Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет44/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

1.Бабенкова,  Р.Д.  Обучение  технике  письма  учащихся  с  церебральными 

параличами. Методические рекомендации / Р.Д. Бабенкова. - М. Просвещение, 2012. 

2. Бадалян, Л.О. Детская неврология./ Л.О. Бадалян.- М. Просвещение, 2015. 

3.Бадалян, Л.О. Детские церебральные параличи./ Л.О. Бадалян, Л.Т. Журба, О.В. 

Тимошина. – М. Просвещение, 2014ж. 

4.Безруких,  М.В.  Леворукий  ребенок  в  школе  и  дома./  М.В.  Безруких.  -

Екатеринбург: 2015ж. 

 

 



 

 

ӘОЖ 37.011.3 



 

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЛИДЕРЛІК САПАЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ   

 

ТОҚТАСЫН І.А.  

Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты 

Алматы университеті 

  

XX  ғасырдың  соңы  мен  XI  ғасырдың  басында  әлемнің  саяси-экономикалық 

саладағы  өзгерістер  нәтижесінде  қоғамның  дүниетанымы  мен  менталитетінде  де 

өзгерістер  пайда  болады.  Жалпы  адамзаттық  құндылықтардың    бағалануы  арта  түсті, 

авторитарлық  педагогиканың  орнына  қоғамның  ең  жоғары  құндылығы  ретінде  тұлға 

даралығын  танитын  ынтымақтастық  педагогикасы  келді.  Қазіргі  кезде  барлық  оқу 

орындарындағы  оқу-тәрбие  беру  үдерісі  жаңа  білім  беру  парадигмасын  басшылыққа 

ала отырып, әрбір білім алушыға гуманистік тұрғыдан келуге негізделеді. Елдің саяси 

құрылымындағы өзгерістер тұлғаның адамгершілік-әлеуметтік қасиеттерін дамытуға да 

әсер  етті.  Қазіргі  таңда  болашақ  педагогтардың  адамгершілік,  белсенділік,  жігерлілік, 

бәсекеге  қабілеттілік,  тапқырлық  т.б.  қасиеттері  құрайтын  лидерлік  сапаларын 

дамытуға  баса назар аударылуда.  

Көптеген  ғылыми  зерттеулерде  қазіргі  заманғы    лидер  алғашқылардың  бірі 

болуға,  үнемі  өзін-өзі  жетілдіруге,  өзінің  таланттары  мен  қабілеттерін  ашуға,  өзін-өзі 

белсендіруге,талпынуы тиіс екендігі баяндалады.  

Демек  ғалымның  пікірінше  біздің  зерттеу  мәселемізге  байланысты  болашақ 

педагогтардың ынталы әрекеттері лидерлік сапаларының дамуына  ықпал етеді. Осыған 

орай жоғарыдағы ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек болашақ педагогтардың лидерлік 

сапаларының  дамытуда  белсенділік,  инициативтілік,  жігерлілік,  мотивация,  ынта, 

жауапкершілік т.б. қасиеттер маңызды орын алады. Жоғары оқу орнында студенттердің 

лидерлік  сапаларын  дамыту  практикалық  іс-әрекет  саласында  топтық  міндеттерді 

шешуге  психологиялық  дайындығы  барысында,  топтағы  жеке  субъектілердің  іс-




78 

 

әрекеттері  мен  өзара  әрекеттестігінде  тұлғалық  сапаларының  басымдылығы  негізінде 



қалыптасады.  Ынта,  жауапкершілік,  белсенділік,  жігерлілік,  мотивация  т.б.  қасиеттер 

жиынтығы  болашақ  педагогтарға  инициативтілік  потенциалын  жүзеге  асыруды 

қамтамасыз ету үшін қажетті сапалар болып табылады [1]. 

Сапа  –  объектінің  сипаттамасын,  оның  қасиеттерінің  жиынтығын  көрсететін 

философиялық категория.  

Кейбір  ғалымдар  зерттеулерінде  лидерде  кездесетін  сапаларды  төрт  топқа  бөліп 

қарастырылады: 

1. Физиологиялық сапалар  – жағымды сыртқы келбет, дауыс, денсаулық, жоғары 

жұмысқа қабілеттілік, жігерлілік, сымбаттылық. 

2.  Психологиялық  сапалар  –  тұлғаның  типтері  (экстраверт,  интроверт), 

темперамент  (флегматик,  сангвиник,  холерик),  өктемдік,  агрессивтілік,  басымдылық, 

тәуелсіздік, шығармашылық, жасампаздық, еркіндік.  

3.  Интеллектуалдық  сапалар  –  жоғары  интеллект:  ақыл,  логика,  интуитивтілік, 

энциклопедиялық таным, ақыл-ой өрісінің кеңдігі, білімділік, бірегейлік. 

4. Іскерлік және тұлғалық сапалар – ұйымдастырушылық, тәртіптілік, сенімділік, 

дипломатикалық,  коммуникабельділік,  икемділік,  дербестік,  жуапкершілік,  игілік, 

әділдік, өнегелік, көрегендік, құштарлық,  

Жоғарыдағы  ғалымдар  зерттеулеріне  жасалған  талдау  қазіргі  таңда  лидердің 

өзіндік сапаларының тұрақты тізімі жоқ екендігін көрсетеді. Бұл лидерлік сапалардың 

сан  алуан  түрлі  жағдайда  байқалатыны  және  салыстырмалы  сипатқа  ие  екендігі 

жөнінде  тұжырым  жасауға  мүмкіндік  береді  Осыған  орай,  білім  беру  жүйесіндегі 

педагог  тұлғасын  және  оның  әлеуметтік  маңызды  сапаларын  зерттеген  ғалымдар 

еңбектеріне назар аударылды.  

Л.М.Митина  мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекеті  үшін  маңызды  психологиялық 

сапаларды  бөліп  көрсетеді:  педагогикалық  бағыттылық,  педагогикалық  эрудиция, 

педагогикалық  мақсатты  тұжырымдаушылық,  педагогикалық  ойлау,  педагогикалық 

интуиция,  педагогикалық  байқампаздық,  педагогикалық  оптимизм,  педагогикалық 

тапқырлық, педагогикалық рефлексия [2].  

Болашақ  педагогтардың  лидерлік  сапаларын  дамытуда  жоғарыда  бөліп 

көрсетілген  психологиялық  сапалардың  ішінде  педагогикалық  бағыттылық  маңызды, 

ол  қарым-қатынастағы  педагогикалық  іс-әрекеттің  мәнін  анықтайды.  Кәсіби  іс-әрекет 

түрлеріндегі  кәсіптік  маңызды  сапалар  кешеннің  өзіндік  ерекшеліктерімен  қатар 

тұлғалық сапалар да анықталған [3]. 

А.К.Тихонов  қазіргі  заманғы  педагогтың  кәсіптік  маңызды  қасиеттерін  бөліп 

көрсетеді:  мақсаттылық,  ішкі  тұтастық,  ойлаудың  жүйелігі,  ұйымдастырушылық, 

инициативтілік,  үйірімділік,  сенім  тудыру,  өзін-өзі  бақылау,  табандылық,    айту, 

сендіру, тыңдау, есту біліктілігі, т.б. [4]. 

Е.В.  Андриенко  педагогикалық  іс-әрекеттің  өзіндік  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  педагогтың  лидерлік  сапаларының  екі  тобын  бөліп  көрсетеді.  Бірінші  топқа 

табысты қарым-қатынасқа мүмкіндік беретін сапаларды жатқызады: көпшілдік, басқаға 

бағыттылық,  ынтымақтастыққа  икемділік,  эмпатия,  әдептілік,  өнегілілік,  сабырлылық, 

эмоциялық  тұрақтылық,  жаңа  рөлді  меңгеруге  икемділік,  шеберлік.  Екінші  топ 

сапаларын 

педагогикалық 

еңбектің 

ерекшеліктерімен 

анықтайды: 

жоғары 


интелллектуалдық  икемділік,  сыни  және  жылдам  ойлау,  шешендік,  өзіне  сын  көзбен 

қараушылық, дербестік, ынталылық т.б. [5].   

О.Тидтің  пікірінше,  лидердің  әмбебап  қасиеттері:  физикалық  және  эмоциялық 

төзімділігі,  ұйымдастыру  әрекетінің  мақсаты  мен  міндеттерін  түсінуі,  энтузиазм, 

достық, өнегелілік, адамда сенім тудыруға қабілеттілік  болып табылады [6].  

Жоғарыдағы  ғалымдардың  идеяларын  қорыта  отырып,  зерттеуімізде  болашақ 

педагогтардың  лидерлік  сапалары  кәсіби  іс-әрекетін  табысты  орындауды  қамтамасыз 

ететін, тұлғаның топпен өзара әрекеттесу қабілеттері мен  қасиеттерінің жиынтығы деп 




79 

 

тұжырымдалады.  Оыған  байланысты  болашақ  педагогтардың  лидерлік  сапаларының 



құрауыштары:  жеке  тұлғалық  сапалар;  әлеуметтік-психологиялық  сапалар 

ұйымдастырушылық-іскерлік  сапалар  айқындалып,  мазмұндары  төмендегідей 

сипатталды: 



1.  Жеке  тұлғалық  сапалар  (мінез-құлық  пен  тәртіп  ерекшеліктері  және 

адамгершілік  қасиеттер)    дүниетаным,  әлеуметтік  белсенділік,  демократизм, 

патриотизм,  жауапкершілік,  толеранттылық  (сабырлылық),  салауатты  өмір  салтына 

бағдарлық,  батылдық,  мақсаттылық,  өзіне  және  өзінің  күшіне  сенімділік,  оптимизм, 

мобилділік, табыстылық, шешім қабылдаудағы дербестік, субъектілік, шығармашылық, 

үздіксіз  өзін-өзі  дамытуға  және  өздігінен  білім  алуға,  өзін-өзі  басқаруға, 

шығармашылық  өзін-өзі  танытуға,  объективті  өзін-өзі  бағалауға,  өзін-өзі  бақылауға 

қабілеттілік, индивидті топтың лидер ретінде қабылдауы, лидерлік статусы мен беделін 

мойындауы.  

2. Әлеуметтік-психологиялық сапалар (басқа адаммен қарым-қатынаста көрінетін 

коммуникативтік  қасиеттер)  коммуникабельділік,  басқа  адамды  түсіну  қабілеті 

(эмпатия),  көпшілдік,  ашықтық,  мінез-құлықтың  икемділігі,  зейіні,  қайырымдылық, 

мәселені  және  кикілжіңді  шешуге  қабілеттілік,  келісімге  келуге  бейімділік, 

тұлғааралық  қатынастың  тиімді  әдістері  мен  тәсілдерін  меңгеру,  эмоциялық 

тартымдылық, рефлексия, шешендік өнерге қабілеттілік, соңынан ерушілердің өзін-өзі 

жүзеге асыруы үшін жағымды атмосфера жасай білуге қабілеттілік. 

3.  Ұйымдастырушылық-іскерлік  сапалар  (интеллектуалдық,  іскерлік  және 

ұйымдастырушылық  қасиеттер)  сыни  ойлау,  креативтілік,  алдына  мақсат  қоюшылық, 

жігерлілік,  жинақылық,  болашаққа  үміт  арту,  жағдаятқа  сезімталдық,  топты  құру 

қабілеті,  ұжымның  мақсаты  мен  құндылығын  қалыптастыру,  серіктестік  сезімі, 

қойылған мақсатты шешуге топты ұйымдастыруға қабілеттілік, топ мүшелері арасында 

қызметті  бөлу  біліктілігі,  міндеттерді  орындауға  мотивациялау  қабілеті  және  оларды 

міндеттерді  орындауға  шабыттандыру,  жұмысты  үйлестіру  қабілеті,  ынталандыру, 

қиын  сәттерде  қолдау  көрсете  білу,  бірлескен  іс-әрекеттің  нәтижелерін  бақылауға 

қабілеттілік,  лидердің  соңынан  ерушілердің  және  оның  идеясын  тыңдаушылар  мен 

орындаушылардың  болуы,  лидердің  іс-әрекетіне  еліктеушілердің  болуы,  лидердің 

мойындалған  қасиеттері.  Лидерлік  статус  болашақ  педагогтардың  жеке-тұлғалық 

сипаттамалары мен кәсіби құзыреттіліктерін қамтамасыз етеді (1-кесте).  

 

Кесте 1- Болашақ педагогтардың лидерлік сапаларының жіктелуі 



Сапалар тобы 

Сапалардың сипаттамасы 



Жеке-тұлғалық  сапалар 



(мінез-құлық пен тәртіп 

ерекшеліктері 

және 

адамгершілік 



қасиеттер) 

Құндылық,  қайырымдылық,  әлеуметтік  ерікті  белсенділік, 

демократизм, жауапкершілік, сабырлылық, салауатты өмір 

салтына бағдарлық,  батылдық,  мақсаттылық,  толеренттық, 

шығармашылық, субъектілік,  

үздіксіз  өзін-өзі  дамытуға  және  өздігінен  білім  алуға, 

объективті 

өзін-өзі 

бағалауға, 

өзін-өзі 

бақылауға 

қабілеттілік,  индивидті  топтың  лидері  ретінде  қабылдауы, 

оның лидерлік статусы мен беделін мойындауы 

 Әлеуметтік-

психологиялық  сапалар 

(басқа  адаммен  қарым-

қатынаста 

көрінетін 

коммуникативтік 

қасиеттер) 

Басқа  адамды  түсіну  қабілеті  (эмпатия),  көпшілдік, 

ашықтық, мінез-құлықтың икемділігі, зейіні, мәселені және 

кикілжіңді болдырмау және шешуге қабілеттілігі, келісімге 

келуге  бейімділік,  болашаққа  үміт  арту,  тұлғааралық 

қарым-қатынастың тиімді әдістері мен тәсілдерін меңгеруі, 

эмоциялық  тартымдылық,  рефлексия,  шешендік  өнерге 

қабілеттілік, жағымды атмосфера жасай білу қабілеттілігі.   

Ұйымдастырушыл

Сыни  ойлау,  шығармашылық  белсенділік,  креативтілік, 



80 

 

ық-іскерлік 



сапалар 

(интеллектуалдық, 

іскерлік 

және 


ұйымдастырушылық  –

жасампаз қасиеттер): 

 

алдына  мақсат  қоюшылық,  жігерлілік,  жасамапаздық, 



жинақылық,  жағдаятқа  сезімталдық,  топты  құру  қабілеті, 

ұжымның  мақсаты  мен  құндылығын  қалыптастыру, 

серіктестік  сезімі,  қойылған  мақсатты  шешуге  топты 

ұйымдастыруға  қабілеттілік,  топ  мүшелері  арасында 

қызметті 

бөлу 


біліктілігі, 

міндеттерді 

орындауға 

мотивациялау қабілеті, жұмысты  

үйлестіру  қабілеті,  ынталандыру,  қиын  сәттерде  қолдау 

көрсете білу, бірлескен іс-әрекеттің нәтижелерін бақылауға 

қабілеттілік, 

соңынан 


ерушілердің 

және 


идеясын 

тыңдаушылар  мен  орындаушылардың  болуы,  іс-әрекетіне 

еліктеушілердің болуы. 

 

Зерттеу барысында бөліп көрсетілген болашақ педагогтың лидерлік сапаларының 



ішінде, педагогқа ғана тән өзіндік ерекше және басқа кәсіби іс-әрекет лидерлеріне тән 

жалпы  сапалар  да  кездеседі:  білім    алушыларды  қойылған  мақсатқа  бағыттайтын 

ақылдың аналитикалық құрылымы, инновациялық шешім қабылдау; өзін ынталандыру, 

күрделі  жағдаятта  оны  шешуге  шабыттандыру,  педагогикалық  эмоциялық  әсер  және 

бедел; педагогикалық толеранттылық; байқампаздық, кері байланыс алу біліктілігі, тез 

шешім қабылдау,  т.б.  

Қорыта  келгенде,  жоғарыдағы  айтылғандар  белгілі  бір  педагогикалық  шарттар 

негізінде  болашақ  педагогтардың  лидерлік  сапаларын  дамыту  қажет  деп 

тұжырымдауымызға негіз болды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет