Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет95/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   333
 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АСПАПТЫҚ МУЗЫКАНЫҢ 

ТИГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЫҚПАЛЫ  

 

АСАНТАЕВА У. С. - аға оқытушы  



ТИЛЕГЕНОВ Б. Б.- ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері., аға оқытушы  

ЖАЛБИРОВ М.И. - ҚР мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» орденінің иегері, аға 

оқытушы  

Шымкент университеті 

 

Мақала болашақ музыка мұғалімін белсендірудің жолдарын анықтауға, оның ішінде 



ұлттық аспаптың  атқаратын рөлі мен алатын орнын нақтылауға арналған. Музыкалық 

білім беруде музыка мұғалімінің басты мақсаттарын айқындайды. 

Оқушыларды  аспаптық  музыка  негізінде  оқытудың  өзіндік  ерекшеліктерімен 

мүмкіндіктері бар. Музыка пәнінің деңгейін көтеру, аспаптық музыка негізінде білім беру 

ісін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру қажеттігі туып отыр. 

Халықтың музыкалық мұрасын жинап-теріп, оны зерттеу жолында артына ұмтылмас 

із  қалдырған  А.В.Затевич,  академик  А.Қ.Жұбанов,  өнер  зеттеушілері  Б.Г.Ерзакович, 

П.И.Аравин,  Б.Ш.Сарыбаев  сынды  ғалымдардың  ұлан-ғайыр  еңбектері  халқымыздың 

игілігіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа тарап жатыр. Білім берудің бұл жағын, әсіресе төменгі 

сынып  оқушылары  әлдеқайда  айқын  сезінеді.  Бұл  міндет  педагогикалық  міндеттермен 

қатар  окушылардың  аспаптық  музыкаға  деген  саналы  көзқарасын  қалыптастыра  отырып 

жүзеге асырылады. 

Соңғы  жылдары  аспаптық  музыканың  әрбір  жанрын  бөлек  арқау  етіп,  жеке  дара 

зерттеу  жұмыстары  қолға  алына  бастады.  Олардың  қатарында  өнер  зерттеушілері 

Ә.Райымбергенов, Б.Аманов, П.Шегсбаев т.б. атауға болады. 

Республика  ғылымы  саласында  жас  ұрпақты  халық  музыкасы  арқылы  тәрбиелеу 

мәселесі жан-жақты да, терең зерттеле бастады. Бұл орайда С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, 

Т.К.Қышқашбаев, Д.К.Дүйсенбаева және т.б. 

Аталған  еңбектердің  әрқайсысы  аспаптық  музыка  мәселесінің  теориялық 

негіздемесін қамтамасыз етіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге үлес қосады. 

Сонымен  оқушыларды  аспаптық  музыка  негізінде  оқытудың  мәселесін  қарастыра 

отырып,  біріншіден  жалпы  аспаптық  музыкаға  деген  қызығушылығын  арттыру  тәсіліне 

көңіл бөлінеді. 

Педагог,  музыкант  Б.Асафьев  "Музыка  сабағындағы  болып  жатқан  әрекеттерге 

эмоциялық  қатынасын  дамытудың  ең  негізгісі  —  оларды  қызықтыра  білу"  -  деді

4

.  Ал 



183 

 

Д.Кабеловский  "Музыкаға  деген  қызығушылық,  музыкамен  әуестену,  ұнату  да  оны 



ғажайып  сұлулығын  түсіну  үшін  қажетті  шарт.  Сонда  ғана  ол  өзінің  тәрбиелік  және 

танымдық  ролін  атқара  алатын  болады.  Ал  музыкаға  қызықпаған,онымен  айналыспаған, 

оны  ұнатпаған  адамға  білім  және  тәрбие  берем  деу  сәтсіздікке  ұшыратпай  қоймайды"

3



Бұдан  шығатын  корытынды:  балалардың  музыкалық  аспапқа  қызығу  сезімін  оятпай, 

олармен музыкалық сабақ өткіземін деу бос әурешілік. Ал музыкалық аспапты ұнату, оған 

қызығу  сезімдері  арқылы  балаларға  музыкалық  аспаптың  нағыз  көркем  үлгілерін,  шығу 

тарихын,  әр  аспаптардың  ерекшеліктерін,  ойнау  тәсілдерін  педагогикалық  негізде 

түсіндіру қажет. 

Қызығушылық  мәселесі  қазақ  ойшылдары  мен  философтарының  да,  ағартушы 

педагогтарының  да  назарынан  тыс  қалмаған.  Олар  айналаны  танып  білуде 

қызығушылықтың  роліне  үлкен  мән  берген.  Әсіресе  балаларды  тәрбиелеуде  олардың 

білімге  қызығушылығын  қалыптастырудың  әдіс  жолдарын  қарастырған.  Мысалы,  Әл-

Фараби "Философияны үйрену үшін қажетті шарттар" атты трактаттарында баланың ішкі 

сезімдеріне әсер ете отырып, мұғалімнің оқыту процесінде қызығушылықпен ынта тудыра 

білуі  жөнінде  пікір  айтты:  "Рухани  негізі  түзу  болса,  оның  тілегі,  қалауы  дұрыс  болады. 

Оқу-үйрену нәтижесінде шәкірттің ниеті әсер етеді, көңіл қалауы болмақ"

6

. Сонымен қатар 



Ибн-Синаның  тәрбие  беру  туралы  пікірі  де  өте  құнды.  Ол,"  егер  бала  -  ұжымды 

тәрбиеленсе,  онда  ол  жалықпайды,  сабаққа  ынтасы  мен  қызығушылығы  пайда  болып, 

басқалардан  қалып  қоймауға  талпынады  "

7

-дейді.  Ғұлама  Абай  да  өзінің  38-қара  сөзінде 



адамның  адамдығы  -(тәрбиелілігі),  ақылы  мен  ғылымы  (алған  білімі)  туа  біткен 

денсаулығына,  психологиялық  жан  дүниесінің  дұрыстығына  тәуелді  дегенді  айта  келе, 

оқуға  баулудың  мынадай  педагогикалық  жолын  ұсынады:  "Ғылым  -  білімді  әуел  бастан 

бала өзі іздеп таппайды. Басында зорлық яки алдау мен үйір қылу керек, үйрене келе өзі 

іздегендей  болдырудың,  қызықтырудың  тәсілдерін  меңзейді

8

.  Балалардың  өнер-білімге 



деген  талабы  олардың  қызығушылығын  оятып,  тәрбиелеген  жағдайда  ғана  жеміс  бере 

алатындығына  халқымыздың  ұлы  ағартушысы  Ы.Алтынсарин  сол  кезде  жіті  назар 

аударып,пікір білдірген. 

Ы.Алтынсариннің көзқарастарында балаларды мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға 

өз  бетімен  қүштарландыратынын  сабақ  балаларға  ана  тілінде  қарапайым,  қызықты 

ұғындырылып,  әңгімелер  мен  ертегілер,  мысалдар  мен  өлеңдер  орынды  пайдаланса, 

олардың білім алуға қызығушылығы арта түсетіні айтылады . 

Қызығушылықтың  өнер-біліммен  сусындауда  әрқашан  жетекші  мәнге  ие  екендігі 

жөнінде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев еңбектерінде де назар аударады. 

Қызығушылыққа  қатысты  осы  ұғымдарды  пайдалана  келе,  оқушылардың  аспаптық 

музыкаға  қызығушылығын  арттыру,  олардың  бір  іске  белсене  араласу  дағдысын 

қалыптастырады. 

Аспаптық  музыкаға  деген  қызығушылық  жалпы  білім  беретін  мектептерде  ән-күй 

пәні  және  сыныптан  тыс  жұмыстар  барысында  да  мүғалімдердің  мақсатты,  жүйелі 

басшылығымен  жүзеге  асады.  Бұл  жерде,  әлбетте,  басты  рольді  жеке  тұлғаның  өзіндік 

қызығушылығы  арқылы  атқарады.  Сөйтіп,  жалпы  аспаптық  музыка  өнеріне  деген  дұрыс 

көзқарастың қалыптасуына негіз болады. 

Ал өскелең ұрпаққа аспаптық музыканың тәрбиелік сипатын саралау орасан зор роль 

атқаратыны  белгілі.  Қазақстанда  аспаптық  музыканың  дамуы  халықтың  көп  ғасырлық 

тарихымен оның тұрмыс-салтымен, мәдениетімен тығыз ұштасқан. Мәселен бір ғана қазақ 

халқының  ұлттық  аспаптары  халық  бұқарасының  рухани  творчествосының  бағалы 

нәтижесі  болып  табылады.  Сонымен  қатар  интернационалдық  аспаптық  музыканың 




184 

 

тәрбиедегі қазіргі кезде әрбір халықтың мәдени және рухани мұрасына дұрыс көзқарасты 



қалыптастыру, оларды пайдалану жолдарын іздестіру ерекше мәнге ие болып отыр. 

Жеткіншек  ұрпаққа  аспаптық  музыка  арқылы  тәрбие  беру  мәселесі  бойынша 

материалдар  да  бүгінгі  мектептердің  практикалық  тәжірибесінде  бар  болғанына 

қарамастан, бұл проблеманың көптеген аспектілері Қазақстанда әлі де зерттелмегені құпия 

емес. 

Жоғарыда  айтып  кеткеніміздей  аспаптық  музыкаға  окушылардың  қызығушылығын 



қарастыра отырып оның эстетикалық тәрбиесіне, ұлттық ерекшеліктеріне, шығу тарихына 

және  сол  аспаптарды  қолдана  отырып,  ұлттық  ойлау  және  болмысын  қалыптастыруына 

негіз болып отыр. 

Жалпы  музыканың  тәрбиелік  сипаты  жөнінде  шығыстың  ұлы  ойшылы,  әмбебап 

ғалым  Әл-Фараби  "музыкалық  әуендер  жақсы  мінез-құлық  машықтарын,  адамның 

қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі роль атқарады және музыка мен ән адамды 

эстетикалық  сезімдерді  туғызу  арқылы  кісінің  өзін-өзі  тәрбиеленуіне,  бойдағы  нашар 

қасиеттен  арылуына  ықпал  етеді"

11

  деп  жазды.  Аспапты  музыкадан  ерекше  дыбыстарды 



есту арқылы белгілі бір әуен шығары сөзсіз. Оқушыларға аспапты музыканың ерекшелігін, 

әуеннің  саздылығын,  әсемділігін,  екпінін,ырғақ  мәнерін,  бояуын  түсініп,  өз  тарапынан 

қиялдау  мен  шығармашылық  қабілетін  көрсете  білген  жағдайда  ғана  аспап  туралы  сөз 

қозғауға болады. 

Аспапты музыка өзіндік ерекшеліктерін бейнелей келе, белгілі композитор, академик 

А.К.Жұбанов:  "Халық  аспаптарының  ішектерінде  ғасырлар  бойы  даналық  тұнып"

12

,  - 


деген еді. 

Ал үрмелі және ұрып ойналатын аспаптар туралы, қазақтың музыкалық аспаптарын 

зерттеуші  Б.Сарыбаев  "...  бұл  аспаптарды  дабыл  қағу  үшін  жорықтарға  алып  шығатын 

болған.  Мұндай  аспаптарға  тән  қасиеттерін  қарастырар  болсақ,  үрып  ойналатьш 

аспаптардың  көлемі  үлкен,  даусы  зор.  Халық  тұрмысында,  сонау  бағзы  заманнан  бері, 

қоңырау  көлемі  әр  түрлі  сақиналар  және  басқа  металл  заттар  қолданылған.  Қазақ 

бақсылары  да  өздері  ем  жасаған  кезеңдерінде  жынын  алдырғандай  болып  ақыра-бақыра 

отырып,  қоңыраулар  мен  сақина-шығыршықтарды  қоса  даңғырлатып,  күңгірлететін 

болған.  Оларды  көбінесе  музыкалық  аспаптар  даңғыраға,  асатаяқ  пен  қылқобызға  тағып 

алады екен"

13



Жоғарыда айтылған аспаптардан басқа, кейбір музыкалық аспаптар дәріптеліп жырға 



қосылып  отырған.  Оқушыларға  музыкалық  аспаптардың  өзіндік  қасиеті  мен  тәрбиелік 

сипатын  ашып  түсіндіру  музыка  сабағында  аспаптарды  қолдану  арқылы  іске  асыруға 

болады.  Осындай  көне  аспаптарды  жинау  ісінің  таза  танымдық  тұғырымен  бірге 

практикалық  маңызы  зор.  Музыкалық  аспаптардың  шығу  тарихы,  оның  өзіне  тон 

ерекшеліктері  туралы  профессор  Б.Ш.Сарыбаевтың  еңбектерінде  кеңінен  баяндалған. 

Қ.Мендіаяқова,  Г.Қарамолдаева ''Мектепте музыка тәрбиесін беру 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет