Данышпан ғалым-химик Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді. Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол таза дедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты. Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті. Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек. Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек.

4. Аналогия және моельдеу әдістері.
4. Аналогия және моельдеу әдістері.
“Аналогия” деп түрлі объектілер арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының арасындағы ұқсастықты атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде айқындалады. Демек, аналогия әдісінің негізі салыстырудан тұрады деген сөз. Аналогия әдісі ғылымның көптеген салаларында – математикада, физикада, химияда, кибернетикада, қоғамдық пәндерде қолданылады. Бәріне ортақ нәрсе – тура зерттеуге алынатын объект басқа болып, ал қорытынды екінші объект туралы жасалады.
Сондықтан аналогия бойынша қорытындыны жалпылама мағынада ақпаратты бір объектіден екіншісіне аудару деп қарауға болады. Мұндайда алғашқы зерттелген объект – модель ақпарат аударылған объект – түпнұсқа (оригинал) делінеді. Осылайша, модель әрқашан аналогия ретінде көрінеді, өйткені модель мен түнұсқа бір-біріне ұқсас. Модельдеу әдісінің мәні таным субъектісі таным объектісінің түпнұсқасы туралы оның түпнұсқадан үнемі айрмашылығы бар моделін зерттей отырып, қосымша ақпарат алатындығынан көрінеді. Сондықтан модельдеу аналогия әдісінің бір түрі болып есептеледі.