Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕП ОҚУЫНА ДАЙЫНДАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет66/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕП ОҚУЫНА ДАЙЫНДАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

НЕГІЗДЕРІ 

 

МУРАТ А.М., ТАСКИНБАЕВА Б.О.- биология мамандығының студенттері 

Ғылыми жетекшісі: КАРИБАЕВ Ж.А. 

Алматы қаласының Алматы университетінің магистрі, аға оқытушы 

 

Балалардың  мектептегі  оқуға  даярлығы  жайындағы  мәселені  ең  алғаш  peт  қойған 



К.Д.Ушинский  болатын.  Ол  өзінің  «Ана  тілін»  оқытудағы  нұсқауларында  "Оқытуды 

бастаудың  мезгілі"  деп  аталатын  арнайы  тарау  арнаған.  Онда  ата-аналар  мен 

педагогтарға  ескертіп  былай  дейді.  "Баланың  мүмкіншілігі  болмайынша  методикалық 

оқытуды  бастамаңдар".  Сөздерді  нашар  айту,  үзіп-созып  және  байланыстыра  алмай 

сөйлеу,  баяу  игеруі,  зейінінің  нашарлығы  т.б.  баланың  осындай  ерекшеліктерін  ол 

мезгілсіз оқытудың нышандары ретінде атап көрсетті. 

К.Д.Ушинский  өз  еңбегінде  былай  деп  жазған:  "Ұстаз  дәрігер  тәрізді,  мынаны 

ұмытпасын,  ол  адамға  өмірлік  күш  бере  алмайды,  тек  күштердің  дұрыс  дамуының 

кедергілерін  жояды  және  зиянды  тамақтың  орнына  пайдалы,  таза  тамақ  ұсынады. 

Сонымен  бірге  XІX  ғасырдың  соңында  XX  ғасырдың  басында  білім  қоры  мен  түсінігі 

бар  баланы  мектептегі  оқуға  даяр  деп  есептеген.  Баланың  мектептегі  оқуға  даярлығын 

анықтаған  кезде  мектеп  жағынан  талаптарды  белгілеп,  қисынын  мазмұндап  және  осы 

талаптарға  байланысты  баланың  білімі  сәйкес  келуіне  қорытынды  жасалады.  Осы 

міндеттерді  шешу  барысында,  ғалымдар,  келешекте  баланың  мектептегі  оқуға 

даярлығын түрлі аспектілерде қарау керек екенін ұсынды. 

Жеті  жасар  баланың  дағдарысына  байланысты  Л.С.Выготский  (1984)  мектептегі 

оқуға  даярлық  мәселесіне  жаңа  көзқараспен  келді.  Оның  пікірі  бойынша,  баланың 

мектептегі  оқуға  даярлығында  негізі  білім  қорының  мөлшері  мен  түсінігі  емес, 

балалардың таным процесінің даму деңгейінен білінетін психологиялық әрекеттің жаңа 

сапасы,  балалардың  жаңадан  пайда  болған  қатынастары  мен  байланыстарының 

өзгерілуін, талдап қорыту жүйесінде пайда болуын, психологиялық негізде қайта құруын 

мәлімдейді. Сезім өрісінде бұл өзгерістер бұрыннан бар әсерленушілігін талдап қорытып 

және  өзінің  жеке  басының  эмоциялық  әсерленушілігінен  басқа  да  қылықтарымен 

бейімделіп  біліне  бастайды.  Интелектуалдық  дамуы  жағынан  бұл  өзгеріс,  қоршаған 

ортадағы  заттар  мен  құбылыстардың  лайықты  санаттарына  талдау  жасап,  қорыту  және 

бейімделу нәтижесінде көрінеді. 

Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды,  мектептегі  оқуға  даярлау  мәселелерін 

Л.С.Выготский, А.И.Леонтьев, Л.И.Божович, Л.В.Запорожец, Д.В.Эльконин, Л.А.Венгер 

жөне т.б. психологтар, өз еңбектерінде зерттеп, анықтап, әр түрлі түсініктемелер берді. 

