Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет67/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы, 2004. 

2.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы.    

Алматы, 1995. 

3.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Алматы, 2005. 

4.Эльконин Д.Б. Психологические условия развивающего обучения. Обучение и развитие 

младших школьников. М., 1996. 

5.Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. м., 1981. 

6.Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. м., 1996. 



124 

 

 



 

 

БАЛАЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

САЙДАЛИМОВА Л., МУТАЛИПОВ Т. -магистранттар 



КЕРІМБЕКОВА А.А.- магистр - оқытушы 

Шымкент университеті 



 

Мақалада  психологиялық  зерттеулер  нәтижесінде  өсіп  келе  жатқан  бала 

өмірінде  жеткіншектік  кезең  қиын  әрі  өте  маңызды  саналатын  кезең  екендігі 

және  бала  ағзасында  осы  уақытта  болатын  көптеген  сапалық  өзгерістерге 

байланысты екендігі қарастырылған 

Баланың  өсіп  жетілуінде  жеткіншек  жасының  алатын  орны ерекше.  Бұл  жас 

кезеңінде  баланың  ағзасында  және  оның  жан  дүниесінің  дамуында  күрделі 

психофизиологиялық  өзгерістер  болады.  Осы  өзгерістерге  байланысты  баланың 

қоршаған  ортаға,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасқа,  іс-әрекеттерге  деген 

көзқарастары  өзгереді  және  оның  басында  көптеген  жаңа  құрылымдар  орын 

алады. Сондықтан бұл жас кезең ерекшеліктерін зерттеуге А.Е. Личко, В.Г. Асеев, 

И.С.  Кон,  Р.  Байярд,  Д.  Байярд,  Г. Айзенк, А. Лазарус, П.М.  Якобсон, В. Райх, Л.С. 

Выготский,  Т.В.  Драгунова,  М.  Кле,  М.Реттер,  С.Ф.  Устименко,  К.  Левин,  К. 

Роджерс, Ф. Перлз, Я.Морено, Дж. Гриндер, Р. Бендлер және т.б. көптеген ғалымдар өз 

үлестерін қосты. 

Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы 

кезеңдегі  жеткіншектер  ерекшеліктері  мен  дамуының  сыналу  құбылыстарының 

биологиялық  шарттастығы  туралы  әр  түрлі  теорияларға  негіз  болды.  Мұндай 

ұғым  біздің  ғасырымыздың  алғашқы  ширегінде  үстемдік  етті.  Биогенетикалық 

универсализмнің  негізін  салушылар  С.  Холл  мен  З.  Фрейд  болды.  Олар 

жеткіншектің  дағдарысы  өзіне  тән  ерекшеліктер  комплексін  биологиялық 

шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады. 

Өткен  ғасырдың  20–30  жылдарынан  бастап  көптеген  елдерде  нақты 

зерттеулер  жинақталғандықтан,  биогенетикалық  универсализмге  қарама-қарсы 

бағыт  күш  ала  бастады.  Ал  бұл  зерттеулерде  жеткіншектің  жеке  басының  кейбір 

қасиеттерінің  оның  әлеуметтік  қатыстылығына  тәуелділігі  көрсетілді.  Осындай 

теориялық  бағыттылық  психологияда  (оның  қалыптасу  кезеңінде)  бірқатар 

зерттеулерде  де  орын  алды.  Қиын  жеткіншектерді  тәрбиелеу  практикасының 

елеулі  маңызы  болды.  Мәселен,  А.  С.  Макаренкода  мұндай  жеткіншектер  қысқа 

мерзім ішінде түзелетін еді. 

Биогенетикалық  универсализм  теорияларына  американ  антропологтары 

(этнографтары)  күшті  сокқы  берді:  олар  адамда  «табиғаттан»  не  «мәдениеттен», 

яғни өмір мен дамудың нақты қоғамдық-тарихи жағдайларынан болатын құбылыс 

екенін  анықтау  үшін  қара  дүрсін  цивилизациялар  деп  аталатындарды  зерттеді. 

Самоа  аралындағы  жеткіншектерді  зерттеген  М.  Мид  жеткіншектік  шақта 

дағдарыстар  мен  дау-жанжалдардың  болмай  қоймайтындығы  туралы  түсініктің 

қисынсыздығын  дәлелдеді,  сөйтіп  олардың  биологиялық  емес,  әлеуметтік 



125 

 

шарттастығын  көрсетті.  М.  Мид  Самоадағы  жеткіншек  қыз  балалардың 



балалықтан  ересектікке  үйлесімді,  дау-жанжалсыз  өтетінін  байқады  да, 

балалардың  тіршілік  жағдайларын,  тәрбиеленуі  мен  айналадағылармен  қарым-

қатынастарының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың 

жеткіншектік шағын М. Мид балалық және ересектік көзбен салыстырғанда тұтас 

алғанда  неғұрлым,  жақсы  және  ерікті  кезең  деп  бағалады.  Кейініректе  ол  қыз 

балада  жыныстық  толысудың  басталуы,  біріншіден,  оның  өзі  үшін  төтенше 

субъективтік  маңызы  болмауы  және  мүлдем  дерлік  еленбей  өтіп  кетуі  мүмкін 

екенін  және,  екіншіден,  қыз  баланың  өмірінде  оның  әр  түрлі  маңызы  болуы 

мүмкін  екенiн  де  көрсетіп  берді:  бір  жағдайда  жыныстық  толысудың  басталуы 

оны бойжетті деп тауып, некелесу салтанатына қамданудың белгісі болуы мүмкін, 

ал басқа жағдайларда оның праволары мен міндеттері ғана өзгереді. 

Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі 

болуы  және  бірнеше  аймен    шектелуі  мүмкін екені  анықталды.  Балаларды  "Эдип 

комплексінің" міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің 

инициациядан  кейін  алатын  ересектік  статусына  арнайы  әзірлік  жағдайында  да, 

сондай-ақ  бұл  статустың  талаптарын  біртіндеп  меңгергенде  де,  жеткіншек  ер 

балаларда дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды. 

Антропологтар  зерттеулерінің  теориялық  маңызы  зор.  Бала  өмірінің  нақты 

әлеуметтік  жағдайларына  байланысты  бұл  кезеңдегі  ерекшеліктер  ретінде 

келесілер көрсетілді:  

1) жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына;  

2) дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтардың болуына;  

3)  балалықтан  ересектікке  өтудің  өзінің  сипатына  қарай  анықталатыны 

дәлелденді.  Бұл  зерттеулер  нәтижесінде  фрейдизмге  қарама-қарсы,  адамдағы 

табиғи  дүние  әлеуметтік  болғандықтан,  ондағы  табиғи  дүниені  әлеуметтік 

дүниеге қарсы қоюға болмайды деген қорытынды шығады. 

Антропологтар  жеткіншектік  шақты  бала  өзінің  қоғамдағы  орнына  жетер 

жолда болатын, оның ересектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп 

қарады.  Бұл  идеяны  дамытуда  К.  Левин  (АҚШ)  ерекше  орын  алды.  Ол 

жеткіншектің  қазіргі  қоғамдағы  жағдайы  мен  балалықтан  ересектікке  талас-

тартыспен  өтуіне  талдау  жасауды  жалғастырды.  Ол  қоғамда  ересектер  тобы  мен 

балалар  тобының  бар  екенін,  әрқайсысының  өзіне  тән  артықшылықтары 

болатындықтан, олардың бір-бірінен бөлінгендігін, жеткіншектік кезеңде баланың 

балалар  тобынан  ересектер  тобына  қарай  ілгерілейтінінатап  көрсетті. 

Жеткіншекте  ересектер  тобына  өтуге  және  үлкендердің  балаларда  жоқ  кейбір 

артықшылықтарын  пайдалануға  деген  ұмтылысы  болады.  Алайда  ересектер  оны 

әлі  қабылдамағандықтан,  ол  топтар  арасындағы  жағдайда  болып  шығады. 

Қиыншылықтардың  деңгейі  мен  талас-тартыстардың  болуын  Б.Н.  Левин  қоғамда 

балалар  тобы  мен  ересектер  тобының  қатаң  бөлінуіне  және  жеткіншектер 

топтарының  аралығындағы  жағдайда  болатын  кезеңінің  ұзақтығына  байланысты 

етіп  қояды.  К.  Левиннің  жеткіншектің  «өз  орнын  таппауы»  туралы  идеясын 

кейінгі  уақытта  М.  Коул  және  басқа  шетел  психологтары  дамытты.  Олар 

жеткіншектердің  ерекше  бір  «субмәдениеті»  бар  дегенді,  яғни  ересектер 

қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады. 

Л.С.  Выготский  өз  еңбектерінде  жеткіншек  жасындағыларды  зерттеуде 

жаңа  проблемалар  анықтады:  санадағы  негізгі  жаңа  құрылымды  бөліп  көрсету 

және  дамудың  әлеуметтік  жағдайын  анықтау  қажеттігін  күн  тәртібіне  қойды. 



126 

 

Оның  айтуынша,  бұл  жағдай  әрбір  шақта  бала  мен  ортаның  арасындағы 



қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін 

қайта  құру  өтпелі  шақтағы  «дағдарыстың»  басты  мазмұнын  кұрайды  деп 

пайымдады. 

Сонымен,  жеткіншектік  кезеңдегі  «дағдарысты»  түсіндіруде теориялық  ой-

пікірдің  дамуы  жеткіншектік  кезеңнің  көріністері  мен  өтуінің  ерекшеліктері 

жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек 

адамдар  дүниесіндегі  қоғамдық  жағдайымен  анықталатынын  көрсететін 

қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды. 

Көптеген  психологиялық  зерттеулер  нәтижесінде  өсіп  келе  жатқан  бала 

өмірінде  жеткіншектік  кезең  қиын  әрі  өте  маңызды  саналатын  кезең  екендігі 

анықталды.  Бұл  кезеңді  бұлай  бағалау,  біріншіден,  бала  ағзасында  осы  уақытта 

болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты.  

Жеткіншек  жас  кезінің  ерекшеліктерін  зерттеушілер  осы  жас  кезеңінде 

балаларға  ерекше  көңіл  бөлу  керек  екендігін  атап  өткен.  Өйткені  осы  жас 

шағында  жүретін  өзгерістер  кейде  баланың  бұрынғы  ерекшеліктерін,  мүдделері 

мен  қарым-қатынастарын,  өмірге  деген  көзқарасын  түбірінен  өзгертетін  сипатта 

болады.  Мұның  өзі  біршама  қысқа  мерзімде  өтеді  де,  көбінесе  күтпеген  жерден  

даму  пpoцeci  ceкipмелі  қауырт  сипат  алады.  Екіншіден,  болып  жатқан  өзгерістер 

бір  жағынан  жеткіншектің  өзінде  әр  түрлі  елеулі  сyбъeктивтiк  қиыншылықтар 

болуымен  қабаттасады,  ал  үшінші  жағынан,  баланың  шешуін  талап  ететін 

қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің  ықпалына көне қоймайды, 

онда  тіл  алмаудың,  қарсылық  пен  наразылықтың  әр  түрлі  формалары  (қиқарлық, 

дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық) шығады. 

А.Е.  Личконың  айтуы  бойынша,  жеткіншектің  жеке  басы  дамуының    аса 

маңызды  факторы  -  оның  өзінің  ауқымды  әлеуметтік  белсенділігі.  Ол  белгілі  бір 

үлгілер  мен  игіліктерге,  үлкендерге  және  жолдастарына,  ақырында  өзіне 

қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзiнің болашағын 

және  ниетін,  мақсаты  мен  міндетін  жүзеге  асыру  әрекеттерін  жобалау) 

бағытталады. 

Жеткіншектің дамуындағы негізгі өзгерістерге арқау болатын биологиялық 

фактор  проблемасы  баланың  организмінде  нақ  осы  шақта  биологиялық  толысу 

жолына  түбегейлі  өзгерістердің  болуынан  туындайды:  дене  күшінің  дамуында 

жаңа  кезең  басталып,  жыныстық  жетілу  процесі  өрістейді.  Бұлардың  бәрінің 

сыртында  организмнің  морфологиялық  және  физиологиялық  қайта  құрылу 

процестері тұрады.  

Жеткіншектік  шақта  организмнің  ішкі  ортасында  белсенді  қызмет 

атқаратын  ішкі  секреция  бездері  жүйесіндегі  өзгерістерге  байланысты  күрт 

ауысулар  болады,  осының  өзінде  қалқан  бездері  мен  жыныс  бездерінің 

гармондары,  атап  айтқанда,  зат  алмасудың  катализаторлары  болып  табылады. 

Эндокриндік  және  жүйке  жүйелері  функциялық  жағынан  өзара  байланысты 

болғандықтан,  жеткіншектік  шақ,  бір  жағынан,  энергияның  қауырт  өсуімен,  ал 

екінші  жағынан,  патогендік  әсерлерге  деген  сезімталдықтың  артуымен 

сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге 

күш  түсу,  аффектілер,  күшті  эмоциялық  толғаныстар  (қорқыныш,  ыза,  реніш) 

эндокриндік  қолайсыздықтар  (етеккір  циклінің  орын  алуы)  және  жүйке 

жүйелерінің  функциялық  бұзылуларына  себеп  болуы  мүмкін.  Олар  тез 




127 

 

шамданғыштықтан,  тежегіш  механизмдердің  әлсіздігінен,  тез  шаршаудан, 



ұмытшақтық  пен  аңғалдықтан,  жұмыста  өнімділіктің  төмендеуінен,  ұйқының 

бұзылуынан  байқалады.  Жеткіншектік  шақта  эндокриндік  және  жүйке 

жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа 

тепе-теңдік  енді  ғана  қалыптаса  бастайды.  Бұл  қайта  құрылу  жеткіншектің  ішкі 

жағдайларына, 

әсерленуіне, 

көңіл 

күйіне 


әсер 

етіп, 


оның 

жалпы 


ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, 

қимыл  белсенділігінің,  мезгіл-мезгіл  селсоқтануының,  енжарлануының  негізі 

болады.  Қыз  балаларда  мүндай  жағдайлардың  көрінуі  етеккір  циклі  басталардан 

біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады. 

Жыныстық  толысу  мен  дене  күші  дамуындағы  өзгерістердің  жаңа 

психологиялық  құрылымдардың  пайда  болуында  бірталай  маңызы  бар. 

Біріншіден,  жеткіншектің  өзі  анық  сезетін  бұл  өзгерістер  оны  объективті 

тұрғыдан  ересекке  айналдырады  және  оның  өзінің  ересектігін  сезінуінің  (өзінің 

ересектерге  ұқсастығын  түсінуі)  басталуына  негіз  болады.  Екіншіден,  жыныстық 

толысу  басқа  жынысқа  ден  қоюдың  дамуына,  жаңа  түйсіктердің,  сезімдердің, 

толғаныстардың  шығуына  себепші  болады.  Өзімен  өзі  болу  жеткіншектің  жаңа 

түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны 

жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына, 

оның  тәрбиеленуі  мен  қарым-қатынасының  ерекшеліктеріне  қарай  анықталады. 

Үлкендерге  арналған  кітаптар  мен  кинофильмдер  де  теріс  ықпал  жасауы  мүмкін. 

Осының  бәрі,  сондай-ақ,  махаббат  пен  жыныс  проблемалары  туралы 

жолдастарымен әңгімелесулер адамдардың қарым-қатынасының интимдік жағына 

көбірек  көңіл  бөлудің,  эротикалық  ойысушылықтар  мен  ерте  сексуалдылықтың 

дамуына  апарып  соғады.  Қыз  болсын,  ұл  болсын  жеткіншектерде  алғашқы 

романтикалық сезімдердің оянуы - қалыпты құбылыс. 

Жеткіншектік  кезеңнің  шектері  шамамен  балалардың  орта  мектептің  5-8 

сыныптарында  оқитын  кезеңімен  сәйкес  келеді  де,  11-12  жастан  14—15  жасқа 

дейінгі  аралықты  қамтиды,  бірақ  жеткіншектік  жастың  іс  жүзінде  басталуы  5-

сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы да мүмкін. 

Жеткіншектік  кезеңнің  баланың  дамуындағы  ерекше  орны  психологияда 

«өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең атауларында бейнеленген. Бұл 

атауларда  осы  жастарда  болатын,  өмірдің  бір  дәуірінен  екіншісіне  өтумен 

байланысты  даму  процестерінің  күрделілігі  мен  маңыздылығы  көрсетілген. 

Балалық  шақтан ересектікке  өту  кезеңде дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік 

дамудың  барлық  жақтарының  негізгі  мазмұны  мен  өзіне  тән  ерекшелігі  болады. 

Барлық  бағыттарды  сапалық  жаңа  құрылымдар  қалыптасады:  ағзаның,  сана-

сезімнің,  үлкендермен  және  жолдастарымен  қарым-қатынастың,  олармен 

әлеуметтік  өзара  іс-әрекет  әдістерінің,  мүдделердің,  танымдық  және  оқу  іс-

әрекетінің,  мінез-құлыққа,  іс-әрекет  пен  қарым-қатынасқа  арқау  болатын 

моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік 

элементтер пайда болады. 

Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады және көптеген 

жағдайларға  байланысты  болады.  Осы  себепке  байланысты  «өтпелі  кезеңнің» 

жүруі  әр  балада  әркелкі  болуы  мүмкін.  Мұның  өзі,  бір  жағынан,  жеткіншекте 

«балалық»    пен  «ересектіктің»  қатар  болуымен  ал,  екінші  жағынан,  сол  бір  ғана 

паспорттық  жастағы  жеткіншектерде  ересектіктің  түрлі  жақтарының  даму 



128 

 

дәрежесіндегі 



елеулі 

айырмашылықтардың 

болуымен 

анықталады. 

Жеткіншектерде ересектіктің дамуын тежейтін жайлар:   

-балалардың  көбінде  басқалардай  тұрақты  және  байыпты  міндеттер  болмай 

тек  оқумен  ғана  шұғылдануы;  көптеген  ата-аналардың  балаларды  тұрмыстағы 

еңбектен, қынжылыстардан, қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;  

-ересектендіретін  жағдайлар  мазмұны  сан  алуан  мәліметтердің  орасан  зор 

тасқыны болуынан; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының 

салдары  ретінде  балалардың  дербестікке  ерте  жетуі;  жолдастарымен  қарым-

қатынастың  жедел  дамуы;  дене  күші  дамуымен  жыныстық  толысудың 

акселерациясы. 

 Осының  бәрі  ересектіктің  дамуын  анықтайтын  алуан  түрлі  жағдайлар 

жасайды,  осыдан  оның  дамуының  алуан  түрлі  көріністері  мен  елеулі 

айырмашылықтары келіп шығады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет