Жетім - кейіпкері дүниеқоңыз, безбүйрек ағайынсымағы Иса мен оның «ұрысқақ
долы қатыны Қадишаның» өгейлік тепкісіне төзе алмай жанжалдасып шығып, қараңғы түн
ішінде ата - анасының зиратын іздеп келе жатып үрейі ұшып өлген он жасар кішкене
Қасым. «Қасым ұйықтаса, бақытқа жеткендей болып, өзін алдына алып, көзін сүртіп
жүрген әке - шешелерін көруші еді. Бәрі де - біз тіріліп келдік, енді өлмейміз. Сен
қорғансыз емессің, сен жыламайсың, сенің көз жасың бізді қайта алып келді... деуші еді»
Бұлда нағыз қорғансыз. Бірақ Қасым барлық қолынан келген қарсылығын жасады. «Мені
мұндай сорлы қылғандай не жазып едім... неңді жеп едім? Жазығым - қуарып қалған
жетімдігім бе?», - деп жерде жатқан үлкен тасты ала салып, төніп келіп қалған Исаны
тізесінен періп кеп жіберіп, далаға қарай қаша жөнеледі. Ғазиза да, Қасым да жас балалар
еді. Олар өзін - өзі қорғай алмады. Алайда біз олардың бойынан өршіл сезімдердің
ұшқынын сезгендей боламыз. Жазушының жазбақ болған идеясы да осы болған сиақты.
Жетім - әңгімесінде жетімдік тауқыметін тартқан он үш жасар Қасым, өгейлік тепкісінен
қашып, әке-шешесінің зиратына келіп қаза табады. Қараңғы түндегі табиғат құбылысы
үрейі ұшқан баланың ішкі сезімімен тұтасып, өте әсерлі бейнеленген. «…Бір мезгілде,
Қасым қорқып, дірілдеген жүрекпен маңайына жалтақтап әр нәрседен үркіп келе
жатқанда, күн жарқ етті…» Жетім балаға рахымсыздық жасаған тас бауыр жандардан
мейлінше түңілесің.Қай жерде жүрсеңдер де, қоғамнан өз өмірін таба алмай, өмірдің қиын
тағдырына ұрынып, жағымсыз қылықтарға әуестеніп кеткен адамдарға жек көрінішті
кейіппен қараудан аулақ болыңдар, өйткені ондай адамдардың арамызда көп болуына
қоғамдағы Иса сияқты адамдар, біздер кінәліміз. Әке – шешенің қамқорына зәру болған,
Қасым секілді Құрбы - құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар нұр
үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар.Осы жерде
кішкене өз ойымды айып өтейін. «Жетім» әңгімесінде бейнет - қыздыкы де, рақат-өгей
шеше мен оның балаларынікі. Өз үйінен ұрты толып тамақ ішпейтін бейшараға
көршілерден сұрап алатын құрт, бауырсағы да бұйырмайтын. Себебі өгей шеше тілеп
алған тамағын да, өз балаларына тартып алып береді. «Жетім» деген сөз қазақ халқына
жат, дегенмен қазіргі таңда қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелердің бірі. Не себепті
қоғамда жетім және ата - ана қамқорлығынан айырылған сәбилер мен балалар неге
кебеюде, ол кішкентай періштелерге кімнің жаны ашып, кім жәрдемдеседі, кім қамқор
болып, кім назарға алуда. Бұл сұрақтарға жауап алу қиын, жауап алсақта қорытынды
шығару қиын. Себебі, жетім балалар көбеймесе азайған жоқ. Қазақта «Жетім көрсең жебей
жүр», «Жетімнің көз жасы удан да ащы» деген сөздеріне қарамастан бұл мәселенің
күрделеніп келе жатқаны жасырын емес.
Өз басым жетім деген сөзді естіген кезде
жүрегім елжіреп кетеді. Иә, бірден көз алдымызға жетімдер үйіндегі терезе алдында
әрқайсысы өз ата - анасын күтіп, көздері жасқа толған балалар елестейді. Жалпы қазақ
әдебиетінде жетімдер туралы шығармалар өте көп. Өзіме бір жүрегімнен қатты орын алған
бір шығарма бар «Жетім қыздың монологы» мен осы монологты естіген кезімде жылаған
едім.... Әсерлі шығармалардың бірі. Міне, осы М.Әуезовтың «Жетім» шығармасы да өте
әсерлі, оқыған оқушыларға да, студенттерге де үлкен ой салары анық!
Жерде жетім жыласа,
Көкте періште қайғырады дейді.
250
Жетімін жылатпаған ел болайық![4]
Достарыңызбен бөлісу: |