Мысалы,  40-жылдардың  соңында  А.Н.Леонтъевтің  басшылык  етуімен  балаларды 

мектептегі  оқуға  психологиялық  даярлығын  анықтауға  бағытталған  зерттеулер 

жүргізілді.  Соның  қорытындысы  ретінде  1948  жылы  А.Н.Леонтъев  ең  алғаш  peт 

"балалардың  мектептегі  оқуға  психологиялық  даярлығы"  деген  түсінікті  анықтады. 

Сонымен  қоса  мектептегі  оқуға  психологиялық  даярлығының  ең  мәндісінің  бірі  -  бала 

өзінің  жеке  басының  дамуын,  бейімделуін,  қалыптасуын  меңгеретінін,  "Баланың 

мектептегі  оқуға  психологиялық  даярлығы"  және  бала  өзінің  жеке  басын  меңгеру 

мүмкіншілігінің дамуы осы кезең болып табылатынын айтты. 

Сонымен  қатар,  балалардың  мектептегі  оқуға  даярлығын  дәлелдеу  мәселесін  және 

олардың рөлі мен орнын Л.И.Божович және оның әріптестері (Л.И.Божович, Г.Морозова, 

Л.С.Славина,  және  т.б.)  бірқатар  зерттеулерінде  ұсынды.  Мектеп  жасына  дейінгі 




121 

 

жоғарғы  топ  балаларының  жеке  басының  дамуына  маңызды  әсер  ететін  әрекеттің 



құрамындағы  оқу  мотивтері  негізгі  орын  алатынына  зерттеулер  арқылы  корытындылар 

туып  отыр.  Бұл  мотивтердің  алдын-ала  пайда  болуына  себепкер  болып  отырғаны,  бір 

жағынан  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңнің  соңында  жалпы  бейімділігінің  қалыптасуы, 

оқушы  атануы  және  ақыл  ойының  белсенді  дамуы.  Бейімделу  қажеттілігінің  пайда 

болуы,  өзінің  түрткі  болатын  міндетті  ісін  саналы  түрде  жүзеге  асырылуы,  мектеп 

жасына дейінгі балалардың мотивациялық аясындағы сапалы жаңалықтың пайда болуы. 

Л.И.Божовичтің  пікірі  бойынша  мектептегі  оқуға  даярлықтың  маңызды 

жағдайларының бірі, баланың ойларына сәйкес әрекеттеріне түрткі болатын мотивтердің 

иерархизациясымен бірге олардың   жаңа түрлерінің пайда болуы. 

50-жылдары 

психология 

ғылымында 

төменгі 

сынып 


окушыларының 

психологиясына  арналған  көптеген  материалдар  басылып  шықты,  онда  ең  алдымен 

мектептің талаптары жағынан мектепте оқуға даярлығы қарастырылды.  

Балалардың  мектептегі  оқуға  даярлығы  жайында  А.А.Люблинская  былай  деп 

жазды:  ол  жеті  жастағы  балаларда  күрделі  және  әр  алуан  жүйке  жүйесінің  байланысы 

мен  барлық  ассоциациялардың  құрылуы  болып  табылады.  Соның  негізінде  бірінші 

сынып мұғалімі өзінің оқу-тәрбие жұмысын дайындайды.      

Авторлар,  баланың  мектептегі  оқуға  даярлығы  мен  мектептегі  оқуға  қажетті  жеке 

басының  қасиеттері,  білімі,  ептілігі,  бейімділігі  және  дағдыларының  жиындығы  жайлы 

60-70-жылдардағы зертеулерінде кеңінен ұсынды.  

В.С.  Мухинаның  пікірі  бойынша  мектептегі  оқуға  даярлық  түсінігіне  баланың 

қасиеттерінің  жиындығын  жатқызды,  яғни  оқуға  бейімділігінің  қалыптасуын,  оқу 

тапсырмаларының  мағынасын  түсінуін,  олардың  практикалық  тапсырмалардан 

айырмашылығын,  әрекеттерін,  орындаудағы  тәсілдерді  жете  түсінуін  жөне  өзін-өзі 

бағалаудағы, тексерудегі дағдылары қалыптастырылатынын  айтты. 

60-жылдардағы  байқалған  бастауыш  сыныптардағы  оқытудың  міндеттері  мен 

мазмұнын қайта қарау жайындағы ойларды жүйелендіру мен жалпылауды арттыру, яғни 

оқу  материалдарын  ғалымдандыру,  баланың  мектептегі  оқуға  дайындығын 

қалыптастыру мәселесін зерттеп дайындауда жаңа кезең басталды. (Д.Б. Эльконин, В.В. 

Давыдов, 1966). 

Барлық мектепке дейінгі кезеңде, баланың ақыл-ойында үлкен- өзгерістердің болуы 

жайлы  П.Я.Поддьяковтың  көптеген  жұмыстарында  жарияланған.  Онда  баланың  ойлау 

формалары айқындалып, таным әрекетінің жалпы алға басуы дәлелденді және  мектепке 

дейінгі  жоғарғы  топтағы  балалардың  болмысты  тануынан  турадан  жанамаға  ауысуы 

көрсетілген және ойлаудың жоғарғы формасының дамуы, түсінік интелектісіне табысты 

ауысуын мәлімдейді. 

Көптеген  зерттеулер,  балаларда  түсініктердің  қалыптасу  мәселелерін  қарастыруға 

арналған. Бұл түрғыдан ең маңыздысы П.Я. Гальпериннің жұмыстары. Ол  эксперимент 

аркылы  мектепке  дейінгі  балаларда  абстракциялық  ойлаудың  формаларын  түсіну  оңай 

екенін,  яғни  түсіну  кезіндегі  ойлауды  көрсетті.  Сонымен  бірге  балаларда  ойлау 

формасының  алдын  ала  түсіну  қажеттілігі  белгіленді.  Оқудың  мазмұнын  толық  талдау, 

психологиялық  даярлық  жайында  түпкілікті  одан  әрі  дәлелдеуге  мүмкіндік  берді, 

сондай-ақ оның мынадай бөлімдері белгіленіп, бағыт берілген әрекет тәсілін, ережелерін 

сақтау ептілігі мен үлкендердің кеңесін жүйелі орындау ептілігі зерттелді (25). 

Онда,  Венгер  А.А.  және  басқа  да  ғалымдардың  зерттеулері,  көрнекі  заттардың 

үлгілері  негізінде  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқытуда  ерекше  маңызды  рөл 

атқаратынын, олардың шындықты жалпыдай тануын көрсетуге мүмкіндік берді. 

70-жылдардағы  ғылыми  зерттеулердің  ішіндегі  ең  аз  зерттелген  мәселердің  бірі, 




122 

 

баланың  мектептегі  оқуға  даярлығы  және  айналасындағылармен  ерекше  қарым-



қатынасы, оқушылар мен ұстаздардың арасындағы, сонымен бірге, сыныптағы оқушылар 

арасындағы  қарым-қатынасы,  олардың  оқудағы  табыстары  мен  басты  өлшемдерін 

қалыптастырады. 

Коломинский  Я.Л.  өз  еңбектерінде  балалардың  мектептегі  оқуға  даярлығы 

түсінігіне жаңа параметрді енгізуді ұсынды, «Балалар қоғамы мен ересектер қоғамының» 

арасындағы  жаңадан  пайда  болған  ара  қатынасымен  байланысты  "әлеуметтік-

психологиялық  даярлық"  баланың  ұжымдағы  өзгерген  жағдайымен  (бала  бақшада  ол 

жоғарғы  топтарда,  ал  мектепте  төменгі  сыныптарда  болады)  катынасын  анықтады, 

мысалы,  құрбыларынен  қатынасы  баланың  үлгеріміне  байланысы  жаңа  белгілер 

жүйесінің  пайда  болуына  байланысты,  яғни  баланың  әлеуметтік-психологиялық 

мәртебесінің өзгеруін анықтайтынын айтты. 

Балалар  әрекеті  ересектер  белсенділігінен  бөлектенбей,  керісінше  жеке  әрекеті 

кооперациямен  араласып  істеуге  айналдыратын  әр  кездегі  қатынаста  болады.  Балалар 

үшін  қарым-қатынас  олардың  психикалық  дамуының  маңызды  қайнар  көзі  және  бала 

санасының  мағынасын  сапаландыруда  маңызды  рөл  атқаратыны  ғана  емес,  сонымен 

бірге ерекше адамдар процесінің жоғарғы құрылысының жанамалылығын анықтайды.  

Бірқатар авторлар, Маркова Т.А., Сокин Ф.А. және т.б. балалардың жеке басындағы 

психологиялық  негізгі  ерекшелік  -  ол  оқуға  психологиялық  даярлығының  болуы  деп 

есептейді  жөне  оның  балалардың  жаңа  мектеп  шартында  жүйелі  оқуды  бастау  үшін 

жеткілікті  болатынын  айтты.  Алдын  ала  болатын  осындай  жағдайларға  ғалымдар 

мыналарды  жатқызды:  олардың  оқушы  болу  ықыласын,  маңызды  әрекеттерді 

орындауын,  оқуды  бала  ерік-жігер  қасиетінің  дамуының  жеткілікті  дәрежесін,  кейбір 

арнайы  білімдер  мен  дағдыларды  игеруді  және  окып,  жаза  білуін,  санауды, 

математикалық  есептерді  шығаруды,  баланың  таным  әрекеттерінің  және  танымдық 

қызығушылығының  даму  дәрежесін,  сонымен  бірге  ойлау  қабілеттері,  мекептегі  оқуға 

ұсынылған  жоғарғы  талаптарға  сай  болуын,  сөйлеудің  дамуын,  айналасындағыларға 

байланыстырып,  жүйелендіріп  және  түсінікті  етіп,  заттарды,  суреттерді,  окиғаларды 

және  т.б.  игеріп  алу  ептілігін,  баланың  жалпы  әрекетке  кірісуін,  сынып  ұжымына 

үйренуін  және  сыныпта  өз  орнын  таба  алатын  баланың  жеке  басының      қасиеттерін 

(жүріс-тұрысының  әлеуметтік  түрткілерін,  жүріс-тұрысын  игеру  ережелерін  және  т.б.) 

жатқызды.  Жоғарыда  аталғандай,  балалардың  мектептегі  оқуға  психологиялық 

даярлығын  отбасында  қалай  қалыптастыру  жөнінде  ата-аналарға  арнап  кеңестер  де 

берілді.  Бұл  біздің  пікірімізше,  осындай  зерттеулердің  практикалық  кұнын 

жоғарылатады. 

70-80  жылдардың  басында  өткізілген  бірқатар  зерттеулерде  мектептегі  оқуға 

даярлықты  қалыптастыру  жолдарының  бірі  ретінде,  мектеп  жасына  дейінгі  жоғарғы 

топтардың балаларын болашақ оқу әрекетінің элементтерін оқытуға талаптар ұсынылды 

және  бұл  оқытудың  бағдарламасы  баяндалды.  Э.С.Комарованың  еңбектерінде,  сурет 

салу, жапсыру, аппликация және т.б. әртүрлі сабақтарда арнайы оқыту ұйымдастырылса, 

онда  балаларда  оқу  әрекетінің  кейбір  элементтерін  қалыптастыруға  болатындығын: 

нұсқауды таңдауды және орындау ептілігін, үлгіге қарап іс істеуді, өзінің жұмысын және 

басқа балалардың жұмысын бағалауды және т.б. атап көрсетті. 

О.А.Анищенко мектепке дейінгі жоғарғы топтағы балалардың  оқу  әрекетін алдын-

ала  қалыптастыру  жағдайын  талдап  шыққаннан  кейін,  мектепке  психологиялық 

дайындықтың ерекше ықпалын ұсынды және автор мектепке дейінгі оқу әрекетін алдын 

ала  ұйымдастырудың  ең  маңыздысы  ретінде,  балаларға  бірнеше  практикалық  және 

танымдық  тапсырмаларды  орындау  бағытында,  балалардың  жалпы  әрекеттерді  игеріп 



123 

 

алуы  мен  іске  асыру  ептілігін  және  оларды  орындау  барысында  бақылап  жүргізу 



қабілетін белгіледі. 

Сонымен, 80-жылдың басында Д.Б.Эльконин (1978, 1981) В.В.Давыдов (1970, 1972), 

А.В.Запорожец  (1977),  А.Л.Венгер  (1978,  1980)  және  В.С.Мухинаның  (1974,  1976) 

еңбектерінің  арқасында  көптеген  эксперименталдық  зерттеулер  мен  тексерулердің 

негізінде  мектептегі  оқуға  психологиялық  даярлықтың  мазмұнына,  біршама,  тұтас 

жүйелі  теориялық  түсініктер  айтылды.  Осы  түсініктерге  сәйкес  психологиялық 

даярлықты,  балалардың  жалпы  даму  деңгейінің  жетістіктерін  және  дағдыларының 

қалыптасуын,  балалардың  мектептегі  жетістікке  жету  мүмкіншілігінің  қандай  да  бір 

үйлесімділігін  жасау  немесе  мотивациялық  зияттылық  жеке  бастық  және  қатынастық 

даярлығын, сонымен бірге оқу әрекетіне  алдын ала қалыптастыруды ойластырды. 

80-жылдың  басында  жалпы  білім  беретін  кәсіптік  мектеп  реформасының 

талаптарына  байланысты,  халыктық  білім  жүйесі  айрықша  кезеңді  бастан  өткізді. 

Реформа  барысында  экономикалық,  әлеуметтік  және  педагогикалық  тұрғыдан  біраз 

шараларды іске асыру керек болды. Осындай шаралардың бірі, балаларды алты жасынан 

бастап мектепте оқытуға бастау болды. Осыған байланысты тәрбиешілер мен мұғалімдср 

алдында  тек  психологиялық  мәселелерді  ғана  емес,  сонымен  бірге  алты  жастағы 

балаларды  мектепте  жүйелі  оқытуға  функционалдық  даярлығын  да  зерттеуге  және 

бірқатар  сұрақтарға  ғылыми  түрғыдан  жауап  алу  керектігін:  алты  жастағы  балалардың 

психикасының  дамуына  және  денсаулығына,  жүйелі  оқыту  қалай  әсер  ететіндігіне,  бұл 

жастағы  балаларға  дамытып  оқыту  және  тәрбиелеу  теориясын  қалай  іске  асыруға 

болатындығына,  балалардың  даралық  және  психофункционалдық  ерекшеліктеріне 

байланысты  оқу-тәрбие  барысында  қандай  әдістерді  қолдануға  болатындығы  туралы 

мәселелер  қарастырылды.  Міне,  бұл  мәселелер  соңғы  отыз  жыл  бойы  көптеген 

зерттеулердің  мақсаты  болды.  Дүниежүзілік  практика  балаларды  алты  жастан  бастап 

оқытудың пайдалы екенін растады және алты жастағы балаларға тән білуге құмарлығы 

белгілі  жүйемен  қанағаттанып,  және  олардың  дамуы  қарқынды  түрде  жүре  бастайды. 

Жаңа  зертеулерде,  бала  алты  жасқа  таман  және  ересек  жаста  болатын  зияттылық 

деңгейдің 2/3 бөлігіне жететіндігін дәлелдеді. 

Бүкіл  халыққа  білім  беру  жүйесінде  мектеп  реформасын  жүргізуді  бастағанда 

балаларды  алты  жастан  бастап  оқытуды  жаңалыққа  жатқызбағанын  белгілеу  қажет. 

Мектептердегі дайындық сыныптарда алты жастағы балаларды білім негіздеріне оқытуға 

эксперимент  жұмыстары  өткізіліп,  қорытындысы  мынаны  көрсетті:  "алты  жасар 

балаларды"  оқыту  барысында  оқу-тәрбие  жұмысы  дұрыс  ұйындастырылған  болса  және 

олардың  жас  ерекшеліктері  есепке  алынған  болса,  онда  балалардың  жүйке  жүйесіне 

оқыту теріс әсер етпейді. Қазіргі балаларда жасына қарай таным мүмкіншіліктері белгілі 

болса да, алты жастағы балалардың фукционалдық жағдайын зерттегенде, жүйелі мектеп 

тапсырмаларын  орындау  үшін  өте  үлкен  зейін  қоя  білуіне  талап  ететіні  туралы 

қорытынды жасалды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет