ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Нұрғали Р.Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры - Астана: Күлтегін, 2017ж http://abai.kz/
2.Әуезов.М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 2017ж
http://adebiportal.kz/
3.Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. Астана: Таным, 2016ж http://malimetter.kz/
4.Дөнентаев С. Шығармалар. Алматы: Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет
баспасы, 2017 ж https://www.zharar.com/
ӘӨЖ 82,3
МҰСТАФА САЛҒАН СОҚПАҚ-ҰЛТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ҚАЙНАРЫ
АБЫТОВ Н.
Шымкент университетінің магистранты
Мақалада Мұстафа Шоқайұлының өмір жолы мен адал қызметі қарастырылады.
Сонымен қатар, Мұстафа Шоқайұлының ұлт тәуелсіздігін мәңгілік ету туралы
туындылары талданған.
Тәуелсіздік-азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің ұлы-өжет,
қызы-қайратты, халқы-қаһарман!
(Ә.Нұршайықов).
Әрбір елдің алдына қойған алып асқар таудай мақсат-мұраты, арман-тілегі бар. Ол
ежелден елдің асқақ арманы мен мақсаты, ежелден елдің сенімі, тірегі болды. Ол-
Тәуелсіздік.
Тәуелсіздік. Егемендік. Барлығы да ел тілегі, халық тірегі, ұлы сенімі. Осынау
сөздердің мәні тым тереңде жатыр. Тәуелсіздік. Бұл дегеніміз не? «Бұл-халқымыздың
252
бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» дейді
бірінші басшымыз Н.Ә.Назарбаев. Ия, Тәуелсіздік ол халық мұраты, елдің арманы,
арайлап атқан ақ таңы, жарқын болашағы, бүгіні мен ертеңін, ертеңі мен болашағын
жалғастыратын басты кепл, нышаны, айқын көрінісі.
Тәуелсіздік дегенде біздің ойымызға «тар жол, тайғақ кешуден» соқтықпалы,
соқпақты ер басына төнген ауыр күндер мен түндер, қару асынып, жаннан кешіп, шыбын
жанын нысанаға байлап, елі үшін аянбай күрескен батыр-бағландар, қайсар жандар ерлігі
мен өжеттігі, еліне деген жанқиярлығы, қасық қаны қалғанша жауға қарсы тұрғандығы,
ұлттық қасиетті ұмытпағандығы, бастысы ерлеріміздің, ардақты асылдарымыздың еліне
деген сүйіспеншілігі есімізге түседі.
Әрбір елдің азаттығы, тәуелсіздігі оңай жолмен келген жоқ, аспаннан сап ете түскен
де жоқ. Ол- ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген, ұлттық нышан, өшпес
рухтың айнымас серігі.
Халық. Қазақ. Қазақстан. Бұл сөздердіқұрайтын бір ғана ұғым бар. Ол-Тәуелсіздік.
Тәуелсіздік-тарих тұлпарының қос тізгіні, тарих тынысы, тылсым дүниесі.
Ал сол Тәуелсіз елдің бүгінде тұғырының биік, асқақ болуы-бір ғана елдің ғана емес, сол
ел қамы үшін от кешкен батыр, саясаткер ағалардың ерен еңбегінің де нәтижесі.
Елміздің бүгінгі таңда өркениет жайып, азат елге айналуы сол бір тарихи
оқиғалардың куәсі болған күндердің айғағы деп білеміз. Еліміздің азат ел болуы,
Тәуелсіздікке қол жеткізуі, алаңсыз күлкінің куәсі, бақытты балалық шағының алаңсыз
өтуі, жарқын болашағының бар екеніне сенім білдіруі бәрі-бәрі азамат ағаларымыздың
арқасында деп білеміз.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев : «Қазақта: өлі риза болмай, тірі байымас»
дегендей, Тәуелсіздік жолына бүкіл ғұмырын арнаған саяси, ресми тұлға, Түркістан
тұтастығы үшін күресіп өткен алты алаштың біртуар ұлы Мұстафа Шоқайдың Берлиндегі
мұсылман зиратындағы сүйегін Отаны Қазақстанға қайта оралту бүгінгі күн тәртібіндегі
мәселелердің бірі. Себебі, оның сүйегімен бірге Қазақстанға « Тәуелсіздік», «Түрк елі»,
«Түркістан тұтастығы» идеясы да оралар деп ойлаймын» [ 1,197б].
Мұстафа Шоқай нағыз сөз шеберінің де орнын ойып алары сөзсіз. Ол шынайы
қаламгер де болды. Сөз атасы Ахмет: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы
керек» [2,1б] деп санады. Мұстафа сол сөздердің жиынын құрап, елдің іргесін сақтау үшін
бар жанын салып, сөзбен елдің еңсесін биіктетті.
Мұстафа Шоқай халықтың азаматы болды. Ол бүкіл әлем жұртшылығы танитын,
халық қамын ойлайтын азамат ретінде мәңгілік санамыздан ойып орын алды.
Бүгінгі таңда бұрын атын атауға қорқатын біртуар азаматтарды халқымен
табыстырып, олардың сыры мен жұмбаққа толы өмірлерінің құпиясын ашуға мүмкіндік
берді.
Тек қазақ халқының ғана емес, иісі түркі жұртының тәуелсіздігін аңсаған, сол
тәуелсіздіктің көшбасшысы, көсемінің бірі болған, алты алаштың ардағы, қазақтың
біртуар, адал перзенті Мұстафа Шоқайдың туған жері Сыр өңірі, Қызылорда облысы,
Сырдария ауданы. Қазір де бұл кеңшарға Мұстафа Шоқай ауылы деп ат қойылған.
Халқымыздың біртуар азаматы, ардақты ұлы, түркі әлемінің аса көрнекті
қайраткерлерінің бірі Мұстафа Шоқайдың өз елімен шын мәнінде қауышуы оның рухани,
ғылыми мұрасының отандастарына оралуының жан-жақты Шоқайтанудың бастамасы деп
бағалағанымыз орынды.
Мұстафа Шоқайдың бүкілтүріктік идеясы мен тәуелсіздік жолындағы еңбектері бізге
қалдырған үлкен аманаты. Осы аманатты, Қазақ елін толық тәуелсіз елдің қатарында
253
болуға барынша еңбек ету, Еуропамен терезесі тең мемлекетке айналдыру- біздер мен
сіздердің борыштарыңыз!
Ұлттық тәуелсіздік пен мемлекеттік- қай халықтың болса да көздеген мақсат-мүддесі
болып қала бермек.
Елдің ертеңін ойлау, ол үшін еңбек ету-кез келген адам баласының міндеті.
Әуелі отбасындағы тәрбие, білім жауһарларын оятып, жақсыға үйрету, жаманнан
аулақ болу, бойымызды ұлттылыққа, патриоттыққа үйрету ұстанымдарды басты қағида
етіп алатын болсақ, онда біздің керегеміз кең, тереземіз тең болары хақ. Азаматтық
жолымыздан айнымай, жүрегімізді иманға, жан-жағымызды бауырмалдыққа, достыққа,
махаббатқа, сенімге бөлеп жүрсек, қуаныш сыйлап, еркіндіктің ақ таңдарын бағалай
білсек, біз ең тамаша ел боламыз. Тәуелсіздік оңай жеткен жоқ. Бар күшін, жанын,
арманын сарп еткен тұлғалардың жүрегінен жарып шыққан жалынды, рухты сөздерінің,
махаббатқа толы асыл сөздері- бұл өміріміздің, еркндігіміздің айқын айғағы деп білеміз.
Азаматттарымызды кішкентайынан ұлт жанды болуға тәрбиелей отырып, олардың
жүрегіне сенім, махаббатты, Отанға деген махаббатты үйрете аламыз.
Отанға деген шексіз махаббаты мен адал еңбегінің нәтижесінде халық жадында
ойып орын алған азаматымыз, телегей туындыларымен, ақыл-парасатының көркемдігімен,
қажыр-қайратының биіктігімен де өзінің ұрпағы үшін ел сүйетін ізгі азаматына айналды.
Өзінің бар арманы мен мақсатын халық өміріне арнап, жан аямай күресті. Тәуелсіз
еліміздің бүгінде арманын орындап, сеніміне сенім ұялатып, адамгершілік асыл
қасиеттердің бәрін де жоғары қою керектігін, білімді, саналы ұрпақ болатынына үлкен
қадамдар жасап кетті. «Адам ұрпағымен көрікті» дейді ғой. Расында да, саналы ұрпағы
бар, адал азаматтары бар, еңбек пен ізгі істердің бастамасын жасай алатын қайраты бар
халық қашан да бақытты.
Жүрегімізді махаббатқа, имандылыққа, сенімге, достыққа толтыруға ұмтылуымыз
керек. Бұның бәрі де әрине, отбасыдан бастау алады. Халық үшін қам жейтін азаматтың
бірінші міндеті де-осы отбасыдан көрген өнегеден басталады.
Тұңғыш Президентіміздің де арманына үн қосқан Мұстафаның рухты саясаты-
бүгінгі таңда елеулі жетістікке жетіп отыр. Мұстафаның «Түркістан» деп ұрандаған үнін
бүгінде еліміз арманына жеткізді. Бүгінде «Түркістан» еліміздің ең үздік қалаларына
айналып, әлем жұртшылығы білетін жерге айналды. Бүгінде гүлденіп, өзінің тамырын
тереңге жайып келеді. «Түркістанды-Түркі елі» деп те атап жүр. «Түркістан» қаласы
бүгінде еліміздің ең ғажайып қалаларының біріне айналып келеді. Елдің облыс
орталығына айналды. Күннен-күнге көркейіп келеді.
Елбасымыздың бар арманы: «Менің арманым-Қазақстанның «Мәңгілік ел» болуы.
Заман өтеді, адамдар өтеді. Тәуелсіздік қалады» [3,1б]. Елбасының ұтымды саясаты да, бар
арманы да Тәуелсіздік болғанын сеземіз. Әрбір сөзінен «Тәуелсіздік» ұғымының биік
екенін білеміз. Тәуелсіз елдің тұғыры да, арманы да биік болады. Алаңсыз бақытты
шағымыз, бар арманымыздың бастауы да бол алған осы «Тәуелсіздік» ұғымымен егіз. Сол
үшін елдігімізді, жасаған ерлік істерді ұмытпай, тілімізді шұбарламай, рухымызды
ешкімге таптатпай жүрер болсақ, сонда біз ең бақытты, ең мықты мемлекетке айнала
аламыз. Бұл арқылы біз барлық нәрсе де биік боларымыз анық.
Ұлт болашағы үшін қам жеген әрбір алаш азаматының тағылымы мол, бар
болмысыңа әсер ететін, ұлттылығыңды танытатын әрбір өткір, ұтымды ойлары қай адамды
болмасын толғандырмай қоймасы анық.
Міржақып атамыздың мына бір сөзі «Артықтан тағылым ал, кемге-үйрет» [4,1б] деуінде,
тағылымы мол адамды сыйлап, тану, оның жақсы ойлары мен игі істеріне мойынсыну-
келешек ұрпақтың қолынан келері сөзсіз.
254
Білімі мол, адамгершілігі жоғары, елінің ертеңін ойлайтын азаматтың ой арманында
үлкен тәрбие жатқанын байқауға болады.
Сондай асыл сөздің шолпанын жасаған «Мағжан» атамыз: «білімдінің сөзі-ем, мейірімі
көп, өзі кең» деп, үлкен баға береді.
Осынау асыл сөздерді тани отырып, алаш азаматтарын ең биік шынар деп айтсақ,
артық айтпағандығымыз. Әрбір адамзаттың бойына тағылым, тәрбие беретін мына бір
сөздердің өзінен қазақ елінің тамаша халық болғанын аңғаруымызға болады.
Ол халық жасауға, ел болуына, азаттықтың таңында оянуға қол ұшын беретін сол
елдің азаматтары деп білеміз.
Әлихан Бөкейханов елдің азаттық жолында аянбай еңбек етуін аңсайды. Ол:
«Алыспаған, жұлыспаған, бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан,
әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды»[5,1б] деп жазады. Расында
да, азаттыққа жету үшін күрес керек. Күрес арқылы жеңе білу- ең үлкен ерлік, жетістік.
Келешек ұрпақты намысты, тәрбиелі, адал адам етіп тәрбиелеу, ұлтжанды ел болуға баулу-
бүгінгі жастардың қолында. Ол үшін нағыз білім мен ел деген махаббат, сенім керек.
Сонда ғана біз ең биік, тұғырлы мемлекетке айнала аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |