Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет41/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   333
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Алматы 1999ж. 

2. Ж.Б.Қоянбаев ., Р.М. Қоянбаев. “Педагогика” Алматы 2010ж. 

3.  Қ.Қ.Жарықбаев.,  С.Қ.Қалиев.  “Қазақстандағы  педагогикалық  ой-пікірлер 

антологиясы” Алматы 2011ж. 

4. З.Әбілова “Этнопедагогика” Алматы 2010ж. 

 

 

 



 

 

ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 



 

СЕНГАЛИЕВА А.Р. 

 «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс магистрі  

Шымкент Университеті  

Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық 



қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор. 

Еліміздің  ұлттық  білім  беру  жүйесінде  «Қазақстандық  патриотизм»  ұғымы 

қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, 

туған  өлке  туралы  түсініктер  оқу-  тәрбие  үрдісінде,  сабақтан  тыс  іс-  шараларда 

Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді 

құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда. 

Ең  бастысы-жас  ұрпақ  бойында  Отанға,  туған  еліне  деген  сүйіспеншілік  сезімін 

қалыптастыру.  Жастар  тәрбиесіндегі  басты  ұстаным-  өзін-өзі  басқаруға  мүмкіндік 

беріп,  еркіндікті,  сөз  бостандығын,  пікір  бостандығын  сездірту,  олардың 

ұстанымдарымен санасу. 

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген 

сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды 

ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс. 

Елбасымыздың «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» атты  мақаласы-  қоғам 

дамуына  тың  серпін  беріп,  барша  қазақстандықтардың  жаппай  қолдауына  ие  болар 

тарихи  бастама.  Бұл  игі  бастаманы  ел  ішінде  насихаттап,  лайықты  жүзеге  асыру- 

баршамыздың міндетіміз. 

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше 

міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын 

рухани  ұстанымды  сақтап  қалу.  Құндылықтарымыз  бен  озық  дәстүрімізді  табысты 

жаңғырудың  алғышартына  айналдыра  білу.  Бұл  ретте,  Елбасы  «Жаңғыру  жолында 



73 

 

бабалардан  мирас  болып,  қанымызға  сіңген,  бүгінде  тамырымызда  бүлкілдеп  жатқан 



ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті. 

«Президент  рухани  жаңғырудағы  ұлттық  сана-сезім  көкжиегін  кеңейтуде  екі 

нәрсенің  басын  нақты  ашып  беріп  отыр.  Оның  бірі  ұлттық  код,  ұлттық  мәдениет 

сақталмаса,  ешқандай  жаңғырудың  болмайтындығы.  Екіншісі,  алға  басу  үшін  ұлттың 

дамуына  кедергі  болатын  өткеннің  кертартпа  тұстарынан  бас  тарту.  Мұндағы  басты 

идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау», 

- деді ол. 

Елбасының  идеясы  тарихқа  деген  көзқарасты  түзету  мен  ұлттық  бірегейлікті 

сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Елбасының «Бізге 

тарих  туралы  өздерінің  субьективті  пайымдарын  тықпалауға  ешкімнің  қақысы  жоқ»,- 

деуі шешімді пікір. 

Рухани  жаңғыруда  қойылып  отырған  маңызды  мәселенің  бірі  «сананың 

ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл 

біздің  ғаламдық  үрдіске  толыққанды  араласуымызға  жол  ашады.  Әлемдік  озық 

тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық. 

Жасөспірімдерде  ересектермен  және  құрдастарымен  қарым-қатынаста  өзін-өзі 

көрсетіп, 

білдіру 


қажеттілігі 

болады. 


Бұл 

жастағы 


өзін-өзі 

танытуүлгілеріжағымды:өзін-өзі  жетілдіру,  жақындарына  қамқорлық,  күрделі 

отбасылық  мәселелерді  шешу,  спорт,  білім  игеру  т.б.  және  жағымсыз  болуы  мүмкін: 

мінез-құлық  нормаларынан  ауытқудың  түрлі  формалары.  Өзіне-өзі  сенімсіздіктің 

сыртқы  көрінісіне  реніш,  бірбеткейлік,  жасөспірімнің  агрессиясы,  жанжалдасу, 

эмоциялық  қозу,  көңіл-күйдің  құбылмалы  болуы,  ештенеңі  жақтырмау  жатады.  Егер 

жасөспірім  үшін  «мен  –  мінсізбін»  қолжетімді  болып  көрінсе,  онда  ол  өзін-өзі 

тәрбиелеу мен жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыруды бастайды. 

Өзін-өзі  бағалаудың  белгілі  бір  деңгейі  жасөспірімнің  өзіне  деген  сенімділігін, 

сынауын, немесе асқан сенімділік пен бірбеткейлікті тудырады. Әдетте өзінің бағасын 

білетін  жасөспірімдер  жоғары  әлеуметтік  мәртебеге  ие  және  оқуларында  да  күрт 

өзгерістер  жоқ.  Өзін-өзі  төмен  бағалайтын  жасөспірімдер  депрессия  мен  пессимизмге 

бейім келеді. 

Психологияда  баланың  психикалық  денсаулығы  оның  дамуының  маңызды 

факторына  жатады.  Мұндай  рухани  денсаулық  психикалық  ауытқушылық  және 

бұзылулар  призмасы  арқылы  бағаланады:  белгілі  бір  патологиялық  симптомдарың 

болмауы  шартты  түрде  деннің  саулығына  теңестіріледі.  Алайда  Дүниежүзілік 

денсаулық  сақтау  ұйымының  (ДДСҰ)  жарғысында  денсаулық  дегеніміз  тек  қана 

аурулар  мен  физикалық  кемістіктердің  жоқ  болуы  ғана  емес,  физиологиялық,  рухани 

және әлеуметтік әл-ауқаттың болуы деп көрсетілген. 

Сарапшылар  психикалық  денсаулықтың  көптеген  проблемалары  балалық  және 

ерте жасөспірімдік кезеңде кездесетінінайтады. ДДСҰ мәліметтері бойынша, 12 мен 17 

жас аралығындағылардың 4 пайызы және 18  жастағылардың 9 пайызы түрлі  салдарға 

душар  ететін  психикалық  бұзылыстардың  кең  тараған  түрі  күйзелістен  зардап  шегіп 

келеді  екен.  Барлық  психикалық  денсаулық  бұзылыстарының  жартысы  14жастан 

басталынады,  алайда  көпшілігі  байқалынбайды  және  емделмей  қалып  кетеді, 

салдарында бұл өмір бойы адамның психикалық денсаулығына әсер етіп отырады.

 

Қазіргі  таңда  ересектерде  байқалған  көптеген  психикалық  бұзылулар  балалық 



шақтан  бастау  алады  деген  дәйек  мойындалды.  Жасөспірім  кезеңде  депрессия  мен 

суицидтік  мінез-құлық  сияқты  көптеген  психикалық  проблемалардың  таралуы 

айтарлықтай артады. 

ДДСҰ  мәліметі  бойынша  еуропа  аймағында  шамамен  екі  миллион  жастар 

психикалық  денсаулық  проблемаларымен  –  күйзелістен  бастап  шизофренияға  дейін  -

зардап шегеді  және олардың көпшілігі қандай да бір көмек немесе  ем қабылдамайды. 

Ал  дүние  жүзі  бойынша  балалар  мен  жасөспірімдердің  20  пайызында  психикалық 



74 

 

денсаулық мәселелері кездеседі. Көптеген психикалық бұзылулар қайталанып отырады 



немесе  созылмалы  болып  келеді.  Қазіргі  кезде  психикалық  бұзылулар  бұрынғыға 

қарағанда  жас  қыздар  арасында,  әсіресе  депрессиялық  симптомдармен  бірге  жиі 

диагноз қойылады. Күйзелістің жастар арасындағы суицид мәселесіне қатысы бар. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес 2011 жылы шамамен 7000 бала 

және  13000  жасөспірімдепсихикалық  және  мінез-құлық  бұзылуының  бастапқы 

диагнозы  қойылған,  бұл  сәйкесінше  балалар  мен  жасөспірімдер  арасында  100  000 

тұрғынға  шаққанда  170,1  және  166,9  жағдайға  сәйкес  келеді.  Бұл  шын  мәнінде,  тіпті 

үлкен  алаңдаушылық  тудырады,  себебі  бұған  дейін  53  000  науқас  шизофрения  және 

3500 аффективных бұзылулары бар 3 500 науқас ем қабылдаған. 

Сондай-ақ,  көптеген  мемлекеттер  өздерінің  психикалық  денсаулықты  қорғауға 

бөлген  қаражаттарының  70  пайызын  психиатриялық  ауруханалардағы  ұзақ  уақыт 

күтімге жұмсайды (бұл мемлекеттер ішінде Қазақстан да бар). ДДҰ сарапшылары, егер 

елдер  бастапқы  медициналық-санитарлық  көмек  пен  кеңес  беру  деңгейіне  бөлінетін 

шығындарды  көбейтсе,  онда  адамдардың  ауқымды  бөлігін  қамтуға  болады  және 

көптеген  ауруларды  болдырмауға,  қымбат  тұратын  стационарлық  көмекке  деген 

қажеттілікті төмендетуге болатындығын айтады. 

Жалпы  алғанда,  балалар  мен  жасөспірімдердің  денсаулығы  көптеген 

факторларға  тәуелді:  дұрыс  тамақтану,  күнделікті  тәртіпті  сақтау,  таза  ауада  жүру, 

қозғалыс белсенділігі, шынығу процедуралары, психологиялық жайлылық. Бұған қоса, 

білім  беру  жүйесі  баланың  дамуында  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ететін  маңызды 

денсаулық  факторы  болуы  керек.  Бүгінгі  таңда  білім  беру  ортасында  жасөспірім 

ақпараттық  және  эмоциялық  күйзелісті  бастан  кешіруде.  Сондықтан,  білім  беру 

үдерісінің  негізгі  мақсаты  жасөспірімдердің  тұлғалық  дамуында  қауіпсіз  мектеп 

оратсын жасау болуы тиіс. 

Осылайша, жас ұрпақ дамуында психикалық денсаулық маңызды рөл атқарады. 

Осы орайда балалар мен жасөспірімдердің психикалық ауытқуларының алдын алу өте 

маңызды.  Себебі,  бұл  ел  болашағына  тікелей  әсер  етеді.  Егер  бұған  бізбүгін  күш 

салмасақ, ертең тым кеш болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет