Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет58/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   333
 

 

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 

 

                                             КАСЕНБАЕВА К.К.,КАДИРОВА И.Ж. 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері 

Ғылыми жетекші: АХАТАЕВА Ғ.Б. 

Алматы қаласының Алматы университетінің п.ғ.к., аға оқытушы 

 

Болашақ ұрпақтың саналы азамат болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға қарай 



жетелейтін  күш  –  білім.  Ғылым  мен  техниканың  дамуы,  қоғамның  өсіп  өркендеуі, 

еліміздің  өркениетті  елдер  қатарынан  орын  алуы  оның  білім  беру  жүйесінің  даму 

дәрежесімен тығыз байланысты. 

Білім  беруді  ізгілендіру,  демократияландыру  бағытын  өрістетудің  мәні  пәндерді 

оқыту жүйесін жеке тұлғасының құрылымымен, оның даму заңдылықтарымен сәйкестікте 

ұйымдастырудан  көрініс  табады.  Оқушылардың  өзін-өзі  тануына,  өзіндік  санасының 

өсуіне,  оның  дара  тұлға  ретіндегі  қасиеттерінің  қалыптасуына  мүмкіндік  туғызу  жаңа 

педагогикалық  парадигманың  өзегін  құрайды.  Оқушыларға  белгілі  білім  негіздері 

бойынша  дайын  фактілерді  жаттанды  түрде  оқытып,  қажетті  іскерлік-дағдыларды  үстірт 

қалыптастырумен  шектелмей,сол  білімді  оқушылардың  саналы  түрде  өздігінен  игеруіне 

жол  көрсетіп,  шығармашылықпен  ізденуіне  бағыт  берудің,  жас  ұрпақтың  бойында 

белсенді өмірлік позицияларды, өз ісіне деген биік жауапкершілікті, еңбекке деген саналы 

қарым-қатынасты,  сөз  бен  істің  бірлігіне  негізделген  адамгершілік  қасиеттерді 

қалыптастырудың  жолдарын  айқындау  педагогика,  психология,  дербес  пәндерді  оқыту 

әдістемесі ғылымдарының жаңа бағытын қажет етіп отыр. Сондықтан әр баланы ана тілін 

терең  меңгерген,  ұлттық  мұраны  құрметтейтін,  іскер,  шығармашыл,  дүниетанымы  мол, 

зиялы да инабатты тұлға етіп тәрбиелеу – әр мұғалімнің міндеті. 

Осы  тұрғыдан  келгенде  білім  беру  жүйесінде  жас  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеудің 

технологиясын  жаңартуға  бағытталған  көптеген  міндеттер  жүзеге  асуда.  Мұндай 

жаңартулар  мен  өзгерістер  «педагогикалық  технология»  деген  ұғыммен  тығыз 

байланысады.  «Технология»  деген  сөздің  түп-төркіні  латынның  «техне,  өнер,  шеберлік, 

кәсіп»  деген  сөзінен  шыққан.  «Логос»  латынша  ғылым  деген  мағынаны  білдіреді.  

«Техника»  сөзінің  негізінде  екі  мағынасын  аңғаруға  болады.  Біріншісі  өндіріс 

құралдарының жиынтығын білдірсе, екіншісі бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер 

жиынтығын  білдіреді.  Демек,  технология  ұғымы  тәсілдердің  жүйесі,  қандай  да  болсын 

істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ілімді, мағынаны білдіреді . 

Қазіргі кезеңде «педагогикалық технология» – оқытушының практикалық қызметінде 

жүзеге  асатын  педагогикалық  жүйенің  логикалық  негізделген  жобасы  (моделі). 

М.В.Кларин  педагогикалық  технологияны:  «...  педагогикалық  мақсатқа  қол  жеткізу  

жолындағы  қолданылатын  барлық  қисынды  ілім,  амалдар  мен  әдіснамалық  құралдардың 

жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», – деп түсіндіреді . 



104 

 

Ал  В.П.Беспалько:  «Педагогикалық  технология  –  тәжірибеде  жүзеге  асырылатын 



белгілі бір педагогикалық жағдайға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер, оның құрамды бөлігі 

ғана» деп анықтама береді . 

В.В.Воронов:  «Педагогикалық  технология  –  бұл  тиімді  оқыту  жүйесін  құрумен 

айналысатын жаңа бағыт»  – десе, М.Чошанов: «Технология – бұл дидактикалық жүйенің 

құрамды  бөлігі»,  –  деген  анықтама  береді.  Ал  шетел  сөздерінің    сөздігінде  мынадай  

анықтама  берілген:  «Технология»  –  өндірістік  процесті  жүргізудің  әдістері  мен  тәсілдері 

жайлы  білім  жиынтығы».  Көріп  отырғанымыздай,  технология  ұғымына  берілген 

анықтамалар әр түрлі. 

«Педагогикалық  технология»  ұғымының  әр  түрлі  тұрғыдан  анықталуы,  оның 

түрлерінің  және  тұжырымдамалық  негізі  мен  сипаттамасының  көптігі  бұл  феноменнің 

мәнін теориялық және практикалық тұрғыдан талдауды қажет етеді. 

Айтылғандарды  айқындау  үшін  өндіріс  саласында  ғана  емес,  педагогикалық  теория 

мен  практикада  да  тұрақты  бекітілген  «технология»  ұғымының  шығу  тарихына 

(этимологиясына) қысқаша тоқталамыз. 

Технология  сөзі  (techne-өнер,  шығармашылық,  logos-  ілім)  грек  тілінен 

аударылғанда: 

а) өндіріс процесінде шикізат, материал немесе жартылай фабрикаттың формаларын, 

қасиеттерін,  жағдайларын  өңдеу,  дайындау,  өзгерту  әдістерінің  жиынтығы,  мысалы: 

металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы

ә)  өндірістің  сәйкес  келетін  құралдарымен  шикізат,  материал  немесе  жартылай 

фабрикатқа әсер ететін тәсілдер туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. 

Екі  түбірдің  бірлігінен  өндірістік  процестерді  жүргізу  құралдары  мен  тәсілдері 

жөніндегі  білімдер  жиынтығы,  шеберлік  туралы  ғылымды  немесе  ілімді  білдіретін  сөз 

құралады. 

40-50  жылдары  оқу  процесіне  техникалық  оқыту  құралдарын  ендіру  басталғанда, 

«оқыту  технологиясы»  ұғымы  пайда  болып  келесі  жылдары  бұл  ұғым  «педагогикалық 

технологияға»  өзгертілген.  50-60-шы  жылдардың  ортасында  бұл  ұғым  еліміздің  және 

шетелдің 

педагогикалық 

басылым 


беттерінде, 

халықаралық 

конференция 

материалдарында  кеңінен  талқыланып,  оған  түсінік  берудің  екі  бағыты  анықталды. 

Алғашқы  бағыт  техникалық  оқыту  құралдарымен  байланысты  болған,  ал  екінші  бағыт 

«оқыту  технологиясы»  ретінде  белгіленді.  60-шы  жылдары  оқытудың  технологиялық 

тәсілі  қалыптасады.  Оның  қалыптасуы  американдық  психолог  Б.Скиннер  негізін  қалаған 

материалды меңгеруді  ақпараттың бөліктерін жүйелі  бағдарлама ретінде құрастыру  және 

оны бақылау арқылы басқарудың тиімділігін арттыруды ұсынған бағдарламалық оқытумен 

тығыз байланысты. 

 Бағдарламалық оқыту идеясының мәні оқу процесінің ерекшеліктері, заңдылықтары 

туралы  білімді  шоғырландырудан  тұрады.  70-ші  жылдары  компьютерлік-бағдарламалық 

құралдарды  қолдану  арқылы  ақпаратты  өңдеудегі  өзара  байланысты  процестерінің 

құрылымы  ретінде  түсіндірілетін  «оқытудың  ақпараттық  технологиясы»  туындады. 

Кейінірек жоғары білім беру саласында мамандарды дайындаудың болашақтағы жүйесінің 

бірі  өзін  ақпараттық,  бағдарламалық,  әдістемелік  құралдардың  күрделі  кешені  ретінде 

көрсететін дистанциялық оқыту технологиясы пайда болды. 80-жылдары техникалық және 

компьютерлік  жүйелердің  дамуы  салдарынан  «педагогикалық  технология»  және  «оқыту 

технологиясы»  ұғымдары  оқу-  тәрбие  процесін  ұйымдастыру  және  басқару  әдістері  мен 

құралдарының жүйесі ретінде жете түсіндіріле бастады. 

Біз  алдымен  «оқыту  технологиясы»,  «педагогикалық  технология»,  «инновациялық 

педагогикалық  технология»  терминдерінің  мағынасын  түсініп,  тереңірек  біліп  алуымыз 




105 

 

керек.  Ол  үшін  әлемдік  педагогикалық  тәжірибедегі  «технология»  ұғымының  тарихына 



көз жүгірткен жөн.  

«Техника» ұғымының екі мағынасы бар екені айқын: 

 

біріншісі- өндіріс құралдарының жиынтығы; 



 

екіншісі- бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы 



Оқытуды  технологияландыру  туралы  ойды  осыдан  400  жыл  бұрын  Я.Каменский 

айтқан болатын (А.Кузбецкий). 

 «Оқыту  технологиясы»  (ОТ)  терминін  алғаш  рет  АҚШ-та  қолдана  бастады. 

Польшаның  белгілі  дидактиктері  У.Куписевич  пен  Ф.Янушкевич  оқыту  технологиясы 

жалпы    дидактиканың  бір  бөлігі  ретінде  оқытудың  ең  оңтайлы  жолын  анықтайтынын 

терең түсіну қажеттігін қолдады. 

Оқыту технологиясы дидактиканың жетістіктерін педагогикалық практикаға кеңінен 

енгізіп, таратады. 

Оқу үдерісінің негізгі элементтері: 

а) оқытудың мақсаты, жоспары және бағдарламасы

ә) оқытудың мазмұны, әдістері мен тәсілдері

б) оқыту формалары мен құралдары;  

в) оқушылардың оқу және зерделеу қызметі; 

г) оқытушының педагогикалық және ғылыми қызметі. 

Оқу үдерісінің осы басты бөліктері өзара тығыз байланыста болады. 

Я.Каменскийдің  модулі  «Мақсат  –  құрал-оны  қолдану  ережелері  –  нәтиже»  –  бұл 

білім  саласында  кез  келген  технологияның  ядросы  болып  табылады.  Бірақ  ол  дәстүрлі 

сыныптық сабақтық жүйеде толық шешілмеген. Өйткені оқытудың көптеген жаңа әдістері 

және Я.Коменскийдің модулі екі бөлек дүние.  

В.Т.Лихачев  педагогикалық  технология  түпкілікті  өзгермейтін  механикалық 

құрылым  емес,  қайта  бала  мен  мұғалімнің  үнемі  түрленіп  отыратын  өзара  қарым-

қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы  құрылым дейді .  

Ғылым  жетістіктеріне  негізделген  технологиялар  ғасырында  білім  беруді 

технологияландыруға  көшудің  қажеттілігімен  келіспеу  мүмкін  емес,  себебі  әр  баланың 

жеке  тұлғалық  тұрғысынан  дамуы,  білім  беруді  дифференциациялау  және  барлық  білім 

беру  жүйесін  ізгілендіру  мен  демократияландыру  сол  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Сондықтан  қазіргі  заманғы  педагогика  ғылымындағы  педагогикалық  үдерісті 

технологияландыру  білім  беруші  мен  білім  алушының  жеке  тұлғасын  өздігінен  дамыту 

және  өзін-  өзі  жүзеге  асыру  мақсатын  оқыту  мен  тәрбиелеудің  субъектілік  негізіне 

ауыстыратын  тәсілді  іздестірумен  байланысты.  Осыған  орай  мектептің  ғана  емес, 

қоғамның  алдында  да  күрделі  әлеуметтік-  экономикалық  жағдайда  өсіп  келе  жатқан 

ұрпақты  тәрбиелеу  мен  оқытудың  қандай  жаңа  үлгілері  бар,  оларды  салыстырып,  дұрыс 

жол табуға үйрену мәселелері маңызды болып тұр. 

Бұл  сұрақтарға  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  мұғалімдер,  әдіскерлер, 

психолгтар мен педагогтардың көпжылдық педагогикалық ізденістерінің нәтижесі ретінде 

туындаған  педагогикалық  технологиялар  жауап  беруге  талпынады.  Педагогикалық 

технологиялар  бір  орталық  төңірегінде  айналады.  Бұл  орталық–бала,  олар  тұтас 

шығармашыл  тұлғаны  дамытуға,  сонымен  қатар  ізгілік  рухын  ұғынған  және  оған  құрмет 

сезімімен қарым-қатынас жасауға бағытталған. 

Қазіргі  уақытта  көптеген  зерттеушілер  жаңа  педагогикалық  технологияларға  терең 

қызығушылықпен  қарап,  білім  берудегі  технологиялық  тәсілді  дәстүрліден  анағұрлым 

тиімдірек деп есептейді. Осыған байланысты «білім беру технологиясы», «педагогикалық 

технология»  ғылыми  айналымға  еніп  келе  жатқан,  салыстырмалы  түрде  жаңа  ұғымдар 



106 

 

болғандықтан,  оған  әр  түрлі  анықтамалар  берілген.  Бұл  ұғымға  Б.Т.Лихачев, 



В.П.Беспалько,  С.Сполдинг,  В.В.Сериков,  В.М.Монахов,  М.В.Кларин,  И.Я.Лернер, 

П.И.Пидкасистый, В.В.Гузеев, Н.Д.Хмель, Г.Т.Хайруллин және басқа зерттеуші ғалымдар 

түсініктеме  берген.  В.П.Беспалько  педагогикалық  технологияны  қойылған  білім  беру 

мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық 

негізделген  үдерістерін  жаңадан  өндірудің,  еске  түсірудің  құралдары  мен  әдістерінің 

жиынтығы ретінде анықтайды . 

В.М.Монахов бұл ұғымға басқаша түсініктеме береді. Ол «педагогикалық технология 

– мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, 

ұйымдастыру  және  өткізуде  барлық  бөлшегіне  дейін  ойластырылған  бірлескен 

педагогикалық  іс-әрекеттің  үлгісі.  Технологияның  міндеттерін  түсіндіре  отырып, 

педагогикалық  технологияны  жобалаудағы  жетекші  қағидасы-  оқушының  жеке 

белсенділігі  болуы.  Мұнда  ең  бастысы  –  білімді  меңгеруде  іштей  дәлелденген, 

қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі» – деп жазады . 

П.И.Пидкасистыйдың  пікірінше,  оқыту  технологиясының  маңызды  ерекшелігі  – 

оқыту циклінің ұдайы өндірістілігі, яғни оны кез-келген мұғалімнің «қайталау мүмкіндігі» 

және «кері байланыс, білімді объективті бақылау» болып табылады. Оқыту технологиясы 

дидактиканың  алдын  ала  тапсырылған  сипаттамаларымен  өндірістік  дидактикалық 

процестерді  құрастыру,  тиімді  жүйелерді  дайындау  мен  қағидасын  айқындау  бойынша 

ғылыми зерттеу саласы, бағыты ретінде түсіндіріледі . 

Технология  –  бұл  іс-әрекетті  ұйымдастыру  және  оның  жүзеге  асыруда  құралдарды 

таңдау  ережесі  (В.В.Гузеев).  В.В.Гузеев  қазіргі  кезеңдегі  технологияның  бұрынғыдан 

айырмашылығын  көрсете  отырып,  былай  деп  жазады:  «Бұрын  бір  құралды  құрастырып, 

оны  ұқсас  жағдайларда  бірнеше  жылдар  бойы  қолдануға  болатын.  Қазір  ұқсас 

жағдайлардың бар екенінің өзі қарама- қайшы келеді». 

Педагогикалық  технология  –  педагогикалық  процесті  ұйымдастыру  мен  жүзеге 

асырудың жобасы (алгоритмі) (Г.Т.Хайруллин). 

Педагогикалық  технологияларға  әр  түрлі  тұрғыдан  берілген  анықтамаларды  талдау 

нәтижесі  оның  көпшілігінің  жалпы  қорытынды  түрінде  берілгенін,  педагог  әрекетінің 

салыстырмалы  түрде  кейбір  жақтары  ғана  зерттелгенін  көрсетеді,  бала  тұлғасын  тұтас 

қалыптастыру мәселесі толығымен қарастырылмайды. 

Педагогикалық технологияны жаңа бағытта зерттеу адамның қайталанбайтындығын 

қолдаумен,  тұлғаның  өзін-  өзі  белсеңдендірумен,  жеке  тұлғаның  дамуын  ойлаумен 

байланысты. Әрбір оқушы оқу материалы бойынша жеке қозғалыс жолын таңдауға, оның 

мақсатына,  қажеттілігіне  және  қызығушылығына  жауап  беретін  қоғамдық  тәжірибені 

меңгеруге ерікті.  

Шынында, педагогикалық  технологиялар әрбір  баланың даму тенденциясын алдын-

ала  байқауға  және  болжауға  бағытталуы  тиіс.  Диагностика  нәтижесі  бойынша 

педагогикалық  процестің  әрбір  бөлігіндегі  іс-  әрекет  жобаланады.  Сондықтан  кері 

байланыс  арқылы  ақпарат  алу  диагностикасымен  болжауды  байланыстыратын  үздіксіз 

үдеріс  болып  табылады.  Бұл  үдеріс  ғылымда  мониторинг  деп  аталады,  оны  ағылшын 

тілінен  аударғанда,  «үздіксіз  қадағалау»  дегенді  білдіреді.  Педагогикалық  мониторинг 

педагогикалық  үдерісті  үздіксіз  және  ұзақ  байқау  мен  басқару  арқылы  педагог  пен 

оқушыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. 

Ал  педагогикалық  жүйе  дегеніміз  –  белгілі  бір  қабілеті  бар  дара  тұлғаны 

қалыптастыруға  бағытталған  педагогикалық  әрекетті  ұйымдастыруға  қажет  құралдар, 

әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.  




107 

 

Оқыту  технологиясы  оқытудың  тиімді  жолдарын  зерттейді,  оқыту  процесінде 



қолданылатын  әдіс-тәсілдер  мен  қағидаларды  қарастырады,  ол  оқыту  процесінде  нақты 

жүйе  қызметін  атқарады  (Селевко  Г.).  Педагогикалық  технология  ұғымы  үш  деңгейде 

қолданылады: 1. жалпы педагогикалық – педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Бұған 

мақсат,  мазмұн,  оқытудың  құралдары  мен  әдістері,  оқыту  процесінің  субъектілері  мен 

объектілерінің әрекет алгоритмі кіреді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет