Ғылыми зерттеу күнделігі зерттеу тақырыбы «Желтоқсан алауын жаққан жүректер»


жылғы желтоқсан оқиғасының барысы



бет6/10
Дата14.10.2023
өлшемі8,83 Mb.
#114728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.2. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының барысы.
1986 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Бұл кеңес өкіметі тұсында бұрын – соңды кездеспеген құбылыс. «Алматыда демонстрация», «Брежнев алаңында қаптаған жұрт», «Көшеде сап түзеп бара жатқан жастар» деген лебіздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды. Бұл оқиғаны сол кездегі Қазақ Педагогикалық институтының студенті, 16 желтоқсан күні алаңға алғашқы болып барған жастардың бірі Ермухамбетова Салтанат Ешмухамбетқызы былай деп есіне алады:
«Ол кезде мен ҚазПИ-дің тарих факультетінің І-курс студенті едім. 16 желтоқсан күні Абай көшесіндегі №5 жатақханадан оқуға кетіп бара жаттық, сағат 10:00-дер шамасында трамвайда бір орыс әйелінің «Наконец, ваш царь пал с престола?!», -деген сөзін және сол жерде Д.А.Қонаетың биліктен алынып оның орнына ішкі Ресейден Колбин деген бір орыс басшы келгенін естіп, оны ортаға салып талқыладық. Оқу ғимаратына келгенде, ғимаратқа кіретін жерде бір топ сурет-графикалық факультетінің студенттері жиналып тұрды.»
Сондағы қазақ жастарының бірлігі, ұйымшылдығы адам таңғалдырарлық. Тіпті сонда алаңға шығуға жиналуға әрекет етпеген студентерді намысына тиіп, жинауға, алаңға баруға көндіруге тырысты. Бұл жөнінде сол кездегі ҚазПИ-дің филология факультетінің І-курс студенті Құрманбаева Рыскүлдің естелігі:
«15 желтоқсан күні менің туылған күнім болатын. Сол күні кешкілік курстастарымызбен отырыс жасап, туған күн ойнағанбыз. Келесі күні сабаққа шаршаңқы, ұйқылы-ояулы келдік. Ол кезде біз ештеңеден бейхабар едік. Сөйтіп 16 желтоқсан күні таңертеңгісін сабаққа барып отырсақ, терезеден далада тұрған студенттер «Сендердің намыстарың жоқ па, не?», «Қорқақтар, перваштар», «Намыс қайда?», «Шығыңдар қане далаға?!» деп айқайлады. Кейіннен не болғанын сұрап біліп, арамыздан жастар алаңға баруға топтасты.»
Жастардың алғашқы легі осылайша топтасып жоғарғы оқу орындарына барып басқа да жас студенттерді шақырды, «Жазушылар үйіне» барып, қалаулы ақын-жазушыларды іздегені жөнінде Сартолов Қанат Әбілжанұлы естеліктерінде:
«Жастардың алғашқы легі болып «Жазушылар үйіне» бардық. Ол жерден О.Сүлейменовты, М.Шахановты іздедік. Терезесінен адамдардың шыққысы келгені көрінді, бірақ ғимараттан ешкімді шығармады. Сондағы О.Сүлейменовты іздегеніміз, Олжас — қазақ ақындарының ішінде саясатқа жақын дарының бірі болатын, біз оның КОКП ОК-ніің осы шешіміне баға беріп, өз ойын айтып, алаңға бара жатқан жастарға бағыт-бағдар берер деген аңғалда таза көңіл еді. Бірақ тотаритарлық жүйенің жандаралдары ол сезімді таза көңілді түсінгілері келмеді. Желтоқсанның ызғарлы сол күнінде жастар Олжас пен Мұхтар Шахановты іздеді. Егерде сол жастар үкіметтің сипаттағанындай «нашақор, маскүнем болса» өздерінің рухани ағаларын іздер ме еді? Олар нағыз Отанының патриоттары, Олжас пен Мұхтар өлеңдеріндегі өрліктен үлгі алған, өз елінің болашағына алаңдаған жастар болатын. М.Шахановты да белді саясаткер жазушы ретінде көргіміз келді. Жазушылар үйінен ешбір жауап ала алмаған соң, әрі қарай алаңға бет алдық». «Алаңға кетіп бара жатқанда Партияның тағы да бір құйтыртқы әрекетінің куәсі болдық: Халық пен зиялы қауымды бір-біріне қарсы қойды, Әр көшенің бұрышына халыққа танымал адамдарды шығарып, Партияны жақтап сөз сөйлететін. Алайда келе жатқан жастарды олар тоқтата алған жоқ.»-деп желтоқсан куәгерлері еске алады. Осылайша үкімет халық зиялыларын халыққа қарсы айдап салды. Ұлттық идеалогияны екі жікке бөлді.
Барлығы бірлесіп «Әр халыққа-өз көсемі!», «Лениндік идеялар жасасын!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!», «Қазақстан қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген транспораттар мен лозунгтар жазып алып, Брежнев атындағы алаңға түс ауған уақытта жетті. Кешке қарай жиналғандардың саны шамамен 2-3 мыңдай болды. 1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясының 48, 49 баптарына сәйкес: «48 бап КСРО азаматтары мемлекеттік және қоғамдық басқару жұмыстарына және мемлекеттік және қоғамдық маңызды заңдармен шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысуға құқылы. Бұл құқық мемлекет басшыларын, халықтық депутаттарды сайлауға қатысуда көрініс табады» 49 бапқа сәйкес «КСРО-ның әрбір азаматы мемлекеттік органдарды жақсарту мақсатында өзінің ұсыныстарын беруге және билік басындағылардан кеткен қателіктерді сынауға құқылы.» Осы заңға сүйеніп орталық алаңға шыққан жастар бейбіт, жайбарақат еді. Өздерінің талаптарын КОКП ОК-не жеткізуге тырысты. Сондағы шыққан жастардың талаптарын Сартолов Қанат Әбілжанұлы естелікерінде: «Біз алаңға шыққандағы мақсатымыз Д.А.Қонаевтың шығып КОКП ОК-ның бұл шешімін түсіндіруін қаладық.» Алаңға шыққан жастар бірлесіп демонстрацияда бірлік пен ұйымшылдықтың анық бейнесін көрсетті. Барлық жастар тұрып бір ауыздан «Менің Қазақстаным» әнін айтқанда сондағы халықтың рухы бір серпііліп қалғандай болды./ осы әнің егеменді елінің гиміні болатынын жастар сезгендей-ақ/.Желтоқсанның ызғарлы күнінде алаңдағы жағдай ушыға бастаған уақытта»Елім-ай» әнінің айтылуы,ғасырлар бойы сыздаған жан жарасының атылып сыртқа шыққан сәті еді. Орталық аландағы жағдай бірден Мәскеудегі Бас хатшыға және басқа билік орындарына баяндалды. Өз ретінде билік алдына қатаң тарамайтындықтарын қойған бейбіт шеруге жиналушылар нанымды жауап алмайынша алаңды босатпайтындықтарын мәлімдеді. КСРО-ның 1977 жылы қабылданған Конституциясының 50 бабына сәйкес «Халық қалауын жеткізу мақсатында КСРО азаматтарына сөз еркіндігі, баспасөз, жиналыстар, митингтер, шерулер мен демонстрациялар өткізу бостандығы кепілді түрде беріледі және осы іс-әрекеттерді жүргізу барысында барлық бұқаралық баспасөз құралдарын, радио, телевидение, алаңдарды пайдалануға құқылы.» Алаңға шыққан жастарға қолданылған шаралар жоғарыда аталып өткен баптарды аяқ астына таптады. Қазіргі кезде мектептерде, қоғамдық ұйымдарда, форумдар мен жиналыстарда «Желтоқсан күніне» арналып аталып өтілетін ашық сабақтар мен кездесулерде
көрсетілетін көріністер (алаңдағы жастардың алдына шығып сөйлеген прокурордың сөзі, жастардың ашына айтқан жан сөзі) сценарийстердің идеясынан туындаған көрінісі емес, шынайы сол күні болған оқиға. Ол жөнінде 16 желтоқсан күні кешкілік алаңда алдыңғы шепте тұрған Сартолов Қанат пен Ермухамбетова Салтанаттың естеліктері растайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет