлтіру не болмаса 

қыздың  өзін  -  өзі  өлтіруге  мәжбірлеу.  Ал,  қазіргі  кезеңде  сыйлай  білетіндер  бұрынғыға 

қарағанда  көбірек.  Бірақ  жағымсыз  жағдайларда  аз  деп  айта  алмаймын.  Жалпы  менің 

түйген  ойым  осы,    қорғансыздар  тақырыбы  қазіргі  таңда  да  ең  негізгі  тақырып  деп 

білемін![5] 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет